Latin Common Turkic

Ақан Сері - 10

Общее количество слов 4001
Общее количество уникальных слов составляет 2215
32.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
"малай" дегенді қосып, Ғазиздің жынына одан сайын тие түсті.
– Ей, мужик, шала-шарпы бірдеме үйренген екенсің, көп былдырламай орысша айтшы
өзің, не алашағың бар бізден, - деп, таза орысшалап сөйлеген Ғазизге орыс сұқтана
қарады.
– Молодец парень, сен жакси суйлейди, но мынаулар, тушинмейдэ, содан қазақша
суйлерге кирак булады.
– Мынауларды қайтесің, – деді Ғазиз оның сөзіне салып, – мына Ақан аға орысша
сенің ана шылапшындай шлапанды теріс айналдырады.
Ғазиздің "шлапшындай шлапанды" деген тапқырлығына Ақан мен орыс шек-сілелері
қата күлді. Темекісін тұтатқан орыс ілдірігіне шүберек ораған бір әйнегі шытынаған
көзілдірігін бір шешіп, бір киіп, түтінге қақалып-шашалып, күлкіге жөтел араласып
булығып қалды. Аузынан темекісі де пальтосының етегіне түсіп, самасатттың қызыл
шоғын сөндіріп жанталасып жатқан орысқа, екі иіні дірілдеген ақынға қарап түк түсінбей
аузы ашылып отырған қазақтарға Ақан Ғазиз сөзін ұғындырды.
– Әй, тапқырым-ай, аяқ астынан суырып саласың-ау. Естимісіндер, мына Ғазиз қазақ
сөзі мен орыс сөзін қалай қиюластырады. Шылапшын мен шляпа қалай үйлесіп тұр, – деп,
сері тағы да күле түсіп, леген демей, не орысша атын атамай, шылапшынды әдейі
келтіргенін айтып, мына сақалды орыстың қалпағын орысша шляпа дейтінін
түсіндіргенде, милығына дейін баса киген жағалауы мыжырайған шляпаға қараған
қазақтар да даланы басына көтере күлді.
– Оу, мынаны шляпа деуші ме еді, мұны кім білген?
– Және ернеуі майысқан ескі шылапшыннан аумайды.
– Ай, Ғазиз-ай, ақыным-ай, – деп, қарқылдап кеңкілдей күліскенде анадайда отырған
басқа мұжықтар да, бұлардың жылы кейпін көріп, "Салаймалайкум!" "Аман!" десіп, осы
араға жиналып қалды. Олар да сөздің шет жағасын естіп күліскенде, жүзі жылы тарта
бастаған мына көзілдірікті орыстың көңіліне келмесін дегендей, Ақан енді, қалжың сөздің
қалай шыққан төркінін ұғындырып, жуып-шайды.
– Мына Ғазиз деген жігіт суырып салма ақын, әнші. мұндай тапқыр, алғыр сөздерге
қазақтар ренжімейді, – дегенде: – Ого, әрине, қазақ халқы – өте шешен халық, білем, білем
және Ғазиз дедіңіз бе, ақын, яғни поэт қой, болса болар, тілі удай екен, менің басымдағы
шляпаны тым құрымаса саңырауқұлаққа теңемей, шалдар дәрет алатын шылапшынға
теңеуін көрмеймісің, – деп сақалды орыс тағы күлді.
– Менің тапқырлығым жәй әншейін бер жағы ғой. Ақан аға, өзіңізге қалай ұқсаймын
деу, құр әурешілік. Мына отырған адам бүкіл қазаққа аты әйгілі ақын – Ақан сері. Егер
бұл кісі мінеп-шенесе, шләпінің көкесін сонда көрер едің, – деп Ғазиз де енді Ақан жайын
бейтаныс орысқа баяндап қойды. Бұлар енді орысша сөйлесіп отыр еді.
– Тұра тұр, тұра тұр, – деді орыс, тағы да ораған темекісін ерніне апара беріп. – Ақансэре дедің бе? Сіз, Құлагердің иесі, ақын Ақан емессіз бе?
– Иә, оны қайдан білесіз? – деп, шын таңырқаған Ақан мына қара шекпеннің тегін
адам емес екенін аңғарып, Құлагерді білетініне таң қалды.
– Е, неге білмейік, - деді сақалды орыс темекісін тұтатып жатып. – Қазақ жерін
мекендеген екенбіз. Ол жердің өткен-кеткенін, бүгінгі хал-ахуалын біліп отырмасақ несіне
бұл арада күнелтеміз? Ұят емес пе онда? Бүкіл қазақ жұрты жазықсыз аттың өліміне
қайғырғанда, оны естімей отыратын құлақсыз жан емеспіз ғой. Және мен Құлагер өлетін
Ерейментау орысымын.
Ақан сері кеше ғана серігіндей болған Құлагері есіне түскенде жанқалтасынан Тулақ
ұстаға бұйырып соққызған алтындатқан өрнекті мүйіз шақшасын алып, қисық табан
етігінің өкшесіне баяу ғана тықылдатты. Серінің қалтасынан бұрын-соңды көрмеген
алтын шақша жарқ еткенде ауыл қазақтары да, переселен мұжықтар да таңырқасып,
көздерін алмады. Жаңағы ел мұңын шаққан қария да шақшаға қызыққан баладай қолына
алп, олай бір, бұлай бір төңкеріп, шақшаның екінші жақ күміс бетіне қарала кавказдатып:
"Ащы насыбай – ер арқасы" дей келіп, "Майда қоңыр" өлеңінен алып, қадымша жазған
жазуды оқып:
– Паһ, паһ, қыздың баласындай ғып соққан ұстаға да болайын, елде жоқ затты ұстаған
серіге де болайын, – деп алақанына насыбай қақты.
– Жақсыны көрмек үшін, біз де көрейік, қане...
– Ақан серінің өз қолынан насыбай аттық деп жүрейік, бері қарай жібер, – десіп
ұмтылысқан жігіттер ауыл әдетімен тегіс қолдарына алып, насыбай қағысты. Мойнын соза
қараған тарғақтың жұмыртқасындай секпіл бет бір орыс жігіт де аузындағы қолағаштай
темекісіне түкіріп, ол да алақанын созып жатыр:
– Дай, попробую!
– Өй, бұл саған асатар ет дедің бе. Мә, мә, көргеннен көз ақы алған, пәтшағар, қайтеді!
Басың айналып өлсең, жауабыңды бермеймін, – деп, шақша қолына тиген соңғы жігіт,
оның алақанына да қалған насыбайды сілкіп беріп еді, орыс жігіті тамақ асағандай аузына
бір-ақ ұрды. Ду күлкі. Анау одан сайын күлдірейін дегендей, үнсіз малжаңдап, шайнап
отыр, шайнап отыр.
– Қой, таста. Түкір! Басың айналып, құсасың, – дегенде барып, түкіріп етегімен тілін,
ернін жанталасып сүртіп жатыр.
Бір-бірінің тілін түсінбесе де орыс, қазақ боп дуылдасып, мәз-мейрам боп қалды.
– Ақан, – деді жұрттың күлкісі басылып, сабасына түскен соң, темекісін будақтата
тартқан орыс. Отырғандар тым-тырыс момақан күйге түсті. – Менің атым Мәтібей.
Қазақтар Мәтібей дейді. Мына отырған бейбақтардың қайсыбірінің аты-жөнін айтайын!
Бәрібір есіңде қалмайды. Ал осы уезд начальнигінің есігін неге күзетіп жүргені өзіңе де
мағлұм шығар. Бәрі де жетіскеннен жүрген жоқ. Шағым, арызбен келгендер.
– Иә, түсінікті шаруа ғой. Әйтсе де бұларға не жетпейді, - неден кемсін көрген жандар?
Орысқа керегі егін егетін жер. Қазақ жерінің құнарлылығын айтқанда ауыздарының суы
құриды, енді не керек? - деп, Ақан сері мұжықтардың мұқтаждықтарын шетпұшпақтай
білгісі келді.
– Қазақтың кең сахарасынан таңдап, кесіп жер алып, үй қалап, бақша салып, тіршілік
еткен халыққа ендігі жетпейтіні не сонда? – деп Ғазиз да қосылды.
– А, Ахан, айтқаныңның бәрі дұрыс. Дұрыс аңғарыпсың. Россиядан осы Ақмола
төңірегіне жылда переселениемен, ссылкамен жер ауып, қаншама крестьяндар келіп
жатыр. Жер алып кенеліп жатыр! – деп енді қазақ сөзін аратұра араластырғаны болмаса
орысша көсіле сөйлеген Матвей зығырлана күлді де, темекісін жерге тастап, бақабас
етігімен қайта-қайта езгіледі.
– Бәрі дұрыс. Жері бар орыста енді не қайғы болады?
– Жо-жоқ. Мына қазақтардың көзі қара да, мына орыстардың көзі көк. Айырмасы сол
ғана. Ал, мойындарына қарашы. Көн боп кеткен. Қылқиған арық өгіздердің мойны
сияқты, айырма жоқ. Бәрінің мойнынa салған хамуты бір. Бұлар – анадан туғанда сол ауыp
хамутты бірге ала түскендер... Жер алып жатыр дейсің. Рас, ең шұрайлы, – өзенді, көлді,
тоғайлы жерлерді мекендеп, деревнялар тұрғызып жатыр. Бірақ, тегін келгенмен тегін
қалып жатқан ақысыз жер жоқ, жеp көлемінен алым-салық көлемі көбейіп барады. Бір
етігіңмен басып тұрар жер берсе, екінші етігіңді сол жер үшін шешіп алады. Екі етігің
сияр жер берсе, екі етігіңді де шешіп алатын заң тұрады алдында. Патша атымен берілетін
ссуда дейтін күннен күнге кеміп, тіпті қайсыбір семьялар одан мүлдем қағылып отыр.
Бірақ, патшa үкіметі ол ссуданы мүлдем жоймайды, жаңадан келетіндерге тағы да төгеді.
Онда үлкен... саясат бар... Жарайды, бұл сендерге түсініксіз көп қасіреттердің шет жағасы
ғана... Мына мені алайықшы. маған не жетіспейді? Соқабасты адаммын...
– Ал, иә, саған не жетпейді? Неғылған жансың? Соны айтшы, – деп Ғазиз де ұзақ
сөзден жалыққан сыңай білдіріп, әңгіме соңын асықтыра түсті.
Осы кезде қасында екі жандарм бар, еңкіштеу мысық мұрт біреу, арбаларды
төңіректеп жайбарақат келе жатқан.
Тағы темекі алып тұтатқан Матвей оларға кезінің астымен қарап:
– Жә, басқа әңгіме айтыңдар. Ана келе жатқан барып тұрған қаныпезер... Надзиратель,
– деді.
Бұлар әңгіме бетін күрт өзгертіп, жоқ бірдемелерді сөйлесе бастағанда, жоғалтқан
заттарын іздегендей тіміскілеп, көздерімен тінте қараған аналар, осы тұсқа келіп тұрып
қалды:
– А, Новиков, сен әлі жүрмісің, кеткен жоқсың ба? – деді надзиратель Матвейге
сықсия қарап.
– Жоқ, тақсыр Ковзолов. Әлі шаруам біткен жоқ, – деді Матвей қиналған адамның
сыңайымен.
– Сенің шаруаң таусылмайды екен, қаланы сағына бересің-ау. Тарандар, ұйлыға
бермей, кеш болғанда не отырыс!..
15
Сақал-мұрты қауғадай адамнан жол бойы жөн сұрасып, жасының отыз екіде екенін
естігенде Ақан да, Ғазиз да таңырқасып, бір-біріне үнсіз қарасқан. Қарттық жеткендей
имие бастаған, өңі жүдеу, жүзі мосқал адамның нағыз қынаптан суырған алмас қылыштай
жігіттік шақтың дер кезінде тұрғанын ойлағанда, "тегі аурулы-сырқаулы болып
тіршіліктің ауыр тауқыметін көп тартып, мезгілсіз қартайған ғой" деп қойған.
Суға кеткен тал қармайды демекші. Патша үкіметінің жаңа заң, тәртібіне шорқақтау
Ақан мына қауға сақалдың сөз жобасынан "көп жасап көпті көрген білгірсің-ау, мүмкін,
ақыл айтарсың" деген оймен Новиковты Әлтай үйіне бірге ала келді.
– О, қазақ үйлерін жақсы білемін. Қазақта жаттық жоқ, несі бар, тіпті, қуаныштымын,
– деп, сөзге келмей Ақандарға ерген.
Переселен Барыстармен араласып, орыстарға еті үйренген Әлтай да мұны жатсынған
жоқ. Ақан әдейі ертіп келгенін айтқанда:
– О не дегенің. Жата берсін, не ризығымызды жер дейсің, бұл да Құдайы қонақ. Және
ауылдан базаршылап келіп, тапжылмай жатып алатын қазағымның қонағындай емес, шөп
жейтін көлігі жоқ жаяу қонақ екен, – деп күлген. – Тұра қал, дегенмен өзінің аузының
салымы бар екен, кеше Ғазиз әкелген қойды бүгін сойғамыз. Барыстарды да
шақырғанмын, бәріне жетеді. Әй, өзінің төбесі де тесік шығар. Қараөткелдің орыстары
қазір қазақшаңның түбін түсіреді.
– Тесік булганда, айтпагыз, унреип тур, – деп Новиков та бір күлдіріп алған...
Жылы үйге кіріп, кең көсілген Новиковты Ақан жаңа аңғарды. Қою кірпікті,
көкшілдеу көзінің аясы кең, жайдары жүзді келбетті адамның маңдайы да аса кең, әрі
шекелі. Тұла бойындағы жастықтың белгісі жел қақпаған әжімсіз ақ маңдайында ғана
қалған сияқты.
Сөзі де орнықты, байсалды жігіт Ақаннан барымташылар жайын тәптіштеп сұрап, ұзақ
үнсіз тыңдайды. Ара-арасында сұрақтар қойып, түсініксіз жерлерін анықтап алғысы
келгендей сері әңгімесіне ынтыға түседі. Ожымбай, Шәкей, Байбатырлардың ескі
рәсіммен арандап қалғанын, Бәтжанның мерт болғанын естіп, өткен оқиғаларды
салмақтағандай ұзақ ойда отырып сұрағаны:
– Ал сіздер барымташылар ісі кімнің қолына түскенін білдіңіздер ме, егер тура заңға
сүйенсе, бұл іс – болыстық сотта қаралуы керек. Іс тексеріліп болды ма екен? Мұнымен
болыс прокуратурасының зерт орны айналысуы тиіс.
– Бармаған жеріміз жоқ, болыстық сотта да, мировой сотта да болдық.
– Прокоролда да болған жоқсыңдар ма? – деп Әлтай да қостады.
– Иә, онда да болдық. Бәрі де білмейді.
– Беттері бүлк етпей, әлгі диала қарағандарына ақша алатындарын қайтерсің, бұрын
сотты итім білген бе, мен де бірдемелерді ұға бастадым. Аюға намаз үйреткен таяқ депті
ғой, әлі сұңғыла боп шығармыз-ау, Алла бетін аулақ қылсын! – Әлтай Ақанға қарады, –
Өзі аяқтарыңнан таусылған жоқсыңдар ма, әлгі Жайынбектің тауып беріп жүргендері...
– Оның кінәсі не, әйтеуір көмектескені де. Әр шеноуниктің соңында төрт-бес күннен
жүрген шығармыз. Сот, прокуратураңда не деген аткөпір қағаз. Күні бойы ақтарғанда
өздерінің де бастары айналатын шығар. Қаншама уақыттары зая кетті десеңші.
– Уақыты зая кеткенде бізді аяйды деймісің, Ақан аға, бәрібір құлқынның қамы, алтын
көрсе періште жолдан таймай ма, басқа дүние судай ағып кетсе де қарасын ба? – деп,
Ғазиз кеңсе чиновниктерін даттап қойды.
– Сонда қалай, сіздерден сол үшін ақша ала ма, жауап беруге міндетті емес пе? – деп
Новиков таңырқағандай болды.
– Пара бермесе қарайтын түрлері жоқ, әшейін шығарып салма сөздер... "Сіздер кімі
боласыңдар, ол кісіге қандай қатыстарың бар?" деп өзімізді тергеуге ала бастайды. Содан
амал не, Жайынбектің ұғындырғанын істейміз. Көзіңді бақырайтып қойып ақшаны
қалталарына басады. Қимылдап кеткендері ақша көрінеді ғой.
– Иә, ол рас. Бирондар Россияны кеулеп барады. Енді қазақ даласын да жайлай
бастады.
– Берон дегенің кім? Ол да бір шеуноник пе? – деп Әлтай да, Борис қарт та жамыраса
сұрады.
– Бирон деген, ертеде Анна Ивановна патшаның тұсында өмір сүрген Курляндия
герцогі. Ол ең арты патшаға жолықтырғаны үшін өз қызметкерлері – чиновниктерден пара
алады екен. Кейін бүкіл Россияның қазынасына түсіп тонаған. Халықтан недомика
жинаушыларды ол кезде бироновшылар деп атаған. Өзінің саясатына қарсы адамдардың
құлағын кесіп, мұрнын жұлып, тірідей жерге көміп өлтіретін нағыз қаныпезер.
– Не дейді? Алла, естімеген елде көп. Бероның қазір де бар ма?
– Қайдан болсын, – Новиков жымиып күлді: император Иоанн Антоновичтің кезінде
Тобольск губерниясындағы Пельм деген жерге ссылкаға айдалып, сонда өлген.
– Ол да айдауда өлген бе, сол керек!
– Әй, шал-ай, тынышыңа отырсаңшы, бәрін түсінем деп отырмысың. Ертең бір өзің
шығарғандай, базардағы шалдардың ортасында, әй, сілтегің келеді-ау.
– Сілтесе несі бар. Жарайды, қоя тұршы-ай, мені тақымдай бермей. Содан иә, қай
жерге келіп едік, иә, парақорлар туралы, – деп Әлтай ертегі тыңдап отырғандай,
Новиковтың сөзін қайта жалғап жіберді.
– Қазіргі сот ісінің көбі ақшамен шешіледі, бұлар да Бирондар... Эх, бироны...
– Оу, Мәтбай дедің бе атыңды, ондайлар қазақ ұлықтарында да, тіпті қайсыбір
қазыларда да болған. Қазақта "ұлыққа бара берме, пара бер" деген сөз бар.
Қалай дедіңіз, қалай? деп, Новиков құлағын тоса, қайта сұрады.
– Ұлыққа бара берме, пара бер.
– Мынау тамаша айтылған сөз екен...
– Ал, Ахан, әлгі достарыңыздың осы Ақмолада екеніне анық көздеріңіз жете ме?
Ұрлық жайын анықтадыңыздар ма?
– Түрме аузына талай бардық, Жайынбекті де салып көрдік. Жолататын емес, тіпті
тамақ алдырмайды. Бар, жоғын да ешкім айтпайды. Осында әкелгендері анық, оны
Көкшетаудан білгеміз.
Новиков сәл ойланып отырып қалды.
– Менімше, мұнда бір сыр бар. Қалай деуге болады, жобамен айту қиын. Тегі бұл істе
көп жасырын құпия бар. Иә, солай!.. Сіздер, қайткен күнде де конокрадтармен
жолығуларыңыз керек. Қайткен күнде істің жобасына қарай, қолымнан келгенше
көмектесіп көрермін. Мүмкін инатқа шағым жазу керек болар. Әрине қиын шаруа... Менің
тағы бір түсінбейтінім – ұрланған жылқылар қайда кетеді? Бәрін сорға батыру – қисынға
келмейді... Мұнда басқа, екінші, үшінші адамдардың қатысы бар.
– Әрине, болуға тиіс. Тым құрмаса соны да біле алмадық қой. Мүмкін бір септігі тиер
ме еді, – деп күрсінді Ақан.
– Ендеше, тез арада, олармен жолығу керек.
– Әй, өзі түрменің қожасы адам ба, пері ме? Қонаққа шақырса, келер ме екен?
– Сіздің үйге ме? Әрине, келеді. Күтіп отыр. Еһ, сіз шақырсаңыз келмейтін ол соншама
кім екен аспаннан аяғы салбырап түскен, – деп, Ғазиз Әлтайды қолға алып, мазақтап
күлді.
– Кетші әрі-ай! Сенің-ақ ойының таусылмайды екен. Немене, менің үйімді менсінбесе
сен шақыр. Әкең бір деген указнай молла. Немене, шығынданам, ризығым кемиді деп
қорқамысың, о несі-ай!
– Бұл - түрме деген де қайдан шықты, – деп Ақан екеуінің сөзін бөлді. - Адамды
тірідей қамаудан асқан қорлық бар ма дүниеде.
– Сіздерде қалай сонда, түрме болмаған ба? Шынында да Эмирлік Бұқарадағыдай
қазақ даласында түрме жоқ. "Түрме" деген сөздің өзін "тюрьмадан" алған-ау – деп
Новиков таңырқай қалды. – Шынында да қызық екен.
– Түрме емес, қазақта абақты болған, – деді Әлтай.
– Абақты? Иә, естуім бар. Оның түрмеден айырмашылығы қандай, оған қандай
жазықтыларды қамаған?
– Итім білсін. Әзім көрмеген нәрсем. Әйтеуір абақты деп жатады ғой.
– Білмейтінің бар, несін айтасың, шал. Абақты деген де жаңағы түрме. Тегі соның
қазақша аты болуы керек, қазақтар екеуін де қосарлап атайды, – деп Ғазиз Әлтайды тағы
мінеп тастады.
– Е, оны енді жастар, сендер білесіңдер. Иә, қазақша аты дегеніңнің жобасы келеді.
Бұл жерден сен жеңілдің енді.
Новиков "абахта, абахта" деп кең маңдайын алақанымен басып отырды да, қарқылдап
күлді:
– Ох, Абахта?! Абахта деген немістің гауфтвахта деген сөзі екен той. Осы күнге дейін
абақты дегенге мән бермеппін. Гауфтвахты! Иә, ол – түрменің бір түрі.
– Не дейт! Ең арты абақты да біздің сөз болмай шықты ма, ал Файзолланың Ғазезі,
жаңа білгішсініп ең. Енді не дейсің?!
– Қо-ой, гаубахты, гаубахты? Жо-жоқ, абақтыға келмейді. Абақты – қазақ сөзі, – деп
Ғазиз жеңілгісі келмей оңайлықпен жеңсік бермеді.
– Қазақта зындан деген болған. Ол, көбінесе, ертегі, қиссаларда кездеседі. Біз көрмеген
нәрсе. Тегі шыңырау құдық сияқты болса керек. Алпамыс, Қобыланды атты ұзақ
жырларда, пайғамбар, сахабалар туралы құран сүрелерінде кездеседі, – деп Ақан сөзінің
жартысын орысшалап, жартысын қазақшалап түсіндірді.
– Сонда, қалай, шынында да қазақта түрме болмаса, қылмысты адамдарды бұрын
қалай жазалаған, өлтіре берген бе әлде? – деп бағанадан үнсіз отырған дәу мұрын Барыс
қосылды әңгімеге. Бұған Ресей жеріндегі көне, жаңа заң, жазалау, түрме жайында
Петербург университетінде, арнаулы гимназияларда лекциялар оқыған Новиков та құлақ
түрді.
– Неге өлтіре берсін. Қазақта жазалаудың талай түрлері болған. Негізгісі – құн.
Айыпты адам құн төлейді. Ат шапан айып дейтін бар, – деп Ақан құн, айып жайын ұзақ
түсіндірді. Қалың мал, қыз төлемін, кек алу жолдарын, ондай кезде кісі өлімімен тынатын,
ат құйрығына салатын сойқандықтарды айтты. Кейде билер соты, қазылар екі елді
дүрліктірмей, басу айтқысы келгенде, не айыптыны қорғау ниетінде болса, "бас сынса –
бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде" деп, мал төлемімен, не адам айырбасымен екі жақты
келістіріп, татуластыратындарын ұқтырды. – Ал барымташыларды жазғырғанда, жылқы
ұрлаған жаққа, айып-айбана тартқызып, кейде ұрлаған, айдалған малды "мойнына қоссау,
артына тіркеу" деп, екі есе өсімімен қайтартып, бітістіретін де болған. Қайсыбір жеңілжелпі кінәні жазғырғанда, айыптыны өгізге, ұлы жүз, өзбек елдерінде есекке теріс
қаратып отырғызып, бетін күйелеп, қарабет атандырып, ауыл-ауылдың көшелерінен
масқаралап өткізу дәстүрі де болатын. Мұндай кесім күні кеше Шыңғыс төре ауылында да
ұшырасқан. Шоқанның осындай мазақты көрген әкесіне қатты ашумен сөйлеген жері де
бар екен... Ертеректе дүре салу, құлдардың құлағын кесу сияқты сұмдықтар да ел
арасында айтылады. Басыбайлы құл деудің орнына, құлақ кесті құлы деген сонан шыққан
ғой.
– Қызық екен, – деп, Ақан сері айтқан қазақ жеріндегі би қазылардың заң-жобаларын
ынтыға тыңдаған Новиков басын шайқады, – Осы айтылғандардың көбі бұрынғы орыс
елінде кездескен айыптау – жазалар. Жаңағы есекке теріс қарату, бетке күйе жағу дегеннің
басқа ұқсас түрлері бар. Мәселен, айыпты әйелдерді монастырьға өмірбақи қамауға алып,
шашын отау, сыпырғышпен елден аластап шығарып жіберу, солдаттардың ортасынан
өткізіп дүре салу, тістеуікпен мұрнын, ернін жұлу дегендер бір-біріне ұқсас айыптаулар.
Жуков, Салтычиха дегендерге қолданған айыптаулар. Васильева дейтін әйелді
сыпырғышпен ұрып аластау – тарихта белгілі жайлар. Ал түрме ішінде болатын жазалар –
жо-жоқ, оның жөні бір бөлек. Ол – адам жаны түршігетін жайлар.
– Апырым-ай, ә? Түрмеге қамағанмен қоймай, тағы да оның ішінде жазалай ма?
– Қарағым Мәтібей, сен өзің байқаймын, көпті көрген жігіт екенсің, сақал қойысың
бөлек, бәсе өзім де тегін емес деп ем, тегін жерге қау шыға ма, ұрынбасаң дау шыға ма,
тасты жерге қына, ақаулы жерге ұра шығады дегендей қауқиған бір құшақ сақал тегін
иекке бітпесе керек, бәсе, тегін жігіт емес, нысаналы жігіт боларсың-ау деп ем бір
көргеннен...
– А, қағынғыр шал, енді қонаққа соқтықтың ба, мен де жететін едім ғой сенің күшала
тіліңе...
– Әй, тұра қал, сен де, әйтеуір, тақымдап қоймадың-ау, Файзолланың жалғызы! Мен
қай бір соқтығуды ойлап отыр дейсің, сүйгенін шұнағым дейді, мына Мәтібейдің сөзі ұнап
барады, көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра депті ғой, біліп алайық, не айыбы
бар? Қарағым, осы түрме дегеніңді кім шығарған, өзі қандай болады, көргенің бар ма? Ана
Есілдің жағасында түрменің сыртқы қоршауын көргеніміз болмаса, ішіне кірген пенде
емеспіз...
– Онда сен шалды біраз қамап алатын екен...
– Ой, тіліңе шок түссін!
– Ақсақал, мен көрмеген түрме шамалы. Оның қайсыбірін айтайын, – деп Новиков
қабағын шытып, қиналып, отырып қалды. – Сіздерден лұқсат та сұрамаппын, темекіні көп
тартып жібергем жоқ па?
– Ой, қарағым, тарта бер, өзіңе жаман болмаса болды, шылым тартқан сайын жөтеліп,
қиналып қалады екенсің. Әй, қайсың барсың, ана түкіргішті тазалап әкелсеңдерші, – деп
Әлтай ауыз бөлмеден біреуді шақырды. – Тарта бер, күлін іргеге түсірсең де болады.
Бүгіннен қазақ қорықпайды. Жазда маса көп, жылы күзге дейін пішен кезінде түтіннің
астында міз бақпай сиырша ұйықтап шығатынбыз. Дәнеме етпейтін. Е, айтқандай былтыр
әлгі Семен шалдың пеші оңбай. Барыс, сен білесің ғой, қыс бойы түтінге қақалып
шығатынымызды, сонда да өлгеміз жоқ. Е, әне бос қалбыр әкелді, соған сала бер. Иә,
сөзіңді бөлдім-ау... Тұра қал, бұл да бір керек әңгіме болды.
Шәкейлер қамауға алынған түрме жайын Ақанның да білгісі келіп, жас та болса
сұңғыла Новиковтың аузына қарап, қазақ даласына ене бастаған орыс елінің жаңасы мен
көнесін, күнгейі мен көлеңкесін білмекке ынтық көңіл атой салды.
– Түрме деген қалай десем екен, қалай ұғындыруға болады, – деп Новиков маңдайын
сипап, бұл қапасты көрмеген кісілерге оның бар сырын толық түсіндіргісі келді. Ертең ел
аузына осы адамдар арқылы түрме сыры жайылатынын ойлап, оның тарихы мәнмазмұнын ашығырақ жеткізуді мақсат тұтты, – Түрме, негізінде, әлгі айтқандарыңыздай
жазықты адамдарды, ел, мемлекет ішіндегі тәртіп бұзушыларды жазалайтын орын. Ол
орын кімнің қолында билік болса, яғни мемлекет (қасында кім отырса, соның иелігінде.
Ендеше, түрме – ел билеуші әкімнің өзіне қарсы шығар адамдарды заңға бағынбайтын,
айтқанына көнбейтін "қауіпті жауларын" тұтқындайтын, соны не өлтіріп, не енді қайтіп
бас көтерместей жасататын орны. Бір сөзбен – әкімдік құралы.
– Тұра тұршы! – деп Әлтай ақырып қалғанда отырғандар селк етісті.
Әлтайдың қасына келіп, құлақ түбінен сыбырлаған бойжеткен шошып кетті. Өзінің
оқыс даусынан өзі к,ысылған Әлтай енді жуып-шайып:
– Қайдан білейін, тіпті әңгіме тыңдауға пұрсат бермейді, – деп қызына қарады. – Ал,
не, не? Не айтып тұрсың?
– Әуелі шәй ішесіздер ме, әлде етті бірақ жейсіздер ме? – деп, қызарақтаған қыз
әкесіне жасқана сыбырлады.
– Тұра қал, шайды бағана ішкеміз жоқ па, бар, әңгімені бөлме, еттеріңді асықпай
әкеліңдер.
– Оу, Әлеке, әңгімені аузымызбен тыңдамаймыз ғой, атам заманда ішкен шайды
айтасың, шөлдеп отырмыз, – деп Ғазиз ауыз жаққа айғайлады. – Әкеліңдер шайды!
– Шөлдесең ана жаққа барып іш, о несі-ей, жаман үйді қонағы билейді.
– Әкелсин, Альтай саған жалко что ли? – деп Борис Ғазизді қостағасын барып, Әлтай
жуасып тақыр басын сипады:
– Жарайды, әкеліңдер, Ақан мен Мәтібейге қымыз әкеліңдер. Сендерге қымыз жоқ,
қысырдың қорын қалай үзем...
Новиков темекісін қомағайлана сорып, әңгімесін қайта жалғады:
– Россия патшалығында екі түрменің атағы дүние-жүзіне әйгілі. Оның бірі –
Петропавл крепості, немесе Санкт-Петербург крепость деп аталады. 1703 жылы салдыра
бастаған да, алғаш 1717 жылы "Ревель" кемесінің жиырма екі тұтқыны, бір жылдан соң
царевна Мария Алексеевна қамауға алынған. Бұл – нағыз патша сарайының алдында, Нева
өзенінің жағасында. Содан алпыс шақырымдай жерде тағы бір үлкен түрме Шлиссельбург қамалы бар. Мұны халық Петропавл қамалының туған апасы деп
ажуалайды.
– Тұра қал, кейін ұмытып қалам қазір сұрап алмасам, оны түрме демей неге крепс
дейді?
– Крепость дейтіні ол осындағы Ақмола түрмесіндей емес, жатқан бір кішігірім қала.
Айнала тақтай қоршау емес, күйген қызыл кірпіштен қалыңдығы екі метрдей етіп қалаған
қамал. Ол аздай кейін әр патшаның тұсында, әр бұрышынан қосымша қорғандар салынып,
оларға тағы да ревелин, куртин, бастион декодер қосылған. Ол қамалдың ішінде арнаулы
әскерлер, қару-жарақ, көп-көп құралдар ұсталды. Егер сырттан іштегілерді кұтқармаққа
қанша күш келсе де, әлгі камалдағы арнаулы әскер қашан көмек келгенше, оларға төтеп
беруге тиіс.
– Крепсің, ендеше қазақша айтқанда алынбайтын қамал болды ғой. Әлгі Ор
қаласындағы крепсте, сондай қамал емес пе?
– Иә, иә, сіздің айтып отырғандарыңыз Орск крепосты шығар...
– Е-е, крепс дегеніңді жаңа түсіне бастадым, әрі қамал, әрі түрме, қызық екен.
– Бұл түрмелерде талайлар мәңгі-бақи қамалып, соның ішінде өлген. Тіпті не үшін
тұтқындалғанын білмейтіндер де болған. Басқаны былай қойғанда Петр I императордың
баласы Алексей осы түрмеде өлген.
– Патша баласы ма, оны кім қаматқан?
– Императордың өзі. Әкесінің ішкі-сыртқы саясатына қарсы адамдарға қосылып,
Россия тағдырына қауіп төндірген. Патша ондайларға қайырымсыз болған. Ол өзінің әйелі
Евдокияны да, өзінің апасы царевна Софьяны да Сусанна деген атпен шашын кестіріп,
монастырьға қаматқан. Сол сияқты Екатерина императрица да өз күйеуі Петр үшіншіні
крепоста ұстап, ақыры өлтірткен.
– Тұра қал, түрме дегеніңнің өзі алдымен патшаларды қаматуға жасалған екен-ау.
– Жо-жоқ, олай деуге... Патшаға кім қарсы шықса, соның бәрі қамалған.
– Е-е, таққа таласу десейші, біздіңше айтқанда.
– Қазақ хандары мен сұлтандары да бірінің басын бірі жойған жоқ па. Әбілқайырды
Барак өлтірді, Айшуақұлы Жантөрені Қаратай, сол сияқты бірінің тұқымын бірі құрту
ежелден келе жатқан мирас сияқты, кек алу, мансапқа жетудің бір жолы ғой.
– Иә, Ақан шырақ, қазақта "қардың басын қар алады ханның басын хан алады" деген
сөз бар. Ал "ханның басын қара алады" деген сөз болды ма екен?
– Қара алған қалай? – деп Новиков қазақшалап сұрады.
– Қара деген... қалай енді...
Ақ сүйекке керағар - қара халық деген сөз.
– Сонда қара сүйек дейміз бе ей, атаңа нәлет, осы сөзді кім шығарды екен, саудыратып
сүйектерін қарағандай? Новиков басын шайқап рахаттана күлді.
– Ақсақал, сіз ақын ғана емес тауып сөйлейтін ақылды адам да екенсіз" "Қар алады,
қар алады", – деп қайталап, Новиков тағы күлді. – Тура тауып айттыңыз. Патшалар сондай
қарлардан қатты қауіптенеді. Мәселен, Пугачев деген адам әлгі Екатерина өлтірген Петр
ІІІ-пін деп, өзін жұртқа жария етіп, өкімет билігін қолына алмақшы болып, көп әскер
жинап, патшаға қауіп төнген соң, ақыры айламен ұстап өлтірген. Елизавета
императрицаның Разумовский дегенмен жасырын жүрісінен туған қызбын деп, өзін
мұрагер етіп жариялаған княжина Тараканова-Владимировскаяны да қамауда өлтірген.
Сондай-ақ қамал ішінде патшамен бірге сіз айтқан қара халық өкілінің де қатар отырған
кездері болған. Мәселен әлгі Екатеринаның кезінде 16 жасар император Иоанн Антонович
қамалғанда, сол Шлиссельбург крепостында Батырша Алиев та қамалып, соның ішінде
өлтірілген.
– Оу біздің қазақ та қамалып жүр ме, мына қара, ол байғұс қайдан қолға түсіп жүр? –
деп Әлтай көзі шарасынан шығып, таңқалды.
– Ол қазақ емес, – деді Новиков, – Қамауда өлген қазақтар да бар. Сіздер білмейсіздер
ме, Вали ханның баласы Губайдулла Березовкаға, Арынғазыға сұлтан Калуғаға жер
аударылып өлген. Ондайлар өте көп.
– Е, кеше керей елін билеген Ыбырай сұлтан жұртты қырып жібере жаздапты, талай
өшіккен адамдарын ит жеккенге айдатқан деп, шалдар айтып отыратын. Егер ондай сүркіл
болмаса, ит жеккенді қазақ қайдан білсін, – деп Ақан Новиковтың сөзіне жан бітірді.
– Ал, Батырша Алиев – шын батыр. Хан да, сұлтан да емес, өз халқы башкирлардың
мүддесін ойлап, патшаға қарсы шыққан адам. Оны да кісендеулі қалпында, қамалдан
қашпақшы болған жерде ұрып өлтірген. Кім білсін, ол да бұғаумен екі-үш күзетшіні
өлтіріпті дейді, әлде жала ма, ол арасы белгісіз.
– Сонда, тұра қал, менің бір түсінбей отырған жайым бар. Патша ғой не айтса соны
орындатады, бар билік соның қолында. Ендеше түрме салдырып, оған қаматып несін әуре
болады, одан да басын жойғысы келгенді қиқ дегізіп өлтіре салмай ма, баяғыда хандар
сөйтеді екен ғой.
– Әлеке, хандар да кейде қолма қол өлтіртпей, зынданда шірітіп өлтірткен ғой, – деді
Ақан. – Ол да кезінде әлеумет алдындағы бір саясаты болса керек.
– Тура айтасыз, – деп Новиков қараңғы шалға қалай қарапайым тілмен түсіндірерін
білмей, маңдайын сипап отырып қалды. – Иә, ақсақал, егер патша өз тарапынан бұйрық
беріп өлтірте берсе, бағынышты халық ол туралы не демейді? Жеккөрінішті болып,
астыртын ойын жария етіп алмай ма? Ол қашанда өз қолымен өлтірмейді, біреудің
қолымен өлтіртеді. Мәселен, Петр І-нің кезінде сановниктер болса, Екатерина I – жоғары
құпия совет дегенді шығарған, ал Екатерина ІІ-нің кезінде прокуратураның беделі асты,
Александр I – болса сенаттың беделін көкке көтерді, Александр ІІ-нің кезінен бастап жаңа
"Сот уставы" бойынша" сенатқа қоса присяжные заседательдер тағайындалады. Бірақ,
соның бәрі – патша қолындағы көсеу. Жаңағы айтқан Пугачевты халықтың көзінше
басын, қол, аяқтарын шауып өлтірген. Оны патша білмей қалған жоқ. Тараканованы
қинап, тез өлтіру үшін, айналуға келмейтін тар түрме бөлмесінің ішіне күні-түні ер
адамдардан күзет қойған Шешінсе де, киінсе де, тіпті қандай жағдайда болмасын қасынан
олар бір адым тапжылмаған. Ақыры тамақтан да, бәрінен де қалған княжна құсадан
ауырып, тез арада жан тапсырған. Оны да күніге Екатерина біліп отырған. Сөйте тұра әр
патшаның тұсында өзінше жаңа заңдар шығып, өздерінше түрме, сот жағдайларын
жақсартқан болады. Николай І-нің кезінде жаңа проектінің жобасы жасалса, 60-жылдары
түрме реформаларының жаңа жобасы, 1866 жылы Россиядағы түрмелерді өзгерту туралы
жаңа заң, Александр ІІ-нің кезіндегі "Сот Уставы" бойынша сотты ашық жүргізу туралы,
дүрелеуді жою туралы реформалар, жаңа заңдар шыққан, бірақ оның бәрі қағаз жүзінде.
Мәселен Екатерина II өз қолымен жаңа түрмелердің жобасын жасаған. Ол жоба бойынша
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Ақан Сері - 11
  • Части
  • Ақан Сері - 01
    Общее количество слов 4025
    Общее количество уникальных слов составляет 2339
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 02
    Общее количество слов 4136
    Общее количество уникальных слов составляет 2388
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 03
    Общее количество слов 4145
    Общее количество уникальных слов составляет 2503
    30.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 04
    Общее количество слов 4070
    Общее количество уникальных слов составляет 2446
    29.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 05
    Общее количество слов 4030
    Общее количество уникальных слов составляет 2354
    30.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 06
    Общее количество слов 3916
    Общее количество уникальных слов составляет 2391
    31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 07
    Общее количество слов 3928
    Общее количество уникальных слов составляет 2279
    31.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 08
    Общее количество слов 4162
    Общее количество уникальных слов составляет 2387
    32.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 09
    Общее количество слов 4140
    Общее количество уникальных слов составляет 2529
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 10
    Общее количество слов 4001
    Общее количество уникальных слов составляет 2215
    32.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 11
    Общее количество слов 4039
    Общее количество уникальных слов составляет 2283
    32.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 12
    Общее количество слов 4060
    Общее количество уникальных слов составляет 2324
    31.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 13
    Общее количество слов 4086
    Общее количество уникальных слов составляет 2342
    32.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 14
    Общее количество слов 3986
    Общее количество уникальных слов составляет 2418
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 15
    Общее количество слов 4095
    Общее количество уникальных слов составляет 2509
    30.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 16
    Общее количество слов 4100
    Общее количество уникальных слов составляет 2453
    30.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 17
    Общее количество слов 4035
    Общее количество уникальных слов составляет 2354
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 18
    Общее количество слов 3853
    Общее количество уникальных слов составляет 2425
    30.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 19
    Общее количество слов 3945
    Общее количество уникальных слов составляет 2384
    30.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 20
    Общее количество слов 3897
    Общее количество уникальных слов составляет 2386
    30.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 21
    Общее количество слов 3956
    Общее количество уникальных слов составляет 2516
    27.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    40.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    49.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 22
    Общее количество слов 4047
    Общее количество уникальных слов составляет 2445
    31.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 23
    Общее количество слов 4080
    Общее количество уникальных слов составляет 2372
    33.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 24
    Общее количество слов 4114
    Общее количество уникальных слов составляет 2376
    31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 25
    Общее количество слов 4151
    Общее количество уникальных слов составляет 2414
    32.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 26
    Общее количество слов 3915
    Общее количество уникальных слов составляет 2380
    29.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    50.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 27
    Общее количество слов 4110
    Общее количество уникальных слов составляет 2410
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 28
    Общее количество слов 4188
    Общее количество уникальных слов составляет 2303
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 29
    Общее количество слов 4161
    Общее количество уникальных слов составляет 2389
    30.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақан Сері - 30
    Общее количество слов 1634
    Общее количество уникальных слов составляет 1173
    35.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов