Latin Common Turkic

Үркер - 21

Süzlärneñ gomumi sanı 4125
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2364
33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
төлейсің» — деп, дау қуып келген дүниеқоңызды басымен қайғы қылып
жіберіпті. Жұртқа көрсетпей қызыл тайынша ұрлап соятын батыр бала
мынандай ағыл-тегіл малды жұрт көзінше айдап кетуге жүрексінгенде
атақты
би манағы жолаушының Тайланға айтқанын айтып, қолын жайып: «Қой
анасы оннан, түйе анасы бірден, жылқы анасы бестен, өсейін десе астанкестең», — деп бата берген екен. Манағы жолаушы сол ұры бала болғаны
ғой! Баяғы мал адал боп бұйырып, алдына дəулет түскені ғой.
— Сəлем айтса, сəлемат болсын! — деген Мəтекең. Содан Мəтекең бірде
көк шабдар ат мініп келеңдеп жүрген баласына:
— Балам, базарға барып қайтсаң қайтеді, — депті.
— Одан не бітірем, əке? — депті Тайлан.
— Көк атыңа мініп бар да, көк атыңа мініп қайт, басқа ештеңе істеме, —
депті Мəтекең.
Тайлан содан Түркістанның базарына барыпты. Көк ат мініп көлденеңдеп
келе жатқан жас жігіттің үстіндегі тері жарғақ киіміне таңғалды ма екен,
бір
отағасы анадайдан:
— Жолың болсын, балам, — депті.
— Əлəй болсын, ақсақал, — депті Тайлан.
— Шырағым кімнің баласысың? — депті ақсақал.
Тайлан жөнін айтыпты.
— Ендеше, балам, осы арада тұра тұр. Анау қымқуыттың арасына кірмейақ қой. Менің бір Мəтекеме беріп жіберетін сəлемдемем бар еді, — депті.
Ақсақал көп ұзамай бір қапшықты арқалап əкепті де, Тайланның артына
əңгеріпті.
— Ақсақал, бұны кім берді дейін? — депті Тайлан.
— Мəтекеңнен жақсылык, керген адам аз ба? Соның бірі дей сал, — депті
кəрия.
Тайлан үйіне кеп қапшықты ашса, лықа толы өзіне арналған асыл киім
екен.
Тайланның үстінен жарғақ тон осылай түсіпті деседі. Кейін Əбілқайыр
екеуі
бірге жорыққа барып жан қиыспас дос боп қайтқасын бірде Мəтекең
баласынан:
— Балам, атың түзелді, киімің түзелді, досың түзелді, енді ер жігітке не
жетпей тұр? — деп сұрапты.
— Əке-ай, оған үйірімен үш тоғызды, қырық жылқыны қайдан
табамыз? — депті.
Сонда Мəтекең:
— Бала əкеге бес жыл жұмбак,, əке балаға өмір бойы жұмбақ деген осы
екен ғой. Əкеңнің қадірін əлі түсінбегенің бе, балам, — деп басын
шайқап күліпті.
— Əкең — Мəті, досың — Əбілқайыр болса, саған қандай қалың керек.
Қасыңа сұлтанды ерт те, сұлтан түсетіндей бір үйдің ту сыртынан барып ат
басын тарт. Ар жағын өзің көрерсің!
— Əке, сонда кімнің ауылына барғаным дұрыс дейсің? — деп сұрапты
Тайлан,
— Өзіңнің болашаң қадіріңді, əкеңнің атын, досыңның абыройын
тегін үйдің босағасына тастай салма. Жалғыз шалдың жалғыз баласы
болып та біраз жүрдің ғой. Ең болмаса қайның қалың ауыл болар ма екен?
Алысқа ат шаптырып қайтесің, мына Боралдай бойындағы Жомарттың
ауылына бара сал, — депті.
Əкесінің «бара салының» өзі байлығы мен сəн-салтанаты күллі ңазақтың
ауызына іліккен Жомарт болғанына Тайлан таңғалмағанда, кім таңғалсын!
Қапелімде, іштей жүрексініп тұрса да, əке аузынан шығар сөз шығып
қалғасын, қасына Əбілқайырды ертіп Жомарттың ауылына барды.
Салтанаты асып, Сайрамның ауызын бағып, дүние-малды қайда шашарын
білмей отырған Садыр байының ауылы Кіші жүзден ат басын туралап бір
төре, бір батыр қонаққа келгесін шашылмасқа жағдайы қайсы. Аяқтарын
жерге түсірмей, ат үстінен кетеріп алып, ақ үй тігіп қонақ етіпті. Енді жас
жігіт бай ауылда бір күн жатыпты, екі күн жатыпты. Үшінші күні күтуші,
даяшылардан ертең жолға шығатын райларын таныт-қанда, Жомарт келіпті.
— Бұйымдарыңды кетерде емес, келген бойда сұрайтын аса қадірлі
қонақтарымсыздар. Бірақ, көмейлеріңді ішім сезіп тұрып, келмей жатып
сырларыңды айтқызып алмайын, қысылып-қымтырылмай қонақ бола
тұрсын
дедім. Сонымен Мəтекең келінін қай шамада алып кетем деп отыр? —
дегені.
Пəтшəйым бұл ауылға сүйтіп келген. Жомарт бұлардың бұйымтайын
айтқызбай орындады. Бұлар Садырларға қыздарын көрместен құда түсті.
Ол
жолы қалыңдықты екеуі көре алмай қайтқан. Сөйтсе, Пəтшəйым екен. Жə,
ол
турасында Əбілқайыр мынандай кер кеткен түс түгілі замананың
тынышында
да ойына алмауға тырысатын. Жан досының, онсыз да құйрық-жалы селдір
жалғыз-жігітке құрдасының көңіліне қаяу түсе ме деп ойлайтын.
Тағдырдан
басқа ешкім жазықты емес сол бір құпияны бұған дейін мынау қара жердің
бетінде білсе, екі адам ғана білетін еді. Енді, міне, Пəтшəйым не өзі, не
өлігі
көрінбей, үшті-күйлі жоқ. Ол сырды бұдан былай Əбілқайырдың өзінен
басқа
ешкім де білмейді.
Тайлан қараң қалған жұрттың басында байыз тауып тұра алмай сенделіп
кетті. Жер ошақтың басында Пəтшəйым ұстаған көсеу аман қапты.
Пəтшəйым жақында ғана теріп əкелген тезек аман қалыпты. Баласы ойнап
жүріп осында əкеп тастаған болу керек, қынаға салып бояған төрт-бес асық
жатыр. Тайланның кешегі, жиын-тойдай дəуренінен қалған бар жұрнақ
сол...
Манадан төңірегіне қабарыта қарап, тік тұрған, қаздиып берік тұрған
Тайлан
сұлқ шөгіп отыра кетті. Шашылып жатқан су күлді жұдырықпен қойыпқойып қалды. Тайланның манадан бері буынып тұрып-тұрып, аяқ асты лық
ете қалған өкініші мен қасіретіндей көк сұр кұл бұрқ ете шапшып,
еңгезердей
батырдың жап-жалпақ бет-аузын көмді де кетті. Кешегі бейбіт тіршіліктен
қалған осы бір болмашы із оған: «Ошағың мен шаңырағыңды бақпай,
қайда
жүрсін?» — деп зірк ете қалғандай.
Əбілқайырдың екі жауырынының арасы мұздап қоя берді. Есіл досын от
басының қызығынан айырып, қасынан тастамай, кеп ерткеніне, енді, міне,
бүгін келіп өкініп тұр. Қай бір ақ тауды айырып, қара тауды қайыратын
жігіттің мына дүниеде тындырып кетер жақсы ісінің, тастап кетер жақсы
атының, қар төсеніп, мұз жастанып жүріп қалған қайратының, елге істеген,
халыққа істеген қызметінің, ағайынға, досқа істеген шапағатының жалғыз
хиуазы — өз отының басы мен өз елең төсегіндегі кемді-күн көрер қызығы
екен ғой. Енді, міне, Əбілқайыр соны да мынау Тайлан досына түгел
бұйыртпапты. Бірде жол шығыпты, бірде жорық шығыпты, бəрінде де
Тайланды тастамай, кісі шаптырып алдырыпты да отырыпты. Соның
бəріне
ол өз ошағының жылуын, өз төсегінің рақатын, өз дастарқанының
ырзығын,
əкесінің мейірімін, жарының ықыласын, тəй-тəй басқан баласының
былдырлаған тəтті тілі мен мойынына оратылған ыстық құшағын тастап
келеді екен ғой.
Əттең дүние-ай десейші. Биқасиет тіршіліктің пəтуасыз шырғалаңы қай
нəрсенің қадір-қасиетін түгел ұқтырып жатыр!
Тайлан орнынан атып тұрды. Бет-ауызын көміп кеткен кұл-тозаңды сүрткен
жоқ. Тəлтіректеп басып алақандай егістікке беттеді. Егістіктің шетіндегі
шаншулы күйінде қалып қойған күрекке барды. Күректің сабын көкірегіне
басып біраз тұрды. Сонда барып анадай жерде жайрап жатқан өліктерді
көрді. Жүгіре басып қасына барып еді, төрт-бес жоңғар ұзыннан сұлап
түсіпті. Қарақұстан тиген ауыр соққының орнына қатпарланып қан ұйып
қалыпты. Жексұрын көкала шыбындар гүж-гүж етіп шыр айналып ұшып
жүр. Бір жоңғар қос қолымен əкесінің тірсегінен ұстай құлапты. Құбыла
бет шетіндегі етпеттей жығылған Мəті би екен. Кетпені анадай жерге
ұшып кеткен. Нағілет жоңғарлар жетпістен асқан кəрі шалды қос
жауырынының арасынан найзамен шаншып өлтіріпті. Кəрі батыр өлер
алдында біраз жағаласты салса керек. Айналасы қорс болып қалыпты.
Қасындағы жайрап жатқан төрт-бес өліктің ажалдарын диқан шалдың қара
кетпенінен тапқан түрлері бар. Жарықтық сексенге аяқ басқанмен
жастығын
ала өліпті.
Тайлан əкесінің қасына барып жер тізерлеп, етпеттей құлаған мүрдені
шалқасынан аударды. Сол баяғы Мəтекең. Жүзінде өкініш те, ашу да жоқ.
Өмір шіркіннің бір күні дəл осылай жер қаптырып кетерін алдын ала біліп
қойған кісідей, жайбарақат жатыр. Жығылғанда ауызын бірдеңеге ұрып
алса
керек, сақалына қан ұйыпты. «Ə, келдіңдер ме»,— дегендей əлі ашық
жатқан
нұрсыз ала көздері телміре қарайды. Ешкімге, ештеңеге реніші жоқ
жайбарақат жүз. Егер бұған оған əлі жан тапсыра қоймаған кезінде жетсе
де:
«Əй, қарақтарым-ай, əлдеқашан айтпап па едім», — деп өкпе-назсыз
жөнеле
беретіндей.
Əбілқайыр Тайланның қарсы алдына барып отырып, кəрі бидің көзін өз
қолымен жапты. Ішінен қатты күйзеліп толғанып отыр. Иə, Мəтеке, сен
əлдеқашан айтқансың. Айттың Мəтеке, айттың, Сен баяғыда-ақ айтқансың.
Алқалы жиынның төрінен тұрып кеткенде-ақ, сен күндердің күнінде
осылай
боларын айтып кеткенсің. Сен мынау елсіз, оңаша бұлақтың басына қонып
алып жеті атаң, жеті бабаң істемеген кəсіпті қуып, жер шұқып кеткенде де
қазақтың қатты ойланатын уақыты əлдеқашан келгенін, олардың бұрынғы
атжалы, түйенін қомы болған, дəуреніне көнбіс уақыт бұдан əрі көне
бермейтінін айтып баққансың. Тəуке өліп, күллі қазақтың сақал-мұртынан
жас тамып тұрғанда: «Таққа ие табылмайды деп жылап тұрсыңдар ма, жоқ,
елге ие табылмайды деп жылап тұрсыңдар ма?» — деп сұраған да жалғыз
сен
едің. Болат таққа отырып, жұрт ханталапайға аттанып жатқанда: «Жақсы
хан
таққа мінсе, өзі талапайға түсер, жаман хан таққа отырса, елі талапайға
түсер.
Осы немеңді бала кезінен білетін едім, тоңқаңдап жырадан шықпаушы еді,
көк төбенің басына шығып, белін көтере түріп, бетін желге бұрып шабына
қарап түзге отырғанын бір кəрмеп едім. Иə, жасық шығар. Иə, пасық
шығар.
Қайсысы болғанда да, айдарларыңнан жел есе қоймас», — деп анықтап
айтқан да жалғыз сен едің. Сен айтқансың, бəрін айтқансың. Тап осы
жуырда
ғана, биылғы көктемнің сылайынан шошып, ел-жұртқа: «Арғымақ пен
азаматқа абай болсын!» — деп сəлем салған да сен болатынсың. Бірақ
оныңды қай қазақ құлағына іліпті! Міне, бос белбеу отырып боқ басында
жайрап қалдық. Оны жəне əркім өзінен көрмей, біреу біреуден көреді. Бұл
да,
міне, Түркістанның көк сарайында көлбеп жатып ап, күні-түні ұйқы соққан
Болаттан көріп тұрған жоқ па! Иə, иə, өзі айтсыншы! Ақылды бір кісіге
айтсаң, осыған айтып ең ғой. Басқаны қойғанда, сол айтқаныңды осының
өзі
түгел орындап па екен? Қайдан! Бұл əлі баяғысынша шетке қашып, оңаша
күрсінгеннен əрі аса алмай жүр. Сырттай кіжінгені болмаса, бел буып
шайқасқа шыққан жер жоқ. Əлі күнге əліптің артын бағулы. Əліптің, арты,
міне, — жайрап жатқан өзің, жайрап жатқан елің. Жол басшың қызыл түлкі
болсын деп ең бұл түлкілікті, айлакерлікті, бұта көрсе, бұға беру деп
түсініпті. Бұл бұқпақтап жүргенде жол бастаушы қызыл түлкісі қан
жалаған
қызыл қаншыққа айналыпты. Баяғыда Пəтшəйым екеуіңе келіп, шəй ішіп
кеткенінен бері ол көзіне көрінбеп еді. Кеше көрді. Сұғындықтың асуында
көрді. Бататын күн болып, қарсы алдына кеп, қара аңғардың кемерінен аса
тасып аққан қара қошқыл қанды шылп-шылп жалап тұр екен. Бұған қарап
үшкір тұмсығын көкке көтеріп, қызыл тілін салақтатып құйрығын
бұлғағандай болды. Оның не сұмдық екенін бір алла білсін! Бірақ, кешеден
бері көріп келе жатқанынан асқан не сұмдық болатын еді. Иə, бұдан асқан
сұмдық бар дейсің бе...
Мəті ақсақал бəрін естіп, бəрін түсініп, бірақ не деп тіл қатарын білмей, екі
көзін тарс жұмып ойланып жатқандай. Тайлан мен Əбілқайыр оның мынау
өліп жатқанда да ой шырмауынан шыға алмаған əжімді жүзіне, ашу-кексіз
кешірімді келбетіне аңтарыла қарап біраз отырды. Сосын орындарынан
тұрып, құбыла бет-тен қос құлаш жер қазып, шайқаста шəһит болған кəрі
батырды киімшең күйі қара жердің қойынына беріп, үстіне жығылған
нардай
үлкен қызыл төмпек үйді. Ажалы жеткенше қолынан тастамаған соңғы
қаруы
балшық пен қан қабаттаса жұққан қара кетпенді басына сайғақ қып
шанышты. Дəу төмпешіктің үстіне ұшын шығысқа қаратып жез масақты
сұр
жебе тасталды. Бұл марқұмның кегін қуған кісі жауын осы жақтан іздесін
деген нысана нышан...
Айғыр топ қол құбылаға жығылып намаз оқыды. Жұрт жапа-тармағай
атына
мініп жатқанда да Əбілқайыр ұзынынан сұлаған Қызылжал төмпектің
қасында тұрды. Бұрын жандыдағы жалғыз пірім осы бір қайсар қара шал
деп
ойлаушы еді. Енді жер бетінде ол да жоқ, жалғыз қалды. Бұрын ол ой деп
аталатын шалқар мұхитта көз ұшындағы осы бір жалғыз қалтырамас
қайсар
желкеннің қарасын бағып, қуалай жүзуші еді. Енді, міне, ол да тұңғиыққа
батып, бұл əр күні жел əр тараптан шығып, ағыны мен толқыны əр қилы
аунап, əр қилы шалқыған сол бір қатерлі ағында қалтаңдаған жаңқа қайық
мініп жалғыз қалды. Бұрын өз ой аңғарының дұрыс-бұрысын осы бір қиқар
қара шалдың қитұрқы лебізіне қарап бағыттаушы еді, енді оның өз
көкірегінен басқа сенері жоқ. Шын жалғыздық деген осы екен ғой! Енді
мұның серігі ойда жоқта тап болып, ойда жоқта ұғысқан аты халық
ауызында
қалар кəрі бидің бұлыңғыр елесі мен заман өткен сайын орынды, заман
өткен
сайын ұғынықты бола түсер азын-аулақ лебіздері ғана... Соңғы бір
келгенінде: «Алаштың талағының биті, көкірегінің көзі бар азаматының
қатарынан озбаққа ұмтылған жақсы. Ондай жігіт бойкүйездік жасаса,
өзінің
де, елінің де бағын байлайды. Ал, қолының ебі болғанмен көкірегі соқыр
пысықайлардың төрге шапшығаны бақыт емес, тақсірет. Сорлатқанда
біздің
қазақтың жақсысы бойкүйез, жаманы өлермен келеді», — деп еді. Оны енді
ұғып тұр. Сөйтсе, бұған айтқан бопсасы екен. Жоқ, бұдан əрі бұғып жүре
бермес, не де болса, ақыр түбі бір жарып шығар.
Көсегенің көк жолындағы жаңадан түскен жалғыз төмпектен елдің ең соңы
боп аттанған Əбілқайыр еді.
Ол орнынан тұрса, Тайлан атын жетектеп манағы күлдің басына қайта
барыпты. Үюлі тезек пен күл арасында сенделіп жүрді де қойды. Еңкейсе
— темір қазық. Қасында бірдеңе бұлтияды. Қазса — темір таба. Ашса —
ішінде
сап-сары таба нан. Шетінен біреу бір тістепті. Пəтшəйімнің өзі ғой. Тірі
болды ғой, Тайлан таба нанды қойынына тығып, атына мініп, қолдан
бөлініп
жалғыз кетті.
Сосын... Сосын не болсын... Бір шырғалаң басталды да кетті. Əбілқайырлар
ат үстінен түскен жоқ. Апталап шайқасты. Бір женді, бір жеңілді. Бəрібір
шыққан пəтуа жоқ. Дүниенің төрт бұрышын сықсия баққан сығыр жау
қазақтарды қапыда қалдырды. Сəуірдің жарқырап атқан жақсы таңында
Боралдай өзенінін бойында Үлкен Тұра тауының қасында бір алқапты бір
өзі
толтырып тəтті ұйқыда жатқан садыр Жомарттың ауылына жау шапты.
Оны
əуелі түзге шыққан бір кемпір көріпті. Өзеннің аңғарынан бұқпақтап
шығып
қалған жоңғарды таң атқанша қыз ойнақ салып, енді ауылға қайтып келе
жатқан осы ауылдың көп бозбалаларының бірі деп қалса керек.
— Тəйт əрі, мына көргенсіз қайтеді ей. Түзге отырған адамның алдынан
жүре ме екен. Жарымағыр осыдан көзіңе теріскен шығып жүрсе, өз обалың
өзіңе! — деп бажылдайды.
Бірақ, сай бойынан шығып келе жатқан «жары-мағырдың» оған құлақ асар
түрі жоқ, емпеңдеп тартып келеді дейді. «Мынау бір көзіне қарайған неме
екен», — деп ойлаған кемпір орынынан атып тұрып, «ойбайлап» ауылға
қашады. Шет жақтағы үйлерден сыртқа атып шыға келгендерге, бейшара
кемпір: «Бұ заманның еркегіне не болған? Сайға таман барып, дəретке енді
отыра беріп ем. Мына бір шешек шыққырдың тарпа бас салғаны», — деп
ауылды басына көтеріп келе жатыр дейді. Ал, үйден жүгіре шыққандар
түзге
отыруға барған кемпірді қуып келе жатқан көрсе басарды емес, ауылды үш
жағынан иретіле орағытып жатқан өзен аңғарынан бірінен соң бірі қаздай
тізіліп атып шығып жатқан түстері суық бейтаныс еркектерді көріпті.
— Ойбай! Жау! Жау шапты! — деп айқай салыпты сыртқа атып шыққан
кісілер.
Сөйтсе, ауылдан бір де бір ат табылмапты. Бəрі жайылыста екен.
Ыңыранған
бай ауылы ұйқы-тұйқы болыпты да қалыпты. Көп ойбай, көп айқай. Құр
ойбай, құр айқай. Сегіз қанат ақ орданың қақ төрінде манаурап жатқан
Жомарт орынынан атып тұрып, кереге басындағы көк найзасы мен
қылышын
қолына ұстап, көйлек-дамбалшаң сыртқа жүгіре шығыпты. Жан-жақта
жөңкілген дүрбелең. Есі кеткен халық анадайда аңырайып тұрған Үлкен
Тұра
мен Кіші Тұра — егіз таудың арасындағы қара аңғарға қарай босып барады
дейді. Қара аңғарға тығылып қайдан құтылсын, алдарынан анталаған жау
тағы шыға келіпті. Сүйтсе, қаскөй дұшпан көп əскерін сонда қалдырып,
ұйқыдағы ауылды үркітуге азғантай тобын жіберген екен. Сай бойындағы
сатыр-сүтыр сайыс көпке созылмапты. Бейхабар отырған ауылдың еркек
кіндігі сəскеге дейін түгел жер құшыпты.
Сəске тұсында жоңғарлар қараң қалған ауылдың қатын-баласын қиқулатып
қамап қойып, сай табанында отырып тамақтанып алыпты. Сосын қатынбалаларды қойдай тізіп, ертең жесір мен жетім қып алдарына сап айдап
кететіндерін сұрыптай бастаған екен, бір тайшы кеп:
— Жетім мен жесір алда да жеткілікті. Қатын-қызының ең сұлуын
алындар.
Балалардың ішінде қазақтың белгілі батырларының төлі болса ғана
алыңдар!
— депті.
Содан он шақты қыз-келіншек пен төрт-бес бала ғана іріктеліп алыныпты.
Қалғандары сары масадай жабылған сай кез оққа жем болыпты.
Дəл сол күні дəл осындай оқиға найман Бөрте батырдың да ауылында
болыпты.
Осылай басталған топалаң қаулады да жүре берді. Қаратаудың теріскейінің
үш қаласы алдымен күйреді. Енді Боралдай, Бадам, Қошқар ата, Арыс
бойындағы ауылдар талапайға үшырай бастады. Қапыда тап болған жаудың
хабарын кеш естіп асығыс атқа қонған қазақ қолдары өліспей-беріспей
жанталаса шайқасса да, жау екпінін тойтара алмады, не бір қиын
шатқалдардың ішінде, не бір жіңішке өткелдердің ауызында, Иқан,
Түркістан, Қарнақ, Шорнақ, Сауран, Жөлек түбінде босқа жайрап қалды.
Ол
күндер қазақтардың көкіректері ояу қарияларының баяғыдан қақсап айтып
келе жатқан ақыр заманының орнаған күні болды. Жан-жағың жайраған
өлік.
Арасында əлдеқайда зытып келе жатқан босқын елдің сіңірі шыққан қызыл
сирағы. Мал жауда қалды. Бірінен-бірі адасқан жұрт. Ұлы жүз бен Орта
жүздің найман, қоңыраты жол-жөнекей Сырдария бойындағы екі Ала
көлдің
екеуінің де жағасын өлікке толтырып Бұқараға құлады. Орта жүздің
арғыны
мен қыпшағы ақ шаңытты толарсақтан кешіп, ақ табан боп Торғай бойына
тұмсық іліктірді. Кіші жүздің ұлан-асыр көші басын тауға бір, ойға бір
соғып,
Сауранды бір айналғанда үш айналып, Қызыл құмның қалыңын кешіп,
Хиуаның бойына тартты. Қызыл шағылды толарсақтан кешкен аш,
жалаңаш... Ақай-жылау... Жұрттың үсті елбе-селбе... Бет-ауыздарын айғызайғыз шаң көміп, екі көзі зорға жылтырайтын қалтақ-құлтақ мүскіндерді
көргенде, əу баста топырақтан жаратылсақ, жаратыдған шығармыз деп
ойлайсың. Аш пақырлардың жата қалып құм аса десең құм асайтын түрлері
бар. Шөп басында пісіп тұрған дəннен ештеңе қалмады. Су көрінсе
жағасына
жайғасып ап, бақыраш толтырып шөп қайнатып отырған бір адам. Екі-үш
қайнатып, ашуын кетіріп, шайнасаң шағыр екеш шағырдың да ас
болатынын
ол сонда көрген. Алғидың тамыры, жау-жұмырдың түбі сораңның басын
Қоңыраттың ақ жүгерісі ме деп қаласың. Құмаршықтың талқанына хан
болмаса, қараның қолы жетпейді. Бұрын еріккен балалар қазатын қоян
тобық,
көсік, мондалақты енді таласып-тармасып сақалдары сапсиған үлкендер
қазады. Күні кешегі ақ сəлделі ақсақалдардың шарта жүгініп ап, көсіктің
түбін аршып жатқандары. Бұғының мүйізіндей шаңбақтанып өскен көк
тарамыс шөптің ең ұзын тармағы қарап тұрған жаққа біреу жоласа, «Кет,
əрі
жүр, менің қазып жатқан көсігімнің жұбайын қазып қоясың», — деп
байбалам салады. Тақыр көрінсе еңгезердей еркектер атынан түсе қалып,
қынындағы қанжарын суырып алып, тамыры жарты құлашқа дейін
тереңдеп
кете беретін қоян тобыққа шап береді. Індігеш кезіксе, біреуі түтін салып,
қалғандары жер жұтқыр жəндік қай арадан қашып іпығар екен деп, екі
көздері төрт болып торып отырғандары. Анада көктем басында күбідей
болып семіріп алған мақұлықтардан үрерге ит қалмай барады. Бұрын
аяғыңның астына кеп оратыла кететін жəреуке немелер қазір адам көрсе,
жер
түбінен безе жөнеледі. Мынау көзіне не түссе де, ұстап алып құзғын
құрсақтарынан бірақ шығаратын екі аяқты жебірлердің жолында тұрмайық
деп ай даланың аңы екеш аңы безіп кеткен. Бұл қара нөпір жолында тұрса,
жолбарыс пен арыстанды да ұстап алып тірілей үйтіп асап салудан
тайынатын түрі жоқ. Жылан екеш жыланның етінің де майы қалқыған тəтті
сорпасы болатынын жұрт сол жылы білген. Құрт ауыруға борсықтың
майының ем екенін, өкпенің қағындысына сары үйек жыланның
сорпасының
ем екенін, мысқыл жараны ыссылай тартқан күшік етінің былауы қағып
түсетінін, белдің құяңын құмырсқаға таланып кетіруге болатынын қазақ
сол
жылдары ұққан. Ол сүмырай жылдары жұрт не сүмдықты біліп, не
сүмдықты
істемеді дейсің. Тіпті көш сайын ақсақалдарға ертелі-кеш бесіктегі
кішкене балаларды түгендеп отыруға тура келген тұстар да болды. «Арпа,
бидай — ас екен, алтын, күміс — тас екен», — дейтін мақал да сол
жылдары
шыққан.
Құламаның құла шөлінде өлгендері өліп, жеткендері жетіп шұбырынды
халықтың алды барып, Хиуаға құлады. Хиуалықтар əуелі көрместі көріп,
келе жатқан көп шұбырындыға қолдарынан келгенше қайыр-патихасын
берді. Бірақ, бір емес, он емес, жүз емес, мыңдаған қайыршыға қайырпатиханы қайдан тауып бере берсін. Көп үзамай мынау көшпенді
шұбырындылардан азар да безер боп, қашатынды шығарды. Тас дуалға
қамалып ап есіктерін ашпайды. Оған қараған көшпенділер бар ма, барып
алып базарларын талады. Егінжайға, бақшаларына түсті. Жайылып жүрген
малдары көзапара қызыл қуырдақ боп кетті. Енді хиуалықтар сыртқа есек
екеш есегін шығармайтын күйге жетті. Сөйтіп өздері біреуден таяқ жеп
қашып келе жатқан қалың босқыншы келе-келе басқыншыға айналды.
Қараптан-қарап тал түсте таланып хиуалықтарды қара басып па! Сол
жылдары талай қазақтың кəллəсін сүр мойнақ мінген жəуміт жігіттерінің
қайқы қылышы қақшыған-ды. Сөйтіп қазақ пен түрікпеннің арасына да
қара
мысық жүгірді.
Əй, ол жылдары несін айтасың. Ақтабан шұбырындының сұрқиясы мен
сұмдығын айтып тауыса алармысың! Əбілқайыр бүгінде сол бір көп
сұмдықты көз алдына елестетуге дəті шыдамайды. Есіне ол түсті-ақ төбе
құйқасы шымырлап қоя береді. Бірақ бір нəрсені ғана ойына алмай тұра
алмайды. Ол баяғы Көсегенің көк жонында қалған жаңғыз мола...
Шалқасынан түсіп, көзін жұмып ойға батып жатқан Мəті. Сонда оның
басында іштей егіліп отырып ойлаған ойлары. «Көкірегінің көзі ашық,
талағының биті бар азаматтардың бойкүйез болғаны өзінін де, халқының да
соры...» «Тірі жүрсем ақыры бір жарып шығам...» «Ендігі халқыңның жол
бастаушысы — жолбарыс та, бəрі де емес, қызыл түлкі...» «Қызыл түлкінің
бір ауық құрт-құмырсқаға айналып, қайтадан қалпына түскені
болашағынан
əлі үмітін үзбегені шығар...» Құлағына жарыса жаңғырығып тұрған осы
сөздер оның мынау адасапыранда жүріп, беталды құладүзге қаңғып келе
жатқан өз жұртының осынша талайсыз болғанына күйініп, əбден
мұқап-мүжіліп болған жігерін қайта қайрағандай...
Шынында да, қазақ деп аталатын халықтың мынау ұлан байтақ кеңістіктен
өз
орынын, өз салмағын, өз қадірін таба алмай, тани алмай осы тозып кеткені
кеткені ме екен? Қай жақтан күшті жел соқса, соның ығына домалай берер
қайраңсыздықтан енді қайтып құтыла алмайтын болғаны ма? Оның ендігі
тағдыры көк желкеден сұғынған көк сүңгінің айтқанына көніп, айдағанына
жүру ме? Енді ол өз тізгініне өзі ие болудан мəңгі-бақи қалып, осылай жел
қуған қаңбақтай жұртқа желкелетумен өткені ме? Жоқ, табан тіреп, бір
тоқтамға бекініп, кер заманның кергісіне көне бермей, аруаң шақырып,
айбын көрсетер күні болар ма екен! Мынау кім көрінген кемсіткен
«майтымақ», «бұратана», «көшпенді», «босқыншы», «қаңғырма», «қой
соңындағы қой» аттарынан құтылып қайтадан «қазақ», «қазекем» атанар
күні
туар ма екен? Жан-жағынан қыспаққа алып, арлан қасқырлардай анталап
тұрған аран ауыздардан азуларында жаншылып, өңештерінен өтіп кетпей,
құрт-құмырсқа екеш құрт-құмырсқаға да орынын тауып, ырзығын айырып,
жайбарақат күн кешіп жатқан кең байтақ қара жердің бетінде олар да жұрт
қатарлы бастары қарайып жүре алар ма екен?
Ақтабан шұбырындының ала шаңытына ұрынып, басына күн туған
бейшара
халық, кім біліпті, күндердің күнінде есін біліп, етегін де жинар. Баяғы бір
өңі екені, түсі екені белгісіз қызыл түлкі көз алдында құрт-құмырсқаға
айналып кеткенмен артынан топыраққа бір аунап тұрып қайтадан қалпына
түсіп еді ғой. Кім біліпті, қазақтың да бұл біржола құрығаны емес, қапысын
тапқан аяр жаудың аяусыз жер соқтырғаны ғана шығар. Жүртыңды жөнге
бастар болсаң, суырылып алға шығар түсың осы! Тұрғыластарыңнан
тұрқың
озық екені рас болса, көрінетін тұсың осы! Бойыңды сарысудай сарыуайым
ғана жайлап алмай, бір мысқал тəуекел қалса, оны ат қып ерттеп мінер
кезің
осы!
Əбілқайыр ойға шомды-ақ, əлдебір сиқыр дауыс намысын шабақтап,
құлағына қайдағы-жайдағыны құяды да жатады.
Ал тəуекеліне мінсін делік... Сонда не істеп, не тындыра алады? Хиуаның
өзбегі мен түрікпені көздеріне шұқып сыйғызар емес. Баяғыда бес қаруы
белдерінде, қайраттары бойларында отырған шағында осы бір екі
шағылдың
ығында тығылып отырып-ақ қарыны тоқ, киімі бүтін, құлағы тыныш
хандықтарды мойын ұсынтып көндіре алмапты. Бақса, ертелі-кеш жер
ұшық
жасағандай жығылып-тұрып тоңқаңдап жүрер біраз диханды қол астында
ұстағанның пайдасы болмаса, зияны жоқ екен ғой. Қап, бəлем, осыдан
естерін бір жинап алса, бір етегін сонау Сарыарқаның салқын дөңіне қарай
созса, екінші етегін мынау лайытып аққан екі дарияның бойына қарай
созарау. Сонда, міне, қазіргідей тандыр жауып жатқан ала шекпеннің қасына
барып алақан жайып, көзін сатып тұрмас едің, əлпештеп баққан ару
қызынды
кəудіреген кəрі шалға бір қап арпаға беріп, обалына қалмас едің... Оның
бəрі
— мəңгінің қиялы. Қазір, мына қазір қайтпек керек. Тентіренді жұртың
бұдан
əрі тентірей берсе, несі қалады? Жоқ, қазақтарға, əйтеуір, бір тізгін тежер
жер
керек болса, ол осы ара, осы түс...
Хан сөйтіп өз ойымен өзі пұшайман болып жүрген-ді. Бір күні сары бесінде
атының сауырын ақ көбікке былғап, екі езуі екі құлағына жетіп, тама
Есеттің
шабарманы келсін. Əбден зəрезап болып қалған Əбілқайырдың жүрегі,
қапелімде, тағы бір ойнақшып қалды. Аралдың арғы басына өтіп алып, оң
бүйірін башқұртқа, сол бүйірін түрікпенге, қақ маңдайын торғауыт
қалмақтарға қаратып, алшая қонып алған Адай, Тама, Табын ауылдарының
өздерінің іргесінде де тыныштық жоқ еді, өздерінің өзгелерге де тыныштық
көрсетіп отырғаны шамалы еді. Сүйтіп түске дейін «алақайлап», түс қайта
«ойбайлап» қала беретін алмағайып кезде кесепаттың қайдан келедісі бар
ма!
Басына құс қондырып алғандай тымағы жалпылдап екі етек болып келе
жатқан шабарман, сау болғыр, əйтеуір, анадайдан «Сүйінші!» «Сүйінші!»
деп
айқайлағаны.
— Иə, не қуаныш!
— Батырдың қатыны ұл тапты!
— Бауы берік болсын!
Жер түбінен шауып келген хабаршысының əлі күнге екі езуін жиып үлгере
алмай тұрғанына қарағанда, батыр бөркін аспанға атып жатқан сияқты.
Бармай болмайды екен...
— Тағы кімдерге хабар кетті?
— Бөкенбайға, Батырға, Төлебайға, Байсауға, Сырлыбайға, Шоланға,
Есенқұлға, Жаулыбайға, Сабытайға — қойшы, хан-ием, құлағыңызды
ауыртып не қылайын, əйтеуір Жанарыстың етегін жауып жүрген біздерміз
дейтіннің бəріне...
Хан қасына нөкерін ертіп Аралдың күн батыс бетіндегі теңізге еміне кірген
бір қара түбекте отырған Көкінің Есетінің ауылына тартты. Шілде енді
басылған, бірақ, сүмбіле əлі туа қоймаған, күннің сүйек балқытар сартап
қызуының əлі қайратында тұрған шағы еді. Əбілқайыр тобы ай далада
жалғыз жайылған нар түйедей бір сөңкиген биіктің басына шығып күн
шалып, айналаға көз тастауға тоқтаған-ды. Күн асты шаңытқандай болды.
Жел жоқ тымық алқапта шарбыдай ұйысып тұрып алған түбіттей түтілген
шүйке тозаңның күн батыс құйрығы бірте-бірте ұзара түскен сияқты.
Сүйтсе
бір қашқан құландай түйдек топ күн батысты бетке алып суыт жөңкіліп
барады екен.
— Анау не? Аң ба, жүргінші ме?
— Қараптан-қарап жөңкіле қашып, аңға не бопты?
Жүргінші шығар.
Биік шоқының басындағы қалың қарайғанның қаптағайлап ойға құлағанын
көргесін шүйе тозаң одан сайын зымырай түсті. Хан төрт-бес жігітті
жұмсап:
— Анау не шаң екен, біліңдерші, — деді.
Жалаңдаған жас жігіттер аттарына қамшы басты.
Қалаған топ сар желіспен соңдарына түсті. Бір қыр асқанша қолдарын
бұлғалақтап, бейбіт жүргінші екендерін, хабарласқылары келетінін білдіріп
еді. Көз ұшындағы шүйке тозаң, көрсе де, көрмеген болып қайырылмай
тарта
берді.
Бірер қыр асқасын қуғыншы жігіттер де аттарын ақ тер, көк тер қып
қайтып
оралды.
— Жеткізбей кетті. Жақындап барып: «Тоқтаңдар, хабарласа кетіңдер!» —
деп айқай да салдық. Тоқтамады.
— Сықпыттары қандай өздерінің?
— Анық білмедік. Жетектерінде бос аттары бар. Бəрі де баран сияқтанды.
Шамасы терге батып келе жатса керек. Алыстан шыққан жүргіншілер
болмаса қайтсын!
— Қол деуге шағын сияқты. Əрі жүрісі тым суыт көрінді.
— Ендеше, не елші, не жаушы шығар.
— Елшілік болса, ерткен керуені, қарақұрым нөкері болмай ма?
Əбілқайыр сонау күнбатыс жақ белдерге сіңіп жатқан сұрғылт мұнарға
біраз
қарап келе жатты да:
— Жарайды, Есет күтіп қалар, жолдан қалмайық, — деді.
Күн кешкіре қара түбекте отырған Есеттің ауылы да көрінді. Батыр былтыр
Қарағантүпті шапқанда, түрікпеннің бір бегінің он бес жасар қызын тартып
алып келіпті деуші еді. Шамасы, сол босанып жатқан шығар деп еді.
Шынында да солай екен.
Есет батыр жаңа босанған Жұмабибі сұлуды қүндыз ішікпен қымтап,
ортадағы лаулап тұрған отқа кесек-кесек шарбы май лақтырып:
— Ақ түйенің қарны жарылды! Ақ түйенің қарны жарылды! — деп
алақанын шапақтап отыр екен. «Хан келеді!» хабарды естіп сыртқа
шығыпты.
Сол екі арада түйдек-түйдек шаң əр тұстан да жиілей берді.
Жанарыс балалары аранға қамап аулап алған құланның қызыл қуырдағына
белшесінен бөгіп отырған Есеттің ауылында екі күн жатты. Əуелі жаңа
туған
жас нəрестеге ат қойылды. Шешесі құланның етіне талғаған торсық шеке
ұлдың аты Құланды болды. Өйткені ол туған қара түбек Құланды аталатын
еді.
Той иесінің көңілін сонымен аулап ұлгерген үлкен жиын енді ел жайын
замана сылайына ауысты. Манағы бір суыт жөңкіген тозаңды жол-жөнекей
басқа ауылдардан келе жатқандар да көріпті. Бөкенбайдың жігіттері қуып
жетіп, жөн сүрасса Аюкенің елшісі Саған Мəжі болып шығыпты.
Əрине, ол сығыр мынандай ала топалаңның тұсында бекерге қүйындатып
жүрген жоқ. Бұл сапарында да бір гəп бар.
Есет батырдың дастарханында қолдарына бір-бір жілік үстаған игі
жақсылар
сол жұмбақтың шешуін таба алмай бастары қатты. Бəрінің көңілдерінде де
құлақтары қалқиып бастары қатты. Оны айтуға əуелі Əбіл-қайырдың
көмейін
біліп алғылары келеді.
— Мына жақтан Сыбан Раптан құтырғасын енді мына жақтан Аюке
қозғалайын деп журмесін. Байластырған шоқайдан бұл екі ит біреуі
ырылдағанда екіншісі неғып тыныш жатсын, — деді Бөкенбай, «сен не
дейсің» — дегендей Əбілқайыр жаққа аңтарыла қарап.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Үркер - 22
  • Büleklär
  • Үркер - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4121
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2352
    31.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2451
    30.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4245
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2382
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4142
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2445
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2500
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4124
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2467
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4125
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2303
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4196
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2478
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4193
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4120
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2402
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4105
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2551
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4088
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2402
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4140
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2407
    29.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4131
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2448
    31.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4029
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    31.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4107
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2359
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2309
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4221
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2399
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4181
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2301
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4125
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2364
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2359
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4208
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2254
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4128
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4026
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 4056
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2328
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 4188
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2313
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 4143
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2255
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2286
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 4184
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 4140
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2188
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 4074
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2265
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 4218
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 36
    Süzlärneñ gomumi sanı 4121
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2414
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 37
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2329
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 38
    Süzlärneñ gomumi sanı 4095
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2341
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 39
    Süzlärneñ gomumi sanı 4153
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2359
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 40
    Süzlärneñ gomumi sanı 4268
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2254
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 41
    Süzlärneñ gomumi sanı 4131
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2282
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 42
    Süzlärneñ gomumi sanı 4177
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2403
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 43
    Süzlärneñ gomumi sanı 4027
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 44
    Süzlärneñ gomumi sanı 4186
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2366
    31.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 45
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2265
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 46
    Süzlärneñ gomumi sanı 3837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.