Latin Common Turkic

Ақан Сері - 23

Общее количество слов 4080
Общее количество уникальных слов составляет 2372
33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
әбзелдеріңнен ұятқа қалып жүрме, – деді. – Өмілдірік, қайысқаныңа дейін күміс жапқан
сәнді болсын. Жібек жабуын да қалдырма.
– Е, оны Мұрагер міне ме?
– Мініп қана қоймайды, алып кетеді.
– Алып кеткені қалай?
– Қазақ қонағына қалай ат мінгізуші еді?
– Е-е, ат мінгізем десем, өзім-ақ мінгізбеймін бе, менің малымды қашаннан бері
сырттан билейтін болған ең?
– Ол арасын білмедім. Кеше генерал-губернатордың өзі: "Бәйгеден келген атты ел
салтымен қазақтар Сізге мінгізбек" деген. Сенің билігіңді генерал қайтсін... Егер
Мұрагерге бермеймін десең, оныңды айт, ертең-ақ генералдың құлағына салуға болады.
– Ойпырм-ау, енді... енді... Мұрагер сұраса, одан... Көктұйғыннан басқа аттар да... –
деп Мейрам шоқ басып алғандай тызалақтап, бір қызарып, бір сұрланды.
– Солай, Мейрам, – деді Шыңғыс айызы қанып. – Көктұйғыннан басқа атты беріп,
бізді жын ұрып кетті ме?! Көзі бар емес пе? Мазақ еткің келген екен!.. Жарайды, енді әлгі
зияфат мәселесіне оралайық.
Мейрам да, жұрт та мысы құрып, үндей алмай қалды. Әлден уақытта:
– Сонда қалай, тізімге іліккен жүз жетпіс адамның елуі бармай қалатын болды ма, бұл
не жарлық?! Жаман үйді қонағы билейді деп, қазақ елінің қанша адам шақырып,
қаншасын қоятынына генерал-губернатордың араласқаны қалай? Қырық рудан жиналған
қазақ азаматтарына сенбегені ме? - деп Әлібектің інісі, адуынды жас болыс Ақбұзау сөз
бастап еді.
– Бәсе-ау десейші, қырық рулы елді бір арнамен ағызып, бір жолмен жүргізіп, ашса
алақанында, жұмса – жұдырығында ұстап келген аға сұлтанымыз той жабдығын, қонақ
дәстүрін білмейді дегені ме, қой, ол әншейін "байдың малын байғұс қызғанадының" кері
шығар, – деп екінші болыс Шыңғысқа көпшік тастай салды.
– Иә, ол айтқанының реті жоқ.
– Келіскен екенсіз, бәріміз де ұлы мәртебелі Мұрагердің мәжілісінде боламыз,
болашақ патшамыздың алдын енді көреміз бе, көрмейміз бе?!
– "Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас" деп, қазақ ұлықтарының бір-бірінен не
алалығы бар. Бәріміз де Мұрагердің әкесі – ақ патшаның аяғына алдиярлап бас ұрып,
қасиетті жарықтықтың амандығын тілеп намаз оқып, қол қусырып қызмет жасағаннан
басқа не жазығымыз бар, – деп, тағы бірі Мұрагердің табағынан қалмаудың қамымен ұзын
арқанға салып, көсіле сөйлеп, шұбыртып келе жатыр еді, сыртта жүрген біреу киіз үйдің
есігінен ішке сығалап:
– Ақан сері келе жатыр! – деді.
Күні бүгінге дейін қастарында жүрген серінің атын естігенде, ертегідегі албастының
атын естігендей бәрі тым-тырыс тына қалды. Бұл үйге Ақан емес, жазықсыз біреудің
қанын жүктеп, енді осындағылардың бірінің басын ала келе жатқан қандықол жендетті
күткендей.
Қашан ұлықтар отырған үйге жеткенше кегежесі кейін тартып, келгісі келмей, жанжағынан кекете, қорқыта, табалай қарайтын сұрықсыз кездерді көргісі келмей, дел-сал
күйде жақындаған Ақан, енді шиыршық атып, оюлы жарма есікті жұлқа ашып, ішке сұпсұр болып енді.
Жұрт бері өтпей, босағада тұрып қалған Ақанға бір, тұнжырап, түнере түсіп, басын
көтермеген Шыңғысқа бір қарайды. Екеуінің не деп қақтығысатынын андып, қызықтап
отыр.
Шыңғыс Ақанның кіргенін төбесімен көргендей, басын темен тұқырған қалпы,
естілер-естілмес міңгір етті:
– Мен сенен басқа өнерді күтсем де, тап осы "өнеріңді" күтпеп едім. Жердің үстімен
келіп, астымен қайтатын болдық...
Ақанға Шыңғыс та, ешкім де отыр деген жоқ. Он екі қанат үйдің дәл төрінде құнысқан
сұлтанның үні зорға естіледі.
– Шыңаға! – деді еңсесін көтеріп, аттың шоқтығын ұстап аттанғалы тұрған адамдай
босағаға қолын артқан Ақан. – Даусыңызды қаттырақ шығарсаңызшы, мына ұлықтарға
келін емессіз ғой, шымылдық артынан сыңсып сөйлейтін!
Бұрын өзін қатты сыйлайтын, өзі де хас өнерін қастерлейтін ашулы ақынның
соқтығуға тұрғанын жазбай таныған Шыңғыс, жұрт алдында абұйырын төгіп алмаудың,
қартайған шағында адуын, азулы Ақаннан сөз естімеудің шарасын көздеп, жұмсақ
сөйлесіп, жұқарта бітіруді ойлады. Көлденең жұрттың екі арланды қарт, әккі арлан мен
кемелінде тұрған жырынды арланды алыстырып қойып, айыздары қанғанша қарайтын
сыңайларын екеуі де ұқты. Әйтсе де, аса тістерін батырмаса да, бір-бірінен тайқақсып,
тайынатын жер қалмады.
