Latin Common Turkic

Үлкен үйдегі үрей - 08

Общее количество слов 3837
Общее количество уникальных слов составляет 2010
37.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
51.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
58.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
ықыласы ма Қымбаттың жолы ашылып, маңдайы жарқырап сол замандағы
ең керемет оқу орны – Қарағанды кооперативтік институтына түсті де кетті.
Алып келген əкесі қызы аламан бəйгеден озып келгендей Қымбатты үкілеп
сабағы басталғанша үйге алып қайтты.
Қымбат көкесі екеуі есіктің алдына жақындағанда алдынан көрші Шолпан
тəтесі шықты.
–Қымбат, айналайын оқуға түскенің құтты болсын, – деп маңдайынан
сүйді.
–Ырыстымен бірге Алматыға оқимыз деп жүр едіңдер. Тағдыр осылай
болды ғой, – деп көзіне жас алды. Екі-үш ай бұрын мезгілсіз қайтыс
болған тұңғышын ойлап көңілі босады байғұс ананың. Оның Ырыстысы да
осындай көрікті қыз болып бойжетіп, «Алматыдай астанада дəрігердің
оқуын оқып жүр» деп мақтанып жүруші еді. Қымбаттың көкесі Қуаныш
замандасының көңілін аулағысы келіп:
–Шолпан Қайрат қайда, өткенде Қарағандыдан көріп едім, «жиылысқа
келдім» деген, өзі жиналысшыл болып алыпты, байқа, – деп əзілдеді.
Қымбатты көрісімен алдынан апасы, бауырлары шұбырып шығып бірі
бетінен сүйіп, екіншілері сөмкелеріне таласып мəз-мəйрам болды.
Шолпан болса өткен жазда ғана осындай бақыт өз отбасыларында да
болғанын есіне алып, сол күндерді сағына ойлап, жүрегі жылап өз ауласына
бұрылды. Ол жақтан Қымбатқа Ырыстының бауырлары қызыға қарап
тұрды…
Қымбатқа күзде сабағына кетерде Науат əжесінің қайтақайта айтқаны:
–Басыңды ауыртып оқи берме. Жүрегіңе салмақ түседі, Ырыстыны сол оқу
жеп қойды ғой. Жататын жерің бар, біз қаржы жіберіп тұрамыз. Тек
сабағыңнан қалмасаң болды ғой. Денсаулығыңды алдымен ойла, – деп
қақсай берді. Қымбат енді түсінді неге апасының өзін Алматыға
жібермегенін.
«Алматының оқуы ауыр, онда барса зорығып кетеді», – деп ойлаған ғой.
Енді нағашыларының үйінде жүреді. Қаржыны өздері салады. Тек
сабағынан қалмай, барып-келіп жоғары білім алып алса болды деп ойлап
жүргені ғой. Ырысты екеуі сырлас болатын, құрбысының бір жері
ауырғанына шағынғанын естімеп еді. Қайта əңгімесінің бəрі жігіті Төлеш
туралы болып, қашан көрсең жарқылдап жүретін. Оның жұмбақ өлімі
Қымбаттың да есіне анда-санда түсіп, себебін іштей іздеп қоятын.
Ырыстының жетісін өткізерде Төлеш екеуі оның бөлмесінде отырып
өткенді еске алысып ұзақ жылап та алған. Бірге түскен суреттерін қимай
қараған да еді. Қанша саралап ойласа да, Ырыстының мезгілсіз өлімінің
шешуін таппаған. Осыдан болар деген себеп те болмады. Жас қыздың
жұмбақ өлімі ашылмаған қалпында қырқы өтті, жаз аяқталып күз де
орталанып барады.
Қыркүйекте Қымбаттың сабағы басталды. Бір жеті оқымай жатып
студенттерді Целиноградтың астығын жинауға алып кетті. Жігіттер
комбайншылар мен астық таситын автомашиналарға көмектесіп, қыздар
қырман басында болды. Астрахань ауылына қарасты бір ауылдың
қырманына бөлінген Қымбатпен бірге оқитын «кооперативканың қыздары»
– деп аталатын бригада болды. Қабырғасын соқпа таммен салған
атшаптырым қырманның ішінде бидай тау-тау болып үйіліп жатады.
Ортада үш көмейлі қырман. Екі жағынан бидай тасығыш аппараттың
көмейіне қыздар күрекпен бидай лақтырады. Кішкентай қалақшалар
айналып отырып ол бидайларды жоғары көтеріп қырманға құяды. Бидайлар
онда қабығынан тазаланып үңгірдің астында тұрған автомашиналарға
құйылады. Содан кейін ол көліктер сыртқа шығар есікте тұрған таразыға
барып тұрады. Сол жерде ауылдың Перизат деген есепші қызына
көмектесіп Қымбат жүрді. Перизат өлшейді, салмағын шығарады, оны
Қымбат қағазға түсіреді. Бидай таситын жүргізушілердің көзі қағазды
қадағаламай Қымбаттың қабағын бағады. Бір себеп тауып тіл табысып
қалғылары келеді, əзіл тастайды. Кейбіреулері кəмпит ала келеді. Сол
жылдары Қарағандының кондитерлік фабрикасы «Мишка на севере» деген
шоколад кəмит шығарып, қолы жеткендері соны қырмандағы қыздарға
таситын. Əсіресе, Перизат пен Қымбаттың үстелінің үсті кəмпиттен
босамайтын. Тіпті сол ауылдың жігіттері қыздарға келгіштей беретін
болды. Қыздар түскі үзілісте үлкен-үлкен термостармен орталық асханадан
тасыған тамақтарын ішіп алатын да əнге салатын. Орыстары басымдау
аймақ болған соң ба көбіне орысша частушкалар айтатын. Оңтүстіктен
келген бір-екі қыз Шəмші Қалдаяқовтың əндерін шырқап еді, ол қыздарға
ұнап, жазып алып жаттап үйреніп жүрді.
Қою қараңғылық түскенде барып барлығы бірге колхоздың студенттерге
арнап салған жатағына қайтатын. Кейбір қыздар қырманға келгіштеп
жүрген ауыл жігіттерімен қыдырып та жүрді. Қымбатты кейде Перизат
өзімен үйіне ала кететін. Екеуі жақсы достасып алды. Перизат екі жыл
бұрын орта мектепті бітірген екен. Жоғарғы оқу орнына талпынғанымен
түсе алмай, бухгалтерлік курсты аяқтап алыпты. Содан ауылдың орталық
бухгалтериясында кіші есепші болып жүріп, осы жазда оны басшылары
қырмандағы таразыға Бағила апаймен кезектестіріп отыруға қойыпты. Бір
күн түнгі сегізге дейін, келер күні түнгі сегізден таңғы сегізге дейінгі
таразыға келген бидайдың салмағын өлшеп отырады. Аяққолы балғадай,
өзі ақкөңіл, ер мінезді қыз өзі түнде үйінде демалатын күні Қымбатты ала
кетеді. Əке-шешесі, бауырлары бəрі Қымбатты өз қыздарындай көріп,
Перизатпен еріп келгенде қуанып қалатын.
–Тəңірім-ау, адам баласына да осындай көрік береді екен, тіпə, тіпə, – деп
тіпті шешесі Əйімқан апа шынымен ақтарылып салған Қымбатқа. Моншаға
түскен бір күні Қымбаттың тірсегіне түскен шашын жуып, тарап та берді.
–Перизат, сен байқа мына баланы біреу алып қашып кетпесін, – деп ағынан
жарылып отыратын. Қымбаттың өзінің де мінезі ауыр, анау-мынауға еліге
кетпейтін.
–Көрік деген көздің құрты шырағым. Қырманға барғанда басыңа
орамалыңды бастыра тартып, шашыңды жинап, үстіңе қолқылдаған
көріксіздеу киім киіп жүргейсің, – деп қамқорлық жасап, түнгі кезекке
баруға шалының күпəйкесін кигізіп қоятын. Көкесінің күпəйкесінің ішінде
мойны қылқиып, апасының бөкебайынан көзі ғана жылтыраған Қымбаттың
түріне Перизат ішегі қатып күлетін. Перизаттың аға-жеңгелері де жақсы
жандар болып шықты. Үлкен ағасы – Əбдіқас қыздарды қырманға
мəшинесімен апарып-алып келіп жүретін.
Бірге оқитын қыздары, таңертең жұмысқа келгенде:
–Байқа, бəрі қамқорсып кетіпті, келін етіп алып қалмасын, – деп қорқытып
қоятын.
–Ой, олардың үйінде маған лайық бала жоқ, бəрі кішкентай, – деп Қымбат
ұялып қалатын.
–Табылады ғой, шынымен ықыластары кетсе. Жеңгелерінің інілері бар
шығар, – деп қыздар да қоймайды.
–Кетіңдерші-ей, өздерің барактың суығына тоңып жүрген соң
қызғанасыңдар, – деп Қымбат та сөз қағысып қояды. Сондай бір жақсы
жандардың қамқорлығында жүріп астық жинау науқанының бір айы қалай
өте шыққанын да білмей қалды. Сабақ басталатын уақыт болып,
Перизаттың отбасымен қимай-қимай қоштасып Қарағандыдан жіберген
автобусқа құрбыларымен бірге отырған. Қымбатты шығарып салуға
Перизаттың апасы да келіпті. Екі бетінен кезек-кезек сүйіп:
–Келер айда, есеп-қисабын тапсырып болып, Перизат да барады. Бірге
жүріңдер, – деп тапсырып жатты. Автобус қозғалғанда студент қыздарды
шығарып салған ауылдың бір топ ақкөңіл адамдары қимай қол бұлғап
тұрды. Автобус əйнегіне ұрып тұрған күзгі тамшылармен жарысып
Қымбаттың да көзінен қос тамшы үзіліп түсті. Ай жарым уақытта осы
кішкентай ауылға үйреніп қалғаны сонша, қимасы қалғандай артына
алаңдаған қыздар мінген автобус Қарағандыға қарай бет алды.
Күзгі колхоздың практикасынан оралған студенттер көпке дейін сонда
көргендерін ұмыта алмай, жиі-жиі еске алып жүрді. Əсіресе, Қымбаттың
қыздары:
–Ойбай, енді бір-екі жеті жүргенде Қымбат сол ауылға келін болып қалар
еді, – деп мазақтап отыратын болды.
Сабақ басталып, курстастар бір-біріне енді үйренісіп, білім деңгейлерін
салыстыра қарап жүргенде Сарыарқаға қыс та келді. Арқаның аязымен
бірге жаңа жылдың алдында Қымбаттың оқу орнына ауылдан Перизат
келіп қалды. Оны корпустың алдынан көрген қыздар танып аудиторияға
ертіп келді. Қымбат нағашыларының үйінен келетін болған соң, кейде
кешігіңкіреп қалатыны бар еді. Бүгін дəл сол күнге тап келген Перизат
сабақ басталатын болған соң аудиториядан шығып дəлізде құрбысын күтіп
тұрды. Бір кезде баспалдақтан Қымбаттың көтеріліп келе жатқанын көріп
қуанып қарсы жүрді.
–Ой, Перизат, келіп қалдың ба? – дегенде екеуінің құшағы айқаса кетті.
Бірге туған апалы-сіңілілі қыздардай сағынысып табысты.
Перизат құрбысы оқитын институттың əзірлік курсына оқуға түсуге
құжаттарын өткізіп, əңгімелесуден өтіп қойғанын асыға жеткізіп жатты.
–Бүгін қайда барасың?
–Жатақхана береді екен, қазір соны сұрап алуға барамын.
–Ой, оны саған бүгін бірден бере қоймас, бүгінше менімен бірге біздің үйге
бар, ертең келіп бөлмеңді аласың, – деп Қымбат жөн білетінін көрсетіп
жатты. Перизат кешке дейін құжаттарын дұрыстап жатақханадан алатын
бөлмесін реттеп, ертең көшіп келетін болды.
Қымбат сабағынан босаған соң, екі қыз беттерін Арқаның аязы сорып
қаланың шетіндегі Қымбаттың нағашысының үйіне қарай тартты.
Аялдамадан үйге дейінгі аралықтағы қармен омбылап келе жатқан
қыздарды алдымен Жұлдызбек ағасы көріп, жолдың шетіне көлігін
тоқтатып, салып алды.
–Аға, мына қыз – Перизат, есіңізде ме «Целиноградта практикада бір үйде
жүрдім, қызымен достасып кеттім» – деп едім ғой, сол қыз. Танысып
қойыңыздар. Перизат бұл кісі менің нағашы ағам – Жұлдызбек, – деп
екеуін үйге жеткенше таныстырып үлгерді. Жұлдызбек жаратылысынан
ұялшақтау жігіт еді.
–Иə…иə, – дей береді міңгірлеп.
Перизат та келмей жатып бір жігітпен танысқанына қатты қысылып, тіпті
«таныс емес үйге қалай барам» дегені енді есіне түсіп, ұяттан қызарып
кетті.
Нағашы апасы мен көкесі екі қызды ауладан қарсы алды. Əсіресе, апасы
айналып-толғанып, күннің суытып кеткенін айтып қоятын емес.
–Айттым, Жұлдызға, Қымбатты барып алып кел деп, –дейді аузы
жабылмай. Мынандай ақкөңіл, мейірбан адамдарды көріп Перизат
«біреудің үйіне келдім» деген қолайсыздығынан арыла бастады. Ыстық
сорпа ішіп, ет жеген соң жастар жағы бөлек бөлмеге кіріп əңгімелесіп,
Жұлдызбек пен Қымбаттың сурет альбомдарын парақтады. Қыздардың
оқулары мен жігіттің жұмысы жайлы пікір алысқан болды. Таңертеңгісін
Жұлдыз қыздар шыққанша «Жигулиін» қыздырып күтіп тұр екен, оқу
корпусына əкеліп салды.
–Сабағың басталған соң үйге келіп тұр Қымбатпен, – деп қалды
қоштасарда Перизатқа. Өмірі сөйлемейтін ағасының өз бетімен досына
мынандай қонақжайлық танытқаны Қымбатты таңқалдырды. Бірдеңе де
мазақтап, сыңғырлап күлгісі келсе де, ұстамдылық танытып,
байқамағансыды. Ағасы Перизатқа қолын ұсынып қоштасты. Перизаттың
ұяттан қызарғаны сондай, беті алмадай болып, көзін жерден алмайды.
Сол жылы Перизат дайындық курсінен бірден институтқа түсіп кетті де,
Қымбатпен жұптары жазылмай жүрді. Жазғы демалыста Қарқаралыға
барып Қымбаттың əке-шешесімен, бауырларымен танысып қайтатын
болып келісті. Екі қыздың елге баратынын естіген Жұлдызбек ойда-жоқта
белсеніп:
–Сендерді мен апарып тастайын, – деп қалды.
–Онда тіпті жақсы болар еді, көкем мен апам қуанып қалар еді. Енді қашан
шығайық, – деп қуанып кетті Қымбат.
Қарқаралыға баратын ұзақ жол бойы екі қыз бен жігіт бастарынан өткен
талай қызық əңгімелерді айтысып, əбден бірбірлеріне ақтарылды.
Əншейінде үндемейтін Жұлдызбектің білмейтіні жоқ айтып отырса.
Арасында əн де шырқалды, əзіл де айтылды қас қарая ақ «Жигули» үлкен
үйдің алдына келіп тоқтады. Есік алдында ойнап жүрген бала-шаға көлікке
қарай жүгірісті. Үйден де ересектер шығып ұзақ жол жүріп келген үшеуін
бауырларына басып, сағынысып табысты.
–Оу, Жұлдызжан айналайын, қарындастарын өзі алып келіпті ғой, – деп
көкесі Қуаныштың қуанышында шек жоқ, даурығып жатыр.
Қымбаттың апасы бауырсақ пісіріп, əкесі бір қойды алып ұрып абыр да
сабыр болып жатқанда жастар жағы да жиналып қалды бірінен-бірі
құлақтанып. Сынаптастарының бірінші курсын аман-есен «қарызсыз»
бітіріп, əрі жанына бауырсақтай бір қызды ертіп келгені жігіттер жағына
қатты ұнады. Екі иығына екі жігіт мінгендей батыр тұлғалы Жұлдызбектің
алдында ауылдың қыздары талшыбықтай майысты. Ойдағысы ойдан,
қырдағысы қырдан қалай тез жинала қалғанына өздері мəз. Пластинкадан
төгілген əуен ырғағымен билеп, əртүрлі ойындар ойнап таң атырды.
Үшеуі келген қонақтарын шығарып салып, екі бөлініп ұйқыға кетті. Қыздар
бастары жастыққа тие салысымен ұйықтай жөнелді. Жұлдызбек жеке
бөлмеде жатқан соң ба елегізіп, аунақшып ұйықтай алмады. Енді ұйықтап
бара жатса, біреу «тұр» дейтіндей. Ұзақ күнгі жолдан, түнімен билеп,
ойнағаннан шаршаған жігіт күн шыға əйтеуір ұйқыға кетті-ау.
Түске дейін жастарды ешкім оятпады. Тек түскі асқа отырарда ғана
кішкентайлар үлкендердің тапсыруы мен ағалары мен əпкелерін оятты.
–Мен күн шыққанша ұйықтай алмадым, – дейді Жұлдызбек көп жатқанына
ұялғаннан.
–Біз түндегі достарымызбен билегеннен, жолдың ұрғанынан шаршап
қалыптық, – деп Қымбат құрбысы екеуінің «ұзақ ұйқысын» жуып-шайып
жатты.
Кешке қарай үшеуі Қымбаттың сыныптастары үйлеріне шақырды. Онда
кешегідей жастар көп жиналмады. Үй иесі Қымбаттың мектептес жан досы
Сара деген қыз еді. Досының үйіне келген нағашы ағасы мен бірге оқитын
құрбысына жасаған құрметі болатын. Қыздар өткен-кеткенді есіне алды.
Жұлдызбек оларға домбырамен əн салып берді. Нағашысының мұндай
өнері барып тіпті Қымбат та білмейді екен. Бірақ қыздардың көзінше
ұялтпайын деп үндемей тыңдап отырды.
«Лəйлім шырақ дегенде лəйлім шырақ», – деп Ақан серіше шырқағанда
нағашысына Қымбаттың өзі таңданып қарады, оның жанында екі қыздың
қайбір есі қалсын. Екеуі екі жақта майысып, əнге елтіп отыр. Сондай бір
əсем кеш өткерген үшеуі ай туа үйге қайтты. Сара достарымен қимайқимай
қоштасып, қонақ жігіттің өнерінен жүрегіне от түсіп қала берді. Екі қыз екі
қолтығында Жұлдызбек жұлдызы жоғарылап ай астында Қарқаралының
тас көшесін тасырлатып келе жатты.
Жастар қонақтан келе жастыққа бас қойғандарымен Жұлдызбек бүгін тағы
ұйықтай алмады. Неге екенін өзі де түсінбейді. Көзі енді іліне берсе, біреу
түртіп оятқандай болады. «Ұйықтама» дейтіндей. Ыңылдап əн айтты.
Жалғыз жатқан соң елегізіп жатқан шығармын деп ойлады. Үйінде бір
бөлмеде жалғыз жататын, жұмыстан шаршап келген соң ба тез ұйықтап
кететін еді. Жатып алып Перизатты ойлады. Сондай салмақты, томпиған
сүп-сүйкімді. Үлкен жанары мейірімге толы. Өзі аңқаулау, не айтсаң соған
сенгіш екен. Өзіне алғаш көргеннен ұнаған. Бірақ ол сезіміне өзі сенбей
қызға білдірмей жүр еді. Осы үш күнде Перизатты жан дүниесімен жақсы
көретініне көзі жетті. Екі қызды екі қолтығына алып келе жатқанда
Перизаттың қолын ұстағанда жан дүниесі еріп бара жатқандай болды.
Содан сол бір ғажайып қолдан айырылғысы келмегендей болып, ұзақ
жібермей тұрып та қалған…Жігіттің қолын ұзағырақ ұстап қалғанынан
ұялған қыз білегін тартып ала қойған.
Сол бір тəтті сəттерді ойлап жатып ұйқыға кетті. Терезенің жібек шілтері
сырылып ақ киімді елес кірді. Бөлмеде арылы-берілі жүрді де жігіттің
жанына келіп отырды. Жаратылысынан сақ жігіт көзін ашып кеп қалғанда
жанында отырған ақ киімді шалды көрді. Селк ете түсті де басын көтерді.
Елес атып тұрып терезе жаққа қашып, айдың сəулесіне сіңіп жоғалды.
Жұлдызбек денесін көтеріп отырды да жан-жағына барлай қарады. Тыптыныш, терезеден толған айдың сəулесі төгіледі. Жібек шілтерлі перде
жартылай ашық. Маған не болды, жаңа ғана жанымда бір ата отырған
сияқты болды ғой, – де өзімен өзі сөйлеп орнынан тұрып сыртқа шықты да,
темекі шекті. Темекінің түтінін мұрнынан шығарып тұрып жаңағы көргенін
тағы есіне алды. «Бұл не елес пе, не мен түсіммен шатастырып тұрмын
ба?» – деп күдіктенді. Қайтып келіп сол бір тəтті сəттерді қайта еске алып
жатып қайта ұйықтап кетті.
Ертесі түндегі көргенін Қуаныш ағасына айтып еді, ол:
–Жұлдызжан, біздің үй тарихы өткен ғасырда жатқан үй, заманында осы
өңірге татардың байы салдырған үйі екен. Мұнда неше түрлі адамдар
тұрған, көптеген оқиғалар өткен. Соғыстың алдында ұзақ жыл бос тұрғанда
біздің көкеме қызметінен беріп, көшіп кірген. Содан бері екі жағында екі
отбасы өніп-өсіп отырмыз. Үйдің иесі бар дейді. Сол сені байқаған ғой,
қорықпа, тиіспейді, – деп жайбарақат айтып отыр, кəдімгі үйдің бір мүшесі
туралы əңгімелегендей.
Үшінші күні Жұлдызды ештеңе мазаламай алаңсыз түске дейін ұйықтады.
Түс ауа Перизат екеуі жолға шықты. Екі жас жол бойы оңаша сырласты...
Қарағандыға жеткен соң жігіт қызды ауылына баратын автобусқа мінгізіп
жіберді.
Екі-үш күн бірге жүргенге үйреніп қалған ба, автобус терезесінен қолын
бұлғап тұрған қызды қимай жігіттің жүрегі шымырлады…
***
Қымбат жазғы демалысын бауырларымен бірге өткізіп, арасында Алматыға
барып бір жеті қыдырып та қайтты.
Пойызда қайтар жолда көрші ауданның студент жігітімен сапарлас болып
қалды. Алматыдағы Политехникалық институтта оқып жүрген Серік состав
келіп тоқтағаннан ертелеу пойызға мініп алған. Вагонына жайғасып алып
терезеден сыртқа қарап отырған. Бір кезде назары еріксіз бір қызға түсті.
Үстіндегі қызылала гүлді көйлегі қыздың сымбатын ашып, аппақ балтыры
жарқырап көзді тартады. Қолындағы жүк сөмкесін бір жағына қисая
көтерген қыз тұп-тура Серік отырған вагонға бет алды. Алыстан көзі
көркіне сүйсініп отырған жігіт орнынан қалай атып тұрғанын өзі де
байқамай қалды. Перронның есігінен қыз қайсы купеге кіретінін бақылап
қарап тұрды. Қызыл көйлекті бойжеткен турадан тура Серіктің купесіне
кіріп кетті. Көңілі алып-ұшқан жігіт қыздың соңынан купеге кірді де
амандасып:
–Сіздің орныңыз нешінші екен? – деді.
–Он үшінші.
–Менікі он бесінші, екеуміз көрші болдық қой. Есіміңіз кім? – деді өзінің
қалай батылданып кеткеніне қайран қалып.
–Қымбат! – деді қыз сызылып.
Пойызға жұрттан бұрын келген екі жас танысып, жай сұрасты. Екеуі де
студент, жігіт – төртінші, қыз – екінші курста оқиды екен.
Қымбаттың аппақ жүзіне жарасқан бетіндегі тарыдай меңі, тостағандай
қап-қара көзі, қарлығаштың қанатындай қасы, қызыл бүлдіргендей ерні
тура салып қойған суреттей. Купеге кірген соң желкесіне түйген шашын
түсіріп еді, Серік тіпті есінен танып қала сақтады. Сұңғақ бой, тілерсекті
соққан білектей бұрым…
Пойыз солтүстікке қарай тарс-тұрс етіп тоқтамай, жүйткіп келеді. Қыз бен
жігіттің жанындағы көршілері абысынажынды болар, екі кейуана екен.
Купеге кіргеннен басталған əңгімелері таусылмайды. Арасында Қымбатқа
шəй алдырып ішеді. Үстіңгі полкада жатқан жігітпен жұмыстары жоқ. Қыз
кішкентай шəйнегін алып сыртқа шыға біреуі:
–Əй, Күлимаш, мына қыздың сұлуын-ай, өмірімде мұндай əдемі қызды əлі
көрмеппін, – деді.
–Сурет қой, сурет. Өзінің тəрбиесі де жақсы көрінеді, –дейді екіншісі.
–Əй, осы күні қыз біткен шашын қырыққызуға əуес, мына шіркіннің анасы
қандай тəрбие берді екен, айтқанын тыңдайтындай. Біздікілер жап-жақсы
шаштарын шолтитып қиып-қиып тастады ғой, – деп абысынына шағынып
алды.
Есіктен шəйнегін көтеріп Қымбат кірді. Екі əйел қыз демдеген шəйді ішуге
кірісті.
–Кел, қызым бізбен шəй іш, – деді біреуі.
–Рақмет, апа жəйірек тамақтанамын, – деді.
–Əке-шешең бар ма? – деді біреуі сөзге тартып.
–Бар…
–Қайда тұрады?
–Қарағанды облысының, Қарқаралы деген қаласында.
–Не істейді?
–Əкем – профтехучилищеде, шешем – мектепте.
–Бауырларың бар ма?
–Иə, алты ағайындымыз.
–Өзің қазақша сайрап тұрсың ғой, əзіргінің балалары орысша сөйлегенді
тəуір көреді.
Қымбат үндемеді.
–Алматыда оқисың ба? – деді қайтадан əйелдер сұраққа алып.
–Жоқ, Қарағандыда кооперативный институтта.
–Е, торгаштың оқуы ма? – дейді біреуі білгішсініп. Қымбат тағы үндемеді.
Сөмкесінен кітап алып оқуға кірісті. Екі əйел де өздерімен өздері əңгімеге бас қойды. Бəрін естіп жатқан
Серік ұйықтап қалғандай болып тыпыр етпейді. Қымбаттың көркі мен
ерекше тəрбиесіне сырттан сүйсініп жатты.
Бір кезде сағатына қарап еді кешкі жеті болып қалыпты.
«Бүгін танысып мекен-жайын біліп алмасам, таңертең Қарағандыдан
түсеміз. Біреу күтіп алса сөйлестірмеуі мүмкін» деп ойлады. Жоғарыдан
секіріп түсті де, кітап оқып отырған қызға:
–Қымбат, жүріңіз, тамақтанып қайтайық, – деді батылданып. Қыз басын
көтеріп.
–Рақмет, мен осында тамақтанамын, – дегені.
Серік мұндай қарсылық күтпеп еді, сасқалақтап қалды да:
–Жарайды, жарайды, – дей берді. Ұялғанынан купенің есігін қусырып,
əйнектен сыртқа қарап тұрды. Бір кезде Қымбат жанына келді де баяу
үнмен:
–Ренжіп қалдыңыз ба, жарайды тамаққа бірге баралық, – деді сəл жымиып.
«Алла-ай, күлгені қандай əдемі» деп ойлап үлгерді жігіт ішінен.
–Ресторан мына жағында екен, – деп қызды пойыздың соңғы жағына қарай
бастады. Вагондардың қосылған жеріндегі аралықтан өткенде алдымен өзі
өтіп қызға қолын ұсынады. Қымбат қанша қысылса да жігіттің алақанына
алақанын салады. Серік қыздың қолын ұстағанда бойына ғажайып бір
жылу жүгіріп өткендей, күллі денесі еріп бара жатқандай сезімде болады.
Осындай қол ұстасқан қалпы бір вагоннан екіншісіне өтіп өмір бойы жүре
бергісі келді. Бірақ өмірде бітпейтін не бар дейсің, кезекті бір есікті ашып
қалғанда тамақ иісі мұрынға келіп, купенің ыстығы бетті шарпыды. Екеуі
ең шеткі үстелге барып отырды.
–Ал неге тапсырыс береміз, – деп жігіт шағын ас мəзірін қолға алды. Қыз
үндемейді.
–Қане, не жейсің? – деп қолындағы ас мəзірімен қызға жақындап
орындығын жылжытты.
–Сіз тапсырыс беріңіз, – деді Қымбат.
–Сіз не жейсіз, соны жеймін.
–Е, онда жақсы болды ғой, мен əрқайсынан екі-үш порцыдан жеймін, – деп
əзілдеді жігіт.
–А, жоқ, онда маған шамамен ғана.. – деп қыз ас мəзірін қолға алды. Екеуі
əзілдесіп отырғанда даяшы қыз келді де:
–Кешіріңіздер, меньюде жазылғандардың бəрі жоқ, бізде, – деді жымиып.
–Онда несін жазып қойдыңыздар.
–Тəртіп қой, қазір қуырған картоп пен тауық бар, – дейді. Серік пен
Қымбат даяшының берген тамақтарын асықпай, əңгімелесіп отырып жеді,
шəй алдырып ішті. Серік ананы, мынаны сұраған болып отырып қыздың
тұратын мекенжайын да білді. Өзі Алматыда оқитын болған соң, күзде
сабағы басталып кетеді. Қызға тек хат жазып тұратын болады, сол үшін
оның толық мекен-жайы керек еді. Үйінің телефонын сұрап еді, қыз:
–Ой, үйге телефон соқпаңыз, көкелерім, апаларым бар ұят шығар, – деп
қоймады.
–Жарайды, менің жазған хаттарыма жауап жазып тұрсаң болғаны, – деп
жалынғандай болды.
Екеуі купеге оралғанда екі апасы жатуға əзірленіп жатыпты.
–Ə, келдіңдер ме? Қандай, тамағы қымбат па? – деп қойды біреуі. Екі жас
күлді де ештеңе демеді. Қымбат төсегін реттеуге кірісті. Серік əйелдер
ыңғайланып жатып алсын деп, есікті жауып, шығып кетті. Ол қайта
келгенде апалары да, Қымбат та ақ жайманың астында бастары ғана көрініп
жатыр еді. Секіріп екінші қабатқа көтеріліп ақ жайманың астына сүңгіп
кетті. Қол созым жерде жатқан қызға қарап қалды. Бірдеңе деп айтайын
десе, апалардың ұйқысын бұзуға ыңғайсызданды. Тек ананы-мынаны ойлап
жатып, пойыздың тербеткенінен ұйықтап кетті…
Таңға жуық Қымбаттың түсуге жиналған тықырынан оянды.
–Ə, Қарағандыға келіп қалдық па? – деген Серік жоғарыдан секіріп түсті.
Екеуі заттарын жинастырып есікке беттеді. Селкілдей келе пойыз
тоқтағанда Қымбат перронда құлап қала жаздады. Серік құшағын жая
ұмтылып ұстап қалды. Соны сылтау етіп, құшақтап тұра бергісі келді. Оған
қыз көнсін бе, дереу бұлқынып шығып кетті. Серікке Қымбатты енді
ешқашан көрмейтіндей қорқыныш пайда болды.
–Қымбат, хаттарыма жауап жазып тұршы, жарай ма? –деп жалынғандай
болды.
Сондай сүйкімді жымиыспен қараған қыз.
–Иə, – деді баяу.
Жолсерік перроның есігін ашып алдымен жерге түсті. Артында Серік
Қымбатты көтеріп алайын деп еді, арт жағынан бір жігіт келіп:
–Інішек, былай жылжышы, – деп итеріп қалды да, перрон есігіне
жақындаған Қымбатты қағып алды.
–Ой, Жұлдыз, – деп қыз да мойнынан құшақтай алды.
Серік іші жанып қарап тұрды. Қымбат, оған басын сəл изеп, ғажайып
күлкісін сыйлап кете барды. Денелі, сары жігітті жанында құлыншақтай
болып еріп бара жатқан қызбен бірге ең асылы бірге кетіп бара жатқандай,
ғаламат қимастық сезіммен шығарып салып тұрды…
Қымбат жазғы демалысын аяқтап екінші курсты бастауға Қарағандыға
келгенде алдынан Серіктің жеті хаты шықты.
–Осы бір айда соған осыншама хат келді, – деп жеңгесі берді.
«Сол күні, сол пойызға бірге мінуге жазған Аллаға деген» ризашылықпен
басталған хаттар, «Биылғы жаздан өміріне осынша өзгеріс əкеледі деп
күтпеген». «Осынша тəрбиелі, көркем қызды көргеніне» риза болған жігіт
«Бүгінде қашан күз келіп хаттарына Қымбаттан жауап келер екен деп күтіп
жүргенін» айтады. Бір жақсысы, өтірік мақтап, бір көргеннен ғашық болып
қалдым деп өлердегі сөздерін айтпапты. Қанша дегенмен сабырлылық
танытыпты.
Бойжеткен сабақ басталған күні бір парақтың үштен бір бөлігіне оқуы
басталғанын, хаттарын алғанын айтып қана сəлем хат жолдады.
Арада апта өтісімен Серіктен хат келді. Хаттың əр сөзі жігіттің қыздан
алған төрт сөйлемдік хатына қуанышты екенін білдіреді. «Суретің болса
жібер», – дейді, өзі де келер жолы суретін жіберетінін айтады. Сабақта
отырып та ойлайтынын айтыпты.
Қымбатқа оқуға түскелі бері көз салушылар көп болғанымен ол
ешқайсысына көңіл бөлмейтін. Мақсаты – оқуын қызыл дипломға бітіру
еді. Əжесі «Ырысқа ұқсап оқу ұрып, ауру болып қаласың», деп барған
сайын айтса да, сабақтан бас алмай оқитын. Неге екенін Серіктен хат күтіп,
алаңдағыш боп алды. Кейде кеште оның хаттарын қайталап оқиды.
Суретіне қарайды. Бір күні өзі арнайы фото-салонға барып суретке түсті,
Серікке салып жіберейін деп. Ертесіне суретін алуға барғанда, фотограф
жігіт:
–Қарындас сіздің суретіңізді ұлғайтып сыртқа қыстырып қойыңдар, – деді
бастығым, – дейді.
–Ой, керегі жоқ, ұят қой таныстарым көрсе, – деп қыз қарсылық білдірді.
–Несі ұят, ауылдың қыздары осылай. Қаланың қызы болса шешініп суретке
түсер еді, – дейді.
Сол суретін конвертпен Серікке жіберген. Суретті алған жігіттің хатын
оқып, оның өзіне айтқан теңеулерін оңашада қайталап ойлап күліп жүрді.
Бір курстасы:
–Қымбат, сен көрдің бе, көшеге сенің суретіңді іліп тастапты, – деп келді.
–Қойшы, қайдан алыпты, – деп өзіне фотографтың айтқанын ұмытып
қалыпты. Кешке қарай Жұлдыз да:
–Қымбат, сенің суретіңді ЦУМ-ның жанындағы фотосалонның сыртына
үлкен етіп қыстырып қойыпты, – деді.
Жаңа жылдың алдында «Қазақстан əйелдері» журналының Орталық
Қазақстандағы тілшісі келді.
–8 наурыздағы санымыздың мұқабасына сізді шығарсақ деп едік, сұхбат
алуға келдім, – дейді.
–Мені қандай еңбегім үшін шығарасыз, – деп таңырқады.
–Сіз оқу үздігі екенсіз, əдемілігіңізді тек Қарағандының халқы ғана көрмей,
республика көрсін. Қазақтың қыздары əдемі болатынын мақтаныш етсін, –
дейді тақылдаған қыз. Сөйтіп айтқан мақтауы жақты ма, сұраған
сұрақтарына жауап беріп, фототілшісіне суретке түсті. Араға екі ай салып
журналдың наурыз айындағы санының мұқабасына күліп тұрған үлкен
суреті басылды. Ішкі бөлігінде «Студентпен сұхбат», – деген материал
берді.
Қарқаралыға барған бір журналды алып пошташы апай əжесіне берген
екен, «сүйінші!», – деп. Əжесі көре сала:
–Мұнысы несі, əркімнің көзіне түсіп, суретке шығып. Көз тиетін болды! –
деп əбден ренжіпті. Өткенде көкесі келгенде айтып күліп отыр.
–«Əулетімізде мұндай көрікті ешкім жоқ еді, шешесінің тегіне тартты», –
деп мамаңды өмірінде бір мойындап отыр əжең. Сыртыңнан ұшықтап
жатыр. Енді суретке түспесін! – деп сəлем айтты дейді.
«Газет киоскісіне жақындап тұр едім, арғы жағындағы бір сурет
назарымды аударды. Үңіліп қарасам менің Қымбатым» – деп Серік хат
жолдады. Дереу үш журнал сатып алыпты. Біреуін достарына, біреуін əкешешесіне бермекші екен жазғы демалысқа барғанда. «Журналистің»
осынша əдемі қыздың жүрегін ешкім жаулай алмады ма? – дегенге неге
«Менің біреуге қарауға уақытым да жоқ, – деп жауап бердің. Менің осынша
еңбегіме ең болмаса «біреу бар» демедің бе? – деп наз айтыпты.
Журналға шыққаны сол екен ұзамай кинотүсірушілер де жетіп келді. Тіпті
лекцияда отырған жерінде деканы келіп, сабақтан шығарып алды.
–Қымбат сенің киноға түсуге шақырып келіпті, проректордың кабинетіне
бар, режиссер күтіп отыр, – деп сүйрей жөнелді. Əжесінің айтқаны есіне
түсіп:
–Қарлығаш Төкеновна, маған үйдегілер рұқсат етпейді, –деп тартынып еріп
келеді.
–Ой, сен де бір, қазақы бала бала емес деген, – деп кейіп қараған соң,
үндемей ілесе берді. Проректордың кабинетінде бір əйел мен еркек күтіп
отыр екен. Проректор:
–Ə, міне Қуанышеваның өзі де келді, – деді қонақтарға. Деканының артына
тығыла кірген Қымбатты төрдегі екеуі орнынан тұрып қарсы алды.
–Ой, айналайын, кəне бері кел, сенімен мына аға-апаларың танысқалы
келіпті, – деді проректор аңқылдап.
Қымбат бір-екі санап басып кабинеттің ортасына жақындады. Ер адам
жанына жақындап:
–Менің аты-жөнім Ерғожа Бидосов болады. Режиссермін. Жаңа бір
жұмыстың соңында жүр едім, соған сені көрейік деп келдік, – деді.
Қыз үндемей төмен қарап тұрды.
–Сен ұялып тұрсаң кабинеттен шығып сөйлесейік, – деді жанындағы əйел.
–Сол дұрыс болар, кеңсенің аты кеңсе ғой, – деп проректор мақұлдады.
Дəлізге шыққан соң екеуі екі жақтан кезек-кезек сұраққа алды. Үй-ішін,
жағдайын, оқуын, жататын жерін бəрін сұрап жатыр.
–Түстен кейін мына адреске кел, касстингке түсірейік, –деді.
–Менің киноға түскім келмейді, – деп еді, əйел адам.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Үлкен үйдегі үрей - 09
  • Части
  • Үлкен үйдегі үрей - 01
    Общее количество слов 3805
    Общее количество уникальных слов составляет 2323
    32.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 02
    Общее количество слов 3872
    Общее количество уникальных слов составляет 2123
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 03
    Общее количество слов 3955
    Общее количество уникальных слов составляет 2121
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 04
    Общее количество слов 3958
    Общее количество уникальных слов составляет 2194
    35.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 05
    Общее количество слов 3929
    Общее количество уникальных слов составляет 2201
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 06
    Общее количество слов 3931
    Общее количество уникальных слов составляет 2078
    35.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 07
    Общее количество слов 3969
    Общее количество уникальных слов составляет 2056
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 08
    Общее количество слов 3837
    Общее количество уникальных слов составляет 2010
    37.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 09
    Общее количество слов 3882
    Общее количество уникальных слов составляет 2125
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 10
    Общее количество слов 3958
    Общее количество уникальных слов составляет 1966
    38.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 11
    Общее количество слов 3901
    Общее количество уникальных слов составляет 2086
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 12
    Общее количество слов 3875
    Общее количество уникальных слов составляет 2000
    35.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 13
    Общее количество слов 3949
    Общее количество уникальных слов составляет 2020
    36.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 14
    Общее количество слов 3956
    Общее количество уникальных слов составляет 2082
    34.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 15
    Общее количество слов 3959
    Общее количество уникальных слов составляет 2038
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 16
    Общее количество слов 3862
    Общее количество уникальных слов составляет 2105
    35.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 17
    Общее количество слов 3875
    Общее количество уникальных слов составляет 2089
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Үлкен үйдегі үрей - 18
    Общее количество слов 1766
    Общее количество уникальных слов составляет 1096
    43.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    55.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    64.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов