Latin Common Turkic

Біз Қалада Тұрамыз - 03

Süzlärneñ gomumi sanı 3989
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2304
33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
кегжиді. – Сонда, обед мəселесі шешілді ме өзі? – деп Серікжан тікелей
шабуылға көшті. Қалтамда сылдырлаған артық тиыным болмаған соң
қысылып қалғаным рас еді, жағдайымды бек түсінсе керек, хат тіркеуші
болғанмен, бəрінің анасы іспетті адам екеніне көп кешікпей-ақ көз жеткен
Бүбітай əпкем маған көмек қолын созды. – Əй, өңшең қу ұлдарым-ай,
Қуаныш баланы бүгін қыспасаңдар да болады ғой. Жаңа қызметкер деген
алғашқы айлығын алған соң жумас па еді?! Жан алқымынан дəл бүгін
алмасаңдаршы...
– Апай-ау, бір ай бойы бұған «прəпеске» жасатпай қалай жүреміз енді?!
Бізді қойыңызшы, бұл жігіттің өзіне ұяттау болады ғой. Қартбайдың үзілдікесілді шартынан кейін апайымыз орындығына ілулі тұрған қоңыр
сөмкесіне қол созған. – Жарайды, мен қарыз бере тұрайын Қуанышқа, –
деп, оттай жанған он сомдықты суырып алып, маған ұсына берген.
– Бұл – өте көп ақша, – деді Қуанышбек əбжілдік көрсетіп, ақшаны
апайымыздың қолынан лып еткізіп алды да қалтасына салды. – Қызыл
қағазды обедке қор қылмайық. Бұл ақшаның қызығын бір беделділеу жерге
барып кешкілік көрейік. Ал тұсаукесер ме, əлде беташар ма, бүгінгі обедін
өзім-ақ жасап берейін. Бұлардың салты бойынша, мұндай кішігірім
«жуыстар» кеңсеге жақын жердегі «Қуанышбекторг» деп аталатын
сыраханада өтеді екен. Жұмысқа қабылдану рəсімін бірер саптыаяқ
сырамен, бір-бір тəрелке дүнген кеспесімен жəне дүкеннен əкелген бірер
шөлмекпен атап өткен соң жəне апайымыз берген он сомдықтың игілігін
соңғы тиыны қалғанша кешкілік көрген соң олармен қоян-қолтық араласып
кете бардық. Жексенбі күндері үйде отыру жоқ. Қырық сылтаумен
біріміздің туған күніміз деп, біріміз жаңа костюм алсақ та, соны «жуамыз»
деп, тұрған үйлерімізге кезек-кезек қыдырып жүргеніміз. Менен бір жыл,
екі жыл бұрын университетті бітіріп келген, біразы əлі үй алып үлгірмей
пəтерде жүрген жігіттер. Тіпті үйіміз жоқ деп жүрген біз жоқ, өйткені бірге
жүргендеріміздің дені жаңа үйленіп, отбастары үлкеймеген, салт бастылар.
Басқасының көңілі баяғыдай болған соң бізге не жорық!? Əминат туған
шешеміздей болып кеткен адам, ерте келдің, кеш келдің деп жатқан ол жоқ.
Бағила екеуіміз алғашқы айлығымызды алған күні ол кісіге асыл матадан
көйлек сатып əкеліп бергенбіз.
– Қойыңдар, айналайындар. Өздерің жаңа талап, жас отаусыңдар. Мен
сендерді сынайтын адам емеспін. Үйде тұрсаңдар, тегін тұрып жүрген
жоқсыңдар, мұндай қымбат сыйды ала алмаймын. Егер берер болсаңдар,
екі-үш ай пəтердің ақшасын төлемеңдер. Тіпті мен сендерден сол пəтерақы
дегенді алмай-ақ қояр едім, бірақ өздеріңді біреуге тəуелді сезініп
жүресіңдер ме деп ойлаймын, – деп азар да безер болған. – Жоқ, шешей,
біздің де əке-шешеміз шалғайда жатыр. Қазір солардың орнындағы жалғыз
сізсіз. Алғашқы айлығымызға алған тартуымызды алмасаңыз, біз де
ренжиміз, – деп біз жабысқанбыз. Баласын ескерсек, бізге бауыр баса түсер
деген есеппен оған қызыл ала жаздық жейде де алғанбыз.
– Айналайындар, дүниенің қадірін білесіңдер ме сендер. Ертең үй алып
шыққанда да жинаған қаржыларың болса, қажетке аспас па? – Əминат
шешей əлденені айта алмай отырғандай күмілжіп қалды. Сонан соң бір
күрсініп алды да, былай деді:
– Рахманның көп қаржысы болғанда біз өстіп туған жерден жырақтап,
ағайыннан алшақтап кетер ме едік?.. Туған-туысқаннан кім қалды, əкешеше
бар ма – одан да бейхабар жүргелі бір азамат ғұмыр уақыт өтті... Мен сол
күні Əминат шешеймен түннің бір уағына дейін əңгімелестім. Бұрындары
əр жерінен үзіп-жұлып естіген өмір жолына енді қанғандаймын.
ƏМИНАТ АЙТҚАН
Аспанмен тілдескен ақ бас шыңдары бар биік таудың бір қойнауына бұйыға
орналасқан шағын қыстақта əке-шешесінің, азуларын айға білеген үш
бірдей ағаның ортасында уайым-қайғысыз қызыл гүлдей бір қыз өсіп келе
жатады. Ол анау зеңгір аспан астында, мынау бірінен-бірі иық асырып
аспанға шаншыла біткен сүйір төбе таулардың құшағында жатқан бейбіт
тіршіліктен басқа кең дүниенің барын да қаперіне алмай, қамсыз
бойжетеді. Уақыт жылжыған сайын бұрынғы балғын қыз шағындағындай
оны қар жастанып өсер үлпілдек қаргүлін теруге үй іші еркін жібермейтін
болады. Жүзімдікке барғанда да жеңгелері қия бастырып, қырқа
астыртпайтын, соған егескендей ауылдың түбіт мұрт, жас пері бозбалалары
да сұр елтірі қоқайма бөріктерін шекелете киіп алып, орайын тапса, қызбен
тілдесіп қалуға, əзілдесіп сөйлесуге құмар болатын. Бір күні қыздың үйіне
екінші қыстақта тұратын бір-екі қария қыдырып келеді. Қастарында майға
тыққан қасықтай жылмаңдаған сұлу мұрт, сыптығыр қара жас жігіт бар.
«Е, əншейін қыдырып жүрген адамдар болар» деп ойлайды қыз. Бірақ
қонақтар бұлар сыйлаған жəне өздері сыйға əкелген үлкен қыш
құмырадағы жүзім шарабын ішіп, кеш батқанға дейін отырысады. Жəй
отырмайды, дуылдатып, қонақтар да, үй иелері де əн салып, шерлерін бір
тарқатысады. Үйге кіріп-шыққан сайын сыптығыр қара көзімен қызды
жұтып жіберердей еміне қарайды. Бірақ «əйел заты, əсіресе, тұрмысқа
шықпаған қыз бөгде ер адамға қарауға болмайды» деген жеңгелерінің сөзін
пірдей тұтқан бойжеткен қадалған жанарды жүрегімен сезеді, сезген сайын
үркек көңілге секем ұялай бастайды.
– Анау кіріп-шығып жүрген жігітті көрдің бе? – дейді бірде кіші жеңгесі. –
Көрсең, болашақ жарың сол болып қалар. Əкеңіз біраз шалқайғанмен,
осылардың ыңғайына жығыла бастағанын сезіп отырмын. Өздері де бір
сенің жолыңнан мал-жандарын аяйтын емес. Бойжеткеннің тұла-бойын
бұрын сезініп көрмеген бір жалын шарпиды. Əлде ұяттың, əлде өз үйінің
оң жағында аға-жеңгелерінің, əкешешесінің ортасында өмір бойы
жүрердей көретін қызға тосыннан соққан дауылдан мынау жат хабардың,
əлде қыз-ғұмырдың сонша келтелігін мойындаудың, əлде қорқыныш, əлде..
əлде қуаныштың, əйтеуір өзіне де түсініксіз бір күйдің жалыны шарпып
өтіп еді. Неге екенін білмейді, сұр сеңсең папахасын басына шекелете
қонақтатып, күміс қынды, сүйек сапты қайқы кездік байланған зер белбеуін
қынай буған, былайша айтқанда, «барын киіп, бақанын қолына алған»
сыптығыр жігітке алғаш рет жалт етіп, жанарымен қарап өткен. Сол сəттің
өзінде-ақ оның байқағаны – жігіттің өткір де обыр жанары, мінсіз қойған
қарлығаш қанат қияқ мұрты, онсыз да етсіз кішкене басқа шелек
төңкергендей ғып биік папаха киген соң оны əрең көтеріп тұрғандай
көрінер қылқиған мойын, ұстара ізі көгерткен сүйірлеу біткен иектің
астында жоғары-төмен бұлтылдап, тыным таба алмай жүрген жұдырықтай
жұтқыншақ... Сонан соң не еді, сонан соң байқағаны – «ал кеттік» десе
«қайда» демей ала жөнелердей едірең сырт пошымы. Жігіт ақсақалдар
отырған түпкі үйге кірген бетте-ақ бойжеткен киініп алып, иығына үлкен
қыш құмыраны көтеріп, шатқалдан құлап ағар өзенге бет алған.
– Үйде су жеткілікті емес пе, несіне барасың? – деген кіші жеңгенің сөзін
елеген де жоқ. Бағана тау асып, шүйіліп келген қара бұлт селдетіп өткеннен
кейін өзен өгіз домалатардай болып, тастан-тасқа басын ұрып, долдана
өкіріп жатыр екен. Су емес, əлдебір жаны бар аппақ аждаһа арнамен
жөңкіп бара жатқандай.
Ол жағада əрі-бері отырып еді, аунақшыған ақ жал толқын басын
айналдырды. Өзен ғана емес, айнала түгел – тау-тас та, ауыл үйлері де
тулап жатқандай. Қыз көзін жұмды. Өзеннің өкірген өксікті үні ішін түгел
жайлап алып, мұңға батырып барады... «Жоғары-төмен тынымсыз жүгірген
жұдырықтай жұтқыншақ, езу түріліп, күлгеннің ырымын түсіргенмен, суық
та ұры жанар өзін ғана баға қарайды». Қыздың тұла бойы қалтырап кетті.
Өзен бүріккен тамшылар ақша беттен домалап кетті. Жоқ, өзен тамшысы
емес, өз жанарынан тамған тамшы екен. Ол тағы да көзін жұмған. «Тағы да
қарлығаш қанат қияқ мұрт, жылы, жылы болғанда, ешкімнен бұрын көре
алмаған жылы жымиған жанар...» Тоқта... тоқта! Бұл жаңағы сыптығыр
қарада жоқ жанар ғой. Иə, бəсе, мұның көзіне елестеген Рахманның
жанары екен. Үлкен қаладан оқу бітіріп, бұл ауылға бала оқытуға осыдан
бірер ай бұрын ғана келген жігіт. Қыз енді өзіне болашақ жар болмақшы
сыптығыр қара мен Рахманды ойша салыстырып көрді. Екі иығына екі кісі
мінгендей тұлғалы мұғалімнің қасында сыптығыр қара арғымақтың
қасындағы жабыдай елестеген. «Жоқ, бұлары бола қоймас, əке-шешенің
қызды көңілі қаламаған жанға қосақтап жіберер замандары өткен шығар.
Қазір барамын да, шешеме айтармын, жалғыз қыздарын көңілі қаламаған
адамға қосақтап жіберер болса, мен де қарап қалмаспын. Тұяқ серпермін!»
Іштей осы ойға бекінген қыз құмырасын суға толтырып ала бергенде ту
сыртынан естілген тықырды сезіп, жалт қараған. Қарлығаштың қанатындай
кияқ мұрты... адамның тұла бойын ерітердей жылы жымиған жанар... Қыз
қапелімде елес шығар деген. Жоқ, елес емес, Рахманның өзі еді. Мектепке
берілген тарлан боз атты жетектеп алыпты. Ол не айтарын білмегендей
тосырқаған сыңай танытып, үнсіз тұр. Сөйтті де тарлан боздың шылбырын
бос тастай салып, қыз қолындағы су толы ауыр құмыраны жерден көтере
берген. Содан мұның есімін атап:
– Құмыраң зілдей екен ғой, атымды суарып болған соң, өрге шығарып
берейін, – деген құмыраны көтерген бойы. Ауыл жақтан біреулер көріп
қоймады ма деп сасқалақтаған қыз құмыраның тұтқасына қолын соза
берген.
– Жоқ, өзім-ақ, рақмет! – деген бойжеткен назарын төмен салып.
– Сіз қарсы болмаңыз... Жігіт кідіріп қалған. – Сізді көптен ұнатып жүруші
едім... Қыздың жолы – жіңішке, бұдан басқа сізбен тілдесер жердің ретін де
таба алмадым. Егер сіз аз да болса ұнатсаңыз мен сізге ғұмыр бойы адал
жар болуға серт берер едім. Бұл сөзді естігенде қыздың басы айналып
кеткен. Сөйтсе ол буырқана тулап жатқан өзеннің ақ толқынына қарап тұр
екен. Бетіме тағы да буырқана тулап жатқан өзеннен шашыраған тамшысы
тамған екен деген. Сөйтсе тағы да өз жанарынан үзіліп, ақша бетте
домалаған көз жасының тамшысы екен. «Япыр-ау, бұл несі, мазақ еткені
ме? Көрші ауылдың адамдары мұны айттырып отырған күні келіп, мынау
мұғалім жігіттің де ағынан жарылғаны қалай? Егер шын сөзі болса, осы
уақытқа дейін, тіпті
күні кешеге дейін неғып жүрген? Жоқ, бұл адал көңіл, ақ ниетпен келіп
тұрған кісінің сөзі емес!» Ол өмірінде екінші рет бөгде еркектің бетіне
тіктеп қараған. Қыздың жас тұнған жанары бұлыңғырланса да, жігіт
көзінен бөгде, арам ойдың жоқтығын анық көрген. Оның да ақ сұр жүзі
қуқыл тартып, қабағы дірілдейді. Қыз көзінің жасын қуаныш моншақтары
деп ұқты ма, нардай жігіт бойжеткеннің алдында тізе бүккен.
– Күнім, ертең-ақ айттыра барамыз үйіңе.
– Жігіт сөйтті де, əлі суын да қанып ішіп болмаған тарлан бозына міне,
ауылға қарай жүйткіді.
– Ертең-ақ түс болмай жетеміз! Бойжеткен мəңгіріп орнында тұрып қалған.
Иықтан басқан ауыр құмыра тал шыбықтай денесін жаныштап бара жатқан
соң, ыдысын жерге қоя салып, қойтастың үстіне отыра кеткен. Буынбуынының əлі кетіп, бойындағы бар жігер-қуаты жаңағы тарлан боз мінген
жігітпен бірге ілесіп кетіп қалғандай. Бір күн үшін соншама ауыр тиген
мынау екі бірдей оқиғаны басына сыйғызып бойына сіңіре алмай, мең-зең
күйде үйіне жеткенде көрші ауылдан келген қонақтар аттанып кетіпті.
Онсыз да шайқала-шайқала орталап қалған құмыраны кіре беріс үйге қоя
салып, əке-шешесінің үстіне кірген. Сақал-мұртына əлі қылау түспеген əке
ақ сеңсеңнен тіккен сабалақ бөркін милықтата киіп, үстіне басып кірген
жалғыз қызына туралап қарай алмай, орнынан тұра берген.
– Қой, малдардың алдынан шығайын, – деді ол орнынан тұра беріп. Қанша
ерке өссе де əрі сұсты, əрі мейірбан əке бетіне қарсы келіп көрмеген əдепті
қыз да өздері сөз қозғамаған мəселенің жайын сұрауға батпай, бөгеле
берген. – Күн де кешкіріп қалыпты-ау...
– Отыр, қызым, немене қабағың түсіп кеткен? Əлде біреу ренжітті ме? –
дейді анасы əкесі сыртқа шығып кеткен соң. Қызы анасының бір үлкен
əңгімені бастай алмай отырғанын сезсе де, ол сөздің оның өз аузынан
шыққанынша шыдауға бекінді.
– Ешкім де ренжіткен жоқ, кім ренжітуші еді? – деп қоя салды. – Балам,
отыр, сөз бар, – деді ана ауыр күрсініп.
– Балам, əкең екеуіміз үшін үш ұл бір төбе болғанда, сен бір төбе едің.
Бетіңе күн тигізбей, етіңе жел тигізбей өсіруге тырыстық. Құдайға шүкір,
көргеннің көзін сүріндірердей тұла бойың келісті, тілдескеннің көңілін
сүріндірердей ойың өрісті болып бойжеткен сияқтысың! Бəленшекеңдердің
тəрбиелеп жеткізген қызы-ай деп, айналамыздың қызыға қарағанын
мақтаныш етіп біз жүрміз... Ұл өссе ұясына, қыз өссе қиясына ұшар өмір
заңы, тіршілік қағидасы екен, құлыным. Сені қанша жақсы көрсек те
жанымызда өмір бойы отырғыза алмайтынымызға бүгін анау əкең
екеуіміздің де көзіміз жетіп, көңіліміз құлазып отыр. Суыртпақтап жеткізе
алмай отырған ана сырының аужайын аңдаса да, қыз əліптің артын бағып,
əлі үнсіз отыр. «Ауыздан қақпайын, айтып болсын» деп түйді.
– Сенің шілдеханаңды өткізген соң əкең екеуіміз түпкілікті ұяңа ұшарда
ашармыз деп аузын тас қып бекіткен бірнеше кеспек жүзім шарабы
болушы еді қоймада. Соны ашып, тойыңа жиналған тілеулестеріңе ішкізер
күн де келген сияқты, қызым.
– Шешетай-ай, не айтқалы отырғаныңызды түсіндім. Жарайды,
шараптарыңыз ашып болған шығар. Сонда қайда, кімге ұзатпақсыздар?
Сіздер асығыс шешімге келердей тіршіліктеріңе түсірген ауыртпалығым
бар ма еді? Əлде маған алған қалыңмалмен қабырғаларыңызды жаппақ па
едіңіздер?!
– Қыз көз жасына булығып, сөйлей алмай қалды. – Ауыртпалығың қайдан
болсын, қызым? Бəрі де біздің қолдан келмейтін іске айналып барады ғой...
– Ананың да көзі боталады.
– Бағанағы кісілердің неге келгенін білдің бе?! Солар болады сенің болашақ
қайын жұртың. Жігітті де көрген боларсың? Бағыңа қарай, ол да жаман
болып өспеген сияқты. «Менің жарым болсайшы!» деп, əр қыз армандар-ақ
бозбала. Тіпті, бір ессіз есірік болып өскенде қайтер едік? Жаман болсын,
жақсы болсын, сен туғанда-ақ маңдайыңа жазылған, тəңірі қосқан қосағың
сол.
– Тəңірі емес, қосып отырған біз десеңізші одан да! Мал бергеннің қолына
жетектетер заман өтпеп пе еді? Қинамаңыз, анашым, буынсыз жерге пышақ
ұрмаңыздар. Тым болмаса: «Сенің ойың қалай еді?» деп сұрауға да
жарамағаным ба сонда?! Сыртынан саудалаған мал сияқты көргендеріңіз
бе? Он жерден келіссеңіздер де, тілдеріңізді ала алмаймын! Егер бас еркім
бар адам екенім рас болса, тілеуімді кесіп, бағымды бұғауламаңыздар!
Шындық керек болса, айтайын, жүрегім қалаған адамым бар. Ана жазған
тығырыққа тірелді. Не айтарын білмегендей ақша бетін жас жуған
қызының маңдайынан иіскеп, басын кеудесіне қысты. Өзі де жасқа
булығып, біраз уақыт сөйлей алмады.
ОНЫҢ АНАСЫ АЙТЫПТЫ
– Ертеден-ақ сан оқталып, айта алмаған сөзім еді, құлыным. Біз сен үшін
қалыңмал алып, мал малданып, байып қалайық деп отырғанымыз жоқ,
керісінше, бесікте жатқан қаршадай күніңде-ақ басың бір оқыс оқиғаның
төлеуіне біржолата байланған. Ауыл ақсақалдары сол заманда сенің бесікте
жатқан кезіңде кескен сол қарғыс атқан үкім күшін əлі жоймапты... –
Қайдағы үкім? Тумай жатып, басым саудаға түсердей не бүлдіріппін мен?!
– Бойжеткеннің аялы кең қарақат көзінен ызалы ұшқын ойнады..
– Сабыр, қызым! Бəрін де айтайын. Жоқ, ботам, бүлдірген сен емес. Біз,
əкең екеуіміз... Біле білсең мен де кезінде сен сияқты бұлықсыған
бойжеткен қыз болғанмын. Əкең де толықсыған жігіт болған. Менің де
айттырылған жерге бармаймын деп, əкеңнің етегінен ұстап, бір түнде тау
асып кеткен жайым болған. Содан мені айттырғандар намыс қуып,
қаншама жылдар өтсе де өкшемізден қалмады. Менің күйеуім болуға тиісті
жігіт үйленіп, балалы болса да, біздің үш ұлымыз туып, соңынан дүниеге
сен келсең де, екі əулет татулық шарабын іше алмады. Артығымен
айыптарын төлесек те, қан қақсатып кетер сəтін күткен жаулығын қоймады.
Кеуделеріне шемен боп қатқан кек алу атты зұлматтары жібімепті. Ей,
қызым-ай, басқаны басымнан аттатпаймын дейтін, намысымның жолында
жаным пида дейтін халқыңның осы шектен тыс өрлігі ең үлкен бақыты
болған, сонымен бірге, ең үлкен соры да болған ғой. Басқаны
басындырмайтын ерлігін ойлап сүйінсең, тау сағалаған аз халықтың
намыснамыс, қанға-қан деп жүріп, ғасырлар бойы бірін-бірі кескілеп
құртумен келгенін пайымдап күйінесің. Сан боздақ сондай намыстың
құрбаны боп көз жұмыпты... Бірде оңаша келе жатқан əкеңді намыс
қуғандардың екеу-үшеуі жабылып, қапияда сойылға жыққан. Онымен де
тынбай біржолата құртпақ болып, таудан құлап аққан осы өзенге
лақтырғанда толқын қақпақылдап іліп əкетіп, жанын алып қалыпты.
Іргелес екі ел – екі ауылдың жігіттері майдан ашып, жерді қанға бояғалы
тұрғанда екі ауыл ақсақалдары бас қосып, қырғынды болдырмай, төрелік
айтыпты. Төрелік үкімдері – серт бұзған қыз бен жігіт, яғни мені мен əкеңді
айтады, бұрынғы айыптарына қоса намысы кеткен жаққа үш арғымақты
тағы төлеу. Сонан соң мені айттырған жігіттің тұңғыш ұлына жалғыз
қызымызды, яғни сені қалыңсыз қалыңдық қып атайды. Сен бойжеткен
кезде өздері қалаған уақытында келіп алуға тиіс болады. Міне, қызым,
бағана келген кісілердің бірі бір кезде мені айттырған адам, аяққа басылған
намысының төлемін алушы. Анау жас жігіт соның тұңғышы – сенің
болашақ жарың...
– Ана міне, бар сырды ақтардым дегендей қос жанарын терезеден асырып,
ақбас шыңдарға қарады. Сол күйінде əңгімесінің соңғы түйінін сабақтады.
– Енді қартайғанда əкең мен мені тағы да дауға, дауға емес жауға
қалдырмайын десең, жазылуға айналған ескі жараның аузын тырнап,
қайтадан ушықтырмайын десең көнгенің, тағдырдың салғанын көргенің
жөн.
– Тек қана əділетті қанжардың ұшы, білектің күші шешкен заманда теңіңді
іздеп, азапқа мойын ұсыныпсың, анашым. Енді, ел есін жинап, теңдік
орнады деген заманда, сүймеген адамның соңынан еріп кете бермекпін бе?!
Əлде, ескі жараның жазылуы үшін өз тағдырымды тəлейлеріңе тастап,
құрбандық тоқты болып шалынайын ба?! Апыр-ау, көне дауды көңірсіткен
екі əулеттің шіріген жұмыртқасы мен болдым ба? Көзімді жоғалтсам,
көңілдерің тыншыса, қазір-ақ жартастан құлап, біржола жоқ болайын!
– Жетті! – деді ана даусын көтеріп. Осымен əңгіме бітті дегендей жер тіреп,
ауыр денесін орнынан қозғай берген. – Əкең мен анаң үшін тəуекел етерсің.
Көп қуылып, көресіні көп көрген жанбыз. Бір соққан дауыл майыстырған,
екінші рет соқса, сынарымыз хақ, қызым. Теңдік заманы туғанмен
жұртыңның өз заңы құрымаған, намыс жолында басын бəйгеге тіге салар
есерлік мінездерінен айығып үлгірмеген кез бұл. «Сүймедім, күймедім!»
дегеніңді менен басқа ешкім естімесін. Ол мына сенің заманыңның
жастардың қолтығына су бүркіп, есірткен жалған теңдік қана. Əйтпесе
сенің халқың да ғасырлар бойы ата заңмен үй болып, өсіп-өнген. Ал біз
сияқты оған мойын ұсынғысы келмегендер опық жеген. Мықтап тұрып
опық жеген. Мен оны сенің болашағыңа тілемес едім. Кəрі қойдың
жасындай ғұмырымыз қалғанда сенің зорлық пен қорлықтан жылағаныңды
көрмейік. Бір сүрінген адамның екінші сүрінуі – қатер... Той келесі
сəрсенбінің сəтіне белгіленді... Дайындал, шырағым! «Таудан құлап,
жартастан секіріп, өле қалайын!» дейтіндей көзі соқыр, аяғы ақсақ
кембағал жан емес. «Күйеуі қайсы?» дегенде, «Мынау!» дейтіндей-ақ
азамат. Оның үстіне, қыз болып туып, ақ босағасын аттағалы тұрған
бойжеткеннің алды да, арты да сен емессің!
***
Ертеңіне-ақ мұғалім жігіт те барын киініп, қасына бір-екі қарияны ертіп,
күн түске тармыса бұлардың босағасынан аттаған.
– Келісті-ақ, жігіт-ау, шіркін! – деп кіші жеңге қыздың онсыз да өртенген
жанына май құйған. «Е, құдай, пайғамбар, əулиелер жолын оңғара гөр»
деп, өңі бөздей боп бозарған қыз тұрған тілекші болып. Сезімтал жүрек
кіре беріс бөлмеде тұрып-ақ құдалар əкелген шараптың ішілмегенін білді.
Өйткені кешегідей қарқылдаған күлкілер, көңілді əңгімелер естілмеген.
Тек, əкесінің ғана асықпай толғаған əңгімесі үзік-үзік естіліп еді. Əкесінің:
«Бата бұза алмаймын!» деген сөзі өлеусіреген үміт отын мүлде өшірген.
Көп ұзамай қонақтар да үйден шықты. Жүздері сынық. Жанары жылы жігіт
үйден шығып бара жатып, бұған көз салған. Сəл басын изеп, ишара
жасағандай болды. Содан бойжеткен екі күн бойы ас-суға қарамай, бүк
түсіп жатып алған. Мейірбан ана да, қатал əке де тіс жарып, ештеңе айта
алмады. Аяқтарын сыбдырсыз басып, жеңгелер жорытады. Ағалары болса,
тымтырыс. Ауыздарына су толтырып алғандай. Бірақ бұрын-соңды
болмаған көңілсіздік бұл үйді жайлап алса да, тойға деген даярлық үнсіз
басталып кетіп еді. Үйде ешкім жоқ бір қаға берісте кіші жеңгесі келіп,
бойжеткеннің қолына бір жапырақ қағаз қыстырып кетті. «Мұғалімнен»
деп сыбырлағандай болды. Қыз жалма-жан қағазды ашып қарады.
«Аяулым, егер өмір бойы менімен бірге боламын деп тəуекел етсең, бүгін
Ай туа үйіңнің сыртындағы қарауыл шоқының етегіне кел. Қуғыншы жете
алмайтын жерге əкетемін. Егер шықпасаң, бұл ауылда маған да орын жоқ!
Ертең-ақ қарамды батырамын». Онсыз да ойсоқты болған қыз бұл хатты
алған соң, иə қуанарын, иə ренжірін білмеген кісідей мəңгіріп отырып
қалған. «Не істейсің енді?» дегендей кіші жеңгей де мұның бетіне сұраулы
жүзбен қарайды. «Нар тəуекел! Енді келіп мен үшін əке-шешемді жазалай
қоймас. Бір көргеннен-ақ осы жігіт жаныма нұр құйып, жүрегіме сəуле
шашқандай еді. Иə, бағым, иə сорым! Ойланарға да, айналарға да жерім
тар, бастым қадам жүректің əмірімен. Сүймеген жанмен ит өмір кешкенше,
көңіл құлаған жанның етегінен ұстадым. Қаламағанның қасында жатқанша,
қалағанымның аяғында жатайын. Ақ жолымды беріп, қадамымды оңғара
гөр, Тəңірім. Қиындық туса ақ махаббатым қорған болар, желеп-жебер
сенің ақ тілеуің тірегім болар, жеңеше. Əке мен шешенің, ағайын-туғанның
көңілдері жолына деп бүкіл өмірімді қалай құрбан шалармын?» деп ойлады
ол. Екінші бір жасқаншақ ой жанын жегідей жеп, екінші бір шегіншек
шешімге тоқтамай тұрғанда тəуекелге бел буды.
– Жеңгетайым-ай, қара ормандай қалың ағайын-туғанның арасынан
аузымен əкеп өртенген жаныма су сепкен қарлығаштай болған жалғыз
жанашырым сен екенсің ғой. Сен берші, батаңды, сен тілеші тілеуімді.
Бүгін-ақ кетемін, сол мұғалім жігіттің етегінен ұстап. Құрбысындай
сырлас болған жалғыз қайынсіңлісінің бұл босағадан біржола аттанары,
əлде тіршілігінің қиюын келтіре алмай қиналып, жан ұшыра өз бақытына
қарманған жанның мынау қарбалас оқыс шешімі ой салды ма, кіші жеңге
жылап кеп, қайынсіңлісін құшақтаған.
– Артыңда қалған біздің тіршіліктің не болары маған мүлде күңгірт. Тек,
сенің алдыңнан ақ жол ашылса екен! Қалауыңды Жаратушым қолдап,
қадамыңды құтты етсін! Қайда жүрсең де, қандай күйде болсаң да бізді
есіңе ала жүргейсің! Жайшы қолыңды, бердім батамды.
– «Иə, Алла, өмірлік жарының жолына əзиз жанын пида етуге бар
қарағымның жолын оңғартып, Айын оңынан тудыра гөр. Сенім артқан
серігі екеуін пəле-жаладан қаға гөр! Жолдарыңды Жаратушым қолдап,
пайғамбарлар оңдасын, оң сапарын бере гөр, Алла! Түн жамылып аттаған
қадамың құтты болсын! Əумин!» Екеуі киім-кешек, ол-пұлды ешкімге
байқатпай əзірлеп, қой қораның бұрышына алдын ала жасырған болатын..
Сол күні ақ бас шыңнан күміс алқадай Ай иек арта берген түн ортасы ауа
бергенде үйден сыбдырсыз шыққан қызды кіші жеңге шығарып салған.
Шығарып салып тұрып, құшақтасып тағы қоштасқан.
– Көзімдей көр. Қиналған сəтіңде кəдеңе асырарсың. Кəдеңе асырмасаң,
жоғалтпауға тырыс, – деп, жеңге зүмəржат тасты алтын жүзігін
қайынсіңлісінің саусағына кигізген. – Сенің тойыңа шашуым болсын,
Жеңгеңнің ескерткіші деп біл. Айтқанындайын-ақ жігіт те сақадай сай тұр
екен. Қасында өзі сияқты делдиме сеңсең папаха киген екі-үш жігіті бар.
– Келдің бе, аяулым! – деді ол қалыңдығын тұңғыш рет құшағына қысып:
– Ал енді аяңдайық. Жол ұзақ, қайта оралғанша қай заман болады?! Туған
ауылыңа, мына сүттей жарқыраған Ай сəулесіне бөгіп жатқан мекеніңе
тағы бір қарап ал. Қыз шіркін дүние есігін ашқан туған жерінде өткен
қысқа қызығының қайта оралмас қиыр шетіне дəл осы бір сəтте шығып
тұрғанын, жат жұрттық – бөгде босағалық, бұл үшін əлі мүлде беймəлім
басқа ғұмырының басталғанын сезген. Айдың сүт сəулесіне жондарын
төсеген биік құздар
қойнауындағы мынау туған ауыл, ондағы əзиз əке мен аяулы ананың
отының басы ағалары-жеңгелерімен – бəрі-бəрімен енді көрісе ала ма,
алмай ма, енді көрерге көз жетпей, көңіл күмəнданса да алдағы
тағдырының тəлейін мынау серігіне, қарлығаш қанат мұрты бар, кең
жауырынды жігіттің қолына біржолата, мəңгілікке ұстатпақ. «Қош туған
жер, ата-анам, жазым басып тұрсам, жазғыра көрмеңдер!» Ол осылай
күбірлеп еді, тау шыңынан қол созым биіктеп қалған Ай дірілдеп,
мұнартып салды. Ай мұнартқан жоқ еді, бойжеткеннің жанары жасқа
толған болатын. Ай дірілдеген жоқ еді, бойжеткеннің тұла-бойы
қалшылдап кеткен.
– Жүрейік, қалқам, жортқанда жолымыз болғай! – дейді жігіт кеше ғана
сыр ақтарысып, бүгін бір өзі үшін нар тəуекелмен соңынан ерген
қалыңдығын атқа көтеріп мінгізіп тұрып. Бұлар таң атып, Шығыс жақтан
қызғылт шапақ ойнай бастағанда таусылып бермес тау қырқаларын
соңдарына қалдырып, етекте жатқан шағын шаһарға қия жолмен қиялай
жүріп ат тұяғын іліктірген. Сол жерде бұлар серіктерімен қоштасып, қол
ұстасып шаһарға кірген.
– Аяулым, жақында жүрсек, саған да, маған да бұлар күн бермес. Ізіміз
суып, дүрбелең басылғанша тым-тырыс қалпымызда шалғайға кетейік.
Үбірлі-шүбірлі болып, қайта оралғанда əке-шешең бəрін де кешіріп, ақ
батасын берер, – деген жігіт. Бұрынғы даугерлерің де тынышталар. Содан
бұлар отарбаға отырып, Шығысқа қарай апталап ұзақ жүрген. Аспан асты,
жер үстінде тау-тастан, асау өзеннен басқа да жер түрлері болатынын
бұрын ойламапты. Таусылып бермес сары даланың боларын, аласұрмай
тынып қана ағар момақан өзендердің, тағы да айнадай жарқыраған айна
көлдердің боларын, беткейлерді қуалап салған баспанадан басқа түзу
көшелерге сап түзей орналасқан үйлері бар ауыл, қалаларды тұңғыш рет
көрген тау қызы естен тана таңырқаған. Қоңырқай түсті, ақ сары түсті
адамдардың да боларын жəне олардың түрлері ғана емес киімдері де түрлітүрлі екенін түсінген. Содан көрмеген елге, көрмеген жерге келгенде ғана
отарбадан түскен. Өздері келген жердің адамдарының түрі бөтен, тілі бөгде
болғанымен, алыстан келген таулықтарды жатсынбай қарсы алды. Мұнда
да қаланы құшағына ала маңғаз керіліп жатқан ақ бас шыңды алып тауды
көңілдеріне медеу еткен. Мұғалім жігіт ертеден жинап жүрген қаржысына
шағындау бір қора-жай сатып алды да, өзі зауытқа жұмысқа орналасып
алды. Балдай тəтті жұбайлық өмір басталды. Жігіт жұмысынан келгенше
келіншек терезе бағады. Екеуі бірігіп, сонан соң Алматы деп аталатын бұл
шаһардың қалың бағын аралап, қала қызығына тəнті болады. Не керек,
бірақ мұндай бал дəурен ұзаққа бармады. Екеуі бірге ғұмыр кешкен екі-үш
ай өтер-өтпесте қосағы өздері келген Батыс жаққа қарай қайта сапар шекті.
Жалғыз аттанған жоқ. Алматының, қазақ деп аталар бұларға пана болған
осынау халықтың да, тіпті барлық ұлттардың да қару ұстар азаматымен
бірге аттанды. Көрші отырған екі ауыл арасындағы намыс жыртыс
майданы емес, бүкіл ел мен елдің арасындағы намыс жыртатын зор
майданы, Отан қорғау майданына аттанды! Жас келіншек жылап-еңіреп,
отарбаның соңынан ұзақ жүгірген. «Мені қайда əкеп тастадың? Өзіңмен
бірге ала кет!» деп шырқыраған. Бірақ отарба мұның жалғыз сүйенішін,
жалғыз тіренішін қан соқта майданға қарай іркілтпей ала жөнелген. Жазған
дүние-ай, сол ең соңғы, ақырғы қоштасулары екен... Араға алты ай салмай
мұның аспанын төбесіне құлатқан қаралы хабар да жеткен. «Туған елін
неміс фашистерінен қорғау жолында асқан қаһармандықпен қаза тапты...»
«Қаза тапты...» деген сөзді оқығанда əлде біреудің қалжыңындай ғып
немқұрайды қабылдаған. Туған жерінен өз бақыты үшін тым жыраққа
келген жалғыз тірегінің «қаза табуы» тіпті де мүмкін еместей көрінген.
Өйткені мұның жат ел, жат жерде жалғыз қалуы тіпті де мүмкін емес, еш
қисынға келмейтін құбылыс еді... Бірақ ол меңірейіп ұзақ отырған соң
«қаза тапты» деген сөздің улы зəрі санасына жеткенде ес-түссіз талып
түскен. Үш күн, үш түн нəр сызбай талықсып жатқан келіншек уақытына
жетпей мынау көз жасы көбейіп тұрған дүниеге ерте келген өзінің ендігі
алданышы, ендігі қуанышы болар ұлының іңгəлəуін де естуге халі жоқ еді.
Бұл пəниден арыс азаматы біржола аттанды деген хабарды естіген күндері
бұл жарық дүниеге айы-күні толмаған арысының дара ұрпағы келген. Ол
сол шала-жансар жатқан кезде «Туған елін неміс фашистерінен қорғау
жолында...» деген сөздің мəнін түсінбей, Рахманы қайтадан туған Ингуш
елін қорғауға барған екен-ау деп ойлаған. Бірақ туған халқы ингуштар мен
шешен жұртының сенімсіз халық ретінде осы елге неліктен жер
аударылғанын ұға алмаған. Бірлі-жарым кісінің сенімсіз болуын ол
түсінеді, ал бүтін бір халықтың сенімсіз болатынына қалай ойласа да миы
жетпейді. Сенімсіз болса... солардың бір ұлы Рахманды неліктен қанды
қасапқа салып, құрбанға шалғанын да түсінбейді. Əлде... əлде ол
Қазақстанға бұрынырақ келген соң «сенімді» болып қалды ма? Бұл
түсінбес жайлар тіптен көп еді... Ол ауруханада жатып, осындай ойлардың
шегіне шыға алмаған. Қаза қанша ауыр болса да дүние есігін ашқан мынау
бейкүнə жылбысқа оның өмірге деген құштарлығын қайта оятқан. Сəбидің
əкесінің дөңес біткен орақ мұрнынан айнымай қалған кішкентай танауын
қызықтап, күлетін болды, күліп отырып жылайтын болды. Сауығып үйіне
шыққан соң өзі де зауытқа жұмысқа тұрған. Құйттай сəбидің ширауын
күтемін деп аштан өлетін емес. Оның үстіне, ауыр сын болған сол бір кезең
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Біз Қалада Тұрамыз - 04
  • Büleklär
  • Біз Қалада Тұрамыз - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3817
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2253
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2282
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3989
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2304
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2280
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3939
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4046
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2175
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2210
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2134
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2275
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3979
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2226
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3953
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2253
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3915
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2239
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4111
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4001
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3916
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2284
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4011
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2297
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Біз Қалада Тұрамыз - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3414
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2029
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.