Шыңғыс баяу ғана басын көтерді. Өзіне тура қадалған Ақанның отты көзіне сулы көзі
түсе беріп, тайып кетті. Қайтадан басын ие беріп, шапанын тағы да қымтана түсіп,
жөткірінді де, даусын көтере сөйледі:
– Ақан шырақ, жасыратын не бар, кейбіреулердің айтқанына құлақ аспай, кәрі
қыңырлыққа салып, өзіңді осында, ұлы мәртебелі Мұрагердің алдын көруге әкелген өзім
едім. Енді, бүгінде, бетімнен басып, елге қарар жүз қалмай, тайғанда жүзқара болып
отырмын. Қазақ милләті —өзінің қонақжайлы сыпайыгершілігімен, лұғатты тәртіп,
тәрбиелілігімен аты шыққан ұлыс. Бұл мінезі – келешек нәсілге, ұрпақтан ұрпаққа мұра
боп қалар қасиеті. Ал сен болсаң, елдегі тентектігіңді ұлы адамның, ұлы патша
Мұрагерінің алдында жасап, айықпас ұят арқалаттың халқыңа. Сені "көргенсіз",
"тәртіпсіз" деген Мұрагер сөзі қазақ қауымына, бар қазақ еліне таққан мін. Өзіңді аямасаң
да, жұртыңды аясаң етті. Халқыңның абұйырын сақтасаң етті.
– Ә, Шыңаға, – Ақан сұлтан сөзін киіп кетті. – Сіз халқыңның абұйырын дейсіз.
Алдымен, халқымыздың демейсіз бе... Ол халық сізге де, маған да, бәрімізге де ортақ емес
пе? Содан соң, абұйырын дейсіз. Ол аз. Мен абұйырын ғана емес, халқымыздың келешегін
де сақтағым келмеді ме:
"Омбыда, патша келіп, болды жиын,
Қалдырмай бәрін тегіс болыс, биін.
Министр, губернатор, советниктер
Бас қосып, мәжіліс құрған ұлы дүйім.
Николай император хұзіретіне
Сөйледім бұл қазақтың жайы-күйін.
Ұнатып ол шаһзада біздің сөзді,
Хош көріп, алтын медаль қылған сыйын".
Осы ма сізге ұнамағаны?!
– Қазақтың жай-күйін сөйлейтін сен соншама кім едің? – деп Нұртаза бас салып еді,
Ақан кекесінмен күлді:
– Халқымыздың тағдырын, күйін айтуға да шен мен шекпен керек пе? Халқың деп
соғар жүрегің болмаса, саусылдаған темір шеннен не қайыр. Ал елімізді, жұртымызды
ойласақ, ол хақында патшаға бәріміз жамырамай, біреуіміз ғана айтқанда тұрған не
ағаттық бар?!
– Жоқ, Ақан, сен түсініп тұрсың, олай бұрма сөзді. Менің айтарым, мына еліңнің
көзінше айтарым сол, енді Мұрагердің алды түгілі, артынан көре алмайсың.
Енді күнәңді мойныңа алып, мына ел азаматтарының алдында ана оязға, сонда отырған
Омбы ұлықтарына жүгініп, басынды иіп кешірім сұра. Мұрагерге оның жетсе, жетер.
Жетпесе, күнәден арыласың, тазарарсың. Патша баласы не деген кең, кешірімді еді.
Әйтпесе, сен айтқан сөзді бұрынғы хандарға айтсаң, күнің не болар еді. Кешірім өтін,
аяғына жығыл! Бұл бір. Содан соң, Ақан шырақ, ештеме сезбегендей, сезінбегендей, өз
қателік, ұятыңнан жаның ауырмағандай еркін жүргеніңді қой. Елге кайтқанша ешкімнің
көзіне түспей-ақ, жатар тұрағында бол. Ендігі салтанат, сауық маңында жүруіңді ешкім
қаламайды әм лұқсат жоқ!
Осыны айтты да, Шыңғыс тағы да құнысып, екі қолының саусақтарын бір-біріне
айқастырып, тұнжырап отырып қалды.
– Бары осы ма, Шыңаға, айтпағыңыз? – деп Ақан өлі де тым-тырыс отырған жұрттың
үстінен сұлтанға тұнжырай қарады. Шыңғыс көзін көтерген жоқ. "Осы, осы" дегені ме,
түсінбедің-ау", "қоймайсың-ау" деп қынжылғаны ма, басын қайта-қайта шұлғыды.
– Жарайды, ендеше, Шыңаға, айтқандарыңыздың бәрін түсіндім. Осында әкелген де
өзіңіз, қуған да өзіңіз, рахмет! Бірақ менің бір түсіне алмай қалған жерім болып тұр, – деді
Ақан Шыңғыстан әлі де көзін алмай.
– Еһ, түсіндім дегенің не?.. Түсінбегеніңе жол болсын?
– Бәрі де түсінікті, енді сөздің не қажеті бар, – деп, отырғандардың кейбіреуі серінің
сөйлеуіне қарсылық білдіріп еді, сөз құмар, дау құмар басқалары дүрсе қоя берді:
– Сөйлесін.
– Енді мұндай жиынды көре ме, көрмей ме?!
– Иә, енді көрмегенім осындай жиын болсын, – деп сөз үлесі тиген Ақан шүйіле түсті.
– Менің түсінбегенім – осынша байбалам салатын, осынша қара аспанды жаудырып,
қазақтың басына қара күн орнататындай не боп қалды? Патша баласы "көргенсіз",
"тәрбиесіз" десе, қате ме? Өзіңіз айтқан жоқпысыз, ол саған ғана айтылған сөз емес,
бәрімізге, тіпті бүкіл қазаққа айтылған сөз дедіңіз. Оған несіне шамданасыз? Өтірік пе?
Жұрт қозғалақтап, бір-біріне қарасып, "бұ не сөз" дегендей бір-біріне иек қағысты.
Ақан енді босаға жақтан ортаға қарай өтіп, Нұртазаның алдына тоқтады:
– Сен айтшы, Нұртаза. Патша баласы Николай дұрыс айтқан ба, әлде мыжыған ба?
– М... мыжығаны несі! Әрине... Миколай дұрыс айтады, – деп Мейрам байға сұқ
саусағын шошайтты Ақан.
– Әрине, дұрыс айтады Миколай.
– Сен... сіз... сіз... сен! – Ақан жағалай отырғандарды саусағымен нұсқады.
– Дұрыс, дұрыс!
– Әрине, дұрыс!
– Дұрыс болмағанда ше?
– Миколай патша дұрыс айтады. Ә, Мұрагер дегенім!
– Міне, бәрің де дұрыс деп отырсыңдар. Ендеше, мені неге жазғырасыз, Шыңаға?
Қазақ елі, қазақ жұрты, шынында, не көрді? Жан-жағынан андыздаған моңғолдың,
жоңғардың қан сасытқан шапқыншылығын, кешегі хандардың, төре-сұлтандардың, бүгінгі
ояз, болыстардың қиянат-қыспағын, озбыр, зомбылығын көрді. Одан басқа не жақсылық
көріпті?! Мен осыны айттым. Патша баласының "көргенсіз" дегені де осы емес пе?! Ал,
"тәрбиесіз" десе, ол да рас! Қазақ халқы не тәрбие, нендей жылы алақан көріп отыр?
Алым-салық, айып-айбан төлеп, шұрайлы көлін, шүйгінді шөбін, құнарлы жерін
бергеннен басқа, не қарымта қайтарып, алмақтан не салмақ көріп отыр? Сендер алған
сылдырмақ шен, жылтыраған шекпен бе? Ертең шынжырын тағып жетелер, алысқанға
айтақтап, басқа көзге төпелер қарғыбау ма? Одан басқа не тәлім, орыс жұртының не
тәрбиесін алып отырсыңдар? Тым құрмаса, ел билеген болыстар, көбіңнің қара танитын
білімдерің, қол қоятын сауатың, орыс ұлығымен тілмашсыз сөйлесетін тілің бар ма?
Сендер басқарған ел не тәрбие көріп қарық болмақ?! Мен осыны айттым. Патша
баласының "тәрбиесіз" дегені де осы. Мен өзім білетін, көзі ашық қазақ білетін бар
қасиетті, бар тауқыметті жаздым. Қазақ та орыс елімен қоян-қолтық қосылып, ел болсын,
тәрбие, шарапат көрсін деп, ел арызын Патша сарайына ала барсын деп жаздым. Бірақ оны
Мұрагер құп алмады. Неге құп алсын – қазақтың зердесіне білім құйып, тіліне нәр беріп,
терезесі тең сөйлегеннен гөрі, отарлы қойдай айдап, оны ойсыз мақұлдаған, тілсіз
бақылдаған миғұла текелерге басқартып қойса, жеуіне де оңай емес пе?!
Ұлықтар жаппай қозғалақтап, бірі жырқылдап күлсе, бірі ашу шақырып, күңкілдесіп
кетті. Шыңғыс маңдайын алақанымен көлегейлеп, екі иығы селк-селк етеді. Бүгінде ел
басқарған болыстардың көпшілігінің қара танымайтын білімсіздігін, бейшаралығын бетіне
айтып, шабынан түртіп, шамына тиген Ақан сөзіне айызы қанып күліп отырғаны ма
немесе бүгінде уысынан кетіп, мынадай надандарға тиіп қор болған билік, төрелігіне
қамығып, егіліп отырғаны ма?
– Ендеше, Шыңаға, бірінші әміріңізді орындай алмаймын: егер қате десеңіз, халықтың
көргенсіздігі мен тәрбиесіздігін бетіне басқан Мұрагердің өзі кешірім өтінсін жұрт
алдында.
– Пау деген?
– Тапқан ақыл! – десті жұрт кекетіп.
Ақан оларға мойын да бұрмады.
– Екінші әміріңізге құлдық, Шыңаға! Былай да ертең Мұрагермен табақтас болуға бар
ұлық итше таласып, өз-өздерің жақ-жақ боп жаға жыртысып жатқанда, менің қыстырылып
бірге жүргенім тіпті ерсі. Жарайды, ешқайда бармаймын. Әттең, патша баласын бір көріп,
табағынан бір асаған ет қанша азық болады сендерге? Енді көрмегенім Алексейдің баласы
Николай болсын. Тілсіз маңырап, мұрнынан суы ағып, бырс-бырс түшкіргеннен басқаны
білмейтін, сақалдары шошаңдаған сасық текелермен отыратын патша баласы да
табақтасқа жарыған екен!
Есікке қарай шыға берген Ақанның соңынан Нұртаза айғай салды:
– Әй, Ақан!
Ақан жалт қарап, болыс сөзіне құлақ түрді.
– Бұл сөзіңді қалай түсінеміз? Бізді ғана емес, болашақ патшамыз Миколайды да
даттап бара жатырсыз ба?!
Серінің Нұртаза десе, жыны құрыстай қалатын әдеті.
– Оны неге сұрадың? – деді тістеніп... – Ә, ертең ана Мұрагеріңе, болашақ патшаңа
айтып барайын деп пе едің? Е-е, өсек айтпасаң, саған басқа оңтайлы сөз қайдан келсін.
Аузың жетсе, тілің жетсе, айт, айта бер – ертең ол патша болса, сендер де, бақылдаған
сасық текелер, маңыраған надан қойлар жариды екенсіңдер жақсы қойшығы!
Нұртазаға керегі де осы еді. Ашуына арамзалығы қосылып, қарқылдап кеп күлді.
***
Осы түн әр шаңырақтың астында өздерінше сайран салып, думандатқан ел ұлықтары
мен көшпелі елдің дәстүрін, ас та төк асын қызықтап келген Омбы қаласының шені биік
чиновник қонақтарына, олардың сыртынан күзетпен полиция адамдарына көңілді, жылы
түн болғанмен, Ақан, Мәмбетәлі үшін үрейлі, суық түн болды.
Шулы түннің бір уағында түсі келмей, сұрланған Мәмбетәлі ызадан, қорлықтан бүк
түсіп, үстіне жеңіл шапан бүркеніп, ауыл шетіндегі жыршылар үйінде керегеге жабыса
жатқан Ақанды, сезіксіз болу үшін Ыбырайды қоса, тысқа алып шыққан.
Қотаннан аулақ жайылып жүрген шідерлі, тұсаулы көп аттарға қарай томпалаң қағып
алдына түскен Мәмбетәлінің қайда бастап келе жатқанын алғашқыда түсінбей, үрейлі
жүзінен, "жүріңіз тезірек!" деп асықтырған сөзінен секем алған Сері оның соңынан үнсіз
ере берді.
Әлден уақытта алдарынан ағараңдаған екі адамның бейнесі көрінді де, біреуі оқшаулау
шығып, бұларға қарай жүгіре басқандай болды. Шілденің қысқа танды бозамық даласына
кезі жаңа үйренген Ақан өзіне қарай қанатын қағып ұшқан аппақ көбелектей ақ көйлекті
әйел бейнесін көргенде, ауыл сыртында ұшыраған белпаз періштеге таң қалды. Енді
жақындап келе әйел бейнесі айдын көлде әлденеден үркіп, қанатын қаға ұшқан аққуға да
ұқсайды. Өзіне қарай созылған жібектей жұмсақ, көл сүйрігіндей нәзік қолды Ақан қалай
екі алақанына қысып, кеудесіне басқанын аңғармай қалды. Тұла бойынан жұпар иісі
аңқыған орыс әйелі өзінің әдеттегі ер адамға ұсынар қолын үйреншікті дәстүрмен созған
еді. Мұндайда тәрбиелі еркек ақ саусақтардың сыртынан ерін тигізер еді. Мына дала
серісінің бас салған мінезінен, өзінің ағаттау қылығынан қысылған әйел қолын жеңіл ғана
тартып алып, даусы дірілдеп, тіл қатты:
– Здравствуйте, степной рыцарь... Ахан!.. Таныдыңыз ба?
Ақанның аузына жөппелдемеде сөз түспей, үнінен, мүсін, келбетінің нобайынан
жазбай танып, әйел атын қайталай берді.
– Анна Ивановна... Анна.... Анна!.. Мен сізді, көп, көп дамалар ортасынан көргенмін,
алыстан. Сізді көрмей қалуым мүмкін емес...
Жазғы ақтаңдақ түнде ақ маралдай керілген Аннаның үнінде де үрей бар, асыға
сөйлейді, сыбырлап сөйлейді.
– Көріспегелі көп болды. Енді көрісеміз бе, жоқ па. Біз Петербургқа кетпекпіз. Ахан,
мен далаға салқындауға шыққалы недәуір уақыт өтті. Іздеушілер шығып қалса... бәрінен
де сізге қиын болар. Ахан, ренжімеңіз, осы қазір, бұл арадан тезірек аттаныңыз. Түсіндіріп
жатуға уақыт тығыз. Оны Сердалин мырзадан сұрарсыз. Тілімді ала көріңіз, өте сұраймын.
Кете көріңіз, бірақ бой тасалай тұрыңыз. Бәрі ұмыт болады, желігіп тұрған мезгілге
ұрынбаңыз. Ал, хош, Ахан! Бар қолымнан келгені осы, хош, аяулы рыцарь!..
Ақан әлдене деп оқтала бергенше болмады, Анна Ивановна анадай жерде Мәмбетәлі,
Ыбырайлардың қасында үнсіз тұрған, тап өзіндей ақ көйлекті белгісіз келіншекпен киіз
үйлерге қарай кете барды.
Тал бойынан мейірімді адамның мінезі, дала гүлінің исі аңқыған Аннаны көріп
қуанған сері, үрейлі, суық сөзін естігенде жүрегі мүздап қоя берген. Ендігі хабардың
жалпы нұсқасын түсінсе де, Мәмбетәлінің аузынан қашан естігенше тағаты таусылды.
Мәмбетәлі де жан-жағына қарағыштап, біреу тыңдап түр ма дегендей сыбырмен асығааптыға сөйледі:
– Ақан аға, жаңа Нұртаза, қасында Ковзолов пен Шмонин бар, Коноваловтар жатқан
үйге барыпты. Тегі, біздің Омбыдағы жүрісімізді бақылаған Ковзолов, кешегі Мұрагер
алдындағы сөзге екеуімізді қоса кіналайтын көрінеді. Екеуімізді жасырын қамауға алуға
лұқсат сұрапты.
– Оған да лұқсат сұраушы ма еді? – деді Ақан даусы дірілдеп. Күйзелген ел жайын
айтқан да айып болғаны ма? – Нені айыптау, нені айыптамау солардың қолында.
Қазаншының еркі... Ал, өз қаласында емес, тыста жүрген айыптыларды, әсіресе саяси
айыптыларды, жандармерия болмаса, қала полициясының ұстауға заң жүзінде қақысы
жоқ. Ол жағын қайтесіз, Ақан аға, шынтуайтқа келгенде олар заңға да қарамайды. Сіз,
әйтеуір де әкімдер қуды ғой, қазір, ел абыр-сабыр боп жатқан тұста, атыңызды алдырып,
алысқа, Семей, Кереку жағына ма, Жетісуға ма кетіп, бір жылдай бой тасалаңыз. Түрлері
жаман, араққа масыққан Коновалов та, ел ұйықтаған кезде, жұртты бөріктермей, алып
кетіңдер, ар жағын көре жатармыз депті. Жаңағы Аннаның мені таптырып алғаны мұндай
онды болар ма?
– Ал, сен ше?
– Ақан аға, мен былай да қуғында, есепте жүрген адаммын ғой. Менің кетуім өте
сезікті. Сізді ел ұлықтарына өкпелеп, жалғыз кеткен екен дей салады. Қашан іздегенше...
кейін ұмыт болар. Ал мен кетсем, ертең-ақ аттан салуы айдан анық, ши шығарып
алмайық.
– Сонда сені ұстамақ па? Мен бой тасалауым керек?..
– Мен үшін қам жемеңіз. Үйреншікті жағдай ғой. Қанша ұстар дейсіз. Дәлелдері
болмаған соң, босатып жіберер. Екеуіміз бірдей ақ түрмеге түссек, одан қашан
құтылғанша... Іс ұзаққа созылып кетеді... Түсініңіз, Ақан аға!
Бұрын түрме жүзін, жандарм алдын көрмеген аңқау ақын аузынан Омбыда қайда
болғаны, не сөздер айтылғаны шығып кетсе, жолдастарына да қиыншылық түсерінен
қауіптенгенін Мәмбетәлі, сері намысына тимейін деп, бүгіп қалды. Түрме, ит жеккен десе
жаны түршігетін Ақан не істерін, не айтарын білмей қибыжықтай берді. Көз алдына
Мәмбетәлі көрсеткен орыстың Достоевский, Дуров сынды ұлдары отырған крепость,
Сібірден шыққан оқымысты адамдар Ядринцев, Потанин қамалған қала сыртындағы төрт
қабат тор көз ақ түрме түсті. Тұла бойы тітіркенеді. Қиырда жұптарын жазбай, басқа
түскен хикметті бірге тартып күн кешкен жолдастары түсті есіне. Бойын қайта жинап
алды.
– Жоқ, Мәмбетәлі, не тартсақ та, бірге тартамыз. Бар салмақты саған тастап, бас
сауғалау деген не сұмдық. Өзім бастаған екем, өзім мойныммен көтеремін. Сенің қағаз
жазғаннан басқа кінаң қандай? Ол қағазы да жоқ.
– Иә, Ақан аға, дұрыс ұғынып тұрсыз. Ол – Шмониннің әпербақандығынан жасаған
қатесі. Егер ондағы сөздер қолдарында болса, онда тіл тартпай, Сібір айдалып кетіп
жатырмыз. Ал, дәлелі жоқ, мені де онша жазғыра алмайды. Сіз өзіңізді ғана емес, мені де
аясаңыз, қазір көзге түспей, аттаныңыз, жөнеліңіз, Ақан аға!.. Өтінемін!.. Бұл арада,
арыстанға қарусыз қарсы барар дәрменсіз адамдардаймыз. Орыстың белгілі азаматтарына
да жібермейтін Патшаның қатал заңы, "бұратана түземдіктерді" мүлдем көзіне де
ілмейтінін сезген шығарсыз. Босқа мерт боламыз. Ал, Ақан аға! Және де ел жаққа бара
көрмеңіз. Қар жауып, із басылсын.
Іс сыңайын, сөз нобайын ұққан ақылды Ақан, бұдан соң көп қолқалатпай, Ыбырайға
сыртта жусаған Көкбестісін аулақта ерттетіп, қамыға тұрып атқа қонды.
– Ақан аға, бір керегіңізге жарар, анау-мынау тексере қалғандар болса, кім біледі,
қысылған жерде мұның да пайдасы тиер. Елге атыңызды жария етпеңіз, бүркене көріңіз...
Жолыңыз болсын!
Көзіне жас оралған Ақан, көңілі босап ұнжырғасы түскен Мәмбетәлі, Ыбыраймен
құшақтаса қоштасып, Кереку жақты бетке алып, беймезгіл шақта жападан-жалғыз ұзай
берді.
Таң аппақ атып, шығыс жақ қызыл арайға малынған кезде, ауылдағы абыр-дабыр да
басылған. Күндізгі қала қамына асыққан Шмониндер арбаларын жегіп, мылтықтары
шошайған салт атты городовойлармен Ертіс үстіндегі жайма көпірге қарай ұшырта
жөнелді. Ресорлы күйме ішінде тұтқындалған Мәмбетәлі.
Қотандана тігілген үйлерді поштабай, шабармандарымен айнала тіміскілеп, үнсіз
тінтіп шыққан Нұртаза Ақанды таба алмай, бармағын тістеп қала берді.
Ертеңінде-ақ кім таратқаны белгісіз, Ақан серінің Ертіс жағасында отырып шығарған
"Он үш жетімі" ауыздан-ауызға тарап, қашан Мұрагер кеткенше, Омбы төңірегінде
айтылып, кейін Ақмола, Қызылжар, Көкшетау өңіріне жетіп, Семей, Кереку, әрісі Жетісу
асты.
7
Қараша шым үйдің сыртқы есігі ашылған сайын тыстағы көктем лебі білінеді. Әлі дала
тұтас қарая қоймағанмен, тебе, қыраттардың күнгей беттері жалаңаштанып, дымқыл жер
иісі шуақты күндері бүкіл атырапқа тарай бастаған. Күннің түске дейін мүйіз, түскен кейін
киіз дейтін шағы. Бұл кезде қыстай қалың қар астында бүк түсіп, мықшиып жататын
бәкене үйлердің алдындағы күресін беті еріп, сығырайған терезелердің қырауы жылап
тұрады. Іргеден, бұрыш-бұрыштан білінген сыз, дала жылып, үй суынған сайын
дымданып, сәл от жақса бөлме ішін буға толтырып жібереді. Сырттан таза ауа кірсе, іштен
күн түспейтін қалың тоғайдағы шірік қаз оты мен жапырақтардың борсыған исіндей
тымауратқан қолайсыз исі білінеді. Қыстан қысылып шыққан адам да, мал да бұл кезде
шуақты даланы аңсап тұратын кез. Қашан күн батып, әлі ызғары тарқай қоймаған қыс
салқыны бойын тоңазыта бастағанда барып үйлеріне кіретін жұрттың сыртта ұзақ
жүретіні содан.
Қалың көрпені бүркеніп, бұрыштағы ескі ағаш төсекте үнсіз жатқан адам ғана дала
рахатынан қалыс. Тысқа шығуға мұршасы келмей, төсек тартқан дімкәс жандай
тапжылмай, ел жүзін көрмей жатқанына бір жұмадай болды.
Бұл – елін, жерін сағынып, жақын жұрағат, туыстарын бір көруді армандап, құсаланған
Ақан сері еді.
Биыл Омбыдан патша мұрагері алдында, ел шонжарларының алдында кінәлі болып,
қуылып кеткелі Кереку асып, одан Қара Ертіс бойында қыстай жасырынып жүрді. Сол
жақта аты жаңа шыға бастаған асқан әнші Естайды ертіп, жұрт көзінше ақынға ілескен
атқосшыдай өзінің кім екенін сездірмей, ашық қапаста күн кешті. Естайды жаңа үнді,
мәнерлі әнге баулып, ұстаздық етіп, өзі бүркеніп жүрді. Құрығы ұзын ақ патшаның болыс,
старшындарының көзіне түспей, қашқын күйде күнелтті. Ақыры елін сағынған ақын,
Естаймен қоштасып, Ереймен бауырына құлаған еді. Бұл маңда да бөтен атпен ауылауылды сағалап, Көкшені төңіректеген сері Жайық қарттың үйіне жетіп, бір айдай
аялдаған. Осы жатқаны – Жайықтың үйі.
Қысқы аязды күндердің бірінде жасырын келген Ақанды Жайық қарт жылы құшағына
алып, еліне жібермеді.
"Ақанжан, жағдайыңды өзіңнен бұрын естіп ем, сенің Омбыда ақ патшаның баласы
алдында тайсалмай тұрып ел жайын, елдің ауыр күйін айтқан сөздеріңді бүкіл Сарыарқа
әңгіме етіп жүр. Нұртаза сияқты болыстардың саған деген тісі қайраулы көрінеді.
Қайтесің, елге барам деп, апандай аузын ашқан қасқырларға жем болып кетерсің. Әліптің
артын бағайық, мүмкін өткен істі ұмытар, сенің әділдік қуған сөздерің ескірер, сол кезде
барсаң, тозған сөзді ешкім қайтадан қоздатпас. Осы үйде жата бер, ешкімнің көзіне
түспеші, заман бүлініп тұр. Қит етсе түрмеге қамайтын, сібір айналдырып жіберетін заң
шықты ғой. Бетін аулақ қылсын. Жер аяғы кеңи келе, жұмыс арасында өзім Көкше жағына
жансыз барып, ұлықтардың сыңайын байқармын" деп, жалынып-жалпайып Ақанды
тоқтатқан.
Енді Ақанның шыдамы мүлдем таусылды. Бұрынғыдай әнмен, сәнмен жүрген емес,
бөденеше бұғып, түнде ұшатын қорқақ оқпақтай жасырын тіршілік еткенге бетінен басып,
өзі өзінен ұялып, қорланатын болды. Оның үстіне, осы соңғы айда жер-жерде жұт
нышаны біліне бастады. Ақпанның соңғы күндері бұрын болмаған жылымық күндер
тұрып, ара-арасында жауын жауып, арты түтеген май боранға, қызыл шұнақ аязға
айналып, тебіндегі малдың шашасы қиылып, биелер іш тастап, тақыр қоянда жүдеп,
шалдыққан жылқы баласы көк тайғақты көтере алмай ұшып өле бастады. Көкше жағының
халі де осындай дейді. Тегі биыл ел қатты тарығып, тіпті аштыққа ұшырауы ғажап емес.
Наурызда малдың аузы көкке, елдің аузы аққа тиіп ілініп кететін қазақ жұртының мал
сүмесі болмаса, ертең жұтқа ұшырамағанда несі қалсын.
Осындай тар кезеңді де ойлап, ел басына күн туа бастағанда, өз қара басын қорғап,
біреудің шымшып жеген асына ортақтасып жатқанына қатты налыған Ақан, енді дал ада
су жүріп кетпей тұрып, еліне жетуге бекінді.
Жайық қартта да бұрынғыдай күй жоқ. Паң Нұрмағанбеттен іргесін аулақ салғалы осы
ауылдың байы Тасболатқа жылқышылыққа жалданған екен. Қазір мына қара өзек кезінде
күні-түні көтерем мал соңында.
Ақан жападан-жалғыз төсекте аунақшып, құсаланып жатқанда сырттан сәнді киінген
бір келіншек кірді ішке. Қара көлеңке бөлмеде сырттағы жарықтан көзі үйренбеген ол,
аяғын кібіртіктей басып, тап ортадағы қақ ашаға келіп тоқтады. Бұрын үйге бейтаныс
біреу кірсе, теріс қарап, іргеге аунап түсетін сері, бұл жолы өйтпеді. Ашаны құшақтап
тұрып қалған келіншектен көз алмай жата берді. Келіншек те танадай екі көзі жаудырап,
үнсіз тұр.
Әлден уақытта барып, келіншек үн қатты:
– Ақан аға!.. Сіз... Ақан аға емессіз бе?
Ақан үстіне мұздай су кұйып жібергендей болды да, әлден уақытта бойына бір жаңа
жылы қан тарағандай, келіншекке тандана қарады.
– Айтыңызшы... мен ешкімге айтпаймын... аузымнан шықпайды, айтыңызшы, Ақан
аға, сіз... – деп келіншек өз үніне өзі тығылып, көзіне жас оралды.
– Өзің кімсің, қалқам, – деп Ақан басын көтеріп алғанда, жылап қоя берген келіншек,
серіні бас салып құшақтап, үнсіз көрісті.
Әлден уақытта құшағын жазып, төсағашқа серімен қатарласа отырған келіншек біресе
жылап, біресе күліп:
– Шынымен танымадыңыз ба, мен сізді сыртыңыздан бір көргенде ұқсатып ем, бірақ
мына үстіңіздегі киімдеріңізді мүлдем сізге лайық көрмедім. Кейін ел жақтан келген
адамдардан "Ақан сері ұлықтардан бой тасалап, бөтен елде бұғып жүр екен" дегенді
естігенде барып жүрегім сезе қойды.
Сом тұлғалы, кезінде бәденді болған, танауы сәл делдигендеу, қызыл шырайлы
келіншекке Ақан ұзақ қадалды. "Бұғып жүр" деген сөзге тітіреніп, іштей намыстанып та
отыр.
– Таныдыңыз ба? Кіммін, анықтап қараңызшы, – келіншек балаша еркелеп, әрі
назданып отыр, - Киіміңіз ғана болмаса үніңіз де, сөзіңіз де өзгермепті. "Қалқам, қалқа
бала" дегеніңіз қандай ыстық еді. Кеше ғана естіген сияқтымын, Ақан аға!
Келіншекті жаңа таныған Ақан да қуанғанынан бас салып, қаны тамған екі бетінен
алма-кезек сүйе берді:
– Сен... сен... Ақшабақ емеспісің... Ақшабақ... Қалқам-ай, көрмегелі талай жылдар өтті.
Ақшабақ, Ақшабақ!
Ақшабақты ұзатылғалы көріп отырғаны осы Ақанның. Әйел бала жат жұрттың
табалдырығын аттап, бала-шағалы болған соң тез өзгереді-ау. Әлібек батырдың ақ жарқын
мінезіне ұқсаған бұрынғы қалпынан айнымағанмен дене бітімі мүлдем өзгеріпті. Тұла
бойы толысып, өңі мосқалданып, кәдімгідей шау тартқан.
– Ақан аға, жақында, сіздің аран түбінде шуақтап отырғаныңызды көрші ауылдан
лаумен өтіп бара жатып алыстан көрген бір орыс, үздіге сұрап қоймайды. "Бір көрген
адамым секілді, Ақан деген ақын емес пе?" дегенде, жүрегім су ете қалды. Пиғылы жаман
адам ба, кім білсін! Мен "Ақан бұл жаққа қайдан келсін, ол – осы ауылдың жылқышысы.
Көптен дімкәс" деп жалтарып ем, "өзім де солай ойладым, өңі келгенмен киім киісі
мүлдем ұқсамайды, немен ауырған адам" деп сұраған соң, осы емдеуге барам деп, танып
қояр. Одан да мұны мүлдем жаңылдырайын деп, "ол емдеуден кеткен адам, және де орыс
емін алмайды, дем салатын қазақтар болмаса, кәпір қауымын жек көреді" дедім. Содан
тағатым таусылып, бүгін ешкімнің көзіне түспей жеткенім ғой, Ақан аға.
– Орыс дедің бе, ол неғылған орыс?
– Былай, жаман адам емес, әйтсе де кім біледі. Өзі көптен бері қазақ ауылдарында
балалардың көз ауруын, денесіне түскен жарақаттарын емдеп жүрген жетім адам. Дәрідәрмекпен емдейді. Қолы сондай жеңіл, емсекті көрінеді. Бірақ көп қазақтар "кәпір" деп
қорқады.
– Ал, мені ол қайдан біледі? – дей беріп, Ақан селк ете қалды, – Ақшабақ, атын білесің
бе?
– Аты Мәтібей.
– Оу, Новиков қой. Новиков, жаным-ау қайда ол. Қайда, Ақшабақ, – деп Ақан орнынан
ұшып кете жаздады. – Айналайын-ай, қазір, жіберші осында!
– Ол көрші ауылдарда жүрген болуы керек, егер сізге қажет болса, кісі жібертіп
алдырайын. – Ақшабақ есі шыға қуанған серіге таңырқай қарады.
– Сүйтші, сүйтші, қалқам. Апыр-ай, табылса жақсы болар еді, бір жаққа кетіп қалмаса
игі етті!.. Ереймен жағында тұрамын деп еді-ау...
– Ақан аға... – Ақшабақ, әлдене көмейіне тірілгендей күмілжи берді. – Ақан аға,
кешке... біздің үйден дәм татсаңыз екен. Әдейі... шақыра келдім... Сізді көргенде бүкіл ел
көшіп келгендей... сағындым елді... тым құрымаса сізбен отырып, шерімді тарқатып,
мауқымды басайыншы?!.
– Қалқам-ай, үй аралап қыдырардай менде не хал бар. Тағы да жұртты дүрліктіріп...
– Ешкім білмейді, Ақан аға! Өзіңізден басқа ешкім болмайды.
– Жолдасың қайда еді?
– Ол малда. Жылқыда жүр. Түнделетіп келіп қалса, ел адамы, Көкше жағынан жүрген
ағайыным дермін: Оның шаруасы қанша?
– Ол жоқта қонақ күтуің қалай болар екен?
– Одан қам жемеңіз, Ақан аға. Малға сатылып келсек те, Зілғара әулетінің билігін
ешкімге сатқан жоқпыз. Өз билігім өзімде.
Ақшабақ осы сөзді айтқанда кәдімгідей намыстанғандай, әлденеге зығырланғандай
қызарақтап, аялы көзі алақтап кетті. Құдды Әлібектің мінезі: айыбы әйел, әйтпесе
тірісінде тізгінді ешкімге бермейтін, қиянат атаулыға қарсы тұрып, айылын жимай тіресер
әкенің адуынды айбыны бар жүзінде.
– Жарайды, Ақшабақ! Ақшам кезінде Жәкең екеуміз барамыз. Қолқам сол болсын –
Мәтібейді таптыршы...
Ақанның бұл түнгі қуанышында шек жоқ. Ғұмыры ел ішінде жабығып көрсе де, жұрт
көзінен жасырынып көрмеген сері қыстай бөтен жерде не атын айтып ағынан жарылмай,
не көңіліндегі көрікті әнін сыртқа шығара алмай бұйығып, ішқұса боп басылып,
жарылардай халге жеткен еді. Енді кең отауда еркін көсіліп, еркін сөйлеген ақын да
Ақшабақтан бетер ішкі шерін бір тарқатқандай. Мол дастарханда Жайық пен Ақан ғана.
Ерке, әрі бір бет айпара келін есіктен сығалаған ауыл адамдарын, көрші-қолаң,
қайындарына дейін қора астындағы үлкен үйге қуып салып, өзі сыйлы қонақтарымен жеке
сұхбаттасқан. Түн ортасы ауа Ақшабақ әмірмен жұмсаған тыңғылықты жалшы бала
Новиковты қояр да қоймай алып жетіпті.
Ақан мен Мәтібейдің ойын баласынша бірін-бірі жұлқылай құшақтасып, көпке дейін
ажыраса алмай, қуаныштан жыларманға келген күйін көрген Жайық карт пен Ақшабақ аңтаң.
Фельдшер мен cepi таң атқанша біресе орысша, біресе қазақша сөйлесіп әбден
мауықтарын басты. Ақанның Омбыдағы әңгімесін, қашқын күйін зер қоя тыңдаған
Новиков кейде қабақ шыта тыңдаса, бірде қарқылдай күліп, патша мұрагеріне айтқан
сөздеріне мәз бола отырып, тосын бір хабармен серіні қатты қуантты:
– Ахан, мен жақында сіздің елге – Көкшетауға барамын, Сізбен сол арада кездесермін
деп ойлап ем, мына қарашы, ойламаған жерде... Енді бірге жүретін шығармыз.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Ақан Сері - 24
  • Части
  • Ақан Сері - 01
    Общее количество слов 4025
    Общее количество уникальных слов составляет 2339
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 02
    Общее количество слов 4136
    Общее количество уникальных слов составляет 2388
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 03
    Общее количество слов 4145
    Общее количество уникальных слов составляет 2503
    30.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 04
    Общее количество слов 4070
    Общее количество уникальных слов составляет 2446
    29.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 05
    Общее количество слов 4030
    Общее количество уникальных слов составляет 2354
    30.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 06
    Общее количество слов 3916
    Общее количество уникальных слов составляет 2391
    31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 07
    Общее количество слов 3928
    Общее количество уникальных слов составляет 2279
    31.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 08
    Общее количество слов 4162
    Общее количество уникальных слов составляет 2387
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 09
    Общее количество слов 4140
    Общее количество уникальных слов составляет 2529
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 10
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2215
    32.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 11
    Общее количество слов 4039
    Общее количество уникальных слов составляет 2283
    32.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 12
    Общее количество слов 4060
    Общее количество уникальных слов составляет 2324
    31.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 13
    Общее количество слов 4086
    Общее количество уникальных слов составляет 2342
    32.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 14
    Общее количество слов 3986
    Общее количество уникальных слов составляет 2418
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 15
    Общее количество слов 4095
    Общее количество уникальных слов составляет 2509
    30.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 16
    Общее количество слов 4100
    Общее количество уникальных слов составляет 2453
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 17
    Общее количество слов 4035
    Общее количество уникальных слов составляет 2354
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 18
    Общее количество слов 3853
    Общее количество уникальных слов составляет 2425
    30.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 19
    Общее количество слов 3945
    Общее количество уникальных слов составляет 2384
    30.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 20
    Общее количество слов 3897
    Общее количество уникальных слов составляет 2386
    30.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 21
    Общее количество слов 3956
    Общее количество уникальных слов составляет 2516
    27.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    40.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    49.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 22
    Общее количество слов 4047
    Общее количество уникальных слов составляет 2445
    31.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 23
    Общее количество слов 4080
    Общее количество уникальных слов составляет 2372
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 24
    Общее количество слов 4114
    Общее количество уникальных слов составляет 2376
    31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 25
    Общее количество слов 4151
    Общее количество уникальных слов составляет 2414
    32.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 26
    Общее количество слов 3915
    Общее количество уникальных слов составляет 2380
    29.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    50.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 27
    Общее количество слов 4110
    Общее количество уникальных слов составляет 2410
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 28
    Общее количество слов 4188
    Общее количество уникальных слов составляет 2303
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 29
    Общее количество слов 4161
    Общее количество уникальных слов составляет 2389
    30.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 30
    Общее количество слов 1634
    Общее количество уникальных слов составляет 1173
    35.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов