Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 38

Süzlärneñ gomumi sanı 3898
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Софьяға бұл ауыр тиді. Ол балаларының құлағы тыныш болуын
қалаған. Жоқ, шынында да, тыңнан жол салушылардың қабір
қорлаушылардан айырмасы аз тəрізді.
— Мен қателескен екем,— деді ол Генриге,— бұрынғылардың
айтқандарының бəрі бірдей сандырақ емес екен. О заманда өмірден
өткен əміршіні төсегінен қозғасаң... немесе ұмытылған идеяны есіңе
алсаң олар сенің сазайыңды тарттырып, өміріңнің астан-кестеңін
шығарады.
— Ондай қарғыс маған дарымайды!— деп дауыстап жіберді Генри.
Өңі күл түстес боп көгеріп кетті.— Мен халықаралық конференция
ұйымдастырам. Берлин музейінің директорын, Гейдельбертегі
археология профессорын, Константинополь музейінің директорын,
Афиныдағы Классикалық зерттеулер жөніндегі американ мектебінің
директорын Трояға шақырам.
Ол, шынында да, бəріне шақыру жіберді жəне бəрі де баруға келісім
берді. Трояға сегіз көрнекті ғалым — ежелгі заман мамандары келді.
Олардың ішінде өзінің досы Фрэнк Калверт те бар еді. Бұл жолы Генри
жеңіске жетті. Халықаралық конференция Ғыссарлық жотасында көне
крематорийдің ешқандай белгісі жоқтығын, екінші қабаттан қираған
үйлердің қалдықтары мен бірнеше ғимарат табылғанын, олардың
ішіндегі ең үлкендері Микен мен Тиринфтегі сарайларға ұқсас
екендігін мəлімдеді. Капитан Бёттихердің үні өшті, бірақ Трояның
тұрған жері Ғыссарлық емес, Бунарбашы деп сыпсыңдаушылар əлі де
азды-көпті бар тұғын.
Генриді емдеген неміс дəрігерлері операция жасау қажеттігі жайлы
бірнеше жыл бойына ортақ пікірге келе алмай жүрген. Генри ақыры
тек ноябрь айының бас кезінде ғана Галлеге барып, құлаққа операция
жасау жөніндегі аса көрнекті маман доктор Герман Шварцқа қаралуды
ұйғарды. Мұндай сапарларында Софьяның оған ілесуі сирек еді. Бірақ,
бұл жолы əңгіме операцияға тіреліп тұрған.
— Сенімен бірге барайын, Эррикаки. Доктор Шварц операция жасау
қажет деп шешсе қайтесің.
— Рақмет, Софья. Одан да үйде бол. Доктор Шварц екі құлағыма
бірдей операция жасалса үш аптаға шейін түк естімейтін тас керең боп
қалатынымды айтқан. Операциядан кейін бір айдай Галледе болатын
шығармын. Бұл кезде онда күн салқындап кетеді, қар жауып, тұман
түсіп, ылғал басады. Айтқаныңды естімесем, оның үстіне жаным
қиналып ауыратын болсам, бəрібір көмектесе алмайсың ғой. Əрі бұл
маған да жеңіл тимейді.
Бірнеше күннен кейін Софья Доктор Шварцтың пікірінше дереу
операция жасау қажет боп жатқанын білді. Генри «Гамбург» қонақ
үйінен медициналық сестра фрау Матильда Гетстің жекеменшік
пансионына көшті. Бұл төрт ересек ұлы бар жесір əйел еді. Өз
тұрғындарына баспана беріп қана қоймай, сауығып кеткенше күтім де
жасайтын. Келесі хатында Генри операцияның бүге-шігесін сыпаттап
жазды. Операция өте қиын болыпты: доктор Шварц оң жақ құлағынан
өсіп кеткен үш кішкене сүйек алыпты. Сол жақ құлағының ахуалы
бұдан да мүшкіл екен: мұндағы сүйек ісігі бас сүйектің жіңішке
сүйегімен тоғысып кетіпті. Шварцқа құлақтың қалқанын бөлектеп
алып, артынан қайта тігуге тура келіпті. Операция үстінде қан көп
кетіпті. Генри оянған кезде көпке шейін хлороформная жүрегі лоблып
жатқан-ды. Басы дəкемен орап тасталған болатын." Ал, төсегінің
жанында Генридің есін жиюын күтіп дегбірлері қалмаған доктор
Шварц пен ассистенттері тұр еді.
Софья мұнда, Галлеге, келмей-ақ қойсын! Генри қатты жабығып
жүр, бірақ əзірше кім болса да көңілін алдарқата алмақ емес. Екі құлағы
да ісіп кеткен, дыбыс есту жолдарының бəрі жабылып қалған, ол қазір
тас саңырау. Операциядан кейін Генри фрау Гетстің үйіне қайтып
оралды: күннің салқындығы сонша, оған үйден аяқ аттап басуға тыйым
салынды. Ол өздігінен жуына да, қырына да алмайды... Бұндай ахуал
кімге де болса жақсы серік емес. Оның үстіне құлағының ауырғаны
ұйқы бермейді...
Хаттарының қай-қайсысында да көңіл жұбанарлық ештеңе жоқ еді.Сол жақ құлағы іріңге толып, ауырғаны жан шыдатпай жүр; күн өте
салқын, серуен жайын ауызға алмаса да болады. Түні бойы от жағып
шыққанмен, таңертең терезе əйнегіне сіресіп мұз қатып тұрады. Софья
ёлка жайын кішкене кейінге қалдырса қайтер екен? Ол рождествоға
қарай баратын шығармын деп ойлап отыр,.сосын елканы бірге
безендіріседі ғой. Софья «Академия» жəне «Атеней» журналдарының
соңғы сандарын жіберсе тəуір болар еді...
Доктор Шварц Генридің құлақтарын көріп шығып, таяу күнде
ауырғаны азайып, есту қабілеті қалпына келіп, Галледен жүріп кете
алатындығына сендірді. Тек құлақтарын тас қып байлап жүруі керек,
салқын тигізбеуі керек. Генри баспагерімен жүздесу үшін Лейпцигке,
сосын Берлин мен Парижге бармақ боп шешті. Бірақ, декабрьде сол
жақ құлағы қайтадан қатты ауыра бастады. Ауырғанын қойдыру үшін
доктор Шварц оған апиын тағайындады. Генри əлі де болса ештеңе
естімейтін.
Келесі хат Парижден келді. Ол хат жазбадық деп Софьяға қатты
ренжіп жүрген, «Гранд-отельге» кеп бірден алты хатын алғанда
қандай қуанды десеңші. Сол жақ құлағының ауырғаны аздап
басылайын деген сияқты, бірақ Галледен шығарда құлағын мақтамен
тығындауды ұмытып кетіпті. Тағы да салқын тигізіп алыпты. Енді
Париждегі құлақты емдейтін дəрігерге қаралмаса болмайын деп тұр.
...Ол Неапольға бармақ, Помпейдегі жаңа қазбаларды көріп шықпақ.
Неапольда Генри «Гранд-отельге» түсті. Қонақ үйдің иесі ескі досы
болатын. Сол жақ құлағы қайтадан қатты ауыра бастады. Дəрігер
Коццолини инъекция жасады. Наркотик көмектесуін көмектесті, бірақ
дəрігер оған Афиныға жол жүруді кейінге шегере тұруға кеңес берді.
Келесі күні дəрігер Коццолини екеуі Помпей қазбаларын көруге барды.
Рождество қарсаңында ол қонақ үйдің ресторанында жалғыз отырып
тамақ ішті. Ертеңіне таңғы тамағын буфеттен ішті.
Софья кейін хабардар болған бұдан соңғы оқиғалар оған адам
сенгісіз нəрседей көрінді. Рождество күні таңертең сағат онда Генри
қонақ үйден шығады —шамасы, иньекция жасатпақ болса керек. Бірақ,
дəрігерге бармайды. Пьяцца делла Санта Карита маңындағы бір
көшеде қаптал жолға құлап түсіп, есінен танып қалады. Есін
жиғанында жанына келген адамдар одан не болғанын сұрайды. Ол
жауап бермейді — өйткені, тілі байланып қалған-ды. Полицей оны
жақын жердегі ауруханаға алып барады. Алтын теңгелер салынған
əмияны қалтасына терең сүңгіп кеткені сонша, полицей оны ақыры
таба алмайды. Аурухана Генриді қабылдамайды — бұл үшін кім ақша
төлемек? Бұдан соң оны полиция участогына əкетуден басқа амал
қалмайды. Мұнда жилетінің қалтасынан дəрігер Коццолинидің визит
карточкасы табылады. Дəрігер полицияға шақыртылады. Нендей
жағдай болғанын білген дəрігердің үрейі ұшып кетеді: жартылай ессіз
қалыпта көшеден тауып алған адамдары атақты доктор Шлиман ғой!
Дəрігер Коццолини жұмсақ орындықты күйме алдырып, Генриді
«Гранд-отельге» алып барады. Мұнда оған дəмді бульон ішкізіп,
төсегіне жатқызады.
Неапольге келіп жатқан атақты неміс хирургы доктор фон Шоенге
дереу шақырту жіберіледі. Ол Генридің сол жақ құлағын ашып, іріңнен
тазартып береді. Шоен трепанация қажет-ау деген ой түйеді. Генри əлі
тілге келе алмай жатады. Қонақ үйдің иесі оған өзі күтім жасап, бульон
мен кофе ішкізеді.
Келесі күні таңертең — бұл рождество мерекесінің екінші күні
болатын — Генридің жатын бөлмесіне жалғас бөлмеге дəрігер
Коццолини, доктор фон Шоен жəне басқа да алты маман жиналып, бас
сүйекке трепанация жасауға бола ма дегенді талқылай бастайды. Олар
кеңестерін аяқтағанша Генри үзіліп те кетеді.
Бұл оқиғалардың бəрін Софья телеграммалардан білген-ді. Генридің
көшеде құлап қалғанын естіген бойда дереу Неапольға баруға
жиналған. Бірақ, күн жұма еді. Жұма күні Бриндизиге пароход
жүрмейтін. Ал, кешкісін соңғы телеграмма келді. Күйеуі қайтыс
болыпты.
Дёрпфельд пен інісі Панайотис Софьяны үйде қалуға көндірді.
Бриндизиге аттанған сенбі күнгі пароходқа отырған олар Генридің
мəйітін Афиныға əкелу үшін Неапольға жүріп кетті.
Софья кітапханада Генридің жазу үстелінде отыр еді; жаны қатты
құлазып отырған. Мұның себебі тек Генридің өмірден өткенінде ғана
емес еді — бұл оған күтпеген жаңалықтай көрінбеген, себебі Генри
көптен ауырып жүрген жəне сан алуан шаруаларымен бұрынғыша
қызу құлшыныспен шұғылданбайтын. Софья оның өз үйінен алыста,
қонақ үйдегі жат төсекте үзілгеніне, ақырғы сəтінде жанында
туғандарынан ешкімнің болмағанына, маңдайынан сүйіп қоштасып
қалмағанына күйзеліп отырған. Софья өзін өзі айыптап, өкініш отына
өртенді. Ауыр операция жайлы естіген бойда-ақ Галлеге жүріп кетуі
керек еді. Бірақ, отасқалы өткен жиырма бір жылдың ішінде тілегіне
қарсы келген кезі кемде-кем еді ғой. Бұл жолы да ол баруға тыйым
салған...
Оның ешқайда бұрылмай Галледен шығысымен Афиныға қайтуын
табанды түрде өтінуі керек еді. Мұнда күн жылы ғой. Өзінің əдемі
үйінде, өзін қатты қадірлейтін əйелінің, бойжеткен қызының, грек
ұлының жанында жайлап тəуір болып та кетер ме еді. Ал, бұның
орнына ол Вирховпен жүздесу үшін Берлинге, басқа достарымен
жүздесу үшін Парижге, Помпей қазбаларын көру үшін Неапольға жол
шекті... Туа біткен мінезге не істерсің. Софья ешқашан оның ісəрекетіне бағыт белгілеп көрген жоқ. Бұл ешкімнің қолынан келмес те
еді!
Өлім аузында жатқан Генриді аурухананың қабылдамағанын, себебі
ондағылардың ешқайсысы мұны танымағанын есіне алған Софьяның
бойы дір ете түсті. Олар Генридің өмірін сақтап қала алатын еді-ау!
Əлемдегі ең атақты адамдардың бірі доктор Шлиманды танымау деген
не сұмдық! Көңіл айтқан телеграммалар дүние жүзінің түкпіртүкпірінен күні бүгінге шейін келіп жатыр. Газеттер оның таңғажайып
өмірі туралы, археологияға, адамзаттың алғы дəуренін зерттеуге
қосқан үлесі жайлы құлаш-құлаш мақалалар жариялап жатыр.
Алпыс тоғыз жасқа толуына санаулы күндер қалғанда қайтыс
болған Генри Шлиман өмір жолын нық басып жүріп өтті. Өз парызын
ақырына шейін ақтап шықты. Гомердің Троясы, Павсанийдің
Микендегі патша қабірлері, Орхомендегі қазына қоймасы, Тиринф
сарайы...
Бұның бəрі енді өткен күндердің үлесіне айналды.
Бірнеше күннен соң Дёрпфельд пен Панайотис оны үйіне қайта
алып келеді — бұл оның сансыз көп сапарының ең соңғысы болмақ.
Өсиет жазылған конвертті ашқан кезде Софья көрхананың
құрылысына елу мың драхма беретін болады. Протестанттық пастор
азалы дұға оқиды. Ал, мавзолей дайын болған кезде Генридің мəйіті
онда мəңгі-бақи орын тебеді.
Үстел үстіне қолын созып басын соған сылқ түсірді. Жалғыздың
жүрегін жабырқатып жіберген-ді.
Отыз сегіз жасында жесір қалды. Орасан үлкен «Илион
палаталарының» ендігі иесі өзі. Андромаха он тоғызда, университеттің
студентімен достасып жүр. Бəлкім, Андромаха ұзамай күйеуге шығып,
өзін тастап кететін шығар. Агамемнон əлі кішкентай, он екі-ақ жаста.
Бұның жұбанышы жалғыз сол ғана болмақ.
Софья Генридің 1889 жылдың 10 январында жазған өсиетінің
мазмұнын жақсы білетін. Ол өзінің орыс семьясын жан-жақты
қамтамасыз етті. Қарындастарына, Вирховқа, Дёрпфельдке сыйлықтар
қалдырды. Андромаха мен Агамемнонға бір-бір адамның дəулеті өсиет
етілді. Баяғыда ол Софьяның əкесі Георгиос Энгастроменосты
нотариусқа ертіп апарып, оның он жеті жасар қызы Софья бұның,
Генри Шлиманның, мүлкінен ешқашан ештеңе талап етпеуге тиіс,
деген сөздер жазылған документке қол қойдыруға мəжбүр еткен. Енді
міне сөйткен Шлиман Софьяға барлық жиһаз-жасауларымен қосып
«Илион палаталарын», Берлиндегі бір ғимаратты, Герман археология
институтының ғимаратын, басқа да көптеген дүниелерді мұра етіп
отыр. Софьяның өмірі қамсыз. Ол «Илион палаталарын» Генридің көзі
тірі кезіндегі қалпында ұстай алады, оның табалдырығын аттаған
адамға қадірлі қонақ ретінде сый-құрмет көрсетеді, троялық
коллекциялары орналасқан музейдің де есігі ашық болады. Ал,
қонақтардан қажыса көз тасалай тұратын сенімді тұрағы —
Кифисьядағы үйі бар.
Софья орнынан тұрып, кітапханадан шықты да, төмен түсті. Балға
арналған залмен жай басып жүріп өтіп, Генри портреті бейнеленген,
цитаттармен қоршалған фресканың астына кеп тоқтады. Бұл
цитаттарды Генри өзі ардақ тұтатын грек классиктерінен іріктеп
алған. Сүйікті шығармаларынан үзінді оқып тұрған Генридің дауысы
құлағына шалынды. Эгей теңізінің толқынындай қаптаған естеліктер
тұншықтырып жібере жаздады.
Ол енді ешқашан ешкімді сүймейтін болады. Жұрттың бəрі қатты
қадірлейтін Софья Шлиман ханым Афиныда əлі де ұзақ жылдар бойы
өмір сүреді, Троядағы қазба жұмыстарын одан əрі жалғастыру үшін
Дёрпфельдке қаржы береді, күйеуінің ар-намысын жəне бүкіл өмірін
жұмсаған жұмысын неміс капитандары бёттихерлерден, ағылшындық
стилмендер мен пенроуздардан, күйеуінің есімі мен ісіне көлеңке
тастағысы келетін басқа да барлық адамдардан қызғыштай қоритын
болады. Ол əлі жас, дəулетті, оны алда ұзақ өмір күтіп тұр. Ал,
жесірлікпен өтетін жылдарға келсе, оның о бастан-ақ ойда болғаны
анық қой. Ендеше, тағдырға артатын ешқандай кінəсі жоқ.
Софья будуарына көтерілді де, икон алдына тізесінен түсіп, Генри
Шлиманның аруағы үшін құдайға құлшылық етті. Есімі мəңгі
ұмытылмағай-дағы!
АВТОРДЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ
Кітап авторына кездескен қиындықтардың бірі — əңгіме боп
отырған уақытта Европада қос календардың қолданылғандығы болды.
Генри Шлиман мен бүкіл өңге Европа осы күні өзіміз қолданылып
жүрген календарды пайдаланса, гректер ол кезде Юлиан календары
бойынша өмір сүрген-ді. Софья Шлиман, шамасы, өз хаттарына сол
күні Афины газеттерінде тұрған датаны қойып отырған болса керек.
Ал, Шлиманның кітаптарында, күнделіктері мен хаттарында
кездесетін даталардың бəрі де жаңа стиль бойынша берілген. Осының
салдарынан даталар шым-шытырық араласып кеткендей көрінеді де,
белгілі бір оқиғаның шын мəнінде кей кезде болғандығын анықтау
қиын.
Генридің Софьяға 1889 жылғы 26 ноябрьде жазған хатынан
мынадай жолдарды оқимыз:
«Қымбаттым, мен саған бірінші декабрьге дейін шаруашылық
қажетіне жұмсайтын ақша бергем. Жаңа стиль бойынша бірінші
декабрьден бастап сенің атыңа есеп ашып, Иония банкіне жазған
хатымды өзің көрдің емес пе? Құдай-ау, бұның бəрі қалай ғана
жадыңнан шығып кеткен!»
- Греция Грегориан календарын ресми түрде 1923 жылдың 1
мартынан бастап қабылдады.
Берлиннен Приам қазынасын көруді үміт ететін оқырмандар
өкінішке жолығады. Қазына жоғалып кетті. Екінші дүние жүзілік
соғыстың аяқ шеніне таман совет əскерлері Берлинге жақындаған
кезде Берлин музейінде сақтаулы тұрған алтын төрт жəшікке
салынып, тығып тасталғаны, не көміп тасталғаны белгісіз, ұшты-күйді
жоқ болды. Приам қазыналарының қайда жоғалғандығы жайлы əркім
əртүрлі жорамал айтады: біреулер бомбылау кезінде құрыған десе,
өзгелер оны əлдекімдер иеленіп кеткен немесе ұрлаған деседі. Тіпті,
оның жан білмейтін бір құпия орында тығулы жатуы да мүмкін.
Күндердің күнінде ойда жоқ жерден табылып қалуы да ғажап емес.
ГЕНРИ ШЛИМАН ЖАЗҒАН КІТАПТАР:
La Chine et le Japon au temps present, 1867
Ithaque, le Peloponnese, Troie, 1869
Antiqnites Troyennes, 1874
Atlas des Antiguites Troyennes, 1874
Troy and Its Remains. 1874
Mycenae, 1878
Ilios: City and Country of the Trojans, 1880
Orchomenos. Bericht iiber meine Ausgrabungen im Bootischen,
Orchomenos. 1881
Reise in der Troas im Mai 1881, 1881
Troja: Results of the Latest Researches, 1884
Tiryns: The Prehistoric Palace of the King of Tiryns,1885
ГЕНРИХ ШЛИМАН ЖƏНЕ «ГОМЕРГЕ ҚАТЫСТЫ» АРХЕОЛОГИЯ
Өткен ғасырдағы айтулы археологтар ішінен кейінгі ұрпақтардың
санасында өшпес із қалдырған Генрих35 Шлимандай басқа адамды табу
қиын. Дабысы дүркіреген бұл есім XIX. ғасырдың соңғы ширегінде
əлемнің барлық ірі газеттері мен ғылыми журналдары беттерінен
түспей жүрді. Сонымен бірге ғылыми жұртшылық арасында əралуан
қарама-қайшы пікірлер тудырды: біреулер жер-көкке сыйғызбай
мақтаумен болса, өзгелер жерден алып, жерге салып жатты.
Шлиманның романтикалық өмірбаяны шырай берген тұрмыс-тіршілігі
мен қазба жұмыстары археологияны ардақ тұтатындардың көпшілігі
үшін археолог қызметінің эталонына айналды. Табанды ізденістің,
алға қойған мақсатқа жету жолында қиындықтарды жеңе білудің
жарқын үлгісі болды. Ал, кейбіреулер бұны тіпті романтикаға толы
археология ғылымының нақ өз бейнесі деп білді. Шлиман жайлы
ондаған өмірбаяндық еңбек жазылды: олардың ішінде ғылыми
монографиялар да, егжей-тегжейлі ғұмырнамалар да бар. Жəне бұндай
еңбектердің саны өскен үстіне өсіп келеді. Соңғы кезде жазылған
осындай шығармалардың бірін — белгілі американ жазушысы,
романға айналдырған көптеген өмірбаяндардың36 авторы Ирвинг
Стоунның романын біз де енді совет оқырмандарына таныстырып
отырмыз.
И. Стоун шығармасына Шлиман өмірінің екінші, археологиялық
кезеңін — 1869 жылы Софья Энгастроменосқа үйленуінен 1890 жылы
қайтыс болғанына дейінгі аралықты негіз еткен. Жазушының Шлиман
өмірбаянының ең жарқын беттеріне — Троя мен Микенді қазу кезеңіне
баса көңіл бөлетіні де түсінікті; романның осы оқиғаларға қатысты
тараулары оқырман үшін ең қызықты да есте қаларлық болып
шыққаны даусыз.
Мейлінше мол документтік материалдарды, оның ішінде
Шлиманның немерелері таяуда ғана Афиныда орналасқан
Классикалық зерттеулер жөніндегі американ мектебіне табыс еткен
археологтың Софьямен жəне Энгастроменостар семьясымен жазысқан,
əлі еш жерде жарияланбаған хаттарын пайдалану бақытына ие болған
И. Стоун өз романында осынау адамның біржақты бағалауға
болмайтын, іштей қарама-қайшылықтарға толы, күрделі тұлғасы
жайлы өз түсінігін, дəлірек айтсақ, өзіндік интуициялық түйсігін алға
тартады. Хат жолдары мен диалогтардан, Софьяның ішкі монологтары
мен ой кешулерінен автордың Шлиманның жекелеген іс-əрекеттеріне
талдау жасап, оның адам таңғаларлық қабілетінің айрықша
көріністерін ой елегінен өткізуге деген талпыныстары анық
аңғарылып отырылады. Басқаша сөзбен айтқанда, жазушы өз
кейіпкерінің өзгеге ұқсамайтын өзіндік бейнесін жасаған. Жанрлық
талапқа байланысты бұл негізінен алғанда романтикалық бейне боп
шыққан.
Аса ірі археологиялық жаңалықтарды өмірге əкелген Генрих
Шлиман шын мəнінде қандай адам болған еді? Өз қаражатын кезкелген пайдалы шаруаға, оның ішінде археологиялық ізденістерге де
оңтайлы орналастырып жүрген, ішкі есебі түгел коммерсант па əлде
тумысынан бойына терең түйсік дарыған, жеті қат жердің астында
жатқанды көретін қабілеті бар білімдар ғұлама ма? Ақшасын босқа
шашудан, немесе, дəлірек айтсақ, тұп-тура мағынасында «жерге
көмуден» басқа шаруа таппаған есірген миллионер ме əлде бала кезде
пайда болған арманын есейген кезде іске асыру үшін арпалысқан адам
ба?
Бұл сұрақтарға біржақты жауап беру қиын, бəлкім тіпті өйту дұрыс
емес те шығар. Өйткені, замандастарынан да, кейінгі ұрпақтардан да
бұл адам жайлы бірауызды пікір кездестіре алмайсың. Сол замандағы
ғылыми ортада, сондай-ақ, көзқарастарының қалыптасуына
журналистер басым ықпал жасаған жалпы жұртшылық пен баспасөзде
қалам тартып жүрген талым адамдар арасында XIX ғасырдың 70-80
жылдарында атағы əлемге кеңінен мəшһүр болғандардың бірінен
саналатын осы кісі жайлы бір-біріне мүлдем қарама-қайшы пікірлер
айтылып жататын. Олар тек бір нəрсеге: Шлиман ғажап жолы болғыш
адам, жанасып кеткен нəрсесінің бəрі — мейлі ол индиго салынған
бөшке болсын немесе көне қабірлердің топырағы болсын, Мидас
патшаның құдіретіндей, қолма-қол алтынға айналып жүре береді,
дегенге ғана дауласпайтын.
Оны сынаушылардың ішіндегі өте бір өжет дегендері де осынау
толымды тұлғаның адам таңқаларлық қабілеттеріне, əсіресе
лингвистикалық қабілетіне, сондай-ақ жасымас жігеріне тəнті
болғандарын жасыра алмаған. Ал, қарапайым бюргерлер мен
тоғышарларға келсек, олар да іштей қызғаныш отына күйгендерімен
жолы болғыш бұл адамды қаһармандай қадірлеп, пір тұтып жүрді. Егер
осының бəріне оның алуан оқиғаға толы, шын мəнінде де
«авантюралық» өмір тарихын тоғыстырсаң, онда кейіннен көптеп
жарық көрген «Бір алтын іздеушінің өмір тарихы» (Э. Людвиг.), «Троя
жайлы арман» (Г.Штоль, А.Брекман) немесе «Бір арман, екі махаббат»
(Л. жəне Г.Пул) тəрізді Шлиманның романға айналдырылған
өмірбаяндарының тақырыптары қайдан пайда болғанын аңғару да
қиынға соқпайды.
Шлиманның кісілігі, ғалымдығы жайлы өз түсінігімді əсте де өзгеге
таңғым жоқ. Мен мүлдем керісінше мақсатты көздеп отырмын.
Романмен танысқан оқырман басты кейіпкер жайлы өзіндік түсінік
қалыптастырған болар деп ойлаймын. Менің міндетім — осынау
портретке жекелеген штрихтар қосып, осынау біртұтас көріністі
кішкене де болса шындыққа жақындата түсу болып табылады. Сондайақ, жекелеген өмірбаяндық мəліметтер де оқырманға онша артық, бола
қоймас, өйткені И.Стоун Шлиман өмірінің тек екінші кезеңін ғана
егжей-тегжейлеген ғой. Оның үстіне Шлиманның археология үшін
елеулі маңызы бар соңғы жылдардағы жұмыстары да романда өте
үстіртін суреттелген.
***
Шлиманның өмірбаянына куəлік ететін документтік материал
мейлінше мол. Замандастары жазып қалдырған нəрселерді былай
қойғанда, археологтың өз мұрасының өзі жетерлік: 10 кітап, ғылыми
журналдар мен ағымдағы баспасөзде жарияланған жүздеген мақала,
жолсапарлары мен қазба жұмыстарына арналған 18 күнделік,
жаттығулар мен жол-жөнекей туған ойларын түсіруге арналған
ондаған дəптер, осылардың бəріне қосымша 60 мың хат! Бұл кісінің хат
жазуға деген қабілеті шын мəнінде де адам таңғаларлық: өйткені,
өмірінің 45 жылы белсенді əрекетке жұмсалды деп есептегеннің өзінде
де күніне үш-төрт хаттан жазып отырған боп шығады.
Ғұмырнамашы Эрнст Майер əзірлеген екі томдыққа Шлиман
хаттарының тек жүзден бір бөлегі ғана енді. Бұлардан өзге
Шлиманның өзі жазып, жариялаған мейлінше толық өмірбаян жəне
бар.
Генрих Шлиман 1822 жылғы 6 январьда немістің МекленбургШверин деген жеріндегі Ной-Буков атты шағын қалашықта пастор
семьясында туды. Балалық шағы сол қалашыққа таяу маңдағы
Анкерсхаген деревнясында өтеді. Осында халық аңыздары бойына
жігер отын құйған, Геркуланум мен Помпейдің күйреуі жайлы
əңгімелерді есі кете тыңдаған, Троя соғысы жөніндегі балаларға
арналған кітапшаларды іздеп жүріп оқыған кішкентай Генрих аты
аңызға айналған Трояны тауып, қазып шығарсам деп арман ете
бастайды.
Бала жүйелі білім ала алмайды — əкесінің қоғамдық жəне
финанстың жағдайының күрт нашарлап кетуі оны гимназияны
тастауға мəжбүр етеді де, реальдық училищені бітіргеннен кейін
аштан өлмес үшін дүкеншіге қол бала болып орналасады.
Қайыршылық құрсауынан құтылуға, бірінен бірі айнымайтын көңілсіз
күндер тізбегін үзуге ниеттенген əлжуаз да аурушаң балаң жігіт жаяужалпылап Гамбургке тартады да, онда барғасын Венесуэлаға
қатынайтын кемеге жалданады. Жолшыбай кеме апатына ұшырап,
одан кездейсоқ аман қалуы өміріне үлкен бетбұрыс жасайды.
Ара да біраз уақыт өткен соң ол сəті түсіп, Амстердамдағы «Шрёдер
жəне К» атты атақты сауда фирмасына қызметке орналасады. Сирек
ұшырасатын лингвистік дарыны мен зерделілігінің арқасында
Шлиман өзі ойлап тапқан əдіс бойынша аз уақытта бірнеше шет тілін
меңгеріп алады. Оның орыс тілін де үйренгендігі қожайындарын
қабілетті жас полиглот-қызметкерді 1846 жылы Петербургке жіберу
жайлы ойға итермелейді. Бойына біткен сарқылмас жігері мен
мейлінше іскерлігінің арқасында ол көп ұзамай-ақ компанияның сауда
агенті қызметін тастап, өз кəсібін ашқан саудагерге айналады.
Əрқилы товарлармен, оның ішінде негізінен индигомен, көтерме
сауда жасау ісін жолға қоя білген Г.Шлиман бірнеше жылдық ішінде-ақ
байып шыға келеді. Калифорнияда алтын өндірушілерге арнап банк
ашып, дəулетін одан əрі арттыра түседі. Əсіресе, Қырым кампаниясы
кезінде орыс армиясын əскери шикізатпен қамтамасыз етуден қатты
байиды. Шлиман Россияда 18 жыл тұрады. Орыс азаматтығын
қабылдап, Петербургтің бай саудагерінің жиені Екатерина Петровна
Лыжинамен Исаак соборында некеге тұрады. Бұл əйелінен үш бала
сүйеді. Оның қоғамда үлкен абырой-беделге ие болғаны сонша, бірінші
гильдия саудагерлердің қатарына қабылданады. Ал, елден кетерінің
аз-ақ алдында Санкт-Петербургтың құрметті азаматы титулына ие
болады.
Алыпсатарлық
айла-шарғылардан
шаршаған,
семьялық
тұрмысының татымы болмаған отыз алты жасар негоциант 50-ші
жылдардың аяң шамасында кəсіпке қатысты шаруаларын біртіндеп
тұйықтайды да, Европа мен Жер Орта теңізі елдеріне саяхатқа
аттанады. 60-шы жылдардың ортасында жер жүзін айналып сапар
шегеді. Шлиман сақайған кезінде де жүйелі білім ала алмаған болатын.
Көне грек тілін шын мəнінде аутодидакт жолымен меңгерген. Ал,
археологиялық танымдарына келсек, Парижде бірнеше ай бойы
тыңдаған лекцияларынан басқа мақтанарлық ештеңесі жоқ еді; қазба
жұмысын жүргізу тəжірибесінен мүлдем құралақан болатын.
Шлиманның алғаш рет 1881 жылы жарық көрген, өз қолымен
жазған өмірбаянының бірінші бетінде бүкіл очерктің желісіне
жатқызылған мынадай жолдар бар: «Осынау еңбегімнің бас жағына
өмірбаянымды ұсына отырып, есейген шағымда айналысқан бұл
шаруам өндір жас кезімдегі арман-ойларымның нəтижесі екенін,
Трояны жəне Микендегі патша қабірлерін қазып шығарған күректер
мен қайлалар балалық шағым өткен кішкентай неміс деревнясында
шыңдалғанын атап көрсеткім келеді»37 .
Ал, шын мəнінде, бақалшының аш-жалаңаш қол баласы сəби кездегі
арманын жүзеге асыру үшін жанталасып байлық жинады дегенді жай
ғана əдемі аңыз деп есептеуге толық негіз бар. Ақиқатында, кəсіптен
қол үзген коммерсанттың өмірінің қалған бөлегін ғылыми жолмен
жүргізілетін қазба жұмысына жұмсауға деген əкетіп бара жатқан
құштарлығы жоқ-ты. Бұл оның 50-ші жылдардың аяқ шенінде
Петербург саудагері Бесовқа жазған хатынан да анық көрініп тұр:
«Алайда, мен сияқты ертеңнен қара кешке дейін қауырт жұмыстармен
шұғылдануға дағдыланған адам үшін бүкіл өмірін саяхат жасауға арнау
немесе Рим мен Парижде, Афиныда құр босқа уақыт өткізу өте қиын
екен. Ғылыми жұмыспен айналысуға да кеш қалдым; ұзақ уақыт бойы
саудамен шұғылданғандықтан қазір ғылымда бірдеңеге қол жеткізе
қоюым да қиынға соғады ғой. Ғылымға деген құштарлығым əлі күнге
шейін басылмағанымен, бір ғана осы шаруамен шектеліп қалуды да
көңілім қош көрмес еді»38. Байлықтың соңына түсудің салдарынан
есінен шығып кеткен балалық шақтағы армандарына қайтадан канат
қақтырған археолог болу жөніндегі бұл шешім, шамасы, экскоммерсанттың Греция мен Алғы Шығысқа жасаған саяхаттары
кезінде туындаған болса керек.
Шлиманның өзі жайлы жалған өмірбаяндық мəліметтер беруі бір
бұл емес. Мысалға, ол досы əрі грек тілін үйретуші алғашқы ұстазы
Теоклетос Вимпосты архиепископ деп атайды. Ал, оқырмандардың өзі
романнан көріп отырғандай, ол епископ лауазымынан əріге көтеріле
алмайды. «Кездейсоқ түрде» американ азаматтығын алуы жөніндегі
хикая да бастан-аяқ ойдан шығарылған нəрсе болатын. Таяуда ғана
Шлиманның: «Петербургке барған жылы-ақ бірінші гильдия
саудагерлерінің қатарына іліктім», деген сөзін теріске шығаратын
архив документтері табылды; ал шын мəнінде ол саудагерлердің
бірінші гильдиясына, онда да петербургтік емес, нарвалық гильдияға,
тек 1854 жылы ғана өтеді 39.
Алайда, балалық шағының рождестволық ертегісін еске алудан
туған мұндай алдамшы əңгімелері үшін Шлиманды айрықша айыптау
да орынды бола қояр ма екен? Өмірбаяны қағаз бетіне түскен 70-ші
жылдардың соңы мен 80-ші жылдардың бас кезі əлемге аты танылып
үлгерген осынау археолог үшін өзінің жай ғана қазына іздеуші емес, өз
ісіне шын берілген зерттеуші екенін ғылыми жұртшылық алдында
дəлелдеу жолында күш-қайратын аямай жұмсап жатқан кезі екенін
естен шығармау керек. Мысалға, Шлиманның Лондонда реклама
жөніндегі арнаулы агент ұстағаны да белгілі жай. Қалың
жұртшылықпен қатар мамандығы бір əріптестерінің де ілтипатына
бөлену мақсатындағы осынау ұмтылыстары оның аталған өмірбаянды
жазып, оны «Илион» монографиясына алғысөз орынына енгізуіне де
түрткі болғаны күмəнсіз.
Шлиманның Софьяға үйленуі жайлы, ғылымның Идалық биігіне
шығар жолындағы алғашқы баспалдақтары болған Троя мен Микен
жайлы оқырманға И.Стоун романының өте тартымды етіп жазылған
тараулары баяндап береді. Мен бұл ара да археологтың мейлінше
үстіртін айтылған немесе мүлдем атаусыз қалған, жүзеге асқан,
аспағаны бар басқа да бірқатар жұмыстарына тоқталғым келеді.
Алдымен, Шлиман 1880 жылы Дёрпфельдпен бірге зерттеуге
кіріскен Орхомен жайына аз-кем аялдайық. Акропольдегі қазбалар іс
жүзінде ешқандай нəтиже бермегендіктен, барлық күш толосты
аршуға жұмылдырылған еді. Бұны Шлиманның антикалық «жол
көрсетушісі» Павсаний Орхомен əміршісі Минийдің қазына қоймасы
деп атаған болатын. Күмбезді көрхананың ішіне дромосы арқылы
емес, төбесі арқылы енуге тура келген. Тазартудың барысында
өрнектелген мəрмəр сынықтары мейлінше мол жолыққанымен, оның
ерте заманда-ақ тонауға ұшырағаны анықталған. Бірақ, бəрінен де
айрықша көзге түскен бір нəрсе — негізінен алғанда дөңгелек бітімді
бұл күмбезді құрылыстың кішкене дəліз арқылы басқа бір, төрт
бұрышты бөлмемен жалғасып жатқаны еді. Таламос — көрхана
дегеніміздің өзі де осы болатын. Қазушылардың ең елеулі олжалары да
осыдан табылды: əлгі бөлменің еденін бұрын ешқашан кезікпеген
əшекей түсірілген жасыл шифер тақталары басып жатыр еді.
Уатылып,
бөлшектелген
блоктарды
жинап,
алғашқы
қалпындағыдай етіп құрастырған кезде бұның көрхананың құлап
түскен шатыр жабындысы екені айқындалды. Аң-таң болған
археологтар көз жауын алатын көркем суретке куəлік етті: қашауды
қолы қалтырамай əрі ерекше ептілікпен ұстаған беймəлім шебер дала
гүлдерінен кілем тоқыпты. Гүл шоқтарының ара-арасына бір-біріне
шым-шытырық шырматылған спираль тəрізді сабақтар мен жаңа
көктеп келе жатқан өсімдіктер бейнеленіпті. Көлемі үш те төрт метр
боп табылатын осынау жасыл «шабындықтың» шеттері көп
жапырақты розеткалармен асқан шеберлікпен көркемделіпті; дəл
осындай розеткалардың қос қатары төбенің қақ ортасына төрт бұрыш
боп орналасқан, əлгіндегі гүлдер мен спиральдардан құралған
өрнектерді жиектеп тұр. Тасқа өрнек салудың озық үлгілерін Шлиман
бұрын да кезіктірген — мысалға, Атрейдің қазына қоймасы делінетін
Микеннің үлкен толосында осындай үлгілер бар-ды. Бірақ, мына жерде
олардың тасқа өрнек салудың теңдесі жоқ туындысына жолығып
тұрғандары даусыз еді. Кейін, бірнеше жылдан соң, сол Дёрпфельдпен
бірге Тиринфті қазған кезінде осынау əшекейдің дəлме-дəл
көшірмесін, бірақ тасқа қашалмаған, бояумен салынған көшірмесін
кезіктіретінін археолог ол кезде білмеген.
Тиринфте Шлиман бұдан да зор жаңалықтар ашты. Ірі кесектерден
тұратын мұндағы циклоптық қалама акрополдағы қорғаныс
құрылыстарын мұрты бұзылмаған қалпында сақтап қалған-ды. Екі
жыл бойы атқарылған жұмыстың нəтижесінде көптеген галереялар,
казематтар, елеусіз есіктер мен құпия баспалдақтар табылды.
Акропольдағы патша сарайын қазу жұмысы да маңызды нəтижелерге
жеткізді.
Тиринфтегі
бояулы
керамика
Шлиманға
Микеннен
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Грек қазыналары - 39
  • Büleklär
  • Грек қазыналары - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3918
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2399
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3953
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2417
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2376
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2319
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2376
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2392
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3988
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2436
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3981
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2340
    31.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3874
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2337
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3901
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2358
    31.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4004
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2351
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3939
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3901
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2356
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2296
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2450
    30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2289
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3993
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2196
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2259
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3908
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2298
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3844
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2330
    31.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3870
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2275
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3867
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2222
    31.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3920
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2287
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3873
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2264
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3887
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3911
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3940
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2237
    31.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3831
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2235
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3900
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2329
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2258
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3867
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2261
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 36
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2305
    30.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 37
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2187
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 38
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 39
    Süzlärneñ gomumi sanı 3537
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2100
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.