Latin Common Turkic

Біз Қалада Тұрамыз - 09

Süzlärneñ gomumi sanı 3954
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2275
33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
тұрғызғалы жүрмесін?» деген ой келген маған. «Онда бұл бастықтығын
маған істеп, сірə, маза көрсетпес. Егер олай болса, қалай да үйін көріп,
ұсынысын тыңдайын». Машина қаланың шеткі жағындағы солтүстік
айналма жолға тіреліп жатқан Екінші Петров көшесіндегі көк қақпалы
еңселі екі қабатты үйдің алдына келіп, бір-ақ тоқтады. Бағанадан үнсіз
отырған Жүкең маған қарап: «Ал үйге келдік» деді де, алдыға түсіп алып,
домалай жөнелді. Мен елестеткендей тым бойшаң емес екен. Жатаған аласа
да емес. Бірақ денесі рабайсыз толып кеткендіктен, бүкіл тұлғасы əлгі бір
мультфильмдегі «Винни Пух» сияқты домалақ болып көрінді. Барынша
қысқа сияқты көрінген аяқтарын жеңіл басып, ықшам қозғалады. Қақпаны
ашқан бетте сымға керілген шынжырын сүйреткен тайыншадай сары төбет
мені көріп, əупілдеп үрді де, иесінің кеудесіне секіріп, еркелей бастады.
«Құтпан, бар, орныңа бар! Бұл – өзіміздің кісі» – деп, Жүкең мені итімен
таныстырып, оған бұйрық берді де, маған қарады: – Өте ақылды ит.
Менімен бірге көрген кісісіне қайтып үрмейді. Ертең-ақ кеудеңе асылатын
болады. «Əй, осы шалың шынымен мені өз үйіне тұрғызбақшы-ау!» –
Бірінші қабаты монша, шеберхана, қойма деген сияқтылар, – деді Жүкең
үй-жайымен жолай таныстырып. – Екінші қабаттың өзі бес бөлме. Кемпір
екеуіміз біреуінде жатып, бірінде тамақ ішеміз. Басқасының барлығы
қаңырап бос тұр. «Иə, мені осында, өз үйінде тұрғызбақшы болған екен».
Есікті шүйкедей ғана ақ сары кемпір ашты. – Кемпір, саған иман жүзді бір
бала тауып əкелдім. Ең жақсысы жуырда ғана балалы болыпты. Келіншегі
əлі перзентханада екен. – Е, айналайын, бауы берік болсын! Бұл ағаңды
танушы ма едің? – Бірақ мен үшін жауапты Жүкеңнің өзі берді. –
Танымасақ енді танимыз да. Біздің Серіктен əрі кетсе, төрт-бес жас қана
үлкен боларсың... Қай жылғысың өзің? – Қырық бір ғой. – Əнеки, дəл өзі.
Жиырма жетіде екенсің. Бес-ақ жас үлкендігің бар ағасы болдың. Онда,
кемпір, бұлар Серікжанның бөлмесінде тұрсын. Үйге кірдік. Едені
паркеттелген, саңғыраған көп бөлмелер өзі айтқандай «қаңырап бос тұр»
деуге болады. Бірлі-жарым ғана ескі ағаш бұйымдары əр бөлмеде
шашыратылып қойылыпты. Тек солардың ішіндегі біреуі ғана жинақы
көрінді. Бұл өзі айтқан жатын бөлмесі болар деп түйдім. Ол кезде қос
қабатты үйлер салу үрдісі өте сирек ұшырасатын. Үйінің сыртқы тұрқына
қарап «қаржыны күреп табатын іскер кісі боларсың» деген ойға келіп едім,
үйдің ішіндегі жиһаздары мен мүліктерінің тым қарапайымдылығына
қарап, оның əл-ауқатына жіп таға алмай қалдым. – Мынау – сенің бөлмең, –
деді Жүкең. Бұл үйде тұруға келісемін бе, жоқ па ол жағын сұраған да жоқ.
Мен осыдан артық пəтерді таппасыма сендім. Сондықтан да Жүкең
екеуіміздің арамызда бұрыннан келісім болған адамша: – Ойбай-ау,
үшеуімізге еркін жетеді ғой, – дедім, бірден ризалық білдіріп. – Келін
қашан шығушы еді перзентханадан? – деді кемпірі. – Ертеңдер шығарып
қалар, – деймін мен. – Бүгін көшіп келесің бе? Машина таба аласың ба? –
Жүкең бетіме қарады. – Иə, осы қазір-ақ көшіп келемін. Менің жүгімді
əкелу үшін бір такси де жетіп жатыр. – Əй, шошқа, сен өйтіп
байшікештенбе! Қазір кеңсеме барып қалайын. Мына машинамен жүгіңді
жеткізіп ал да, келінді барып қуант. Қарны кебежедей бір əкемді тауып
алдым де. Бізді таба алмай көптен іздеп жүр екен де. Жарай ма? – Сөйт,
айналайын, сен келгенше мен тамақ салып қояйын. – Əлі есімі белгісіз
шешей де біздің келуімізге қарсы болғанды қойып, қуанатын сияқты. Біз
қайтадан машинаға отырған кезде, жаңа қожайыным пəтерші мен пəтер
жалдаушының арасында болуға тиісті негізгі келісім-шартты бапбабымен
айта бастады. – «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген бабаларың.
Сен шошқа, ертең қисаңдап жүрмес үшін бірден келісіп алайық... –
Шартыңыз тым ауырлау болып бара жатса, пəтер іздеу ісін жалғастыра
беремін де, – деймін мен көшеге қарап. – Келмей көр! Төбеңді ояйын...
Онан да сөзді бөлмей тыңда! – Біріншіден, отын-су демейсің, – деді ол. –
Суы ішінде, көмір мен ағашты екі-үш жылға жетерлік қып үйіп
тастағанмын. Екіншіден, монша іздемейсің. Бір шелек көмір жақсаң, буы
аспанға атылып шыға келеді. Үшіншіден, газ плитасы бар. Тамағыңды
сонда пісіресің. «Түсінікті, – деп ойладым, – сол үшін де пəтерақыны
молырақ аламын демексің ғой. Айтып көр мөлшеріңді. Тым бойыма шақ
болмай бара жатса, келіспей кете беруіме болар. Өзіміз жас отау болып
жатқанда көп шірену менің де жағдайыма келмес». Жүкең бортиған жуан
саусақтарының төртіншісін бүкті:
– Төртіншіден, электр қуатын қалай пайдаланамын десең де, қолыңнан
қақпаймын. Өртеп жібермесең болды. Бесіншіден, мен сенен бір тиын
пəтерақы алмаймын, мал табу үшін кең үй салғаным жоқ. Оның есесіне
жұмыстан шаршап келгенде аз уақыт балаңды уатып, əлдилеп беремін.
Қолыма жармаспайсың, бір де. – Ол қолының саусақтарын жазып, бірбірлеп қайта бүге бастады. Мен машина мінген бастық ағамның денінің
саулығына күдіктеніп қалған сияқтымын. Біреулер «тірі қоңырауы бар»
деп, баласы барларды маңайынан жүргізгісі келмесе, бұл сəбидің үнін
естіп, оны əлдилеу үшін ғана пəтерақы алмаймын дейді. Ұқсам
бұйырмасын. Жалпы, жұрт өзгерген бе, əлде мен өзгергем бе, түсіну қандай
қиын. – Шешеңнің түрін көрдің ғой. Етегіне сүрініп, өлейін десе қолы
тимей, қалқайып əрең жүр. Менің түрімді де көріп отырсың.
Еңкейіпқаңқаюым қиын. Біріміз тым арық та, біріміз тым ет-жеңдіміз.
Қолың қалт еткенде пешке от жағып, керек бірдеңелерін магазиннен əкеліп
бере салсаң түгің кетпейді. Мұны – екі деп қой. Анда-санда ағаңның
көңілінен шықпасаң, жаныңды көзіңе көрсетіп ұрсатыным болады.
Ренжімейсің. Сонда сен баламнан кем болмайсың. – Мұныңыз – үшінші
ғой. – Ол бетіме ажырая қарады. – Ал менің шартымды тыңдаңыз. Бар
болғаны екі-ақ баптан тұрады: – Біріншіден, айтқаныңыздың бəрін
қабылдаймын, тек бір ұсынысыңызды ғана қайтып алыңыз. Бос жүрген
адам емеспіз, жұмыс істеп қаражат табамыз дегендей. Сондықтан, үйіңіз
қанша ұнап, мұндай үйде бұрын-соңды тұрып көрмегенімді мойындасам
да, тегін тұра алмаймын. Тең праволы тұрғын болуым үшін солай етуім
керек. Екінші шартым – осы. – Бұл заманның баласын бері тартсаң, əрі
тартады. Сенен алған жиырма, жиырма бес соммен жыртығымды
жамамаймын. Адамның сөзін айтып отырсам, теріс сөйлейтінің не, сен
шошқаның? «Жүсіп үйіне пəтерші жіберіп, пайда тауып отыр» деп жүрсе
біреулер, маған өлім емес пе? Солай, шырақ! Кемпір екеуіміз дүние жиған
жан емеспіз. Адал еңбегімізбен өмір сүріп, ақ жолмен жүріп кəрілікке бет
алған емеспін. Даңғарадай үй салсам, өз тірлігімнің жемісі. Балама əкеден
мұраға қалсын деп тыраштанған тіршілік. Талай мекемеде істеп кетсем де
соқыр тиын тістеп кеткен жан емеспін. Ақ жүрген кісі тоқ жүрер болар.
Сондықтан сендерден бір тиын ақша алмаймын. – Демек, ортақ тіл табыса
алмадық. Рақмет сізге, мен түсіп қалайын. – Тоқта-ей, шошқа! Мүмкін, бір
ақыл табармыз. Екеуіміз біраз саудаласып, ақырында электр қуаты мен
тасымал газды еркін пайдалану үшін оларға ақшаны мен төлейтін болдым.
Сол күні-ақ жүгімді Жүкеңнің машинасына тиеп алып, жаңа қонысқа көшіп
алдым. Абырой болғанда, үйде Алексей мен Тамара жоқ екен. Еш нəрсенің
мəнін ұқпаған Соня шешей біраз ренжіді. «Не үшін өкпеледің? Саған
ешкім ештеңе айтпаған сияқты еді ғой» дейді.
– Жоқ, шешетай, жас баламен тар үйді одан əрі тарылтпайық дедім.
Ешкімге өкпеміз жоқ. Бағила шыққан соң, келіп тұрамыз, – деймін ағымнан
жарылып. Дəл осы сөзді айтып, Алексейлерге хат жазып кеттім.
Айтқанымды орындап, кейінірек Бағила, сонан соң Мұрат дейтін
отбасымыздың жас азаматы үшеуіміз Алексейдің үйіне қонаққа қыдырып
барып қайттық. Біздің төбемізді терезеден көрген бетте, жүз жасағыр, Соня
шешей шықты сүрініп-жығылып. Көрпесіне оранып, ұйқыны соғып жатқан
Мұратты бас салды. Өзіне ғана тəн акцентімен əлденелерін айтып, туған
немересін көргендей мəз, қуанып жүр. Алексей мен Тамара өздері жоқта
рұқсатсыз кеткеніміз үшін өкпелеп, көпке дейін іштерін бере қойған жоқ.
Екеуі Бағилаға Мұраттай ұлды болуына байланысты біраз құттықтау
сөздерді айтқан соң əңгіме таусылып қалды. – Біз екеуіңе тым болмаса бір
рет жамандық жасадық па? Өзіміз барда кəдімгідей жөндеріңді айтып,
қоштасып кетсеңдер де болушы еді ғой! Ұстап алып жібермей қояды
дедіңдер ме? Қанша туыстай ұғыстық, татутəтті тұрдық десек те, жат
екенбіз сендерге! – Тамараның əдемі жанары жасаурап, қаймыжықтай ерні
дірілдеді. Мен олардың онсыз да тар үйінде қысылмай тұрулары үшін
өзімше жақсылық жасадым деп жүргенде, керісінше ерлі-зайыптыларды
мейлінше өкпелетіп алғанымды білдім. Біреудің өздерінің бойына шақ
шапағатын келесі біреуге көрсеткені үшін өзін бақытты сезінетін кезі
болады. Егер жақсылық жасаған адамы оның қадір-қасиетін білмей, алғыс
айтудың орнына үн-түнсіз өз жөнімен кетер болса, ол адам қандай күйге
түсер еді? Ашығын айтсам, менің əрекетім тура сондай болып шығыпты.
Бірақ «Жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап», өтер іс өткен соң өкіндің
не, өкінбедің не? Бар кінəны өз мойныма алып, ақталып бағып мен
жатырмын. Ақкөңіл Алексей алдымен жібіді. Жібір алдында: «Жақсы
емес» дегеннің орысшасын үш қайталады да, магазинге баруға жиналды.
Одан кейін Тамара жібіді. Жібір алдында: «Мынау құйттай Мұрат алғаш
рет есік ашып отыр. Əйтпегенде бар ғой екеуіңді үйден айдап шығар едім»
дегенді айтып, əмиəнін Алексейге берді. Соня шешейді қойшы, о бастан-ақ
кегі жоқ, өкпесі жоқ кең адам ғой. Ұлы мен келінінің жібігеніне мəз. Бізге
қарап күлімдеп, жанып жатқан газды одан əрі жаға түспек болып, тұтқасын
бұрайды. Қайнамай жатқан шəугімнің қақпағын он рет ашып, он рет
жапты, Сережа сол сыздаған күйі бас изеп қана сыртқа беттеген. Ол шығып
бара жатқанда əкесі: – Əй, Сережа, Қуан ағаңның жақсылығы үшін рақмет
айттың ба? – деп кідірткен. Сережа «Рақмет!» деді де, шығып кетті. Содан
оралған жоқ. Ал сөзшең Наташа да бізге қатты өкпелегенін екі-үш дүркін
айтып, шешесінен екі дүркін ескерту алған соң, Мұраттың маған айнымай
тартқанын дəлелдеп жүріп, баланы қызықтап кетті. Не керек, тіпті бірге
туысуымыз мүмкін емес, бірақ туысқанға бергісіз болып кеткен төртеуіміз
Соня шешеймен жəне Наташа сөзшеңмен алтауымыз қайта ұғыстық. Біз
бұл үйден кетерде ыңғайсыздау жағдайға ұшыраған Сережаның жайын
сұрайын деп қанша оқталсам да батылым бармады. Табалағандай
болмайын дедім. Тек «Сережа батырдың жұмысы қалай, төселіп қалған
болар?» деген жалпылама ғана сауал қойғанымда Тамараның берген
жауабынан ұлына əлі көңілінің толмайтынын сезуге болар еді: – Е, жүр ғой.
Нені қырып жүр дейсің, сол шіркін! – Бірақ Алексей дау айтқан: – Тұқырта
беретін ештеңе жоқ. Елдің баласы жұмысты сондай-ақ істесін. Өз
баламызды жамандағанда ел бізге жақсы баласын берер деймісің?! – Рас-ау,
– деппін мен де шыдай алмай. Жалғыз ауыз қолдау сөзім қанаттандырса
керек, мен сұрай алмай отырған мəселеге Алексейдің өзі ойысты. – Қуан-ау,
«Сережа кітап киоскісін тонапты» деп бəріміз қара жамылып кете жаздаған
оқиғаны ұмытпаған боларсың. Түптеп келгенде, оның бұл «қылмысын»
мен əділдік үшін күрестің тым қолапайсыз түрі дер едім. Əйтпесе, өзің
ойлашы. «Күндіз бермеген тиесілі кітабымды түнде алдым, ақшасы мынау»
деп өзі есігін ашып кірген киоскіге шын тонаушы хат қалдыра ма?! Абырой
болғанда, оны өзің арашалап қалдың. Рақмет! Басқа не дейін?!
Шындығында бұл мен білмейтін факті еді. Үн-түнсіз жүретін Сережа
жанының тазалығына мен шын таңданып, оның ертеңінің Алексей
күткендей дұрыс боларына күмəнданғым келмеді. – Мынау – ағаңның
сыйы. Сендерге арнап жасалып еді, өздерің ала кетіңдер, – дейді Алексей
төрт сирағы жиналмалы көк үстелді бүктеп беріп жатып. – Көр де тұр,
кейін үй алғанда да бір кəдеңе жарайды. Олар бізге, біз оларға келіп тұрмақ
болдық. Бірақ... кейіндері бірер дүркін араласқан соң, тағы да тіршілік өз
соқпағына салып əкетті де, хабарласа алмай кете барғанбыз... * * * – Əй,
шошқалар, қайда бара жатырсыңдар? – Мұратты таза ауаға қыдыртып
келейік деп едік. – Бұл шошқалардың бесіктен белдері шықпай жатып
балажандарын қайтерсің?! Сөзді қойыңдар да, шешініңдер. Қазір монпар
даяр болады. Кемпір-ей, у сарымсағыңнан молырақ турап, тұздық жасай
берші. – Есіктен не шығарымызды, не шықпасымызды білмей тұрған бізге
ол тағы да ақия қарады. Өсімдік майына шыланған етшең қолын құс
қанатындай екі жағына жайып жіберіп, менің қолымдағы Мұратқа мекірене
ұмтылды. Мойны бекіп, тіпті Жүкеңнің кішігірім қазандай басын көргенде
аузын ашып, күлуге жарап қалған ұлымызды емірене иіскеді. – Ұлым-ай!
Мұратжаным-ай! Мына екі шошқа сені алып қашып бара ма? Қане, қане,
атаңа қарап күлші! Қане, мен екеуіңе не дедім? Алдымен аталарыңның
жасаған монпарын жейсіңдер, сонан кейін қайда кетсеңдер, онда кетіңдер.
Ал Мұратжан екеуіміз бөлек қыдырамыз. Балаға атасы сияқты əн айтып
бере алмайсыңдар. Солай ма, ұлым?! Əне, Мұратжан сендермен
қыдырғысы келмейді. Біз қайтадан шешінгенше ол əбден иін қандырып,
жуандығын оқтаудай етіп созып алған қамырды иығындағы ұзын таза
орамалдың үстіне тастай салды да, бір қырындап тұра қалып, газ
плитасында сақылдап қайнап жатқан сорпаға жаңағы қамырдан түймедейтүймедей ғып үзіп алып, лыпылдатып лақтыра бастады. Быртиған жуан
саусақтар жып-жып етіп, көз ілестірмейді. Соншама дəлдікпен, біркелкі
ырғақпен жұмыс істеп тұрған қол емес, бір машинаның тетігі сияқты.
Жылтыраған қасқа бастың қызыл күрең шекесі шып-шып терлеп, өзінің ең
сүйікті хоббиі – аспаздық өнерінен ерекше лəззат алып тұрғандай. –
«Жігітке жеті өнер де аз» дейді атаң қазақ. Мен айтар едім, жігітке жетпіс
өнер де аз деп. Бір кезде жолдас-жораларым ағаш жонып, теміртерсекке
үйір болып жүретінімді құптаса да, əйелімнен бұрын тамақ істеп, іс
тіккенімді жаратпай, «қатын басшасың» дер еді. Жұрт не демейді? «Өнерді
үйрен де жирен» деген. Қолымның іскерлігінен зиян шегіп көрген емен. Бір
кезде осы қаладағы ең үлкен ресторанның үйренуші-аспазы, бір жарым
жыл өтпей бас аспазы болып істедім. Қолыма жұғып қалғаны, кəне?! Қазір
жүзден астам жұмысшы-қызметкерлері бар ірі мекеменің бастығы болсам
да, үш-төрт жыл жүріп, осы даңғарадай үйдің негізгі шаруасының денін өз
қолыммен салып бітірдім. Жүкең көбінесе маған осындай уағыз шертер еді.
Қанша жерден ақылын айтып, уағызын оқыса да, монпар қамырын
мынандай жылдамдықпен үзіп, қазанға тастау өнерін бес жыл оқытса да
үйрене алмаспын деп ойладым. «Жігітке жетпіс өнер де аз» деп, мақалға
өзгеріс енгізуінің тегін еместігіне күн өткен сайын көзім жете түскендей.
Ол көшіп келген күні-ақ үйінің бірінші қабатындағы шеберханасын
көрсеткен. Оны өзі қазақшалап, «ұстахана» деп атайды екен. Жүздей
адамға той өткізуге болардай өте кең бөлмедегі қажетті заттардың молдығы
жағынан үстіңгі қабаттағы өзі тұрып жатқан бөлмелерден де «іштірек,
дəулеттілеу» еді. Бөлменің бір шеті ағаш бұйымдарын өңдеуге арналса, бір
жағы темір бұйымдарын əзірлеуге бейімделіпті. Көрік, төс сияқты көне
саймандардан бастап, ағаш, темір өңдейтін станоктарға дейін қойылыпты.
– Үйдің есік-терезелері ұнады ма? – деп сұраған ол ұстаханасын көрсетіп
жүріп.
– Əрине, ұнайды, – дегенмін мен, – жақсы шебердің қолынан шыққан
дүниелер екен. – «Жақсы шебердің қолынан шыққан» деп бағаласаң,
солардың бəрі де – өз қолымнан шыққан бұйымдар. Ақша үнемдеу үшін
емес, өзім жан рахатын алу үшін жасаймын. Əсіресе, жұмыстан шаршап
немесе əлденеге қиналып, ойланған сəтіңде келіп, ағаш жонсаң, болмаса
темірден əлдене соқсаң, демалып қаласың. Ойлардан арыласың, – деген ол.
Шыны керек, бұл үйге келіп, біздің қоныс теуіп, Жүкеңнің даңғарадай кең
үйіне кіріп-шығатындар санын молайтқанымызға үш-төрт айдың жүзі
болса да, менің осы бір аузын ашса, көмекейі көрінетін адамды ойда жоқта
тапқаныма қуанышым мен ренішімнің ара салмағы деңгейлес сияқты. Олай
дейтінім, менің кішкентай Мұратымның барын естігендер: «Жас баласы
бар кісіні ала алмаймыз» деп, жүректі қарайтқан шақта мұндай жандардың
туған ата-анаңдай құшақтарын ашып, төрінен орын бергені қаншалықты
қуандырса, ақсақалымның үйіне тегін тұрғызғанымен қоймай өз
қазаныңды көтеруге мұрша бермей, бір күн лағман, бір күн мантым деп
бізді асырауды өз мойнына алғандай зорлап тамақтандыратыны қинайды.
Даяр асқа əзір болып отыру адамды рухани кемсітіп, төменшектетеді екен.
Олардан қалыспай өзіміз де бір күн анауымыз, бір күн мынауымыз деп ас
даярлауға жас отаудың материалдық жағдайы көтере бермейді. Көтерген
күнде де дəл Жүкеңнің өзіндей дəмді тағам пісіре алмасымыз да анық.
Дəмсіз тағамды ол кісі татып та алмайды. Бағила екеуіміздің бар тапқан
айламыз ерлер атаулының төл мерекесі болып кеткен əскерилер күні –
жиырма үшінші ақпан күні атамызға, ұмытпасам елу сегізінші размерлі бір
күртке сатып əкеп сыйлағанбыз. Химияның жетістігімен жасалған жұқа
балониден тігілген киімдер ол кезде шалдарды қойғанда, жастардың
қолына түсе бермейтін. Сəті түскенде, «Қара базардан» пұлына қарамай
тапқанымызға қуанғанбыз. Шалымызға арнап тіккендей, қона кетті.
Жылтыраған көк күрткені киіп алып, кемпірінің алдынан ойқастасын-ай
келіп. «Қалай, қатып кетті емес пе?» дейді. «Мынаны киіп шықсам, жастау
келіншектер жетелеп кетіп, шалыңнан айырылып қаласың-ау» дейді.
Қойшы, əйтеуір, балаша мəз болды. «Əскерге бір емес екі дүркін барып,
қан майданның ортасынан келсем де мына жаман кемпірім осы мереке
күнін ескермеуші еді, шешелерін бір ұялтқан балаларымнан айналдым»
дейді. Не керек, біз өзіміз «тауып кеткен» мына ғажайып шешімнен кейін
он шақты күн үйге еркін кіріп, атамыздың кеспесін қысылмай жеп жүрдік.
Амал не, біз жасаған бір қарапайым комбинация өміршең еместігін сол он
шақты күннен кейін-ақ, көрсетіп берді. Əйел атаулының төл мерекесі
болып əбден қалыптасқан сегізінші наурыз күні біз Шағи шешемізге
көйлектен сый əкеліп отырсақ, Жүкең Бағилаға тағы да сол кезде ұшпай
тұрған балони плащты тауып əкеліпті. Мереке құрметіне деп ертерек
даярланып, өз бөлмемізге дастарқан жайып, екеуін түшпəрəмен сыйлап
едік. Олардың қазақша пісірген еттері де даяр тұр екен... Сөйтіп, бірбіріміздің көңілімізден шығу үшін көзге көрінбейтін іштей бəсекеге түсіп
кеткен сияқтымыз. Бағила атасының екі кісінің бұты еркін сыйып кететін
шалбары мен бір жарым кісінің кеудесі қиналмай жоқ боп кететін
көйлектерін қолы қалт еткенде үтіктей салса, мен нан-тұздан бастап,
барлық керек-жарақты дүкеннен жеткізіп беруге, ауланы сыпырып, қар
күреуге, отын жарып, от жаға салуға тіленіп, даяр тұрамын. Айтқызбай-ақ
өзім жөн деп тапқан істі өзім біліп, тындыруға тырысамын. Тек
ұстаханасын сыпырып-сиырғаным болмаса, ондағы шаруасына
араласпаймын. Араласқанмен, қолымнан келмесі анық еді. Жүкең оның
есесіне кешкі тамақтан соң, «Əй, шошқалар, ұлымды киіндіріңдер,
қыдырып қайтамыз» дер еді. Содан қазақшадан бастап, орысша,
қырғызшасын қосып, татар жырларына əкеліп тірейтін əндерін соғып,
Мұратты көтеріп жүріп ұйықтату борышынан жаңылған емес. Мен осы
үйде əр күні түнеп шыққан сайын бойының ұзындығы мен көлденеңі
бірдей қасқа бас қара шал мен тұлғасы оның ширегіне жетпейтін шүйкедей
сары кемпірді шынында осылар менің нағыз екі туып, бір қалғаным емес
пе екен деп те ойлаймын. Бірақ олардың туыспақ түгілі қиыспайтыны да
түсінікті дүние. Бізді оларға жақындатқан Бағила екеуіміздің ағалап,
сыйлап тұруымызбен бірге, олардың жастары келе бастаған кезде тарта
бастаған жалғыздық азабы-ау деп пайымдаймын. Оның үстіне, өз
ғұмырларында əке болу, шеше болу дегеннен мүлде күдер үзген
шақтарында ия аз, ия көп тұрып, жөніне кетер біздің кішкентай сəбиіміздің
ірімшік иісіне, «Ұлым-ай!» дегенде шалықтап, езу тартқанына мəз болып,
алданып жүргендей. Осындай мамыражай тіршілігімізге ойда жоқта өзгеріс
енгізген кішігірім бір оқиға болды. Күз демі суып, қыс ызғары бел ала
бастаған шақта газеттің іссапарымен шалғай облыстардың біріне жолға
барып қайтқанмын. Газет қызметкері болғандықтан, жиі-жиі жазып тұруың
қажет. Жазбайтын журналист – журналист емес. Жазып тұру үшін жиі-жиі
ел аралап, жолға шығып тұру қажет. «Ер азығы мен бөрі азығы – жолда!»
дегендей журналистің «азығы» да қалың елдің ішінде. Арнайы
тапсырмаңды орындап тастаған соң тағы да жолшыбай «іле кетер» не бар
дегендей мойныңды жанжаққа соза жүресің. Сондай бір сапардан оралған
соң əр түрлі тақырыпқа бір очерк, екі-үш мақала жазып, газетке
жариялағанмын. Мақалалардың бірі «Арақ аздырады» деген айдармен
мораль тақырыбына жазылған дүние болатын. – Бүгін мынандай дүнием
газетке шықты, – деп, Жүкеңе текке қарап жүрмегенімді білдірейін
дегендей есеп берер едім. Ағамыз: – Өй, шошқа, жарайсың! – деп, бір
мақтап қойып, көзілдірігін танауының желбезегіне қондырып алып, оқуға
кірісер еді. Ұзақ уақыт зерттей оқып шыққан соң, бағасын айтатын. Көңілі
түссе, «Жарайсың, жақсы екен» деп, ойынан шықпай қалса, «Осынша
көпірме сөздің қажеті қанша?» деп, төбеңнен жай түскендей дүңк еткізер
еді. Сондықтан редакцияда өтер лездемеге дейінгі менің жалғыз сыншым –
өз қожайыным болатын. «Арақ аздырады» айдарымен жарық көрген
«Шаңырақ неге шайқалды?» атты үлкен мақаланы да «Жүкеңе ұнар-ау»
деген оймен қолына мақтанышпен ұстата қойғанмын. Мақалада мен барып
қайтқан ауданның орталығында тұратын Қасымхан есімді бір адамның
маскүнемдікке салынып, жиырма жыл отасқан отбасынан ажырасқанын,
жұмысынан да қуылып, ел кезіп, каңғып кеткенін оңдырмай сынағанмын.
Қасымханның маскүнемдік дертке ден қоя бастаған тұсында ол етікші
болып жұмыс істейтін аудандық тұрмыстық қажетті өтеу комбинаты
ұжымының, жолдастарының оның дұрыс жолға түсуіне пəрменді ықпал ете
алмағанын, соның салдарынан бұл күнде қадір тұтып, төбеге көтеруге
тиісті адамның азып-тозып кеткенін өкіне отырып баяндағанмын. «Міне,
кеше біздің бейбіт тіршілігіміз үшін майдан даласында бір аяғын қалдырып
қайтқан ардагер азамат жиырма жыл отасқан зайыбына, алды азамат
болып, отау тіккен бес бірдей балаға, сонау соғыстан оралғаннан бері үзбей
еңбек етіп келе жатқан жұмыс орнына «қажетсіз адам» болып, қаңғып
кетті. Келін жұмсап, немере иіскер шақта шаңырақ шайқалды, заңды еңбек
демалысына құрметпен шығар кезде жұмыстан қуылды. Неге? Неге?!»
деген екіленген сұрақтармен аяқталатын мақала. – Өй, шошқа, Қасымхан
Түңлікбаев дейсің бе-ей? Құдай-ау, бар екен ғой қайран азамат! – деп,
Жүкең мақаланың алғашқы абзацын оқып шыққан соң, орнынан атып
тұрған. – Ол кісіні қайдан танушы едіңіз? – деймін мен қожайынымның
жүзіне сұраулы жүзбен қарап. – Өй, шошқа, «Қайдан танушы едіңіз?» дейді
ғой. Төрт жыл бірге соғысқан қанды көйлек досым болса, неге
танымаймын? Өй, өзі де жаужүрек ер жігіт еді-ау... Апыр-ай, сөйтіп бар
деші?!
– Мынау кездейсоқтыққа аң-таң қалып мен отырмын. Ыдыс-аяғын жуыпшайып жүрген Шағи шешеміз де диванға келіп отырды. Ағамыздың бүкіл
бес бөлмелі үйді басына көтерген қуанышты үнінен ерекше бір жаңалық
күткендей. Бағила та біз отырған бөлмеге кірді. Ағамыз əрі қарай оқуға
шамасы келмей, əлі қуанышты сөздерін жалғастырды. – Бəсе, қажытып
біткен қырғын соғыс та аяқталды-ау деген сəтте қалай шеһит болады? Егер
олай болса, ол тағдырдың əділетсіздігі болар еді ғой!.. Иə, иə, Берлинге
шабуыл жасап жатқан кезде болатын, көз жазып қалғаным. Маған оны
«қаза тапты» деп еді, апыр-ай, тірі екен-ау, бар екен-ау, азамат! Шамасы,
шал мақаламның бір шекесінде тұрған «Арақ аздырады» деген айдарды
көрмесе, жалпы бұл дүниенің жазылу мақсатын түсінбесе керек. Оның
үстіне, алғашқы абзацтарда оның соғысқа дейінгі, майдан кезінде, тіпті
кейінге дейін қандай айтулы азамат болғандығы тəптіштеліп жазылған.
Жүкең бұл оны мақтап жазылған материал десе керек: «Солай болса керек
еді!» деп қояды сүйсініп. «Қап, мақаланы оқи келе қуанышыңыз су
сепкендей басылады-ау» деп іштей қиналып мен отырмын. Айтқанымдайақ, мақаланың екінші бағанына түсе бере ағамыздың жалтыраған кең
маңдайының қыртыстары молайып, үстіңгі ерні жымқырыла бастады. –
Немене байғұстың бала-шағасы бар ма екен, əйтеуір? – деген Шағи
шешеміздің шыдамай жол ортадан қойған сұрағына Жүкең: «Тоқтай
тұршыей!» деп дүңк ете қалды. Қазыққа мінгендей қыпылдап мен
отырмын. «Не пəле жазып қойып едің?» дегендей Шағи шешей жаутаңдап,
маған қарады. «Қарап жүрмей, қайдағыны жазып, тағы бірдеңені
бүлдіргенсің ғой» дегендей Бағила та ала көзін өңменіме қадады. Əйтеуір
ес кетіп, жан шықты дегенде ағамыз етектей мақаланы оқып болды да,
газетті үстелге тастай берді. Сөйтті де ауыр бір күрсініп:
– Е, шошқам-ай, солай деші... Немене, оған өзің жолығып, сөйлестің бе? –
деді бір түрлі шаршаңқы үнмен. – Сөйлескен болдым ғой. «Əңгімелескің
келсе, алдымен басымды жазатын бірдеңе алып бер» деген соң бір жарты
шарап сатып əпердім. – Сонда не дейді өзі? «Баяғыда, сол Берлиннің
түбінде өлген адаммын. Қазір алдыңда отырған тірі аруақ қана» дейді. «Сіз
сияқты бір мүшесінен айырылған азаматтар аз ба? Бəрі де елдің қадірлісі,
төбеге көтерер құрметті адамы. Мүгедектігіңіз үшін жеңіл машина,
жетерлік зейнетақы да беріпті. Балашағаңыз болса анау» десем,
«Шырағым, ақылың артық болса, басыңа езіп жақ» дейді... «Маған мораль
оқуға Алматыдан келгенді қойып, аспаннан екі аяғың салбырап түссең де
мен сөз ұғудан кеткенмін. Азаптанба... » дейді... – Өй, шошқа, сол!
– Ағамыздың бұл «шошқасының» иə майдандас досына, иə маған
арналғанына жіп таға алмадым. Тағы да менен біраз жайды анықтап сұрап
болған соң кемпіріне қарап: – Менің киім-кешектерімді даярлашы.
Бастығым босатса, ертең-ақ жол жүремін! – деді. Үнін баяу шығарып,
жұмсартып айтқанымен бұйрыққа бергісіз ғып кесіп айтты. Ойламаған
жерден кінəлі болған жандай, мойнымнан суым кетіп, бөлмеме қайттым. –
Өзің де бір мақтаншақ бəлесің ғой, несіне лепілдеп барып, мақаланы
көрсете қойдың? – дейді Бағила та ренжіп. Ертеңіне жұмыстан келсем
ағамыз түске дейін-ақ екі-үш күнге жұмысынан босап, Қасымхан досы
тұратын қалаға жүріп кетіпті.
– Е, ақжүрек қой ағаларың. «Атының сыры иесіне мəлім» дегендей
шалымды білетінім рас болса, майдандас досын бір жайлы қылмай жар
құлағы жастыққа тимейді, – дейді Шағи шешеміз. – «Сондай-сондай бір
досым болушы еді, майданның соңғы күндері қаза тапты» деп, жиі айтып
отырушы еді. Не болғанда да, сенің оны тауып келгенің дұрыс болды. Шал
байғұс біреуге жақсылық жасағанның өзінен рақат табады ғой. – Қайдам,
мен көрген Қасымхан болса, жақсылық жасаудан өтіңкіреп кеткен адам, –
деймін мен сенімді түрде. Дегенмен күні кеше ғана бүкіл республика
жұртшылығы алдында əшкерелеп, етектей мақала жазған адамымды алып
келіп, мені масқара ете ме деген де күдігім жоқ емес. Амал қанша, күдігім
расқа шықты. Екі-үш күн өтпей-ақ Жүкең Қасымханды таксилетіп алып
жетіп келсін. Мен көргендегі сақал-мұрты бейберекет өсіп, үсті-басы албажұлба болған кəдімгі маскүнем емес, мұнтаздай жуыныпшайынып, таптаза киінген кісі. «Ол киіп келген ине-жіптен шыққан жаңа киімдер мұнда
қайдан болсын, шамасы, Жүкең алып берген болар» деп түйдім. Бірақ
қалай киініп, қалай жуынса да топырағы ашылып қалып, күн тиіп көгерген
жас картоптай көгілжімденген беті, жұдырықтай болып домбыға қызарған
мұрны сол қалпы. «Ə, мені қыратындай болып, газетке жазған мырза, өзің
де менің досымның босағасын паналаған байғұс па едің?» деп табалап,
жігерімді құм ете ме деп едім. Жоқ, маскүнем адамда намыс деген болмай
ма, əлде танымады ма, əлде Жүкең «Ол жігітке тиісуші болма» деп үйретіп
қойған ба, əйтеуір, өзім жолыққандағыдай тым төменшік, тым бейкүнə
қалпы сəлемдесті де қойды. Қырық жыл жоғалып табылған жалғыз інісімен
табысқандай Жүкең арқа-жарқа. Жарымжан досын көтергендей ғып,
сүйемелдеп үйге енгізді. Қолма-қол мені дүкенге жұмсап, бес-алты шөлмек
ағы бар, коньягі бар ішімдік алдырды. «Осыдан азап шегіп жүрген жанға
мынау сый-сияпаты қалай болар екен?» деп мен тұрмын.
– Ал, досым, – деді Жүкең мол дастарқанның шетіне отырған соң. – Мынау
Қуаныш дейтін менің інім. Сен, Қасеке, бұған ренжіме. Егер бұл сенімен
кездесіп, сен туралы мақала жазбаса, баяғыда өліп қалды деп жүрген өзіңді
мен қайдан табар едім?.. Ендігі айтарым, он бес жыл ішпеген дүнием еді,
сенің өліп-тірілгенің үшін, азып-тозып, су аяғы құрдымға құлар шағыңда
тауып алғаным үшін бір елу грамды мен де ауыз тиейін. Одан артыққа
өтініш жасама. Ал өзіңе бір апта еркіндік беремін. Сыртқа шықпай, осы
үйде жатып ішесің. Өліп қалмасаң болды. Тұмсығыңа құйсаң да
жетерліктей ғып арағыңды да əкеліп беремін. Өкінішің кетпесін. «Тым
болмаса, бала-шаға, үй-жай, абырой, беделді жолына құрбан еткен ескі
досым – ішімдікпен қоштасар алдында тоя бір ішпедім-ау» деп
армандамайтын бол. Сонан кейін бар ғой, сені баяғы Қасымхан ғып ел
қатарына қайта қосамын. Қосылмасаң, біржола шошқа ғып, құртып
тынамын... Сүйегің осы Алматының бір қорымында қалады. Сені ешкімнің
іздемесіне кепілдік беремін... Жүкеңнің айтқан сөздерін қаншалықты
ұққан-ұқпағанын білмеймін, қонағымыз үстел үстінде сап түзеп тұрған бір
ақ, бір коньяк қос шөлмекке мөлие бір қарап алды да: – Жолдас сержант,
бұларды несіне алғансың? Қызылдары, арзанқол шараптары жоқ па екен? –
деді жайымен ғана.
– Е, бұлар ішіңе жақпаушы ма еді?
– Жағуын жағады ғой. Бірақ көптен ішіп көрмеген соң... Оның үстіне,
ашуы қатты шіркін, рақатын сезініп үлгергенімше алып ұрмай ма, жолдас
сержант. – Өй, шошқа! Жүсіп десең аузыңа теміреткі түсе ме? Баяғы
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Біз Қалада Тұрамыз - 10
  • Büleklär
  • Біз Қалада Тұрамыз - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3817
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2253
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2282
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3989
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2304
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2280
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3939
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4046
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2210
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2134
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2275
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2226
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3953
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2253
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2239
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4001
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3916
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4011
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2297
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3414
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2029
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.