Latin Common Turkic

20 000 лье су астында - 20

Total number of words is 4244
Total number of unique words is 2011
35.3 of words are in the 2000 most common words
49.4 of words are in the 5000 most common words
57.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Парфенон сияқты, айбынды Акропольдің қалдығы көрініп тұр еді; одан əрі,
бұл уақытқа дейін сақталып келген, жағалаудың қалдықтары, сауда жəне
соғыс кемелері тоқтайтын қолтықтар; одан əріректе — ұзыннан ұзақ құлап
жатқан үйлер — бұрынғы көшелердің іздері көрініп жатты.
Мұның өзі менің көз алдыма əкеліп қойған капитан Немоның жаңа
Помпеясы еді.
Қайда тұрғанымды қалай да білгім келді. Өзімді тұтқын қып тұрған
шлемді басымнан жұлып алсам да, мұны капитан Немодан сұрап білгім
келді.
Бірақ, капитан Немоның өзі жаныма келді де еңкейіп, жерден бір кесек
бор алып, жылтыр жартасқа: «АТЛАНТИДА» деген бір ауыз - ақ сөз жазды.
Бұл сөз маған найзағайдай əсер етті. Атландида! Кəдулгі Платонның
Атландидасы. Мұның бір кезде болғанын Ориген, Порфирий, Анвиль,
Мальтборэн, Гумбольтд сияқты адамдар бекерге шығарып, осы құрып
кеткен құрылықты, əдемі аңыздан басқа түк емес деп санаған! Мұның
болғанын Плиний, Амиан - Марцеллин, Тертуллиан, Энгель, Шерер,
Турнефор, Бюффон, д' Авезак мойындаған Атлантида ғой бұл,— міне енді
апаттан бүлінген сол Атлантида менің көз алдымда жатыр.
Жұрт бұл елдің Европадан да тыс, Азиядан да тыс, Ливиядан да тыс,
Геркулес бағаналарының арғы бетінде бір жерде болғанын ғана білетін, ол
елде құдіретті атлант тайпалары болғанын, ертедегі гректердің бұған қарсы
тұңғыш рет соғыс жүргізгенін, кейіннен, оның суға батып кеткен ел екенін
ғана білетін, сол ел осы жерде болып шықты.
Платонның шежіресінде сол қаһарман заманның ұлы ерлік іс əрекеттері жазылыпты. Тимей мен Критиастық Атлантида туралы
əңгімелерінде мынадай сөздер айтылады.
Бір күні Солон, Саис қаласындағы бірнеше дана қартпен əңгімелеседі.
Бұл қаланың салынғанына сол кездің өзінде сегіз жүз жыл болған екен,
мұның дұрыстығын осы қаланың храмының қасиетті қабырғаларына
ойылып жазылған сөздер дəлелдейді. Қарттардың бірі Саис қаласынан да
бұрын салынған бір қала туралы əңгіме айтады. Тоғыз жүз ғасыр бойына
өмір сүріп келе жатқан осы қаланы атланттар жаулап басып алып, қиратып
тастайды.
Оның айтуы бойынша атланттар Египетке де билік жүргізіп тұрады.
Олар Элладаны да бағындырмақшы болады, бірақ элландықтар ерлікпен
қарсы соғыс ашып, атланттар амалсыздан шегінеді.
Су басып, жер сілкініп үлкен апат болады...
Атлантиданың жер бетінен өшіп, жоқ болып кетуі үшін тек бір - ақ түн,
бір - ақ күн керек болады, сөйтіп, осы апатта, суға батқан құрылықтың
ішінде тек Мадейр, Азор аралдарының, Канар аралдарының, Жасыл мүйіс
аралының төбелері көрініп қана қалады.
Капитан Немоның, жазған сөзінен есіме түскен, есте қалған тарихи
оқиғалар осы еді.
Сонымен, жер бетінен өшіп кеткен құрылықтың бір тауының төбесіне
мені бүгін тағдыр айдап əкеліп, көптеген мың жылдар дəуір сүріп тұрған
қала үйлерінің құлаған қабырғаларын қолыммен ұстап көруіме мүмкіндік
берді! Жерді алғаш мекендеушілер басқан жер қыртысын бастым мен.
Мыңдаған жылдар бойына тас ұйқысына батып, мүлгіп тұрған сонау ерте
замандағы осы ағаштардың саясында тіршілік еткен жануарлардың
сүйектері сытырлап менің башмағымның қорғасын табанының астында
жатыр.
Əттеген - ай, уақытым неге көп болмады екен! Мен осы таудың тіп - тік
жарынан төмен түсер едім де, бір кезде Америка мен Африканың арасын
қосып тұрған осынау зор құрылықтың бір шетінен екінші шетіне дейін
тегіс аралап шыққан болар едім; бүкіл дүние жүзілік топаннан көп бұрын
салынған, мыңдаған жылдар бойына меңіреу судың бұзғыш күшіне төтеп
беріп, өз нұсқаларын əлі сақтап жатқан осы үйлер мен сарайларды,
жүздеген жыл өмір сүрген күш иесі алыптардың өз қолымен салған
қалалардың бəрін де аралар едім!..
Бəлкім, жанартаулардың қимыл - əрекеті немесе жер қыртысының
қозғалысы, осы теңіз түбінде жермен жексен боп қирап жатқан дүниелерді
жер үстіне қайта шығаратын да күн туар. Мұхиттың осы бөлегінде толып
жатқан сөнбеген жанартаулар барын біз жақсы білеміз ғой. Осы тулап
жатқан терең судың астынан соққан күшті толқындар талай рет кемемізді
қиратып жібере жаздады деген теңізшілер де аз емес. Олардың
бірсыпырасы су астындағы өзінің қаһарына мінген дүлей табиғат
шайқастарының көмескі дыбыстарын естіген, ал кейбіреулері судың бетіне
шығып, қалқып жүрген жанартау күлдерін де көрген.
Планетаның экваторға дейінгі, осы жақ беті түгелдей дамылсыз
қимылдап, дамылсыз жанып тұрған жанар таулы аймақ. Бəлкім, көп
замандар өткеннен кейін, жанар таулардың жиі - жиі атқан құсықтары
бірінің үстіне бірі төселе қалыңдай келе ақыр аяғында, жалын атқан зəулім
тау болып мұхиттың үстіне де шығар, кім білген?
Мен осы тəтті қиялға батып, табиғаттың осы тамаша көрінісінің бəрі де
ұмытылмастай боп есімде қалсын деп тұрған кезімде, капитан Немо, су
балдыры басып кеткен бір бағанаға сүйеніп, ессіз - тілсіз адамдай мелшиіп
тұр екен. Ол осы құрып кеткен ұрпақ туралы ойлап тұр ма? Əлде өзінен өзі
келешек ұрпақтың тағдыры қандай болады деп сұрап тұр ма? Немесе
қазіргі өмірді жек көретін, осы өзгеше жаратылған жан мұнда ертеде өткен
адамдарша тіршілік етуге келіп тұр ма? Оның не ойлап тұрғанын білу үшін
мен не бермес едім, аярым болар ма еді, сірə?
Жанар таудың отты тасқыны күндізгідей - ақ жап - жарық қып тұрған,
кең жазықты біз бір сағат бойы тұрған орындарымыздан қозғалмастан
қарап тұрдық.
Іште астан - кестеңі шыға қайнап жатқан жанар тау тасқынынан кейде
таудың баурайы да дір ете түседі. Суда айқын естіліп тұрған əлденендей бір
дүңк еткен дыбыс өте қаһарлы, өте айбынды шығып тұрды.
Осы минутта суға ай сəулесі де түсті, енді біз бірнеше минут бойына
осынау теңіз жұтқан құрылықты, шолдық. Бұл көріністің бүкіл ой жүйеңді тебірендірген əсерін сөзбен айтып беру мүмкін емес.
Капитан Немо бағананың қасынан оқшау шығып, байтақ жазықты
кезімен тағы бір рет шолып өтті де, маған жүріңіз деген белгі берді.
Мен тез басып таудан түстім. Көмірге айналған орманнан шыққан бойда
- ақ алыстағы «Наутилустың» жұлдыздай жарқырап тұрған прожекторы да
көріне кетті.
Капитан тура соған қарай аяңдады. Біз «Наутилусқа» мұхит бетінде таң
жаңа ғана қылаң бере бастағанда келдік.
Оныншы тарау
СУ АСТЫНДАҒЫ КЕНДЕР
Келесі күні, 20 февральда, мен өте кеш ояндым. Түңгі серуен мені қатты
шаршатса керек, сағат он бірге дейін ұйықтаппын.
Оянысымен дереу киініп алып, салонға бардым: «Наутилустың» қай
бағытқа қарай келе жатқанын білгенше тіпті шыдамым жетпеді.
Аспаптар, бұрынғысынша, кеме сағатына жиырма миль алып тереңдігі
жүз метрдей су астында келе жатқанын көрсетіп тұр!
Салонға Консель де келді. Мен оған біздің түңгі серуенімізді айттым.
Осы кезде терезелердің қақпақтары ашылады да Консель суға батқан
құрылықтың бір бөлігін көріп қалды.
«Наутилус» Атлантиданың «топырағынан» он метрдей - ақ жоғары келе
жатыр еді. Ол алға қарай, бейне жел қуған aуa шары сияқты зырғып келеді;
біздің көз алдымыздағы құбылысты шапшаң жүретін поездың
жолаушылары терезеден қарағанда, жол бойында көз ілестірмей отыратын
көрініспен теңеген дұрыс болар еді.
Таулардың, өсімдіктен минераль дүниесіне айналған ормандар мен
бұталардың адам айтса нанғысыз жалпы кескіні аспидтерден анемандардан
, тіп - тік ұзын су балдырларынан кілем жамылған үйме - жүйме тастар,
қирап қалған үйлердің қалдықтары; ақыр аяғында, жер астындағы от
қимылының мылқау куəсі жанартау құсындыларының кесек шоғырлары
біздің көз алдымыздан елес беpiп қалып жатты.
Бірінен бірі өткен осы бір ғажап суреттерді «Наутилус» прожекторының
сəулелері қараңғылық əлемінен жарық дүниеге шығарып біздің көз
алдымызға елестетіп келе жатқан уақытта, Консельге, бір заманда
болғандығы даусыз атланттар мен Атлантида туралы өз білгендерімді
айтып тұрдым.
Бірақ, Консельдің көңілі басқа бір жаққа алаң болып, менің əңгімемді
қалай болса солай тыңдады. Тарихтың осы ұлы жұмбағына оның мəн
бермей қарауының себебін мен кешікпей - ақ біле қойдым. Біздің
қасымыздан балықтар етіп жатыр екен, ал балықтарды көргенде ол, оларды
түр - түрге бөлу сияқты күрделі жұмыстың қызығына түсіп кететін де,
басқаны мүлдем ұмытатын. Маған енді Атлантида туралы əңгімені доғарып
Консельге қосылып балықтармен айналысуға тура келді.
Бірақ Атлант мұхитының балықтарының басқа мұхиттарда көрген
балықтарымыздан айырмашылығы шамалы еді. Бұлар ұзындығы бес
метрдей, судан секіріп шыға алатын аса күшті скаттар; түрлі акулалар,
бұлардың, ішінде ұзындығы он бес фут, өте өткір үш бұрышты боп біткен
тісі бар, көгілдірлене құбылған жасыл біреуі бар еді, бояуы теңіз суының
түсіне ұқсас болғандықтан өзі тіпті судан əрең көрінеді. Мұнда спар
балықтарының бір тұқымы қара қоңыр сарға, Жерорталық теңізіндегідей
мекре балықтар, бояуы қызылкүрең көлденең тартылған қаракүрең
жолақтары бар, түтік тұмсықты ине -балықтар бар еді. Бұл балықтар суда
жылан сияқты ирелеңдеп жүрді.
Сүйекті балықтардан Консель теңіз бүйілері əрі теңіз айдаһарлары деп
аталатын улы балықтарды атады. Айдаһардың арқасы мен басындағы
қылтанақтарының екі - екіден сызаттары болады; қылтанақтары жаудың
денесіне қадалғанда əлгі сызаттардан жараға улы сілекей құйылады.
Айдаһарлардың түсі көкшіл қызыл арқа жағы қара қоңыр, ал іш жағы —
ақшылдау келеді. Ал бүкіл денесін қара дақ қаптап тұрады.
Бұдан кейін Консель алтын түспен боялған, көгеріп құбылатын алтын
макрель балықтарды, өте əдемі скумбрийлерді, айбалықтарды немесе
дөңгелек табақ сияқты лампридтерді көрген; Лампридтердің түсі ғажайып
əдемі болады: арқа жағы көк, екі жаны күлгін түсті, іш жағы алқызыл еді.
Осы сияқты əралуан теңіз жануарларын қадағалап қарап отыру маған
Атлантиданың жазықтарына да көз сала отыруыма кедергі болған жоқ.
Ойлы - қырлы теңіз түбі оқта -текте «Наутилустың» шапшаң жүрісін
баяулатуға да мəжбүр етіп отырды. Мұндай кезде ол су астындағы қат қабат қалтарыстардың арасымен балықша шебер бұлтарып жүріп отырды.
Егер су астындағы жартастар тым көп болып жүруге мүмкіндік бермесе,
кеме аэростат сияқты дереу судың үстіне шығып жүзіп, əлгіндей
кедергілерден өткеннен кейін судың астына қайта түсіп, теңіз түбінен
бірнеше - ақ метр жоғарыда зырғып келе жатты.
Осы жүзу сапары, ауа шарымен қалықтағандай бір тамаша серуен
болды, тек ауа шарынан айырмашылығы, мұның əрбір қимылы руль ұстап,
кемені басқарып отырған адамның еркінде еді.
Күндізгі сағат төрттің шамасында, тасқа айналған бұталармен араласа
ескек қалың балдыр басқан теңіз түбінің сипаты аздап өзгере бастады. Енді
теңіз түбі əралуан тау жыныстарының кесек - кесек қоспалары, суып,
іркіліп тұрған, жанартау құсындылары күкіртті обсидиан сияқты тастарға
толып кетті. Енді жазықтықтан таулы жерге кіреді екенбіз деп ойладым
мен. Шынында да солай болып шықты, көп кешікпей - ақ зəулім биік тау
тізбектерінен құралған оңтүстік жиекті көрдім, бұл, таулар тегі, асу
бермейтін тау болса керек, өйткені оның төбесі мұхиттан да асып, шығып
тұруға тиіс. Бұл не құрылықтың не қандай да болса бір аралдың, бəлкім,
Жасыл мүйіс Канар аралдарының бірінің жағалауы болса керек.
Соңғы күндерде астрономиялық байқау нəтижелері картаға түсірілген
жоқ - ты, бəлкім, əдейі түсірмеген шығар, əйтеуір, мен біздің қай тұсқа келе
жатқанымызды біле алмай қойдым. Менің ойымша біз тек аз ғана бөлегін
көріп келе жатқан осы гранит қамал атлант құрылығының бір жақ шеті - ау
дейім.
Мен түнде де байқап отырдым. Консель өз каютасына ұйықтауға кетті,
мен салонда жалғыз қалдым. «Наутилус» жүрісін бəсеңдетіп, көмескілеу
көрініп тұрған қыратты алаптың үстіңгі жағына тиер - тиместей ғана болып
жоғары жүзіп шықты, жүзіп шыққанда, біресе тоқтай қалғысы келгендей
мүдіре түсіп, біресе көтеріліп судың бетіне таман жүзіп келе жатты.
Осындай минуттарда мен жұқалау су қабатынан жарқырап көрініп
тұрған бірнеше жұлдыздар тобын, ішін ара Орионның арт жағын ала
тұрған бес - алты жұлдызды көрдім.
Егер терезелердің қақпақтары жабылмаса, мен теңіз бен көктің
əдемілігін тамашалап, терезенің алдында əлі де ұзақ сағаттар бойына отыра
берген болар едім.
Дəл осы минутта «Наутилус», бір тіп - тік тау қабырғасына таяп келген ді. Бұдан оның қалай айналып өте алатынын мен біле алмадым. Каютама
қайтуға тура келді. «Наутилус» тұрып қалды. Мен ертерек тұрмақ болып
жатып қалдым.
Ертеңіне таңертеңгі сағат сегіз шамасында бір - ақ тұрдым, тұрған
бойымда - ақ салонға бардым. Манометр «Наутилустың» мұхит бетінде
келе жатқанын көрсетті. Мұны кеменің үстінде жүрген адамдардың
аяқтарының дыбыстарынан да байқауға болатын еді. Бірақ теңіз бетінде
жүзген кездерде кеме шайқалатын - ды, ал бүгін түк шайқалмастан жүзіп
келе жатты.
Мен кеменің үстіне шығатын ауызға барсам, ауыз ашық екен. Кеменің
үстіне шықтым. Бірақ мұнда мені күндізгі күн сəулесінің жарығы күтіп
тұрған жоқ екен, кеме үстінде айнала - төңірек тегіс, тас - қараңғы еді.
Біз қай тұста екенбіз? Мен шынымен - ақ бір тəулік бойына ұйықтап,
қазір тағы түн болған ба?
Бірақ олай емес еді, көк жүзінде бірде бір жұлдыз көрінбеді, ал жалпы
алғанда тап мұндай қараңғы түн болмайды ғой.
Мұны не деп білерімді білмей тұрғанымда, кенеттен қараңғыда біреу
маған дауыстап, тіл қатты:
—Профессор мырза, бұл сізбісіз?
—Капитан Немо екенсіз ғой! Біз қай тұста келеміз?
—Жердің астында келеміз, профессор мырза.
—Жердің астында дейсіз бе? — деп қалдым мен дауыстап— «Наутилус»
сонда да жүзіп келе ме?
—Ол жүзе береді ғой.
—Бірақ... мен түк түсінбей тұрмын.
—Бірнеше минут сабыр етіңіз. Қазір прожектор жарық береді, сонда
бəрін де түсінесіз.
Мен прожектор тұрған кабинаның төбесіне шығып күтіп отырдым.
Айнала көзге түртсе көрінгісіз тас қараңғы еді, мен тіпті қасымдағы
капитан Немоны да көре алмай қойдым.
Жоғары қарап едім, қақ төбемнен жылтыраған бірдеме көрінді, дөңгелек
тесіктен көрініп тұрған əлденендей бір күңгірт сəуле. Дəл осы минутта
прожектор да жарқ ете қалды, сөйтіп əлгі жылтыраған сəуле енді көрінбей
кетті.
Көзім жарыққа үйренгеннен кейін, мен төңіректі қарай бастадым.
«Наутилус» айналасын биік жартас қоршаған бір көлде əлде бір порттың
биік жарына ұқсайтын жағалаудың жанында тоқтап тұр еді. Көлдің
диаметрінің шамасы екі мильдей, олай болса, оның шеңбері алты мильге
дейін барады. Су бетінің деңгейі, мұхит суының деңгейіндей еді,
сондықтан бұл мұхитпен қосылып жатқан болуы керек еді, мұны манометр
де көрсетіп тұр.
Биік жарлар суға төне түсіп биіктегі бес жүз не алты жүз метрдей орасан
зор күмбез боп ұласып тұр еді. Осы күмбездің қақ төбесінде манағы
көмескі сəуле көрінген тесік бар екен, ол сəуле, тегі, сол тесік арқылы түсіп
тұрған күн шұғыласы болса керек.
Осы орасан зор үңгірдің ішкі жақтарын мұқият қарамас бұрын, бұл
үңгірдің өзі табиғи үңгір ме, əлде адам қолымен жасалған үңгір ме деп те
ойламас бұрын, мен капитан Немоға келдім де:
—Біз қай жерде тұрмыз? — деп сұрадым.
— Əлденендей бір тектониялық сілкінудің салдарынан,- деп жауап
қайырды ол,— теңіз суы басып өшіп қалған жанартаудың қақ ортасында
тұрмыз. «Наутилус» осы теңіз шығанағына мұхит бетінен он метр
төмендегі каналарқылы келіп кірді, сіз ол кезде ұйықтап жатыр профессор
мырза. Бұл қандай сұқ көздерден де тасалап тұратын, қандай долы
дауылдардан да қорғап тұратын, «Наутилустың» ең сенімді, ең берік
гаваньдарының бірі. Сіз құрылығыңыздан, аралдарыңыздан, кемені қандай
долы, дүлей дауылдан да қорғай алатын тап осы үңгірдей бір портты атап
беріңізші!
—Шынында да,— дедім мен, — мұнда сізге келер түк қауіп жоқ екен,
капитан Немо. Мұнда, қимылсыз, қозғалыссыз, сөнген жанартаудың
қойнауында сізге келер қандай қауіп бар? Бірақ сіз маған мынаны
айтыңызшы, осы үңгірдің төбесінде мен бір тесік көргендей болдым, сол
тесік шынында да бар ма, əлде маған тесік болып көрінген бір елес пе?
—Я, жанартаудың бұрынғы кратері бұл тесіктен бір кезде құсынды мен
күкірт булары, бағанадай тіп - тік жалын атқылап тұрған - ды. Қазір ол,
өзіміз дем алып отырған таза ауаны осы үңгірдің ішіне жіберіп тұрады,
оның атқаратын міндеті осы.
—Бұл қандай жанартау?
—Бұл, мұхиттың осы жақ бөлегіндегі сансыз көп аралдардың біріндегі
жанар тау. Мұның жанынан өткен кемелер үшін бұл тек теңіз астындағы
шыңның судан жоғары шығып тұрған төбесі ғана; ал біз үшін бұл бүкіл
дүние жүзіндегі ең бір қауіпсіз порт. Мен мұны кездей соқ аштым, кездей
соқ ашсам да бұл маған аз қызмет етіп отырған жоқ.
—Мұнда кратер тесігі арқылы түсуге болмай ма?
—Осы арадан кратерге көтеріліп шығу да, одан мұнда түсу де мүмкін
емес. Шамамен айтқанда, жерді жағалап жүз футтай көтерілуге болады,
бірақ одан əрі ол судың үстіне қарай иіле береді де, ақырында күмбез
құрады, сөйтіп шығуға мүлдем мүмкіндік болмай қалады.
—Сізге табиғаттың қашан да, қай жерде болса да көмектесіп
отыратынын мен көріп тұрмын, капитан. Жер астындағы осы көлден сізге
келер түк қауіп жоқ! Көлденен бір араны ашылғандар келіп қалар деп
сескенер де түгіңіз жоқ. Бірақ осы пананың сізге қанша керегі болды?
«Наутилус» шығанақты қажет етпейді ғой.
—Жоқ, профессор мырза, жүру үшін оған электр қуаты керек, электр
қуатын өндіру үшін батерея керек, батереяларды қоректендіріп отыру үшін
натри керек, натрийды алу үшін көмір керек, ал көмірді өндіру үшін кен
керек. Теңіз мұнда өте ертедегі геологиялық заманда өскен талай
ормандарды жұтқан; тасқа айналып, тас көмір болып кеткен сол ормандар
мен үшін сарқылмас отын қоры болып табылады.
—Олай болса, сіздің матростарыңыз мұнда келіп кен қазушы болады
екен ғой.
—Дұп - дұрыс. Бұл кендер, Ньюкетль көмір шахталарындағы су астында
жатыр. Менің матростарым үстеріне скафандр киіп, қолдарына кирка мен
күрек алады да осы жерде көмір өндіреді, сондықтан маған жер үстіндегі
кендерден өндірілетін көмірдің қажеті болмайды. Мен мұнда натрий алу
үшін көмір жаққан кезімде, кратерден түтін шығады, мұның өзі бұл тауды
кəдуілгі жанартау етіп көрсетіп тұрады.
—Сіздің матростарыңыздың көмірді қалай өндіретінін мен мұнда көре
алар ма екем?
—Жоқ, бұл жолы көре алмайсыз, өйткені мен су астымен дүние жүзін
айналып өту саяхатын кідірткім келмейді. Мен мұнда дайын тұрған натрий
қорын алумен тынамын. Натрий қорын «Наутилусқа» тиеп болысымен - ақ,
əрі кеткенде бір күннен кейін жолға қайта шығамыз. Сондықтан, егер осы
үңгірмен жақсылап танысқыңыз келсе, шығанақты айналып өткіңіз келсе,
онда осы бір күнді пайдаланып қалыңыз, профессор мырза.
Мен капитанға рақмет айттым да, əлі каюталарында отырған өзімнің
жолдастарыма бардым.
Келдім де, қай жерде тұрғанымызды айтпай - ақ, бері жүріңдерші деп
ертіп шықтым.
Біз кеменің үстіне шықтық. Консель, өзінің дағдылы əдеті бойынша, су
астында келе жатқанда ұйықтап, жер астында оянғанына таңданған жоқ,
қайта табиғи нəрсе деп тапты. Ал Нед Ленд болса, оның білгісі келгені бір
ғана мəселе болды, онысы: осы үңгірден жер бетіне шығып кете алатын бір
қуыс мүйіс жоқ па екен деген мəселе еді.
Таңертеңгі тамақтан кейін, сағат он шамасында біз жағалауға шықтық.
—Міне енді біз тағы да жерде тұрмыз! — деді Консель.
—Ə, қойшы, мұның несі жер! — деп тастады канадалық.
Осы көл мен үңгір жарларының арасы құмды алап еді, ені бес жүз
футтай. Бұл алап арқылы көлді оп - оңай - ақ айналып шығуға болатын ды.
Үңгір жарларының төменгі іргелерінде жанартау атып шығарған зор
кесектер, жартастардың кесек - кесек сынықтары, көбік тастар үйме жүйме болып жатты.
Жер астының отымен балқып, кейін суып, қатып қалған осы тастар,
прожектордың сəулесіне шағылысып, бір сəтте тұтанған мыңдаған
оттардай жылтылдайды. Аяғымыздың астынан көтерілген шыны тектес
шаң - тозаң бейне бір сансыз көп жалтырауықтай болып жан - жаққа ұшып
жатты.
Көлден əрірек барған сайын жаға басқыштың сатыларына ұқсап, қырқа қырқа болып көтеріле берді, бірақ өте сақтанып жүруге тура келді, өйткені
тастар бір - біріне жабысып бекінген екен, аяқ басқан сайын қозғалып
тұрды.
Бұл үңгірдің заты жанар таулық екенін аттаған сайын айқын дəлелдеп
отырды.
Мен жолдастарыма мұны да аңғартып қойдым.
—Осы үңгірдің іші, астан - кестен болып қайнап жатқан сұйық затқа
толы күндерінде, сол от бұлақтың тасқыны пеш аузында балқып, лақылдап
жатқан металл сияқты, кратердің кемерінен асып төгіліп жатқан күндерде
қандай болғанын көз алдарына елестете аласыздар ма?
—Елестеткенде қандай!—деп жауап қайырды Консель — бірақ бұл
қайнау, балқу қалай тоқталды, бір кезде қызыл шоқ болып жанып тұрған
мынау шұңқырда су қайдан пайда болды, — қожайын осыларды айтпас па
екен?
—Мұның себебі, Консель,— дедім мен. — Бұл жер сілкінуінің
нəтижесінде болған өзгеріс болуы керек, сол жер сілкінудің салдарынан
таудың, беткейі жарылған болуы тиіс, «Наутилус» сірə бұл үңгірге сол
жерден кірсе керек. Сол тесік арқылы мұхиттың суы жанар таудың осы
орталық ошағына лап қойғанда, су мен оттың шайқасы басталып,
ақырында су жеңіп шыққан болуы керек. Содан бері талай ғасыр өткен де,
сөйтіп су басқан жанар тау, жер астындағы кəдуілгі бейбіт көлге айналған
болуы керек.
—Өте жақсы,— деді Нед Ленд, — сіздің берген түсінігіңіз менің
көкейіме қонады, тек, сіз айтқан жарықтың теңіздің үстінде болмай,
астында болғанына қатты өкініп тұрмын, профессор мырза. Бізге оның
үстінде болғаны қолайлы еді.
—Сіз бір нəрсені ескермей келесіз, Нед, — деп қарсы шықты оған
Консель.— Егер де ол канал су астында болмаса, онда «Наутилус» бұған
кіре алмас еді, олай болғанда, бұдан бізге келер түк пайда жоқ.
—Олай болғанда, мұны айтпағанның өзінде, жанар тау да сөнбеген
қалпында қалып қояр еді, сөйтіп сіздің өкінішіңіз, Нед Ленд, бос өкініш,—
дедім мен.
Біз бірден бірге жоғары көтеріліп келе жаттық. Сүрлеу бірден бірге тік
көтеріліп, тарылып келе жатты. Терең жарылған жерлер жолымызды бөгеп,
олардан қарғып өтуге тура келді.
Кейде сүрлеуімізді басып қалған жартастар орағатып өтуге, жата қалып,
жер бауырлап жылжып отыруға, еңбектеп жүруге мəжбүр етті. Бірақ
Консель мен Нед Лендтің икемділігінің арқасында, біз ондай кедергілердің
бəрінен өтіп шықтық.
Шамамен айтқанда, отыз метрдей жоғары шыққанда, жер қыртысының
сипаты өзгеріп кетті, бірақ бұдан əрі жүру жеңіл тимеді. Мұнда трахиттер
мен жанар тау конголомераттары2 жойылды да, олардың орнына қара
базальт пайда болды, пайда болғанда, біресе оның үстіңгі жағы жанартау
құсындыларының қатып қалған көпіршіктерінен құралған сəл ғана
бұдырлары бар, теп - тегіс, жап - жалтыр болып, біресе дұрыс призма
пішіндес түп - түзу боп жоғары қарай көтерілген еді, бұлар осы тұста төмен
төніп келген күмбезді тіреп тұрған табиғи бағаналар болатын, — мұның өзі
сəулет өнерінің табиғи тамаша үлгісі еді.
Базальт жартастарының аралығында қатып қалған жанартау
құсындылары ирелеңдеп жатыр, бұлардың əр жерінде битумды
сланецтердің күкірт іркінділерінің жолақ - жолақ болып түскен дақтары бар
еді. Кратердің тесігінен осында түсіп тұрған күндізгі жарықтың болмашы
ғана шашыранды сəулелері, өшкен жанар таудың ішінде мəңгі жерленген
осы заттарға көмескі ғана жарық. түсіріп тұр.
ІІІамамен айтқанда, жетпіс бес метрдей жоғары шыққаннан кейін одан
əрі көтерілуге болмайтын болды: бұл жерде жар қабырға үңгірдің ішіне
қарай ойысып еңкейіп кеткен екен, сондықтан енді жоғары көтерілуді
қойып, күмбездің ірге жағалауымен жүруге тура келді.
Бұл жерде өсімдік дүниесі өлі табиғат дүниесінің алдында əлі тізе бүге
қойған жоқ екен. Жартастардың қуыстарының арасында, олардың жарылып
кеткен жерлерінде бірнеше топ бұталар тіпті жеке ағаштар өсіп тұр.
Мен мұнда улы шырынды, топ - топ болып өскен сүттігендерді,
«күнбағыс» — деген гректік атына заты сай келмейтін, күн сəулесі
ешуақытта түспейтін, ешқандай исі де жоқ, солып қалған бақша гүлдерін
көрдім, алоэ өсімдіктерінің қасында өсіп тұрған түрі солғын хризантема
гүлдерін, ақыр аяғында, қатып қалған, балқыған тасқындардың
аралықтарында өсіп тұрған, аңқыған жұпар иісті жасыл гүлдерді де көрдім,
мен бұл гүлді рақаттана иіскедім.
Біз жүріп келе жатқан сүрлеудің кей жерлерінен көл түгел көрініп тұрды.
«Наутилустың» прожекторы көлге өзінің жарқыраған сəулесін түсіріп
тұрған - ды, теп - тегіс, айнадай жап жалтыр көл бетінде ойнаған толқын
да, ескен жел де жоқ.
«Наутилус» бір орында қозғалмастан тұр еді. Оның үстінде де жағалауда
да матростар жүр. Матростардың қарауытқан кескіндері сəуле түсіп
жарқыраған жартаста ап - айқын көрінеді.
Бұл кезде біз осы үңгірді айнала қоршап тұрған жартастардың ең бір
биігінде тұр едік.
Бірнеше жыртқыш құстар ауада ұшып біресе таудың ең биік қисына
салған ұяларына қонып жүрді.
Бұлар ақ төсті қаршығалар мен бақырауық жағалтайлар еді.
Тау баурайында тамаша семіз дуадақтар əрілі берілі ұшып жүрді. Осы
құстарды көргенде канадалықтың көзі қандай жайнады, мылтық алып
шықпағанына қандай өкінді десеңізші. Оқ орнына тас атып əуре болды.
Көп əуре болып, талай сəті түспеген тас лақтырыстан кейін, ақырында, бір
тасты үлкен бір дуадаққа тигізіп, жерге жалп ете түсірді. Асыра
айтпағанның өзінде, жараланған дуадақты қуалап жүріп ұстап алғанша,
кемінде жиырма рет құлап өле жаздаған шығар. Бірақ қалай болған күнде
де, дуадақты құтқарған жоқ.
Бізге кешікпей жағаға түсуге тура келді, өйткені қалың құздар əрі қарай
жүргізбей қойды. Біздің үстіңгі жағымызда, өте биікте кең құдық аузындай
боп кратердің аузы көрініп тұрды. Осы біз тұрған жерден алақандай торғын
көкті, батыс самалы айдап бара жатқан бұлттарды да көруге болатын еді.
Шудаланған дал - дал бұлттар кратердің, аузын, көк тұман болып бітеп
бірер минут кідіріп барып өтіп жатты. Бұдан бұлттардың өте жоғарыда
емес екендігін айқын аңғаруға болатын, өйткені таудың төбесі, əрі
қойғанда, мұхит бетінен тек сегіз жүз футтай - ақ биікте еді.
Құмды жағаға қайтып келгеннен кейін мен өсімдіктер мен жануарларды
қарастыра бастадым. Масатыдай құлпырған, қалың укроп өскен алап
алдымен көзге түсті, бұл асқа салатын, астың дəмін келтіретін кішкене
қолшатыр сияқты өсімдіктер болатын. Ал фаундардан, шаяндардың,
крабтардың, омарлардың мыңдаған түрлері, ірілі - уақты моллюскалардың
барлық түрлері бар екен.
Біз бұл жерде мамықтай жұп - жұмсақ қалын құм төселген тау қуысына
тап келдік. Жартастарды өрмелеп жүре - жүре əбден шаршаған мен жəне
менің жолдастарым осы қуысқа кіріп, құм төсектің үстінде кесіліп,
рақаттанып жата кеттік. Жер астының оты қуыстың ішкі қабырғаларын
жалынмен жалап жып - жылмағай етіп, тегістеп тастаған, ал қабырғаны
алмастай жылт - жылт еткен тозаң басқан.
Нед Ленд қабырғалардың қалыңдығын білгісі келіп, соғып - соғып
қояды. Оның осы бос əурешілігіне мен еріксіз күлдім. Нед Лендті
үміттендіріп қоюуды орынды санап мен оған мынадай əңгіме айттым:
капитан Немоның оңтүстікке қарай ойысуының себебі натрий қорын
толықтырып алғысы келсе керек, ол қайтадан солтүстікке қарай,
Европаның немесе Американың жағалауларына қарай ойысады деп
үміттенуімізге толық дəлелдер бар; олай болғанда, канадалық өзінің қашып
құтылу жөніндегі əрекетін ойдағыдай - ақ қайталай алады.
Біз бұл тамаша қуыста бір сағаттай уақыт болдық. Алғашқыда қызу
басталған кеңесіміз, енді мүлдем тоқтап, тұла - бойымыз мең - зең боп
қалғуға айналдық. Қайтуға асығарлық себеп бола қоймағандықтан мен
ұйқыға онша қарсылық көрсеткем жоқ.
Мен түс кердім,— түсті көру - көрмеу біздің еркімізде емес қой,—
түсімде мен моллюскаша жабайы тіршілік етеді екемін жəне осы қуыста
қабыршағы қаусырмалы раковина да бар екен деймін.
Кенеттен мені Консельдің айғайы оятып жіберді.
—Тұрыңыз, тұрыңыз шапшаң!— деп айғайлады ол.
—Не болып қалды?—деп сұрадым мен құмға отырып жатып.
—Су!
Мен ұшып түрегелдім. Теңіз тасқыны қуысқа құйыла бастаған екен, ал
біз болсақ, моллюскалар емеспіз, сондықтан бас амандығын көздеуіміз
керек болды.
Бірнеше минуттың ішінде біз қуыстық үстіне шығып кеттік, мұнда су,
əрине, келе алмайды.
—Бұл не болғаны? — деп сұрады Консель. — Табиғаттың тағы бір тың
кереметі ме?
—Жоқ, достым,—деп жауап қайырдым мен, —бұл бізді басып қала
жаздаған кəдуілігі судың қайтуы. Қазіргі осы су келіп жатқан сағатта
үңгірден тыс жердегі мұхит суының деңгейі көтерілген, сөйтіп белгілі бір
өзек арқылы бір - бірімен қосылып жатқан жердегі сұйық заттың деңгейінің
теңбе - тең болуы жөніндегі бұлжымас заңның нəтижесінде көл суының да
деңгейі көтерілген. Біз, аздап суда шомып қана құтылғанымыз үшін рақмет
айтуымыз керек. Ал, енді «Наутилусқа» қайтып — киімдермізді
ауыстаралық.
Үш ширек сағаттан кейін бүкіл көлді айналып өтіп, қарама - қарсы
жағынан «Наутилусқа» да келіп жеттік.
Матростар натрийды тиеп болып қалған екен, ал натрийды тиеп
болысымен «Наутилус» те өз алған бағытымен жолға шыға алатын еді.
Алайда, капитан Немо жүру туралы бұйрық бере қоймады. Əлде, су
астындағы каналдан байқатпай өту үшін түнді күткісі келді ме екен? Бұл да
мүмкін еді.
Ертеңіне таңертең«Наутилус» өзінің құпия үңгірінен тыс құрылықтан
алыста, Атлант мұхитының бетінен бірнеше метр төменде жүзіп келе
жатты.
Он бірінші тарау
САРГАСС ТЕҢІЗІ
Алайда «Наутилус» Европадан барған сайын қашықтап бара жатты.
Оның жағалауын көреміз деген үміттен уақытша бас тарта тұруға тура
келді.
Капитан Немоның алған бағыты оңтүстік бағыт еді.
Кемесі мен қайда бара жатқанын түсінсем бұйырмасын.
Бұл күні «Наутилус» Атлант мұхитының ең бір қызық бөлегінде жүзіп
келе жатты. Флориданың жағалауынан бастап Шпицбергенге қарай ағатын
мұхиттық үлкен жылы ағыс — Гольфстрим бары жұрттың бəріне мəлім.
Бірақ Мексика шығанағына кірмес бұрын, солтүстік ендіктің қырық төрт
градусы шамасында, бұл ағыс салаланып екіге айырылып кетеді: мұның
үлкен саласы Ирландия мен Норвегияның жағалауларының жанынан өтеді
де, кіші саласы мұның керісінше, оңтүстікке қарай бұрылып, Азор
аралдарына қарай ағады, одан кейін Африка жағалауларына ойысып, үлкен
доға жасап, орағытып отырып Антиль аралдарына қарай қайтады.
Осы екінші сала — дəлірек айтқанда сала емес сақина Атлант мұхиты
суының Саргасс теңізі деп аталатын, саябырлылау келген тыныш бөлегін
шыр айналып жылы сумен қоршап тұрады.
Сонымен, Саргасс теңізі, Атлант мұхитындағы кəдуілгі көл сияқты.
Аумағы — Гольфстрим суы үш жылда бір - ақ рет айналып өткендей кең.
Саргасс теңізі, турасын айтқанда, теңізге батқан Атлантиданың үстін
алып жатыр. Кейбір ғалымдар осы судың бетінде қалқып жүретін шөптерді
сол жоғалып кеткен құрылықтық шабындық жазықтарында өскен шөптер
деп те топшылаған. Бірақ бұл онша дəлелді топшылау емес - ті; бұдан көрі,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - 20 000 лье су астында - 21
  • Parts
  • 20 000 лье су астында - 01
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2015
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 02
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2010
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 03
    Total number of words is 4380
    Total number of unique words is 1940
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 04
    Total number of words is 4332
    Total number of unique words is 2011
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 05
    Total number of words is 4010
    Total number of unique words is 2058
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 06
    Total number of words is 4028
    Total number of unique words is 1818
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 07
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 1948
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 08
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2071
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 09
    Total number of words is 4217
    Total number of unique words is 2074
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 10
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 1869
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    53.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 11
    Total number of words is 4185
    Total number of unique words is 2013
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 12
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 1996
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 13
    Total number of words is 4263
    Total number of unique words is 2041
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 14
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 1947
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 15
    Total number of words is 4287
    Total number of unique words is 1996
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 16
    Total number of words is 4086
    Total number of unique words is 1781
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 17
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 1917
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 18
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2039
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 19
    Total number of words is 4272
    Total number of unique words is 2111
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 20
    Total number of words is 4244
    Total number of unique words is 2011
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 21
    Total number of words is 4141
    Total number of unique words is 1972
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 22
    Total number of words is 4174
    Total number of unique words is 1850
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 23
    Total number of words is 4236
    Total number of unique words is 1916
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 24
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 1808
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    53.2 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 25
    Total number of words is 4216
    Total number of unique words is 2030
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 26
    Total number of words is 4125
    Total number of unique words is 1946
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 27
    Total number of words is 4155
    Total number of unique words is 1920
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 20 000 лье су астында - 28
    Total number of words is 4102
    Total number of unique words is 1916
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.