Latin Common Turkic

Біз Қалада Тұрамыз - 16

Süzlärneñ gomumi sanı 3916
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
меңіреу қараңғылық айналаны тұншықтырып, басып тұр. – Ба-ла-ны! – деді
Бағила тағы да. Мен есіме жаңа түскендей, екі қанден түнеп шыққан
тонның үстінде томпайып жатқан Мұратыма келіп, қолыма алдым. Көзін
ашпаған күйі сұлық жатыр екен. Əлде шамның жарығынан, əлде маған
солай көрінді ме, бұрынғысынан да бозара түскендей. Құлағымды
танауына тостым. Жүрегі түскір аттай тулап барады. Ештеңе сезілмейді.
Мұндайда кісінің құлағы да естімей қалады деуші еді. Жоқ, мүмкін емес...
Ернімді тобарсыған ерніне тигіздім.. Сұп-суық, демі де білінбейді. Бар
тіршілікті жаратушы бір күш болса, онда ойланбай-ақ сəбиімнің өмірі үшін
өз жанымды айырбастай салған болар едім... сол сəтте. Тағдыр тоқпағының
дəл төбемізден аямай-ақ ұрғанын білдім. Білдім де: «Мұрат! Мұратым-ау,
неге ғана тыныстамайсың?» деп бар даусыммен айғайлап жібердім. Не
пайда, менің құйттай сəбиім кең дүниенің бар рақатын, бар қиындығын
сезіне алмаған күйінде, өз тағдырының тізгінін ұстаған əке-шешесінің өзін
сақтай алмай зарлап қалғандарын сезбеген күйінде тұщы дүниеден, мынау
тəтті өмірден аз уақыттық алданыш қана болып өте бергенін білдім.
– Мұра-атым-ай! – Жаңағы үнім үміт сəулесі сөне қоймаған жай есірік
дыбысқа ұқсас айғай болса, ендігім жан-дүниемді жаныштап, жүрегімнің
парша-паршасын шығарған күдер үзді жоқтау айғайы еді. – Не дейсің,
құдай-ау, шыныменен айырылғанымыз ба? – Бағила жатқан жерінен бізге
қарай еңбектеп келе жатыр екен. Шашы дудырап, бетін жауып кетіпті.
Баланы құшақтаған күйімде алдына барып, кесе көлденең отыра кеттім.
Мүмкін, тағдырдың соғып өтті дауылы үстіме құлатқан қасіретті көтере
алмадым, мүмкін уланудың əсерінен буынымды ұстай алмай қалдым...
Онысын парықтай алғаным жоқ. Бағила баланың үстіне келіп жығылды.
Ішегін тартып, ұзақ күлген адамдай бір түрлі үн шығарып, жылап жатты...
***
Бірер күннен кейін жолдас-жорамыз жиналып, кішкентай қызығымызды
тау жақтағы қалалық қорымға қоныстандырып қайттық. О дүниелік
болғандардың санын тағы біреуге көбейтіп, қатарларына сандықтай ғана
тағы бір жас қабірді қостық. Бірер айдан соң өзінің қалқайған құлағындай
басына белгі тасты қалқитып орнаттық. Сөйтіп күні кешегі қызығымыз да,
қуанышымыз да болған сəбиім жансыз тасқа айналды... Үш-төрт күн
үйімізде жата алмадық. Өкініші мəңгі кетпес сол бір түннің лаңын ойдан
шығару мүмкін емес еді. Жолдас-жора қаншалықты көңілімізді ауласа да
«Шіркін-ай, сол күнгі дауыл неге соқты екен, «талайталай дауылды көрген»
дейтін Кəрімнің шатырының бір шеті қопсып ашылып, неге ғана басқа жері
емес, мұржаның аузын жауып қалды екен; неге ғана онсыз жылы үйге бір
түн от жақтырмасақ, ұшып өлетін бе едік? Неге-неге?» деген сұрақтар
миымның ішінің бəрін кернеп алған. Қанша қиналғанымызбен, қанша
ойланғанымызбен қаза шіркіннің алғанын қайтармас қатыгездігін
мойындаған соң амалсыздан, қарғыс атқыр, сол баспанамызға қайта
оралғанбыз. Біз көрер сұмдық əлі таусылып болмапты. Кəрім көкеміз
екеуіміздің итше таласып барып, біржола бөлінісер жол айрығымыз да иек
астында ғана тұр екен. Кешкілік екеуіміз үйге кірсек күні кеше екі
қанденге, одан кейін менің кішкентайымның үзілер шағында төсеніш
болған қара тонды айқара жамылып, диванның үстінде көкеміз жатыр.
Тұрымтайдай ғана тұлғасы бар онсыз да шағын адам аяғын бауырына алып
бүрісіп, бір уыс болып қалыпты. Дəл қазіргі сəтте менің де қожайынның
көңілін аулап жатар жайым шамалы еді, үн-түнсіз кіріп, екеуіміз де
діңкелеп, шаршап келген адамдай отыра-отыра кеттік.
Бағила күні кешегі ғана көз алдымызда томпаңдап жүрген
кішкентайымыздың көрген түстей ғана болып, оралмас сапарына аттанып
кеткеніне еш сенбейтін сияқты. Үш-төрт күннен бері қаңырап иен тұрған
бесіктің бетіндегі жамылғысын көтеріп көрді. Сонан кейін бөлмелерді
аралап шықты. Ақыры үстелдің үстіндегі баламыздың суретін қолына
алды. Бейкүнə сəби осы суретке түскеннен кейін бір ай өтпей əке-шешесін
жылатып кетерін қайдан білсін, тышқанның маңдай тісіндей екі тісін
барынша көрсетіп, бізге күле қарайды. Менің ішімде əлдебір ыстық құйын
аласұрып, шығар жол іздеді. Көз алдым тұманданып, қасыма қайтадан
келіп отырған Бағиланың иығын қаусыра қысып қойдым. «Өзіңе берік
бол!» деген ишарам. Бағила да əрең отыр екен, көзінің жасы мөлтілдеп,
біраз тығылып отырды да, дауыс салып, жылап қоя берді. Мен оның
иығынан əлі қапсыра қысып отырмын. Өз ішімдегі жалынды құйын да
жанарымнан жас болып ағып жатты.
– А, ну, кончайте!
– Сірə, шайдай ашық аспанда найзағай ойнап, күн күркіресе дəл мұндай
əсер етпес. Диванның үстінде тон жамылып, екі бүктеліп жатқан дене
төбемізден жай түсіргендей оқыс тіл қатты. Бағила өз үнін өзі
тұншықтырып, көз жасын сүртті. Мен орнымнан тұрдым. Не үшін кінəлі
болғанымызды білмекпін. Дəл қазіргі сəтте баламызды өлтіріп алғаннан
басқа ешқандай да оның алдында айыбымыз жоқ сияқты еді... Кəрім көкем
орнынан тұрмапты. Тек тонның жағасынан қылтитып басын ғана шығарған
екен. Екі көзі əлде қатты ұйқыдан, əлде артық ішкен ішімдіктен, əйтеуір,
қанталап, құтырған ит көзденіп кетіпті. Кісіге қарасы тым жабайы, тым
шатақшыл көрінді. Кеудесінде жүрегі бар, оның үстіне егде адам мынандай
қайғылы оқиғадан кейін басу айтар еді, жұбатып көңіл аулап, салиқалы сөз
айтар еді. Ол мен жанына тақай берген кезде орнынан атып тұрып, бетіме
ажырая қарады.
– Қане, үйден тайып тұрыңдар! – Бұл сөзі жаңағысынан да асып, бүкіл
адамгершілік атаулының шекарасын тас-талқан етіп кеткен еді. Жаңа ғана
бір сəт жоғалтқан қымбатымызды жоқтап, бір сəт қайғының ырқына
берілсек, арада бірер минут өтпей-ақ ол сезімнен айырылып, пендеге тəн
жазықсыз жазықты болғаным үшін бар қанымды бетіме ойнатып, ашуға
булығып тұрмын. Бірақ қанша айтқанмен, үй иесі деген аты бар адамның
алдында өз-өзімді барынша сабырлы ұстауға тырысып, сыздана тіл қаттым.
Үнімде батпандай зіл, сонымен бірге сыртқа шығуға тепсінген ашу-ызаның
ызғары бар. – Көкесі, жайшылық па?! – Ол: «Ашулансам тұла бойым
қалшылдап, өз-өзімді ұстай алмай қаламын» дейтін. Қаршадай дене
орнынан қарғып тұрып, қарсы алдымда қалш-қалш етеді. Демек,
ашуланған. Бірақ мұның жын соққандай қалшылдай қалуына негіз болар
тырнақтай кінəм жоқ еді ғой! – Жайшылық емес! Вот, тайып тұрыңдар
деген соң, тайып тұрыңдар! Менікі басқа сөз білмейді. Көп сөз – боқ сөз!
– Біріншіден, біз де албаты қаңғып жүрген адамдар емеспіз, үйіңе өз
келісіміңмен тұрғанбыз. Сондықтан да кет дегенге кете салар себебін ашып
айт. Екіншіден, бізді де қорғайтын заң бар. Мамыр айы туып, жер аяғы
кеңігенше қуып шығуға қақың жоқ! – Мен де тұла бойымның дірілдеп бара
жатқанын сеземін. Қасымызға келіп тұрған Бағилаға көзім түсіп еді, өңі
оңған шүберектей бозарып кетіпті. «Сені қатарыңның алды етпесем де,
кейін қалдырмаспын» деп алған жарымды осынша қиыншылыққа
ұшыратқаныма өз-өзімнен қорланайын. Бұған дейін тұла бойымның
дірілдегенін ұстап тұрсам, енді оны шектеуге шамам келмей барады.
– А, сені заң қорғайды екен ғой. Онда бар, заңыңа қорғатып ал. Бұрын
пəлен рет сотталған адамды сенің алдыңда жығып беру оңай. Сондықтан
мен қорқатын ештеңе қалған жоқ. «Менің баламды өлтірді» деп арыз
бересің, мені құртып жіберіп, үйімді басып қалғың келеді! – Ол жүгіріп
барып, біздің жүктерімізді ашық тұрған есіктен сыртқа қарай лақтыра
бастады. Мен де құстай ұшып келіп, қолына жармаса кеттім. Қол тоқпақтай
адамды тыраңдатып көтерген күйімде диванның үстіне əкеліп, ұзынынан
сұлатып салдым. – Əй, ағайын, айтып өлтір, кім сені сотқа берген? Айтып
өлтірсеңші! – Ол бұлқынып, босанып кетуге тырысты. – Сендер
шеттеріңнен арамсыңдар! Сотталып келген, соғыста контузия болып келген
менен де арамсыңдар. Сырттарың жылтырап, періште болып көрінесіңдер
де, елдің үстінен күн көруге тырысасыңдар. Жаман үйімді сендерге беріп
кеткенше, өртеп кетермін. Вот, солай! Босқа дəмеленесіңдер!
– Егер сені сотқа берсем, мына жаман үйіңді алғым келсе, қандай антсу іш
десең де даярмын, тек маған бұл сөзді кімнен естігеніңді айтшы.
Шыныменен-ақ мен сондай зұлымдық жасайтын адамға ұқсаймын ба?
Кəрім тағы біраз бұлқынып бақты. Ақыры үстінде отырған менен босай
алмаған соң, жуасығандай сыңай танытқан. «Е, жарты ес шіркін, менің
кінəсыздығымды əрең ұқтың-ау» деп ойладым да қоя бердім. Сыртқа
шығып қалған заттарды кіргізейін деп бұрыла бергенім сол еді, Бағиланың
жан даусы шықты. Жалт бұрылдым, қолына босағада сүйеулі тұрған
балтаны ала салып, ұмтылып келе жатқан Кəрімді көрдім. Балталы қол
жоғары көтеріле берді, дəл солай қорғанудың керектігін мен ойлап үлгірген
де жоқпын, əйтеуір, неге екенін қайдам, тұрған орнымнан қас қағым сəтте
секіріп барып, балтаны ұстаған оң қолының білегіне жармасып, көз ілеспес
шапшаңдықпен қару ұстаған қолын бұраған күйімде алып ұрдым. Мұндай
жекпе-жектердің əдіс-тəсілдерін əбден меңгерген спортшының өзі де
осыдан артық əбжілдік көрсетпес. Қаһарлы қаруды жұлып алдым да, бір
бұрышқа лақтырып жібердім. Тағы да тізеге салып, біраз езгілеген соң
орнынан тұруына мұрсат бердім. Бағила екеуіміз де ағатайлап, əбден
құтырынып алған Кəрімді құшақтап жүрміз. Мен тағы да оны көтерген
күйімде диванға əкеп құлаттым.
– Все! – деді ол тұп-тура бала сияқты. – Менікі ақымақ. Ел сөзіне сенген.
Кешіріңдер! Мінезі дəл осындай аумалы-төкпелі кісінің ашуы да, одан
қайтуы да тез ғой. Буырқанып-бұрсанып келіп, сатыр-сұтыр өте шығар
жайдың бұлты сияқты. Дегенмен ағамыздың басындағы «бұлттың» көшіп
үлгіргеніне сенбегендей үстінен тұрғаныммен, оқыс қимыл жасаса, бас
салуға даяр тұрмын. Бірақ ол өзі істегеніне өзі ренжігендей салбырап,
отырып қалды. – Сенікі ондай ой ойламаған? – деді бетіме бағжия қарап. –
Кім айтты менде ондай ой бар деп?
– Бір түрлі қиястанып, «сізді» ұмытып, «сенге» көштім. – Маған көршілер
айтқан. Оқығандар залым болады деп. Үйіңді тартып алады деп. Сенің
милицияда жүргеніңді көріпті.
– Қайсысы оны айтып жүрген? – деп қалшылдадым.
– Балам өлсе, сен қастық жасаған жоқсың. Оқыс болды. Ал сенің жаман
үйіңнің маған қара бақырлық құны жоқ. Немене, өз қайғым аз боп
жүргендей, жазықсызданжазықсыз кінəлайсың? – Менікі ақымақ болған.
Вот, ренжімеңдер. Мен ол өсекші кемпірлерге енді сенбеймін. Бұрын олар
Зинаға мені, маған Зинаны жамандайтын. Менікі – дурак, оларға сенгенін
қоймайды. Мен оларға қазірақ барады. Ол есіктен апыл-ғұпыл шыға
жөнелді. Бас киімін де киген жоқ. Сөйткенше болған жоқ, ауызғы үйде
əлдене сатыр-сұтыр құлап түскендей болды. Менен бұрын шыққан
Бағиланың жан даусы шықты. – Өлді, ойбай! Қалдық енді пəлесіне!
– Бағила үрейлене қарап тұр екен. Менің де көзім оның маңдайына
түскенде зəрем ұшты. Жүгіріп келіп, қолтығынан алдым. Жан жоқ адамдай
былқ-сылқ етеді. Маңдайының терісі үш бұрыштала жыртылып, бас
сүйегінің алақандай жері жалаңаштанып қалыпты. Тері астындағы ұсақ
тамырлардан шып-шып қан көрінеді. Əуелде ештеңенің байыбына
бармаған қалпымда: – Не болды, Кəрім көке? – деймін абдырап. – Қарғыс
атқыр, мына бір пəлені қайдан əкеліп қоя қойып едім, – дейді ол кіре беріс
дəліздің босағасында тұрған төрт бұрыш шойын темірді көрсетіп.
– Сүрініп жығылғанда басым өткір бұрышына тигені... Жаңағы өзім
лақтырған сендердің көрпелеріңнің жатқанын ұмытыппын. Соған
сүріндім... Ех, менікі ми жоқ... Шамасы сүзе құлағанда темірдің бұрышы
бас теріні сойып түссе керек. Бағила екеуіміз оны диванға жатқыздық та,
жалбырап қалған бас теріні орнына қайта жауып, жарақатын таңған
болдық. Сонан кейін ол ештеңе де болған жоқ дегендей сəл жымиып, бір
көзін қысып қойды. Сұқ саусағымен бұрышта тұрған тумбочканы нұсқады.
– Əкелші! – Мен барып, тумбочканың қақпағын аштым да, ішіне қарамайақ: «Нені?» деп сұрадым.
– Арақты. – Бірер жүз грамдайы ғана ішілген бір шөлмек арақ тұр екен.
– Құй екеумізге де! – Мен екі ыдысқа құйдым.
– Мен білемін. Итпін ғой мен. Кісі емеспін. Елдің сөзіне сенемін. Зиночка
осыған да көнді ғой. Сен келіп, маған басқа біреуге үйлен дейсің. Ну ладно!
Үйлену оңай. Моп-момақан болып тұрған соң: «Е, бір жақсы кісі екен» деп
ойлауы мүмкін. Ал үйге əкеліп, осы мінезімді көрсетіп жүрсем, Зиночка
сияқты көніп отыра ма? – Ал сіз «өнеріңізді» көрсетпеңіз. Ол үшін
ішімдікті қою керек, – деймін мен. Жаңағы балталы майданды ұмытқандай.
Тағы ақылгөйсіп тұрғанымды сездім. – Бар кесір соны қоя алмағаннан ғой.
Қалай ішсем болды, елдің сөзіне сенемін... Күле қарағанның бəрі досым,
алая қарағанның бəрі жауым болып көрінеді... Ех, итпін ғой, мен. Сендер
кешіріңдер, жарай ма! «Əй, айтуы да тез, қайтуы да тез, байғұсым-ай» деп
ойлаймын қойдан жуас болып отырған ағамызға қарап. Ол ыдысындағы
арағын бір-ақ төңкере салды. Мен де сөйттім. – Жүр, екеуміз
поликлиникаға барып, мына жараны таңдырып келейік, баспен ойнауға
болмайды. Жағдайым болмай отырған сияқтымын, – дейді ол. Кəрім көкем
ештеңе болмағандай кейбір көршілерінің жақсы адамдар емес екендігін,
бүгінгі оқиғаны оларға сездіруге болмайтындығын, егер сездірген жағдайда
олар оқиғаны үрлеп-үрлеп, үлкейтіп алып, бүкіл қалаға жайып
шығатындығын əңгімелейді. Тіпті мына жарақатты бізден көрулері мүмкін
екенін ескертеді. Сөйлесуге «тіл жоқ», аяғымның басын зерттеп, мен келе
жатырмын. Бір бұрылысқа барған ол басының айналып тұрғанын айтып,
қалтарысқа барып еңкейе берген. Мен арақтың əсері болар деп ойладым.
Дəрігерге жете бере өне бойын тер басқан ол лоқсып, жүруден де қалды.
Жолым болғанда қожайынымды сүйрелеп келе жатқанда университеттің
заң факультетін бітірген курстасым Арықбайдың ұшыраса кеткені.
Студенттік жылдардың қызық-шыжығын бірге өткізіп, араласқұралас
болып кеткен. Күні кешегі қайғымды бірге көтеріскен, оның үстіне
университетті қызыл дипломмен тəмəмдап, қаладағы бір аудандық
прокуратураға қызметке орналасып үлгірген жігіт болатын. – Өй, сендерге
не болған? Өздерің ішіп алғаннан саусыңдар ма? – дейді бетіме күле қарап.
Мен болған жайды қысқаша айтып бердім. Төбелескенімізді де
жасырмадым. Арақ ішкен себебімізді де айтып бердім.
– Кəреке, өзіңіз сүрініп жығылып, басыңызды жарып алғаныңыз рас қой.
Бұған мына жігітіңіздің қатысы жоқ қой, – деп, ол нағыз заңгер ретінде
мəселенің бірден бетін ашып алмақ болды.
– Ей богу, сам, – деді Кəрім тілі сөйлеуге əрең келіп. – Онда қазір ем-дом
қолданған соң милиция қызметкерлерін де шақыртып, түсініктеме жазып
берерсіз, Кəреке, – деп, ол менің қамымды ойлай бастағанын сездірді. –
Мен де сендермен бірге барайын.
Көкемізді Арықбай екеуіміз бірде көтеріп, бірде сүйреп дегендей емханаға
жеткізгенде оның халі мүлде нашар еді. Судан қалған егіндей сирек
шаштарының өзі сығып алғандай тер болды. Бүгінгі жүйкесінің
жұқаруынан онсыз да қып-қызыл болған қос жанарына қан құйып
қойғандай. Қол-аяғы бүрісіп, қалш-қалш етеді. Өзін прокуратура
қызметкері ретінде телефон арқылы таныстырып милиция бөлімшесіне
қоңырау шалған Арекеңнің өтінішімен қос милиционер де тез келген.
Кəрімнің «Ешкімді кінəламаймын. Мас болып өзім жығылып,
жараландым» деген сөзін милиция қызметкерлерінің бірі қағазға түсіріп,
Кəрім көкеміз қолын қойып берді. Дəрігерлер шақыртқан жедел жəрдем де
тез жетіп, оны ауруханаға аттандырдық. – Ертең есін жиған соң саған, пəле
жаппасын деген сақтық қой, – дейді Арықбай біз тысқа шыққаннан кейін.
– Миы шайқалған көрінеді. Үйге келсем, Бағила бар жүгімізді даярлап,
буып-түйіп қойыпты. «Бұл үйде бір қонуға да шамам келмейді» дейді.
Шынында да, арамызға бір сызат түскен соң ендігі бұл үйде қалуымыздың
реті жоқ еді. Екеуіміз Қуанышбектің үйіне келіп, қонып шықтық. Мұнда
келуіміздің себебі оның ғана өзіне тиесілі баспанасы бар. Оның үстіне
басымызға түскен ауыртпалықты тең бөлісіп көтеріскен нағыз дос екенін
осы бір соңғы күндері дəлелдеген. Нəрестені мəңгі мекеніне аттандырудың
да біраз машақаты болады екен. Соны тізе бүкпей атқарған осы Қуанышбек
пен Ақантай болатын. Əрине, басқа достар да аянып қалған жоқ. Əсіресе
Қуанышбектің бір қылығы, қылығы емес-ау, бір сөзін мен тіршілігімде
ұмыта алмаспын. Бала шетінеген күннің ертеңіне уана алмай отырған
Бағила екеуімізді қыз-жігіттер кезек уатып, қасымыздан шықпай жүрген.
Кешке таман Қуанағаңның келіншегі Толқын сіңлісін таксиге отырғызып
күйеуін шақырып келуге жұмсаса керек. Олардың да тұңғыш қыздарының
дене қызуы 39 градусқа жетіп, қатты ауырып қалған көрінеді. Сонда ол
біздің «Енді қайта бер» дегегенімізге қарамай:
– Менің балам əзірге тірі ғой. Дəрігер шақырып, бір қамын жасасын. Мен
шетінеген нəрестені жерлеп болғанша қайтпаймын, – деп қозғалмай
қойған. Бұл, əрине, керемет ерлік болмаса да бізге, достыққа деген
адалдығының көрінісі еді... Бағиланы сол Қуанышбектiң үйiнде қалдырып,
өзім тағы үйреншікті үй іздеу атты шаруама шықтым. Алдымен кеңсеге
келіп, тағы пəтер іздеуімнің керектігін айттым, əрине, асығыс
қозғалуымыздың басты себебін жария еткен жоқпын. Не демекпін?
«Қожайыныммен төбелесіп қалдым» демекпін бе? Жігіттер өздерінше
жақында ғана қайғылы оқиғаға ұшыратқан үйде қалғысы келмеген шығар
деп ойласа керек, анық-қанығын тəпіштеп сұрамады.
Бастығым көңілді демдейтін біраз сөз айтты. «Жақсы сөз – жарым ырыс»
деген емес пе, соңғы күндердегі көңілсіздікті сол сөзімен-ақ аз да болса
сейілткендей. – «Жазмыштан озмыш жоқ». «Бала – бауыр ет». Алайда, аз
күн қызығын көрсетіп алып, опындырып кетер сəби жаны қалған
тіршіліктеріңе тілекші болар. Бастарың жас! Үйлеріңде сəбилердің күлкісі
толғанда, жан жарасы да жазылмақ. Сондықтан мойымаған, қайғыға
қайыспай қарсы тұрған жөн, – дейді. – Сендер пəтерден де біраз қиындық
көрдіңдер ғой. Енді екі-үш айда үй бітсе, пəтер аласың, бəрі де бір күнгідей
болмай əлі-ақ ұмытылады. Ал бүгін-ертең пəтер тауып, көшіп алуыңа
рұқсат. Кеңседен шыққан бетте Көкбазар жанындағы пəтер іздеушілер мен
пəтерші алатындар тоқайласатын жерге келіп, бір орыс кемпірімен
тілдестім. Жетпістерге еркін енген, бірақ əлі тың, шүйкедей кемпірдің сырт
пошымы тым бейкүнə, тым момақан. Асықпай, баппен сөйлейді екен.
– Нешеусіздер? – Екеу-ақпыз, əжетай. Əйеліміз екеуіміз ғана. – Қайда
істейсің? – Мен мұндай сұрақ күтпеп едім. Сондықтан сасып қалсам керек,
не дерімді білмей бөгелдім. «Сен сияқты заңды көп айтатын оқымыстының
керегі жоқ» дегенді айта ма деп қысылдым. Ең жаманы пəтеріне алмай
қояр, несіне жасырайын, шынымды айттым. – Жарайды. Ішімдік жағына
қалай едің? – Оған жоқ едім. – Реті келгенде ішіп қоятын азын-аулағымды
да жасырып қалдым. Ол мені ілестіріп алып, үйіне бастап келді. Жұмыстан
да алыс емес екен. Көк базарға тиіп тұрмағанмен, автобустың 3–4
аялдамасындай жердегі «Баянауыл» көшесінде екен. Кемпірім автобусқа да
отырмай жаяу жүріп-ақ жеткізді. Шамасы, жиі келіп-кететін жолы болса
керек. Пəтерші жалдайтын бөлмесі кіре беріс кішкене дəлізі бар, шағын
ғана мекен екен. Оты бөлек, есігі бөлек дегендей, іздегенге сұраған. Үй
алғанша бізге еркін жетіп жатыр. – Үйдің екінші бөлегінде өзім тұрамын.
Бұл бөлмеде балам мен келінім тұрған. Қазір олар басқа пəтерде. Ақыңды
алдын ала үш айға төлеп қоясың. Көмір, отын дегендерді ерте бастан өзің
түсіресің, электр қуатына өзім төлеймін. Айына отыз сом келіссең сол,
келіспесең өзің біл. Жəне пəтер ақыны айдың соңында емес, басында төлеп
тұрасың. Кетіп жатсақ төленген ақша қайтарылмайды тегінде. – Жарайды,
əжетай. Тек ақшаңызды кешке келген соң берейін, қазір жанымда жоқ еді. –
Кемпір аз-кем ойланып тұрып, бетіме сұраулы жүзбен қарады. – Сонда
қалтаңда қанша ақшаң бар? – Қалта-қалтамды ақтарып жүріп, үш сомның
басын əрең құрадым. Ол қолын созды. – Мен қартайған адаммын. Енді
тағы барып, пəтерші іздеп жүру маған оңай шаруа емес. Сендердің құрғақ
уəделеріңе сенуге бола ма, егер тəуірлеу пəтер тапсаңдар кете бересіңдер.
Ондайда мен мына аз ақшаң болса да жұбаныш қыламын.
– Мен ақшамды ұсындым. Ол қағаз бір сомдық екі сарықұлақтың шеті
мыжылғандарын тегістеп, екі бүктеді де, тиын ақшаларды мұқият санап,
қол орамалының бұрышына түйіп қойды.
– Бүгін көшіп келесің ғой? Бұл ай басталғалы да көп болған жоқ,
сондықтан бұған да түгел төлерсің. – Иə, бүгін-ақ, келемін. Оныңызға да
келістім. Жүгімізді əрі-беріде-ақ жеткізіп, үйдің ішін тап-тұйнақтай ғып
жинап болған соң, Бағиланы бір-ақ шақырып əкелдім. Таңертеңгілік қана
басына қара бұлт төніп, үрей билеген адам басқа пəтердегі тұрған жүгімізді
көріп, балаша қуанды. – Құтылғанымыз жақсы болды. Кілтін апарып, өзіне
берейік. Мен бір тамақ жасап алайын. Коля сорлының соңынан тамақ
апаратын кім бар дейсің, – дейді ол. Қарсы болғам жоқ. Кінəлы болайын,
болмайын, бірақ жарақаттануына өзім себепші болған адамға енді түк
болмағандай ол жатқан ауруханаға келіп, ас-суын беріп отырмыз.
Түндегідей емес, өңі кіріп қалған сияқты. – Көп кешікпей ауруханасынан
шығатын шығармын. Алып-жұлып бара жатқан ештеңе жоқ, бірақ
орныңнан қозғалма деп кетті ғой дəрігерлер, – дейді ол. – Кəреке, кешегі
оқиғадан кейін сіздің үйде қалудың өзі қисынсыз іс сияқты. Сіз не десеңіз
де өзіңіз біліңіз, біз басқа үйге көшіп алдық. Біраз дəмдес болдық, артық
кетсек, кешірерсіз... Кілтіңізді əкеліп едік... – Ол бүрісіп жатқан күйі төбеге
қарады. Бір түрлі адамның жаны ашитындай, жарты тəулік бұрынғы
құтырынған ақ түтек, дүлей мінездің бірі жоқ, мопмомақан.
– Сүйтетіндеріңді білгенмін. Өзім де ешкімге сыймаймын ғой. Бірақ,
сендер кешіріңдер, жаман ағаларыңды... Қуарған үйім сендерді де қайғыға
ұшыратып кетті. Ол аздай, өзім болсам майдан аштым... Бағана осында
милициядан тағы да кісі келіп кетті, – деді ол осыны айтсам ба, айтпай-ақ
қойсам ба дегендей біраз күмілжіп жатып. – Тағы да қарғыс атқыр,
көршілердің бірі біздің түнде айғай-шуымызды естісе керек. «Адам
өздігінен бұлайша жаралана алмайды. Пəтершілеріңнен келген кесір болса
айтыңыз» деп ыздияды. «Мен сендерге «Біреуден жəбір көрдім» деп өтініш
жасадым ба? Керісінше сендердің əріптестеріңе «өзім кінəлімін» деп
түсініктеме бергенмін. Жоқ! Ендеше, менде нелерің бар? Өзім жығылдым,
өзім жараландым. И все!» деп жатып алдым... Вот, қандай адамдар болады,
ə? Ол милициядан келген кісіні, əлде көршілерін жазғырды. Онысын ашып
айтпады. Тек бір кезде ғана былай деді: – Тек иттеріме екі күнде барсаңдар
да, ас құйып кетіңдер... Менің олардан басқа нем қалды? Бар өтініп
сұрарым осы. Мынау жиырма сом, өзім шыққанша солардың тамағына
жететін шығар... – Ол жастығының астындағы əмиянын алып, ақшаны
ұсынды.
– О не дегеніңіз, керегі жоқ. Күнде барып, тамақтандырып тұрамыз.
Өзіңізге де келіп тұрамыз. Айтқанымыздай-ақ күн сайын Кəрімге
кезектесіп тамақ əкеліп тұрамыз. Рақметін айтып, «Келмей-ақ қойыңдар»
деп безектейді. – Менен гөрі үш итіме барсаңдар, соған ризамын. Мен
сыйлауға тұрмайтын адаммын, – дейді. Келесі аптада Кəрім ауруханасынан
шығып, біз кілтін өзіне тапсырдық. Қоштасарда Бағиланың қолынан сүйіп,
теріс айнала берді. Қушиған иықтары аздап дірілдейді, мүмкін, жылап
тұрған болар, біз ақырын басып, үйден шығып кеттік.
БЕСІНШІ ТАРАУ
Тұрар ағамыз бен Ақжамал жеңгеміздің пəлен бөлмелі үйінің бір бөлмесі
отқа шарпылғаннан бері көршінің есігінде де маза болмай, өздері де өртке
шалынғандай өңдері көпке дейін келіспей жүрген. Жеңгеміз де біздің үй
немесе сол қанаттағы көрші Рафиқтың үйі емес, өзінің үйі өртенгеніне біз
кінəлыдан жаман, содан бері есігімізді ашпай жүрген. Біз де іргелес
отырсақ та жөнсіз, себеп-салдарсыз бас сұға алмағанбыз. Жай уақыт болса
бір сəрі, анандай оқиғадан кейін бір түрлі ыңғайсыз сияқты. Бір күні
кешкілік үйіне кірудің себебі оп-оңай табыла кеткені. Жұмыстан қайтып,
өлеңімді айтып дегендей, келе жатсам, үлкен жүк машинасының ту сыртын
подъезге қаратып қойып, ақ жеңгеміз тағы да су жаңа жиһаз түсіртіп жатыр
екен. – Құтты болсын, игіліктеріңізге ұстаңыздар, көрші! – деймін Тұрар
ағамызға. – Е, мына жеңгелерің менің қалтамды тақырлап бітірмей түн
ұйқысы төрт бөлініп, мазасы кете берген соң, алып беріп құтылдым. – Ол
алтын тісін көрсетіп ыржиды. Ыржиғанмен еңкейіп, өз мүлкіне қол
тигізбей, белдемесі сынғандай, болмаса баласы ішінен тіреп тұрған
екіқабат əйелдей қоқиған күйі тұр. Тағы да ана жолы үйді көшірісіп келген
жігіттер жүр білектерін сыбанып тастап. – Шеттікі болар? – Менің бұл
сауалымда ешқандай кекесін жоқ болатын, тек жеңгейдің көңілінен шығу
үшін ойланбай қойып жібердім. Пейілі кең жеңешем көңіліне дік алған
жоқ. – Бұл неміс ағайындардың жасағаны екен. Сыртынан қарағанда
тəптəуір сияқты, қайдам, бұрын ұстап көрмеген затым. – Мен қазір
киімімді өзгертіп келе қояйын, – деп жүгіре басып, үйге кірсем, Бағила: –
Жайшылық па? – дейді.
– Көршілер ағаш-сұғаш түсіріп жатыр екен. Соларға көмектесейін деп едім.
– Білегімді түрініп, сыртқа шықсам, Рафих та келіп қалған екен.
– Жүр, көрші, көмектесіп жіберелік, – дедім. Əрине, Тұрар ағамыздың
көмекшілері аз болғаннан емес, іргелес көрші отырған соң тату-тəтті
қарымқатынасты нығайта түсу мақсатында айттым. Бірнеше жігіт
жабылған соң жаңа мүлікті құтты қонысына бір шай қайнатымда
қондырып та болдық. Сол күні жаңа мүлікті «жуып» дегендей бір
қабаттағы үш көрші түн ортасына дейін дуылдадық. – Рақмет, көршілер!
Бұл əншейін жаңа дүниені жуғаным ғой, жуырда арнайы шақырып аламын.
– Ақ жеңгеміз өзінің қашандағы əдетімен бұл шаңырақ астындағы беделін
білдіру үшін əдейі сөйлемнің баяндауышына «мыз, міз» көптік жалғауы
емес, «мын, мін» жекеше жалғауды пайдаланып сөйледі. «Шақырып
аламыз» демей, «шақырып аламын» дейді. Мейлі, олар шақырар, ат
шаптырым екі бөлмені қаңыратпай арзан қол ағаш-сұғаш алған соң біз де
шақырармыз, мəселе еш-шəй деспей барымызды бөліп жеп, татутəтті
тұрсақ болғаны да. Құралайды төсегіне жатқызған соң балконға шығып,
түнгі аспанға қараймын. Аспанда самсаған сансыз жұлдыздар
жымыңдайды. Жұлдыздар көз алдыңда аяқ-қолын жайып жіберіп, еркін
тыныстап жатқан алып қаланың құжынаған шамдары сияқты. Қалаға
қараймын. Құжынаған шамдары, аспанның сансыз жұлдыздары, жо-оқ
ғарыш түкпіріне сұғынып жатқан құс жолы сияқты. Аспан да, жер де
жұлдыздарға лықа толы. Əлде ішімдіктің əсері, əлде мынау бір бейбіт
түннің, жалпы өз тіршілігіме деген ризалық сезімінің əсері, менің де жан
сарайымда өте жарық жұлдыздар сəуле шашып тұрғандай. Бір əдемі саумал
самал есіп, тұла-бойымды аймалайды. Анда-санда өрлі-ғұрлы зыр етіп өте
шыққан машиналардың мазаң гүрілі болмаса, əдемі тыныштық тіршілік
шіркіннің сонша ғажайыптығын тағы-тағы мойындатып, қиял құсыңды
биікке ұшырардай. Менің есіме баяғы қожайындарым түсе береді, жеке
басының жаратылысы өзгеден бөлек көрінсе де, босағасы құтты болып,
басыбайлы өз үйім, өлең төсегіме шығарып салған Тася апайдың өзі неге
тұрады?! «бəрін де үйіме шақырып, қонақ етіп жіберуім керек» деген
ойымды тағы да көкейіме түйіп қойдым.
ТАСЯ АПАЙ
Өз шамалауымша, жетпіске ат тұяғын іліндіріп қалған. Зейнеткер. Бірақ əлі
тың. Шаруашылығын дөңгелетіп ұстап, күніне базарға екі-үш дүркін
жаяулап қатынағанда «шаршадым» дегенін естімеппін. Ұлы мен келіні,
екі немересі бөлек, басқа пəтерде тұрады. Дінге сенбейді, ішімдікті татып
көрмепті, жалған сөз айтуды білмейді... Тек қана қара бақырдың жолында
қара жаным қиылсын дейтін ерекше дүниеқорлық, сараңдық қасиеті бар.
Тася апайдың пəтеріне көшкен соң да таяуда ғана ойда жоқта соғып өткен
тағдыр дауылы ұмытылмады. Мен өзім ұмытуға тырысқанмен, екеуіміз де
демалыс күні асығыс жиналып алып, таудағы қалалық қорымға тартатын
болдық. Құлпытасының шаңын сүртіп, гүлдеріне су құямыз. Бағиланың
жүрісі ауырлап, айы-күні тақаған сайын алдағы күндерден күтер үмітім
мол. Құлағы қалқайып, қос жанары қарақаттай мөлдіреген Мұраттай бала
бола қоймас сірə, бірақ мынау апта сайын сарсылған жүріс сиреп, көңіл
бөлінер еді деп те ойлаймын. Тася апай керемет таза, кірпияз адам екен.
Есік алдына көлденең шөп түсіріп алсақ та, бүкшеңдеп жинап жүргені.
Үйіне кіре қалсаң, ыдысаяқтары жаңа ғана сатылып алынғандай жарқырап
тұрады. «Мешкей деген жақсы ат емес» дегендей тағы бір сылтау айтып,
басқа пəтер іздеудің жөні жоқ еді. Сондықтан да екеуіміз алдымен Тася
апайдың көңілінен шығу үшін тазалық мəселесіне қатты ден қоямыз.
Бағила үйде, мен түзде. Ол күніне ыдыс-аяғын екі-үш дүркін ысқылап,
жарқыратып қойса, мен ауланы таңертең, кешке су сеуіп сыпырамын. Ағаш
тектіні керсем, қолма-қол жəукемдеп, ұсағын бір бөлек, ірісін бір бөлек
жинаймын. Отын табылмайды-ау деген уайымнан емес, апайдың көңілін
табу үшін солай істеймін. Өйткені оның өзінің сөйтетінін талай көргенмін.
Тася апай кемі он бес жылға мойымай жететін отыны екі сарайда тіреліп
тұрса да, үсті-үстіне нығырлай беретін, молайта беретін. Бір күні жұмыстан
келе жатып, машинадан түсіп қалса керек, бір жалпақ тақтайды тауып
алдым да, үйге көтеріп əкелдім. Екі жағын бірдей үстіріктеп, жылтыратып
қойған екен. Кем дегенде он шақты самауырын шай қайнатуға жетерлік бұл
тақтайды да кемпірдің отын қорын молайта беруге есіл дертім əбден ауса
керек, жап-жақсы дүние басқа бір кəдеге жарар-ау дегенді ойланып жатпайақ балтаны сілтеп қалайын. – Ойбай, тоқта! – деген терезенің
желдеткішінен кемпірдің жан даусы естілді. Тоқтадым. Сүрініп-қабынып
қасыма келді. Мен тақтай емес, бір тірі хайуанды балтамен бір ұрғандай
өңі бозарып кетіпті. Қолымнан балтаны жұлып алып, бір жаққа лақтырды.
– Бұл не істегенің?.. – Көшеден тауып алдым. Біреудің машинасынан түсіп
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Біз Қалада Тұрамыз - 17
  • Büleklär
  • Біз Қалада Тұрамыз - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3817
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2253
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2282
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3989
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2304
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2280
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3939
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4046
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2210
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2134
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2275
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2226
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3953
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2253
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2239
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4001
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3916
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4011
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2297
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3414
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2029
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.