Latin Common Turkic

Ай қараңғысы - 13

Süzlärneñ gomumi sanı 3880
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2529
20.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
31.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
38.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
– Айтшы, Қосымчик, менiң қызық тыңдағым келедi, күлгiм келедi! –
дедi Нұржамал шолжың үнмен еркелеп. – А то здесь скучно!
– Айтуға болмайды.
– Неге?
– Сəбирадан ұят.
– Сəбираның құлағына «алтын сырға» тағып қоямыз, мiне! – деп көзi
тұманытқан Нұржамал жанындағы теректiң жапырағын жұлып алып,
Сəбираның құлағына iлген. Сəбира «естiмей-ақ қояйын» дегендей
бетiнiң ұшы алаулап, шатырдың қалқасына қарай жылдам басып кетiп
қалды.
– Баяғыда Шойқара деген аңшы болыпты бiздiң жақта, – дедi
Қосымхан қарынын тыр-тыр қасып. – Бiр көзi шыққан соқыр, бiр
құлағы жұлынған шұнақ, бет-аузы жырым-жырым, түрiнен адам
шошырлық. Бетпе-бет келген аюмен қарусыз айқаса кетiп,
шонданайынан шап берiп жiбермей қояды екен...
– Ой, ұятсыз! – дедi Нұржамал сықылықтап.
– Кiм, мен бе?
– Жоқ, Шойқарачиктi айтам.
– Е, бəсе... Аю байқұс бақырып-бақырып, бiраздан соң өлiп қалатын
көрiнедi. Кейде сол осал жерiнен ұстаған күйi тiрiдей сүйрелеп ауылға
алып келетiн де кезi болыпты. Əбден дəнiккен Шойқара бiр күнi қарсы
жолыққан аюмен бассалып тағы да алыса кетедi. Қолымен үйренген
жерiн ары да тырналайды, берi де тырналайды – iздеген нəрсесi жоқ.
– Қалайша? – дедi Нұржамал таңырқап.
– Түсiп қалыпты!
– Кетшi ары, қалай түседi?
– Ұрғашы екен.
– Содан кейiн не бопты?
– Не болушы едi, түз тағысы қойсын ба, алып ұрып омыртқасын бiрақ опырыпты.
– Өйбүй, бейшара-ай! – үшеуi аспанды бастарына көтере дарылдай
күлдi...
Тау iшiне ымырт тез үйiрiлдi. Қарағай-шыршалардың ұшар басын
сипап лып-лып сөнген батар күннiң сəулесi сырғанап барып сонау
ентелеген қарлы шыңның шоқтығында үйген шоқтай қызара
алаулайды. Қаңқайған қыр-жота, ағаштардың көлеңкесi бас түйiстiре
ұзарып айналаны лезде қымтап алды. Қаракөк орман, жер-көктi тұтаса
көмкерген жасыл шалғын iңiрдiң бояуын қоюлата түскендей, сай-сала
тұңғиық тартып қарауытып тұр. Сайраған құс, шырылдаған
шегiрткенiң үнi толас. Əлде қайда алыста құлап аққан судың гүрiлi
айқындалып, күшейiп естiледi. Анда-санда ағаш басында сыпсыңдай
желген самалдан басқа селт еткен сыбдыр жоқ. Мүлгiген дел-сал
тыныштық көңiлдi қоңырқай ойға жетелейдi. Қоңыр барқын кеңiстiкте
бiр сиқырлы мұң кезiп жүргендей.
Тау басындағы қардың зəрлi демi жер бауырлап жетiп тұр. Ауа
салқын тартып, бойды суық қармай бастады. Бар-жоқ лыпасын
иықтарына iлiп үшеуi бүрсөң қақса, Қосымханның қаперiне дəнеңе
кiрiп те шығар емес, екi қолын кеудесiне айқастырып, қарыны
шеңбiрек атып, көк шөптiң үстiнде белуарына дейiн жалаңаш
қорылдап жатыр. Нұржамал ары жұлқылап, берi жұлқылап оята
алмаған соң үстiне бiр кружка мұздай су құйып кеп жiберген, сонда
ғана қорылдың үнi өшiп, басын əзер көтердi, «қайда отырмын өзi»
дегендей, мең-зең күйi айналасына сүзiле қарайды.
– Тұр, iңiр болды.
– Бола берсiн.
– Бейуақта ұйықтауға болмайды.
– Неге?
– Жын-шайтан иектеп кетедi.
– Жын-шайтанның бiзде несi бар, өзiмiз жыннан бетер болсақ.
– Осында ұйықтауға келiп пе едiң, тұрсаңшы!
– Есесiне түнде ұйықтамаймын ғой! – деп жырқылдай күлдi де ұшып
тұрып, қызды аш белiнен орай құшақтаған.
– Көремiз, көремiз! Кермеде жұлқынған ат бəйгеде шауып жарытпас!
– Қыз сықылықтай күлiп қорбаңдаған құшақтан бұлт етiп сытылып
кеттi.
Төртеуi төрт жақтап жүрiп жарықта мол ғып отын жинап алған. Жер
ошақта ұшқын ата лап еткен жалын қараңғылықты кеудеден итерiп
айналадан серпiп тастады. Жартастың қалқасынан, қалың орманның
арасынан өрiп, еңбектей жылжыған қара түн ошақ басына жақындай
алмай қорғалақтап тұр. Екi жiгiт бiр-бiр қожыр тасты ерттеп мiнiп
отты айнала жайғасты. Дастарқан қамымен түртiншектеген қыздар «иий, тоңып кеттiк қой!» деп анда-санда жүгiрiп кеп отқа қолдарын
тығып-тығып алады. Ұзын сирақ көлеңкелер бiр беткейдi кескiлеп
сереңдеп жүр. Ағаш мосыда аспақтаған көк шəугiм жалынның қызыл
тiлi түбiнен жалаған сайын жаны кiрiп, мұрын астынан мiңгiрлеп
əндете бастады. Ту сыртыңнан суық қапсырғанда, көкiрегiңдi шарпып
шымырлай жайылған жылу қандай рахат. Шаланы қағыстырып қойып,
маздаған отқа үнсiз телмiрiп отыра бергiң келедi. Көз ашық, көңiл
марғау, қыбырсыз мүлгiп кеткендей. Көк шəугiмнiң қақпағы селкiлдеп,
шүмегiнен шоққа шырт-шырт түкiре бастағанда селк етiп басын
көтерiп алған Қосымхан: – Ура! Шай қайнады, қыздар! – деп қопаң етiп
орнынан тұрды. Ыстық тұтқаға қолын қайта-қайта апарып, ұстауға
жасқаншақтап, шəугiмдi оттан қалай түсiрерiн бiлмей шыр айналып
қорбаңдап жүр.
Оттың жарығына дастарқан жайылды; Сəбира шəугiмдi алып ƏзизСұлтанның қатарына тiзе бүккен. Бiлегi бiлегiне тиiп едi, мұп-мұздай
екен, бүртiк-бүртiк боп құс еттенiп тұр. «Жаурап қалдым» деп иығын
бүрiстiрiп жiгiтке қарай тығыла түстi. Қосымхан өз бикешiнiң оң
тiзесiн жастана аяғын сыртқа қарай көсiлiп төрге жайғасқан:
– Келiннiң қолынан шəй iшейiкшi бiр! – деп қулана қасын секiртiп
қояды. Қосымханның түрпiдей тиер жабайы əзiлдерiн ести-ести əбден
ығыр болып едi, əйтсе де мына сөзi жанына бiртүрлi жағып кеттi.
«Айтқаның келсiн, Қосеке. Сол күнге жеткiзсiң, құдайым!» дедi iшiнен
елжiрей тiлеп. Көз астынан ұрланып Сəбираға қарап едi, ол да бұл сөзге
кет ары емес сияқты, астыңғы ерiнiн жымқырып, ақ бiлегiн соза
соншалық бiр iзетпен Қосымханға кесе ұсынып жатыр. Күлiмдеген
бақытты жанары түнгi алаумен шарпысып жалт-жұлт етедi.
Кеселермен жарыса бүйiрлерi бұлың-бұлың етiп ендi араға күрең
лағыл рюмкалар жүрдi. Қосымханның қолындағы қаз мойын шөлмек
тағзым етуiн жиiлеттi – ыстық-ыстық тiлектердi суытпай қалқып келiп
дастархан үстiнде сыңғыр етiп бүйiр түйiстiрген рюмкалар басқа жаққа
бұлтармастан тура ауызға қарай жол тартады. Қосымханға қосылып
Нұржамал да қамшы салдырар емес, ешқандай ашырқанып
тыжырынбастан иегiн кекжең еткiзiп бiр-ақ жұта салады. Əзиз-Сұлтан
да тартынған жоқ, өнебойын суық қармап жаурап отырғанда қайта
қаны жiбiп жақсы болып қалды. Iшпеген тек Сəбира ғана, рюмкаға ерiн
тигiзiп, алдына қоя салады, өтiрiк тыжырынып аузын алақанымен
басады. Қосымхан мен Нұржамал үгiттеп əлек. Жалынып та, өкпелеп
те көрдi. Бiрақ одан Сəбираның рюмкасы ортаяр емес.
– Менi сыйласаң, кəне, алып қой, сiңiлiм! – дейдi Нұржамал өзеуреп.
– Татып көрген нəрсем емес, iше алмаймын.
– Татпасаң, татып көр. Оқушы қыз емессiң ғой, бойжеткенсiң. Өстiпөстiп үйрен. Өмiрдiң бұл да бiр қызығы. Зиянды, қажетсiз нəрсе болса,
адамзат бұны ойлап таппас едi ғой. Ең болмаса, бiр рюмка iшшi, көзiң
шырадай жанып жайнап шыға келесiң. Кəне, Əзиз-Сұлтан екеуiңнiң
өмiрбақи жұптарың жазылмай бақытты болуларың үшiн iшiп қояйық!
– Тiлегiңiзге рахмет, бiрақ iше алмаймын.
– Мұндай сөз үшiн у болса да iшiп қою керек қой! – дедi Қосымхан
тақымдап. Қосымханның неге жанығып отырғаны белгiлi. Бағана бiр
əредiкте «паh, шiркiн, өзi де кер маралдай керiлген сылқым екен! –
деген Сəбираға сыртынан жұтынып. – Құланның қасыуына –
мылтықтың басуы, қапы қалма бүгiн, бала. Басына су құй!» Тiптi
болмаған соң, көздi ала берiп, мұны бүйiрден нұқып-нұқып қояды.
«Сенiң тiлiңдi алады, iшкiз!» деген ишарасы. Екеуi екi жақтап жан
алқымға алған сайын «мына пəледен құтқаршы!» дегендей Сəбира
жаутаңдап бұған қарайды.
– Жарайды, қинамай-ақ қояйық. Сəбира үшiн мен iшем! – деп
рюмканы аузына төңкере салып едi, Қосымхан жаман көзiмен ата
қарады. Жiгi жiптей тартылып жымқырылған ерiннiң арғы жағында
«сенген қойым сен болсаң, күйсегенiңдi ұрайын!» тұр тұншығып.
Тырна сирақ рюмкалар аспанды теуiп қайтқан сайын əңгiмекүлкiнiң қызуы өрши түстi. Бұған дейiн де бiрер мəрте айналып шауып
шыққан Қосымхан мен бикешi былқ-сылқ етiп тез мас боп қалды.
Нұржамал қисынсыз əр ненiң басын бiр шалып, өз-өзiнен жырқылдап
күле бередi. Оның қызыл футболканың кеудесiне сыймай бұлқынған
қос анарын, тырсиған бөксесiн жаңа көрiп тұрғандай қызығып кете ме,
Қосымхан:
– Жеп қояйын ба осы! – деп бас салып құшақтай алады. Анау:
– Жесең, жеп қойшы, ертең кiмдi сүйер екенсiң! – дейдi тұншыға
сықылықтап.
Дастархан жиылғанша екi шөлмек босады. Қосымхан иығынан
асыра лақтырып қалып едi, əуелей ұшқан шөлмек аузымен ауаны шөпшөп сүйiп барып анадай жердегi шөптiң үстiне дүңк ете түстi. Айнала
баспалаған қараңғы түн. Қарауытқан бұта-қарағанның түбiнде
əлденендей құбыжық бұғып жатқандай көз алдыңнан мың сан елес
көшедi. Шөп басына шық жүгiрiп, ауа шыңылтыр тартты. Арарат
тауының отты суының буы Алатаудың ызғарына төтеп бере алар емес.
Қойны-қоншыңа мұп-мұздай саусағын сумаңдатып шымшылаған суық
дiрдек қақтырып от басына қуып тықты. Бiр-бiр тастың үстiнде
шоқайып ошақты қоршай жайғасқан. Əрқайсының арқасынан бiр-бiр
жота «өсiп шығып» қарауытып тұр, ортадағы оттың тiлi көкке
өрлегенде – кiшiрейiп, бəсеңдесе – зорайып, дамылсыз тербеледi.
Тылсым түн, иен тау, лаулаған от – жас жүрекке жалын құйған
ғажайып романтика! Əзиз-Сұлтан гитар тартып, əн айтты. Абайдың
«Қаламқасы». Сым iшектердiң жүректi суырған сиқырлы сыңғырына
iлесе кең тыныстап, əдемi қоңыр дауысын көтере созған. Дiрiлдеген
үнмен ыңылдап Сəбира қосылды, көзiн жұмып, қиылған қою
қастарының ұшы бiресе жоғары серпiлiп, бiресе төмендеп, əуен
ырғағымен тербелiп отыр. Қосымхан мен Нұржамал мастықтары
тарқап кеттi ме, əннiң қайырмасына келгенде олар да iлiп ала
жөнелген. Қараңғы түнде қалғыған тау-тас күңiрене жаңғырып, аспан
астын мұң мен сағыныш кернедi. Ұлы махаббат өксiп, кең дүниенi
кезiп жүр.
Тұңғиық шермен талықсып барып үзiлген гитар үнi келесi сəтте
өзгеше бiр ойнақы леппен құтырына құйқылжыды. Ерке назбен
алқына сыбырлап, қаныңа от тастайды. Бұл жолы Əзиз-Сұлтан
татарша жырлаған. Қосымхан қызып кетiп ортаға атып шықты да,
денесi майшабақша былқылдап биге басты. Оған екi қыз қосылып июқию. Iштей бəсекеге түскендей бiрiнен бiрi асыра мықындарын
дiрiлдетiп, анда-санда бастарынан əуелете алақандарын ұрып қиқулап
қояды. Көстеңдеген ұзын сирақ көлеңкелерге қарасаң тау басында
мұнаралар адымдап жүрген тəрiздi.
Үлпершек майы аузына тығылып арсы-гүрсiсi шығып тұрған
Қосымхан:
– Сенiң де шешең татар-ау, шамасы, ə! – дедi жоқ жерден «Америка»
ашып.
– Оны қайдан бiле қойдың?
– Татардан туғандар əншi болады шетiнен.
– Бəрi бiрдей емес шығар?
– Бiз шырағым, фактымен сөйлеймiз. Қараөткелдiң Ғазизiнен бастап
Əлибекке дейiн саусағыңды бүгiп санай бер.
– Немене, содан сəнiмiз бұзылып бара ма? – Қалжыңның аяғы
көрбiлтеленiп бара жатқаны Əзиз-Сұлтанға ұнамай қалды.
– Жоқ, əншейiн сөз ретi болған соң айтқаным ғой. Неғып шекең
шытынап шыға келдi. Əй, бəсе, бəсе! Бiр шикiлiгiң бар ғой... Қалай
дегенмен, қазақтың əнiн татарша тамылжытып айттың.
– Бұл – қазақтың емес, татардың əнi.
– Қой, айналайын. «Бояушы, бояушы дегенге сақалыңды бояма»,
бiздiң де төбемiз тесiк. Радиодан көп орындалып жүрген қазақ
əндерiнiң бiрi. Қалай едi, шайтан алғыр, аты аузыма түспей тұрғаны.
– «Махаббат таңы»?
– Иə, иə, өзiң де бiледi екенсiң ғой – дедi Қосымхан, онда несiне
таласып тұрсың дегендей таңырқап.
– Бiлем, бiлген соң айтып тұрмын. Төреғалиевтардың семьялық
ансамблi орындайды, өзiмiз шығарған əн деп.
– Шығарса, шығарған шығар.
– Атасының басы. Бұл татардың «Сандуғаш» деген жыры,
«Ғалиябану», «Сарман бойлары» сияқты жұрт арасына кең тараған.
Нұрмұхамедов, Ибрагимов, өзiмiздiң Ришат ағамыз талайдан орындап
келе жатыр. Мен солардың айтқанынан жаттап алғам.
– Əйтеуiр, əншiмiздiң де, əнiмiздiң де жақсысына татар жабыса
кетедi! – дедi Қосымхан қағытып айтса да қиналып.
– Шындықтан қашып қайда барасың!..
Бiраз қызылкеңiрдек болып, Қосымханның ары қарай айтар дауы
таусылған. Сонда да татардың өз əнiн өзiне қимай:
– Əн көп, нота жетеу-ақ. Орнын қанша ауыстырғанмен ұқсап кетедi
емес пе. Онда не тұр! – деген, сөз аяғын күлкiге айналдырып.
Қара түннiң шекесiн кертiп ай шықты. Үрлеген шоқтай қып-қызыл.
Шыңның басынан домалап кетердей толықсып тұрды да табан үзiп
аспанға жайлап көтерiле бердi. Қарлы сайды қуалай лап қойған қызыл
тасқын қараңғылықтың қойнына сыбдырсыз саулап құйылып жатыр.
Əлгiнде қазанның қақпағына тұнған тамшыдай мөлт-мөлт етiп қол
созымда жыпылық қаққан бадана көз жұлдыздар қуқыл тартып сəт
сайын биiктеп барады. Көк айдын төсiнде жаңа ғана жүзiп өткен
кеменiң iзiндей ағараңдаған құс жолы шаңытып ұшқын атады. Айнала
бұлаңытып, қараңғылықтың тұңғиығынан қалқып шыққан үлкендiкiшiлi əрбiр зат күржиiп көз алдыңа жотасын тосады. Шыңдар ырсиған
сойдақ тiстерiн аспанның көк етiне кiрш-кiрш қадапты. Балық көзденiп
бұлдыраған түн айдың қызғылтым жұмсақ сəулесiне шекесiн тосып,
үнсiз мүлгидi. Дыр-думен отырып үркер иыққа ауа бастары жастыққа
тиген. Əзиз-Сұлтан əуелгiде екi шатырға қыздар жеке, жiгiттер жеке
бөлiнiп, жатармыз деп ойлаған, сөйтсе Қосымханның жоспары мүлде
бөлек сияқты. Бикешiнiң белiнен құшақтап айрылар емес, əукесi
салбырап оңаша шатырға əкетiп барады. Əзиз-Сұлтан жеңiнен тартып
тоқтатып алды:
– Қыздар жеке жатсын, ыңғайсыз болады ғой!
– Иен тауға атаңның басына келдiң бе?!! – Қосымхан ысылдай
сыбырлап, қолын сiлкiп жiбередi. – Бұзау! Мөңiремей жоғал ары!
Шатыр алдында қара бағандай қалшиып қанша тұрғаны белгiсiз,
денесi мұздап əбден қалтыраған соң амалсыз iшке енген. Əлде бiр
əдептен аттап, жымысқы оймен келе жатқан жырындыдай өз-өзiнен
қуыстанды. Сəбира жатып қалыпты. Ала одеялды басына дейiн бүркеп
қимылсыз жатыр. Жасқана кеп киiмшең жанына жантайды. Екеуi де
үнсiз, тiл қатып, жақындап жанасуға əлденеден қаймығатындай. «Е, сен
де арзанның бiрi екенсiң ғой. Иен тауға əкелгенде iшiңе бүккенiң осы
ма едi!» деп кiнəлап жатқандай қыз. «Ол осылай деп ойлайды-ау» деген
күдiктен бұл қарадай қысылды. Тым-тырс үнсiздiктен құлағы
шыңылдады, тек жүрегiнiң тарсылдаған дыбысы айналаны кернеп
барады. Кең дүниеде күллi тiршiлiктiң үнi өшiп, тек жалғыз жүрек қана
дүрс-дүрс соғып тұр. Шетiн көтерiп одеялдың астына кiрiп едi, Сəбира
не ытырынып керi итерiп, не берi бұрылып «келдiң бе, жаным!»
дегендей ыңғай бiлдiрген жоқ. Қимылсыз, сұлық. Албыраған ернiнен,
көзiнен алма-кезек сүйдi, қарсыласпағанмен, əдеттегiдей бауырына
кiрiп ынтызарлық отына шарпылған жоқ, бойын салқын ұстап
тартыншақтап жатыр. Сол екi арада көршi шатырдың iшi арсы-күрсi
болды да кеттi. Бiр жотаны екеуi жалғыз төңкерiп тастағалы
жатқандай бiрiнен бiрi асыра ышқынады. Кiмдi болса да күнəға
итеретiн сиқырлы сайқал үн. Арасында Нұржамал: «Жаным-ай, жааным!» деп ыңырси өксiп, талықсып кеткендей болады.
Əзəзiл сезiм денесiн ток ұрғандай дiр еткiздi. Бұлшық еттерiнен əл
кетiп, қалш-қалш етiп, жүрегi атқақтай соқты. «Тiфу, лағнет! – дедi
Əзиз-Сұлтан iшiнен тiстенiп, – əкесiнiң көрiн қазғандай өңкеңдеуiн
қарашы. Мен, мiне өстiдiм деп осының өзiн мақтан көрiп жатқан шығар
бұл түйсiксiз доңыз!»
Сəбира тұншығып кеткендей, тас бүркенген одеялын серпи
лақтырып, басын көтерiп алды. Шегiншектеп барып, бүрiсiп iргеге
қарай тығылған.
– Қорқамын! – дедi дауысы қалтырап.
– Мен тұрғанда ештеңеден қорықпа!
– Сенен қорқам!
Ненi меңзеп отырғанын ендi түсiнген жiгiт сəл аңтарылып қалды да:
– Пышақ қай жерде едi? – дедi.
– Оны қайтпексiң?
– Сен қорықпау үшiн бауыздалып өлем!
– Кетшi, жынды, қайдағыны айтпай! Жетi түнде ондай жаман сөз
айта ма екен, шайтанның құлағына шалынады.
– Қалжыңдаймын. Əперiп жiбершi!
Сəбира айналасын сипалақтап, бағанағы нан кескен пышақты алып
бердi. Əзиз-Сұлтан ағаш сапты пышақты жүзiн төмен қаратып,
төсектiң ортасына ұзынынан қойған.
– Кiшкентай кезiмiзде апам ұйықтағанда жастығымыздың астына
пышақ тығып қоятын, жын-шайтан аулақ жүрсiн деп. Мынауың не? –
дедi қыз таңырқай.
– Ортамызға жын-шайтан кiрiп кетпесiн.
– Мен шайтаннан емес, сенен қорқамын.
– Ендi қорықпай-ақ қоюыңа болады. Сонау көне Сақ заманынан берi
көшпендiлер семсердi сертке ұстаған. Жорықта жүрген қыз бен жiгiт
қатар жатып арасына семсер тастаса, ол – əдептен аспаймыз, адал
боламыз деген белгi. Семсерден аттасаң – серттен тайғандық. Менiң
семсерiм – мына қара пышақ, қорықпай жата бер.
Сəбира көңiлi орныққандай, жамбастай жылжып кеп орнына
жантайған. Əзиз-Сұлтан да терiс қарап қисая кеттi. Жан тырнаған
жəдiгөй ырсыл толастар емес. Түн мылқау, тiлi қырқылған, құлағы
едiрейiп, осы бiр дыбысты тыңдайықшы деп демiн тартып тына
қалғандай.
Неге
дүние
тым-тырс,
сарқыраманың
гүрiлi,
жапырақтардың шуылы қайда?!! Жо-жоқ, бəлкiм осы сəт қасқыр ұлып,
дəл iргеде байғыз шақырып жатқан шығар, жел ұйтқып, қалың тоғай
ұлардай шулап тұрған шығар. Бiрақ оның бiр де бiрiн еститiн халде
емес.
Бүкiл
жұлын-жүйкесi
сапырылысқан
мың-миллион
дыбыстардың арасынан тек қана осы бiр арсыз нəпсiнiң жабайы үнiн
қабылдайтын антеннаға айналған. Басын бүркенсе де, құлағын тас қып
бiтесе де еститiнi – сол үн, құлағының iшiне кiрiп ап, жəдiгөйлене
сыбырлап арбайды. Бiлегiн қырши тiстеп қыбырсыз қатып қалған.
Жағы қарысып, аузына қан дəмi бiлiндi, маңдайынан шыпшып
құйылған суық тер көзiн ашытты.
Дүниенi астаң-кестең қылып сұрапыл дауыл ұйтқыды, буырқанған
теңiз жер-көкке сияр емес. Мың бүктелiп, жұлқына жүйткiген долы
толқындар жартасты гүрс-гүрс соққылайды; басын сiлкiп кейiн
шегiнедi де өкiрiп қайтадан ұмтылады, айдаhардай атылып тас
кенердi қарш-қарш шайнап жатыр.
...Азапты сезiммен арпалысып жатып талықсып қашан көзi iлiнгенiн
бiлмейдi, бiр уақытта əлдебiр сыбдырдан селк етiп оянып кеттi. Шатыр
аузындағы дөңгеленген жарықты абажадай көлеңке басына киiп
сүзгiлеп тұр. Аю кеп босағаға сүйкенiп тұр ма дерсiң, бiрақ ешқандай
дыбыс естiлмейдi. Iле əлдекiмнiң өңкеңдеген сұлбасы көрiндi.
Қосымхан! Балағы тiзесiне түстен қара дамбалдан басқа үстiнде лыпа
жоқ. Iшке мойынын созып, ұрлық қылатын кiсiше алақ-жұлақ қарайды.
Бұл кеудесiн орай құшақтаған қыздың былқ-сылқ ыстық бiлегiн
ақырын ысырып, басын көтерiп едi, берi кел дегендей сұқ саусағымен
iлiп-тартып өзiне шақырды. Ақырын басып сыртқа шыққан. Шық
қонған шөп үстi мұздай, табанын қарып түстi. Сұраулы жүзбен
Қосымханға қарап, иек қаққан. Анау бұған аузын тақап, сасық демiн
мүңк еткiзiп жəдiгөйлене сыбырлады:
– Давай, ауыстырайық!
– Ненi? – дедi ештеңенi түсiне қоймаған бұл жайбарақат.
– Былай... Нетейiк те... А то, қызық емес... Менiкi келiсiп жатыр!
Ненi меңзеп тұрғаны ұйқылы-ояу санасына ендi жеткен ƏзизСұлтанның тұлабойы тiтiренiп кеттi. Аузына сөз түсер емес. Бiр дем
аңтарылып тұрып қалды да, құйрығы болса бұлғап-бұлғап жiберердей
жақсы лепес дəметiп бетiне мүлəйiмси қараған Қосымханды
шынтағынан бүре ұстап, оңашаға қарай дедектете жөнелдi. Шөп басы
су, шық шашырап жалаңаш денеге инеше қадалады. Тас
лақтырымдағы қарағайдың қалқасына алып барды да үн-түнсiз бар
ашу-жиiркенiшiн жұдырығының басына салмақтап, кiндiк тұсынан
iрей соққан. Қосымхан екi бүктетiлiп етпетiнен түстi. Бұл жалт
бұрылып, шалғын үстiнде нүкте-нүкте боп қарайып жатқан iзбен керi
қайтқан. Ыңырсып қыңсылаған жабайы дауыс жетiм күшiктей соңынан
ерiп келедi.
4
Қанша ұйықтады, қай уақыт болды – белгiсiз, жүзiн аймалаған
нұрлы шуақтан оянып кеттi. Дəл үстiнде жарқырай жанып қос жұлдыз
тұр. Мөлт-мөлт етiп тамғалы тұрған тамшы сияқты. Жо-жоқ, тамшы да,
жұлдыз да емес, бетiне үңiле төнген Сəбираның қос жанары. Ерте
оянып ап, ұйықтап жатқан бұған қарап отырса керек. Бар мейiрiн төгiп
елжiрей қарап қалған. Бесiк тербеткен ананың не жырақтан сағынтып
жеткен ерiнiң түн ұйқысын күзетiп, мауқын баса алмай үздiге
телмiрген адал жардың ғана жүзiнде дəл осындай мейiрiм шапағы
ұялайтын шығар. Сұрапыл, қорқау түннiң қанды тырнағына iлiкпей,
арайлап атқан таңды өзiнiң пəк қалпында қарсы алып отырғанына
шексiз қуанышты едi. «Асылыңды ардақтай бiледi екенсiң, арысым.
Ендi тағдырымды өзiңе билеттiм, сендiкпiн өлгенше!» дегендей, кең
ашылған қап-қара тұңғиық жанары соншалық бiр шексiз
ризашылықпен мөлдiрейдi.
Сызылып атқан жазғы таң жүрек уылжытар тəттiлiкпен тамылжып
тұр.
Жып-жылтыр шың басынан сыңғырлай дөңгелеген күннiң алтын
теңгесi секеңдеп-ойнап, шық басқан шөп үстiмен сырғанап, тау-тасқа
соғылып мың-миллионға бөлiнiп, күл-парша шашырап, лезде Алатау
аясын көгiлдiр нұрға толтырған. Күнге шомылған қызыл шашты,
қызыл көйлектi, алау жүздi ару қыз лаулап жанып күллi дүниеге
шапағын шашып тұр...
Ендi, мiне, темiр доңғалақтардың сартылы дамылсыз жаңғырыққан
тар тамбурда темекiсiн үстi-үстiне бұрқыратып өзiнiң сол бiр нұрлы
əлемiне жеткенше асығып аласұрып келедi. Қырау басқан терезенiң
қиығынан Алматының оттары қашан көрiнер екен деп тағатсыздана
телмiредi.
ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ
АЙ ҚОРҒАЛАП АСПАНДА
1
Бiраздан соң машинаның жүрiсi баяулады. Жолсызбен бiршама жер
шоқырақтап барып тоқтаған. Есiк ашылды. Шiңкiлдек сары арбиған
саусақтарымен жағасына шап берiп, жұлқи тартып, жерге түсiрдi. Көп
жүргендей көрiнгенмен онша ұзай қоймаған екен. Цирктiң желке
тұсындағы шағын гүлзар. Бетон каналдың жағасын қуалай өскен
қалың итмұрын мен долананың арасына машина тұмсығын тыға
тоқтапты. Айнала тым-тырс. Күрегейлеген бұтаның ортасынан
анандайдағы үйлердiң төбесi қылт-қылт етiп əзер шалынады.
Шеруге қатыстың деп шатақ iздесе, тергейтiн жер бар емес пе?
Мұнда алып келгенi қалай? Қалың ағаштың арасы. Ала-көлеңке ымырт.
Санасын сұп-суық ойдың қанжары осып өттi. Көңiлiне қоңсы
қондырғысы келмей жаны ышқынғанмен iле сол сұмдықты
растағандай бетiне жабайы күлкi жапсырған, жiңiшке, жирен
мұртының ұшы тiкiрейген дəу сары бiлегiнен шап берсiн.
– Бағың бар екен, Мурка! – дедi, түбi қарайған ұп-ұсақ сирек тiстерiн
ақсита ыржиған күйi, орысшалап. – Если попала в руки ментам,
оказалась бы за этим. Менттердiң қолына түскенде ғой, көзiң бозарып
мында отырар едiң! – Саусақтарын айқастырып түрменiң терезесiндегi
торды бейнеледi. – Благодаря этим спасешься может быть.– Мынаның
арқасында бiр пəледен құтылайын деп тұрсың! – Арсыздана
ыржалақтаған шiңкiлдек сары бөксесiнен қағып-қағып қалып едi, анау
жақтырмай қабақ шытты:
– Қысқарт, Орлов! Командирiң сөйлеп тұрғанда қыстырылма!
– Кiнəлiмiн, жолдас старшина! – Шiңкiлдек қолын шекесiне апарып
қалшиып тұра қалғанымен, мазақ қылғандай танауы делдиiп ыржыңыржың етедi. Шофер жiгiттiң бұлармен iсi жоқ. Терiс қараған күйi
машинаның оны-мұнысын шұқыған боп өзiмен-өзi күйбеңдеп əлек.
Старшинасы бiлегiнен айрылар емес.
– Не бойся. Не будем бить тебя. Ну сама же понимаешь это...
Қорықпа. Бiз сенi ұрып-соқпаймыз. Тек түсiнесiң ғой өзiң, былай... –
дедi шегедей тесiрейген кiшкентай шегiр көздерiн ойнақшытып. – Нас
культурно обслужишь и баста. Иди к чертовой матери, на все четыре
стороны! Дұрыстап қызмет көрсетсең – бiттi, жайыңа жүре бер.
Шiңкiлдек бастығын құптағандай басын шұлғып құнжың-құнжың:
– Да, немножко некомфортабельно. Ну ничего! Иə, аздап
қолайсыздау. Оқасы жоқ! – дедi күрегейленген итмұрынның түбiн
кiлкиген көзiмен тiмiскiлей шолып.
«Не деп тұр мына жауыздар! Сонда... сонда...» Ары қарай ойлаудың
өзiнен қорқып шар етiп шыңғырып жiбердi қыз:
– Ағатай-ай, жiбершi! Өтiнемiн, құлың болайын, қоя бершi. Ендi ол
жаққа аттап баспаймын. Ертең ауылыма кетем. Мүлдем кетем. Алаң
түгiл Алматының маңын баспаймын қайтып. Қоя берiңдершi.
Сендердiң де қарындастарың бар шығар мен сияқты. Қорлай
көрмеңдершi!.. – Жалынышпен жаутаңдаған қара көзiнен тарам-тарам
жас парлап, тұлабойы қалш-қалш етедi. Мөлдiреген ыстық жас
дiрiлдеген сүйiр иектiң ұшынан мөлт-мөлт тамып жатыр. Өлердегi
сөзiн айтып ары да жалынды, берi де жалынды; саталақ-саталақ кiр
жұққан тонының етегi дөңгеленiп ары да жұлқынды, берi де
жұлқынды. Бiрақ, анау селт етер емес. Түбiне бетон құйып қатырып
тастаған дiңгек тəрiздi. Ботқа бетiнiң бiр тал қылы да қыбыр етпестен:
– Плачь, плачь. Красивее становишься. Жылай түс, жылай түс.
Жылаған сайын сұлу боп бара жатырсың! – дедi өң-бояусыз дауыспен
қырылдап.
Қыз жылауын кiлт тыйды. Қаншама жалынып-жалпайғанмен ешбiр
сөздiң құдiретi көрбiлте, бiтеу көкiректi жiбiте алмасын бiлген.
Аяушылық сезiмiнен жұрдай меңiреу, өзiнiң тарыдай пайдасы үшiн
өзгенiң тағдырын таптап өтетiн қорқау мақұлық. Бұнымен тек
қарсыласып, жағаласып өлу керек. Талшыбықтай денесi ширығып
шиыршық атты. Жаудыраған аялы қара көзi тұңғиық тартып, өзгеше
бiр ұшқынмен өжеттенiп алған.
– Азғын! Сүмелек! – дедi тiстенiп. – Сен менiң əкемнiң кiм екенiн
бiлесiң бе? Министр! Жақсылықпен қоя бер, əйтпесе тұқымыңды
тұздай құртқызам!
– Ой, моя конфетка! Министерская дочь говоришь. Ой, дражу прямо.
Министрдiң қызымын дейсiң бе? Ой, қорқып кеттiм! – деп жуан сары
зəресi ұшқан адамның қалпымен көзiн бақырайтып, қол-аяғын
дiрiлдетiп қалш-қалш еттi.
– Қисалаңдағанды көресiң əлi. Жiбер кəне, жiбер! – Қыз жұлқына
тартып, бiлегiне қара қақпан боп қарысқан тарамыс қолды қыршыпқыршып алған. Сiрi боп қалған көнтерiге тiсi батар емес.
– Ой-ой щекотно, моя сладкая. Ой, ой, қытығым кеп барады, тəттім
менің! – дедi анау ендi ырқылдай күлiп. Қыз ызаға булықты. Өршелене
бұлқынып, бос қолымен айналасын сипалады. Мелжемдi ештеңе iлiне
қоймаған соң уыс-уыс боратып, жентек қармен былш-былш ұрды
арсыз беттi.
– Дегенiң бола қоймас, жауыз. Өлтiрсең де қорлығыңа көнбеймiн,
көнбеймiн!... – деп долыра ышқынып, аяқ-қолы жеткен жерден ұрыпсоғып жүр. Төмпештеп, тепкiлеген сайын «хо-хо-холаған» жабайы
күлкi жан тырнап жаңғыра түскен...
Кенет: «Чо с ней церемонишься!» деп шiңкiлдектiң құлақ түбiнен
ысылдағаны сол, асқазаннан iрей соққан жұдырықтан сылқ етiп, екi
бүктеле құлады. Буына лоқсып, iш құрлысы түгел қотарыла
кеңiрдегiне кеп кептелгендей. Шүйдесiмен жер сүзе шалқалай аунап
түскен. Жердүние төңкерiлiп, өзi балағына басын сүйей құлаған
балапан қайың көз нұрын суыра шыркөбелек айналып, көкке сiңiп
барады. Одан арғысы қара түнек.
Аққу қалықтаған аспанда жапалақ ұшты жалпылдаған қанатымен
қара түндi сапырып; қорқау қасқыр баспалап кеп, бұта түбiн паналаған
сұр көжектi бас салып, шыңғырта жұлмалап жатты. Шырылдаған
жетiм дауыс тау-тасқа қаңқ-қаңқ жаңғырығып, қараңғы түндi теңселтiп
тұр.
... Тұңғиық түнекке шым батқан қыз еш нəрседен бихабар едi.
Жендеттер жедел iске кiрiскен. Өлi ме, тiрi ме – онда шаруалары
жоқ. Бағанадан берi терiс қарап, машинаның айналасында күйбеңдеп
жүрген шофер, басқасы – басқа, əрiптестерiнен дəл мұндай
жыртқыштықты күтпесе керек, старшина апыл-ғұпыл ышқырын
ағытып, тiзерлей бергенде, тебiтiп жетiп келдi. Түтiгiп кеткен:
– Хорошие вы скоты! Труп хотите износиловать.. – Аузын аша
бергенi сол, «Заткнись!» деп, шiңкiлдек сары шынтағымен бiр түйiп,
шалқасынан түсiрдi сорлыны.
Жемтiк шоқыған құзғындай құнжындаған старшина сəлден кейiн:
– Ой, не могу! – дедi. Дауасында тау бұзғандай қиналыс бар. –
Оказывается девочка! Қыз екен!
– Может, не туда суешь? Басқа жаққа тығып жатқан шығарсың? –
дедi, үстiне түсердей ентелеп тұрған шiңклiдек қабағын жымсия қағып.
– Пошел ты! Честно говорю. Оттамашы! Шын айтам.
– Ну и дефи-цит!..
Алла-ай, мұнша қинайтындай не жазып едi. Кiндiгiнiң төменгi тұсы...
иə, иə, дəл сол жерiн пышақ па, iстiк пе – сүйем қарыс сумаңдаған өткiр
бiрдеңе қонжоса тiлiп, үңгiп барады, тереңдеп, iшек-қарынымен қоса
қопарып жатқандай. Жанұшыртып ышқына айғайлайын десе, бiр
əлеуеттi, жап-жалпақ алақан аузына желiмше тас жабысып алған.
Бозамықтанған ала-шұбар аспан да, сида бұталардың тасасынан
қалтырай сығалаған шашау жұлдыздар да жоқ – көз алдын ырс-ырс
етiп, сай-сүйегiн сықырлата жаншып құнжыңдаған құбыжықтың
апайтөсi тұмшалаған. Жiңiшке, жирен мұртының ұшы тышқанның
құйрығындай ширатыла едiрейген, бiрi айға, бiрi сайға қараған ақи көз,
шикiлсары. Кигенi əуе десантының сары теңбiл күртесi – көзi шатынап,
азуы сақылдаған тарғыл жолбарыс алып соғып алқымдап, жұлмалап
жатыр бұны. Үстiндегi киiмi дал-дұл, түте-түте. Бет алдын жапқан
көлеңке сəл шегiнiп, сұп-суық сiлекей ерiн өнебойын өлiп-өше сылпсылп сүюге көштi, ашық-шашық көкiрегiне кiрпiдей қадалған жүн-жүн
сасық ауыз жолындағыны түк қалдырмай жалап-жұқтап қорсылдаған
күйi тоқтаусыз төмендеп... төмен сырғып барады... Тiфу, хайуан!.. Бұл
өзi қайда жатыр? Шораяқ шабан торыға мiнгендей тепеңдеп, үстiндегi
арсы-гүрсi ырсылдаған не пəле? Сонда мынау?.. Масқара-ай!
Тұманға малтыққан бұлыңғыр санасын кенет жарық сəуле осып
өткенде, шоқ басқандай шар етiп шыңғырып жiберген. Бiрақ ол
дауысын ешкiм естiген жоқ. Шырылдап жатқан тек өзiнiң жүрегi
сияқты. Ұшынып, ұйтқып келген алақұйын жан айқайы көмейiне
кептелiп, берi шықпайтындай, Шыбынын көзiне көрсете бiр от, бiр мұз
боп алма-кезек тəнiн тiлгiлеген жалаң қанжар жарақаттың уытын ендi
сезер емес. Көкiрегiн таптап, езгiлеген қорлық түртiп оятқан мына
ақкөз ашу-ыза ешқандай дертке де, өртке де дес берместей. Бұл
мазақты көргенше неге өлiп кетпейдi? Қалай төзiп жатыр! Үстiндегi
өңкiлдеген құбыжықты кеудесiн қаздай шулатып неге қос аяқтап
теппейдi, болмаса, мiне, қар үстiнде бiр ұшы үшкiр, бұжыр-бұжыр
жұдырықтай қара тас жатыр менi ал деп, сонымен қақ төбеден бiр
перiп, миын аузына лақ еткiзсе қайтедi!.. Бiрақ аяқ-қолы еркiне көнсе
кəне, тас байлап қойғандай зiл-батпан. Қалай бұлқынбақ болса да тырп
ете алар емес.
2
...Шiңкiлдек тояттап, төсi қайқиып берi бұрылысымен, старшина
анандайда үрпиiп, боп-боз боп тұрған шоферға иек қақты:
– Иди! Бар!
– Я не скотина! Мен хайуан емеспiн! – дедi ол дауысы қалтырап.
Старшина қасат қарды қарш-қарш басып, жанына таяды да, белдiгiнен
бұрай ұстап, жұлқып-жұлқып жiбердi:
– А-а-а, мы скоты значит, только ты человек? Қарай гөр хайуан бiз
екемiз де, адам сен екенсiң ғой?! – дедi бетiне бетiн тақай суық демiн
үрлеп. – Смотри, нам свидетель не нужен. Байқа,бiзге куə керек жоқ!
– Не могу! У меня сестренка есть... такая же. Дəтiм бармайды! Менiң
де қарындасым бар ғой... дəл осындай.
– Ой, ой, Павлик Морозов нашелся. С каких пор «калбитка» стала
твоей сестренкой, гадёныш! Қашаннан берi «калбитка» саған
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Ай қараңғысы - 14
  • Büleklär
  • Ай қараңғысы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3989
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2594
    23.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2580
    22.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2592
    22.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3848
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2481
    21.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3927
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2483
    23.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2481
    23.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3930
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2443
    22.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    32.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3933
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2549
    21.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3920
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2551
    23.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2412
    22.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3945
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2489
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2507
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3880
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2529
    20.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    31.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3989
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2600
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2566
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2543
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3850
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2464
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3970
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2588
    22.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2563
    23.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4008
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2583
    23.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3932
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2584
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3952
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2623
    21.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2473
    23.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2566
    23.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3893
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2540
    21.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    32.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3952
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2640
    22.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2606
    21.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2578
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 4040
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2639
    22.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 4054
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2574
    23.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3918
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2460
    23.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2574
    22.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    33.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ай қараңғысы - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 1519
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1152
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.