Latin Common Turkic

Ай қараңғысы - 19

Süzlärneñ gomumi sanı 4037
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2563
23.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
35.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ой жан дүниесiн найзағайдай осып өттi. Жығылған- сүрiнгенiне қарар
емес. Шайқалақтаған өзi ме əлде қапалақтаған қардың арасынан солай
көрiне ме, жер мен көктiң арасында əткеншек тепкен қалың жарықты
көз алдынан жоғалтпай iлбiп келедi.
Таң сыз бере шаhар шетiне iлiккен. Əр жерде топ-топ боп
қарауытқан күзет. Үш күн бойы бұлқынған бүлiкшiл қала жым-жырт,
ұлы сүргiннен кейiн дамылдаған баhадүрдей, талықсып ұйқыға
кеткен. Тек аракiдiк қараңғы көшелердi тiнткiлеп күзет машиналары
жосып өтедi. Жатақханаға жетем дегенше самсаған сақшының бiрi
болмаса бiрiнiң қолына түсерi хақ əрi сiлiкпесiн сүйретiп ары қарай
жүруге өзiнiң де қауқары жоқ едi. Көшеге түспей, қаға берiсқалтарысты сағалап, айналасына ағаш қалың өскен бес қабатты үйдiң
жанына келдi. Терезелердiң бəрi қараңғы. Тек ортадағы подъездiң
аузындағы өлеусiреген шам ғана шаңытып аяздың өтiнде қалтырайды.
Əзиз-Сұлтан жарыққа жуымай есiгi аңқайып ашық тұрған шеткi
подъезге енген. Босағаның қалтарысынан ербең етiп əлдене ұшып
тұрғанда шошып қалған. Сөйтсе ит екен. Жасқанып тұра безген жоқ.
Қыңсылап, бұратылып аяғына оратылды. Кəнден бе, күшiк пе
алакөлеңкеде ажырата алмады. Мысықтан сəл қалқыңқы. Жүнi
үрпиген. Артқы оң аяғы баурына жабысқан ақсақ. Жоғары көтерiлуге
аяқ дыбысынан саққұлақ бiреу шығып шу көтере ме, милицияға
хабарлап жүре ме деп қаймықты. Сол жақтағы күлiмсi қаңсық иiс
шыққан подвалдың аузындағы торды тартып едi, ашық екен, тот
тұтқан темiр топса ойбайлап құлақ қыршыды. Тас тепкiшектi баспалап
төмен түсiп едi, күшiк те шойнаңдап iзiнен ердi.
Мауыққан мысықтардың ойнақ салатын мекенi-ау, сiрə, төмендеген
сайын дымқыл ызғармен араласып жағымсыз иiс өткiрлене түстi. Тас
қараңғы. Басымды бiрдеңеге соғып алмайын деп бұғынып, айналасын
қармаланып келедi. Шөлмек, қалбыр сияқты бiрдеңелер аяғына
шалынып салдыр-күлдiр еттi. Сипалап жүрiп қабысқан картон қорап
тауып алды, аяғының астын арлы-берлi сыпырыстырып, қорапты
төседi де «өз үйiм – өлең төсегiм» деп үстiне гүрс етiп отыра кеттi.
Аяқтарын алшита көсiлiп, екi қолын сұлқ тастап, қабырғаға арқасын
сүйеген күйi көкiрегi ыңырси, терең тартып тəттi есiнедi. Мың жылдық
арманына жеткендей бейғам бiр рахат хал. Тыныштық тiлеп
талықсыған тəнi əзəзiлдей арбаған ұйқының тұңғиығына шым батып
маужырап барады. Бiрақ бұл рахат ұзаққа созылған жоқ. Етек-жеңнен
сумаңдап енген ызғар бусанған тəннiң қызуын лезде сорып алып
қойды, сүйегiне дейiн суық қармап, əрi-берiден соң қолды-аяққа
тұрғызбауға айналды. Аңғал-саңғал подвалдың iшi ызғыған жел.
Айналадағы, бозарып таңның көзi сығалаған кiрпiш көлемiндей
тесiктерден өзек суырып аяздың демi үрiп тұр. Аяқ-қолын бауырына
жиып бiр уыс боп бүрiсiп, бұрышқа қалай тығылса да қамсау болар
емес. Қойны-қоншынан сумаңдаған суық соңғы жылуына дейiн
жалмап-жұтып, бүкiл денесi бiр кесек мұзға айналып бара жатқандай.
Тiсi тiсiне тимей сақ-сақ етедi.
Онша жақындамай қорғалақтап, анадайда тұмсығын бұтына тығып
дөңгеленiп жатқан ақсақ күшiк бұл тыпыршып кеткенге не боп қалды
дегендей басын көтерiп алған. Күшiкке көзi түсуi мұң екен, Əзиз-
Сұлтанның көңiлiнде жылт етiп бiр ой оянды.
– Күшiгiм, кə, кə, келе ғой! – деп қолын созып едi, баяғыдан күткенiм
осы едi ғой дегендей күшiк жылмаң қағып орнынан атып тұрды.
Бiрден жақындауға бата алмай, сiлкiнiп, құйрығын бұлғаңдатып
қыңсылап қояды. Асап жiберетiн бiрдеңе ұсынып тұр деп дəметкен аш
қарынның əмiрi ме, төрт тағандап жата қап жер бауырлап жылжып
келедi. Тұмсығын жасқана созып қолын жалап-жалап жiбердi. Бiрақ
неге алдайсың деп тұра безген жоқ. Алдыңғы аяғының үстiне басын
салып, не iстесең де еркiң дегендей бүк түсiп жатыр. Əзиз-Сұлтан
еркелетiп құлағының түбiн қасып, жонынан сипап едi, қыңсылаған күйi
бұраңдап қолтығының астынан бiр-ақ шықты. Құлқын шiркiн не
iстеткiзбейдi, аш бишараны аяп, жалма-жан қалтасын ақтарыстырған,
бағана Алаңда үлестiрген тоқаштың бармақ басындай қыртысы жүр
екен, алып күшiктiң аузына тосып едi, бiрақ ол, күткенiндей, шап берiп
асай салған жоқ, көңiлiң үшiн дегендей бiр иiскедi де басын бұрып
əкеттi. Оған тек бұның өзi ғана керек екен, мейiрiмi, жұмсақ
алақанымен сипап еркелеткенi керек екен. Бiреудiң бiр кезде төрiнде
жылы-жұмсағын жеп еркесi боп жүргенде оқыста адасып кетiп көшеде
қаңғып қалған бишара ма, – кiсiге тым үйiрсек. Əзиз-Сұлтан құшақтап
бауырына басты. Күшiк басын көкiрегiне сүйеп, қыңсылап жабыса
түстi. Бəлкiм, кiшкентай жүрегi өксiп, жалбарынып жатқан шығар.
Қолтығына, шабына қолын тықты. Ып-ыстық. Мұздай қолдан денесi
түршiгiп дiр еткенмен ыршып түскен жоқ. Сағынып жеткен құшақтан
шықпау үшiн неге де болса көнуге пейiл. Тас жабысқан тəндер бiрбiрiнiң ыстығы мен суығын губкадай сiмiрiп жатыр. Əзиз-Сұлтан
күшiктiң үп еткен жылы демiн де сыртқа шығын еткiсi жоқ,
жонындағы үрпиген жүнге тұмсығын көмiп, бауырына қыса түстi.
Осынау сұрқай, суық дүниеде пана боп көкiрегiн жылытқан жан иесi
жалғыз осы жетiм күшiк қана. Пештiң бүйiрiн құшақтағандай, шымшымдап бойына жылу тарап, сəлден кейiн маужырап қалғып кеткен...
Анасы бетiнен сипады. Ып-ыстық, жұп-жұмсақ алақан. Торғындай
үлбiреп майда тисе де көлкiлдеген iсiк шаншып-шаншып кетедi.
Ауырса да сыр бермейдi, анасының шарапатты қолы аймалай түссе
екен дейдi.
– Құлыным-ау, бет-аузыңда сау тамтық жоқ, өлуге аз қапсың ғой.
– Бүйткенше өлгенiм жақсы едi, апа!
– Тек, олай деме. Сонша түңiлетiндей не көрiндi?
– Қорлады ғой, апа! Бiзде ел де, Отан да жоқ екен. Жат, өгеймiз.
– Неге өгейсiң. Өз ата-бабаңның жұртында өмiр сүрiп отырған
жоқсың ба?
– Ата-бабам қылышын жастанып көз жұмғаны қашан. Ендiгi қазақта
жер де, ел де – ештеңе де жоқ. Галстук таққан, машина мiнген, қарыны
шартиған бай, тоқ құлдар. «Бұл қалай» деп басын көтерiп
қожайындарының бетiне сəл тiктелiп қарап едi, мiне, сұлатып салды.
Терезесiн тең санап құрмет тұтса, дəл бүгiнгiдей итке талатып, басқа
тепкiлей ме!
– Не деп кеттiң, жарығым. От басынан озбаған салпы етек əйел ол
секiлдiнi қайдан түсiнейiк. Шексiз əлемнiң шырағы – Айдың да
жартысы жарық, жартысы қараңғы. Түн артынан Күн шығады.
Қашанғы бiздiң басымызға төнiп тұрар дейсiң бұл зауал. Жасыма,
қарашығым. Бұл да бiр ай қараңғысы секiлдi мезгiл шығар.
– Апа, сен бақыттысың ба?
– Ол не дегенiң, құлыным. Көз нұрым – сендер аман жүрсеңдер, мен
бақытты болмай кiм бақытты болады. Басым аман, бауырым бүтiн –
одан артық не ұшпақ керек?
– Адамға бақытты болу үшiн сол жете ме?
– Ол аз емес, қарашығым!..
Апасы бетiнен тағы да сипады. Жо-жоқ, апасы емес. Сипаған қол
Сəбираныкi! Еңкейiп жарылған қабағынан, көзiнен өптi. Ып-ыстық демi
бетiн шарпиды.
– Қабағыңды сындырып жiберген бе?.. Қатты ауыра ма?
– Жоқ, сен сүйгенде ауырмайды.
– Ендеше сүйе берем, сүйе берем. Мiне, мiне. Жазылғанша сүйем!
–Көз бен қабақтың жарасы жазылар-ау. Ал жүректегi жара қайтып
жазылмақ?.. Бүгiн Алаңда болдың ба?
– Болдым. Бүгiн бiздiң құл кеудемiзге кiсiлiк қонған күн. Бұрын
жасық, бұйығымыз ба деп көңiлiм толмаушы едi, бүгiн осы халықтың
перзентi боп жаралғанымды мақтаныш тұттым. Неткен қаhарлы,
қуатты күш. Шiркiн, бастайтын бiр көсемi болғанда ғой!
– Неге болған жоқ, болды. Ақбоз аты арқырап, алдаспаны
жарқылдап Кенесары бабам өзi бастап жүрдi. Азаттық деп ақырған
айбынды үнi екi ғасырдан соң саңқылдап Алаңға жеттi. Қайран Бабам!
Ата жауының қолы от қаруға жеткенде əлi жалаң қылыш ұстап
жайбарақат жүрген мешеу ортада туып қор болдың-ау. Дүниеде баяғы
бағландық пен батырлықтың, рыцарлықтың күнi өткен едi; небiр
жүрек жұтқан баhадүрдi кез келген сiлiмтiк сатқын тасада тұрып-ақ
қозының құмалағындай қорғасын оқпен тарс еткiзiп ат үстiнен аудара
салатын. Сонда да ер Кенекем қаймыққан жоқ, қайқы қылышпен
қасқайып аузынан ажал бүрiккен зеңбiрекке қарсы шапты. Жапырып,
таптап өте шыққан қара дауылдың соңынан зəре-иманы ұшып
есеңгiреп тұрған орыс офицерi: «Сақтай гөр, жаратқан, бiздiң
қаруымызды бұларға бергенде не болар едi!..» дедi шоқынып. Иə,
Кенекемнiң қолында ондай қару болғанда бүгiн былай қара жер қауып
қансырап жатар ма едi; ата жаудың арам табаны кеудесiн бұлай таптар
ма едi!..
– Ол кiсiнiң басы эрмитажда тұр деген рас па?
– Рас, кунсткамерада құбыжықтар ортасында шаң қауып жатыр. Ол –
қорланған қазақтың басы. Қорлай берген соң халық ашынбай ма. Бүгiн
Хан Кене тiрiлiп кеп Алаңда ұран салды. Ендi қазақты тоқтатып, көр!
Əр қазақтың жүрегiнде азаттық аңсаған бiр-бiр Кенесары оянды!..
– Бүгiн ер-азаматтарға тəнтi болдым. Небiр бағлан бар екен.
Халқымыздың ер менен еркек сөзiн қатар қолданатыны тегiн емес қой.
Ат төбелiндей елдiң осындай ұлан-байтақ жерге қалай ие болып
келгенiне ендi көзiм жеттi.
– Мен қарындастарыма қайран қалдым. Ерлерден артық қайрат
көрсеттi. Жiгiттердi қорғап, қол ұстаса шеп құрып, солдаттардың
алдында жатып алған жоқ па. «Мен-ақ құрбан болайын, мына
зұлматтан құтқарса екен құдайым!» деп еңiреген қызды өлсем
ұмытпаспын. Ана хайуандар соларға да қол көтердi ғой. Қара шашын
жұлып, қардың үстiн қанға бояп тепкiледi-ау!
– Жасымашы, жаным... Түу, көз жасың қандай ащы едi...
– Елiм еңiреп жатқанда неге жыламайым!.. – Өксiкке булығып ояна
келсе, қасындағы өбектеген апасы да, Сəбира да жым-жылас. Жалапжұқтап, сүйiспеншiлiгiн бiлдiрiп жатқан сары күшiк екен. Бетiн сипап
едi, бетi – бет емес, шала үрленген баскетболдың добы. Күп боп iсiп
көлкiлдеп тұр. Саусаққа жабысқан жылбысқы сiлекейден жиiркенген
жоқ. Ит жарасын жалап жазады емес пе, бəлкiм шипасы тиiп, бетаузындағы iсiк, жара тез жазылар.
Күн шығуға таяп қалса керек, есiктiң саңылауынан қиып түскен
жарықтың алмас қылышы қараңғылықтың шекесiн қақ айырыпты.
Бетон баспалдақты тықылдатып түсiп-шыққан аяқ дыбысы, матор
гүрiлi үздiк-создық құлаққа жетедi. Кеше ет қызуымен бiлiнбептi,
соққы тиген денесiнде ауырмайтын сау тамтық жоқ, қоқиып сiресiп
қалған аяқ-қолын сəл қозғаса, тұлабойы сұққылап жанын көзiне
көрсетедi. Бiрнеше ұмтылып əупiрiммен əзер тұрған орнынан,
түймеленген куртканың өңiрiнен басы қылтиған сары күшiк екi
аяғымен иығына тастай қатып сонда да жерге түсер емес. Тəлтiректеп
есiкке қарай беттедi. Босағада құлақ түрiп тұрды да, аяқ дыбысы
толастаған бiр сəтте сыртқа шыққан. Аулада некен-саяқ кезiккендер
мəн берген жоқ, ит құшақтаған, үстi-басы қырыс-тырыс, бетi көнектей
бұған «қаңғыбас, алкаш!» деп жиiркене қарасты.
Былай ұзай бере құшағындағы иттi жерге қоя берiп едi, шойнаңдап
бəрiбiр соңынан қалмады. Өмiрде бiр рет көрген жып-жылы құшақтан
оп-оңай ажырап қалғысы келмей, бiресе алдын орағытып тағы да
көтер дегендей үстiне шапшиды да, онысынан ештеңе өнбеген соң
бүлкектеп қайтадан артынан ередi.
5
Əзиз-Сұлтан Сəбираның жатақханасына келдi. Екi көзi екiншi
қабаттың оң қанатындағы шеткi терезеде. Қоңыр перде ортасынан
жарылып сүйем қарыстай шала жабылған. Алдыңғы күнi солай тұр едi,
əлi сол қалпы. Көңiлi алабұртып өз көзiне өзi сенгiсi келмей, бiр уыс қар
жентектеп алып терезеге лақтырғанмен, күдiгiн растағандай қоңыр
перде бəрiбiр селт етпедi. Сонда да «бəлкiм ұйықтап жатқан шығар»
деген əлсiз үмiттiң талын қарманып, аузын қос алақанымен қалқалап
айғайлап едi, көкке қарап ұлығандай, жетiм дауысы «Сəбира! Сəбира!»
деп жаңғырып, аспан астын кернеп кеттi. Жарты дүние
жаңғырыққанмен ол үнi бiрақ Сəбираға жетпеп едi – жиегiн қырау
көмкерген əйнек, соқырдың көзiндей селт етпей сұп-суық мелшиiп тұр.
Жабырқаған жанары төмен қарай сырғып барып қар үстiнде
шаншылған бес тал қызыл райханға жолықты. Алдыңғы күнi өзi əкеп
тастап кеткен гүл. Үсiп қарайған жапырақтары қар бетiнде шашылып
жатыр. Осы гүлдей бəрi солып бiткендей, жан дүниесiн əлдебiр көзсiз
үрей жайпап өттi. «Бəрi тұспал, сандырақ қой, көзбен көрген ештеңе
жоқ» деп анталаған күдiктi қалай қуса да, жүрегi құрғыр бiр жамандық
сезгендей, өзегi қалтырап ақылға жеңсiк берер емес. Қар үстiнде
қарайып шашылып жатқан жапырақтар аты-заты белгiсiз əлдебiр қара
суреттi көз алдына тосып тұрып алды. Сең соққан балықтай есеңгiреп
не iстеп, не қоярын бiлген жоқ. Басы ауған жаққа қарай сенделiп жүрiп
келедi.
Тротуармен ерсiлi-қарсылы ағылып əлдеқайда асығып бара жатқан
халық. Мойындарын iшiне тығып, қымтанып-шымқанып бүрсең
қағады. Күн соншалық аяз ба? Неге бұған сезiлмейдi? Басы салбырап,
былқ-сылқ шайқалақтап келе жатқан бұны мас дейтiн шығар,
жолыққандар анандайдан жалт берiп айналып өтедi.
Меңiрейген көзi шиыршықталып жол жиегiнде жатқан газетке түстi.
Бiреудiң қалтасынан түсiп қалған-ау. Əуестiк билеп қолына алды. Он
тоғызыншы декабрь, яғни бүгiнгi номер. Саяси бюроның социалистiк
қоғамды одан ары демократияландыру жөнiндегi кезектi мəжiлiсi.
Кейптаунда қара түстiлер мен полиция арасында болған қақтығыста
бiр зəңгi өлiп, жетi адам тұтқындалыпты. Осыған орай нəсiлдiк
кемсiтудi үзiлдi-кесiлдi айыптап Совет Үкiметi наразылық нотасын
жолдаған. Темiртау болат қорытушыларының жылдық тапсырманы
мерзiмiнен бұрын орындағаны туралы рапорт. Қостанайдағы мал
қыстатудың барысы... Төрт беттi түгел тiнтiп шықты – Алматыдағы
оқиға туралы лəм-мим бiр ауыз сөз жоқ. Есесiне Дария жақтағы бiр
иттiң тағдыры егжей-тегжей жазылған. Рекстi иесi, басқа жаққа
көшетiн болған соң, бiреуге сатып кетедi: Ол томырық, мейiрiмсiздеу
жан екен. Басынан сипап, еркелетпейдi, тек гараж күзетуге
пайдаланады. Бiрақ Рекс бұрынғы күнiн ойлап жүдеп тамақ та iшпейдi,
бөтен кiсiге айбат қып үрмейдi де. Қып-қызыл ақша далаға кеткенге
iшi күйген қожайын ашуға булығып тепкiнiң астына алады, таяқпен
ұрып, көзiн ағызып жiбередi. Бiр күнi шынжырдан оқыстан босанып
шығып қашып келе жатқанда Рекстi машина қағып, артқы екi аяғынан
бiрдей мертiгедi. Ай бойы бұта түбiнде жатып əзер басын көтередi.
Осы күнi ел аяғы басылып түн ортасы ауған шақта арса-арсасы
шыққан, бiр көзi жоқ соқыр ит жансыз жарты денесiн сүйретiп кеп
бұрынғы өз үйiнiң босағасында бүрiсiп жататын көрiнедi. «Неткен
қатыгез тас жүректiк!» деп қос өкпесi түсе күрсiнедi тiлшi!..
Əзиз-Сұлтан дар-дар айырып лақтырып жiбердi газеттi. «О, аярлар!
Сүмелек сатқындар! – дедi бар дауысымен ышқына айғайлап. – Ит пен
биттi жазғанша, қан жұтқан қазақты неге жазбайсың? Неге!!!» Екi
қолын көкке жайып жол ортасында айғайлап тұрған бұған ешкiм назар
аударған жоқ. Маскүнем не нақұрыс бiреу дей ме, жымия қарап,
бастарын бiр шайқап қойып, үн-түнсiз өтiп жатыр.
Жүрек түбiнен қайнап шыққан жан айқайын сұрғылт əлем сылп
еткiзiп жұта салды. Айғайламақ түгiл асылып өлсең де маған бəрi бiр
дегендей сыз қабағы салбырап меңiрейiп тұр.
ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ
ҚҰЗҒЫН ТОЯТ
1
Екi күннен берi тiс қаққан старшинаның құдайы бердi. Жайшылықта
бiрдi бiрге қағыстырып, тiмiскiленбесе iшкенi ас болмайтын жырынды
сұмға мына аласапыран тiптен бап болды. Тексерiп,тергеп жатқан
ешкiм жоқ. Не iстеймiн десең де өз еркiң. Аңшылық сияқты делебеңдi
қоздыратын тамаша бiр ермек. Аңға шыққанда да мұндай қызыққа
батып рахаттанбайтын шығарсың. “Калбиттердiң” құны қазiр саған
қоянмен бiрдей. Кез келгенiн көшеде қуып жүрiп тепкiлеуге хақың бар.
Ешкiм мұның қалай демейдi. Шашынан сүйреп, ұрып-соғып машинаға
тоғытасың да айдалаға апарып тастайсың. Жыраға төңкере салған
мусормен бiрдей. Ол жерде не iстеп жатқаныңды кiм бiледi. Аузынан
теуiп қара қанын ағызасың, қарға тұншықтырасың, аяқ киiмiн
шештiрiп, жалаң аяқ жүгiртесiң... Ох, дүниенiң қожасы сезiну қандай
керемет десеңшi. Кеше қалың бұтаның арасында ана бiр “калбиткаға”
тояттағаннан берi тiптi дəнiгiп, қызылсыраған құзғындай қорқаулана
түскен.
Осы екi күн шынында да бұлар үшiн нағыз қызық, қансонардың өзi
болды. Қараңғыда, көзден таса бiр қиырда не iстеп жатқаныңды кiм
аңдып тұр дейсiң. Жалтақтамай еркiн қимылдады. Қар үстiнде қара
шаштарын жел үрлеп ыңырсып жатқан шала өлiктердiң қойнықоныштарын ақтарып алқа-жүзiк, əмиандарын алды. Өмiрi көрмеген
олжаға бөктi. Қасындағы шiңкiлдек Орлов та атына заты сай нағыз
қыранның өзi екен. Одан салсаң, бұдан шығады, алдыңды орап лыпып
тұр. Тек анау шоферi түскiр ылжыраған жылауық бiреу. Соны қайдан
ерттi екен десеңшi, кейiн бiрдеңе деп бықсып жүрмесе? Ешқандай
iстерiне ниет танытып қосылған емес. Тұнжырап қабақ бермейдi.
“Шұңқырға” “қоқыс” тасу деген бiр азап – қаланың қиыр шетi, иен
далаға апарасың. Ұрыпсоғып, тепкiлеуiң керек. Олар да тiрi жан. Кейде
қарсылық қылуы мүмкiн. Қауiптi. Таңертеңнен берi үш рейс жасады.
Бүгiнге осы да жетер. Алаңдағы қаптаған “калбиттердiң” қайсысын
тасып бiтiресiң. Жүрек жалғамақ болып жолдан бұрылған. Қырды
айналып барып, көзден таса сайлауытқа келiп тоқтады. Аяз. Жалтаңда
үйiрiле соққан суық жел бетiңдi жеп жалаңдап тұр. Бiр кезде су жырған
кең аңғардың табанына түстi. Биiк жарқабақтың қалқасы ықтасын
екен. Жiпсiп, қардың шетi кеңсiрiктенiп ерiп жатыр. Үшеуi сонда
жайғасты. Бағана жолжөнекей гастрономға соққан. Тамақ мол.
Шошқаның шұжығы, консервi, жұмыртқа, тұздалған қияр... Кiшiгiрiм
тойдың мəзiрiндей. Айқара ашылған “Правданың” бетi жоталанып
үйiлiп қалды. Орлов шекпенiнiң қойнынан екi “Экстра” шығарып,
газеттiң шетiне қаздитып қойды.
Костя бұлардың харам дастарханынан ауыз тиген емес. Шақырды,
қорқытты – бəрi бiр илiкпеген. Екеуi жылы-жұмсаққа жаудай тиiп
апырып-жапырып жатқанда, бiр шетте өзiнiң түлкi құрсақ солдат
паегiн қаужаңдап отыра беретiн. Басқа қолынан келер қайраны
болмаған соң, қарсылығын осылай көрсеткен.
Мiне, қызық, Костя бүгiн əдетінен жаңылып, дастарханға оң қарап
отыр. Шикiлсары “Экстраның” темiр қалпағын тiсiмен жұлып ала
бергенде, старшинамен жарыса бұл да бүйiрi қабысқан қалайы
кружкасын созған. Орловтың кiшкентай көкшiл көздерi шекесiне
шығып, мұздай қатып қалды:
– Сен рульде емессiң бе?
– Арақ iшкен адам рульдi ұстай алмайды деп кiм айтты?
Шикiлсары “шеф, не iстеймiз?” дегендей бастығына қараған.
– Құй! – дедi старшина иек қағып. Шофердiң жолынан жаңылып аяқ
астынан бұлай құбылғанына əрi таңырқады, əрi iшi жылып отыр.
Үшеуi шүпiлдеген кружкаларды қаңтармай қағыстырды да қағып
салды бiр деммен.
Старшина бетiнiң быт-шыты шығып, апыл-ғұпыл бiр жапырақ қара
нанды мұрынына басып аз-кем отырды да, сəл адам қалпына келген
соң Костяға риза қалыппен көз тастады.
– Вот это другой разговор. Теперь ты свой человек!
Костя бұрын бұлай кружкамен iшiп үйренбесе де ашырқанған жоқ.
Өңi қуқылданып, одан ары қанын iшiне тарта түстi. Басы қақшаңдаған
бiр шұбар жылан көкiрегiнде ширатылып шиыршық атты.
2
Костя Новиков тың игерушiнiң баласы болатын. Өзi де сегiзiншi
кластан кейiн Державиндегi СПТУ-дi бiтiрген. Бесаспап механизатор.
Трактор-комбайнның құлағында ойнайды. Əскердi бiтiрген соң туған
совхозына барып жұмыс iстемекшi. Ата-анасы – сол өзi туып-өскен
“Нахимов” совхозының iргесiн қалаушылардың бiрi. Екеуi Россияның
екi қиырынан комсомолдық жолдамамен келiп, осы жерде бас
қосыпты. Ойхой, Арқаның боранын айтсаңшы, кей суретi көз алдына
елестесе, шiлденiң шiлiңгiрiнде отырып төбе құйқаң шымырлайды.
Аспан мен жер астасып ақ түтек боп тұрып алады. Күн соғады, түн
соғады, апта бойы ұйтқып, ұлып жағы сембейдi. Қар дегенiң тыптипыл сипап үйдiң төбесiнен жүрiп кетедi. Кебiн жамылған əппақ дала.
Аузы-мұрыны жоқ, бiтеу. Мал қораның төбесiндегi тесiктен сыртқа
шығып, есiк алдын аршисың. Үй мен мал қораның, көршiлердiң
арасына қарды үңгiп қатынайсың. Қардың асты “ақ қала”, тарам-тарам
жол, көше. Анда-мұнда бармақ боп бала-шағасымен сыртқа шыққанда
жұрт бiр-бiрiнен адасып қалмау үшiн арқаннан ұстап жүредi. Сыртқы
дүниемен байланыс жоқ. Жолдың бəрi бiтелген. Қар тұтқынындағы
аядай ауыл шықпа, жаным, шықпамен қалтырап-жаурап қалт-құлт етiп
отырады. Күннiң көзi жылт етiп ашылған сəтте құтқарушыдай “Ан-2”
жетедi барылдап. Күннiң сəулесiн күмiс қанатымен оңды-солды
сапырып шарықтап жүрген бақыт құсы сияқты. Ауылдың төбесiнде
айнала ұшып қап-қап ұн, қант, теңтең газет-журнал тастап кететiн.
Осындай боранды күндердiң бiрiнде əкесi трактормен далада қалып
үсiп өлген. Төрт жастан жаңа асқан кезi. Шала-шарпы ғана есiнде. Əкесi
ұзақ уақыт жоқ боп кеткенге қатты iздеп сағынатын, қыңқылдап
мамасынан сұрайды. Ол: “жақында келедi. Көп конфет əкеледi...” дейдi
де, өзi мұны құшақтай алады. Ып-ыстық, толық кеудесi селкiлдей
жөнеледi... Кейiн есейгенде үлкендерден мəн-жайды сұрап бiлген.
Боран басылған соң бригаданың жiгiттерi төңiректi сүзiп жүрiп
тракторды тауып алады. Кабинада бiрақ əкесi жоқ боп шығады.
Трактор батып қалған соң жаяулап жетем деп адасып кеттi ме екен?
Қар ерiгенде ауылдың дəл iргесiнен табылады. Əр жерде шашылып,
сүйегi ғана қалған. Қасқыр жесе керек. Киiмiнен ғана таниды... Əкесiнiң
мойнына асылып еркелеп асыр салатын қайран дəурен ендi жоқ. Жан
тырнаған жабырқау, сұрқай күндер басталды. Қазаның күйiгiне шыдай
алмай мамасы қатты күйзелдi. Қайғысын басу үшiн арақ iшетiн болды.
Кей күндерi тұра алмай жатып қалады. Қарындары аш, қаңыраған
мұздай үйде аяғын жаңа басып жүрген қарындасы Ангелина екеуi
мұрынбоқтары жерге шұбатылып жылап отырғаны. Бiрақ үй суық
болғанмен, айналадағы адамдардың көңiлдерiнiң жылуы бұларды
тоңдырған жоқ. Совхоздың саманнан салынған қос ауыз үйiнiң екiншi
жартысында Сапарбай аға мен Күмiсжан тəте тұрады. Бiр ұл, екi қызы
бар. Қайрат мұнымен құрдас, кiшкентай Жұмагүл Ангелинамен жасты.
Бұлардың шырылдаған дауысын естiп, не ағай, не тəтей жүгiрiп келедi.
Ангелинаны көтерiп, мұны жетелеп үйлерiне əкеледi. Табалдырықты
аттағаннан жылуы беттi шарпып, пейiшке енгендей боласың. Əсiресе
сүрiнiң иiсiн айтсаңшы. Аузыңа тигенше сiлекейiң шұбырады.
Қарының тойып, бойың жылынған соң бəрiн ұмытып ойынға кiрiсесiң.
Бес бала текеметтiң шаңын аспанға шығарып асыр салып, аядай үйдi ушу базар қылады. Қайраттың кiндiгiне қорғасын құйған сақалары мен
қызыл, көк, сарыға боялған асықтары көп. Сонымен ойнауға
жалықпайтын. Күн ашықта жылы киiнiп сыртқа шығады. Айқабақ,
сабалақ қара төбетке шана жегiп, кеш батқанша үйге кiрмейтiн. Ес
жиғанда шешесi əкетсе əкеттi, əйтпесе осында жата кетедi. Бесеуi бiр
үйдiң баласындай бiрге өстi. Сенiкi-менiкi жоқ. Тату-тəттi.
Бiлмейтiндер ағайынды екен деп ойлап қалатын, бiрақ түрлерiнiң
бөлектiгiне қарап:
– Сапеке, балаларыңыздың сорттары əртүрлi ғой, жартысы қара,
жартысы сары боп кеткенi қызық екен? – дейтiн кейбiрi əзiлдеп.
Ондайда Сапарбай ағай жiңiшке қара мұртын сылап қойып, қулана
жымияды.
– Е, тəйiрi, бiр биеден ала да, құла да туа бермей ме, бəйбiшенiң бір
ұрлығы бар шығар, қайдан бiлейiк!
Осынау алалауды бiлмейтiн қарапайым, əзиз жандардың арқасында
жоқшылық көрмедi. Əйтпесе аштық пен ауырудан өлiп қалар ма едi не
көзi биттеп жетiмханада жүрмесiне кiм кепiл?
Кейiн мамалары iшудi азайтып, үй iшiне қарайтын болды. Бiрақ
бұлар сонда да Сапарбай ағаның үйiнен шықпайтын.
Қайрат қазiр Тынық мұхит флотында матрос. Хат жазысып тұрады.
Жұмагүл мен Ангелина оныншы класта бiрге оқиды. Екеуi де əсем боп
бойжеттi. Əсiресе Жұмагүлдiң сымбатын көрсең. Жазда демалысқа
барғанда көрiп, аузын ашып қалған. Бiр жылдың iшiнде танымастай
боп өсiп кетiптi. Сұңғақ бойлы. Кеудесi дүмпiп, мықыны толыса түскен.
Мұның аңтарылып қарап қалғанына қысылды ма, сопақша аққұба жүзi
лып қызарып шыға келген. Тура қарамай, жалт-жұлт еткен үлкен қара
көздерiн төңкерiп, алып қаша бередi. Есiк алдында абайсыз ұшырасып
қалған, екеуi өмiрiнде бiрiншi рет бiр-бiрiнен ұялып тұр. Не болғанын
өздерi де түсiнбейдi. Бұрынғы көрген жерде арсалаңдап құшақтаса
кететiн салдыр-күлдiр риясыз қылықтары қайда? Əлде екеуiнiң
есейгендiгi ме? Əйтеуiр сөздерi қиыспады. Қысылған тек тұрмастың
кебiмен, бұл əрнəрсенiң басын шалып əуре. Не айтқанын өзi де
түсiнбейдi. Қыз басын көтерген жоқ. Күн күйдiрген қоңырқай жұмыр
балтырын созып туфлиiнiң ұшымен сыз топырақтың бетiне доға
сызғылаумен болды... Бiртүрлi қызық хал. Бұл да кiбiртiк. Ендi
Сапарбай ағаның үйiне əдеттегiдей емен-еркiн кiре алмайды.
Əлденеден тартыншақтай бередi. Жұмагүл де мұнымен ұшырасудан
тайсақтайтын секiлдi. Бұл не жұмбақ? Əйтеуiр осы жаз Жұмагүлдi
көргеннен берi көңiлi алаң. Түсiнен шықпайды. Бiр қуанып, бiр
мұңайып көкiрегi алабұртады. Көз алдында оянған елестерге елiтiп,
небiр тəттi қиялға бататын.
3
Мына екi күнгi лаң бұған қатты əсер еттi. Сең соққан балықтай
есеңгiреп қалды. Адам баласы да бiр-бiрiне мұндай қатыгез болады
екен ғой. Кешеден бергi көрген сұмдықтардан жаны түршiгедi.
Қарусыз, қорғансыз жастарға солдаттар не iстеген жоқ: күрек,
дубинамен басқа-көзге төпеледi; қуып жүрiп итке талатты. Шалажансар денелердi машина-машина ғып тиеп айдалаға əкеп, аязда ақ
қардың үстiне лақтырып жатыр; тонады, зорлады... Мұнша
қорлайтындай не жазды олар? Осы қиянат, зұлымдықтың бəрi орыс
халқының атынан жасалып жатқанын көрiп, өзiнiң орыс болғанына
арланды. Қазақтың не басқаның орыстан қай жерi кем? Бұлай өктемсiп,
басыну өзiнiң топастығын көрсету емес пе? Өзi туып-өскен совхозда
орыс та, қазақ та, шуаш та, молдаван да тұрады. Бiрiн-бiрi ешқашан
жатырқап, алалаған емес. Тiптi ондай сезiм ойларына да кiрiпшықпайтын. Бiте қайнап, бiрге өстi. Адамдарды бөлсе, жақсы-жаман
деп қана бөлетiн. Əке-шешесiнен көрмеген жақсылықты Сапарбай аға
мен Күмiсжан тəтеден көрмеп пе едi. Жатырқап шетке тепкен жерi бар
ма? Қазаққа қол көтергенi соларға қол көтергенi емес пе? Ендi сол
аяулы жандардың жүзiне қалай қарамақ? Жұмагүлдiң алдында не деп
ақталады? Мұңайып, кiнəлай қарап бұдан жырақтап бара жатқандай
сəт сайын. Зəбiрлеп, өз қолымен ештеңе iстемесе де, басқалардың
зұлымдығын көрiп, куə болудың өзi қандай азап. Дəрменсiз
сорлылығына қиналды. Ішi жылап, ұлып тұрса да, қыңқ етiп қарсылық
көрсетуге жарады ма! Кеше мына екi жауыз бұтаның арасында
қорғансыз қызды көжектей шыңғыртып айуандық жасағанда қалай
шыдап тұрды? Бар iстегенi шырылдаған дауысын естiмейiн деп
құлағын басып, терiс қарап кемсеңдеген. Неге монтировкамен
қарақұстарын аузына түсiрмедi? Өз басын ойлады. Ұрып не өлтiрiп
кете ме деп қорықты. Осыдан кейiн де өзiн еркекпiн дейдi-ау. Кек пен
қорлыққа булығып түнiмен көз iлмеген. Ара-арасында жастықты
тiстелеп өксiп-өксiп алады. Көкiрек буып қабындаған дүлей ашу
шығарға жол таппай шиыршық атады.
4
Ізiн суытпай бiрiнен кейiн бiрiн жиiлетiп қағып тастаған екi кружка
арақ бiрден ойнап басына шықты. Өжеттенiп, көзi оттай жайнап шыға
келдi Костяның. Ештеңеден тайынар емес. Тас түйiлiп сұстанып алған.
Ішiндегi сұр жыланы ысқырып, атылғалы отыр.
Арақ iшкенiне қыбы қанып, ризашылық танытқан старшина:
– Мiне, жүзiңе қан жүгiрiп адам болып қалдың ғой. Баяғыдан берi
өстiмейсiң бе! – деген ұрты бұлтылдап күйсеңдеген күйi қабақ астынан
жымсия қарап.
– Сен – хайуансың! – дедi Костя кек тұтанған көзiнен көк жалын
бүркiп. Анау аузындағысын қылғына əзер жұтты.
– Не?
– Екеуiң де малғұнсыңдар! Азғын!
– Ей, сүмелек, тiлiңдi тарта сөйле! – Орлов мойынын бұрай созып,
алыса кететiн адамдай ұмтыла түсiп тоқтады.
– Тартпаймын, не iстейсiң? Екеуiңдi де соттатамын. Түрмеде
шiрисiңдер?
– Не үшiн? – Старшинаның суық жанары сығырайып ұстараның
жүзiндей сызаттана жарқ еттi.
– Не үшiн екенiн өзiң бiлесiң. Кешеден берi не iстеген жоқсыңдар!
– Не iстеппiз?
– Қорлағандарың аздай, ана шала-жансар жатқан адамдарды
тонадыңдар!..
– Тағы не бүлдiрiппiз, иə, сайрай түс?
– Кеше ана бiр қызды зорладыңдар!..
– Ёмое, ақ перiштем-ай! – Старшина iшiн басып сықылықтап өтiрiк
күлген болды. – Өзiң де “дəм” таттың емес пе! Бiзден қалған “итаяқты”
жалаған кiм екен, ха-ха-ха! – Айызы қанып, заһарын төге əжуалады.
– Қателесесiң. Мен сендердi алдап соққанмын.
– Қалай?
– Сендерден қорқып, жəй көз алдағаным болмаса, ештеңе iстегемiн
жоқ ол қызға. Құдай куə, арым таза!
– Ой, апостол! Николай əулие! Сенiң түк iстемегенiңе құдайың куə
бола алмайды. Аузың жесең де, жемесең де қан. Бəрi бiр ақтала
алмайсың!
– Мейлi, өз арымның алдында тазамын.
– Сонда не iстемексiң?
– Осы iстегендерiңнiң бəрiн командирлерге айтамын. Олар
қиқаңдаса, əскери трибуналға шағымданамын.
– Мə, қылып аларсың! – дедi старшина қолын шығарып. – Сенiң
сандырағыңды кiм артына қыстырады?.. Дəлелдей алмайсың! Тiптi
болмаса, сенi бiрге ала кетемiз.
– Мейлi, кетсем кетейiн. Сендердi түрмеге тықпай тынбаймын.
– Егер соттата алмасаң ше?
– Онда екеуiңдi өз қолыммен өлтiремiн! – Костя ветчина тураған
жүзi сүйем қарыс қайқиған қара селебені шап берiп, орынынан ұшып
түрегелдi. – Тура осы жерде бауыздап саламын!
Ана екеуi сiлейiп сəл қыбырсыз қалды да, iле созалаңдай көтерiлдi.
Қайсымызға салып алар екен дегендей, көз алмаған күйi сескенiп
шегiншектей бердi.
Костя шын аянбасқа бекiнгендей, қатал сұспен кек түйiп, қанын
iшiне тартып алды. Селебенің жалаңдаған жүзiн жайқап, екеуiне алмакезек тап-тап ұмтылады. Аналар да ес жиып, қашқалақтағанмен
ұзамай айналсоқтап, қалай қапысын табудың айласын ойлап жүр.
Старшина жалтақтап жан-жағын қарағыштап едi, қолға iлiгер ештеңе
байқалмады. Үшеуi бiрiн-бiрi аңдып, арбасып, қардың бетiн шиырлап
шыр айналды. Дегенмен, аңдысу ұзаққа барған жоқ. Талай сойқанды
бастан өткерген жырынды старшина бəрiбiр айласын асырды.
Малақайын алып Костяның бетiне жiберiп қалған. Анау жасқанып
жалтарам дегенше қырқай сiлтеп алақан қырымен бiлезiктен қаққан.
Селебе анандай жерге ұшып кеттi. Іле оң аяғын шалт көтере ауада
шеңбер сыза шыр айналып өкшесiмен дəл кiндiктен тепкен – Костя
жерден жарты метрдей көтерiлiп қардың үстiне бұрқ ете түстi. Тiзесi
иегiне жете дөңгеленiп тыпыршып жатыр. Старшина шикiл сарыға
қасын қақты.
– Бар, теп!
Айтақ күткен сары бұралқы ойланған жоқ. Пышақтан қорқып
қашқақтап анандай жерде үдiрейiп тұрған, қасқыр жыққан жемтiкке
қарқылдап ұшатын қарғадай құнжыңдап құлшынып кеттi. Ұмтылып
келiп тепкiлей жөнелдi. Басқа-көзге қарар емес. Қанқұмар
өшпендiлiкпен қорғансыз дененi тепкiлей бердi-тепкiлей бердi...
Аяғын көтеруге шамасы келмей салығып шаршағанда əзер тоқтаған.
Имиген құзғын тұмсығының ұшынан тер тамшылап, екi иiнiнен дем
алып тұр. Костяның аузынан лақ етiп қан кеттi. Денесi бiр жиырылып,
бiр созылып жанталаса селкiлдеп барып сəлден кейiн жайымен сұлап
қимылсыз қалды.
Бағанадан берi үнсiз бақылап тұрған старшина жорта зекiдi:
– Ей, бұл не iстегенiң? Өлтiрдiң ғой! – Костяның қасына келдi де,
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Ай қараңғысы - 20
  • Büleklär
  • Ай қараңғысы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3989
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2594
    23.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2580
    22.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2592
    22.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3848
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2481
    21.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3927
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2483
    23.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2481
    23.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3930
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2443
    22.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    32.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3933
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2549
    21.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3920
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2551
    23.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2412
    22.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2489
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2507
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3880
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2529
    20.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3989
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2600
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2566
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2543
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3850
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2464
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3970
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2588
    22.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2563
    23.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4008
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2583
    23.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3932
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2584
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3952
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2623
    21.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2473
    23.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2566
    23.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3893
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2540
    21.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    32.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3952
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2640
    22.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2606
    21.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2578
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 4040
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2639
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 4054
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2574
    23.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3918
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2460
    23.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2574
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 1519
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1152
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.