Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 17

Общее количество слов 3971
Общее количество уникальных слов составляет 2156
36.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
51.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
59.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
Алматыға көшіп келген жылы (ол кезде мектепте оқитын) үш-төрт бала
тауға шықты. Тауға өрмелеп машықтанып қалған жолдастары шаншыла
көтерілген жалаңаш шоқының тастақты баурайына кесірткедей тырмысып
иретіле өрмелей жөнелді. Ержан бата алмай, кідіріп қалды. Бірақ
жолдастарынан қалып қойғанына намыстанып бұ да тырмысып өрмелей
берді. Қырлы тастар кеудесіне, тізесіне батып, қол етін сыдырғанына
қарамай қиындыққа елігіп жартасқа ерегіскендей көп уақытқа дейін
тоқтамады. Бір кезде ентігін басып жоғары қарап еді көзі бұлдырап, басы
айналып кетті. Өмірінде алғашқы рет өлім қаупін сезіп, шошынды.
Денесінің босап бара жатқанын байқап жартасқа жабыса түсті. Тұңғиық
шыңыраудың үстінде жалғыз тал қылға жармасып тұрған тəрізді. Қыл
үзіліп кетсе...
Кейін қайту, төмен түсу, жоғары өрмелеуден анағұрлым қорқынышты.
Енді ол денесінің қырлы тас батып ауырғанын, аяғының қанағанын
сезген жоқ, төменгі жаққа да қарамады, жоғарыдан төнген мылқау қара
тастың зілдей салмағы есеңгіретіп, көзі қарауытып өң мен түстің
арасындағыдай меңіреу халде тырмысып өрмелей берді, өрмелей берді. Бар
тілегі өзін жаныша қысқан тас құшақтан суырылып шығу болып ышқынып,
ең соңғы күшін жиып, тырмыса түсті. Соңғы күш тез таусылмайды екен,
«енді біттім» дегенде тағы бір соңғы күш, одан кейін тағы бір күш
сараңның қалтасындағы тиындай біртіндеп шыға берді. «Жоқ, тырмысу
керек, тіспен, тырнақпен қарыса жармасу керек, қан жоса болсақ та...» деді
Ержан.
7
Күлəнданың жарақаты онша ауыр емес-ті. Қарынан тиген оқ сүйегіне
зақым келтірмей бұлшықтан өткен, бірақ жарасы жазылғанша айға жуық
емделу керек болғасын оны армияның, одан майдандық госпитальға
жіберді. Майдандық госпиталь кішілеу бір қалада бұрын аурухана болған
жалғыз қабат кең үйде орналасқан екен. Маңайындағы үйлерге де
жаралыларды орналастырған. Күлəнда төсек тартып жатқан жоқ, күнде
жарасын таңдырып алып түрегеліп жүрді. Екі күннен кейін іші пысып
дəрігерлер мен санитарларға көмектесе бастады. Алғашқыда орнынан тұра
алмайтын жаралыларға су əперіп жүрді, содан жастығын түзеп беріп,
басын көтеруге жəрдемдесті. Оның ісін елеген де, қой деген де адам болған
жоқ. Бір күні ауыр жаралыға операция жасап жатқан дəрігер ыстық суға
қайнатқан аспап ұстап тұрған сестраны хлороформ əкелуге жұмсады.
Сестра дəрігерге əлсін-əлсін ұсынып тұрған аспаптарын қайда қоярға
білмей сасып қалғанда есіктен сығалап тұрған Күлəнда «мен əкелейін» деп
жүгіріп кетті. Осылай өзінің штаттан тыс қызметіне Күлəнданың өзі де,
госпиталь қызметкерлері де, жаралылар да үйреніп кетті. Жаңадан келген
жаралылар Күлəнданы осы госпитальдың қызметкері көріп, «қолыңыз
неден жаралы болған, госпитальды бомбалап па еді», — деп сұрайтын
болды.
Тек госпитальдың бас хирургі, кішкене шоқша сақалды, қуақы тілді шал
Күлəнданың қызмет етуіне қарсылық білдірді:
– Жаралыларды қызметке пайдалануға правом жоқ.
Сіз жұмысқа араласуыңызды қоймасаңыз постельный режимге көшірем,
— деді ол Күлəндаға.
– Жоқ, жоқ, мен жұмыс істеп жүргенім жоқ, жұрттың қолы тимей
жатқасын тек жəй...— деді медицина майорының қатал көзқарасынан
қаймығып қалған Күлəнда.— Менің тіпті денім сау. Қазір жағдай қиын ғой,
жолдас майор. Жаралылар көп келіп жатыр.
Хирург басын кекшитіп Күлəндаға азғана қарап тұрды да:
– Һм. Һм. Жағдай қиын дейсіз. Оныңыз рас. Тек жағдайдың қиындығын
есептеп азғана көмектесуіңізге рұқсат етем. — Ол пенснесінің үстінен
қарап, қолын шошайтты. — Тек тсс... Ешкімге айтушы болмаңыз. Уəде
ғой?
– Уəде, — деді Күлəнда хирургтың мінезіне мəз болып күлімдеп.
Азғана күн істегеннен кейін хирург Күлəнданы қатты ұнатты.
Сырқаттың нышандарын бақылап дағдыланған дəрігер Күлəнда жөнінде
аңғарғанын консилиумда отырғандай ашық айтты.
– Сіз өте жақсы қыз екенсіз, дұрысырақ айтқанда жақсы персоналсыз.
Өз мамандығымның арқасында əйел затымен көп қызметтес болдым. Сіз
іске ұсынақты жəне ықыластысыз. Бұл медицина қызметкері үшін жақсы
қасиет. Оның үстіне өте кішіпейілсіз жəне сөзге аса сараңсыз. Əсіресе,
соңғы қасиет əйел затында сирек байқалады. Бірнеше күнгі бақылауымның
нəтижесінде сізді госпитальда тұрақты қызметке қалдыру керек деген
қорытындыға келдім.
– Жоқ, мен өз бөліміме қайтуым керек, — деді Күлəнда.
– Aha. Қалғыңыз келмейді, ə? — деді хирург тағы да пенснесінің үстінен
сүзе қарап. — Сіз болашағыңызды неге ойламайсыз. Мұнда сіз көп
тəжірибе аласыз, жаттығасыз. Ертең соғыс біткенде институтқа түспейсіз
бе? Жоғары білімсіз қалай болады? Сонда нағыз маңдай алды студентка
боласыз. Егер мен медицинаны түсінсем, түбі сізден жақсы дəрігер
шығады.
– Сізге рақмет, бірақ қала алмаймын, — деп сыбырлады Күлəнда.
– Һм. Менің бақылауым толық емес екен. Сіз əлі қайсар да екенсіз ғой.
Ендеше мəселені кейінге қалдырайық. Əлі ойлануға уақыт бар.
Ия, ойлануға уақыт болды, бірақ Күлəнданың ойы басқада.
Күлəнда бала кезінен жұрт назарын аударып көзге түсіп көрген емес-ті.
Ылғи өзге қыздардың ортасында елеусіз болатын. Мектептегі ойын-сауық
думандарда да балалар бар болса оны байқамайтын да, жоқ болса
жоқтамайтын. Сөйтіп тасада жүріп бой жетті. Бірақ қыз болып та жігіт
назарын аудара алмады. Өзге қыздардың алдында қысылатын жігіттер,
мұны еркек баладай көріп еркін қалжыңдасатын. Осылай өз жағдайына
бойы үйреніп «еркек мінезді», «еркін тілді» қыз болып алды. Өз ортасында
елеусіздігін қымсынса да, жас көңілі мұқалмады, жақсы жігіттерді үйіріп
алған құрбыларын күндеуден аулақ болды.
Ғашықтың дегеннің не екенін білмей жігіттермен бер жағымен
қалжыңдасып жайдары жүрген Күлəнда Ержанға жолықты. Жаздыгүні
Алматыда батальон жаттығу ойынына шықты. Қаладан ұзақ, Бурылдай
аталатын шоқының бауырына жақындағанда күн шықты. Таң шапағы
қызғылт-сарғыш жұмсақ нұрға малып, ертеңгі салқынмен сергіп оянған
уыз табиғат лебі Күлəнданың көкірегін мұңлы қуанышқа бөледі. Қарлы
шыңның сүйір өркештері арайланып, тау жылғаларында тұтаса қарауытқан
қарағайдың үстіне күлгін мұнар ұйып тұр. Аспанның қара көк бояуы оңып,
жұлдыздардың да сəулесі солып семіп барады; тек тау жотасынан арқан
бойы жоғарыда қызғылт нұрлы Шолпан ерегіскендей нұры семе берді.
Батальон привалға тоқтағанда Күлəнда бойын билеген рақаттан арыла
алмай оңаша отырып қалған. «Қандай тамаша!» Күлəнда селт етіп жалт
қарады. Тауға иек артып шығып келе жатқан күнге сүйсіне қарап жас
лейтенант тұр. Жаңағы сөзді айтқан сол болу керек. Əдемі қоңыр дөңгелек
жүзі күлімдеп күн нұрына балқып жайнап тұр. Аудыра киген
пилоткасының астынан шыққан толқынды қара шашы мен қою қара қасы
жігіттің сұлу өңін өткірлей түскен.
– Мынау неткен керемет! Енді күн сайын ерте тұрып таң атқанын
бақылармын,— деді лейтенант таңғы уыз ауаны құшырлана жұтып. Ол
жүресінен отыра қалып қос қолымен шөп басындағы шықты сүзді.— Тіпті
жуынып алуға болады.
Жас жігіттің бүкіл тұлғасында, нұрлы жүзінде, қуанышты дауысында
мынау таң сəулесіндей кісіні еріксіз тартатын балғын күш бар. Жүресінен
отырғаны қандай əдемі. Күлəнда лейтенанттан көз ала алмай қарап қалған.
Ол тез түрегеліп Күлəндаға қарай бұрылды.
– Тамашалап отырсыз ба? Жақсы емес пе, ə? — деді ол Күлəнданың
қасына келіп.
Табиғатқа ғашық болып, алаңсыз қуанған жас жігіттің көзқарасы əсерлі
еді. Күлəнданың басы айналды.
– Иə. Өте жақсы... Жақсы...— дей берді ол күбірлеп.
– Сіз біздің батальонға жаңадан келгенсіз ғой?
– Иə, екі-үш күн болды, — деп жауап қайырды Күлəнда, лейтенанттан
көзін əрең тайдырып.
Күлəнда осы жігітке ғашық болды. Ержанды күнінде бір көріп қалса,
бір-екі ауыз тіл қатысса соның өзі байғұс қыздың қиялын қияға алып
кететін. Алғашқыда мінезі ашық-жарқын жігіттің күлкісін, көзқарасын,
жылы сөзін ылғи жақсылыққа жорып, көңілі марқайып жүрді. «Күлəнда,
халің жақсы ма?», «Əскер өмірі ауыр емес пе?», «Күннен-күнге құлпырып
барасың ғой» деген жүрдім-бардым айтылған сөздердің өзін Күлəнда
жігіттің ерекше ықыласы деп қабылдайтын. Бірақ жігіт одан арыға бармай,
жаңағы ыстық көрінген сөздердің өзі суына бастады. Сөйтіп жүргенде
Раушан келді. Ержан мен Раушан алғашқы жолыққан күні — сонау кішкене
разъезде поезд тоқтап тұрғанда,— Күлəнданың жүрегі бəрін сезді, бірақ
сенбеуге тырысты. Раушан мен Ержан арасындағы сөзге жиі қыстырылып,
орынсыз көп сөйледі. Мінезінің тіпті орынсыз екенін сезсе де өзін тоқтата
алмады. Бертін келе Ержанның көңілі Раушанда екеніне əбден көзі жетті.
Бірақ үмітсіз махаббат өшпеді, қайта ұлғая берді. Раушаннан Ержанды
қызғанды, бірақ ол қызғанышын сыртқа шығармады. Сонысына
қуыстанып, өзін айыпты санап Раушанға аса ықыласты болып кетті. Өзі
жараланған айлы түн Күлəнданың əлі есінде. Тəні емес, жаны жараланды
сол түні. Ержан мен Раушанның оңаша кеткенін көрді. Əйел жүрегі сезгіш
қой, дəл сол айлы түнде Ержанның Раушанға бар сырын, жүрек сырын
айтатынын білді. «Мейлі, менің не шаруам бар, мейлі»,— деп күбірледі
алқынып, бірақ өзін қоярға жер таппады. Ұрысқа шыққанда Ержанның
взводына қалай барғанын Күлəнда өзі де білмеді. Солдаттарға қосылып
алда бара жатса да кейінірек келе жатқан Ержанның бар қимылын қапы
жібермеді. Ержан құлағанда қатты шошыды. Орнынан енді тұра берген
Ержан оқ тиіп құлаған Күлəнданы қапсыра құшақтай алып, шошына
үрпиіп:
– Қай жеріңізден тиді? Ауыр емес пе?— деп сұрады.
Ержанның тын жаны ашып, қорқа қараған сүйкімді кескіні Күлəнданың
көз алдынан кетер емес.
Күлəнданың көңілі полкта қалды. Мұнда құр кеудесі ғана. Əкесіндей
сүйкімді, қызық дəрігердің сөзін сыйлайды, бірақ көне алмайды. «Ойлануға
уақыт бар» дейді ол, ал уақыт сағынышты арттырып барады.
Күлəнда бір күні көшеде кетіп бара жатқанда біреу атын атап дауыстады.
Қасына ыржия күліп күжірейген қазақ жауынгер келді. Анадайдан-ақ:
– Е, Күлəнда, аман ба! Алыстан таныдым ғой,— деп дауыстап келеді.
Күлəнданың бірнеше рет көрген таныс адамы, бірақ аты-жөні есіне
түспеді.
– Менің қолымды таңып беріп едің, енді өзің жаралы болыпсың ғой.
Неміс екеумізді бір жерден көздеп атқан екен,— ден күлді жауынгер.
Мойнына асқан қолын сау қолымен демей көтеріп. — Ай, өзің, дəуде болса,
мені танымай тұрсың ғой деймін.
– Жоқ, жоқ, шырамытып тұрмын,— деді Күлəнда қысылып.
– Танымай қалғаныңды көзің айтып тұр,— деп жауынгер кеңкілдеп
күлді.— Мен Дəуренмін ғой. Соғыспай жатып жаралы болған батырың
өзіміз.
Күлəнда да күліп жіберді.
– Е-е, енді есіме түсті. Тек атыңды ұмытып қалыппын.
Жақсы болды ғой, полкты сағынып жүр едім, — деп қуанды Күлəнда.
– Полкты емес, жас командирлердің бірін сағынып жүрген шығарсың-ау,
— деп қылжақтады Дəурен.
Күлəнда əзіл-қалжыңды қойғалы көп болған. Дəуреннің сөзін ұнатпай
қалды.
– Көріспей жатып қылжақтағаныңыз қалай!? — деп тыйып тастады.
– Қалжың ғой. Қалжыңдауға болмаса кешіріңіз. Қойдық, — деді
қапелімде қысылып қалған Дəурен. — Мен тіпті сізді ашуланады деп
ойлаған жоқ едім.
Өзінің қысылғаны қызық екен, қызара бөртіп, ыржиып күле береді.
Оның түрін көріп Күлəнда да жымиды.
– Екіншілей қылжақтамайтын бол.
– Құп. Əміріңе құлдық, — деді Дəурен.
Дəурен келгелі Күлəнда сергіп, көңілі көтеріліп қалды.
Басында сақтанып бойын аулақ ұстап еді, бірақ Дəурен өзінің
күжірейген сүзеген түріне қарамай ұстамды, жаратылысынан сыпайы адам
болып шықты. Ұзақ əңгімелесіп бірге жүргенде артық-кем сөз айтпай, тек
сыпайы күлдіріп отырады.
Бір күні кешке таман əдетінше Күлəнда жаралылардың бөлмесіне келіп,
босағадағы орындыққа отырды. Су əпер, өйт-бүйт деп ешкім мазалай
қойған жоқ. Бейуақта біреу ұйықтап, біреу алыстағы үйін, қатын-баласын
ойлап, кейбіреулер баяу өзара сөйлесіп жатыр.
Ұзын палатканың орта тұсында басын көтеріп отырған біреу:
– Немене ойлап отырсың, Серега, — деп кереуетте жатқан көршісінің
кеудесінен қағып қойды. — Бір сағат болды, потолоктан көз аудармайсың.
Серега жастықтан басын көтеріп алды.
– Эх, достым, сен білмейсің ғой. Варя дейтін қалыңдығым бар еді.
Сағынып жүрмін, достым. Июльде той жасамақ едік... Соғыс басталды.
Сарғайып жүрген шығар байғұсым.
Күлəнда қара көлеңкеде Сереганың бет құбылысын көре алмаса да
даусындағы сағыныштың ыстық лебін анық сезді.
– Ха-ха-ха. Қой əрі, — деп күлді көршісі. — Сарғайып, сағынып жүргенақ шығар əбден. Сенің орныңа біреуді тауып алды ғой. Ондай қыздардың
жайы белгілі.
Серега орнында қозғалақтап, көршісіне қарай ұмсынып:
– Сен, Пётруха ағай, үніңді өшір. Сен олай деме... Сен білесің бе, Варя
қандай қыз. Ол, ол алтын қыз. Сен... Сен Варяға тіліңді тигізбе!.. — деп
булығып қалды.
– Ə-ə. Ыршып түстің ғой. Шын ғашық екеніңді білдім, — деп күлді
Петруха ағай.— Жас кезімде мен де сендей ақымақ болғанмын.
Күлəнданың көзінен жас тамшылап кетті. «Мені ешкім де сағынбайды».
«Күлəнда алтын қыз, сен оған тіліңді тигізбе!» деп бəйек болатын кім бар?»
«Неге бақытсыз болдым?!» Босап кеткен қам көңіл тез басылмады.
Күлəнда жұртқа сездіргісі келмей коридорға шығып қара көлеңке бұрышта
солқылдап көп жылады.
– Күлəнда, Күлəнда!— деді біреу жалынышты дауыспен.
Күлəнда Дəуреннің даусын таныса да, бұрылып қарай алмады. Тез көзін
сүртіп əлек болып жатыр. «Мезгілсіз уақытта қайдан келе қойды».
– Күлəнда, Күлəнда! — дейді Дəурен ауық-ауық жалынышты үнмен.
Біреудің ұятты, құпия сырын ұрлап тыңдағандай өзі қысылып та тұр. —
Күлəнда сені біреу ренжітті ме?
– Жоқ, жай, — деді Күлəнда. — Ешкім де ренжіткен жоқ.
«Менде несі бар, тезірек кетсе екен байланбай»,— деді ішінен. Бірақ
Дəурен кетер емес. Желкесінен мөлиіп əлі тұр. Тірі жанға сездіргісі
келмеген көз жасын көріп, ұялтпай-ақ байқамағансып өтіп кетудің орнына
кетпей тұрып алғанына Күлəнда ыза болды.
– Менде не шаруаң бар, — деп кейіп тастады.
Бірақ Дəурен оған ашуланбады да, əдетінше қысылмады да.
– Ренжіме, Күлəнда, — деді ол сенімді байыпты дауыспен.— Қайғырма.
Жүр таза ауаға шығайық.
Күлəнда Дəуренге еріксіз еріп жүре берді. Бүгін ертеңгілік жауған ұлпа
қар түс кезінде жіпсіп тығыздалып ауыр тартқан. Асфальтсыз көшенің
ортасындағы қар машина, көлік табанымен тапталып, нығыздалған.
Қараңғыға сүңгіген аласа үйлердің төбесі аппақ. Қар исі сіңген кешкі
салқын ауа бірден көкіректі ашып жіберді. Дəурен үндемей, төмен қарап
салмақты келеді. «Мұның да бір қайғысы бар-ау» деп топшылады Күлəнда.
Бір-екі квартал өткеннен кейін Дəурен Күлəнданың бетіне үңіле қарады.
– Сен кімнен естідің, оны?
– Нені? Нені айтасың? —деді Күлəнда таңданып.
– Нені дейсің бе? — Дəурен де Күлəнданың бетіне таңырқай қарады. —
Ендеше неге жыладың!?
Күлəнда еш нəрсеге түсіне алмады. Дəуреннің сұрауына қалай жауап
берудің ретін де таппады.
– Жыладым. Жылағым келді. Оны қайтесің?
– Мен сені естіген екен ғой десем...— Дəурен үндемей қалды. Күлəнда
оның бір жаманатты бүгіп тұрғанын сезіп қатты мазасызданды.
– Айтшы, немене деп тұрсың? Немене?
– Біздің батальон қоршауға түсіп қалыпты.
– Қой! Оны кім айтты саған?! Бекер шығар!
– Ай, бекер емес сияқты. — Дəурен күрсіне дем алды. — Бүгін біздің
полктан жаралы сержант келді. Сол айтты.
Күлəнда сазарып тұрып қалды. Сенерін де, сенбесін де білмейді.
– Рас па екен? Көзің жетті ме? — дей береді қайта-қайта, мына сұмдық
хабардың ауыр салмағы барған сайын батып барады. Əскер өмірінің,
майдан өмірінің ащысы мен тұщысын бірге татып, қуанышы мен азабына
ортақ болған ортасымен біте қайнасып, етене болып кеткенін Күлəнда енді
байқады. Үй ішінен, ауыл аймағынан айрылғандай жетімсіреп қалды.
Жүзінен амалсыздың ажары сезіледі. Көзінде жас мөлтілдеп Дəуренге
қарады. Ендігі таянышы сол сияқты.
– Біз қайтеміз? Енді не істейміз?
– Дивизияға, өзіміздің полкымызға қайтуымыз керек.
– Менің жарам жазылды. Дəрігерлер ермек үшін босқа əурелеп жүр, —
деді Дəурен.
– Онда біздің батальон жоқ қой.
– Біздің батальон жоқ болса басқа батальон бар. Қоршауда қалған
бөлімдер шығып жатқан көрінеді ғой. Біздің батальон да шығар, — деп
жұбатты Дəурен.
Күлəнда көп ойланбай байламға келді.
– Ендеше жүр. Главврачқа барайық. Бізді госпитальдан шығарсын, —
деп асықтырды Дəурен.
Бас дəрігер Күлəнда мен Дəурен кіргенде пенснесінің үстінен сүзе
қарап, таңырқағандай ажар көрсетті. Əшейінде ұялшақ Күлəнда батыл
сөйледі:
– Жолдас майор! Бізді өз бөлімімізге қайтарыңыз.
– Ол жөнінде айтқансыз,— деді дəрігер. — Біріншіден, емделіп болған
жоқсыз. Екіншіден, сізді шалдың сөзін сыйлар деп ойлап ем. Əлі де
ойлансаң қайтеді?— деді ол қуақы көзі күлімдеп.
– Біз өз полкымызға қайтуымыз керек, жолдас майор, — деп гүж етті
Дəурен.
Дəрігер Күлəнданың тасасынан шыға келген Дəуренді енді байқады.
Ұрты біліне бастаған құж-құж бетті, дөңес қабақты шомбал жігіт
маңдайының астынан сүзе қарап тұр. Шынын айтқанда дəрігер сəл
үркіңкіреп те қалды.
– Сіз тоқтай тұрыңыз, — деп дəрігер Күлəндаға бұрылды. — Дегенмен
сіз ойланыңыз.
– Жоқ, жолдас майор, сіз кешіріңіз. Meн... Біз полкқа қайтуымыз керек.
Біздің батальон... Біздің батальон қиын халде.
Орыс тілін тəптіштеп таза сөйлейтін Күлəнда жаңылып мүдіре берді.
Майор Күлəнданың жүзіне ойланып қарап қалды. Қыздың үзілді-кесілді
берік байламға келгенін түрі айтып тұр. Осылардың майданында не де
болса қиын бір жағдай болған сияқты. «Бұларды тоқтатуға болмас» ден
ойлады дəрігер.
8
Қартбай немістер сығылысып тұрған деревнядан бірден шығып кетуге
бата алмады. «Өзекті жанға бір өлім» деп басып ажалға байлап қойды да
сабырмен əрекет етті. Арт жағынан дауыстаған неміске жауап қатпай, жанжағына жалтақтап қарамастан асықпай салмақты аяңдап келеді, тек өткір
шегір көзі ғана қарлы түнекте қыбыр еткен əр қараны қапысыз бағады.
Деревняның шетіне таянғанда, бір үйге көзі түсті. Терезеден көмескі сəуле
көрінеді, бірақ үй маңында тірі жан жоқ. Сөйткенше алдыңғы жақтан
дабырлаған дауыстар естілді. Үй ішіне тығылуға болмайды, манағы өздері
жерлеген қызыл əскер мен балалы əйелдің өлі бейнелері көз алдына келіп
тұра қалды. Оның үстіне шам болғасын-ақ үйде немістер бары сөзсіз.
Толғанып тұруға мұрша жоқ, ол соқыр сезіммен жалт бұрылып үйді
тасаланды. Қабырғаға жабысып тұрып үй артындағы сарайды көрді.
Көжекті жеңінен тартып қалды да жып беріп сарайға кіріп кетті.
Аяғының астындағы қатты бір нəрсеге сүрініп, құлап бара жатып, «қап,
қолға түстік-ау» деп қалды; жұмсақ шөптің үстіне сылқ ете қалғанын сезіп
жүрегі тез орнықты. Қараңғыда сарайдың ішінде не бар, не жоғын тез
аңғара алмады; тек салқын шөптің, көңнің исін сезді. Көжектің пысылдаған
дем алысын естіді. Қартбай сипалап, оның етпетінен жатқанын білді.
Шамасы о да ілесе құлаған тəрізді. Аздан соң қараңғыға көзі үйреніп,
есіктен түскен қара күңгірт жарықтан сарайдың қуыстарын топшылады.
Тағы да бір нəрсеге сүрініп шу шығарып алармын деп қорқып, қолын отқа
апарғандай еппен сипалап оң бұрышқа ойыса берді. Ол бұрышқа отынға
дайындаған ағаш үйілген екен. Жаураған немістер отын алуға келсе
қайтпек? Қартбай енді үюлі шөпті жағалап сол бұрышқа барды. Пішен
қабырғаға тақай үйілмеген — екі ортада жарты метрдей қуыс бар. Осы
кезде немістердің дабырлаған дауыстары анық естілді. Олар үйдің қасына
келіп азғана сөйлесті, сартылдап есік ашылып-жабылды — содан кейін
дабыр сиреп, дауыстар алыстай берді. Қартбай есікке жалт бұрылып
арқасын пішенге тіреп икемсіз ауыр қол пулеметінің аузын көтеріп алып аз
тұрды да, мысықша еппен алшақ басып Көжектің қасына барды. Оның
ағаштай сіресіп қалған қолынан нұқып тартып, жаңағы қуысқа қарай
жетектеді.
Машина гүрілі жақындай берді. Бір-екі машина үйдің алдынан өтіп кетті
де, біреуі қораның ішіне бұрылды. Шофер машинаның басын көшеге
бұрып, артын сарайға тірей тоқтатты. Машинаның үстінен біреулер қарғып
түсіп, өзара немісше сөйлесіп, үйге қарай кетті. Кабинадан шофер шығып
кузовты ақтарып, қасында қалған екі солдатпен ауыр бір нəрселерді жерге
түсірді. Содан кейін есікке басын сұғып, қалта фонарымен сарайдың ішін
шолып өтті. Жаңағы түсірген заттарын сарайдың босағасына əкеліп қойды.
Шамасы, патрон жəшіктері сияқты. Қартбай Көжекті түкпірге жасырып, өзі
де шөпке иығымен жабыса түсіп, қол пулеметтің шүріппесінен сірескен
саусағын айырмай, қуыстан сығалап тұр. Немістер сарайдан шығып кетті.
Сөйлесіп бара жатқан дауысынан Қартбай олардың үйге кеткенін сезді.
Енді машинаның қасында жан қалмаған сияқты. «Шофер басқа бір жаққа
барады-ау, кешікпей қайтып шығады, машинасының отын өшірмей кетті
ғой», — деп ойлады. Кенет оқыс бір өжет ой жарқ ете қалды. Ол артында
тұрған Көжектің қолынан тартып қалып:
– Тез машинаға мін! — деп сыбырлады.
Көжек еш нəрсеге түсінбей:
– Немене? Не дейсің? — деп сұрады.
– Кузовқа мін де, үйден шыққан адам болса ат. Мен машинаны айдап
қашамын.
Қартбай сарайдан Көжекті жетектей жүгіре шықты да, оны кузовқа атып
ұрып, өзі тез кабинаға кірді. Бензиннің таныс исі алақаны мен уысы
үйренген қолға жайлы руль мен рычаг — Қартбайдың өткендегі бейбіт
өмірін бір сəтте еске салып, ойын қоздырып жіберді. Газ бергенде машина
булыға гүрілдеп, ақырын қозғалып барып, кенет арындап жүйтки жөнелді.
Машина үйдің қасынан өте бергенде шофер жүгіре шығып айқай салды.
Ол безектеп ешнəрсе шығара алмай, есікті ашып үй ішіндегілерді
шақырды. Жүгіре шыққан солдаттар сасқалақтап, ешнəрсені жөндеп аңғара
алмай:
– Хальт! Хальт! – деп ащы дауыспен айқай салысты.
Сөйткенше Қартбай жолға шығып, машинаның бетін түзеп алды.
Жолдасының əрекетін жөндеп түсіне алмай əйтеуір көрінген немісті атуға
дайындалып, автоматын кезеп отырған Көжек айқай шығысымен-ақ оқ
жаудырды. Машина деревня сыртындағы дөңеске суырылып шығып, аязды
жел желкесін қарып өткенде, бейне арыстанның азуынан сытылып
шыққандай Көжектің құрысқан денесі кеңіп, бойы жеңілдеп қалды.
Мұрат жұрттың алды орманға кіргенде батальонын іркіп, кейінде қалған
взводты тосты. Жел тұрып, қар үстіне қар жауып борасынға айналып
барады. Солдаттардың соңы орманға кіріп болды. Мұрат ақ түнекке қанша
қадала үңілсе де еш нəрсе көре алмады. Тек сонау артта қалған деревня
жақтан ауық-ауық өлеусіреп болмашы жарық жылт етеді. Еміс-еміс атыс
естілгендей болады. Бірақ аздан кейін талмаусырап соңғы дыбыс та өшті.
Тек ағаш басында жел суылдайды. Ұйтқып түскен суық қар бетіне тиіп
ериді. Жау тартыншақтап батальонның ізіне түспей іркіліп қалды.
Дегенмен бұл көзге түсті, енді дұшпан сақ болмақ. Кейінде қалған взводтан
еш белгі болмады. Бір хабар біліп қайтуға Дулатты жұмсады.
– Тым елігіп кетіп жүрме! Деревняға жақындап бар да, байқап тез қайт,
— деп тапсырды. — Көп күтуге хал жоқ!
Көп күтуге мұрша болмады. Дулат үш жолдасымен деревняның бергі
жағын қармап, хабарсыз қайтты. Мұрат шаршап қалған жауынгерлерін
тұрғызып, орман ішіндегі жіңішке жолмен шығысқа қарай тартты. Жіті
көзімен түн қараңғысын тінткілеп, əр тосынға елеңдеп əккі келе жатса да
қалып қойған взвод жайы Мұратқа маза бермеді. «Жаудың қолына түсті ме?
Қырылып далды ма? Шынымен жоғалып кеткені ме? Өз бетімен қоршаудан
шығуға командирдің қайраты жете ме? Қате істеген жоқпын ба?» — деп
қиналды Мұрат. «Сол жігіттің жібі бостау көрінуші еді ылғи. Басқа
пысығырақ, жігерлірек бір командирді жұмсамай қасымда тұрғасын
бұйыра салыппын. Қап! Енді түзей алмаймын», — деп ойлады ол. Соғыс
болғасын солай болады. Батальон не халге ұшырамақ. Осылай неміспен
кездескен сайын бір бөлшегін үзіп тастап ақыры таусыла ма? Əлде бір
ұрыста қырылып қала ма? Енді Мұрат ойы өз қамына ауысты.
Орманның шетіне шыға колоннасын тоқтатып, Мұрат алға барлаушы
жіберді. Неміспен кездесудің арзанға түспейтінін енді жақсы білді. Жол
шетінде, ағаш түбінде қисайып жатқан солдаттарды аралап келе жатып
біреумен сөйлескен Кусковтың даусын естіді. Мұрат елең етіп, үймелеп
тұрған бір топ адамның қасына келді.
– Құлбаев пен Шөжебаев келді. Қайсаровтың взводынан, — деді Кусков
Мұратқа бұрылып.
Мұрат ентелей, топты жара кіріп Кусковтың алдында тұрған екі
солдатты көрді. Бірі орта бойлыдан жоғары, кең иықты дүмін жерге тіреп
қол пулеметін ұстап тұр, екіншісі мойнына автомат асынған. Екеуі де
Мұратқа қарап бойларын тік ұстап тартыла қалды. Мұрат қараңғыда бетжүздеріне үңіле қарап екеуін де есіне түсірді. Бергі — тұлғасы ірісі, Мұрат
оның атын ұмытып қалған, қалшиып тесірейе қарайды. Капитан оның
көзқарасын ұнатпады.
– Ал взвод қайда? — деді Мұрат.
– Анық біле алмадық. Бізді тосқауылға тастап еді, немістер арамызды
үзіп кетті.
– Қалайша? Айтшы болған істі, — деді Мұрат ынтығып.
Қартбай болған істі қысқаша баяндап берді.
– Соңымыздан қуған екі мотоциклисті Көжек атып түсірді. Осыдан екі
шақырымдай жерде машинамыздың майы бітті. Орман ішінде басқа кім
жүрген дейсің, батальонның ізі болар деп осы соқпақпен қуып жеттік,—
деп бітірді Қартбай. — Ал, менің байқауымша взводты кейін қарай қуып
кетті.
Мұрат жауынгерлерге тесіле қарап, сенер-сенбесін білмей аз тұрды.
– Сендер ертек айтып тұрсыңдар. Жолдастарыңды тастап қашқансыңдар
ғой, сірə,— деді ол сұстанып.
– Жолдас капитан, оныңыз қалай!.. Кісі ажалдың аузынан сытылып келіп
отырса, имандай шынымыз... Түн жамылып тұрмыз ғой, əкем-ау... Жолдас
капитан, — деді Көжек қатты қиналып.
Қартбай сазарып тұрып қалған, үндеген жоқ, тек қараңғыда жылтыраған
кішкене көзімен капитанның кеудесін үңгіп барады. Мұрат оның бұл
өктемдігіне ыза болды.
– Неменеге мелшие қалдың?! Айт шыныңды! — деп зекіді оған.
Қартбай сасқан жоқ.
– Сенбеген адамға шыныңды айтпа деуші еді. Жанғабыл, — деді ақырын
ғана.
«Жанғабыл?» Осы құлаққа таныс есімді анада бір естіп еді. «Жанғабыл?
»Мұрат аңырып қалды.
– Көжектің айтқаны рас. Мен сені алдап көрген жоқпын, — деді Қартбай
бұрынғыдан да жай, толқи сөйлеп.
Мұраттың көз алдына сонау бір алыс жылдары, кезеген мылтыққа
кеудесін тосып, алдында көлденең тұра қалған жігіт елестеп кетті.
— Сен... Сен Қартбайсың ғой, — деді о да ақырын булыға сөйлеп.
9
Үш адам аңшы иттей бүгіле мойнын созып, еппен басып, үйеңкі
орманның шетіне шықты. Алда қисая көлбей созылған жыраның арғы
қабағында кішкене хутор жатыр. Үшеудің алдыңғысы кейінгілерін қолымен
ымдап тоқтатты да, ағашқа жабысып, ішін тарта бүгіліп əр жерде бұта басы
қылтиған əжімді қиыршық қарды иесіз қалғандай құлазып тұрған аласа
үйлерді көзімен тінтіп біраз тұрды. Əр үйдің тасасынан, əр бұтаның
түбінен жау шыға келетіндей лыпыл қағып сақ тұр.
– Хуторда ешкім жоқ сияқты ғой, — деді ақырын ғана мылтығын
кезеніп, бұғыңқырап тұрған кейінгісі. Алдыңғы ірі, қапсағай денелі оған
жауап қатпады. Оның өткір көзі осы кезде кішкене моншаның ар жағында
бөлектеу шығып тұрған машина кузовын, үй тасасынан үзіліп шыға берген
əскери ықшам киінген екі адамды шалып қалды. Ол бір минуттай үнсіз
қадала қарап тұрды да, жалт бұрылып мысықша басып кейін қайтты.
– Хохол атаулы əңгүдік болатын əдеті емес пе!
Сен де əңгүдік екенсің ғой, Иван,— деді қапсағай денелі кейінгінің
қасына келіп.
Бондаренко Добрушкинге бұрылмай (алдыңғы Добрушкин еді) хуторға
қадалған.
– Теперь бачу — деді ол.
– Дошлд? Це дило треба разжувати, — деді Добрушкин кекеп.
Бондаренко Добрушкиннің кекесінін елемей, елеңшіл ойдың үстінде тұр.
Екі көзі, бар ықласы ана хуторда. Ал Добрушкин болса, тап əлгіндегі əккі
қалпынан өзгеріп, бойын бейқам ұстап, əлдеқандай ызалы мысқылға
ауысқан.
– Иə, ойлану керек, — деді Бондаренко.
– Мүмкін немістер қара нанды қарызға бере тұрар.
Барын сұрасақ қайтеді?
– Бұл жер қалжыңның орны емес. Взвод нəр татпағалы үш тəулік: неміс
оғы тимей-ақ аяғыңды созарсың, мұндайда, — деді Бондаренко
Добрушкинге сұқтана қарап.
– Сондықтан да басқа амалың жоқ қой, — деді сержант құбылып.
– Қандай амал? Немістің аяғына жығылуды айтасың ба?!
Бондаренко алдында тұрған адам сиқырмен басқа пішінге түскендей ыза
мен таңырқауы аралас Добрушкинді бастан аяқ шолып өтті. Даусы да қатты
шығып еді. Əлгі сөздің тұсында серігін аңдып, бағып қалған сержант, кенет
өзгеріп байсалды өкім үнмен:
– Қиқаңдама,— деп тыйып тастады. — Қане, кейінірек барып хуторды
баға тұралық.
Екеуі қалыңның шетінде үріккен тоқтыдай үрпиіп тұрған Бөрібайдың
қасына келіп, тасаланып жатты. Əңгімеге ешқайсының зауқы болмады.
Біраз уақыттан кейін хутордан бір жаяу шықты. Ақырын домалаған қара
доп сияқты аласа жаяу қиғаш жол мен бері, орманға қарай ойысып келеді.
Үш жауынгер демдерін ішіне тартып, сол жалғыз ноқатқа қадалған.
– Мынау бір ергежейлі ғой, — деді Бөрібай бір кезде.
– Осы соқпақ орманға кіреді. Кім де болса алдын тоссаң қайтеді, — деді
Бондаренко Добрушкииге бұрылып, əмір күтіп.
Үшеуі орағытып, қалыңға тереңдеңкіреп кіріп, соқпақты алдарына ала
жатты. Елегзи күткен он минуттан кейін жаңағы жалғыз жаяу көзге
шалынды.
– Мынау бала ғой, — деп қалды. Бөрібай дыбыс шығарып.
Оның сол жағын ала əнтек кейін жатқан сержант тістене күбірлеп:
«Үніңді өшір!» деп əмір етті. Бала ақырын аяңдап келеді. Бірте-бірте
қорбиған сырмақ қара фуфайкасы, табанын киізбен қалың етіп ұлтарған,
қоншы жыртық қолпылдаған пимасы анық көрінді. Алаңсыз болғансып,
қызара бөрткен дөңгелек жүзін бура көтеріп ағаш бастарына қарайды, бірақ
ілез қобалжып төменгі бұта түптерін де шолып өтеді.
– Тоқта, бала! — деп дауыстады Добрушкин.
Бала селк етіп, жалт қарады. Қапелімде дауыстаған адамды көре алмай,
үрке ақырын тұрып қалды.
– Қорықпа, балам, өздеріміз ғой, — деген Бондаренконың жұмсақ даусы
естілді.
Бұта тасасынан шыға келген қызыл əскерді көргенде қобалжу мен
қуаныш аралас, бала екі езуі ыржиып таңырқай қарады. Сəлден кейін
барып, езуіндегі қатып қалған жалынышты күлкісі өшіп, балғын өңі
жайнап шыға келді. Жауынгерлердің жүзінен көз алмай бір-екі аттап, жол
ернеуіндегі күртік қарға тіреліп тоқтады.
– Қайда барасың?
Бала Добрушкин сөзін елемей, асығыс жаманат хабар алып келгендей
артына қарай қолын сілтеп:
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Қаһарлы күндер - 18
  • Части
  • Қаһарлы күндер - 01
    Общее количество слов 4074
    Общее количество уникальных слов составляет 2218
    37.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    62.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 02
    Общее количество слов 4139
    Общее количество уникальных слов составляет 2198
    37.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 03
    Общее количество слов 4119
    Общее количество уникальных слов составляет 2250
    36.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 04
    Общее количество слов 4090
    Общее количество уникальных слов составляет 2251
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 05
    Общее количество слов 4173
    Общее количество уникальных слов составляет 2089
    37.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    53.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    61.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 06
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2204
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 07
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2319
    33.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 08
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2283
    32.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 09
    Общее количество слов 4074
    Общее количество уникальных слов составляет 2163
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 10
    Общее количество слов 3971
    Общее количество уникальных слов составляет 2186
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 11
    Общее количество слов 3935
    Общее количество уникальных слов составляет 2117
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 12
    Общее количество слов 4031
    Общее количество уникальных слов составляет 2296
    35.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 13
    Общее количество слов 4051
    Общее количество уникальных слов составляет 2113
    36.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    61.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 14
    Общее количество слов 3896
    Общее количество уникальных слов составляет 2104
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 15
    Общее количество слов 4041
    Общее количество уникальных слов составляет 2139
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 16
    Общее количество слов 4030
    Общее количество уникальных слов составляет 2157
    35.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 17
    Общее количество слов 3971
    Общее количество уникальных слов составляет 2156
    36.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 18
    Общее количество слов 3896
    Общее количество уникальных слов составляет 2160
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 19
    Общее количество слов 4009
    Общее количество уникальных слов составляет 2076
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 20
    Общее количество слов 4092
    Общее количество уникальных слов составляет 2141
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 21
    Общее количество слов 3977
    Общее количество уникальных слов составляет 2150
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 22
    Общее количество слов 4107
    Общее количество уникальных слов составляет 2182
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 23
    Общее количество слов 4067
    Общее количество уникальных слов составляет 2204
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 24
    Общее количество слов 4086
    Общее количество уникальных слов составляет 2165
    35.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 25
    Общее количество слов 4077
    Общее количество уникальных слов составляет 2115
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 26
    Общее количество слов 3778
    Общее количество уникальных слов составляет 1884
    37.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов