Latin Common Turkic

20 000 лье су астында - 17

Total number of words is 4111
Total number of unique words is 1917
36.8 of words are in the 2000 most common words
51.7 of words are in the 5000 most common words
58.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
астында қай бағытта жүзіп бара жатқанын көрсетіп тұруға тиіс.
Мен отырған орнымнан тұрып жануарға қарадым Дюгонь айнымаған
ламантин екен. Оның ұзындау денесі құйрығымен ұласып бітеді екен де,
екі жанындағы жүзгіш қанаттары — кəдуілгі саусақ сияқты екен.
Ламантиннен бар айырмасы, мұның жоғарғы жақ сүйегінде ұзын, өткір
айбалтасы, демек, екі үлкен азу тісі бар.
Нед Ленд аулай бастаған дюгонь орасан үлкен жануар екен. Ол
қимылсыз жатыр еді, мүлдем ұйықтап жатқан сияқты. Бұл жағдай
канадалыққа ете қолайлы болды. Міндетін де едəуір жеңілдетіп жіберді.
Қайық сыбысын сездірместен жануарға бес — алты метрдей жақын
келді. Матростар ескектерін тағы да қолға алды.
Нед Ленд кейін шегіне беріп, сүңгіні құлаштай лақтырып жіберді.
Ысқырған ғана бір дыбыс естілді, ал дюгонь ғайып болып кетті. Тегі,
оған тастаған сүңгі тек зулап барып суға түсіп кетсе керек.
—Əттегене - ай,— деп гүж ете түсті ыза болған канадалық,— тигізе
алмай қалдым ба?
—Жоқ, — деп жауап қайырдым мен,— жануар жараланыпты. Əне, қан
жосып жатыр. Бірақ сүңгі суға түсіп кеткен болуы керек.
—Сүңгім менің, — деп қалды Нед Ленд.— Менің сүңгім!
Матростар ескектерін қайта суға түсірді, ал рульші қайықты су бетіне
қалқып шыққан бөшкеге қарай бұрды.
Сүңгіні шығарып алып, қайық енді жаралы жануардың соңына түсті. Ол
дем алу үшін оқта - текте су бетімен де жүзіп бара жатты. Бірақ, шапшаң
жүзуіне қарағанда, аса ауыр жараланбаса керек, тегеурінді он екі қол қозғап
отырған қайық оқтай зулап келе жатты. Ол дюгоньға əлденеше рет қуып та
жетті, бірақ қуып жеткен сайын канадалық, сүңгіні екінші рет тастамақ
болып ыңғайлана бергенде, жануар сүңгіп кетіп, қауіптен қорғанып қалып
отырды.
Нед Лендтің қалай ыза болып күйіп - піскенін айтып жатудың қажеті
бола қояр ма екен! Ол осы сорлы жануарға ағылшын тілінде бар қарғысты
жаудырып тұрды. Барлық айла -тəсілдеріміздің бəрін дюгоньның зая кетіруі
тіпті маған да батты.
Осылайша, біз дюгоньді бір сағаттай қудық, мен мұның сəті түспейді
екен деп күдерімді де үзе бастадым. Бірақ кенеттен, жаралы жануар соңына
түсіп алғанымыз үшін кек алғысы келгендей, біздің өзімізге шабуыл жасап,
қайыққа қарай дүрсе қоя берді.
Жануардың бұл əрекеті канадалықтың көзіне бірден түсті.
—Байқаңдар! — деді ол дауыстап.
Маған түсініксіз тілде рульші де бірдеме деді. Тегі, матростарға сақ
болыңдар десе керек.
Дюгонь, қайыққа жиырма футтай жақындап келді де, кенет тұра қалып,
тұмсығының жоғарғы жағына таман біткен мұрнымен, ауа жұтып алды да,
біздерге қарай тап берді. Біз қақтығысып қалдық. Əйтеуір, рульшінің
ептілігі арқасында, тарпа бас салған жануардың қатерлі соққысына
ұшырамай жалтарып кеттік, қайық та ауытқып кетіп, бір немесе екі
тоннадай су толтырып алды, оны кейін төгуге тура келді.
Елікті көтеріп алатын Африка арыстанындай қайықты ернеуінен тістей
алып, лақтырып жібермекші болған алып жануарды, қайықтың тұмсық
жағында тұрған Нед Ленд сүңгімен үсті - үстіне түйрей берді.
Біз бірімізге біріміз соғылып, теңселумен болдық, егер қаны қайнап,
қатты ашуланған сүңгіші қапысын тауып, сүңгіні жануардың қақ жүрегіне
қадамағанда мұның немен тынары белгісіз еді.
Қайықтың жақтауында тістің шықырлағаны естілді; дюгонь сүңгімен
бірге суға батып кетті.
Көп кешікпей - ақ, бөшке су бетіне қалқып шықты, шалқасынан түскен
дюгоньнің денесі де бөшкемен қоса шықты. Қайық дюгоньді сүйретіп
отырып «Наутилусқа» алып келді.
Дюгоньнің денесі зорға дегенде, онда да талидің көмегімен
«Наутилустың» үстіне шығарылды, салмағы бес мың килограмнан да
артық боп шықты.
Жануар Нед Лендтің тікелей басқаруымен сойылды, өйткені ол бұл
жұмысты істеуге басқа ешкімге сенбеді.
Сол күні кешке стюард маған дюгоньның етінен пісірілген тамақ əкеп
берді, бұл тамақты кеменің аспазшысы жақсылап - ақ дайындаған екен,
маған бұл сиыр етінен де дəмді көрінді.
Келесі күні, 11 февральда, «Наутилустың» қоймасы тағы да жаңа
аңдарға толды, топ - топ қарлығаштар сүңгуір кеменің жақтауларына,
ернеулеріне келіп қонды. Бұлар қарлығаштардың тек Египетте болатын
түрлері — Ниль қарлығаштары еді. Бұлардың тұмсықтары қара, басы
сүйірленіп біткен көк, көзінің .қиығы ақшыл, қыр арқасы, қанаты мен
құйрығы көк, кеудесі мен бауыр жағы ақ, аяқтары қызыл еді. Біз бірнеше
топ Ниль үйректерін де ұстадық. Бұлар бастары ақ, мойындарының қара
дақтары бар тағы құстар болатын. Еттері өте дəмді болып шықты.
«Наутилус» бұл күні біркелкі баяу қарқынмен жүзіп келе жатты; оның
асығарлық ешнəрсесі жоқ еді. Суэцке жақындаған сайын Қызыл теңіздің
суы да тұщы бола берді.
Күндізгі сағат бес шамасында, солтүстік жағымыздан тастақ Аравияның
шеті, Суэц шығанағы мен Акаб шығанағының аралығындағы Рас Мохаммед мүйісі көрінді.
- Рас - Мохаммед мүйісінің жоғарғы жағындағы асқар таулар маған
айқын көрінді. Бұл — Ореб тауы болатын.
Сағат кешкі алтыда «Наутилус» біресе судың астымен, біресе үстімен
жүзіп отырып, Top қолтығының терең суына да келіп түсті. Бұл қолтықтың
суы, капитан Немо айтқандай, қызғылттау еді.
Тек бірқазандардың шаңқылдаған дауыстары, жартасты сабалаған
толқындардың шуылы, талып жеткен кеме гудоктарының айқайы ғана
естіліп тұрған жым - жырт теңіз бетін бірден түн басты.
Кешкі сағат сегіз бен тоғыздың арасында «Наутилус» бірнеше метр су
астына түсті. Менің есебім бойынша, біз Суэцтен қашық емес едік.
Салонның терезесінен прожектор сəулесі түсіп тұрған жарқабақ
жағалауды көрдім. Менің шамалуымша, бұғаз барған сайын тарылып келе
жатқан сияқты.
Сағат тоғыздан 15 минут өткенде кеме тағы да су бетіне шықты.
Капитан Немоның Аравия тоннелін көргенше асығып, тықыршып отыра
алмадым. Тіпті мазам кеткен соң таза ауа жұтайын деп кеменің үстіне
шықтым.
Кешікпей - ақ мен, шамамен айтқанда, бізден миль Жарымдай жерде,
көмескі кешкі тұманның арасынан бір жарық сəуле көрдім.
—Қалқыма маяк,— деп қалды тап қасымнан біреу.
Мен шошып кетіп, жалт қарасам, капитан Немо екен.
—Бұл Суэцтің қалқыма маягі, — деді ол қайталап. — Біз енді кешікпей
тоннельдің аузына келеміз.
—Оған кіру оп - оңай емес шығар?—деп сұрадым мен.
—Я, өте қауіпті. Сондықтан да, тоннельге кірерде руль кабинасында
өзім болып, кемені өзім басқару дағдылы ережеме айналды. Ал енді,
профессор мырза, сізге төмен түсуге тура келеді, өйткені қазір кеме сүңгіп
судың астына түседі, содан ол тоннельден өтіп шығып, Жерорталық теңізге
кіргеннен кейін су бетіне бір - ақ шығады.
Мен капитан Немоға ілесіп ішке түстім. Ауыз да жабылды.
Резервуарларға су да толтырылып алынды, сөйтіп кеме он метрдей су
астына түсті.
Мен өз каютама қарай оқтала беріп едім, капитан Немо мені тағы да
тоқтатты:
—Профессор мырза,— деді,— штурвал кабинасында менімен бірге
дежурствода болғыңыз келе ме?
—Сізден бұл туралы өтінуге батылым жетпеп еді,— деп жауап
қайырдым мен.
—Ендеше жүріңіз. Онда отырып сіз, жер астымен, су астымен жүзу
кезінде көруге болатын нəрсенің бəрін де көресіз.
Біз кеменің үстіне қарай шығатын басқышпен көтеріліп, орта шеніне
дейін келдік. Осы жерде капитан Немо бір есікті ашты да, біз тарлау бір
ұзын коридормен жүріп отырып, ең түкпірдегі, кеменің тұмсық жағында
төбесі шығып тұратын штурвал кабинаға келіп кірдік.
Бұл ені де, көлденеңі де алты футтай, яғни Миссисипи мен Гудзонның
аралығында жүзетін кемелердің каютасы сияқты жеке бөлме еді. Мұның
ортасында, кеменің арт жағындағы рульмен штуртрос арқылы қосылған
штурвал бар еді. Каютаның төрт қабырғасындағы дөңес əйнектер
орнатылған төрт иллюминатор руль ұстаушыға жағалай қарап отыруға да
мүмкіндік береді.
Мұның іші қараңғылау еді; бірақ кешікпей бұл қараңғылыққа көзім
үйреніп те алды, сөйтіп екі қолымен штурвалды ұстап тұрған рулшіні
көрдім.
—Енді,— деді капитан Немо, — тоннельге кіретін тұсты ізделік. Электр
өткізгіштер руль кабинасын машина бөлімімен қосып тұр еді, бұлар
арқылы белгілі бір толып жатқан шартты сигналдар бойынша, капитан
штурвалда отырып - ақ кемені не шапшаң, не баяу жүргізу туралы бұйрық
береді.
—Капитан металл кнопканы басып қалып еді, сол арада - ақ винттің
айналуы бəсеңдеп қалды. Мен тіп - тік гранит жарға үн - түнсіз қарадым да
отырдым, бұл мызғымас құрылық шеті еді, мұның ұзына - бойын қуалап біз
бір сағаттай жүздік.
Капитан Немо компастан көз айырмады да, руль ұстаушы оның бұйрығы
бойынша штурвалды бір олай, бір бұлай бұрып, кеменің бағытын үнемі
өзгертіп отырды.
Сағат оннан он бес минут кеткенде капитан Немо штурвалға өзі тұрды.
Біздің қарсы алдымыздан терең су жолының кіреберісі көрінді.
«Наутилус» бұған іркілмей - ақ кіріп кетті.
Кеменің темір сауыты гуіл қаға бастады. Бұл жоғарыдан ылдиға
Жерорталық теңізге қарай аққан судың дыбысы еді. Машина винт қалағын
баяу, оқтын - оқтын кері айналдырып қойып отыруына қарамастан тасқын
кемені ылдиға қарай оқтай зулатып келе жатты.
Кеме бұлай қатты зулап келе жатқанда, прожектор сəулесімен
жарқыраған тоннель қабырғаларын ғана көруге болар еді. Жүрегім
лүпілдеп өте қатты соға бастады да, сондықтан мен жүрегімнің тұсын
қолыммен басып, уқалап отырдым.
Сағат оннан 35 минут кеткенде капитан Немо штурвалды руль
ұстаушыға берді де, маған бұрылып:
—Біз Жерорталық теңіздеміз,— деді.
Тасқын айдаған «Наутилус» жиырма минутқа толар толмас уақыттың
ішінде Суэц мойнағын жер астымен өтіп шықты.
Алтыншы тарау
ГРЕК АРХИПЕЛАГІ
Келесі күні, 12 февральда, таң ата «Наутилус» су бетіне қалқып шықты.
Мен де жалма -жан кеменің үстіне шықтым.
Оңтүстік жағымызда үш мильдей жерде таңертеңгі тұманның арасынан
ертедегі Пелузиум бұлдырап, елес берiп қана көрініп тұр.
Тасқын екпіні бізді бір теңізден екінші теңізге көзді ашып жұмғанша - ақ
əкеп тастады. Бірақ бізді мұнда лезде жеткізген бұл тоннель кейін қарай,
демек, Жерорталық теңізден Қызыл теңізге қарай кемені мүлдем
жүргізбейтін де болуы керек.
Таңертеңгі сағат жеті шамасында Нед Ленд пен Консель де қасыма
келді. Ажырамас достар «Наутилустың» ерлік жорығынан қаннен қаперсіз, түні бойы тып - тыныш ұйықтап жатыпты.
—Ал, профессор мырза, — деп сұрады канадалық ойын - əзілін
араластыра, — уəде етілген Жерорталық теңіз қайда?
—Біз соның үстімен жүзіп келеміз Нед достым, — деп жауап қайырдым
мен.
—Қалайша!— деп таңданды Консель.— Демек, осы өткен түннің
ішінде...
—Дұп - дұрыс, осы өткен түннің ішінде, асу бермес мойнақтан жиырма ақ минуттың ішінде өттік, мұнда!
—Сенбеймін,— деді Нед Ленд.
—Бекер сенбейсіз, мистер Ленд, — деп жауап қайтардым мен, —
оңтүстіктегі ойпаң жағалауды көріп тұрсыз ғой,— бұл Египет жағалауы.
—Мені алдай алмайсыз, — деді қайсар канадалық.
—Мұны қожайын айтып тұрса, қалай сенбессің, сену керек,— деді
Консель.
—Айтқандай - ақ, Нед,— дедім мен сөзімді жалғастыра,— капитан Немо
тоннелін маған өзі көрсетті. Тар өткелден өткен кезде «Наутилусты» ол өзі
басқарды, мен оның қасында тұрдым.
—Естіп тұрмысың, Нед? — деп сұрады Консель.
—Сіз алыстан жақсы көресіз, Нед,— дедім мен тағы да, — сондықтан
сізді алдап тұрмағаныма, көзіңіз оп - оңай жетеді. Қараңызшы, анау
көрінген Порт - Саид гаваны болу керек.
Канадалық. мен көрсеткен жаққа тесіле қарай қалды.
—Шын,— деді ол, — сіздің айтқаныңыз дұрыс болып шықты, сіздің
капитаныңыз өз ісінің шебері екен. Біз Жерорталық теңіздеміз. Жақсы. Енді
өз жұмысымыз жайында мылжыңдасалық, тек ешкім естімейтін болсын.
Канадалықтың не жөнінде мылжыңдасқалы тұрғанын мен түсіне
қойдым.
«Қалай болған күнде де,— деп ойладым мен, — Нед Ленд сөйлесейік
деп қадалып тұрғанда, бұл жөнінде сөйлесіп алмай болмайды».
Біз үшеуміз прожектор тұрған кабинаның төбесіне барып отырдық.
—Ал енді біз сізді тыңдап көрейік, Нед, — дедім мен. — Бізге не
айтпақшы едіңіз?
—Айтарым өте қысқа, — деді канадалық. — Біз Европаға тақап келеміз,
сондықтан капитан Немо бізді Поляр теңізінің түбіне немесе мұхиттардың
түбіне алып кетпей тұрғанда «Наутилустан» ажыралық деген ұсынысым
бар.
Мойындауым керек, бұл мəселе жөнінде канадалықпен пікір таластырып
жату өте қолайсыз көрінді. Бір жағынан жолдастарымның бостандық
алуына кедергі болғым келмеді, ал, екінші жағынан, капитан Немоны аз
уақыт өтпей жатып тастап кеткім тағы келмеді. Өйткені оның арқасында,
оның тамаша кемесінің арқасында мен өзімнің білімімді күн сайын
толықтырып, теңіз астындағы тіршілік туралы кітабымды, сол өмірдің
қайнаған ортасында отырып, қайта жазып шықтым; мұхиттың
ғажайыптарын толық зерттеу үшін қажетті мүмкіншілікті бұдан басқа қай
жерден таба алмақпын, əрине ешбір жерден таба алмаймын! Сондықтан,
бүкіл дүние жүзін айналып шығып зерттеу экспедициясын аяқтағанша
сүңгуір кемені тастап кеткім келмеді.
—Достым Нед,— дедім, — менің бір сұрауыма жауап беріңізші: осы
кемеде сіз шынымен - ақ ішіңіз пысып, жалығып жүрсіз бе? Бізді осыған
душар еткен тағдырға, қарғыс айтуға шынымен - ақ аузыңыз бара ма?
Канадалық кідіріп қалды, екі қолын көкірегіне айқастырып салып
тұрып, бір мезетте. ІІІынын айтқанда, осы су астындағы жүзу сапарында
болғаныма өкінбеймін. Бір кезде бұл сапарды қимастықпен еске түсіретін
де боламын əлі. Бірақ сол үшін, осы жүзу сапары аяқталуы керек. Бұл сұрау
жөнінде менің ойлайтыным — осы!
—Бұл жүзу сапары аяқталады, Нед.
—Қай жерде, қашан?
—Қай жерде аяқталатынын білмеймін. Қашан аяқталатынын да сізге дəл
айтып бере алмаймын, бірақ бұл сапар менің ойымша теңіз бізге өзінің ең
ақырғы құпия сырына шейін айтып болғанда бір - ақ аяқталуы керек. Бұл
дүниеде басталған істің, ерте болсын, кеш болсын, аяқталатын мезгілі
болуы керек.
Мен қожайынның пікіріне толық қосыламын, — деді Консель. Менің
ойымша, барлық теңіз бен мұхиттарды аралап болғаннан кейін, капитан
Немо бізді бір - ақ лақтырып тастауы да кəдік.
—Лақтырып дейсің бе? — деп канадалық жəбірленіп қалды. —Ол бізді
лақтырып тастайды дедіңіз бе, сіз?
—Мүкі айтылған сөзге жармаспаңыз, Нед Ленд, — деп араласа кеттім
сол жерде. — Капитан Немодан қорқар бізге түк те жоқ, бұл жөніндегі
Консельдің пікіріне мен қосылмаймын. Бірақ, Капитан Немо бізді өз
еркімен босатып жібере қояды деп үміттенуге тағы болмайды.
Біз«Наутилустың» барлық құпия сырын білеміз, бізді қоя беріп ол сырды
бізге бүкіл дүние жүзіне жайып жібере алмайды.
Онда сіздің үміттенеріңіз не? — деп сұрады канадалық.
—Менің үміттенетінім — жағдай, жағдай болғанда,ерте болсын, кеш
болсын, əйтеуір, бір кез келетін сəтті жағдай.Дəл қазіргідей жағдай бұдан
алты айдан кейін де туып қалуы кəдік.
—Е...е—деді міңгірлеп Нед Ленд. —Натуралист мырза, тілеуіңізді
берсін, мынаны айтыңызшы, алты айдан кейін біздің қайда
болатынымызды жобалап та болса, біле аласыз ба?
—Тағы да осы маңда, тіпті Қытайда да болуымыз ықтимал.
«Наутилустың» шапшаң жүзетін кеме екенін сіз білесіз ғой. Ол мұхиттарда,
бейне бір ауада ұшқан қарлығаштай, ал жердің үстінде көз ілестірмейтін
курьер поезы сияқты зулайды. Оның қай теңізден де қорықпайтынына
көзіміз жетіп келеді. Алты айдан кейін ол тағыда Францияның немесе
Англияның жағалауына келмесіне кім кепіл, сонда бұдан қашып шығу
үшін, тіпті бүгінгіден де сəтті жағдай тумасына кімнің көзі жетіпті?
—Профессор мырза, — деді канадалық, — сіздің бұл айтып отырған
дəлелдеріңіз тым дерексіз дəлел. Сіз «мұнда боламыз, онда боламыз» деп
ыңғай келешекті айтып отырсыз, ал мен болсам, қазіргіні айтып отырмын:
«Біз міне мына жердеміз — осыны пайдаланып қалайық» деймін мен.
Нед Лендтің бұл орынды пікіріне айтар түгім жоқ еді, бұл таласта мен
өзімнің қатты жеңілгенімді жақсы білдім. Өзімнің жорамалымды арашалай
аларлық менде түк дəлел қалған жоқ еді.
—Профессор мырза,— деді Нед,— бір сəт болмайтын нəрсені де болған
екен дейікші,— капитан Немо бізге ерік берген екен делік, сонда қайтер
едіңіз, бұл ұсынысты қабыл алар ма едіңіз?
—Білмеймін.
—Ал, егер ол, бұл ұсынысымды мен енді қайтіп өмірі айтпаймын деп
қосып қойса қайтер едіңіз?
Мен үндемедім.
—Бұл жөнінде Консель досымның не ойы бар екен? — деп сұрады
канадалық.
—Консель досыңның бұл туралы айтар түгі де жоқ, — деп жауап
қайырды байыпты пішінмен фламандық. — Бұл мəселе қалай шешілсе де
оған бəрібір. Өзінің қожайыны сияқты, өзінің досы Нед Ленд сияқты ол да
сұр бойдақ адам. Отанында оны күтіп отырған əйелі де, бала - шағасы да,
туған - туысқаны да жоқ. Ол өзінің қожайынына қызмет етіп жүрген адам,
бұл қызметінен ол айрылмақ та емес. Ол, қынжыла тұрса да, сіздерге
турасын айтуға тиіс: екі жақтың біреуін көпшілік етіп алмау үшін бұл
мəселе дауысқа қойылғанда, ол оған қатыспайды. Жекпе - жекке тек екі - ақ
адам қатысады: олардың біреуі —қожайында, екіншісі — Нед Ленд.
Осыдан кейін Консель дос үнсіз қалады да, екі жақтың соққысының есебін
шығаруға кіріседі.
Консельдің осы сөздерін тыңдап тұрғанда, мен күлмей тұра алмадым.
Сірə, Консельдің өзіне қарсы шықпағанына, канадалық ішінен өте разы
болып тұрса керек.
—Бұл таласқа Консель қатыспайтын болса,— деді ол маған,— бұл
мəселені тек екеумізге шешуге тура келеді ғой. Мен өз пікірімді айттым.
Сіз оны тыңдадыңыз. Бұған не жауап қайырасыз?
Қандай да болса бір тоқтамға келуіміз керек еді. Менің бұлтару жалтаруды жаным жек көретін.
—Менің жауабым мынау, Нед достым, — дедім мен.—Бұл таласта сіз
мені жеңдіңіз, сіздің дəлелді пікірлеріңізге менің пəлендей қарсы айтар
ештемем жоқ. Капитан Немоның өзі босатады деу де қисынсыз. Алдын ала
ескеруді керек ететін жай ғана сақтық шараларының өзі - ақ оған мұны
істетпейді. Ал, алдын ала ескеруді керек ететін осы сақтық бізден де
бірінші кездескен сəтті жағдайды пайдаланып, «Наутилустан» кетуді талап
етеді.
Əдемі - ақ, профессор мырза! Міне, сіз дұрыс та қошымды пікір
айттыңыз!
—Бірақ менің тағы да бір ескертетінім бар,— дедім мен, — жағдай шын
мəнінде қолайлы болуы керек. Біздің қашпақшы болған бірінші
қадамымыздың өзі нəтижелі болуғa тиіс Өйткeні, егер онымыздың сəті
түспей қалса, қайтып бізге қолайлы жағдай тумайды, ал капитан Немо
болса,біздің бұл қылығымызды ешуақытта кешпейді.
—Бұл дұрыс, деді Нед Ленд, — бірақ сіздің бұл ескертуіңіз, бүгінгі қашу
əрекеті болсын немесе бұдан екі жыл кейінгі қашу əрекеті болсын, екеуіне
бірдей айтылған ескерту ғой. Бұдан даусыз - далабасыз бір - ақ қортынды
шығады, ол — қашуға қолайлы жағдай туса -ақ дереу қашу керек.
—Мұныңызға қосыламын. Бірақ мынаны айтыңызшы: «қолайлы
жағдай» деп қандай жағдайды айтасыз?
—«Наутилус» қандай да болса бір европалық жағалауға таяу қалған
кездегі қараңғы түнді айтамын.
—Сонда сіз малтып қашып құтылмақсыз ба?
—Я,егер де, «Наутилус» жағалауға таяу жүзіп отыратын болса, малтып ақ құтылып кетеміз. Егер де кеме су астымен əрі жағалаудан қашықта
жүзетін болса, онда...
—Я, онда ше?..
—Онда қайықты ала кету керек болады. Оны қалай істеуді мен жақсы
білемін. Қайыққа мініп аламыз да бұрандасын бұрап ағытып жіберіп, су
бетіне жүзіп шыға келеміз, сонда штурвал кабинасында отырған руль
ұстаушы да біздің қашқанымызды білмей қалады.
—Жарайды, Нед. Қолайлы жағдайды мұқият бақылайтын бол. Тек
есіңізде болсын, сəтсіздікке ұшырай қалсақ құрығанымыз!
—Ол есімде болады, профессор мырза!
—Бұл жайындағы мəселелердің бəріне келісіп алдық қой, Нед Ленд, ал
енді сіздің жобаңыз туралы ойымды айтайын ба?
—Айтыңыз, профессор мырза.
—Ойымды айтсам,. осындай қолайлы жағдай жуық арада туа қояды деп
үміттене алмаймын.
—Неге?
—Өйткені, біздің əлі де өз басымыздың бостандығын ойлайтынымызды
капитан Немо жақсы біледі, сондықтан ол европа жағалауларына жақын
жүзгенімізде өте сақ болады.
—Мен қожайынның бұл пікіріне қосыламын,— деді Консель.
—Тірі болсақ оны да көрерміз, — деді Нед Ленд басын шайқап қойып.
—Жақсы,— дедім мен,— жетті! Бұл жайында ендігі əңгіменің қажеті
жоқ. Қашуға бел байлаған күні, бізге ескертіп қойыңыз, лəм деместен
соныңыздан ере береміз. Қайда бастасаңыз да көз жұмып ере береміз —
сенеміз сізге, Нед!
Келешегі өте маңызды бүгінгі əңгіме осылай аяқталып еді.
Бірден - ақ айтайын, канадалықтың көңілін қатты жабырқатып, жағдай
менің жорамалымның дұрыстығын ыспаттады. Капитан Немо бұл теңізде
жолаушы көп болғандықтан бізге сенбеді ме, болмаса Жерорталық теңіздің
суын кескілеп жүрген əр алуан ұлттардың қаптаған көп кемелеріне кездесіп
қалғысы келмеді ме, əйтеуір, біз жағалаудан өте алыста, терең су астында
жүзумен болдық. «Наутилус» судан шықса тек руль күймесінің төбесін
көрсетіп қана шығып, əйтпесе тым тереңде жүзіп келе жатты. Айта кету
керек, Грек архипелагі мен Кіші Азияның аралығында біз екі мың метр
төмен түскен кездерде де, теңіз түбін көре алмай қойдық. Додеканез
тобына жататын Карпофос аралының жанынан өтіп кеткенімізді мен
капитан Немоның айтуынан ғана білдім, ол мұны маған оның тұрған жерін
картадан көрсетіп тұрып айтқан еді.
Келесі күні, 14 февральда бірнеше сағат бойына Грек архипелагінің
балықтарын зерттемекші болдым. Бірақ маған белгісіз себептермен,
салонның терезелері күні бойы жабық тұрды.
Картадан қарап «Наутилустың» Крит аралына қарай келе жатқанын
білдім. Мен «Авраам Линкольн» кемесіне мінген күні, бұл арал түрік
тепкісіне қарсы көтерілген еді. Криттықтардың көтерілісіне тағдыр қандай
үкім aйтты, оны мен біле алмадым, оны адам мекен еткен дүниеден барлық
қарым - қатысын, барлық байланысын үзген Немо айтсын ба?
Сол күні кешке, салонда кездескенімде, мен бұл оқиға туралы капитан
Немоға ешқандай сезік білдіргем жоқ. Айта кету керек, маған капитан
əлденеге мазасызданып, қабағы қатынқылау жүрген сияқты көрінді. Сөйтіп
ол оқыс қимылмен орнынан ұшып тұрып, екі терезенің де қақпақтарын
ашқызып жіберді де, бір ол терезеге, бір бұл терезеге барып, суға қадала
қарап тұрды. Оның неменеге қарағанын мен біле алмадым, сондықтан
терезенің алдында көз алдымнан өтіп жатқан балықтарға қарауға кірістім.
Көптеген балықтардың ішінен халық тайынша деп атайтын теңіз
колбандары көзіме ерекше түсті; бұл балықтар Ниль сағаларының
маңындағы тұзды суларда көп кездеседі.
Бұдан кейін мен спар семьясына жататын фосфорлы пагро балықтарын,
яғни табан балықтарды көрдім. Египеттіктер бұларды əулие балық деп
атайды, ал бұлар Нильге əдетте суы мол болатын жылдары келеді, бұл
жылдары егін де жақсы шығады; бұларды египеттіктер той - думанды
үлкен діни мейрам жасап қарсы алады.
Көз алдымыздан ұзындығы отыз сантиметрдей, қабыршықтарының
қызыл дақтары бар, мөлдір көк, сүйекті - хейлиндер де өтіп жатты. Бұлар
су балдырларымен ғана қоректенеді, сондықтан еттері де өте жұмсақ
болады. Ертедегі Римде бұлардың еттеріне мургендердің сүтін, тоты
құстың миын, қарлығаштың тілін қосып, жасаған тағамдар ең жақсы тағам
болып саналған.
Бұл теңіздерді мекендеушілердің тағы бірі ертедегі Рим заманын есіме
түсірді. Бұл үнемі акулалардан қалмай, соларға еріп жүретін лоцман балықтар еді; ертедегі адамдардың діни сенімі бойынша, осы кіп - кішкене
балықтар кеменің киліне жабысып алып, кейін тартып тұра қалса, кемені де
тоқтатады екен.
Мен мұнда, ертедегі Грецияның əулие балықтарын да байқадым, бұлар
ертедегі адамдардың діни сенімі бойынша, қандай кереметтерді болса да,
тұрған жерінен қуып тастай алатын «anthias» деп аталатын балықтар еді.
«Anthias» — «гүл» деген сөз. Бұл балықтардың түсінің құбылуы, құбылуы
болғанда, қызыл түстің солғын қызылдан бастап лағылға дейін құбылуы,
оның атына затын сəйкестіріп тұратын - ды.
Осы теңіз ғажайыбынан көзімді айыра алмай отырғанда, кенет бір
көрініс мені қайран қалдырды. Су астынан, белінде былғары дорбасы бар,
бір адам көрінді. Кəдімгі тірі адам. Ол бірнеше рет су бетіне жүзіп шығып,
қайта сүңгіп жүрді.
Мен капитанға қарадым да:
—Мынау суға батып бара жатқан адам! Мұны қалай да құтқару керек,—
дедім.
Капитан Немо, маған жауап қайырмастан, терезенің алдына жетіп келді.
Жүзуші тағы да бір сүңгіп, терезеге көздерін тақап тұрып, бізге қарады.
Мені таңдандыра, капитан Немо қолымен əлдеқандай бір белгі берді.
Сүңгіші басын изеп теңіз бетіне қайта жүзіп шықты да, қайтып көрінбеді.
—Ол үшін қорықпай - ақ қойыңыз, — деді маған капитан Немо. — Бұл
Матапан мүйісінде тұратын «Балық» аталып кеткен Николай. Грек
архипелагіндегілер оны тегіс біледі. Тамаша жүзгіш! Су оның дүлейі,
сондықтан ол бір аралдан екінші аралға, кейде тіпті Крит аралына дейін
жүзіп барып, уақытының көбін құрылықтан көрі суда өткізеді.
—Капитан Немо, сіз оны білесіз ғой?
—Неге білмейін, Аронакс мырза?
Осыны айтты да, капитан Немо салонның қабырғасын ойып жасаған
шкафқа барды. Оның қасында «Наутилус»—шапшаңдардың шапшаңы»
деген жазу «Н» бас əрпінің таңбасы бар мыс қақпақты темір сандық тұр
еді.
Мені жайыма қалдырып, капитан Немо шкафты ашты, мұның іші кесек
металдарға толы еді.
Бұл кесек металдар алтын болып шықты.
«Наутилуста» осынша көп металл қайдан келген? Бұл алтынды капитан
Немо қайдан алды, — оны қазір не істемекші болып жүр?
Мен тіл қатпастан қарадым да отырдым.
Капитан Немо шкафтан сом алтындарды бір - бірлеп алып сандық
толғанша сала берді.
Мен оның сандыққа салған алтыны кемінде бес миллион франк — яғни
мың килограмм деп шамаладым.
Капитан сандықтың қақпағын жапты да, үстіне, тегі жаңа грек тілінде
болу керек, адресін жазды.
Осы жұмысты аяқтап болған соң ол қоңыраулы кнопканы басып қалып
еді, команда бөлмесінен сегіз матрос келді де, сандықты салоннан зорға
дегенде алып шықты.
Жүк көтеретін машина арқылы сандықты басқышпен кеменің үстіне
шығарып жатқандарын мен айқын естіп тұрдым. Осы минутта капитан
Немо бұрылып маған қарады да:
—Сонымен, сіз не дедіңіз, профессор мырза? — деді.
—Мен түк те дегенім жоқ,— деп жауап қайырдым мен.
—Олай болса, сізге қайырлы түн болсын айтуға рұқсат етіңіз,— деді ол.
Осы сөзді айтты да салоннан шығып кетті.
Мен қайран қалып каютама қайттым.
Ұйықтаймын деп босқа əуре болдым. Жүзгіштік келуі мен сом алтындар
салынған сандықтың арасында қандай байланыс бар, мен осыны біле алмай
дал болып жаттым.
Болмашы ғана шайқалыстан мен кеменің су бетіне шыққанын аңғардым.
Бұдан кейін кеме үстінде жүрген адамдардың аяқтарының дүрсілі
естілді. Қайықты ұясынан алып, суға түсіріп жатқандарын біле қойдым.
Қайық кеменің жақтауына соғылды да, осыдан кейін ешқандай дыбыс
естілмеді.
Екі сағаттан кейін дыбыс қайта естілді. Қайық судан шығарылып,
ұясына қайта орналастырылды. Бұдан кейін «Наутилус» тағы да су астына
түсті.
Демек, миллиондар тиісті адамның қолына тапсырылды. Бірақ бұл,
құрылықтың қай жері? Капитан Немоның хабаршысы кім болды екен?
Келесі күні өткен түңгі оқиғаларды мен Консель мен Нед Лендке айтып
бердім.
Менің жолдастарым бұл оқиғаларға менен кем таңданған жоқ.
—Бірақ ол осы миллиондарды қайдан алады? — деп сұрады Нед Ленд.
Бұл сұрауға мен жауап қайыра алмадым.
Таңертеңгі тамақтан кейін мен салонға барып жұмыс істеуге отырдым.
Күндізгі сағат беске дейін қозғалмастан күнделігімді жаздым. Бір
уақытта ыстықтап кеттім де, жылы көкрекшемді шешіп алып қойдым, бірақ
бұл да сеп болмады. Дем алу минут сайын қиындай берді. Мұның себебі де
белгісіз, өйткені біз тропиктік, ыстық жардан тым қашықта едік, ол былай
тұрсын, су астындағы «Наутилусқа» үстіңгі жақтың ауасының
температурасы əсер ете алмауы керек қой. Мен монометрдің тіліне қарап
едім, біз алпыс фут тереңде келе жатыр екенбіз.
Мен жұмыс істей бермекші болып едім, бірақ ыстық барған сайын
күшейіп, тіпті шыдатпады.
«Мүмкін, кемеде өрт шыққан шығар?» деп ойладым мен.
Мен салоннан енді шығайын дей бергенімде, кенеттен, капитан Немо
кіріп келді. Ол тура термометрге барып, қара сынап бағанасына қарады да,
маған бұрылып:
—Қырық екі градус! — деді.
—Мен оны сезіп отырмын, капитан, — деп жауап қайырдым мен.— Егер
температура бұдан жоғары көтерілсе, онда бізге өте жаман болады.
—О, профессор мырза, температура біз жоғары көтергіміз келсе ғана
көтеріле алады.
—Демек, сіз оны өз қалауыңыз бойынша ұлғайта да, бəсеңдете де алады
екенсіз ғой?
—Жоқ, менің қолымнан осы ыстықтық ошағынан не қашып кету, не
жақын келу ғана келеді; жақындаған сайын ыстық арта түседі.
—Демек, ол ошақ «Наутилустан» тыс болды ғой?
—Əрине. Біз қазір қайнап жатқан судың ішінде келеміз.
—Қойыңызшы, шын ба? — дедім таңданып.
—Өзіңіз байқап көріңіз.
—Терезенің қақпақтары ашылды да, мен «Наутилустың» айналасынан
аппақ суды көрдім. Қазанда қайнап жатқандай су бетін күңгірт бу қаптап
жатыр. Мен саусақтарымды терезенің шынысына тигізіп көріп едім,
күйдіріп жібере жаздады да, қолымды лып тартып алдым.
—Біз қай жердеміз? — деп сұрадым мен.
—Санторин аралының жанындамыз, профессор мырза, — деп жауап
қайырды капитан. — Егер дəлірек білгіңіз келетін болса, Нео Камменияны Палеа - Каммениядан бөліп тұрған бұғазда келеміз. Мен сізге
су асты жанар тауының жалын атуын, осы сирек құбылысты көрсеткім
келді.
—Мен көптен бері жаңа аралдар құрылудан қалған, деп ойлайтын едім,
— дедім мен.
—Жанар таулы орындарда бірде бір құбылысты біржола бітті деп
санауға болмайды,—деп жауап қайырды капитан Немо. — Бүкіл жер шары,
бұрынғысынша, əлі де өзінің ішкі отына толы. Егер де тарихшы Кассиодор
мен Плинилерге сенуге болатын болса, біздің заманымыздың он
тоғызыншы жылында осы аралдар құрылған орында, Тей деген жаңа арал
пайда болған. Кейін ол толқын басып жоқ болып кеткен де, тек алпыс
тоғызыншы жылы қайта пайда болып, бірақ кейіннен тағы да біржолата
жойылып кеткен. Сол уақыттан бастап біздің заманымызға дейін бұл
орындарда жанартау мүлдем өшкен. Бірақ бір мың сегіз жүз алпыс
алтыншы жылы үшінші февральда Неа - Камменияның іргесінен күкіртті
бу бұлттарының арасынан жаңа бір кішкене арал көрінген. Мұны Георг
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - 20 000 лье су астында - 18
  • Parts
  • 20 000 лье су астында - 01
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2015
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 02
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2010
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 03
    Total number of words is 4380
    Total number of unique words is 1940
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 04
    Total number of words is 4332
    Total number of unique words is 2011
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 05
    Total number of words is 4010
    Total number of unique words is 2058
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 06
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 1818
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 07
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1948
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 08
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2071
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 09
    Total number of words is 4217
    Total number of unique words is 2074
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 10
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 1869
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 11
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2013
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 12
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 1996
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 13
    Total number of words is 4263
    Total number of unique words is 2041
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 14
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 1947
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 15
    Total number of words is 4287
    Total number of unique words is 1996
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 16
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1781
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 17
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 1917
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 18
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2039
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 19
    Total number of words is 4272
    Total number of unique words is 2111
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 20
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2011
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 21
    Total number of words is 4141
    Total number of unique words is 1972
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 22
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 1850
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 23
    Total number of words is 4236
    Total number of unique words is 1916
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 24
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 1808
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 25
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2030
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 26
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 1946
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 27
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 1920
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 28
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 1916
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.