Latin Common Turkic

Үркер - 11

Süzlärneñ gomumi sanı 4105
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2551
28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
42.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
қонатынын ойлап қояды. Хан орда сол Қарақоғаға қонады. Маңтөбенің
ығы мен шуағы мол күнгей бауырына, хан ордадан қарасын көріп
отыратындай жерге ақ патшаның елшілігі жайғасады. Маңтөбенің өз
бауырына сол сый қосыннан басқа ештеңе жолатпайды. Қалған ауылдар
айдаладан көзіңді шұқып тұрған айқай төбені шыр айнала қоршап сонау
төменге, тегістікке орналасады. Сонда елшілікті тек төбенің ұшар
басында күні-түні көз ілмей қарауыл қарап тұратын сақшылар ғана емес,
бүкіл ауыл түгел күзетіп отырады.
Өйтпей бола ма!.. Жұрт арасынан не шықпайды дейсің! Қымыздың буы
мен қыздырма əңгіменің желіне ылығып, ақ патшаның елшісіне қараулық
ойлап жүрер əулекі біреулер табылып жатса, қапы қалмастай боп абай
отырған жөн ғой...
Рысбайдың аман-есен оралғанын сылтауратьш хабар білуге келгендерден
сыр тартып көріп еді, жан-жағының бəрі құлақтары түрік отырған сыңай
танытты. Əзір іш алдыра қоймағанмен, көбі əліптің артын бағулы.
Əсіресе, келе жатқан елшінің жөн-жосығын көп сұрайды. Ноғай
мырзасы дегенде таңданысып қалды. Əскер адамы екенін Əбілқайыр
əдейі айтқызбай қойды. Елшіліктің жай-жапсарын жұрт түгел біліп
қоймасын деп, Рысбайға еріп келген башқұрттарды көп кідіртпей кері
қайтарды. Қастарына ертіп жіберген қайын атасы Сүйіндік батырға
оларды жол-жөнекей ауылдарға соқтырма, ешқайда аялдама деп қайтақайта ескертіп бақты. Елшілік қашан төбеден түскендей боп сарт ете
қалғанша, оның ішінде кімдер бар екенін, қандай адамдар екенін ешкім
білмей-ақ қойсын. Келе жатқан елшінің қасында қару асынған суық қол
барын естісе, кім біліпті, үрегей жағы үрейі ұшып, бұл төңіректен
өкшесін біржола көтеріп, беті ауған жаққа безіп кетер, əулекі жағы
қылыштарын қайрап, найзаларын сайлап, жол торып пəле қылар. Ең
дұрысы, қыбыр-жыбырсыз отыра алмайтын жұрт арасына: «Ақ
патшаның бізге деген пиғылының түзулігі сондай, елші қып қазақшаға
судай, өзіміздің мұсылман мырзаны жіберіпті. Жарықтық діндар неме
көрінеді. Алты айшылық жол үстінде де бес рет намазын бір де бір рет
қаза қылмапты. Ақ патшаның алтын тағының құбыла бетіне
жəйнамазын жайып тастап, құранды судырата жөнелгенде діні бөлек
патшаның өзі ұйып қалатын көрінеді. Уфаның мешітінде ораза
намазымды оқып аттанамын деп, айт пен шекті күтіп қалып қойыпты», –
деп қаңқу таратқан.
Қазір жал-жалдың басында айналаға елеңдеп отырған құр құлақ
ауылдардың ауыздары жалпылдап айтпай жатқаны жоқ көрінеді. Көбі
хан ауылынан құлақтары шалған азғантай естіміштерін көпіртіп айтып,
патшаның елшісін Стамбулда оқу тауысқан ғұлама, Мекедегі байтоллаға
барып, пайғамбарымның қара тасын сүйген қажы қып дабырлапты.
–Ау, сонда ақ патшаңның өзі кім болғаны?
–Кəпірдің патшасы кəпір болмай кім болушы еді?
–Ендеше, қасында ұстап жүрген хажысы не? Дағдарып қалған жұртқа азмұз кітап ақтаратындар:
– Ақ патшаның қол астында кəпірлер де, мұсылмандар да бар дейді.
Сондықтан, ақ патшаны кəпір деу күпірлік. «Патшаңды ұлағат тұт», – деп
Құранда жазылған, – деп көңілдерін бірлеп қояды.
Не де болса, бүкіл ел болып жол қарасқан жағдай бар. Сүйіндікке:
«Аузыңды қу шөппен сүрте бермей, айбынды елміз деп бар. Шалқайып та
кетпе, еңсеңді көп жыға да берме. Ақ патшаның ақ жолтай елшісіне өзіне
лайқатты құрмет көрсетіледі де. Ханның үлкен ұлы бес жүз кісімен бір
апталық жерден алдынан шығып тосып тұратынын айт», – деп ескерткен.
Əбілқайырға мұндай батпан құйрық абыройды қия алмай қыстығырылып
жүрген іштарлар аз емес екен. Жарты айдан бері жағалай жабағы жығып,
ауыздарын майлап жатқан игі жақсылардың бəріне: «Ақ патшаның
елшісін ə дегеннен тіксінтіп алмай, келген еліне, жұмсаған билеушісіне
лайық қошамет көрсетейік. Алдынан Нұралыға еріп балаларың шықсын.
Өздерің ол келгенде менің ордамнан табылыңдар!» – деп қанша
қақсағанмен, сол арада олардың қай-қайсысы да: «Сөз бар ма!»,
«Мақұл!», «Əп, бəрекелде!» – деп қауқылдасқандарымен, былай шығып
ап əр қайсысының əр қилы қиялға түскен сыңайлары бар. Көпшілігі сол
кеткеннен мол кетті. Өздері де, балалары да қайтып қараларын көрсеткен
жоқ. Кейінгі кезде ат ізі тағы да сирейін деді. Ал, айтулы мерзім таяп
қалды. Не де болса, іыешінген судан тайынбас, ақырына дейін көріп
алады. Мұндай тас түйін тəуекелге бел буғалы əлдеқашан... Содан бері
ширатылып шиыршық атып келе жатқан жүйкесі құрғыр енді көбі əтіп,
азы қалғанда ши шығарып алмаса болғаны. Қазір бұрынғыдай күйіп,
піспей жайбарақат жүр. Жайбарақат жүргенмен көңіл шіркін көзіне
түскен жыра-жықпылды бір сүзіп шықпаса басы ауыратын аңшының
сумақай тазысы сияқты, қай-қайдағы қиыр мен шиырды кезе жөнеледі.
Қайта сонысы жақсы. Ол, əйтеуір, көкжиекке «апырай, ə» деп қараған
сайын, жүрегіңнің басын тікендей шағып алатын тылсым уəйімді, бір сəтке
болса да, ұмыттырады ғой. Ондайда Əбілқайыр өзінің қайда отырып,
қайда тұрғанын да есінен шығарып алады. Міне, қазір де қасындағы
қауқылдасып келе жатқан көп қошеметшінің кімдер екенін ұмытьш,
құлағына майдай жағып бара жатқан жапыр-жұпыр үнге ғана елітіп
келеді, Кім-кім үшін де мына дүниеде өзінщ істемек оиын құптаған
тілектес сөздерден жағымды не бар дейсің!
Оны баяғыдағы Қарақұм жиынында қапысыз аңғарған-ды. Сонда бір
жыл бойына төбесі көкке жеткендей боп жүрді. Қауқылдасқан дауыстар
шықса болды, қасына қарақұрым жұрт жиылса болды, жасөсріпім
жігіт екі көзінен шоқ шашырап, қапелімде, өзінің жерде тұрғанын жоқ
қанат байлап көкке көтеріліп бара жатқанын аңғара алмай қалатын.
Табанының астындағы қара жер мен тақымындағы қатқыл ер де
ертегілерде ғана айтылатын маңдайы бес елі айырықша бақытты
жандарды əлде бір ғажайып елдеріне алып ұшатын самұрық құстың
мамық қауырсынына айналып жүре беретін. Ол басына ағыл-тегіл
орнай қалған көл-көсір бақыттың желі ме, жоқ əлі дұрыстап көңіл
тоқтатып үлгере қоймаған албырт жастықтың шалығы ма – ол арасын əлі
өзі де жөндеп білмейді: сол бір күндер есіне түскенде, əліге дейін бір
бусанып қалады.
Несін айтасың, ол тұста дəурендеудей-ақ дəурендеп еді-ау! Бөкенбай
екеуі Ырғыз өңіріндегі қатқыл таусылып, шоқалақ-шоқалақ құм
басталып, ұлы шөл енді-енді күш ала бастайтын жерде аспаннан тас
жауғандай оқыр-шоқыр боп қонжиған Жаманшыңның күн батысындағы
қара ойдың қақ ортасына ерттеулі қара арғымақтай қақшия байланған
жеке шоқының маңына ұлыс-ұлыстан үсті-үстіне құйылып баққан қара
нөпір қалың қолдарды көрген сайын бір масаттанып қалатын. Олар
мынадай атой шоқыны əдейі таңдап алған-ды. Содан бері «Бөкенбай
шоқысы» атанып кеткен бұл нысана биікті бес жағынан бес жота орағыта
қоршап жататын-ды. Терістігінде – шөккен інгеннің екі тік өркешіндей
Қызыл айыр мен құбылаға қарай өңмеңдей ұмсынған қаражал
Қабанқұлақ, шығысында ойқы-шойқы Жаманшың, құбыла бетінде –
едірейе-едірейе қараған Қызылқабақ шоқылары, батысында – бұлыңғыр
мұнар ортасында көгере қарауытқан Темірастау. Құба қалмақ пен қара
қалмақтың арасындағы шұбырынды жол бұл арадан бір қиян. Осынау
далиған кең қойнау да не болып, не қойып жатқанын қашан тас
төбесінен түскенше ешкім білмейді. Қазақтардың көңілінің құртының
неге ауғанын қапелімде жоңғар да, қалмақ та сезе қоймастай. Ал енді
шартараптан қыбырлап келе жатқан қарайған болса, жағалай бес қара
жалдың көлеңке қуыс-қуысына тығылып ап аңдып жатқан шолғыншылар
мен қарауыл шоқылардың басындағы сақшылардың байқамай қалуы еш
мүмкін емес. Көрді-ақ, үстеріндегі жалпылдақ киімдерінің екі жеңін
жалп-жалп қағып, оба басынан ұша жөнелген қара құс боп белгі беріп,
ойға қарай жүгіре жөнелер-ді. Ол қақ ортадағы Бөкенбай шоқысының
басындағы сақшылардың көзіне қалай да түсер еді.
Сол-ақ екен – дабыл берілер-ді. Қара шоқының бауыр-бауырына қаздай
тізіліп тұрған қалың дауылпаз мойындарына асып алған көн
даңғыраларын дүрсілдетіп сабай жөнелгенде əлгінде ғана бесіннің сары
сағымына малынып тыныш жатқан астау ой аяқ астынан тіріліп шыға
келер-ді. Жал-жалдың, сай-сайдың таса-тасасына тығылып, дүкен
құрып, көрік басып, қорғасын балқытып, оқ-дəрі жасап, қылыш
шындап жатқан жұрт, ат ойнақ салысып, семсерлесіп, садақ атысып,
найза шаншысып, бұғалық тастасып бəсекелескен көп сарбаз əп-сəтте
жым бола қалысып, сақадай сай боп сапқа тұрады. Əлгінде ғана аузына
не түссе соны көкіп, насыбай үгіп, шақша қағысып, жағасы жайлау
жайбарақат жүрген бос белбеу жігіттер табан астында қабақтарынан қар
жауған айбынды күшке айналып шыға келеді. Иықтарындағы көк
найзаның сүңгісі, күлдір мамай, жеке ауыз, бір ауыз, қанды ауыз, жезді
ауыз, шиті, берен мылтықтардың қап-қара үңғысы, белдеріндегі көк
семсердің жарқылдақ қыны мен кіселері, үстеріндегі жалаңқат, зере,
кіреуке көк сауыттары, бастарындағы темір дулығалар мен түйенің қапқара көнінен жасалған жылтырақ жағылар ашық аспаннан айран-асыр
қарап тұрған күннің нұрынан жалт-жұлт етіп, жағалай тізіліскен қара
нөпір қалың қолдың көркіне көрік, сұсына сұс қоса түскен. Үш арыстың
əскері ру-ру, тайпа-тайпаларымен топ-топ
болып, алдарына
сардарларын салып сап түзеген. Астарында – ертең қан майданға тебініп
кіретін жаугершілік тұлпарлары, жетектерінде – екеуден-үшеуден төсекорнын, киім-кешегін, жолым үйлері мен баспаналарын артқан жорық
аттары. Бəрі де түгін тартсаң, майы шығып жылтылдап түр. Ереуілге
шақырар
керней дауысын естігілері келіп елеңдескендей
ауыздықтарымен алысып жер тарпып қояды. О жер-бұ жерден əр рудың
қыл-құйрық жалаулары желкілдейді. Əр рудың жігіттері қарларына бір
өңкей шүберек байлап алыпты. Ертеңгі аламан-асырдың үстінде бұлар
əншейін он екі жілік, бір бас арқалаған жұмыр басты пенде күндеріндегі
«пəленшекең», «түгеншекең» аттарынан айрылып, пəлен рудың жігіті,
төлен рудың жігіті атанады. Олардың көрсеткен ерлігі мен ездігін де осы
қарларына байлаған екі елі шүберектеріне қарап аңғарады. Олардың
жасаған мəрттігі бүкіл бір рулы елдің намысын қоздырып, нəмəрттігі
бүкіл бір рулы елдің сүйегіне сынық салады. Сондықтан да мынау
аламан жиынға əр рудың еркек кіндігінің ең сүлейі, қыл құйрықтысының
ең дүлділі келген. Əр рулы елдің ісмерлері мен зергерлері де өнерлерін
салып бағыпты. Жұрт мұнда қанды майдан қан қасапқа бара жатқандай
емес, ас пен тойға келгендей қызылды-жасылды жасанып келіпті.
Қазірден бастап бір жан, бір тəнге айналатын осынау бір ұлы нөпір
Əбілқайыр мен Бөкенбайдың қас қабағын қалт жібермей аңдып түр. Осы
бір тіл алғыш мыңдардың сұсы аса түскен сайын екі қолбасшының да
төбелері көкке жете түседі.
Олардың өздеріне көңілдері бітіп тұрғанын байқап, көк найзалы қалың
қолдың да көздеріндегі жылт лып-лып өрши түседі. Бейбіт жүргенде
жал-жалдың басына шашырап, əр қайсысы əр жаққа шірене түкіріп,
қаралай мардамсып, көкіректері аяқ қаптай болып жүретін бейберекет
пəтуасыз тобыр бес қаруын асынып сапқа тұрғанда айбынды елге,
асқаралы халыққа айналып шыға келген. Қараптан-қарап көңілің
босайды екен. Қазақ деген мынау аспан астын бір өзі толтыратындай
болып далиып жатқан сары дала да, сол сары далада бидайдай бытырап
бырт-бырт күйсеп жатқан ақтылы қой, көкала жылқы да, сол ақтылы
қой, көкала жылқының шетіндегі жар басына жарбия қонған киіз үйлер де
емес, міне, тап осы тепсе темір үзетіндей бұла күш, жандарын шүберекке
түйген нар тəуекел, бірін бірі айтпай ұғып, көріп, біліп отырған ынтымақ,
жан-жаққа басыңды-алып қашырмай, жұмылған жұдырықтай қып нығыз
да сергек ұстар темірдей тəртіп болса керек.
Солай екен... Темірдей тəртіп жоқ жерде көп жұрттың да, тіске ілінер
шөп көрінсе, қуалай жүгірген құзғын құрсақ мал да бір екен. Пенденің
қызыл еңештің күйтінен аса алмай тұрып адаммын деуге, азаматпын деп
алшаңдап ат мінуге, өңшең қызыл көз тобырдың басындағы бақ пен
сорды қапысыз танып, бірін-бірі кеудеден итермейтіндей болып
жанымыз-тəніміз бірге бір құбылыс, бір ұғым, бір жаратылыспыз деп
түсінбей тұрып, халықпыз деп кекірейіп кеуде қағуға қақысы жоқ екен.
Ал, бүкіл халық боп жұмылғанда қандай қарлы тау іс те ісмер қатынның
қолындағы ұршықтай шырқ үйіріліп шыға келеді екен. Əншейінде кезкелген қазақтың үйінде қашанғы қара шоқпар мен дойыр қамшыдан
басқа қару табыла бермейтін əдеті. Не балдағынан, не алмасынан кеткен
қылыштың жұрнаағы табылып жатса, оның өзін де маңдайларына
тигізеді. Оны да сонау Бұхара асып барып сатып алады, не керуен тонап
тартып алады. Мұндай құр қол халықты қаруландыру оңайға түспейді.
Бөкенбай мен Əбілқайыр Қарақұмдағы жиыннан кейін ұлыс-ұлыстан
жаубасар жігіттерді ғана емес миясар қарияларды да жинады. Оларға
сонау ойдағы Талдысайдың, желкедегі Айырқызылдың жықпылжықпылдарының арасынан қос тікті. Талдысай мен Қайыңды Ырғыздың
бойындағы ну жыныстың талын отап кестіріп, төбе-төбенің күнгей
бауырына шаштырып тастады. Қатар-қатар асылған тай қазандарға айыр
түйенің өркешін турап, шыжғырып ертіп, ыстық майға əлгі əбден қурап
дыңылдап кепкен, қапысыз ысқыланып сүргіленген тал, қайың найза
саптарды малып, қашан қара қоңыр тартқанға шейін қапысыз суарады.
Сосын қайта кептіреді. Сосын барып тиген жерін насырға
шаптыратындай қып зəрге суарылған болат сүңгі қадалады. Ертең жер
түбінен туырлықтай ұйысып көрінгенде-ақ, жау зəресін алатын көк
найзалар солай жасалады. Миясар қариялардың білмейтіні жоқ.
Қараптан-қарап азынап жел тұратын айғыр жалдардың басына шымнан
тастан қорғасын айырар, болат құяр қазандықтар жасайды, оған
қорытылмаған тастар тастап оны малдың майын, қи-тезек салып,
қатты бұта араластырып өртеп қыздырады, былқыған сұйық арнайы
тас науалармен сыз үраларға барып құйылады. Суынған соң оны тəске
тапап, сапы, селебе, жеке ауыз, қылыш соғады. Жаңа соғылған қаруды
қызыл жалынға ұстап шыңдайды, артынан не түрлі зəр қосқан сілті
сұйыққа малып суарады. Егер қолыңдағы ақ алмас өткір болсын десең –
қойдың өті мен есектің зəрін араластырып, соған суар. Неге салсаң да,
кетілмейді, кесіп түседі. Егер ылғи қанға малып алғандай қызарып
жүрсін десең – бір мысқал қызыл тотияйынды көк тотияйынның
ертіндісіне араластырып, соған малып алған теріге орап, бір тəулікке
сақтап қой: əлгінде ғана қас дұшпаныңның арам көкірегіне сүңгіп
шыққандай, күреңітеді де жүреді. Ақ алмасың көрген жұрттың зəреқұтын қарадай қашыратын көкжендет болсын десең – аң тотияйын мен
сарымсақтың сөлін араластырып, соған малынған шүберекке орап, бір
күн топыраққа көміп таста. Қолындағы көк алмастан түскен жара
жазылмай, бірден арам қаптыратын болсын десең – қажырдың қаны мен
сарымсақтың сөліне суар. Қағындыдан тиер қайсар қанжар сол болады.
Шын мияскердің қолына түссе, қажетке аспайтын нəрсе болмайды екен.
Егер құзғын қарғаның жұмыртқасын отқа өртеп, түскен күліне есектің
қанын араластырып, найзаның сүңгісін соған суарсаң, одан түскен жара
көзді ашып-жұмғанша қара талақтай қағынып, жаныңды жаһаннамнан
бір-ақ шығарады. Көк сүңгі улы ғана болып қоймай, тиген жерін тесіп
өтер қайратты да болсын десең, есектің тұяғын өртеп, содан түскен күл
араласңан суға суар. Найзаның сүңгісі, қанжар, селебе қылыш суаруға
иттің қаны, есектің қаны, адамның зəрі, сарымсақтың сөлі, арыстанның
өті, айдаһардың, жыланның уы – бəр-бəрі жарай береді. Ақ алмасты тат
баспасын деп райханның жұпар иісті майымен, майға ерткен қалайы
тұнбамен, қасқырдың майымен сылайды.
Баяғыда Талдысайдың задығында Бөкенбай екеуінің соңына ерген қалың
қол жылан, тасбақа, шаян, қарақұрт аулады, құзғынға тұзақ құрды, таутасты кезіп, жебеге қадауға керек болады деп, күшігеннің қойлық жүнін,
тасқараның тайлық жүнін терді.
Қалауын тапсаң қар жанады деген осы ғой! Қару-жарақ жасатам десең,
миясарлар былайғы жұртқа көзіңді сатпай, қазақтың өзінен де табылады
екен. Айналасы алты ай жазда үш арыстың салдыр-салақ сарбаздары бес
қаруын түгел жаңалап шықты.
Содан бұлар Жаманшыңның түбінде жақсы ырымды бастап, шынтақ
қағысып, тебінгі сүзісіп бірге аттанған қазақ қолын ата дұшпанның қақ
маңдайына қарай қарсы алып жүрсін. Екі жыл бойына қазақ əскерінің
айдарынан жел ессін де тұрсын. Қанша жерде қас дұшпанның құзғын
басы түйенің құмалағындай шашырап қалды. Астам жаудың бұрынғыдай
емес тауы шағылайын деді. Қанша бай құлға, қанша шал тоқалға жарып
қалды. Не бір сұқсырлардың уыздай ұлпа тақымдары қайқы бас қазақы
ердің қасына қажалып жауыр болды. Қазақтың еркек кіндігіне керме
қас ойрат сұқсырларының үнағандары сондай басы қаржас Бұқар боп:
«Отының болсын жантақтан, қатының болсын қалмақтан, қосының
болсын қазақтан», – деп мақалдайтынды шығарды. Желі оңынан тұрып,
абыройы асып тұрған кісі дүниенің басы-көзіне қарай ма! Алдына түскен
олжаны оңды-солды шашып бақты. Бірақ, сонысы ақыр аяғында өзіне
тауан боп тиді. Қазақтың игі жақсыларының ауызын қисайтам деп
жүріп, қайтадан көз қырларына іліге бастады.
Шіркін, ойраттың басына əңгіртаяқ ойнатып баққан сол бір кемдікүнгі
дəуренде қазақтан да талай марқасқалар табылып еді-ау! Бұның
баяғыда тау ішінде құлжаға таласып танысатын таутағы құрдасы Тайлан
əкесі Мəтіге тартқан көзсіз батыр боп шықты. Тайлан бірақ, Мəтідей
емес, қапсағай. Аяқ-қолы жеңіл. Əншейінде сүзетін бұқадай көзін
алартып, сыздап үндемей діңкеңді құртатын бір тоға жігіттің айқайлап
жауға тигенде қимылына көз ілеспейді. Құдайдың бір қиын-қыстау
жерлерінде жанары жалт-жұлт жанып, аруақтанып алады. Тауда туып,
таста өскен неме, əсіресе, ұрымталды білгіш. Қиядан тиісер қияндарда
ылғи сол жүргені. Содан да болар, екі жылдың ішінде Тайлан аты
ұмытылып, Таутайлақ атанып кетті. Қазір қазақта Орта жүздегі
қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, шақшақ Жəнібек, бəсентин
Малайсары, Ұлы жүзде Саурық, Райымбек, Кіші жүзде табын Бөкенбай,
тама Есет, байбақты Шолан, адай Ақпан, Сабытай, Табылды, Есенқұл,
беріш Есболай, Итемген, əлім Киікбай, Жаулыбай сосын осы Тайлан
дегенде ішкен астарын жерге қоймайтын кісі жоқ. Оларды өздері
сияқты жұмыр басты пенде емес, аспаннан екі аяқтары салбырап түскен
жер құдіреттей көреді. Олар туралы шығармаған аңыз лақаптары
қалмаған.
Қазақтың қалмақтан пысы асып тұрған сол бір заманда «Арқар» ұранды
төренің абыройы да аз болған емес. Орта жүз қолдарын бастаған Сəмеке,
Барақ, Қайыптар қысылтаяң күндерде намысты қолдан берген жоқ.
Жауға жұдырықтары қатты тиіп, бір-екі аяусыз төмпештеп алған соң,
қазекеңнің көкірегіне нан пісейін деді. Қай халықтың да қасіретке
батқаны бірдей болғанмен, мақтанып-масаттанғаны əр қилы. Қазақтың
бағы жүрсе – кəукілдеген мақтан əңгімесі, гулеген өсегі, кеңірдегін күнге,
кіндігін айға ілген кердең жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып,
бұтқа толып болады.
Жоңғардан есе қайтарып, жолдары болған бір-екі жорықтан соң
бұрынғыдай исі алаштың жыртысын жыртатын əңгіме күрт азайып, əр
ұлыс қай ұрысқа қанша қол қосқанын, қай шайқаста қай батырының
қандай ерлік жасағанын айтып, əр қайсысы өзді-өзі оңаша жиналып,
оңаша желпінісетінді көбейтті. Аз күндік абыройды қайдағы бір əлжуаз
əулет Өсеке тұқымының шөп бас сұлтаны иемденіп кеткеніне іштері
тарылатындар да бой көрсете бастады. «Біздің пəленше болмағанда, тап
сол арада дəуренінің қалай болғанын көрер едім», – дейтіндер көбейді.
Ондай қаңқу əңгімеге келгенде Жəдік тұқымы əуелден де алдарына жан
салмайтын. Тексізден шығып, бағы оза бастаған бала сұлтанды кекепмошқағанда аузы-бастары құйын соққан үйдің туырлығындай
желпілдеп ала жөнелетін. Ондай əңгімені көбіне көп Барақ бастайды деп
есітеді. Сəмеке өз жанынан сез шығарып қоспаса да, Барақтың
əңгімесіне кеңк-кеңк күліп бір жасап қалатын көрінеді. Құдай Бараққа
біраз нəрсені берудей-ақ берген. Ер десе ер, шешен десе шешен,
айлакер десе айлакер. Мақтанды да, даңғойлықты да, арамзалықты да,
күншілдікті де, құдай екең, кетсе соған-ақ кетсін деп үйіп-төгіп
бағыпты. Бəрінен де баққұмарлықты аямапты. Өзіне айтқызсаң, аузын қу
шөппен сүрткенмен, құдай оны бақтан да көп қыса қоймаған. Білектісі
көп ну найманның тізгіні сонымен немере інісі Күшік екеуінде. Найман
қолы жаумен шайқастың қай тұсында да көзге түсті. Орта жүзде, əсіресе,
қара керей Қабанбай мен қанжығалы Бөгенбайдың ерлігіне ешкім дау
айта алмайды. Тек сол екеуінің өзі алып берер абырой талай Барақ,
талай Күшік, талай Сəмекелердің көк желкесін күдірейткен-дей.
Ал Барақ көкжал деген сайын күнге қақыратындай кекшие түседі.
Астына ылғи жалын тізесіне төгілтіп қара ат мініп, үстіне жалтыраған қара
шапан киіп, қара бұйра күйек сақалды жалтырата тарап, соңына біріненбірі өткен қара сүлік тазы ертіп, қара жалдың басына қара нөпір
қолымен опыр-топыр боп шыға келгенде қазақ ұлыстарының ең кемі бір
жыл үзігін тулатар қара дауыл көтерілгендей болар еді. Кісі мен кісіні, ру
мен руды, ұлыс пен ұлысты жармастыра қоюға одан епті ешкім жоқ. Ол
əсекті өзгелер құсап пыш-пыштап оңаша айтпайды. Шаршы төрге
шығып ап, сары аласы мен қоңыр аласы аралас бас табақты буын
бұрқыратып алдына қойып, саңқылдай күліп, сампылдай сөйлеп отырып
айтады. Талай төрде талай бағыланның басын мүжып отырып, бұны да
жеті атасынан бермен қарай жерден алып, жерден салыпты. «Жарықтық
біздің жақсыларымыз да қартайып келеді ғой. Əйтпесе, бір-екі жерде
қулық-сүмдығымен ауызға ілікті екен деп, үш арыстың айбынды туын
тегінде теке атпаған, теке атпа да, екі атпаған Əбілқайырға ұстатар ма!
Жол ана азуы алты қарыс арғынды ұстап отырған Қайыптікі емес пе,
жетпіс мың жылқы біткен Сəмекенікі емес пе!» – деп те талай
шалқақтапты. Қайып пен Сəмеке əлгіндей бұра тартар бұралқы əңгімеге
бірден құлап түскен түрлері бар.
Қазақтың желкез керегісінің аржағында айтылған желбуаз əңгіме жетпей
қалушы ма еді! Аспаы астынан ызың аңдып жаланып отырған аш
құлақтар мен сүйрең тілдер сумаңдатқан суық сөздер ұшқан құс, шапқан
аң жете алмас алты айшылық қиырларға əп-сəтте-ақ атанақтап жетіп
баратын.
Əбілқайыр əлгіндей күйдіргі əңгіменің ешбірін қалт жібермей естіп
бақты. Бірақ, ешкімге ештеңе деп тіс жармады. Естігені естіген қалпында
көкірегінің басына қонақтап, баяғы Қарақұм жиыны тұсында ұялаған
желбірек сезімді жəншіп езе түсті. Бірақ, сол бес қаруы беліндегі
қазақтың бəрін соңына ерткен күндері сəл нəрседен алабұртып шыға
келетін ала құйын көңілін қай-қайдағы қысыр қиялға бастаса, қазір «қап,
бəлем» деп тіс қайратқан тымырсық ызаға тұншықтырып, қайдағы бір
ащы ойлардың азабына салады.
«Жұрт не десе, о десін!» – деп шалқаюға тағы болмайды. Қайта күні
кеше қолына ту тигенде төмпештеп көзін аша алмай келе жатқан
қазақ жұртының алдында талай боз екпе сұлтанның кемтəуекел,
кемпарық сорлылығын бетіне басып берсе, енді олардың сəл ашықса,
еңкелеп, сəл тойынса шалқалап қалар пəтуасыздығын əшкерелеп бағуы
керек. Ол үшін жұрт езі туралы не айтса, соған керісінше іс істеуі керек.
Қараптан-қарап мардамсып жүрген маңқа немелердің іштерін сүйтіп
күйдіруі керек.
Ол жұрттың аузын аңдып бақты. Ел əуелі: «Əбілқайыр кімнің
арқасында кім болғанын білмей жүр. Одыраңдаған он шақты батыры
болмаса, шіркіннің шама-шарқын көрер едік», – деп кеу-кеулесті.
Əбілқайыр бұл əңгімені естіп: «Ең алдымен батырлардың көңілін
табуым керек екен», – деп түйді. Сұлтан басымен «Алаш» ұрандының
туын ұстаған Бөкенбайдың бетіне еш жерде жел боп келіп көрмеепті. Ол
басшы да, бұл қосшыдай, не айтса да, құрақ ұшып тұрыпты. Бөкенбай,
Есет, Тайландардың алдындағы ізетіне бола Кіші жүз батырлары
Əбілқайырға ə дегеннен іштері жылып сала берді. Оның мұндай
кішіктігін «Арқар» ұрандылар əуелден сабы төре, қабы қара
шаталығынан көрсе, басқа орданың қарашылары: «Пəтшағар, төре
екенмін деп төбелерімен аспанға сүйкеніп аласұрып жүрген
өзгелеріндей емес, қашан көрсең де, тал жібектей есіліп тұрады-ау... Ол
тіл қатқанда өзі балаңның баласынан да кіші сияқтанып кетеді-ау. Ішібауырыңа еніп бара жатқан мұндай əдепті жігітке оңды-солды айтылып
жүрген əңгіме қайбір оңды əңгіме дейсің. Ішің күйсе түз жаланың кері
шығар», – дейтін көрінеді.
Əбілқайыр одан сайын бойын жасырып, бетегеден биік, жусаннан аласа
бола түседі.
Мұндай сөздерге не себеп болып жүргені де есінде. Қазақ қолы бірде
қалмақтың шет ұлысын шауып, Түркістанның базарын талаудың
талапай малына толтырды да жіберді. Əскерінің олжалы оралғанына мəз
болған үш арыстың екі езуі екі құлағында.
Мидай жазықтағы жатаған қаланың төбесінен көкке шаншылып бой
көтерген көк күмбездің əлде бір жерінен азаншының сарғайып сар тап
боп жатқан көл-көсір даланың қиыр-қиырына жететіндей қып күңіренте
шырқаған əдемі үні естіледі. Сай-сүйегіңді сырқыратар қоңыр əуез
жорықтан қайтып желпініп келе жатқан жарақты əскердің де, жүректері
жарылып алдарынан шығып тұрған мəз-мəйрам халықтың да құлағына
майдай жағып барады. Сол бір салқын саз жұрттың бəрін сабырға
шақырғандай. Бұрын биік мұнараның басына телміріп тұрып
тыңдағанда жермен ешбір байланысы жоқ сонау тылсым көктің
құшағындағы көзге көрінбес ғайып перен періштелердің бұлар
ұғынбас тылсым сырындай жұмбақ саз бүгін Əбілқайырдың құлағына
өзгеше ыстық естілді. Осы бір тіршілікте ылғи бағы жанбай жүрген
бейбақ баласының маңдайынан сипай отырып мұңмен жұбатқан сорлы
ананың гөйгөйіндей шерлі əуез бүгін тұла бойын елжіретіп балқытып
бара жатқандай. Маған не болған, бұным не?» – деп ойлады кенет ерінің
күміс қасына барып мөлт тамып тұна қалған мөлдір тамшыны көріп. «Ту,
мынауым қалай...» Əлде əлгі қуанған да бір, мұңайған да бір дегені осы
ма? Бұл мұндай боркемік емес еді ғой. Қаршадайынан қасарыспа еді ғой.
Сонау бала күнінен бөтеннің алдында сыр алдырмауға тырысып сазарып
өскені қайда? Осал мінезін, олқы қылығын көрсе, онсыз да басынан
секіріп кеткілері кеп тұратын өзге бауырларының алдына ылғи нық
шегедей нық көрінуші еді ғой. Өздері басқа төре əулетінен қағажу көріп
келе жатқан Абдолла сұлтан балалары өз ошағында өздері бірін-бірі
мүйіздейтін. Сонда
ақтүйебастың астына көп түсетіні осы
Əбілқайырдың емшектестері еді. Абдолла сұлтанның қарадан алған
əйелінен туған балалардан Өсеке балалары өз қолдарында бəрібір
жоқ бақты қызғанып қаралай бұлінетін. Өйткені, Абдолланың төре қызы
əйелі біразға дейін бала көтермей шаңырақтан «іңгə» шықпады деп
уайымдап жүргенде алған қарашы қызы əйелі оң жаққа келін боп түспей
жатып қойдай қоздады. Тұңғышы Тоқтамысты бəйбіше ырым қып
етегіне орап ап, өзі емізіп, өз перзенті санап кетті. Ол сол еркелеткеннен
ерке қалпында қалып қойды да, бақ-дəулеттің қызығын көрудей
көргенмен билікке құлықсыз болды. Ал бұл əулеттің ел көзінің сұғына
іліккені – осы Əбілқайыр мен бəйбішенің бұл туған соң екі жыл кейін
көтерген құрсағы Жолбарыс еді. Жолбарысы –Жолбарыс десе
Жолбарыс. Еңгезердей жалқын сары жігіт ат жалынан тартып мінгесінақ кеудесін жықпас, айылын жимас қалпын танытты. Бұл сабырымен
көзге түссе, ол өрлігімен көзге түсті. Жұрт не де болса, Өсеке əулетіне
келер ендігі абыройды осы екеуінен күтті. Жолбарыс туғасын
Əбілқайырдың көрер шетқақпайы көбейе түсті. Оны отырса опақ, тұрса
сопақ қылғысы келген тумаластары: «Найсаптың сазарған түрі жаман
ғой. Нағыз безбүйректің өзі ғой», – деп қанша мүйіздесе де, бұл бедірейіп
тұрып алатын. Сыр бермейтін. Сөйткен Əбілқайыр тек анасымен оңаша
қалғанда ғана балалығы ұстап бұлданып бітетін. Оған өкпелеп бір
бұлтиса, қанша айналып-толғанса да илікпей қоятын. Анасы сонда да
қасынан кетпейтін. Бұның тікірейген шашынан сипап:
– Əй, балам-ай, қасарыспа қиқарсың-ау. Бұл мінезіңмен өз басыңды
өзің тасқа үрмасаң жарар еді-ау, – деп қояды да, көңіліне қайдағыжайдағы түсіп гөйгөйлеп ыңырси бастайтын. Анасының сол бір мұңлық
даусы ғана бұның кекірегінде тастай түйілген берішті жұмсартқандай
болатын. Сонда ғана бұл балбырап ұйықтап кететін. Шала ұйқы қалпы
өзін жас нəрестедей сезінетін. Кəмейіне бірдеңе кептеліп, көзіне жас
тығылатын. Соны көрсеткісі келмей, теріс қарап жатып алатын.
Енді, міне, бүгін де алдынан анталай қарап тұрған мəре-сəре Түркістанды
көргенде, мынау манаураған қоңыр сазды естігенде сол бір балалық
сезімі қайта оянғандай. Оны да өгей санамай, əз перзенті санайтын адам
барын білгенде бір сəт бойын билеп алатын осы осалдығын марқұм анасы
өлгелі атымен ұмытып кетіп еді. Бүгін кеп есіне түскеніне қарағанда мына
қарақұрым жұрт бұны «өгейім» деп емес, «өз перзентім» деп құшағын
ашып тұрған болды-ау.
Əбілқайыр дүниеге қайта туғандай, самсаған сары қолдың жолын тосып
тұрған байтақ шаһарға бір түрлі емірене қарады. Оның марқұм анасы
тіріліп кеп сонау ұлы жиынның ортасында бұны күтіп тұрғандай.
Қожахмет күмбезінің маңы ығы-жығы. Қақпаның алды самсаған сары
қол. Іште - қақ ортадағы кісі бойы қол созым тай қазанды шырқ айнала
қоршап ап тұрған қол басылар мен ру басылар. Басына қақырадай қып
сəлде орап, тұла бойы түгел аққа малынған, ақ сақалды ақ сұр шал
михратқа шығып ап əндетіп түр. Жұрт оның бордан қашап жасағандай
аппақ мүсініне, тарс жұмық көздері мен болар-болмас қыбырлаған
қаймыжық еріндеріне қарап мүлгіп қапты.
Жеңіске бата беріліп, қол жайылды, Сұлтандар мен батырлар
ғимараттың тер жағындағы нақыштап тастаған емен есіктен еңкейе
кіріп, шағындау ғана шаршы бөлмеге өтті. Қақ тəрдегі биік тұғырда
алтынмен апталған абажа тақ тұр. Тақта алтынға малып алғандай сапсары ала шапан киіп, есіктен тəжім етіп кірген əр кісіге жеке-жеке басын
иіп, қапсағай кəрі шал отыр. Астындағы тағы, үстіндегі шапаны, қақ
мандайындағы көзді ұялта ұшқын шашқан қып-қызыл лағыл тасы бəрі
жалтырап, жарқырап тұр. Бірақ, жүзі сондай сынық, сондай жабырқау.
Бозқырау керік қастың астындағы қысыңқы қой көздерінде де жылт
еткен ештеңе жоқ. Тұнжыраңқы. Кеңсірік тұста жапырыла жығылып,
қайта көтеріліп, сүйірленбей, екі етегі делдие біткен етті мұрынның
астындағы қияқ мұрт пен құп-қу шоқша сақалдың арасынан əзер
қылаңытқан солғын еріндері қылп етпей сұлқ жатыр. Шатынаған суық та,
күлімдеген жылы да емес осы бір бейжай бет-əлпеттен ашу да, қуаныш
та табу қиын. Бəршің орынын ар жағында не жатқанын аңғартпайтын
тылсым сабыр жайлап алғандай.
Хан қасындағы билер сондай жадыраң. Төле қара сұр жүзіне қан жүгіріп
күреңітіп апты. Əншейінде сырбаз Қазыбек қазір біреумен
қалжыңдасқысы келіп отырғандай қулана жымиып отыр. Заманында
Қаражігіт атанғая дойыр қара Əйтекенің селтиіп тұратын буырыл мұрты
бүгін жылтырай қапты.
Хан мəжілісі өтетін ақ сарайға шақырылған жұрт түгел жиылып болған
соң Тəуке сөз бастады. Ауыр науқастан енді бас көтеріп отырған
адамдай баяу тіл қатты. Үнінен қажығандық сезілгенмен, сөзі ширақ.
Елдің белін бір көтеріп тастаған абыройлы жорыққа алғысын айтты.
Бірақ, дұшпанның əлі айылын жимай шабынып тұрғанын, оның тауын
біржола шағып, маңдайын біржола қайтару үшін ылғи да осылай бүкіл
ел боп қайрат қылып, бірігіп күресудің қажеттігін еске түсірді. Сосын
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Үркер - 12
  • Büleklär
  • Үркер - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4121
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2352
    31.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2451
    30.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4245
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2382
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4142
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2445
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2500
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4124
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2467
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4125
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2303
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4196
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2478
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4193
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4120
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2402
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4105
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2551
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4088
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2402
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4140
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2407
    29.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4131
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2448
    31.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4029
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2386
    31.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4107
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2359
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2309
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4221
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2399
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4181
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2301
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4125
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2364
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4150
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2359
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4208
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2254
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4128
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4026
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 4056
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 4141
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2328
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 4188
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2313
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 4143
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2255
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2286
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 4184
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 4140
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2188
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 4074
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2265
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 4218
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 36
    Süzlärneñ gomumi sanı 4121
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2414
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 37
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2329
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 38
    Süzlärneñ gomumi sanı 4095
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2341
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 39
    Süzlärneñ gomumi sanı 4153
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2359
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 40
    Süzlärneñ gomumi sanı 4268
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2254
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 41
    Süzlärneñ gomumi sanı 4131
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2282
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 42
    Süzlärneñ gomumi sanı 4177
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2403
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 43
    Süzlärneñ gomumi sanı 4027
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    32.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 44
    Süzlärneñ gomumi sanı 4186
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2366
    31.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 45
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2265
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үркер - 46
    Süzlärneñ gomumi sanı 3837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.