Latin Common Turkic

Грек қазыналары - 23

Süzlärneñ gomumi sanı 3870
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2275
32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
— Оны іздемеген адам қалды ма екен!—деді Деметриос.— Тіпті
Пелопоннестегі түріктің соңғы губернаторы Уəли паша да іздеген
болатын. Түрік үстемдігінің соңғы айларында ол ақыры Арыстандар
қақпасының жанындағы бір көрхананы қазып шығарды. Бұл қабірлерді
адамдар сандаған ғасыр бойы іздеумен болған-ды. Ішінде менің бабам
да бар еді! Сірə, Агамемнон мен оның серіктерінің қабірлері алтынға
сықасып жатқан шығар. Бірақ, ондай қабірлердің болғандығына жан
адам сенбейді.
— Дегенмен, бұндай қабірлердің бар екені анық. Бұл жайында
«Эллада сыпаттамасында» Павсаний да айтып кеткен.
Дасис иығын қиқаң еткізді.
— Доктор Шлиман, сіз қалай іздеуді білесіз ғой деп ойлаймын.
Газеттердің бірі сізді, шамасы, жер астында жатқанды жазбай танитын
«сиқырлы таяғы» бар шығар, деп жазған болатын. Сіз Микенде бардың
бəрін де табатын шығарсыз, бірақ тек патша қабірлерін ғана таба
алмассыз.
Шлиман Софья екеуіне ат ерттеп берулерін өтінді. Олар тастақ
жолмен деревняны кесіп өтті де, ұзамай енсіздеу жайдақ жолға
бұрылды. Алдан оңтүстіктен солтүстікке қарай көлбеген үш таудың
сұлбасы көрінді. Бұлардың ішіндегі ең биігі, үшкір шыңдары мен
шоқылары көп Эбвея өзінше бір шағын тау тізбегін құрап тұрғандай
еді. Төбесімен көк тіреген Эвбеяның жанында Микен цитаделі бар
болғаны Ғыссарлықтай ғана жатаған жота тəрізденіп көрінетін. Тек
таяп келгенде ғана Микеннің қаһарлы қамал екендігіне көз жеткізуге
болатын.
Жол күрт солға бұрылып, тауға қарай тартты.
— Мынау немене?—деп қалды Софья.
— Атрейдің қазына қоймасы немесе, дəлірек айтқанда, көрханасы.
Софья құрылысқа таңдана көз тікті. Дромосты — есікке қарай
бастайтын ашық дəлізді — бір заманда қиыршық тас, топырақ, қираған
сынықтар басып жататын; бірақ ежелгі дəуір қазыналарын табам деп
үміттенген Уəли паша жолды аршытып еді. Софья ұзындығы он төрт
фут боп табылатын қосарлы маңдайшасы бар, тастан қашалған,
өрнекті əсем есіктерді көрді. Маңдайшаның үстінде бір заманда мүсін
қойылуы мүмкін болған үш бұрышты ойық бар еді. Бұл ойық
циклоптың əдіспен қаланған тастардың арқалыққа түсіретін шамадан
тыс ауыр салмағын азайту үшін жасалған. Дəліздің доғал тастардан
қаланған қабырғалары мен үшбұрыштың бүйірлеріне қаланған тастар
жақсы сақталыпты. Олардың көлемі Софьяны қатты таңырқатты.
— Көрхана жотаның түбіне қарай тереңдей түсе ме? - деп сұрады ол.
— Керісінше, тереңінен бері қарай бет алады. Құрылысшылар
таудың қойнынан орын əзірлеп, қашалған тастарды қаластыра
отырып, қабырғаларын өреді де, конус тəрізді сүйір ұшын жоғары
шығарады. Бұндай көрханаларды кейде «араның ұясы» деп те атайды.
Атрейдің қазына қоймасы мысырлық пирамидалармен тең түсе
алатын құрылыс деп есептелінеді.
Жүз ярдтай жүрген соң Генри тізгін тартты. Микен қамалы осы
арадан Софьяға тұңғыш рет толық тұлғасымен бой көрсетті. Олар
қысқы жаңбырлар мен еріген қардан қуат алған тасқын су ағындаған
тар шатқалдың жиегінде тұрған. Шатқалдың ар жағынан тастақты
беткей басталатын. Оның үстінен Микен акрополінің батыс жақтағы
циклоптық қабырғасы тəкаппарлана бой созып тұр.
— О, жасаған ием!— Софьяның тынысы тарылып кеткендей болды.
— Мына тастар бүгін таңертең Тиринфтен көргенімізден де ірі ғой.
— Иə, бұл өлкедегі ең ірі өңделген тастар — осылар. Бұларды
Гефестің көрік үйінде Зевске нажағай соққан жалғыз көзді дəулердің,
яғни циклоптардың құрметіне циклоптық деп атап кеткен.
— Олар нажағайды айнадай жарқыраған əппақ Олимпте соққан ғой.
Дəулердің Гефестке көрік үрлеуге қалай көмектесіп жатқанын көз
алдыма елестетіп те тұрмын.
— Сен көз алдыңа тағы бір нəрсені елестетіп көрші — сонда, бəлкім,
патша қабірлерін табуға көмегің тиер. Агамемнонның заманында мына
шатқалдың үстінде көпір болған-ды. Шатқалдың арғы бетінен
қорғаныс қамалының етегіне шейін қоңсылар қонысы орын тепкен.
Бұл араға қанша үй салынғанын білмеймін, бірақ қоныстың біршама
қомақты болғаны көрініп тұр ғой. Ол біздің арт жағымызда қалған
сонау қыратқа шейін созылатын — екі араға көпір салынуының себебі
де сол еді. Жаңа өзіміз жүріп өткен алқапқа да ел қоныстанған. Бірақ
тұтастай емес, өйткені қоныс қосалқы қабырғамен қоршалып
қойылатын. Əрине, бұның циклоптық қабырғаға теңесе алмағаны,
одан гөрі əлдеқайда шағындау болғаны түсінікті ғой. Қалың қабырғаға
деген қажеттілік аз еді: қауіп төнген кезде тұрғындар қақпа арқылы
қамалға қарай қашатын. Қамалға кірген соң қауіптен де құтылатын.
Суды олар Персей бұлағынан алатын, ал акропольдың ар жағында жау
қолы жетпейтін құнарлы алқап жатыр еді. Оларды осы алқап
асырайтын.
— Бұл Трояға қандай ұқсас еді десеңші.
Генри оны еркелетіп иығынан қағып қойды.
— Рас, өте ұқсас. Бірақ, Микенді алу одан əлдеқайда қиындау
соғатын. Қамалдың орталық қақпасы мына айналманың артында.
Жоғары көтерілгенше Софья қамалға таңырқай көз жіберіп келе
жатты. Мыңдаған жылдар ішінде ол жерге тұтастай дерлік сіңіп
кетіпті. Əйтсе де сыртқы биік қорғаныс қамалының ар жағынан
террасалар мен сораптар көзге шалынады. Бұлардың жоғарыға қарай
бастайтын жол болуы да мүмкін-ді. Онда, Генридің айтуынша, бір
замандарда ғибадатхана жəне Атрей мен оның ұлы Агамемнонның
сəулетті сарайы орын тепкен еді. Агамемнонның ұлы Орест ер
жеткесін осында қайтып оралып, шешесі мен оның нақсүйерін өлтіріп,
əкесінің кегін қайтарып, Микен патшасы болған кезде ол да осы
сарайда тұрған; кейін бұнда оның баласы да тұрды. Бірақ,
ахейліктердің аса қуатты патшалығы Троя соғысынан əбден
күйзелген-ді. Осының салдарынан оны біздің заманымызға дейінгі XII
ғасырда солтүстіктегі Эпир мен Македониядан келген дюрийлықтар
жаулап алған болатын. Олар бүткіл Пелопоннесті жəне Грецияның
Балқан түбегіндегі барлық территориясын түгелдей дерлік қол астына
қаратқан. Атрейдің, Агамемнон мен Орестің əулеті Микенді бірнеше
ғасыр бойына билеп тұрды. Фукидид Микеннің Троя қирағаннан кейін
сексен жылдан соң құлағанын хабарлайды. Бұл Микен мəдениетінің де
құруына əкеп соқты.
Енсіз сораппен бұрылғандарында қарсы алдарынан Арыстандар
қақпасы көрініс берді. Жан-жүректі толқытатын тамаша сəт! Бірбірінен он футқа аулақ шегінген екі алып тас бағана тұтас зор тастан
қашалған, шеттері шығыңқылау ауыр арқалықты тіреп тұр.
Арқалықтың шет жақтары циклоптық қабырғаға қаланған дығал
кесектерге ұқсас ірі тастармен бастырылыпты. Арқалықтың үстінде
тұтас монолиттен мүсінделген, алдыңғы аяқтарын алтарьдың
цоколіне тіреген, басы жоқ екі арыстан тұр. Бұл алтарьға бағзы
заманда Атридтердің патшалық билігінің символы болып табылған
қасиетті немесе геральдикалық бағана бекітілген еді.
— Генри, арыстандар тірі сияқты екен. Сонда бастарын ұрлап
кеткен бе?
— Ұрласа тек қақпа үстіндегі тастар құлағаннан кейін ғана ұрлаған
болулары керек. Шамасы, бұған жер сілкіну көмектескен шығар.
Құлаған кездерінде бұлардың бастарын да бірге ала кеткен ғой.
Қақпаға бастайтын жол үш мың жылдың қатпардың астында қалғанды. Қақпаның маңдайшасы жер бетінен үш-төрт фут қана көтеріліп тұр
еді.
— Қақпаның о бастағы биіктігі қандай болды екен?— деп сұрады
Софья.
— Есептеп көрейік. Он екі футтай немесе одан сəл көбірек болған
шығар. Бұл патшаның əскери күймесіне лайықталып жасалған ғой.
Софья мен Генри қақпаның астынан еңбектеп өтіп, қамалдың ішінен
бір-ақ, шықты. Оның кең ауласында қазір мал бағылады екен. Қарсы
алдарында жəне оң жақта қамал қабырғасына барып тірелетін тас
терраса созылып жатыр. Сол қол жақтан қамалды кеудесімен кимелеп,
өткел бермес тау шоқылары бой созып тұр.
— Осы арадан көтерілеміз. Тас та, бұта да көп, бірдеңе ғып
шығармыз,— деді Генри.
Жоғары өрлеу қиын болды, əрі көп уақытты алды. Бірақ, биіктен
ашылған көрініс бұның есесін артығымен қайтарған еді. Күн
жаймашуақ болатын. Аргос алқабы алақандағыдай көрініп тұр, тоғыз
мильдей жердегі Нафплион маңынан, көкжиектен көгілдір теңіз
жылтылдайды. Генри Софьяны Микен жотасын көрші таудан бөлектеп
тұрған қап-қара терең шатқалдың үстіне төнген жартастың жиегіне
алып келді. Жартаста қорғаныс қамалының жұрнақтары сақталыпты.
Микен қонысы мен шатқалды сызып өткен Генридің саусағы өздері
жүріп келген жолды нұқыды.
— Мына нұсқап тұрған жағыма — жолдың арғы бетіндегі қыратқа
көзіңді салшы. «Атрейдің қазына қоймасын» көрдің бе? Атрей оны өз
сарайының сыртқы ауласынан көрініп тұратындай етіп салдырған
болатын.
— Сонда қазір біз Атрей сарайының сыртқы ауласында тұрмыз
дегенді айтқың келе ме?
Генри мырс етті.
— Бұлай деуім үлкен əбестік болар еді. Бірақ, əлгі аула не де болса
осы арада, осы жартаста. Ертедегі бір автордың айтуынша,
Клитемнестра мен Эгист Агамемнонды балық аулайтын үлкен тормен
(осы мақсат үшін Клитемнестра бұл торды өз қолымен он жыл бойы
тоқыған деседі) шырмап өлтірген хауыз да осы арада.
Бірақ, Павсаний Агамемнон той кезінде өлтірілді дегенді жазады.
Олар бұралаң жолмен төмен қарай беттеді. Софья сүрініп кетіп
құлап қалмас үшін Генри алда жүріп отырды. Арыстандар қақпасына
жеткен кезде Софья:
— Шурфтарды қай жерден салмақсың?— деп сұрады.
— Осы арадан жүз ярдтай жерден, оңтүстікке қарай салсам деймін.
Генри жанқалтасынан Павсанийдің тозыңқырап кеткен кітабын
алып, дауыстап оқи бастады:
Қала қабырғасының бір бөлегі мен арыстандар тұрған қақпа өлі
күнге шейін бар. Бұларды циклоптар тұрғызған деседі... Микеннің
қираған орнында Персей деп аталатын бұлақ бар. Сондай-ақ, бұнда
Атрей мен оның балаларының қазыналары мен байлықтары сақталған
жер асты құрылыстары да болған... Агамемнон мен оның ат
айдаушысы Эвримедонның, сондай-ақ, бұнда Атреймен оның ат
айдаушысы Эвримедонның, сондай-ақ Электраның да қабірлері
осында. Теледам мен Пелопс бір қабірге жерленіпті: аңызда бұл егіздер
Кассандраның балалары делінеді. Эгист сəбилерді ата-аналарымен
қоса өлтіріпті. Клитемнестра мен Эгист қабырғадан қашықтау
жерленген, өйткені оларды Агамемнонның жəне онымен бірге
өлтірілгендердің сүйегі қойылған қаланың ішкі жағына жерлеу
өрескелдік деп табылған.
— Меніңше, бəрі де түсінікті тəрізді. Осы күнге шейін қабірлерді
ешкімнің таба алмағаны несі?
— Оның себебі, Павсанийдің оқырмандары ұзақ ғасырлар бойына
автор төменгі қаланы қоршаған қабырға жайлы айтып отыр деп ойлап
келді. Ал, бұл қабырға Павсаний мұнда болып қайтқан екінші ғасырға
шейін-ақ қирап, із-тозы қалмай құрыған. Сол себепті, Павсаний, əрине,
ол жайында емес, қамалды қоршаған циклоптық қабырға жайында сөз
еткен-ді. Біз қамал қабырғасының өзімізге шейін ешкім күрек батырып
көрмеген ішкі жағынан іздейміз.
Өздерін Афиныда тосып жатқан түрлі жайсыздықтар кейінге
шегініп, ұмытылып та кетті; тіпті бүкіл əлем алдында масқара
болғандары да бұрынғыдай қорқынышты көрінбеді. Семьялық
өмірлеріне алғашқы адым жасаған шақтарында өздерін Ғыссарлықтың
асқарына алып шыққан биік парыз сезімімен қайта қанаттанғандай
болған олар бейне бір басқа өмір бастағандай еді.
Төменге тез түскендіктен жүздері алабұртып кеткен-ді.
«Иисус Навиннің күнді тежегеніндей, бір құлшыныспен қол ұстасқан
адамдар уақытты да тежей алады екен», деп ойлады іштей Софья, ал
дауыстап:
— Сен Гомерді дұрыс түсінгенсің. Павсанийдің айтқандарын да
дұрыс аңғарған болуың керек,— деді.
Үйге олар күн жарықта, тұп-тура кешкі астың үстіне келді. Генри
еркектермен бірге узо ішті. Дөңгелек үстелдің басына семья мүшелері
түгел жиналған болатын — барлығы он бестей адам еді. Софья мен
Генри қарттардың жанына, құрметті орынға отырғызылды. Көпке
ұнамды көңілді əңгімелер айтылды.
— Маған бірнеше күнге жер қазуға көмектесетін екі ер адам бұл
жерден табылар ма екен?— деп сұрады Генри Деметриостан.
— Əрине, табылады. Өзім көмектесемін, сосын балаларымның бірі
барар.
— Ендеше, ертең таң елең-алаңнан бастап та кетерміз.
— Дегенмен, ақыры қазуға бел буған екенсіз ғой?
— Жоқ, тек бірнеше барлау шурфтарын ғана саламыз.
Бақса, Харватидің жүзге жуық тұрғындарының бəрі бір-бірімен туыс
адамдар екен. Кішкентай балаларын үлкендеріне бақтырып кеткен
олар доктор Шлиман мен оның жұбайын құттықтауға келді. Олар
табалдырықты: «Калос орисате! Құттықтаймыз сіздерді!» деген сөзбен
аттап жатты.
Бұлар да Авлидадағыдай, қонақтарға құрмет көрсетіп, тап-таза боп
жуынып, мерекедегідей киініп келіпті.
Сағат сегізде Генри үй иелеріне өтініш білдірді.
— Айып етпесеңіздер, Шлиман ханым екеуіміз өз бөлмемізге
көтерілсек деп едік. Күндізгі сапарымыз шаршатыңқырап кетті, əрі
Софьяға Эсхилдің «Агамемнонын» оқып берсем деп ем.
— Доктор Шлиман, сіз оны бəрімізге оқып бере алмайсыз ба?— деп
сұрады Иоанна Дасис.— Біздегі əйелдер хат танымайды. Əрине, бұл
хикаяны білеміз, ол атадан балаға жеткен аңыз ғой. Бірақ, пьесада бұл
қалай жазылған, оны ешқайсымыз естіген емеспіз.
Генри ошаққа жақын отырып, Эсхилді оқи бастады. Тыңдаушылар
верандадан əкелініп, қабырғаға жағалата қойылған орындықтарға
жайғасты. Софья зейін қоя тыңдап қалған адамдардың жүздерін бір-бір
шолып шықты. Генри дəл осылай ошақ жанына отырып Еврипидті
оқыған Авлидадағы сол бір кеш есіне оралды.
Генри де, шамасы, сол кешті есіне алған болса керек, кітапты
тізесіне дəл сондағыдай етіп мұқабасын үстіне қаратып төңкеріп
қойды.
— Алдымен, Клитемнестраның Агамемнонға өлім тілейтін
себептері болғанын естеріңізге сала кетейін. Бір жорықта Агамемнон
Клитемнестраның күйеуін өлтіріп, емшектегі баласын құл есебінде
сатып жібереді. Сөйтіп, өзі Клитемнестраға үйленеді. Ахиллдың
айттырмақшы ойы бар деген желеумен Агамемнон сүйікті қызы
Ифигения мен əйелін Авлидаға шақыртып алады. Ал, шын мəнінде
флотына желді оңынан тұрғызу үшін қызын əйел құдай Артемидаға
құрбандыққа шалуға ұйғарған болатын. Оның барлық ахей
патшалықтарынан жиналған орасан үлкен флоты Трояға аттана
алмай, талай уақыттан бері айлақта амалы құрып босқа жатқан.
Клитемнестра мен Ифигенияның еңіреген көз жастарына, жалыныпжалбарынғанына жүрегі жібімеген ол қызын тамақтан шалып
жібереді.
Тыңдап отырған əйелдердің көздері жасқа шыланды.
— Сонда Клитемнестра күйеуінен кек қайтаруға бел буады,— деп
Генри əңгімесін əрі жалғады.— Агамемнон аттанып кеткеннен кейін
көп ұзамай ол Агамемнонның немере інісімен ашына болады да, екеуі
бірігіп ел басқара бастайды. Эгистің де Агамемноннан ала алмай
жүрген өші бар-ды: ертеректе Агамемнонның əкесі Эгистің ағаларын
өлтірген болатын. Күйеуінің қайтып келе жатқанын алдын-ала
хабарлап, дабыл отын жағу үшін Клитемнестра құлдарына тау
басынан ' қарауыл қаратып қояды. Міне, сол от Ида тауының төбесінен
лап ете қалады да, Лемностан бір-ақ шығады,сосын Афон үстінен
алаулап, Асоп өзені мен Сарония шығанағынан аттап өтіп Микенге
келіп жетеді. Хабарды естіген Клитемнестра мен Эгист Трояның
құлағанын біліп, Агамемнонды қарсы алуға əзірлене бастайды.
Генри бəсең дауыспен оқып отырған. Адамға лық толы ас үйден
ұшқан шыбынның ызыңы ғана естілетін. Генри тек ең бір жүрек
тебірентерлік тұсқа жеткен мезгілде ғана дауысын қатайтты:
Бұрынғы айтпағымнан аулақ мүлдем
Нəрсені айтқаныма ұялмаймын.
Жауға жақын дос көрініп қалтқысыз
Жəне берік, үзілмейтін тор тоқып
Жүрген кезде өйтпесіңе болмайды.
Бұл жекпе-жек жүрегімнің шері еді
Туды соның күні бүгін ақыры.
Міне, тұрмын — көңілім шат. Іс бітті.
Өлтірдім оны. Жалтармаймын ешқашан.
Жамылғымен — балықшының торымен,
Атридті құндақтап, орап тастадым.
Қорғанбады, қашып та кете алмады.
Екі рет шаптым.
Шыңғырды ол да екі рет.
Сосын жерге сұлады.
Жатқан осы қалпында
Жерасты Зевсі —
өлгендер жанын жебеуші —
Құрметіне үшінші рет
жəне оны шаптым мен.29
Қонақтар мен үй иелері орындарынан тұрып, бірінен соң бірі кеп
Генриге алғыс жаудырып жатты. Шлимандар өз бөлмелеріне
көтеріліп, есіктерін жапты.
Қысқы күннің шарасы Эбвея тауының шығыс беткейімен жоғары
өрлеймін деп əбден шалдыққан болуы керек. Өйткені, фургон күрт
бұрылыс жасап, Арыстандар қақпасына келіп жеткен кезде түнгі
салқынның сағы əлі сынбаған. Келгендер төртеу еді — Генри, Софья,
Деметриос пен оның ұлы Аякс. Деметриос арбасын Арыстандар
қақпасына қарай көлбеген еңселі шығыс жақ қабырға жанына əкеп
тоқтатты. Құрал-саймандарды түсірмес бұрын Аякс доңғалақтарды
таспен тіреп қойды. Олар қол арба алмаған, əзірше мұның қажеті
шамалы болатын.
— Мен қазба жүргізбеймін,— деп түсіндірді Генри.— Сол себепті
таситын да ештеңе жоқ. Əр жерден шөгінді топырақ үлгілерін алу үшін
бірнеше барлау шурфтарын ғана саламыз.
Атридтер Ахей патшалығын басқарып отырған аты аңызға айналған
акропольге олар тағы да еңбектеп өтті. Генри компасын қолына алды.
— Арыстандар қақпасынан оңтүстікке қарай беттейміз. Алдымен,
батыс жəне оңтүстік-батыс террасалардан бес-алты шурф саламыз.
Тайыз қазу жайлы ескертпені естеріне ұстаған Деметриос пен Аякс
бір-бірінен жиырма футтай қашықтан қаза бастады. Шлиманның өзі
бірінен соң біріне барып, топырақты себезелеп, құрылымын жазып
алып жүрді. Кейде ол төрт-бес фут тереңдікпен ғана қанағаттанатын,
кейде он футқа дейін қазуларын өтінетін.
Үш-төрт сағаттың ішінде олар бірнеше шұңқыр қазып, оны
қайтадан көміп тастады. Əрқилы ұсақ-түйектер ұшырасты. Сағат он
бірде есекке мініп Деметриостың кенже ұлы келді. Себетке салып нан,
сүтсірне, зəйтүн, қатты етіп пісірген жұмыртқа əкелді. Кешке таман
Арыстандар қақпасынан жүз ярдтай жерден циклоптық əдіспен
қаланған қабырға кезікті. Шлиман қуанып кетті.
— Бұл жақсылықтың нышаны. Бүгінге осы да жетер. Шурфтарды
көме салыңыздар,— деді ол.
Қайтар жолда, фургон таудан төмен түсіп келе жатқан кезде, Софья
күннің кешкі шапағымен алаураған қамалға сүйсіне көз тікті:
— Атрей мен Агамемнон заманында Микеннің көркі қандай көз
тартарлық болған десеңші! Күмістелген əскери күймелер, Арголида
шабындықтарынан шыр жиған арқыраған асау арғымақтар, белдеріне
семсер байлаған, қолдарына ұзын найза ұстаған, білектеріне алтын
білезік таққан, дулығаларының үкісі желмен желбіреген, мыс жəне
қола сауыт киген жауынгерлер...
— Иə, ол дəурен оралмасқа кетті. Тастар, төбесі тақыр террасалар
мен қойлардан басқа ештеңе де қалған жоқ,— деді Деметриос күбірлеп.
Ертеңіне оңтүстік-батыс бағытынан тағы да он шақты шурф
қазылды. Тағы да тегістеп қашалған тақтадан басқа ештеңе
табылмады. Шлиман мұны қабір бетіне жабылған тас тақта шығар деп
жобалады. Үшінші жəне төртінші күндері отыз төрт шұңқыр қазылды;
енді Шлиман бұл араның топырағының құрылымы жайлы толық
түсінік алған-ды. Бұл негізінен бос топырақ болатын, анда-санда ғана
арасынан əйелдің жоралық мүсіншелерінің сынықтары, керамикалық
сиырлар мен тегістелген кішкене дөңгелек тастар кезігетін.
Микендегі бесінші тəуліктері оғаштау басталды. Олар тауға
көтерілген күйменің салдырынан, тарсылдата есік қаққан дыбыс пен
əлдебір айқай-ұйқайдан оянды. Таң қараңғысы əлі сейіле қоймаған-ды.
— Тез киін. Бір жайсыз жағдай бар-ау деймін,— деді Генри.
Айтқанындай болды да шықты. Төмен түскен олар қаумалай қоршап
алған Дасистерге əлдене жайлы дабдырлап жатқан жас жігітті көрді.
Ұйықтамағандықтан болса керек, көздері қызарып кетіпті.
— Жайшылық па, Деметриос?— деп сұрады Генри.
— Мынау Иоакнис дейтін жігіт. Менің жиенім. Аргоста тұрады,
префектурада жұмыс жасайды. Кеше префект Афиныдан, халық ағарту
министрінен телеграмма алыпты, онда: доктор Шлиман Микенде
қазба жүргізіп жатыр, префект соған дереу тыйым салсын, делініпті.
Күтпеген жерден біреу-міреу кеп қалмас бұрын Иоаннис соны алдынала хабарлап қоюды мақұл көріпті...
Генри ырзалық білдіріп, жас жігіттің қолын алды.
— Маған бұны алдын-ала хабарлап, мұнда күймемен келгеніңіз өте
жақсы болды. Біз қазір Нафплионға қайтамыз.
Шлиман
үй
иелеріне
ақыны
артығымен
төледі.
Иоаннис
шамадандарды күймеге апарды.
— Рұқсат қағазыңызды алып, ұзақ мерзімге келгеніңізде менің
үйімді өз үйіңіздей көріңіз,— деді Деметриос қоштасарда.
— Көп рақмет. Келсем, сізді десятник қып алам.
— Келістім. Сапарларыңыз сəтті болсын. Префектурадан біреуміреулер келе қалса жауабымыз — ештеңе білмейміз, ештеңе көрген
жоқпыз болмақ.
Иоаннис оларды «Олимп» қонақ үйінің жанына əкеп түсірді. Қайтар
ясолда өзін ешкім көре қоймайтынын айтып сендірді. Қол алысып
қоштасқан Иоаннис алақанында ақша қалғанын аңғарды. Шлимандар
номерлеріне қайтып оралып, кішкене демалды. Сосын теңіз жағасында
серуендеп, өз бөлмелерінде отырып кешкі астарын ішті. Біреу кеп есік
қаққан кезде олар ұйықтауға жиналып та жатқан. Генри барып есік
ашты. Есік алдында сықиған формасы бар полицей түр еді.
— Доктор Шлиман сіз боласыз ба?
— Иə.
— Мен Нафплионның полицмейстері Леонидас Леонардаспын.
Бірақ, сізге қызмет бабымен кеп тұрғам жоқ. Сіздің американ азаматы
екеніңізді білемін, сол себепті халықаралық шиеленіс жасағым
келмейді.
— Төрлетіңіз.
Бөлмеге Софья кірді. Оған көз салған полицмейстер:
— Софья Энгастроменос! Апырмау, Шлиман ханым дейтін сіз бе
едіңіз?— деді.
— Иə, менмін. Мен де сізді шырамытып тұрмын. Ромвис
алаңындағы үйімізге келіп тұратынсыз.
— Жəне бір емес, бірнеше рет барғанмын! Əкеңізбен жақсы таныс
болатынмын.
— Отырыңыз. Қайта кездескеніме қуаныштымын. Бізбен бірге кофе
ішіңіз, глико алыңыз.
Полицмейстер қантталған шие салынған розеткаға қол созды.
Түрінде абыржу белгісі бар.
— Микеннен тапқан олжаларымызға көз салғыңыз келіп пе еді?
— Иə, багаждарыңызды қарап шығуды міндеттеген телеграмма
алғанмын.
Софья себетті əкеліп, бетін ашып, қонаққа жоралық мүсіншілер мен
сиыр мүсіншелерінің сынықтарын, дөңгелек тас қаптырмаларды алып
көрсетті.
Полицмейстер ұялғанынан кірерге жер таппай отырды.
— Бұндай сынықтар сөз етуге де тұрмайды ғой. Мен протокол
жасайын да, оған екеуіміз қол қояйық.
«Мұндай сынықтарды,— деп жазды ол,— кез-келген көне қаланың
орнынан табуға болады. Бұлар мəрмəр емес, жай ғана қара тас
болғандықтан, ешқандай құндылығы жоқ. Сол себепті бəрін де Шлиман
мырзаға қайтарып бердім. Осыны растап ол да өзінің қолын қойды».
Полиция бастығы қағазға қолын қойды, сосын Шлиманға да қол
қойдырып алды. Қоштасарда Софьяға өзімен көріскеніне қуанышты
екенін айтты.
Афиныға оралысымен олар бірден халық ағарту істеріне барды.
Бірақ, министр оларды қабылдамай, ежелгі заман ескерткіштерінің бас
инспекторы Панайотис Эвстратиадиске жіберді. Ол Берлин ғылым
академиясының жəне Римдегі Археология институтының мүшесі еді.
Мақалалары «Археология газетінде» жиі жарық көріп тұратын.
Олимпияны қазу жайлы Пруссиямен жасалған келісімге осы кісі қол
қойған.
Ол Шлимандарды мейлінше салқын қарсы алды. Генри салған
жерден кешірім сұраудың орынына айыбын жуып-шайып, ақталуға
кірісті.
— Инспектор Эвстратиадис, Микенге бара жатқан жолымда
Аргостың префектісіне əзірше қазба жүргізуге рұқсатымның
жоқтығын, жай ғана археологиялық барлау жүргізгім келетінін
хабарлағанмын...
— Шамасы, сіз гректер өз заңдарын өздері сыйламайды, сол себепті
оны мазақ етуге болады, деп ойлайсыз ғой деймін,— деп инспектор
оған дүрсе қоя берді.
— Құдай ақына, ондай нəрсе ойыма келіп те көрген емес. Сіздерге
мені қазба жүргізді деп хабарлаған адам үлкен ағаттық жасап отыр.
Қазуға рұқсат алар күнге шейін Микен топырағының сипаты қандай
екенін анықтап қою мақсатында бірнеше шурф қана салғам.
— Ондай күн сізге əзір туа қоймайды-ау деп ойлаймын.
Құп-қу боп кеткен Генри қапелімде тілін кəлимаға келтіре алмай
қалды. Оған Софья көмектесті.
— Əміріңізге құлдық, инспектор мырза. Шурфтар барлау
мақсатында жасалған болатын. Ескерткішке ешқандай зиян
келтіргеніміз жоқ. Адал сөзіме сеніңіз.
— Күрекпен қаздыңыздар ғой.
— Иə.
— Ендеше, заңды бұзып отырсыздар.
— Біз кешірім сұрау үшін келдік,— деді Генри жөткірініп алып.—
Бұл əрекетіміз сіздердің мазаларыңызды алыпты. Бұған өте
өкініштімін. Ендігі жерде, қашан қолыма ресми рұқсат алғанымша,
грек топырағына күрек тигізбейтін боламын. Бір сапар кеңпейілдік
жасап, кешірім етіңіз. Бұны сізден шын жүректен өтініп тұрмын.
Бүл сөздер бас инспектордың иін жұмсартайын деді.
— Бəрекелде. Афиныға оралған бойда бірден біздің департаментке
кеп, оны құрметтейтіндігіңізді көрсеткеніңізге де шүкіршілік.
— Күймемде Микеннен табылған сынықтар салынған себет жатыр.
Атшыма соны осында алдыртсам қайтеді?
— Жоқ, жоқ, қажет емес. Біз заңсыздықты заңмен бүркей алмаймыз.
Оны не қылсаңыздар да өз еріктеріңіз.
Софья мен Генри инспекторға өздерін қабылдағаны үшін алғыс
айтты. Ол Генридің ұсынған қолын алудан бас тартқан жоқ, бірақ
бірдеңесі жұғып қалатындай тез тартып алды. Шлимандар таяу
маңдағы кафеге бас сұқты. Шайын ұрттап отырған Софья:
— Осы сапарымыз өзімізге пəле боп жабыспаса қайтсін, — деді.
— Солайы солай.— Генри тəубеге келгендей еді.— Ақылсыздық
жасадық. Рұқсатымыз жоқ екен, Микеннен ат шаптырым аулақ жүру
керек еді. Бірақ, қазатын бірдеңем болмаса ішкен асым бойыма
батпайтынын өзің білесің ғой.
— Жə, енді өзіңді-өзің жерлей беріп қайтесің. Өтер іс өтті.
Бас инспектор Эвстратиадиспен арада болған ауыр əңгіме Микенді
қазу жайлы ойды əзірше былай қоя тұру қажеттігін көрсеткен еді. Сол
себепті Шлиман Троядағы қазбаларды ақырына жеткізу үшін жаңа
нəрмен берулерін өтіну мақсатында түрік үкіметімен арада келіссөз
жүргізуге жан сала кірісіп кетті. Мекленбургте туып-өскен жұбайының
көмегімен 1874 жылғы 21 мартта неміс тілінде жазған хатында доктор
Филип Детье өз тарапынан: «Өткеннің бəрін ұмытайық. Троялық
коллекцияны өзімізге қайтарыңыз. Оны Константинопольде арнайы
салынатын «Шлиман музейіне» қоямыз. Фортуна мен Сіздің есіміңіз
мəңгі бірлестік тауып, жұртшылық Сізді əрдайым алғыспен еске
алатын болады. Сөйтіп бастаған ісіңіз өзіңіз ойлағандай дəрежеде
аяқталады», деген ұсыныс айтыпты.
— Бір-бірімізді қалай алдарқатып жатқанымызды көрдің бе: музей
құрылысына жұмсалатын шығынды əрқайсымыз өзіміз төлегіміз
келеді,— деп Генри күйінішпен мырс етті. — Троялық көмбеміздің
қаншалықты құнды дүние екенін осының жалғыз өзі-ақ көрсетіп тұр
емес пе.
— Мен қорқып жүрмін, Генри. Қандай айып тағылып отырғанын
есіңе алшы, əлденеше айға созылатын соттың əуре-сарсаңы мен
Афиныға жайылатын өсек-аяң жайлы ойланшы. Түркиядағы елшіміз
арқылы қазынаның жартысын түріктерге қайтарсаң қайтеді?
Генри Софьяға жақын келіп,— ол қонақ бөлмедегі үлкен креслода
отырған,— кесте төгіп жатқан көпшігін қолынан алып, тізерлей кетті.
— Қымбаттым, сөйткенде саған жеңіл тиетінін білемін. Бірақ,
коллекцияны бөлшектеуге болмайтынын, өйтсек оның ешқандай
қадір-қасиеті қалмайтынын түсінші. Қандай құқай көрсетілгенімен
грек соты қазынамызды түріктерге тартып əпермейтіні анық.
Сəлемдесіп қайту үшін жəне Микенде табылған сынықтарды
құрастыруға көмектесу үшін жексенбі күні Эмиль Бурнюф пен Луиза
келді. Жұмыс аяқталған соң Софья бақтағы күнсаяға ыстық шоколад
пен бадамнан жасалған пирожный алғызды. Бурнюф түрік үкіметі мен
арадағы даудың жайын сұрады.
— Константинополь музейінің директоры доктор Детье мені Троя
қазынасынан бас тартуға үгіттемекке Афиныға келе жатыр. Егер бұл
əрекетінен ештеңе өнбесе, онда Афиныдағы түрік елшісі жалдаған үш
грек адвокаты алғашқы инстанция сотының председателіне мені
айыпты деп танытуға күш салмақ.
— Жағдай жақсы емес екен.
— Іс өз пайдама шешілмейтін жағдайда коллекцияны Француз
археология институтына апарып қоюыма бола ма? Институт француз
елшілігінің қарамағында болғандықтан экстерриториалдық правосы
бар ғой. Сот менің пайдама шешім қабылдамаған күннің өзінде
полиция онда аттап баса алмайды.
— Институт көмбеңізді қанатының астына қуана-қуана қабыл
алады. Оны бізде қанша уақыт ұстасаңыз да ықтиярыңыз.
Луиза иегін сілки көтеріп, уылжи езу тартты:
— Доктор Шлиман, алғашқы адымды жасаған екенсіз, яғни
қазынаны символикалық түрде француз топырағына орналастырған
екенсіз, бəлкім одан да əрі барыңқырап, оның Францияда біржола
тұрақ тебуіне сенім көрсетерсіз?
Шлиман тіл қатқан жоқ.
— Əкеміз екеуіміз бəрін алдын-ала ойластырып қойдық,— деп
Луиза əңгімесін əрі жалғады.— Луврдан басқа қай жерде коллекцияңыз
басы бүтін сақталып, жалпақ жұрттың көз қуанышына айналар еді?
Келісіміңізді берсеңіз, əкем Луврдың директорымен тіл табысар еді де,
Троя қазынасы əлемнің ең үлкен музейінде көрмеге қойылар еді.
Софья Луизаға ызғарлы жанармен қарады.
— Бұл бос əңгіме, Луиза. Күйеуім Троя қазынасы Афиныда қалады
деп уəде еткен. Менің де сөзімнің қадірі болатын болса ол осында
қалмақ.
Филип Детье Афиныға марттың аяғында келіп, өзін қабылдауын
сұрап, Генриге «Менің қадірменді досым» деп басталатын хат жіберді.
Ол ертеңіне келді. Жанына Афиныдағы түрік елшілігінің бірінші
секретары Мысқақ мырзаны ертіп алыпты. Детье аяғы ауыратыны
себепті ақсап басатын, бірақ көңілі өте сергек-тұғын. Май жағылған
жылтыр шашын сипалап қойып, түрік үкіметінің позициясын егжейтегжейлі баяндап берді. Мысқақ қонақ бөлменің бұрышындағы
орындыққа жайғасты.
Детье көп оқыған білімдар адам еді, сөзін Таураттың нақылдарымен
нəрлендіріп отыруды ұнататын. Ол кісі қызығарлық ұсыныс ала
келіпті: түрік үкіметі ез қаражатына «Шлиман музейін» салып қана
қоймай, Шлиманға Оттоман империясының кез-келген жерінен қазуға
рұқсат ететін пəрмен беретін болыпты.
— Табылған нəрсенің бəрін археолог Константинополь музейіне
экспертизаға табыс етуге тиіс делінетін заң қабылдадыңыздар ма?—
деп сұрады Генри.
— Иə. Заңға жыл басында қол қойылды.
— Сонда бұл заң үкіметке археологқа тиісті үлестен өзіне ұнағанның
бəрін номинальдық бағасы бойынша сатып алуға ерік беретін болды
ма?
— Иə. Бірақ, біздің бұны малданып, оғаштың жасамақ ойымыз жоқ.
— Олай болса, ендігі жерде қазба жұмыстарын түрік үкіметінің өзі
жүргізуіне тура келетін шығар — өйткені, Троя сияқты жоғалған
қалаларды іздеуші археологтар онша көп емес қой.
Детье ештеңе деместен орынынан тұрып кетті де, қонақ бөлмедегі
терракоталық мүсіншелерді зер салып қарай бастады. Мұнда
құстұмсық ыдыстар, құм сағаттарыңа ұқсас қара вазалар, шампан
ішетін бокалды еске салатын жылтыр қызыл кубоктар тұрғанды.
Осының бəрін шолып өткен соң ол Генридің жанына келді.
— Ең тəуірін таңдап алған екенсіз.
— Жоқ, тек өзіме тиесілі бөлегін ғана алдым. Көп ретте сіздің
бақылаушыларыңыз бірінші боп таңдайтын.
- Сіз оларды алдап соққансыз.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Грек қазыналары - 24
  • Büleklär
  • Грек қазыналары - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3918
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2399
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3953
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2417
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2376
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2319
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2376
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2392
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3988
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2436
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3981
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2340
    31.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3874
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2337
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3901
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2358
    31.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4004
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2351
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3939
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3901
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2356
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3921
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2296
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2450
    30.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2289
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3993
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2196
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3992
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2259
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3908
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2298
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3844
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2330
    31.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3870
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2275
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3867
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2222
    31.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3920
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2287
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3873
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2264
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3887
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2208
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3911
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3940
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2237
    31.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3831
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2235
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3900
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2329
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2258
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3867
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2261
    30.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 36
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2305
    30.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 37
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2187
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 38
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2318
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Грек қазыналары - 39
    Süzlärneñ gomumi sanı 3537
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2100
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.