Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02

Общее количество слов 3956
Общее количество уникальных слов составляет 2419
31.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
45.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
53.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
дөкірліктің, ұсқынсыздық пен мейірімсіздіктің жиынтығындай
кісəпірмен жүздескенде жаны жүдеп қалмас па екен? Жүдейді. Нəзіктік
жүрек қылымен күй шертеді. Сол жіңішке қылға дөкірліктің саусағы
жармассыншы, бырт-бырт үзілсін!"
Балта өз ойынан өзі шошыды. Дүр сілкініп ойын үзіп алды.
***
Жиырма бір адамы бар шағын лабораторияға Балта тез бауыр
басып кетті. Жарқын оны кіші ғылыми қызметкер Сухоруковтың
тобына қосты. Топтағы бес адам тəжірибе өткізетін шахта пештің
эксперименттік нұсқасын жасаумен шұғылданып жатқан-ды. Балта
қызу араласып кетті де, домнаға сəйкестендіріп əлгі агрегатқа елеулі
өзгерістер енгізді. Футеровканы — ішкі сылақты — лаборанттарға
сенбей өзі жасады.
Алғашқы жұмыс күнгі кеште-ақ институттың кезегі келгендіктен
тəртіп сақтау кезекшілігіне паркке барды. Қасында өзінің екі
лаборанты бар. Алтыбақан маңайында біраз болып, енді би алаңын
шолып қайтуға үшеуі жайлап басып келе жатқан. Қарсы алдарынан ақ
көйлек ақ туфли, ақ шляпа киген көршісі шыға келді. Жүрегі дүрсілдеп,
аяқтары шалынысып, қапелімде оң жақтағы серігінің қолтығынан
ұстай алды.
"Сол ма, сол емес пе?" деп ə дегенде сенер-сенбес күйде ақ көйлекті
аруға елеусіз көз қиығын тастап еді, анық таныды. "Сол!" Жұпар иіс,
періште арудың ерекше исі Балтаның танауын тұшынтып жіберді.
"Сəлемдессем, танымай өте шықса, қасымдағылардан ұят қой.
Байқамағансып кете берсем бе екен?"
— О-о, сіз бе едіңіз?! Қайырлы кеш!
Сыңғыр дауыс Балтаның есін жиғызды.
— Сəламатпысыз!.. Ə-ə, қайырлы кеш. — Балта серігінің қолтығынан
қолын босатты. Қасындағы екеуі келіншекпен бас изеп қана
амандасып, ілгері кете берді.
— Дружинник екенсіз ғой.
— Иə. Біздің институттың кезегі бүгін келген екен.
"Қолымды ұсынып, уақытты өткізіп алмай, танысуым керек".
— Кешке қарай паркте қыдыруды ұнатам. Былай
жүрмеймісіз? — Ару бойжеткен ескі танысындай өзімсінді.
қарай
— Иə-иə, рақмет!..
"Рақметіме жол болсын. Аузымнан сөзім түсіп абдырап қалатыным
жаман. Кешеден бері қайта көрсем, тағы кездессем деп армандағаным
осы емес пе. Енді, міне, мысым құрып, не айтарымды да білмей
ыбылжып тұрмын. Басқалардың алдында ешкімге сөз" бермеймін".
Бойжеткен Балтаның жайын ұқты. Тізгінді өзіне алды...
— Ал, онда танысалық. Көрші тұрып бір-біріміздің аты-жөнімізді
білмегеніміз дұрыс болмас. — Аппақ саусақтарындағы алтын
сақиналарын жарқырата оң қолын ұсынды.
— Атым — Майсара. Достарым Майя дейді.
— Мен — Балтамын.
— Балтадай өткір болсын деп қойған ғой əкеңіз.
"Апырай, сөзінде астар жатыр ғой. Сонда мені өткір емес, жасықсың,
ынжықсың деп ренжігені ме? Жоқ əлде қайрағаны ма?"
— Соны тілек етуі де мүмкін.
— Жақсы тілеген... Айтпақшы, мен сіздің бүгінгі жоспарыңызды
бұзып жіберген жоқпын ба? — Қара көзде от ойнады. Ай сырғада жалтжұлт неон шамдарының жарқылы шағылысты. Ақ көйлекті тырсита
шерткен жұмыр бөкседен жылу есті. Балтаның маңдайынан тер бұрқ
ете қалды.
— Жо-жоқ! Қайдағы жоспар?! Бір сағаттан кейін кезегіміз бітеді.
Менің бұл қалада сіз бен Вася атайдан басқа танысым да жоқ...
— Қалай? Бес жыл оқығанда ешкіммен таныспап па едіңіз?
— Институтты Москвада бітіргем.
— Ой, жүрегім енді орнына түсті ғой! — Сыңғыр күлкі бұл жолы тау
бұлағындай сылқылдады.
"Бота көз. Нағыз бота көздер осы болар. Қандай терең! Қандай
үлкен! Əрі таза! Тап-таза! Елжіретіп жібереді қараған жанын. Шіркін,
атын Ботакөз қойғанда ғой!.. Майсарасы кірікпей тұр. Көздері! Тек
көзіне қарап-ақ көңіл тойғызып отыра беруге болады".
Тағы да ұзақ ойланып кеткенін өзі байқап қалған Балта тез сергіді.
Шашын сілкіп кейін қайырып еді, шиыршықталған бұйра толқындар
маңдайын жауып кетті. Майсараның жанары жігіттің жұмсақ қою
майда қоңыр шашына байланып қалды.
— Шашыңызды бұйралатқансыз ба?
— Жоқ. Өзінің бұйрасы.
— Керім екен!.. — Сүйрік саусақтар еріктен тыс көтеріліп барып,
орта жолдан кейін тайқыды. Балта əлгі қимылды əр саққа жорыды.
"Шашымнан сипамақ болды ма? Əлде бұйрасына сенбей, ұстап көрмек
пе? Əй, тым ұялшақпын. Жасықпын. Өз-өзімнен қалшылдап, дірілдеп...
Пора-пора терлейтінім-ақ жаман. Əне, жұрттың бəрінің көзі бізде.
Əрине, Майсарада. Оған бұрылып қарамау, көз тоқтатып сұқтанбау —
күнə. Ал, сол сұлулық тəңірісі мені қапталына алып, Олимп тауына
қолымнан тартып шығарған жоқ па?"
— Сіз, Балта, мүлде құлақ аспайсыз ғой...
Балта қатты састы. Кілт тоқтап, қайта-қайта бас иді.
— Ғафу етіңіз, Майсара!..
Бойжеткен екі қолымен жігіттің екі қолынан ұстай алды.
Алақандары өрт боп дуылдап тұр екен.
— Жо-жоқ, кешірім сұрамаңыз. Айтайын дегенім... мен сіз туралы
ойлағам...
— Рас па?! — Балтаның даусы қаттырақ шығып кетті. Майсара
қолын босатып алды.
— Бүгін сізбен кездесетініме біртүрлі сеніп едім. Сенімім
алдамапты. Бұл не сонда? Телепатия ма, əлде біз білмейтін басқа бір
алтыншы немесе тіпті он алтыншы түйсік пе?
— Онда... онда, Майсара, мен де ойлағам. Апырай, екі адамның ойы
бір жерден шығуы қалай? Шынымен сол бір табиғаты түсініксіз
түйсіктің болғаны ма? — деп Балта шын қызынып, денесін буған
қысылудан сəл босады.
— Болғаны да. Енді міне ертегідегі кейіпкерлердей паркте
қыдырып жүрміз.
— Неге ертегідегі кейіпкерлердейміз?
— Өйткені ертегіде бəрі тез орайласып, бəрі əдемі қиюласып
жатады. Ал өмірде мүлде басқаша. — Майсара салмақты күйге ауысты.
Жүз бен көздегі нұр сейіліп кетті. Ай сырғаның жарқылы жоғалды. —
Əне, серіктеріңіз келе жатыр.
Балта оң бүйірден тақалып қалған лаборанттарын көрді. "Неге
келді? Менсіз-ақ жүре бермей ме? Əй, жігіттер-ай, жігіттер!" деп іштей
кейіді. Сергей Туров дейтін ойнақы мінез əріптесі білегіндегі сағатын
саусағымен шертті.
— Уақыт болып қалды деп тұр ғой жолдастарыңыз, — деп Майсара
аңғара қойды. — Ой, сонда бір сағат тез өте шыққаны ма?!
— Солай болғаны ғой, Ма... Майя!
Аузынан алғаш рет "Майя" деген сөз шықты. Майяны Майсарадан
гөрі ерекше елжіреп, əлден-ақ сағына бастайтының жеткізердей
дірілдетіп атады.
— Ал, онда кездескенше, Балта.
— Мүмкін бірге қайтармыз?.. Кезекшілігімізді тапсырамыз да... —
Майсара басын шайқады.
— Мен басқа жаққа барушы ем...
Ағараңдаған тұлға алыстап барады. Алыстаған сайын Балтаның
жүрегін іліп тартып, ілестіріп əкетіп барады.
— Балта Мұқатович, əлгі бойжеткеніңіз кім? Мен тап сондай
сүйкімді бикешті бұрын-соңды көрген емеспін! Тұла бойы тұрған
гармония! Дауыс тембрі, дене мүсіні, киім киісі — шик-модерн! Нағыз
жоғарғы класс! — Сережа əлі де таңдай қағып таңдана түсер ме еді,
серігі иығынан қағып қалды.
— Уақыт бітті. Милиция пунктіне кіріп, белгіленіп шығайық.
Əйтпесе ертең ерте кетіп қалды деп даулап басымызды қатырады.
Жалғыз қайтқан Балта трамвайға да, автобусқа да мінген жоқ. Бар
ындыны ақ көйлекті періштеге түгел ауып кеткен.
"Кездейсоқ ұшырасу — тағдыр жазуы ма екен? Мені ойлағаны шын
ба? Қандай пікірмен ойлады? Қап! Жаңа соны неге анықтап сұрап
алмадым? Əй, қайдағы сұрау. Оңашада сұмдық шешенмін. Ал, қызбен
жеке қалдым ба, тілім күрмеледі. Дегбірім қашады. Тұлабойым
дуылдап, қара терге түсіп, асып-сасып болам да қалам. Əй, ынжықпын!
Майсарамен дұрыстап сөйлесуге де жараған жоқпын".
***
Ауыр машина жасайтын зауыттың жанындағы цехқа орналасқан
лабораториядағы жұмыс Балтаны үйіріп əкетті. Жаңа орта, тосын
тірліктің алғашқы кездегі еріктен тыс туындайтын жатырқаушылық
тəрізді қоңторғайлығы онша біліне қойған жоқ. Жалғыздықтан
қалжырап келген жас жігіт мынау өзі арман еткен жас ұжымға бүкіл
тілегімен, талабымен араласып кетті. Эксперименттік тəжірибе пешін
тез аяқтауға барлық жан-тəнімен құлшынып-ақ жүр.
Жарқын институттан келген сайын бет-аузына темір таты, балшық
лайы, графит дағы жұққан инженеріне əрі сүйсіне, əрі мейірлене
қарайды.
— Пай-пай-пай, Балта! Сен балта ғана емес, əрі ара, əрі балға, əрі үскі,
əрі қысқаш болып шықтың-ау. Басқаларға да бірдеме қалдырғайсың.
— Эх, Жарқын Оқапович, əрқайсымыз үшеу емес бесеу боп
тырбаңдасақ та, ұқсата алмай жатырмыз-ау. Қоймада бізге керексіздің
бəрі бар да, бізге қажеттің бірі де жоқ. Сонан соң Сергей не істейді
дейсіз, таңертең токарь болады. Түстен кейін верстактың қасында
слесарь боп жанталасады. Ол аз десеңіз, дəнекерлеуші тағы да сол. Ал,
Қадірбек балташы да, ұста да, сылақшы да. Бірақ... үлгере алмай
жатырмыз, — дегенде Балтаның өңі жүдей қалды.
— Асықпа, бауырым, асықпа! Бір жұманың ішінде мынау темір
бөшкені кəдімгідей-ақ икемге келтіріп тастағансыңдар. Одан артық не
керек — деп Жарқын инженерінің иығынан қағып қалып, күліп
жіберді. — Өзіңнің ұсқының əбден келісіпті-ау. Осында распрекрасненькая Маргарита бар емес пе, соның көз қиығына мына
қалпыңда ілінуден қорықпайсың ба?
— Ердің атын еңбегі шығармай ма?
— Айттың, бауырым, айттың сен! Қарқыныңнан жазба онда.
Айтпақшы, Сухоруков қайда?
— Ол жоғарыда...
программалап жатыр.
кабинетте
жаңа
технологиялық
режимді
— Сен, Балта, əлгі керектеріңнің тізімін жазып берші. Мүмкін үлкен
қоймадан табылып қалар.
Онда үш-төрт противогаз... Сонсоң əнеукүнгі айтқан осдиллографты
тездетерсіз.
— Жарайды. Балта, мынау агрегат-пешіңе қандай ат қоймақсыңдар?
Балта тосылып қалды. Бірақ іштей бастығының ойын құптап тұр.
Жүзінде келісуден туған ырзалықтың табы білінді. Соны көрген
Жарқын бас изеді.
— Дұрыстап ойланып қойыңдар. Қанша дегенмен пул сенің тырнақ
алдың. Анау-мынауды тақпаңдар.
Жұмыстың қызуымен үшеуі уақыттың қалай тез өтіп кеткенін де
байқаған жоқ. Бір кезде Сережа Туров айқай салды.
— Шабаш!
— Уақыт қанша болды? — деп сұрады біртоға Қадірбек.
— Жұрт көшіп, ел орнына отыратын кез... Ал, бұл "Наташа" бізге
разы-ақ шығар. Біраз сылап-сипадық қой. — Сережа бойын жазып,
сигаретінің бір талын ерніне қыстырды.
— Наташаң кім? — Қадірбектің осы сұрағы Балтаның да көмейінде
тұр еді.
— Пəле! Сендер күні бойы айналдырғандарыңның "Наташа" екенін
білмей, босқа əуреленіпсіңдер ғой. — Сергей мəз, — Мана Жарқын
Оқапович агрегатқа əдемі ат қойыңдар демеп пе еді.
Балта сүйсіне бас изеді.
Қадірбек əлі де көнер емес.
— Неге Наташа? Неге басқаша аталмайды?
— Біріншіден бізге, цехқа сүт таситын Наташадан басқа қызды
айтып берші! — деп Сергей өзеуреді.
— Айтам. Маргаританы қайда қоясың?
— Маргарита... Ол алдымен біздің дербес лабораторияның дербес
мүшесі, препараторщида. Яғни оған қыз деп қарауға тиіс емеспіз.
— Қыз екені өтірік пе? — Қадірбек те берілер емес.
— Оған қыз деп қарадық дегенше жұмысты ақсаттық дей бер.
Коллектив арасында, есіңде болсын, данышпаным, жынысқа бөліну
деген болмайды. Олай етті дегенше, служебный роман басталады да
кетеді. Ал, ол өнеркəсіпке өте қолайсыз жағдаят. Сондықтан біздің
Маргарита бірден кандидатурасын өз еркімен бəйгеден шығартып
тастайды. Сондықтан Наташаға жалғыз қыз ретінде ешкімнің таласы
жоқ. Екіншіден, Наталья Батьковнаның төңкерілген сауырын, жұмыр
бөксесін, қаз омырауын, аққу мойнын көз алдыңа келтір де, мынау
агрегатқа анау араға барып, сығалап қана көз таста. Ал, енді байқашы,
екеуінің арасында айырмашылық бар ма? Əрине, айта алмайсың.
Өйткені, Қадірбек ғұламам менің, сенің көзің — нағыз алмас!
Үшіншіден, Наташа, Наталка-Полтавка, ой-ей- ей, — шоқ, жалын, алау!
Бəрі де емес — өрт! Мен білем! Білем, Қадір — Бек ибн пайғамбар,
оның жалын екенін де, өрт екенін де. Наташаны не сүйіп өлесің, не
күйіп сөнесің. Басқасы жоқ, құдіреттім Бек Қадір! Ал, біздің агрегат екі
мың градустық қызумен металл ерітеді əлі. Екі мың градус! Сонымен
мен, мархабаттым Бек ибн Кадири, өз пікірімді қысқарта тойтаратын
болсам, мынау алдымызда домаланып жатқан қуыс кеспек əрі
мөрленген, əрі қолхаттанған "Наташа" деген əсем есімді бүгіннен
бастап иеленуге əбден праволы.
Сергейдің бұлтартпас дəлелдермен шегеленген монологын үнсіз
тыңдаған "данышпан", "ғұлама" əрі "мархабатты" Қадірбек ыржия
келісіп, құлшына иек қақты.
Душта адам аяғы сиреп қалған екен, үшеуі еркін жайлап, алаңсыз
жуынып шықты.
Киімін ауыстырып киіп сыртқы есікке беттеген Балтаны Сергей
қуып жетті.
— Шеф, апарып салайын сізді.
Туровтың мотороллері бар. Қызыл түсті қызық мотороллер ол. Бір
күн жүрсе, бес күн тұрып қалады. Екі баллоны да айна таздың
басындай жалтырап, қозғалды дегенше-ақ парс етіп жарылып
жататын. Соны білетін Балта "неңмен апарасың?" деген сұраулы
пішінін лаборантының көз алдына тоса қойды.
— Қорықпаңыз, шеф. Бəрі ол райт.
Аяқ астынан "шефті" тауып ала қойыпты. Жалпы Сережа, Сергей
Туров жеңілтектеу, көп сөзділеу тəрізденгенімен жақсы жігіт.
Аңқылдаған ақ көңілі аузын ашқан сайын көрініп тұрады. Өзі ұнатқан
жанға ат қойып, айдар таққыш. Жақтырмаған адамын өліп бара жатса
да аты-жөнімен атаудан бір айнымайды.
— Мотороллерің бұзылып жатыр еді ғой?
— Сол да сөз боп па. Тарсылдатып, тоңқылдатып, тырсылдатып,
ырсылдатып, ақыры жөндедім де алдым. Манадан кермені үзіп
кетердей, əй, желігіп, əй, тебініп тұр-ау ол қызыл құнан! Біреу мініп,
тақым қысса-ақ, ытырылып атқып, құйындатуға дайын. Көп
күткізбейік шеф. "Піскен астың күйігі жаман, тосқан аттың бүлігі
жаман". Ə-ə, мақалым ұйқаспайды ма... Оқа емес, жаспыз ғой əлі. Мұрсат
берсеңіз "Абай жолын" тағы бір оқып шыққан соң тігісін жатқызып,
жіптіктей етіп берем.
Мотороллер шынында да жұтынып-ақ тұр екен. Су жаңа болмаса да
бұдыр-бедері кəдімгідей сақталған екі баллонды киіп алыпты. Тізгін
босатса-ақ зымғайтын түрі айдан анық.
— Мықтап ұстаңыз!..
Əй, зымырады дейсің! Жүйткіп одан да өтеді, жүйткіп мұнда
шығады. Кедергі, тосқауыл дегенді білетін емес. Бір рет зу етіп
"КАМАЗдың" алдынан кесіп-ақ өткені. Қайсысы тəртіп бұзды. Оны
сезер Балта жоқ. Осыдан аман-есен жетсе, мынау қызыл құнан —
қызыл мотороллерге де, Сережа, Сергей Туровқа да екінші жоламас
еді-ау...
***
Подъезге енгені сол еді, жұпар иіс, Майсара исі танауына аңдыздай
бұрқырап, бүкіл əлем-болмысында сайраңдады да кетті. "Əлгінде ғана
өткен-ау. Төмен түсті ме екен, жоғары көтерілді ме екен? Əрине,
жоғары көтерілген! Елдің бəрі жұмыстан қайтып жатқан мезгіл...
Айтасың-ау сағатыңа қарасаңшы. Иə-ə, əлде дүкенге, əлде паркке
қыдыруға кеткен болар. Мүмкін жалғыз қыдырмай"...
Балтаның ойы үзіліп, өзі тұрып қалды. Мынау жымысқы күдіктен
тұла бойына сұп-суық діріл жүгірді.
"Иə, неге жалғыз жүруге тиіс. Жігіті болуы əбден ықтимал. Ондай
перизат жанның көлеңкесіне құмарлардың өзі-ақ жер бетін жасырып
кетпей ме?.."
Кеудеге күдік оралды дегенше адамның дегбірі қалмайтын əдеті.
Балтаның да əлгінде ғана жұпар иістен жүрегін бұлқынтқан қуанышы
сап тыйылды. Бірінші қабаттан екінші қабатқа көтерілетін алаңшықта
қалшиып тұрып қалды.
— Тағы да неғып тұрсың?
Əнеукүнгі тарғыл дауыс құлақ түбінде жаңғырды. Əнеукүнгі төртбес қыл көз алдында бір-бір сойылдай боп тікірейді. Мұртты апай —
Гаэне Рашидовна төменге бір, жігітке бір ежірейіп қарап өтті. Балтада
үн жоқ.
— Шырағым, тағы да неге қалшиып тұрсың деймін?
— Тұрғым келген соң тұрмын.
— Есі дұрыс адам екі ортада дамылдамайды. Осы сенің бір
кінəратың бар! — Гаэне Рашидовна əлденеге алақ-жұлақ етіп жанжағына, қабырғаларға үңілді. Саусағымен сипалады.
— Таза тəрізді... Бұл не жұмбақ?.. Темекі шекпейтінің рас... Оны
білдім. Ал, енді мына жым-жырт тұрысыңды түсінбеймін.
— Өзім де түсінбеймін, апай. — Балтаның даусы сынық естілді.
— Əй, мүмкін сен ауру шығарсың? Басың айналмай ма? — Гаэне
Рашидовна кілт кейін шегінді.
— Жоқ.
— Кештетіп қайдан келесің?
— Жұмыстан
— Жұмыстан деймісің... Қарақ-ау, жұрттың жұмысы баяғыда біткен...
— Үрей ұялаған көздер Балтаның басынан аяғына дейін, аяғынан
басына дейін қуалай тінтіп шықты. — Бүгін аптаның қай күні осы?
— Бейсенбі болар...
— Бейсенбі болар ма, бейсенбі ме?
Балта шынымен ойланып қалды. Жұмыс-жұмыс деп жүріп уақыт
пен күнді түстеуге мəн бермепті. Мұртты апайдың күмандануы мұны
да дүдамаландырды. "Осы маған шынында да бірдеме болған шығар.
Айдаладағы аруға құр сыртынан соншама неге құмартам?"
— Кешіріңіз, апай... Гаэне Рашидовна.
Балта тепкішектерден асыға аттап жоғары ұмтылды.
— Шырақ, күн бүгін бейсенбі. Ертең жұма. Ұмытып кетпе, — деген
тарғыл дауыста діріл білінді. Кім білсін "шала есті байғұс баланы"
аяды ма, əлде "Құдай мүсіркемегенді адам мүсіркеуі керек" дейтін
нанымға ұйыды ма, жігіттің қарасы жоғалғанша артынан қимылсыз
бағжиып қарады да тұрды.
Жұпар иіс подъезден ғана сезілмей, балконнан да жететін болды.
Бейішке кіргендей рақат күй кешкен жігіт кешкі салқынға қарамай
балконда ұзақ тұратынды шығарды. Алатаудың тəкаппар сұлулығына
қанша қараса да көзі де, көңілі де тоймайды. Кейде қара, кейде ала
бұлттан шəлі оранып асқақтай түскен таудан ақ шляпалы Майсараның
бейнесін көргендей болады. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын алшақ
ұғымдар мен алшақ бітімдерден мағыналық ұқсастық тауып, "көзбен
көріп, ішпен біліскендей" жайдары нұрға бөгеді. Ондайда кеудесін
кернеп бара жатқан толқынды күйдің ырғағы алпыс екі тамырда
дуылдаған қанның ағысымен күшейеді. Алпыс екі тамырдағы ыстық
қанның алабұртқан қызуымен бүкіл тұлабойын от боп, өрт боп
шарпиды.
Батар күннің қиғаш сəулесі Алатаудың ақша бұлт ақ шляпасына
күрең қызыл бояуын сүйкейді. Мойнына желбірете салған ақ шаңқан
шарф — қарлы шыңына қып-қызыл жосасын құя салады. Сол кездегі
таудың құлпырғанын көрсеңіз! Сол кездегі тау — Майсараның
үлбірегенін көрсеңіз!
"Шіркін, анау балконға дəл қазір Майсара шыға келсе ғой!.. Бұ не
тылсым?! Бізді бір қабырғаның екі жағына қуып тыққан тағдыр ма?
Тілек пе? Зауал ма? Соншама неге ынтығам? Жер-көкке сиғызбай безек
қақтыратын ынтызар құштарлық деген осыма? Несіне қызығам?
Жұпар иіс француз əтірінікі ғой. Қажет етсем, дүкеннен сатып əкеліп
тұмсығымды көме иіскеп, құмарымды неге қандырмаймын. Бірақ анау
əсем жұпарда Майсараның аппақ тəнінің сиқырлы əсері бар емес пе?
Əрине, бар. Көз бен көңілді арбаған құдірет сұлулық болса, сол
құдіретке құлдық ұрып, бас иіп өтермін".
Василий Сергеевич дастарқаның жасап қойып тағы келді.
— Балам, тамақ суып барады.
— Вася атай, қараңызшы! Шыңына алау тұтатқан Алатау қандай
əсем! — Балтаның танауы желбіреп кетіпті.
— Иə! Ғажап екен! — Қарияның күңгірт жанарында шоқ
жылтырады. — Əлемдегі құдірет — табиғат қой. Содан соң, егер бар
болса — құдай ғана.
— Неге, Вася атай?
— Адамның ең нəзік сезімтал кезеңі, ең Жанына ыстық кезеңі, ең
мұңсыз кезеңі — балалық шағы. Уайымсыз балалыққа дүние тек шат
күлкіден, бейбіт өмірден, аялы алақанды ана мейірімінен жəне күншуақтан ғана жаралады. Балалық — ата-ананың қамқор құшағында
марқаяды. Даналықтың тəрбиесінде өседі. Табиғаттың аясында
есейеді. Сондықтан, балам, меніңше, кім де болмасын əрқашан
балалығын аңсап, армандап өтеді. Оймен соған жиі оралып, қиялмен
қауышып жатады. Өйткені кəрі жүрек елжірете еркелеткен анасының
мейірбан үнін сағынады. Əжім қатпарлаған маңдай əкесінің еміреніп
жанасар жып-жылы ерінін іздейді. Бірақ əке де, шеше де жоқ, сүйектері
қурап, қабырларын шөп басып кеткен. Ондайда қалжыраған жүрек не
табиғат-құдіретке саусақ жаяды, не тəңір-құдіретке жалбарынады.
Жетімсіреген көңіл мүсіркеген алақан табын сезінгісі келеді. Қайтадан
балалық кейіпке түсіп, аталық көңілін еміренген жылуына
шомылғысы келеді. Ал табиғат — сондай шексіз құдірет. Бүкіл
жаратылыстың бастау көзі ол. Табиғат — ана дегенді тегін айтпаған
ғой. Ұлылықты ма, сұлулықты ма немесе адам санасы əлі күнге шейін
аша қоймаған тылсымдықты ма — əйтеуір жаныңнын бар қажетін
содан тауып, "Балаңмын! "Балаңмын! дегенді тағы бір еркелей
қайталағың келеді. — Василий Сергеевич күрсініп қалып, теріс
айналды. Ұзақ сөйлегеніне ыңғайсызданды ма, əлде көкейдегі құпиясы
көзіне жас боп құйылды ма, шынашағымен екі бетін сүйкеп өтті. —
Шіркеу мен мешітте, бұтхана мен синагогта əркім өзін тəңір алдында
бала сезінеді. Сезіне алады. Діннің бір қажеті əрі қасиеті, Балтажан,
осында болса керек. Ой, көп сөйлеп қойдым білем. Жүр жанға азық
алдық біраз. Енді тəнді де ұмытпайық.
Балта Вася атасына қызыға қарап келеді. "Кəрілік — қазына
болғаны-ау. Ой қуып, ақыл түйген өмір тəжірибесі даналыққа
жақындай түседі. Вася атам! Балалығын сағынады екен-ау!"
— Ата, махаббатты да құдірет тұтып табынып жатады ғой. Сонда ол
да табиғат пен тəңірідей болғаны ма? — деп ас үстінде Балта əңгімені
қайта жалғады.
Василий Сергеевич аузындағысын асықпай шайнап, толғай жұтты
да, кеседегі шайдан ұрттады. Алақанымен ернін сүртті.
— Махаббат дейсің, ə!.. Сен адамның қандай сезімге ұмтылатынын
білесің бе? — Балтаға біраз көз тоқтатты. Бірақ сұрағына жауап тосқан
жоқ. — Тазалық, пəктік һəм ақиқат — адам жанының шыр айналар
Темір - қазығы. Тазалық — табиғатта. Пəктік — махаббатта. Ақиқат —
дінде, немесе сенімде. Табиғаттан қол үзбеген жан тазалығын
жоғалтпайды. Түлеп жаңғырып отырады. Кикілжің тұрмыс, күйбең
тірлік ақиқатты ұмыттырады. Сенімнен ажыратады. Соның кесірінен
бүгінде ақиқаттың саяси, діни һəм моральдық жүйелері түгел тозып
біткен. Əртүрлі жүйенің əр алуан таласы бірін-бірі жұмарлап жығып,
бірін-бірі жоқ қылып, шимай-шатақ араласып кеткен. Менің түр-түсін
анықтап көрсететін ақиқатым жоқ. Ал, махаббат! Дақ түспеген, бояу
жұқпаған, шаң қонбаған пəктікті біздің ұрпақ сондай қадір тұтушы еді!
Қазіргі жастарға қарап, махаббатқа мінажат етердей табынуды біле
бермес деген ойға бекимін. Себебі бүгінгі жастың ермегі — телевизор,
магнитофон, дискотека, спорт. Олардан басқаның бəрі мансұқ. Біраздан
бері арақ пен наша дейтін қос құбыжық тағы иектеп алды жастарды.
Алыстан қызығып, жақыннан ұялып, көрмесең — аңсап, кездессең —
жасқанып тұратын нəзік сезім жер бетінен мүлде өшіп кеткен тəрізді...
Василий Сергеевич столдың тартпасын ашып, "Беломордың"
қорабын алды. Қатты толқығанда немесе əлдене ойына түскенде ғана
темекі шегетінін Балта білетін. Сіріңке шағып, от ұсынды.
— Рақмет, балам...
Көкала түтінмен бет-аузын тұмшалаған Вася атай қалың ойдың
құшағына шомды да, енді өзін де, өзгені де ұмытты. Қарттың андасанда үнсіз мүлгитін осындай шағына кедергі болғысы келмеген Балта
шанышқысына да қол созбай, қыбырсыз отырып қалды.
"Алыстан қызығып, жақыннан ұялып іздейді, деді. Тап менің
құпиямды оқып қойғандай дəл үстінен түскенін қарашы! Əлде ындын
ауып, жүрек шаншып аңсайтын бір құдірет расымен менің кеудеме
орнағаны ма? Мынау қабырғаның арғы жағынан естілетін аяқ
тықырын, шыныаяқ шылдырын елегзи тосып отыратыным өтірік пе?
Жұпар иісті, тек Майсараға... Майяға ғана тəн нəзік иісті аулап
отыратыным жалған ба? Балконға шықсам, балконына, үйде отырсам,
терезеге үңіліп Ботакөзімнің (Ботакөз деп иемденуімде де мəн бар
емес пе) аппақ бейнесін аңдып тұратыным бекер ме? Ендеше бүкіл
сезім мүшелеріммен қоса ой-бойымды тегіс баурап алған жанды пір
тұтпайтыныма кім сенбек? Ал, Вася атай бүгінгі жастардан түңіліп,
оларда махаббат жоқ, пəктіктен ада дейді. Мынау ішкі түйсікті жайып
салып, ақ көйлекті ару деп кеудемді тесіп жіберердей ұрғылаған жүрек
дүрсілінің ғашықтық бəйітін кімге тыңдата алам? Вася атай сенер ме
маған? Сенер ме жүрек дүрсіліне?"
2
Баспалдақта оқыс соқтығысып қалған жігіттің бет-бейнесі
Майсараның көз алдынан көпке дейін кетпей қояды. Нарцисс!
Нарцисс!" Осы есім қайта-қайта тіліне оралумен болды. "Нарцисстың
аңызға айналған сұлулығы дəл əлгіндегі қатты абыржыған бұйра шаш
жігіттің келбетіндей-ақ болар" дейтін топшылауынан өзгермейді.
"Нарцисс!"
Өз-өзінен күлімсіреуі көбейген Майсара, ақыры жігіттің ойда қалған
бейнесін салуға бекінді. Мектепте оқып жүргенде сурет үйірмесіне
қатысып, оқытушысының əжептəуір үміт артқан шəкіртіне айналып
еді. Бірақ өмір жолы басқа сүрлеуге бұрылды да, қылқалам ұмыт
қалған-ды. Міне енді... Көз бен көңіл ғажайып бейнені қиялында қайтақайта көлбеңдетіп, ұйықтап жатқан тілекті түрткілеп оятып алды.
Талай графит сынды. Талай қағаз жыртылды. Ақ қағазға Нарцисс та,
жігіт бейнесі де түспей қойды. Көзі үйлессе, мұрны сəйкестенбей,
мөлдіреген көзге ой ұйымай сүлесоқ тартты да тұрды.
"Тағы бір көрсе..."
Тағы бір кездессе, тағы бір көрсе, портрет жасалатынына сенімді.
Ендігі бар арман — бір кездесуде тəрізді. Ал кездесу тек суретін салу
үшін ғана керек.
Көрші жігітті түсінде көрді. Ол өзен ортасында, бұл су жағасында
екен дейді. Кездессем дейтін ынтызар тілік түсте де өзгермепті.
Майсара қолын бұлғайды. Жігіт үндемейді. Үндемейді емес, көрмейді.
Майсара дауыстайды. Жігіт қарамайды. Қарамайды емес, бұрылмайды.
Майсара "Нарцисс!" деп айқайлап шақырады. Жігіт селт етпейді.
"Нар-ци-ис-с!"
Майсараның ызалы даусы, ышқынған даусы өзен бетінде қалқиды,
жарқабақта жаңғырады, шырқау көкте қалықтайды.
"Нарцисс! Нарцисс! Нарцисс!"
Дауыс үш рет қайталанады. Үш жаңғырық тіріледі. Үш дүркін
толқын аунайды. Үш мəрте өксікті дауыс аспанға атылады.
Жігіт саңырау. Жігіт меңіреу. Жігіт керең. Əлде қуыс кеудеде
бұлқынып жүрек соқпайды. Əлде қуыс кеудеде құштар сезім толқыны
туламайды. Əлде қуыс кеуденің сұп-суық қаны су боп ағады. Майсараға
анау айдынға құмарта төнген жүзді бір ғана көруі қажет. Сонда
портрет салынады. Сонда ол діттеген тілегін орындайды.
Майсараны ендеше ештеңе бөгей алмайды. Майсара пайғамбар емес.
Жігіт тау емес. Жағаға жеткен қыз жігітке де жетеді.
Майсара өзенге қойды да кетті. Бұрқ-сарқ толқын тулады-ай кеп! Ақ
көбік аспанға атылды-ай кеп! Нар толқындар Майсараны олай-бұлай
қақпақылдады-ай кеп! Аспан жерге құлап, жер аспанға шапшыды-ай
кеп!..
Майсара шошып оянды. Түсі екенін білгенде күліп жіберді.
"Түс те болса жаман қорқытты-ау. Əу, өзен дегенім мынау қабырға
болғаны ма? Осы қабырғаның арғы іргесінде-ақ жатыр ғой. Неге сонша
Бүлінем? Талайға бас имей келіп, бір көргеннен мазам қашқаны
қалай?...
Түс дегенмен де неге қарамады? Ең болмаса бір бұрылып бас изесе
ғой..."
Парктегі кездесуден көңілді оралды.
Келе сала мольбертті айналдырды.
Дүниеге Нарцисс — Балта портретінің нобайы туып келе жатты.
"Бірге қайтайық" деді. Келіспедім. Ə дегеннен лəззат құшағына күмп
беруден қорықтым. Əрине Балтамен бірге қайтуды өзім де сондай
тілегем. Дəл қасымнан қысыла дем алғаны, ұяла қарағаны... маған тура
қарауға ұялғаны жүрегіме сондай жылы тиді ғой. Дүниеде өзің ұната
бастаған жігітке ұнайтыныңды сезінуден артық бақыт бар ма екен.
Кеудемде толқыған бақытымды шайқап алудан жасқандым ғой.
Туғалы дəл осындай күйге түспеп едім... Махаббат дейтін ұлылық əлде
осы ма екен?!"
Сұр кенепке портреттің нобайы графитпен салынып бітті. Енді
майлы бояумен қан құйса, көзге ұшқын, көкірекке от берсе... салқын
Нарцисс емес, ұялшақ, бірақ қызу қаны дуылдаған Нарцисс — Балта
күлімдеп төрінде тұрар еді-ау!
Майсара өзіне-өзі қайран. Денесі жеңілденіп, ойы сергек тартып,
елгезек қуанышпен бұрын дəл бұлай үздікпеуші еді ғой. Талай жігітпен
кездескен, талайынан хат алған, талайының жүрекжарды сырын да
қанша естіген. Құпиялап тілек білдірген небір жайсаңдарға өзінің бейіл
білдірген кездері де болған. Ал бірақ... дəл осылай жүрегі алып-ұшып
өрекпімеп еді. Ысынып суынбап еді. Өзі түгіл көлеңкесіне де қуанам
деп ойламаушы еді.
Бикеш қауымы сезімтал. Балтаның балконға жиі шығатынын
байқап қалған Майсараның да балкон жақ көз майын суырар ынтық
дүниесіне айналды. Жайшылықта емін-еркін сайрандайтын
балконына бой көрсетіп шығудан қалды. Неден жасқанады? Неге бой
тасалайды? Ол арасы өзіне де жұмбақ. Балконға шыққысы-ақ бар.
Көрші балкондағы Балтаға қарағысы-ақ сөйлескісі-ақ келеді. Ал соған
шамасы жетсейші. Бөгейтін құдірет не? Жібермейтін қандай күш?
Бұрын көп нəрсеге көз жіберіп, мəн бермейді екен. Енді оңашада
əлдекім туралы ойлау, сол əлдекімді əлдекім етпей жанына балау, сол
əлдекімсіз өмірдің қызығы жоғалатындай көру, таңның атып, күннің
батуы сезілмейтіндей болуы — тірлігіңнің ғаламат қастерлі кезеңі
екен-ау. Жұтқан ауаңның екеуіне бірдей ортақтығы, күн шуағының
екеуіне тең бөлінуі, сайраған құстың əні оның да кеудесінен тілектес
күй табуы бұрын-сонды əлемде кездеспеген шадыман заманның
ынтық куəгерлері екен-ау. Радиодан ғажап күй шертілсе, сол да естісе
дейтін, жаңбырдан кейін тау жақтан таза ауа аңқыса, сол да рақаттана
жұтса дейтін кеңпейіл тілек кеудеңе біржола орнайды екен-ау.
Адамның ең үлкен бақыты — өзіңді біреудің сүюі болар. Сол адамды
сенің де сүюің болар. Егер екі адам бірін-бірі аңсай іздемесе, бірін-бірі
өлердей сағынбаса, бір-бірінсіз тұра алмайтының, бір-біріне қажеттігін
сезінбесе — толықсып туған Айдың жарығы кеудедегі түнекті түре
алар ма? Шыққан Күннің шуағы кеудедегі ызғарды қуа алар ма?
Исінген жан еміренген жаңды тапса, алқынған көңіл талпынған
көңілмен қауышса, дүниеде түнек қалар ма, дүниеге ызғар толар ма.
Сол сəтте құдірет те бір өзің! Əлем де — бір өзің! Тəңір де — бір өзің!
Бүкіл жаратылыспен мидай араласып кеткен болмыс та, əлем де, тəңір
де — бір өзің ғанасың. Өйткені бүкіл жаратылыс сенен басталып, сен
махаббат бастауынан мейір қандырған дүниедегі ең бақытты жансың.
3
"Наташа" дайын болды. "Наташаны" цехтың бір бұрышына
орналастырып, жан-жағына қаңылтыр мен органикалық шыныдан
экоан-қалқа жасалды. Ауа мен қысымды, температураны тағы
басқаларды өлшейтін əртүрлі аспап-приборлар орнатылды. Оттегі
баллондары əкелінді.
Сухоруков, Балта, Қадірбек жəне Сергей төртеуі спецовкаларын
киіп, беттеріне шыны маскасын түсіріп алғанда, ертегінің
батырларына ұқсап кетті.
Маргарита-Рита қайдан тапқаның кім білсін, əрқайсысына раушан
гүлінің бір-бір талын ұсынды. Əзілқой Сергей бұ жолы да қарап
тұрмады.
— Рақмет, Рита-Маргарита! Тезірек тұрмысқа шығып, шаңырақ
көтеруіңе тілектеспін. Енді аздаған өкпе айтуыма рұқсат ет,
невестушка ненаглядная! Бұрын сен, мейірбан қарындасымыз, бізге
гүл түгіл күлкіңді де қимаушы едің. Жанымызға жолау түгіл алыстан
орағытып өтуші едің. Мынау бүгінгі сый-құрметіңіздің, қайырымды
бикеш, себеп-сылтауының төркінін білуге болар ма екен? Ə-ə,
қызарасыз ғой, мəртебелі перизат, екі бетіңіздің ұшына тұп-тура бояу
жаққандай алаулап, көздеріңіз ұшқын шашып, құдды жас кездегі
Джина Лолобриджидадан аумай қалады екенсіз. Шіркін мынау ұзын да
қайқы кірпіктеріңіздің, баға жетпес асылзада, кімге ғана қадаларын
білсе ғой!
Балта Мұқатович, сізді əрі аяймын, əрі қызғанам. Түйрелмеңіз!
Немесе тезірек түйреліңіз. Əумин!
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
  • Части
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Общее количество слов 3934
    Общее количество уникальных слов составляет 2458
    30.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Общее количество слов 3956
    Общее количество уникальных слов составляет 2419
    31.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Общее количество слов 3936
    Общее количество уникальных слов составляет 2387
    30.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Общее количество слов 3832
    Общее количество уникальных слов составляет 2295
    31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Общее количество слов 3967
    Общее количество уникальных слов составляет 2376
    30.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Общее количество слов 3918
    Общее количество уникальных слов составляет 2403
    30.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Общее количество слов 3986
    Общее количество уникальных слов составляет 2435
    29.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Общее количество слов 3934
    Общее количество уникальных слов составляет 2457
    29.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    41.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Общее количество слов 3932
    Общее количество уникальных слов составляет 2428
    28.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    40.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Общее количество слов 4026
    Общее количество уникальных слов составляет 2419
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Общее количество слов 4006
    Общее количество уникальных слов составляет 2374
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Общее количество слов 4053
    Общее количество уникальных слов составляет 2280
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2256
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Общее количество слов 3942
    Общее количество уникальных слов составляет 2365
    31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Общее количество слов 4033
    Общее количество уникальных слов составляет 2354
    33.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Общее количество слов 4074
    Общее количество уникальных слов составляет 2412
    32.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Общее количество слов 4004
    Общее количество уникальных слов составляет 2250
    32.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Общее количество слов 3968
    Общее количество уникальных слов составляет 2252
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Общее количество слов 3924
    Общее количество уникальных слов составляет 2238
    31.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Общее количество слов 3984
    Общее количество уникальных слов составляет 2288
    31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Общее количество слов 4003
    Общее количество уникальных слов составляет 2338
    30.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Общее количество слов 4061
    Общее количество уникальных слов составляет 2377
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Общее количество слов 3988
    Общее количество уникальных слов составляет 2208
    31.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Общее количество слов 3955
    Общее количество уникальных слов составляет 2377
    31.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Общее количество слов 3942
    Общее количество уникальных слов составляет 2338
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Общее количество слов 3886
    Общее количество уникальных слов составляет 2328
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    49.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Общее количество слов 4011
    Общее количество уникальных слов составляет 2372
    32.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Общее количество слов 4127
    Общее количество уникальных слов составляет 2313
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Общее количество слов 4074
    Общее количество уникальных слов составляет 2334
    32.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Общее количество слов 4074
    Общее количество уникальных слов составляет 2419
    31.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Общее количество слов 3992
    Общее количество уникальных слов составляет 2326
    30.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Общее количество слов 4039
    Общее количество уникальных слов составляет 2436
    30.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Общее количество слов 1243
    Общее количество уникальных слов составляет 856
    41.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    55.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    63.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов