Latin Common TurkicКаждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
Аққан жұлдыз - 35
Общее количество слов 3878
Общее количество уникальных слов составляет 2288
31.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
46.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
54.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
тоғайлы, көгал арасында тігіп берген кигіз үйінің төңірегінде өткізіп,
еріккен шақтарында атқа мініп, суға қармақ салып... дегендей, тəннің, де,
жанның да рақатын көрді. Оның үстіне, қазақша жəне орысша қалаған
тағамы беріліп, əп-сəтте көкке тойған кебеңдей етейіп, арық денесі қатая
жұмырланып алды. Жөтелі де өзді-өзінен басылып кетті. Ендігі арманы, –
осы күйінде туған еліне жетіп, сағынған даласында біраз сайрандап қайту.
Өйтуіне Гутковскийдің:
– Ауылыңа бара бер де, мені Атбасардан тос, – деуі себеп болды.
«Ақан тауына қоныпты» деп естіген, туған аулына Шоқан төте тартса,
Омбыдан шыға, Бурабай, Көкшетау қаласы, Зеренді арқылы түсер еді.
Бірақ, екі себеппен өйтпеді ол. Бір себебі–құлағы естіген болмаса көзі
көрмеген, хан аулының жаңа қонысы Сырымбет тауына соғып, көре кеткісі
келді. Екінші – (бұл ең бір себебі) Гасфортты үйінде тосқысы келген
Шыңғыс, оны жеке нөкерлерін бастап келу үшін, екі заседателінің бірі –
Табайдың Тəштитін Омбыға жіберген еді. Гасфорт ауырып қалғаннан
кейін, өзін «дүрлердің» біріне санайтын Тəштит, «Шыңғыс болса бір сəрі,
оның сарыауыз баласына қосшы болып қайдан барам» деп ойлады да,
əлденені сылтау ғып аулына қайтып кетті.
Бірақ ол, жəй емес, Шоқан мен Шыңғыстың арасына от тастап кетті:
Жарылғамыс Тəштиттің əкесі Табайға өкіл-күйеу болатын, сондықтан ол
Тəштитпен де өте достасып, Жасырар сыры болмайтын. Осы жолы Омбыға
шыққан, Жолшыбай үйіне қонған Тəштитке Жарылғамыс Шыңғыстың
Айжанды Малтабарға атастырғанын айтып қойған, сондағы ойы – «Шоқан
естіп, қызға деген құмарлығынан қайтсын» деуі еді. «Жарайды, айтайын»
деген Тəштит, құлағы шалған қауесетті өз мақсатына пайдаланғысы келді.
Тəштит Шыңғысқа іштей еш еді. Оған себеп: нағашысы – Есеней
селкілдек ауруға ұшырап (паралич) төсектен тұрмайтын халде жатқанда,
Тəштитті ертіп бір жақтан келе жатқан Шыңғыс сол үйге қонған; сонда
серігінен қымсынбастан, Есенейден аулақ жататын Ұлпанның қасына жұрт
жата келіп, таң ата бір-ақ оралған. Бұған қатты намыстанған Тəштит,
бірдеме деуді бойына мін көріп, іштей түйілген содан бері сырттай
жылтырағанмен, шамасы келсе қарымын қайтаруды арман ететін.
Сондай ойдағы Тəштитке құдай көктен тілегенін жерден беріп, Айжан
жайында Шыңғыс Шоқанмен араздастырудың сəті түсе қалған сияқтанды.
Өзін «қу қазақтың бірімін» деп санайтын Тəштит Омбыға бара Шоқанға
бірден сыр білдірмей, сөздерін Шыңғысты мақтау жағынан бастаған ол –
«елді жақсы ұстайды, сондықтан атақ-абыройы зор» дей келіп, «көріпқасарға қайырымы мол» дей келіп, бір сəтте Айжан мəселесін басып
қалған.
– Басқарған елінің жоқ-жітігіне қарасуы былай тұрсын, – деген ол, –
əкең аулының қоңсы-қолаңына да өте мейірімді, олардың күнделік қамын
ғана ойлап қоймай, болашағына да бақыт жолын сілтейді. Оған бір мысал:
қолында əке-шешесі, туған-туысқаны жоқ, бір жетім қыз тұрады екен, сол
бейшараны кім көрінгенге жетектетіп жібермей, қолын жылы суға малып
отыратын дəулетті біреуге беретін болыпты...
– Кімге?! – деп елең ете қалды Шоқан. Тəштит ол жайын аңғармаған
болып, «Малтабарға» деді де, өлердей мақтанады. Шыңғыстың бұл іске
неге барғанын да, қанша ақша алғанын да айтып берді.
Шоқанның кіршіксіз таза көңіліне мына хабар удай себіліп, жаны
түршігіп кетті де, Тəштиттен қайталай сұрап, анығына көзі жетті. Тəштит
Шоқанның бет құбылысынан ішкі күйін ұға қойды да, өз ішінде «маған
сүзіскендерің керек, қай жеңгенің менікі» деді де, «қызды көргісі келсе
тура тапсын» дегендей, қазіргі мекені Сырымбетте екенін айтты.
Тəштит жайында кете барды...
Шоқанға енді не істеу керек?
Айжанды зорлық құрсауынан қалай құтқарудың айласын таба алмаған
Шоқан «не де болса бара көрейін» деген тиянаққа келді; оның Сырымбетке
соғудағы екінші мақсаты осы еді. Географиялық картаға қараса,
Сырымбетке соғу үшін Омбыдан Қызылжар келу керек те, одан «Бөрілі»
жəне «Жалаңаш» аталатын екі «Торанғұл» арасымен Жаман Жалғызтауға,
одан Сырымбетке бару керек.
Осы маршрутпен жөн тартпақ болған Шоқан, іш пікірін өзге достары
түгіл, жанындай жақсы көретін нағашысы Мұсаға да айтқан жоқ.
Мұсаны Гасфорт Атбасарға ерте баратын нөкерлерінің тізіміне қосқан
еді. Гасфорт ауыра, ол тізім адыра қалған. Енді не істемек Мұса?
Шікірейген Шыңғыстың Шоқанның оқудағы кезінде Омбыға ат ізін
салмауына, Мұса шектен шыға ашулы. Онысын Шоқанға сездіріп те жүрді.
Сəті түсіп, Гасфортқа ере барғанда Шыңғыстың бұл қылығын бетіне баспақ
еді, оның реті келмеді. Енді не істеу керек? Алпамсадай қалпымен Шоқанға
ат қосшы болып баруы керек пе?
«Сиыр – судан, су – сиырдан жериді» дегендей, хан тұқымының
Шыңғысы да, басқалары да мұрындарын шүйіріп көкке көтергенмен,
оларға іштей күле қарайтын адамның бірі – Мұса еді.
– Несімен сөйтеді?! – дейді ол ішінен, – замана дауылы көтеріп соғып,
қаңқасын қиратқан, кигізі де дал-дал жыртылып желпілдеп желге ұшуға
даяр тұрған ордасымен бе?.. Осы күні ол да бір қазақ, мен де бір қазақ, ол
да орыс патшасының жалынышты қызметкері, мен де сондай қызметкер!..
Сондай халін түсінбей, несіне шіренеді ол?!..
Ойы осындай Мұса: «жиеніме ат қосшы болуым төмендікке жатар. Бұл
жөніне тарта берсін, мен Атбасарға басқа жөнмен барармын» деген
тиянаққа келді. Өйтуіне Шоқанды өкпелетпейтін дəлелдер де тапты.
Шоқан оның еруін қалаған да жоқ, Айжан туралы мəселені сездірмеді.
Мұса ол жайдан хабарсыз еді. Шоқанның ойы Сырымбетке елеусіз
жүріспен бару. Сөйту үшін, ол офицерлік те, қазақша да жақсы киімдері
бола тұра үстіне олардың бірін де артпай, офицердің жорық жолына киетін
жұпыны, қоңыр-дүрсін киімдерін ғана ілді. Олар ылаумен жүріп кетті.
Мұса оған «оқу бітірген байғазың» деп сыйға тартқан қазақы киімдерін
киюді ұсынды. Олары: басында жасыл пайымен тысталған, маңдай жақ
етегін қасқита қайырып қоятын қара-пұшпақ бөрік; сыртында ақ ботаның
түбітінен иіріп, арқауын қызғылт жібек жіптен өткермелеп тоқытқан
ермектің, жаға, жеңіне, өңіріне тықыр қара құндыз əдіптеген желбегей
шекпені; оның ішінде қытайдың ақ-сарғылттау өңді, қалыңдау шушынша
(чечунша), белін қынамалау ғып, етегін кеңдеу ғып тіктірген, түймелерін
қара ала күмістен үзбелеп қадаған қамзол; бұтында ешкі терісінен иленген
(замш) өн бойын əр түсті жібек жіппен ернектей кестелеген жырық кең
балақты ойран шалбар; аяғында кестелі шоңқайма етік, оның сыртында
күміс шегелермен əшекейленген кебіс; белінде оқшантайлы, қынды кісе...
Нағашысының бұл тілін Шоқан алмады. Сондағы дəлелі –«жолшыбайғы
елдің көбі қазақ деседі, олардың алдында тотыдай түрленіп қайтем. Ала
жүремін, керекті жер болса киермін, əйтпесе жата берер. Офицерше
жарқырамауым – ондай киімді адамдардан қазақтар қорқады дейді.
Шоқанның қасына, күтуші есебінде татарша – Тұхфатолла, қазақша –
Тоқбет, орысша –Тома аталатын солдат ерді, Уəделері: Тоқбет қазақ, я татар
тілдерін білмейтін орыс солдаты болып қана жүреді.
Екі жүз шақырымдай деп есептелетін Омбы мен Қызылжардың
арасында ол кезде қазақ-орыстардың аралары алшақ үш қана станциясы
бар еді: Омбыға тақау – Коломзино, орта тұста – Есілкөл, Қызылжарға
тақау–Токушино. Олардың арасында қазыналық ылаулар байланған
бекеттер. Омбыдан Түменге қарай созылатын ойпатты орыстар – «Ертіс –
Есілдің» қайқаңы (низменность) дейді, қазақтар «Жолдыөзек» дейді. Бұл
сайдың өн бойына «Уақ-Шоға» аталатын рулар қыстайды. Шоқан жүрген
шақта олар Баян жақтағы Өлеңті, Шідерті өзендерін жайлауға кетіп, қорақопсылары бос қалған. Ел көзіне шалынғысы келмеген Шоқанға олардың,
қажеті де болған жоқ. Суыт жүрген ол, ара қонып Қызылжарға жетіп
барды.
Бұл қаланың «Қызылжар» аталатын себебі Есіл өзенінің топырағы
қызғылт түсті жарына орнағандықтан екенін білеміз. Қаланың орнына
алғашқы қазықты 1745 жылы Петр жəне Павел аталатын ағайынды екі кісі
қаққаны, содан қаланың орысша аты – Петропавел болып кеткені де мəлім.
Қала «Ой» жəне «Дөң» болып екі бөлімнен құралады. Білетіндер –
«басында қазақ-орыс станциясы болып жарқабақ астына Ой қала түскен
дейді. Дөң қала жарқабақ үстіне жүз жылдан кейін орнай бастаған. Шоқан
Құсмұрыннан Омбыға оқуға бара жатқан кезде, Дөң қалада аралары алшақ
азғантай ғана үй бар еді.
Енді, бес-алты жылдан кейін іңірлетіп келіп, түнде салт атпен аралап
көрсе, Дөңнің, үйлері, ойдан əлдеқайда көбейіп, ана жылғы қала шетінде
жасалған, ішіне қалың орман өскен, аумағы кең мұсылман зираттары, енді
Дөң қаланың қоршауында қалыпты.
Қалаға танылғысы келмеген Шоқанның бағына қарай жəмшік үйі Дөң
қаланың шетінде екен. Жолаушылары көп болатын жəмшік айдаушы, өзгеге
бермейтін мəнін Шоқанға да берген жоқ. Одан салт ат сұрап ап, іңір
қараңғысында қаланы аралаған Шоқан, бір қалтарыста Малтабар үйін де
жанап өтті, Оған деген өшпенділігі қайнап кеткен ол бір мезетте «үйіне өрт
қойсам қайтеді?!» деп те ойлады. Бірақ, лезде ашуды ақыл жеңіп, «онымен
не бітірем?» деді де тоқырады.
Қызылжардан таң сіберлей аттанған Шоқан, жолда Дəнежін
(Надеждинск), Көгерін (Ново-Николаевск), Қарақоға жүз шақырымдар
шамасындағы «Мүсін» бекетіне жетті. Олай деп аталатыны: соңғы
жылдарға дейін Есіл өзенінің орманды биік жарында, Зілғараның
Мұсасына қыстау болып келген бұл мекенді Зілғара тұқымымен өштесіп
алған Шыңғыс Көкшетау дуанына аға сұлтан болғаннан кейін сылтау
тауып, ағайынды он төртін де түгелімен Есілдің батыс жағындағы жырық
жер – «Алакөл-Салпыққа» көшіріп жіберген де, «жəмшік жолының үсті»
деп бекет орнаттырған. Мұсаның жұртына орнаған бекет орысша «Мусин»
аталып, қазақтар «Мүсін» деп кеткен.
Мүсіннен Сырымбетке баратын жəмшік жолы екіге айрылады екен: бірі
– екі Торанғұлдың арасымен тура тартады, онымен жүрсе, Сырымбет жүз
шақырымдай жер екен. Арада бекет жоқ, сондықтан жəмшік те жоқ.
Мүсіннің жəмшігі ол жолды жырақсынғандықтан, Сырымбетке апармайды
екен, онымен тек ұзақ сапарлылар ғана жүреді екен; екінші жол – «Жаман
Жалғызтау» аталатын бекет арқылы тартады. Мүсіннен ол бекет қырық-елу
шақырымдай. Сырымбетке бұрыстау болғанмен, жəмшікті жолаушылар
сонымен жүретін болған.
Шоқан да сөйтті.
Мүсіннің күнгейіне қарай тартатын бұл жол жиырма бес, отыз
шақырымдық тұсқа дейін ормансыз жалаңаш даланы кезеді.
Даланың Есіл жақ беті дөңестеу, Сырымбет пен Жалғызтау жағы
қайқаңдау. Сондықтан, Мүсіннен ұзамай-ақ, қос өркешті Сырымбеттің де,
нар өркешті Жалғызтаудың да төбелері көріне кетеді.
Біздің жолаушылар Мүсіннен аттанған шақта, таңы ғана
буалдырланатын бұл тұстың күні шыға, төңірек жарқырап ашылды да кетті.
Көтерілген күн қыза бастаған кезде, айналаны сағымның толқыған теңізі
тұтастыра бөлеп алды.
Сағымға бөленген таулардың тұла-бойы көгілдірленіп, мөлдір көк
кəукердің, тауындай жайнап кетті. Толқын көтерген көгілдір таулар
биіктеп, аспанмен астасты да, теңізде жүзген кемелердей жап-жақын тұсқа
кеп қалған тəрізденді.
Естігені, кітаптан оқығаны болмаса, «тау» аталатын биікті бұрын
көрмеген Шоқанға, сағымда қалқыған екі тау, бүгінгі көгілдір аспанмен
астасқан шоқылар сияқтанды. Оның «анау тұрған» тəрізденген
Сырымбетке, осы тұстан тартып кетерлік зауқы соқты. Сол ойын сыртқа да
шығарған оған, бұл маңайды шарлап баққан атшы.
– Сағым көтеріп тұр, əйтпесе алыс жəне тете баратын жол да жоқ.
Біраздан кейін арасынан еткізбейтін жыныс орман кездеседі, – деді.
Асыққанмен амал қанша!..
Жолаушылар Жаман Жалғызтаудан бетін бұрмады.
«ЖАМАН ЖАЛҒЫЗДА»
Бұл таудың «Жалғыз» аталатын себебі, – «Көкшетау» тіркесіне кіретін
кө таулардың теріскей шығысында оғашырақ тұрады: «Жалғыздың»
ығындағы көлемі мен көркі өзге шалқарлардан аспаса кем түспейтін,
көлдің суы адам татпастық, ащы, сондықтан оны тұрған ел «Жаман» дейді.
Адам жаман санайтын сордың суын мал баласы қымыздай сіміреді де,
арық-тұрақ ілезде «қап болып шыға келеді». Адамға «жаман» бола тұра,
«Жалғыздың» айналасы толған суы балдай мөлдір бұлақ. Қарағайы,
қайыңы, терегі аралас өскен қалың орманның ішіндегі Жаман
Жалғызтаудың пішіні, – аумаған кигіз үй, тастары қолмен құрастырғандай
ұсақ, сол ұсақтардың арасынан етектен төбеге дейін қалыңдай ескен
ағаштар, аумаған сеңсең папаха сияқты.
«Жалғыздың» төңірегін Қарауыл руының Көлдей, Көшей дейтін аталары
қоныстайтын еді. Таудың сормен аралығында, кейін əлемге «Үкілі
Ыбырай» атағы жайылған, дүние жүзіне мəлім «Гəкку» əнін шығарған
ақынның ауылы қыстайтын. Олардың арғы түбі қалмақтан келген қоңсы
дейді, сондықтан «Қалмақ аулы» деп те аталады. Қалмақтың бергі жағында
– Дербісəлі би дегені болыпты. Одан: Əбілге, Маңдай, Сандыбай
(Ыбырайдың əкесі). Сандыбай сол маңайдағы қазақтан бірінші болып көрік
басқан, темір соққан кедей адам екен. Өзге ауылдастары жаз жайлауға
көшкенде, Сандыбай қыстауда қалып, кəсібінен қол үзбейді екен. Үнемі
үсті-басы күйе болып жүретін оған, жақын жеңгесі «Қарамұрын» деген ат
қойып, елі де солай деп кеткен. Бір өлеңінде Ыбырайдың – «Əкеміз
Қарамұрын ұста бопты, кемірге өзімді өзім қия алмадым» деуі содан
деседі.
«Өрт кетіремін» деген қауіппен Қарамұрын «дүкен» аталатын темір
соғатын жəйін қыстаудан жырағырақ тұстағы бұлақтың қайнар көзінің
жағасына орнатқан еді. Қасында Имантаудан ылау айдауға жалданған, кең
шатырда жеке қара бастары ғана тұратын, бірі егде, бірі жас – екі татар бар.
Олардың аттары төртеу, тарантас жалғыз. Қарамұрынның өз тұрағы
шымнан салған жер үй.
Шоқан келер күні, оның үйінде, амандық біле жайлаудан кеше келген
ағасы – Əбіле қонақтап жатыр еді. Мүсіннен келген ылаушы, Шоқанды сол
үйге тура əкеп түсірді. Бұл кезде күн байығанмен, дала əлі жарық. Шоқан
Сырымбетке табан аузында-ақ жүріп кетер еді, ылаушы татарлар
тарантасқа екі ат жегіп, «Саумалкөл» бекетіне ертемен жүргінші əкеткен
екен, содан оралмапты. Жайдақ екі ат қорада екен, олармен қайда барады?..
Шоқандар ат басын тірегенде, Қарамұрын үй-ішімен жəне қонағымен,
шым үйдің ық жағында ауыз ашар жасап жатыр екен. Тік келіп, қастарына
тоқыраған жүргіншілерге қараған олар жолаушыларды дағдылы біреуге
жорып, майы кілкіген дəмді құймақтан қолдарын жазбай, сораптап асай
берді. Тарантастан түскен Шоқан оларға мұсылманшылап сəлем берді.
Тоқбет үндемеді. «Қазақ қой мынау!» деп күңкілдесіп қалды отырғандар.
– Шайға кел, жігіт! – деді Қарамұрын.
Шоқан тоқ еді: жолшыбайғы кідірмеймін деп ойлаған ол, Омбыдағы
əскерлік ұйымнан, үйіне жеткенше ішіп-жеуге жетерлік азық алып шыққан.
Жалғызтау деңгейіне жақындаған шақта, шоқ ағаштың етегіне тоқтап, біраз
қаужалып алған. Сондықтан, «рахмет!» деп қолын қусырып, басын иді де,
Тоқбетке орысшалап:
– Тауға таман барсақ қайтеді? – деді.
– Барайық, – деді ол.
Үй иесінің «дəм татыңдар» деуіне қарамай, екеуі жөнеле берді.
– Əлгің аты «қазақ» демесең, – деді Шоқандар алыстаңқырағанда
Қарамұрын ағасына, – тік бақай, кісі киік біреу ғой өзі.
– Кім екенін абайладық ба? – деді Əбіле.
– Жоқ.
– Ендеше соның Шыңғыстың баласы.
– Қай Шыңғыстың?
– Аға сұлтан Шыңғыстың Омбыда оқып жүрген баласы.
– Шоқан ба?!..
– Сол ғой деймін. Бала күнінде көріп ем, одан түсі өзгергенмен, кейбір
келбеті сақталған, əсіресе қабағы мен көзі. Бала шағына қарап, өскенде де
бойы шарға болар ма деп жорамалдаушы ем, буылып өскен екен ғой, бойы
соқтауылдай боп кетіпті.
– Тілің тимесін, жерге түкір!
– Түкіре береміз-ау!.. Үйіне келеді деген. (Аз ойланып) – Бірақ, жолы
бұл емес қой, неге қыңыратқып келеді екен бұл жаққа?
– Білдім! – деді сол қолының бармағын тістеп, ойлағандай аз кідірген
Əбіле, өзіне-өзі тез жауап беріп.
– Нені білдің? – деді Қарамұрын.
– Рас болды! – деді Əбіле, өз тізесін түйгіштеп.
– Не рас болды?
– Қауесет.
– Қандай?
– Осыны «Ақпанның есіп келе жатқан қызына құмартады» деген.
– Менің құлағымды да сондай бір өсектің желі шалып еді, – деді
Қарамұрын. – Неге оны растайсың?
– Түзу жолынан бұл жаққа бұрылудың басқа себебі жоқ. Айтпадың деме,
осы сол қызды көруге келе жатыр.
– Қыздың Сырымбетте екенін қайдан біледі?
Елдің, аузы елу емес пе? Біреулер жеткізген болар.
Ағалы-інілі екеуі осылай сөйлесіп отырғанда, тау етегіндегі орманға
сіңген Шоқан мен Тоқбет те оралды. Ылау тартатындардың əлі де
келмеуіне олар өкінді. Мүсіннен əкелгенге «тым болмаса Сырымбет тауына
жеткізіп сал» деп еді, ол: «Аттарым босаңсып келеді. Əрі, үйде қауырт
жұмыстарым бар еді» деп көнбеді.
Жіпсіз байланған қонақтарына Қарамұрын қолдағы аз ғана ешкілерінің
семіз серкешінің біреуін сойып, қонақасы беруге əзірленді. Бірақ, қандай?
Оның шым-күркесінде қонақтар, əсіресе хан тұқымы, ірі орыс əпесері –
Шоқанның жайланып отырар жері жоқ: өзі тар, өзі қолаңса сасыған күрке,
«төсеніш» дегендері иленбеген тері-терсектің қасаңдары, иіс-қоңысқа
үймелеген қаптаған қалың қара шыбын. Соған «кір» деуге ұялған
Қарамұрын:
– Ал, мырза, – деді Шоқанға, сыртта серкешін бауыздамай, желкесінен
ұстап тұрып,– болып тұрса, сенің сыбаған, серкеш түгіл, тоқты-торым
түгіл, құлын мен тай! Олар бізде жоқ. Бізде бары – мына ұстап тұрған
серкеш, осыған риза бол да, бата қыл!
Ондай əдет барын білгенмен, берілетін батаны білмейтін Шоқан
сойыларын білгендей бақыра маңыраған серкешті Қарамұрын мойнынан
тақымына қыса ұстап, қол» дарын жайғанда, сасқалақтағанда жан-жағына
жалтаңдап еді, Əбіле ол жайын түсінгендей:
– Ауылдан бала шағында кетті ғой, батаны қайдан білсін, мен айтайын
ол батаны, – деп алақандарын жоғары көтере, ішінен бірдемені күбірледі.
Серкеш сойылып бола, Шоқанға айтуға бата алмаған Қарамұрын:
– Əбеке! – деді ағасына, – қайда береміз қонақтардың асын?
Ол сұрауды неге бергенін түсіне қалған Əбіле:
– Дүкеннің қасы дұрыс болмас па екен? Қалың бетегесі жабағыдай
ұйысқан, мал баспаған, иісі де жақсы шөбінің. Ай да ымырт жабыла туады.
Жəне толықсыған жарық кезі. Қалай көресің, мырза? – деп Шоқанға
қарады.
Шоқан шым күркеге келген бетінде басын ғана сұғып, түрінен де,
иісінен де жиіркенген бейнемен кейін шегінген. Оған енді сүйресе де кірер
ойы жоқ. Отыруға лайығырағы жəмшіктердің шатыры сияқты, оның кірер
жақ етегі сыртынан арқанмен шандылғанын да көрген. Далада ұзақ
отырысқа жарарлық емес: күн еңкейе ызыңын көбейте бастаған сары маса,
бейуақ таяна қалыңдап барады.
«Сонда да тыста отырған жөн болар, – деп жорамалдады Шоқан
ішінен.– Кең дала. Алды ашық дала. Көзге алыстағы шалынады. Айы
толған түннің көрінісі де əдемі!..».
– Мақұл, ағай, – деді ол, сұрауына жауап күтіп, телміре қараған Əбілеге.
Отырарлық орын көрсетілгенмен, ол араға жаяр төсегіш болған жоқ.
Керегі не, оның? Қалыңдай, ұйыса, жапырыла өскен биік бетегенің
жамбасқа жұмсақтығы мауытымен тысталған мақта көрпедей! Мұндай
жерге отыруға Шоқанның жаны бала кезінен-ақ құмарды. Ертіс ойпатының
қалың шалғыны да осындай жұмсақ болғанмен, асты дымқос, сондықтан
мұрынды тез бітіріп тастайды; ал мынадай бетегеге қанша уақыт
қисайғанмен, адам еш тымауратпайды.
Бетеге үстіне тұрқын соза, қырынан қисайған Шоқанды маса да мазалай
алмады. Қарамұрын шет жақ алысырақ тұстан көңнің түтінін бықсытып
қойды да, қалыңы емес, талмаусыраған лебі ғана жетіп, соның иісіне де
маса м.олай алмады.
Қас қарайып болмай, аспанның күнгей-шығыс жиегінен айдың сəулесі
біліне бастаған, көп кешікпей қызыл күрең жиегі жылтиды; сол түспен
биіктей берген толған ай дөп-дөңгелек болып тұтас көрінгенде, үлкендігі
қазақ арбаның доңғалағындай екені Бұл түрінде не деген көрікті еді,
жарықтық-ай!..
Көкжиектен көтерілген сайын қызыл-күрең бояуы сұйыла берген ай
бозғылдана келіп, аспанның иығына шыққан шақта, əппақ сүттей боп
жарқырап алды!.. Ауыл бозбаларының:
Əттең, айдың жарығы күндізгідей,
Ер жігіттің қадырын қыз білгендей...
дейтін.
Ай жарық, терезеңнің дəл түбінде,
Шашыңа таққан шолпың саудырасын...
дейтін.
Биік таудың басына бұлт айналсын,
Жаның шығып бара ма, көз байлансын,–дейтін шағы туды.
Бүгінгі жыпырлаған жұлдызды аспанның ашықтығы', айдың жарықтығы
сондай Шоқан отырған тұстан күндіз көзге шалынатындардың бəрі қазір де
сол қалыптарымен самсап тұр!..
Дала!.. Кең дала! Жаман Жалғызтаудың күнгей-батысы бұйра қалың
орман!.. Былайғы жақтарының бəрі де таусыз, армансыз жалпайған жазық!.
Іргеде тұрған «Жалғыз», мана маңына жақындағанша тапалтақ сияқты
еді, жанына жақындай биіктене берді де, Іңір бастала, ай туа аспанға
шырқай көтеріліп, төбесі түн қараңғысымен тұтасып кетті!..
Күндегі дағдысы ма, бүгінгісі ғана ма, – қияда бүркіттері шаңқылдап,
шыңдарда байғыздары шұрылдап, тоғайда бұлбұлдары сайрап, бертінде ет
иісін сезген сауысқандары шықылықтап, күн жауар алдындағы
əдеттерімен, оғаш бастарына қаптап қонған қарғалары шулап.. арсылдаған,
ырылдаған, үрген, шəуілдеген, маңыраған, мөңіреген... сияқты
дыбыстардан орман бүркенген таудың тұла-бойы толып кетті. Оған,
төмендегі сортаң көлде қонақтаған: аққу, қаз, үйрек шағала, шіңкілдек шіл,
тауқұдірет, қызғыш... сияқты құстардың ансамбль тəрізді тұтаса, келістіре
шығарған үндері қосылады... Көл-мөлін қоса, осы құстардың бəрін бір-ақ
жұтып қоятындай, тымық кең даланы солқылдатқан əупілдек үні естіледі...
Не деген көрікті түн... не деген көрікті аспан... не деген көрікті дала... не
деген көрікті тау... не деген ғажап идиллия!.. Шіркін, осы тамашаларды
таңданарлық түрде сипаттай алатын ақын туар ма еді!!..
Осындай ойдағы Шоқан, жоғары-төменге, төңірегіне таңдана қарап
тамсанады да, «Жалғызға» əлсін-əлсін жалтақтай беріп,– «бұның жаманы
мынау болғанда, жақсысы қандай екен!»–дейді ішінен. «Жақсылар»
дегендерін де тез көруге асығады...
Қарамұрын үйінде «дəн» аталатын азықтың иісі де жоқ еді. Шай орнына
қолданатын шəлпиді, олар ешкі сүтінен жасалған құрт, ірімшікпен ішетін
«шəйді» үлкен тас құманға қайнататын. Басқа сусыны жоқ.
Қарамұрын Шоқанға бұндай «шай» беруге ұялап отыр еді.
– Сусын бар ма, ұста ағай? – деді шөліркеген Шоқан.
Қарамұрын орнына Əбіле жауап беріп, қандай ұялса да «шай» барын
баяндап еді:
– Маған сонысы керек, – деді Шоқан. – Құрт пен ірімшік ежелден жақсы
көретін астарым. Көптен аузыма тимей сағынып жүр ем. Шəлпи шəйін ішіп
көрген емен, ішкендер мақтайды. Мен де ішіп көрейін.
Кадет корпусында болған жылдары да, одан кейін де, Қарамұрынның
қара-қоңыр өңді жобалғы түсті, əжім кескінді арық қара қатыны тасқұманға қайнатқан «шəлпи шайындай дəмді суды ішіп көрмеген еді. Қант
татыған қызыл жас ірімшікпен аузының дəмін алып сораптағанда, мейірі
қанғандықтан тұлабойы терлеп қоя берді. Сол кезде ық жақтан көтерілген
қоңыр-жəй жұмсақ самал желпімесе, оның денесі су болып ағып кетер ме
еді, қайтер еді?
Самал оны жəй желпіген жоқ, жусаны аралас, селеулі, көделі даланың
ашқылтымдау жұпарын мұрнына иіскете желпіді. Онық жан-тіні «шəлпилі
шайдан да бетер рақаттанды. Сусыны қанған ол, шынтағын жастана жатқан
қалпында қалғып кетті.
Көзі жаңа ғана ілінген Шоқанды асы піскен Қарамұрын амалсыз оятты.
Əйтпесе, еті жидіп дəмі кетеді.
Серкештің түгел асқан еті, ағаш түбірінен ойып қолдан қазылған
шұқырша керсенді лық толтырды.
Бала күнінде Шоқан етті тəуір-ақ жейтін. Корпусқа бара ол дағдысынан
ажырап, бертінде «саған ет жеуге жарамайды» деп Илиади атымен тыйып
тастаған. Əнеугі Ертіс жағасында да, нағашысы Мұса тігіп берген үйде де,
қасында болған Илиади, жегісі келген еттен қолын қаға беріп, шылғи
сүттен жасалған тамаққа қамаған да қойған. Одан да торалған Шоқан, етке,
əсіресе жас етке тыңқия тоюды арман ететін.
Miнe, Қарамұрынның үйінде сол арманына жетті. Жəне «ет» дегені,
жалпы «ет» емес, «жеуге жеңіл» дейтін – ешкінің оның ішінде шелі
сауыстанбаған серкештің еті.
Басқа берер дəмі жоқ Қарамұрын, ескілеу мыс бақырға, жер-ошаққа
асқан серкештің етің астына жаққан отты маздатып жібермей, бəсең
қызумен баптап қайнатқан еді. Қатаймай да, жидімей де, жұмсақ қана
болып піскен еттің, ішінде тау жуасымен, саз буылдырығын турап
бұқтырған тұздығы да ете татымды болды.
Шоқан етті, əсіресе, семіз серкештің қалың сүбе майларын,
үлпершегінің үлкендігі қалпақтай бүйректерін, белдеменің ұзын
омыртқаның, кəрі жілік пен жауырынның жұмсақ еттерін өлердей көп жеді.
Оған қоса, аздап ермен татыған майлы сорпадан жуан аяғын тастап алды.
Ал енді кенеттен кездескен осы тойымдықты бойларына сіңіру керек.
Əлгі қалғып кеткен шағында Шоқанның ұйқысы қанып қапты. Енді көзін
жұма алар түрі жоқ. Тау мен көлдің өн бойында у-шу думан болып жатқаны
анау!.. Биіктен алған толық ай жерге күміс сəулесін себелей тіпті жарқырап
кетті! Салқын самал да жұпар иісін аңқыта түсті!.. Бұл ғажайыптардың
бəрінен тым-тырыс татып та рақат көруге, лəззат алуға болар еді, егер оған
лайықты мекен Гипса!.. Ол жоқ!.. Мана масадан қорғанып бықсытқан түтін
аздан кейін өңменнен атуға айналған соң, Шоқан отын өшіртіп тастаған.
Оны қайта тұтатқанда не рақат табады?.. Бұларға лайықты төсеніш бұл
үйде жоғын көріп отыр. Бетеге қанша құрғақ дегенмен, түн ортасы ауа шық
түссе, топырақ дымқостанады да, одан əрі төсексіз жатуға болмайды...
Не істеу керек?
Шоқанның ойы, таң атқанша таудың, көлдің бойларын кезіп серуендеуге
соғып кетті. Осы ойын білдіргенде Қарамұрын:
– Дұрыс қой, мырзам. Бірақ жаяу аралай алмайсың. Құстардың шуы
іргедей жерден естілгенмен, көл бұл арадан бірталай жер. Жағалай түсу
одан да жырақ. Алыстан қарағанда таудың көлемі тіккен кигіз үй
сияқтанғанмен, айналасы ат шаптырымнан артық. Күндіз болмаса жəне
атпен болмаса, түнде төбеге шыға алмайсың:
– Мана «шықтым» деп отыр едіңіз ғой, өзіңіз?
– Бізді қойшы!.. Осы арада туып, осы арада өскен бізге үйреншікті тірлік
емес пе. Талшық етеріміз аң ғой, мырза. Аң да – бір, мен де – бір.
Расы да солай еді: таудың тастақ биігінде арқар, қарақұйрық, киік бұғы
сияқты аңдар қаптап жүреді. Қарамұрынның негізгі азығы солар. Аңдарды
ол ысырап қып босқа қырмай, керегінше ғана атып жейді. Атқанының етін
де ысырап қылмай, сүрлеп ап азықтанады. Онысы таусылмай, жаңасын
атпайды. Тауға өрлегенде, тас арасын кезгенде, оның ептілігі мен
шапшаңдығы аңдардан кем емес. Сезгіштігі мен көргіштігі де сондай.
Қандай сақ аң болса да қапысын табады. Оның, мылтық ұңғысын қолдан
бұрайтын да енері бар. Бурайтыны жалпы мылтық емес, жалғыз оқты –
шиті. Бірақ, бұл іс əрі ұзақ, əрі ауыр болғандықтан, ілуде бір қимасына
болмаса, былайша мылтық жасамайды. Ал, жасаған екі аяқты шитілері
көзге ілінгенді мүдіртпейтін тигіш. Оның өзіне бұрап алған мылтығы да
сондай. Сонысына қызығып, тілін тыңдата алатын мергендер
Қарамұрынның мылтығына не ту бие, не құр аттан кем төлемейді.
Қарамұрынның «сұрперен» аталатын мылтығын Шоқан мана көріп
менсінбеген, иесінің «мүдірмейтін мылтық» деуін мақтаншақтық көрген.
Сонда да сынағысы кеп:
– Аңға қай кезде шығатын едіңіз? – деп сұраған.
– Ертемен, жусайтын шақтарында, – деген Қарамұрын.
«Сондай шағын көрер ме еді» деп ойлап қойған Шоқан. Енді, міне,
қонақасысын ішіп, серуенге шығуды ниет еткен Шоқан, іштей «осы ұстаны
да желіктірсем қайтеді?» деді де:
– Менімен ерер ме едіңіз? – деді оған.
– Қайда?
– Мысалы, тауға. Уақыт жетсе – көлге.
– Ерейін, мырза, – деді Қарамұрын.
– Аңшылауға болады ғой?
– Неге болмасын.
– Мысалы, тау ешкісі мен арқарға?
– Əрине, болады. Бірақ олар таудың ұшар басындағы биік шыңдарға
ұқсайды.
– Барамыз!..
– Оңай да болмайды, мырза, баруға.
– Неге?
– Өрмелеуге қиын жерлер көп.
– Несі бар, өрмелесе? Дем алып отырып ерлерміз.
– Олай болмасын, мырзам, – деді Қарамұрын. – Серігің мен екеуің
жəмшіктің қорада тұрған аттарын мініңдер. Білекті қарулы жылқылар.
Жəне тауға талай шығып жүрген. кəнігілер. Ер-тоқым біреу-ақ анау келіп
жатқан ағамдікі. Сəнсіздеу ер. Түнде кім көріп жатар бізді. Серігің, жайдақ
мінер.
– Өзіңіз ше?
– Айттым ғой, мырза, – «аң да–бір, мен де – бір» деп. Көрерсің,
аттарыңнан озып отырам.
«Болса болар!» деп жорыды Шоқан ішінен. Көзі алғаш түскен сəттен
бастап Қарамұрын дене жағынан да, қылық жағынан да оның сынында.
Дене жағынан: орташадан биіктеу, денесі мейлінше сом, сүйектері жуан,
тұла бойындағы тастан қатты бұлшық еттері қимылға кіріскен шақтарында
толқындай түйірленіп кетеді; темірді ол көбіне күн көзінде отырып соғады
екен, содан тотығуы ма, көмір мен темірдің шаңы басудан ба – өңі сіңір
қара; басы үлкен, мұрны қоңқақ, кішірек қара көздері өткір, мойны жуан,
иегі сүйір Қоңыр мұрты қалың, сақалы иек астына ғана біткен шықша,
жалпы тұлғасы батыр бейнелі адам.
Шоқан іңір алдында Қарамұрынның күркесіне кіргенде, «сурперен» мен
қатар босағада сүйеулі тұрған, шанағы кішігірім қазандай, мойны сорайған,
жарылған жерлері шегеленген, үлкен қара домбыраны көрген. Пернелері
орнында, шегі тағулы, тиегі салулы екен. Домбыра тарта білмейтін Шоқан,
шегін саусағымен шертіп қалғанда сұңқ ете қалды.
– Кім тартады мұны? – деген Шоқан қасында тұрған Қарамұрынға.
– Мен, – деген ол.
– Жақсы тартасыз ба?
– Қайдам, өзіме жақсы сияқты.
– Тартып көріңізші!
– Қазір уақыт жоқ. Кейінірек.
– Əн де айтасыз ба?
– Ептеп.
Шоқан Қарамұрынның домбыра тартуын да, өлең айтуын да естуге
асыққанмен, қонақ күту жабдығының əбігерлігімен, Қарамұрынның қолы
тимеген.
Енді, тауға өрлерде Шоқанның сол домбыраны ала кеткісі келді.
– Болсын! – деді Қарамұрын.
Аттар əкелінді. Əбіле ерінің сиқы жоқ екен: ен бойы жіппен шандылған,

Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Аққан жұлдыз - 36
- Части
- Аққан жұлдыз - 01Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3736Общее количество уникальных слов составляет 213230.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 02Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3864Общее количество уникальных слов составляет 214333.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов47.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 03Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3877Общее количество уникальных слов составляет 217032.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов52.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 04Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3769Общее количество уникальных слов составляет 209632.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 05Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3854Общее количество уникальных слов составляет 224732.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 06Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3851Общее количество уникальных слов составляет 220231.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 07Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3936Общее количество уникальных слов составляет 213434.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 08Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3809Общее количество уникальных слов составляет 217832.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 09Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3859Общее количество уникальных слов составляет 218033.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 10Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3814Общее количество уникальных слов составляет 186635.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов58.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 11Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3791Общее количество уникальных слов составляет 213233.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 12Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3820Общее количество уникальных слов составляет 223831.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 13Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3882Общее количество уникальных слов составляет 214933.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов47.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 14Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3986Общее количество уникальных слов составляет 222532.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов47.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 15Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3952Общее количество уникальных слов составляет 214134.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов48.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 16Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3931Общее количество уникальных слов составляет 189136.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов60.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 17Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3878Общее количество уникальных слов составляет 212233.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов49.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 18Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3873Общее количество уникальных слов составляет 218232.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов47.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 19Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3753Общее количество уникальных слов составляет 211432.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов48.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 20Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3821Общее количество уникальных слов составляет 207034.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 21Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3863Общее количество уникальных слов составляет 202934.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов55.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 22Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3799Общее количество уникальных слов составляет 219633.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов48.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 23Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3816Общее количество уникальных слов составляет 220131.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 24Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3910Общее количество уникальных слов составляет 222331.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов44.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 25Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3823Общее количество уникальных слов составляет 195334.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов48.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 26Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3860Общее количество уникальных слов составляет 217233.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 27Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3832Общее количество уникальных слов составляет 223932.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 28Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3743Общее количество уникальных слов составляет 215130.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов43.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов51.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 29Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3830Общее количество уникальных слов составляет 205634.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов58.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 30Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3683Общее количество уникальных слов составляет 210229.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов41.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов48.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 31Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3743Общее количество уникальных слов составляет 221528.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов41.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов48.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 32Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3779Общее количество уникальных слов составляет 230830.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов43.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов50.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 33Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3832Общее количество уникальных слов составляет 220132.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 34Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3890Общее количество уникальных слов составляет 234933.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов47.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов55.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 35Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3878Общее количество уникальных слов составляет 228831.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 36Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3857Общее количество уникальных слов составляет 229032.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 37Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3812Общее количество уникальных слов составляет 214335.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 38Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3915Общее количество уникальных слов составляет 217733.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов48.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов57.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 39Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3884Общее количество уникальных слов составляет 223235.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов50.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 40Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3742Общее количество уникальных слов составляет 206834.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов49.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 41Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3790Общее количество уникальных слов составляет 230231.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов44.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов51.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 42Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3800Общее количество уникальных слов составляет 226731.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов44.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 43Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3804Общее количество уникальных слов составляет 232529.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов42.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов50.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 44Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3796Общее количество уникальных слов составляет 215931.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов43.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов51.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 45Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3706Общее количество уникальных слов составляет 228929.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов42.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов49.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 46Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3815Общее количество уникальных слов составляет 227132.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 47Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3754Общее количество уникальных слов составляет 213733.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов55.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 48Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3739Общее количество уникальных слов составляет 221231.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов44.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов52.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 49Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3800Общее количество уникальных слов составляет 227332.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов52.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 50Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3787Общее количество уникальных слов составляет 223032.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 51Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3770Общее количество уникальных слов составляет 221231.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 52Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3833Общее количество уникальных слов составляет 225730.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов42.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов50.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 53Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3785Общее количество уникальных слов составляет 225031.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов52.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 54Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3847Общее количество уникальных слов составляет 223429.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов43.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов50.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 55Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3805Общее количество уникальных слов составляет 212132.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов54.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 56Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3774Общее количество уникальных слов составляет 215130.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов42.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов50.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 57Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3676Общее количество уникальных слов составляет 217929.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов43.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов50.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 58Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3820Общее количество уникальных слов составляет 217331.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 59Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3884Общее количество уникальных слов составляет 228831.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 60Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3904Общее количество уникальных слов составляет 220232.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов52.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 61Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3843Общее количество уникальных слов составляет 214333.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов47.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 62Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3837Общее количество уникальных слов составляет 214132.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов46.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 63Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3795Общее количество уникальных слов составляет 227231.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов44.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов51.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 64Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3953Общее количество уникальных слов составляет 217733.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов56.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 65Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 3845Общее количество уникальных слов составляет 219932.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов45.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов53.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
- Аққан жұлдыз - 66Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных словОбщее количество слов 816Общее количество уникальных слов составляет 59045.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов59.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов66.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов