Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 02

Общее количество слов 4139
Общее количество уникальных слов составляет 2198
37.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
52.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
60.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
Даусы қатты шықпаса да Мұрат сызданып, əр сөзін шегелей айтты.
Купцианов Мұрат сөзін ауырласа да күшін жинап тіл қатты. Өйткені
осыдан кейінгі тұнжырап келе жатқан үнсіздіктің бар салмағы өзіне
түсетінін сезді. Соны серпу керек.
– Сіз мені жазаға тарттыңыз ғой. Жаздым, жаңылдым, – деп өлшеп қана
салқын күліп алды, – Дегенмен сіз оптимист екенсіз.
– Айқайшылдар тобына қосыла алмаймын. Бірақ оптимист екенім рас.
Аз басқарсам да, өз батальоныма сенемін.
Уəли екі бастықтың арасының шиеленісіп бара жатқанын сезіп, аса
ыңғайсыз халде отырды. Əрине, екеуі де керіске барыспады. Бірақ мына
сөздердің едəуір зілі бар. Көп уақытқа дейін көңілде түйін болып қалатын
сөздер. Уəли бұлардың екеуін де қимайды. Купцианов əрі бастығы, əрі
досы, тіпті не жасыратыны бар, іш тартатын қамқоры. Ал, Мұрат та көптен
таныс жолдас. Көз көрген. Өзі сияқты қазақтың аз да болса оқыған азаматы.
Сондықтан да Уəли шын ниетімен осы кірбіңді жуып-шайып жібергісі
келді.
– Мұрат, Виниамин Викторович, – деді ол екеуіне кезек қарап. – Үлкен
сөзді қоя тұралық. Болашақ деген əділ би бар, дұрысын сол айтар, таласып
қайтеміз. Бүгін біз Алматымен қоштасамыз. Кəне, сол Алматының
шарабын жұтып жіберелік.
– Станцияға келіп қалыппыз. Мен эшелонды аралап шығайын, – деп
Мұрат орнынан тұрды.
Мұрат шығып үлгірмей жатып вагонға Ержан кірді. Уəли жүзінде бір
мейірімді күлкі ойнап:
– Ə, халың жақсы ма, Ержан? Жоғары шық, – деді.
Ержан Уəлиге мұңайып бас изеді, тез бойын жиып алып:
– Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас капитан, – деді Мұратқа.
Мұрат Ержанның түрінен бір жаманатты сезе қойды.
– Ал, баянда.
– Жауынгер Шөжебаев эшелоннан қалып қойды.
– Қашан?
– Аттанар жерде.
Енді Купцианов пен Уəли ренжи таңданысып қалды.
– Қап!
– Вот это новость!
Мұрат аз уақыт үндемей, Ержанға қабағының астынан қарап тұрып
қалды. Бұл хабар оның маңдайынан таяқпен салып қалғандай тиді. Мұндай
шатақ болады деген есінде де жоқ еді. Бəрін өз қолымен қадағалап-ақ
мінгізген сияқты еді. Енді, мінекей аяқ астынан абыройы айрандай төгілді.
Сəлден кейін суық көзбен Ержанды бастан-аяқ шолып өтті. «Осы неменің
өзі еті тірі, пысық сияқты еді. Сылбыр екен ғой. Тұрысын қарашы,
сүмірейіп, – деді ішінен. Қырық адамды басқармақ түгіл өз басын алып
жүре алмайтын нəрсе ғой».
Ержанға Мұраттың үндемегені ақырғаннан қатты батты. Маңдайдың
астынан сүзе қараған анау екі отты көз кеудесіне кеулеп кіріп, ішкі сарайын
ақтарып барады. Ержан одан əріге шыдай алмады.
– Мен айыптымын. Байқамай қалыппын, – деді ол.
– Сенің айыпты екеніңді онсыз да білемін, – деді Мұрат.
– Қалай? Байқамай қалып қойды ма? Əлде... қашып кетті ме?
– Меніңше, байқамай қалып қойған сияқты.
– Көзің жетпейді ғой? – деді Мұрат бұлтартпай.
– Кесіп айту қиын.
Мұрат Ержанды тағы да бастан-аяқ шолып өтті де, түңілгендей қолын
бір-ақ сілтеді.
– Жүр вагоныңа.
Mұрат кіргенде жауынгерлер сəкілерінен атып тұрды. Барлығы сымдай
тартылып тік тұрса да, командирге тура қарағандары аз. Мұрат вагонның
ортасына таман барды да қолын артына ұстап, жұртты түгел шолып өтті.
Бəрінің кескінінен айыптылық ажарын таныды. «Отырыңдар», – деді
Мұрат. Өзі де орындық іздеп жан-жағына қарады. Бір солдат жəшік əкеліп
бере қойды. Мұрат жайлап отырды да темекі тартты. Жұрттың бəрі үнсіз,
үлкен командирдің қабағын бағып отыр.
– Кəне, шынына келелік, – деді Мұрат,– Білетіндерің бар ма? Мүмкін
əдейі қалып қойған шығар?
Бір сəтке жұрт қатал сұрақты тосырқағандай үнсіз .қалды. Қартбай
орнынан тұрды. Мұрат оның биік болмаса да сүйекті, берік тұлғасын, сирек
шегір мұртты, шешек дағы бар қызыл шырайлы жүзін сүйсіне шолып өтті.
– Мен білсем, оның арам ойы болған жоқ, – деді Қартбай қысқа ғана.
«Мынау айтса біліп айтады. Өзі бір табанды жігіт болар» деп ойлады
Мұрат. Осыдан кейін қайырып сұрамады. Сержант Добрушкин орнынан
тұрды. Ол көз қиығымен Ержан мен Мұратқа кезек қарап өтіп, қолын
шекесіне апарды.
– Жолдас капитан, ол менің отделениемнің жауынгері еді. Рұқсат етіңіз,
өзім барып ертеңгі эшелонмен алып келейін. Ол өзі жөн-жосықты
білмейтін жауынгер.
Добрушкин ұзын бойлы қапсағай, сəл еңкіштеу. Қимылында əскери
жинақылықтан гөрі, мысықтың ептілігіне ұқсайтын бір шапшаңдық бар.
Бетінде əжім жоқ болғанмен өңі ескі. Жас шамасын ажырату қиын,
мұндайлар кейде отызда, кейде қырықтың ар жағында болады.
Добрушкиннің дауысында, бүкіл тұлғасында, бет əлпетінде, иі түскен
қайыстай, көңіл аударып көз тоқтатарлық ешнəрсе жоқ. Тек кісіні сипап
көргендей əккі көзқарасы ғана оның өзіндік қасиетін аңғартқандай. «Əй
бірталайды көрген, жырынды боп қалған қу боларсың», – деп ойлады
Мұрат Неге екенін өзі де түсінбеді, бірақ əйтеуір оны жұмсағысы келмеді.
– Жауынгерді жоғалтқан сен екенсің ғой, – деді Мұрат. – Енді
қалғандарына ие болсаң да жетер. Басқа адам жібереміз.
Мұрат таңдап-таңдап келіп, взвод командирінің көмекшісі, аға сержант
Зеленинді жіберді. Оны аз да болса білетін. Осы бір талдырмаш денелі, ат
жақты, кішкене бетті, шикіл сары жас жігіт – пысық та, жұмсаған іске
тындырымды да көрінген.
Мұрат эшелонды аралап, енді бір аялдамадан кейін өз вагонына қайтып
келгенде, ондағылар əлі ұйықтамаған екен. Бірақ вагон іші манағыдай
жадыраңқы емес. Столда өлеусіреп бір-ақ шырақ жанып тұр. Купцианов өз
төсегінің шетіне барып отырыпты. Оның қалып қойған солдаттың қамы
туралы сұрағына қысқа жауап қайырды да Мұрат фуражкасын алып
маңдайын желге тосып есіктің алдына келіп тұрды.
Жарқыраған жұлдыздай əр жерде сирек жанған электр шамдары артта
қалды да, поезд қалың тұтасқан қараңғы түннің кеудесіне үңгіп кіріп кетті.
Мұрат эшелонның станциядан жүріп кеткенін осы кезде барып сезді. Ол
қатты ойланып қалып еді. Өз ісіне беріліп, құныға жұмыс істеген адам
қолы босап кеткенде – тындырған ісіне сүйсініп, рақаттанып дем алады, не
болмаса – «осы мен босқа əуре болдым ба екен?» – деп секем алып, өткенкеткеніне көз жіберіп алды-артын ойлап толғанады. Мұрат та осы соңғы
нннннн еді. Жаңағы бір жаманат денеге кірген тікендей ұмыт болмаса да,
кейін шегініп кетті. Енді оның алдына үлкен бір сұрақ келген сияқты. Ол
майданға кетіп барады. Бүгін осы күнге дейінгі өмірдің бір белесі бітті.
Алда екінші белес. Алдағы өмірінің қалай боларын бұл əлі білмейді – тек
əйтеуір асқарлы асу барын сезеді. Мінекей осы екі өмірдің аралығында осы
күнге дейін асығыс оқылған кітаптай қайрылуға мұршасы болмаған өткен
өміріне көз жіберді. Сол кітаптың бетін жаба тұрып ойланып қалды.
Мұраттың жасы биыл отыз екіде. Ол өткен өміріне көз жүгірткенде екі
түрлі қарама-қарсы əсерде болды.
Ауылда асық ойнап, жалаң аяқ шапқылап жүргені, интернатта оқығаны
күні кеше сияқты. Енді содан бір айналуға келмей мінекей майданға кетіп
барады. Ауыл сыртындағы асық ойнайтын тақыр, өздері басына талай
шыққан Жандыз өзеніне төніп тұрған «Тастұмсық» аталатын кішкене ееееi,
өзенді жағалай шашырай салынған бəкене қыстаулар көз алдында.
Жаздыгүні ыссыда толарсақтан суға кіріп, қалың қоғаның арасынан құлағы
мен сауырын салаған құйрығы ғана көрінетін жылқы... Суға шомылған
балалардың шуы да құлағынан кетпеген. Жандыз бойындағы шөптер жазда
қурап кететін де қаптаған тікенекке қадалатын. Пышақпен тілгендей
башайдың астына инедей қадалатын. Осының бəрі күні кеше емес пе еді?!
Мұрат енді бір қарағанда сол балалық шақ тіпті алыстап кеткен екен. Ол
екі ортада жоталанып талай өмір асулары жатыр. Мұрат балалықпен ерте
қоштасты. Сонау бір бұлыңғыр күз – алғаш рет мұны ойыннан қалдырды.
Əкесі Мұратты қасына ертіп Тастұмсықтың ар жағындағы жазықтан
шапқан шөп тасыды. Қар жауып, мұз қатқасын Жандыз бойынан қоға
шапты. Əрине Мұрат шаба алған жоқ, ол əкесінің шапқан қоғасын жинады.
Жандыздың арғы бетіндегі, ақырын көтеріліп, алыстап барып адырға
жалғасып кететін «Итөлген» атты кең жазықтың үстіне ызғарлы көк ала
бұлт кетпей қойған. Сол түсі суық бұлтқа, жаяу борасын сыпырған кең
жазыққа қарағанда бала Мұраттың көңілі елегізіп қоя беретін. Оған
дүниенің бəрі дірілдеп жаурап тұрған сияқты көрінетін. Оның үстіне əкесі
аспанға қарап: «Биылғы қыстың сыңайы жаман» деп басын шайқап бала
көңілін қобалжыта түсетін. Сол жылы қой қораға ерте қамалды. Қой түгіл,
жылқының өзі əрең тебіндеп жайылатын болды. Мұрат өзі жақсы көретін
тортөбел құнанының шашасының асты қанағанын көріп, əкесіне
«құнанымның аяғын кім кесті» деп жылаған. Бұрын кемпірлердің сөзінен
құлағы шалған «жұт» деген сөздің сұмдық мағынасын Мұрат осы жолы
түсінді.
«Жұт» деген суық сөз оның ұғымында – қазанда бұрқылдап қайнаған
қатықсыз, сұйық атала, арқасы пышақтай, қабырғасы ырсиып құлап жатқан
тортөбел құнан, үй-ішінің тұнжыраған жүдеулігі болып кірді. Мұрат ішке
кірсе де, тысқа шықса да дүниенің, жүдеулігін көрді. Бетін басқан көк
мұздақты сілкіп тастауға дəрмені болмай, аш адамдай буыны кетіп жер де
сұлық жатыр. Қырман орнында шүпірлесіп жүретін жұмырықтай жұпжұмыр шіл де биыл көзге түспейді. Жылда пішен мен қоң исі аңқып, жыпжылы болатын мал қора да биыл азынап тұр. Буы бұрқыраған көң орнында
əр жерде қатып қалған шашыраңқы құмалақ пен тезек қана.
Жаз шығысымен əкесі ағайыннан бөлініп қалаға көшті. Қыстан сіңірі
шыққан сары атанға бар жүгін артып, үй-іші шұбырып жаяу кетті. Мұрат
көз ашқалы. өзі көрген, өзі білген бар дүниемен – балалық мекенімен
осындай жүдеу шақта қош айтысты. Өзеннің арғы бетіне Мұрат ұзап
шығып көрмеген-ді. Бұлардың ауылы жазда олай қарай көшпейтін.
Мұраттың дүниенің бұл жақ бетінен көргені сонау алыстағы мұнартқан
басын сағым шалған Ақадыр ғана. Бала қиялына сонау мың құбылып,
төгіліп ойнаған сағымның ар жағында ғажайып бір ел бар сияқты
елестейтін. Бірақ Ақадырдың ар жағы кəдімгі Итөлген сияқты жазық, одан
əрі тағы бір адыр екен. Аш жаяуды, бала жаяуды шөлдетті де, шаршатты
да. Бірақ Мұрат сары атан көтере алмаған бір қомақты қапшықты арқалап,
қара терге түсіп келе жатқан əкесіне қарап қойып, дыбысын шығармай
жүре берді. Осылай балалық та қыстауда ұмыт қалған асықпен бірге сонау
кейінде, Ақадырдың ар жағында қалып қойды.
Мұрат туған жеріне жеті-сегіз жылдан кейін қайтып оралды. Енді біраз
оқыған, дүние көрген, жиырмадағы жігіт болып келді. Неге екені белгісіз
Жандыз бойын сол өзі кеткендегі жүдеу, жұпыны қалпында көрем ғой деп
ойлап еді. Ақадырдан бері асқасын-ақ өзен жағасында қаптай қонған ауыл,
қырқада жайылған үйір-үйір жылқы көрді. Бойындағы қыстан алып қалған
ылғалы таусылмаған дала көктем күніне еркелеп, кең тыныстап көлбеп
жатыр. Тастұмсыққа жақындап келгенде Мұраттың арбадан қарғып түсіп,
жүгіріп барып Жандызға шомылғысы келіп кетті. Бірақ ірі байларды
конфискалауға келе жатқан өкілге өйтуге болмайтын еді. Мұрат
тарантастың үстінде бір қозғалып қойды да, бойын түзеп тік отырды.
Ауыл сол баяғы қалпы екен. Дөңгелене тігілген қараша үйлер. Атқа
мініп қарына құрық ілген жігіттер. Кешкітұрым шұбылта шаң бұрқыратып
өрістен қайтқан мал. Есік алдында жер ошақта жанған от. Тек анау беттегі
Дербісəлі ауылы ғана кішірейіп қалған. Бұрынғы оқшау бір шоғыр болып
теңкиіп тұратын ақ үйлер кішірейіп, қоңырқай тартқан. Мұрат екі-үш күн
ауылдарды аралап, əркіммен əңгімелесіп жүрді. Қаладан шыққанда нұсқау
анық, істейтін іс белгілі еді. Кедейлерге мықтап арқа сүйеп, орташаларды
өз жағына тартып, ірі байларды əшкерелеуге, конфискалауға тиіс. Бірақ
ауылға келгенде бəрін шатастырып алды. Біріншіден, Дербісəлінің малы
өзіндегі ақбардан анағұрлым аз болып шықты. Конфискаға жатқызуға да
сыймайды. «Оның бұрынғы малы қайда деп əркімнен бір сұрап көріп еді,
кейбіреулері «біз қайдан білейік, кімнің малының есебін алып жүрміз» деп
жалтарды; біреулері «қазақтың жұт дейтіні болады, шырағым, бері-қарысы
жəне бар. Дерекеңнің де дəулеті шайқалды ғой» десті.
Мұрат Дербісəлінің аулына барды. Дербісəлі ірі денелі, қара бурыл
сақалды кісі екен, Мұратты өзі шығып қарсы алды. Мұрат бала кезінде оны
бір-екі рет көрген-ді. Онда үстіне көк мауты ұзын татар бешпет, басына көк
қалпақ киіп жүрген қызыл шырайлы əдемі кісі болатын. Сақалының бурыл
тартқаны болмаса қазір де сырт пішіні көп өзгермепті. Бірақ бұрынғы
маңғаздық пен екпін жоқ, иі түсіп қалыпты. Басында көнетоз құндыз бөрік,
үстінде жалаң шекпен. Ол Мұратты тарантастан түсіріп жасауы шамалы,
бес қанат үйге алып кірді.
– Мұрат шырағым, қазақ «алты жасар бала алыстан көрсе, алпыстағы
қария арнап барып сəлем береді» деген еді. Бара алмадым. Несін
жасырайын: «Дербісəлі малын алуға келген адамға жалпақтап жатыр»
деген сөзден қаштым» – деді Дербісəлі малдасын құрып отырған күйі екі
тізесін ұстап шалқая беріп, Мұратты бастан-аяқ шолып өзін, – Заман солай
ғой. Сені жібере ме, басқаны жібере ме, Үкімет əйтеуір алатын малын
алмай қоймайды ғой, – деп күрсініп қойды да, басқа сөзге көшті. Сөз реті
келгесін айтып жатырмын, көңіліңе алма. Ал, əке-шешеңнің дені сау ма?
Арыстан əлі қартаймаған шығар. Біздің Жəмила қарындас жақсы ма?
Айтпақшы, сен бізге жақын жиенсің-ау. Жəмила біздің Байжұманың қызы
ғой.
Мұрат тап жауымен айқасуға іштей мықтап дайындалып келген еді.
Дербісəлі бірден бетін жұмсартып əкетіп барады. Сондықтан да Дербісəліге
соққы беруден гөрі де өзін өзі қайрау үшін бала көңілінде қалған ренішін
қатты айтып та салды:
– Сіз сол жақын қарындасыңызға тарыққанда бір сиырдың сүтін
қимадыңыз ғой.– Дербісəлі Мұраттың бетіне оқшая қарап алды да, күліп
жіберді.
– Ұстаған жерін қарашы. Ұқсамасаң тума. Өзің Арыстаннан аумай
қалыпсың. Ол да кісіге сөзін жіберіп көрген емес қой. – Дербісəлі күлкіден
оқыс тыйылып, ауыр күрсініп байсалды сөйлеп кетті,– Ол мешіннен біз де
көтерем болмағанмен соған жуықтап шықтық. Мендегі дəулеттің
сарқыншағымен бүкіл Байжұма жүрек жалғады. Бірақ сөзің орынды. Бір
сиырдың, не бір байталдың сүтін Арыстанға беруге болатын еді. Бəрі
пиғылдың тарлығы ғой. Кім біледі, сол пиғылымыздан жазған шығармыз.
Мұрат кешке қарай Дербісəлінің аулынан қайтып келе жатқанда,
көлденеңнен бір салт атты кездесті. Кішкене қара сақалды, аласа бойлылау,
шымыр денелі біреу екен ат үстінен сəлемдесті де, Мұраттың бетіне
кішкене көзін шүйіре, жымия қарады.
– Дəу де болса, сен мені танымай тұрсың-ау, Мұрат, ə?
Мұрат оның бетіне үңіле қарап тұрды да:
– Сіз... сіз... Жанғабыл боларсыз. Ассалаумалайкум, Жанеке, – деді,
арбадан түсіп, қолын ұсынып.
– Уағалайкүмұссалам. Көп жаса. Елден жас кетіп едің, ұмытпапсың, –
деді Жанғабыл аттан түсіп, Мұраттың қолын қатты сілкіп.– Арыстанның
баласы, төре болған екенсің. Келгеніңе үш күн болды. Пəуескеден
түспейсің. Арыстан екеуміз дос едік, баласы үйге келіп сəлем беруді де
білмейді,– деп ол Мұратты біраз шенеп алды,– Жə, оқасы жоқ. Сенде сөзім
бар еді, Пəуескеңді жібер, жүре сөйлеселік.
Екеуі оңаша қалғасын Жанғабыл қайта сөйледі.
– Біліп тұрмын. Дербісəліге барып келесің ғой. Байдың мал-жаны аман
ба екен. Асты-үстіңе түсіп, жақсы қарсы алған шығар? Сенің өзіне жиен
екеніңді де айтқан болар.
– Оны қайдан білесіз? – деді Мұрат таңданып. Жанғабыл қарқылдап
күліп алды.
– Ай, жассың ғой əлі. Малшылардың еңбек ақысын əпермек болдың ба?
– Иə.
– Малшылар ақысын түгел алған болып шықпаса не қылсын?
– Сізге оны кім айтты? Жанғабыл тағы да күлді.
– Оны айтудың керегі жоқ. Жылқышы Құлбай ғой, құдай біледі.
«Дерекеме еңбегім кеткен жоқ, сақалым ағарғанда күнəкар бола алмаймын.
Шырағым, кеңес төресі, дұқамантыңа Құлбай бар ақысын алды деп жаз»
деген шығар-ау, – деп Жанғабыл тағы да күліп алды. Мұрат Жанғабылдың
өзімен бірге болғандай сөйлегеніне қайран болды. – Əй, қор неме.
Қорлыққа еті өліп кеткен оның, – деп Жанғабыл Құлбайға кіжінді де,
байсалды сөйлеп кетті. – Кеңес өкіметінің дəмін таттық. Бұл өзі кедейдің
өкіметі ғой. Осы күнге дейін байларды тежеп келіп еді, бірақ менің
байқауымша, байларға үлкен құрығын енді салатын сияқты. Сол құрықты
ұстап келген сенсің. Құрық саларда үйірдің ішіне кіріп кетіп алдырмайтын
əккі болып қалған ту асаулар болады. Дербісəлі де қамсыз отырған жоқ.
Өзің де байқаған шығарсың. Ен дəулеттің ұшығы ғана қалған онда. Сен
болсаң ғой, құдай біледі, Дербісəлінің баяғы дəулеті, баяғы малы қайда деп
дал болып жүрсің. Сен оны Дербісəлінің үйінен іздеме. Егер оны тапқың
келсе, мына пəуескеден түс те, атқа мін, мынау басыңдағы шəпкеңді де
таста. Біздің үйде менің бір бөркім бар, соны ки. Менімен бірге жүріп осы
екі ауылды арала. Сен кешегі Арыстанның баласы болғанмен бүгін əкімсің.
Саған кез келген адам шешіліп шынын айта бермейді. Ал, Дербісəлінің
мал-мүлкінің қайда екенін мен білем, мен білмегенді ел біледі. Тек
қатындар сау болсын, құранға жазылған құпия болса да жетпей қалмайды.
Сені осы маңдағы жөні түзу, еті тірі жігіттермен кездестірем, өзің оған жол
таба алмай жүр екенсің. Осында сен сияқты оқуы болмағанмен, еті тірі
Қартбай дейтін жігіт бар. Біз оны Қаратай дейміз. Соны қасыңа серік қып
ал. Жоғарыдағылар байды конпескелегенде кедейге арқа сүйе деген шығарау, міне сол кедейің біз боламыз, – деп бітірді Жанғабыл сөзін.
Мұрат бойындағы жас қызуымен іске кірісіп, Дербісəлі байдың ағайын
арасында жасырған малын, тыққан дүниесін тауып конфискалады. Əрине,
бұл іс оңай болмады. Ол түгіл Мұратқа тіпті жеңіл көрінген бай малынан
кедейлерге мал үлестіру де оңайға түскен жоқ. Байлардың үгіті ме, əлде
бойға сіңіп меңдетіп кеткен қараңғылық, ескілік пе, кейбір кедейлер:
«Бүлінген елден бүлдіргі алма деген, құдай өз талайымыздан жарылқасын;
кісі малын ала алмаймыз, Дербісəліге опа бермеген мал бізге де опа
бермес» деп тұрып алды.
Дербісəлі кетер алдында Мұратқа былай деп еді:
– Шырағым Мұрат, заман осылай болды, бұл да болса Алланың ісі
шығар. Тірнектеп жиған мал кетті. Сен де бөтен емес едің. Бірақ... Түп
қазық сенде емес қой. Саған өкпе жоқ. Заманың түлкі болса тазы боп қу
деген. Алдыңнан жарылқасын. Біз де Алланың салғанын көрерміз.
Көрмеген жердің ой-шұқыры көп болады, Мұрат шырағым, тым болмаса
ағайын арасында қалдырмадың қайтейін.
– Отағасы, заманның несін айта бересіз,– деді Мұрат.– Халық заман енді
түзелді деп отыр. Заман түлкі емес те, біз тазы емеспіз. Заманның билігі
қолға тигесін, оны осылай өзіміз өзгертіп жатырмыз. Малды да
уайымдамаңыз, мал иесін тапты. Баққан адамына барды. Жұртты көп
шулатпай аттаныңыз.
– Иə, заман сендердікі ғой, – деді Дербісəлі екі-ұшты етіп. Содан кейін
Мұратты көзімен атын жіберердей оқталып қалды да тез өзгеріп, төмен
қарап күрсініп қойды,– Əрине, сендер солай дейсіңдер ғой. Ал, қош бол,
шырағым. Арыстан мен Жəмилаға сəлем айт. Енді қайтып көрісеміз бе, жоқ
па!?
Бұлар арада үш-төрт жыл өткеннен кейін қайтадан кездесті. Мұрат
совпартшколды бітіріп, партия-совет қызметтерінде істеді. 1932 жылы оны
Жандыз бойына командировкаға жіберді. Бұл бір қиын кез еді.
Отырықшылыққа көшкен жаңа шаруашылықты басқара білмеушілік, асыра
сілтеушілер, əр түрлі зиянкестік əрекеттер қосылып, жас колхозды меңдетіп
тастаған екен. Мұрат колхоздың шайқалған шаруасын қалпына келтірмек
болып бар күшін салды. Өз төңірегіне баяғы Жанғабыл, Қаратайлар сияқты
адамдарды топтап, үгіті мен айқайы аралас, əрең деп колхоз бетін түзеген
кезде, азғана күннің ішінде түн жамылып, жырылып-жырылып колхоздың
малы ұрлана бастады. Мұрат сенімді адамдарын жинап алып кеңесті.
– Менің ағайыным қисық ауыз Жоламан да жоғалып кетті,– деді
Қаратай.– Əйеліме сыр тарттырып біліп алдым. Осында астыртын
Дербісəлі келіпті, Жұрт соған кетіп жатыр. Шамасы Соналының қалың
қамысын паналаған түрлері бар.
Мұрат ақылдаса келіп колхоздың бар жігітін, шиті мылтық, сойылмен
қаруландырып атқа қондырды.
– Қолдарыңнан келсе тілдесіп, жөнге көшіріңдер. Олар да қарусыз емес
шығар, – деді Жанғабыл.
Колхозшылар отряды екі күн іздеп, бандаларға жолықты. Бандалар
Соналының ар жағындағы Қыналы адырының бір қуысынан шыға келді.
Шағын отрядты көріп қалып шабарын не қашарын білмей ошарылып
тұрып қалды. Мұрат та өз адамдарын тоқтатты да, қасына Қартбайды алып,
ілгері жүріп кетті. Дербісəліні анадайдан-ақ таныды. Басында құндыз
бөрік, үстінде белін буған жеңіл шекпен. Топтан сəл ілгері шығып, ақбоз
аттың үстіне белін таянып шалқақ отыр. Жақындап келген Мұратқа
сыздана қарап мырс етіп қойды. Сақалы ақ бурыл болған, денесінің
бұрынғы толықтығы таралып сіңірлене түскен. Мұрат оның бетіне қарап,
одан жақсылық күтпейтінін түсінді. Бұл да атының басын оқыс тежеп,
қабағының астынан өзара қарап тұрып қалды.
– Аман көрінесің ғой, – деді Мұрат жұртты суық көзбен шолып өтіп.
Бастарын орамалмен таңып, білектерін сыбанып алған. Отыз қаралы
адамның едəуірінде мылтық бар, кейбіреулері аттың жалына қойып
көлденең, кейбіреулері тұмсығын түсіре кезей ұстапты. Мұрат не жеңіп
қайтатынын, не осы арадан аман кетпейтінін түсінді. – Амандық сұрасуға
келгенім жоқ. Алдымен сөзім мынау соңыңа ерген жігіттерге. Өзіңе де
айтам. Жөнге көніңдер. Қазір менімен бірге жүресіңдер. Жасырмаймын,
өйтпесеңдер оңбайсыңдар.
– Ана жылы жер аударып едің, енді түрмеге қама деп ерем бе саған?
Жоқ, олай болмас. Шамаң келсе күшпен алып көр, –деді Дербісəлі ащы
мысқылмен төбеде тұрған аз ғана топқа көз тастап, – Қалың қолмен келе
алмапсың ғой. Шіркінім, жаңа заман орнатам деуші едіңдер, көрді қазақ ол
заманыңды. Татты дəмін. Көрерміз, əлі қазақты қайсымыз аударып
аларымызды. Арқа сүйеген арысың болса, ол да тыныш көрінбейді.
– Түбірімен жұлынған ағаш қайтадан өспейді бұл топыраққа.
Өсірмейміз,– деді Мұрат зілмен сөйлеп.
– Əə, жұлдым деп ойлайды екенсіңдер ғой,– деп Дербісəлі оның сөзін
бөлді.– Жоқ. Менің тамырым қалған.
– Тамырыңды да қырқамыз. Ал, қазақтың қамын сен ойламай-ақ қой, ол
өз жолын тапқан. Оны ол жолдан сен тайдыра алмайсың. Қолыңнан келгені
аяқтан шалу болар. Отыз адам ерттім деп, ел бастағандай қақшима!– деді
де Мұрат өзгелеріне бұрылды.– Жігіттер, сендер адасып жүрсіңдер!
Дербісəлі сендерді өзімен бірге суға батырмақ! Осының не жақсылығын
көріп едіңдер! Кəнекей, үйлеріңе, қатын-балаларыңа қайтыңдар. Кеңес
үкіметінің атынан кешірім етем.
– Алдайды мына күшік! Жоғалт көзін! – деп Дербісəлі жалт бұрылып
қасындағы біреуге əмір етті.
Мұрат бір қисық ауыз қараның көзі адырайып, мылтықты кезей бергенін
көріп қалды. Осы кезде қасында тұрған Қаратай атын бір-ақ ырғытып,
Мұратты қалқалай көлденең тұра қалды да:
– Ал, ат мені! Қисық ауыз əкеңнің...– деп ақырып жіберді. Қисық
ауыздың қолынан мылтығы түсіп кетті. Өзгелері де аңтарылып қалды. –
Жə, үкіметтің адамына тиіп көріңдерші! Ертең үрім-бұтағына дейін тыптипыл қылсын! Оттамай ауылға қайтыңдар, өй, өңшең маубастар. Болмаса
күн ертең өлесіңдер!
Қысылшаң жерде Мұраттың үгітінен гөрі, Қаратайдың «үгіті» қатты
əсер етті. Жұрт сытылып Мұраттар жаққа шыға берді. Дербісəлі ақбоз атын
осып жіберіп, жалт бұрыла бергенде, Қаратайдың ерінің қасына ілінген
бұғалық сылаң етіп жыландай атылып барып мойнына түсті.
Мұраттың жастық шағы елде болып жатқан үлкен өзгерістермен тұстас
болды да, ол тез есейді. Өз бойындағы бар қызу қайратын жаңа өмір құру
жолына аямай жұмсады. Қызу іс үстінде жүріп жалпақ жатқан қараңғы
надан елдің қалай тез өзгеріп кеткенін де байқамай қалған сияқты. Енді
тұрып өткенге көз жіберсе кешегі отызыншы жылдардың бас кезіндегі өмір
тіпті алыстап кетіпті. Сондықтан да Мұрат өзіне ұзақ жасаған адам сияқты
көрінеді.
Жақа өмірдің толғағы ауыр болды. Байлардың ғана тамырын қырқумен
іс бітпеді, кейде өз бойыңдағы аяулыңды, үйреніп қалған қимасыңды
қырқуға тура келді.
Мұрат өз өмірін ойымен қорытты. Мынау өмірде аз да болса оның да
үлесі бар. Бойындағы барын соған берді. Енді сол өмірді жатқа бермеуге
кетіп барады.
3
Ержанға Мұраттың мінезі қатты батты. Жас жігіттің барлық шамшыл
намыскерлігі де алғаш рет өзін осы жолы танытты. Егер Мұрат оған қатты
сөз айтса қиналмас еді. Əскер өмірі Ержанды ондайға үйреткен. Ондайондай хан қызында да болады. Ержан сөгіс те алып көрді. Жазаланып та
көрді. Бірақ, өзгеде, əсіресе бастықтан, дəл осындай мінез көріп тұрғаны
осы. Мұрат қолын бір-ақ сілтеді. Сөзін шығын еткісі келмеді. Ал өзін ертіп
вагонға келгенде де мұнымен ісі болмады, Добрушкинмен, Қартбаймен
сөйлесті. Ержанға бұрылып қарамады да. Зеленинді де өзі тағайындап,
тапсырманы өзі беріп, өзі жөнелтті. Ержан взводтың командирі емес не?
Жазалы, айыпты болса да командир ғой! Ең алдымен оның командирлік
намысы келді. «Мені командирге санамағаны ма? Сондай-ақ
командирлердің ішіндегі қоры емес едім ғой. Мені өзі де білмейтін де еді»
деп ызаланды. Енді бір ойланғанда мұнысынан анағұрлым ауыр, ащы
шындық ашты. Мұрат мұны адам санына да алмапты, əбден түңілген
сияқты. Болмаса кейір еді, ақырар еді. Жазалап əуре болуға да татымайсың
дегені ғой. Мұраттың соңғы бір көзқарасы көз алдынан кетер емес. Қолына
уыстап алып, үңіліп көріп «өй, түкке жарамайды екенсің ғой» дегендей ол
Ержанды бастан-аяқ бір шолып өтті де, бұрылып жүре берді. Мұраттың дəл
осы бір кескіні көзіне елестегенде, ол жəне қасақана елестей береді, Ержан
өзін-өзі далаға тастай қашқандай болады.
Ержан ұйықтай алмай дөңбекши береді. Енді оған вагондағы
солдаттардың бəрі өзіне Мұраттың көзімен қарайтын сияқты көрінді. Адам
сезімдерінің ішіндегі ең бір оңбағаны – өзіңнің керексіздігіңді, еш қажетке
жарамайтыныңды білгендегі – жиренішті, ащы сезім Ержанды баурап
барады. Ержан көңілінің жүдей түсуіне тағы бір себеп – ол Мұратты іштей
жақсы көретін. Оның істеген ісіне, өp мінезіне, сымбатты тұлғасына
сүйсінетін. Осындай адамның өзінен біржола түңілуі... Денеге кіріп кетіп
етті шіріткен жаңқадай, осы бір қорлық сезім оған келесі күнге дейін маза
бермеді. Ержан енді онымен күресе бастады. Күресті Мұратты
жамандаудан бастады.
«Жақсы-ақ командир шығар. Мейлі. Бірақ дүниеде жалғыз өзім деп
ойлауға болмайтын шығар. Жақсы, жақсы дегенге... Соншама асқақ
болғаны несі. Барып тұрған өркөкіректің өзі. Шенім жоғары деп жұрттың
бəрін қорлауға бола ма екен! Соғыста көрерміз əлі кімнің кім екенін! Meн
бір ерекше көзге түссем... Сонда өз мінезіңнен өзің ұяларсың...». Осылай
Ержан өзімен өзі сөйлескен сайын Мұраттың құны біртіндеп кеми берді де,
өз бағасы көтеріле берді. Тіпті, енді Мұраттан өзі биік боп барады.
Бір аялдамада Уəли кездесті. Ол Ержанның осы ойын растап, өте бір
қымбатты, қимас адамына жолығуға ынтыққандай күлімдеп асыға басып
келді. Уəлидің жылтыраған кішкене көзі, қызара бөрткен толықша жүзі,
қызу тоқ тұлғасы Ержанды жылы леппен шарпып өткендей болды.
– Аманбысың Ержан. Халің қалай? – деді қолын ұсынып.
– Хал нашар. Естідің ғой өзің,– деді Ержан мұңайып.
Уəлидің де жайнаған жүзіне көлеңке түскендей болды.
– Иə-иə, жаманатқа қалдырғанын қарашы оңбағанның. Қап. Бірақ сен
өкінбе, табылар. Түптеп келгенде жалғыз сен ғана жауапты емессің ғой,–
деп жұбатты ол. – Болар іс болды. Ақырын күтелік. Мойи берме. Алда əлі
талай қиындықтар кездеседі.
Ержанның кешеден бергі естіген жылы сөзі осы еді. Уəли ағалық
қамқорлықпен оның иығынан құшақтады.
– Дала қандай рақат. Жүр, бір-екі аялдама ашық вагонның үстіне барып
жатайық.
Ержан онда барғысы келмесе де Уəлидің сөзін қимады. Оның үстіне
кешеден бері жалғызсырап қалған ол жанашыр, дос адамның аясынан
шыққысы да келмеді. Жазалау ретінде кезексіз дежурныйлыққа
тағайындалған Добрушкинге жеки əмір етті де Уəлиге ерді.
Ашық вагонның үсті шынында да жақсы екен. Желпіп самал жел еседі
үстіңде биік көк аспан. Рақаттанып, сырғып қалып бара жатқан кең далаға,
əр жердегі көк торғын жамылған қыстақтарға қара да отыр.
– Мен Мұратпен біраздан бері жолдаспын,– деді Уəли Ержанға
папиросын ұсынып.– Бірақ, сонда да өзін əлі жөндеп түсіне алмай келемін.
Ол институтта сырттай оқыды ғой. Менен сабақ алған. Бірге жүрдік. Бірге
қыдырдық. Аңға да шықтық. Сонда да сырын ала алмадым. Мысалы
сенімен көңілдегімді жасырмай сөйлесем. Біз еш уақытта ренжіспейміз.
Ал, Мұрат болса кейде тым жақсы да, кейде титтей нəрседен сабындай
бұзылады. Өзінің мінезі бір түрлі.
Уəлидің сөзі Ержанның көңіліндегісі сияқты. Бұл екеуі біраздан бері
жолдас еді. Олардың достығы да көп адамдардың достығындай байқаусыз
басталды.
Алғашқы рет Уəлиді қайда көргені Ержанның есінде қалмапты. Əйтеуір
осы дивизияның көп командирлері сияқты онымен де таныс болды. Содан
бір-екі рет далада ойында жүргенде еріккеннен ұзағырақ сөйлесіп қалды.
Уəлидің кім екенін, қандай адам болғанын біліп, сыйлайтын болды. Уəли
бір күні мұны қалаға ертіп шығып, екеуі бірге институт мұғалімдері
арасында қонақта болды. Өзімнің білімсіздігімді, тəрбиесіздігімді көрсетіп
алам ба деп, ондай адамдардың арасында бұрын болып көрмеген Ержан
қатты қысылған. Сөзге де араласпады, жөндеп тамақ та іше алмады. Сонда
жолдастарының арасында өктем сөйлеп, еркін отырған Уəли, бейне бір қыл
көпірдің үстінен көтеріп алып кеткендей, Ержанды демеп, сөзге
араластырып, өзгелерге де еріксіз сыйлаттырып еді. Шамасы екеуінің
жақындығы осыдан басталса керек. Содан бері Ержанды демеумен келеді.
– Сені жазалаған жоқ па? – деп сұрады Уəли папиросының ұшындағы
күліне үңіліп.
– Жазалаған жоқ. Бірақ...
Ержан тілі жеткенше өзінің ренішін айтты. Ақыры өзін қинаған сезімді
айтып жеткізе алмай «бір түрлі, далада қалғандай болдым» деп бітірді.
– Иə-а... Оның ондайы бар,– деді Уəли ақырын ыңыранып. – Бірақ сен
оған мұқалма. Мұраттың мінезі дөкірлеу, ол соғыс үшін жаратылған адам.
Елемей-ақ қой. Мен де жүрмін ғой. Болмаса менің орным осы ма еді?
Отанды қорғаған, абыройлы болған жақсы ғой.– Уəли алысқа қарап аз
уақыт үндемей отырды.– Он бес жыл оқыдым. Қаншама кітап ақтардым.
Аспирантураны бітіруге едім. Ғылымда жаңалық ашпақ едім. Енді бес
жылдық білімі бар адам алып кететін шифровка мен кодировканы əурелеп
жүргенім. Анада көрдің ғой менің жолдастарымды. Солардың бəрі қалды.
Сабақ беріп жүр.
Ержан да Уəлидің мұңын түсінгендей болды. Өзгелері қалып, осынша
білімді адам мұның кетіп бара жатқаны қиянат тəрізді. Бірақ Ержанның
қолынан келері жоқ, бар жақсылығы – Уəлиді бұрынғыдан да іш тарта
түсті.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Қаһарлы күндер - 03
  • Части
  • Қаһарлы күндер - 01
    Общее количество слов 4074
    Общее количество уникальных слов составляет 2218
    37.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    62.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 02
    Общее количество слов 4139
    Общее количество уникальных слов составляет 2198
    37.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 03
    Общее количество слов 4119
    Общее количество уникальных слов составляет 2250
    36.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 04
    Общее количество слов 4090
    Общее количество уникальных слов составляет 2251
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 05
    Общее количество слов 4173
    Общее количество уникальных слов составляет 2089
    37.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    53.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    61.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 06
    Общее количество слов 4102
    Общее количество уникальных слов составляет 2204
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 07
    Общее количество слов 4014
    Общее количество уникальных слов составляет 2319
    33.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 08
    Общее количество слов 4065
    Общее количество уникальных слов составляет 2283
    32.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 09
    Общее количество слов 4074
    Общее количество уникальных слов составляет 2163
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 10
    Общее количество слов 3971
    Общее количество уникальных слов составляет 2186
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 11
    Общее количество слов 3935
    Общее количество уникальных слов составляет 2117
    35.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 12
    Общее количество слов 4031
    Общее количество уникальных слов составляет 2296
    35.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 13
    Общее количество слов 4051
    Общее количество уникальных слов составляет 2113
    36.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    61.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 14
    Общее количество слов 3896
    Общее количество уникальных слов составляет 2104
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 15
    Общее количество слов 4041
    Общее количество уникальных слов составляет 2139
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 16
    Общее количество слов 4030
    Общее количество уникальных слов составляет 2157
    35.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 17
    Общее количество слов 3971
    Общее количество уникальных слов составляет 2156
    36.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 18
    Общее количество слов 3896
    Общее количество уникальных слов составляет 2160
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 19
    Общее количество слов 4009
    Общее количество уникальных слов составляет 2076
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 20
    Общее количество слов 4092
    Общее количество уникальных слов составляет 2141
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 21
    Общее количество слов 3977
    Общее количество уникальных слов составляет 2150
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 22
    Общее количество слов 4107
    Общее количество уникальных слов составляет 2182
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 23
    Общее количество слов 4067
    Общее количество уникальных слов составляет 2204
    36.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 24
    Общее количество слов 4086
    Общее количество уникальных слов составляет 2165
    35.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 25
    Общее количество слов 4077
    Общее количество уникальных слов составляет 2115
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Қаһарлы күндер - 26
    Общее количество слов 3778
    Общее количество уникальных слов составляет 1884
    37.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов