Latin Common Turkic

Ақ Гвардия - 14

Общее количество слов 4087
Общее количество уникальных слов составляет 2038
36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
Əйел оны орнынан былай көтерді: ол тізесінен тұрып, оң қолын иығына
салды да, келіншек оның тұруына көмектесіп, əлсіз қалтыраған аяғынан тік
тұрғызды да, бар денесімен сүйеп, ілгері жылжыды. Турбин айнала
қараңғы түнекке тұнып тұрған тым аласа ертелікті бөлмеге кірді. Келіншек
оны жұмсақ, шаң басқан бірдеңеге отырғызып, қолының астында бүйірде
тұрған шие қызыл орамал тұтқан шамды жағып жіберді. Турбин барқыттың
өрнегіне, қабырғадағы раманың ішінен қос өңірлі сүртіктің шеті мен
алтындатқан эполетті байқап қалды. Турбинға қолын созып, толқығаннан
ауыр тыныстап келіншек былай деді:
-
Менде коньяк бар... Бəлкім қажеті болар? Коньякқа қалайсыз?
-
Дереу əкеліңіз, - деп жауап қатты ол.
Коньяк көмектескен сияқты, əйтеуір Турбинға солай көрінді, енді
өлмеймін, иықты мүжіп, жеп жатқан ауруға шыдауға болады деп ойлады.
Əйел тізерлей тұрып, дəкемен оның қолындағы жараны таңып, еңкейе
түсіп пимасын шешіп алды. Сосын жастық пен бұрынғы хош иісі кетпеген
керемет гүлдестесі бар ұзын жапон халатын алып келді.
-
Жатыңыз, - деді ол.
Тіл қатпай жатты, келіншек оған халатты жауып, үстінен көрпемен
қымтады, өзі шағын диванның қасында тұрып, оның жүзіне көз салды.
- Сіз... сіз бар ғой, тамаша əйелсіз, - деді Турбин. Аз үнсіздіктен кейін. Əзір күшім орнына келгенше, азырақ жата тұрайын, көтерілген соң үйге
кетемін. Мазаңызды алғаныма тағы да шыдай тұрыңыз.
Оның көңіліне үрей мен торығу тырнағын салды: “Елена не болды екен?
Құдая, құдая... Николка ше? Николка не үшін мерт болды? Бəлкім қаза
тапқан болар...”
Келіншек салпыншақты перде ұсталған терезені үнсіз нұсқады. Доктор
алыстан атылып жатқан мылтық даусын айқын естіді.
-
Сізді қазір-ақ өлтіріп тастайды, оған сене беріңіз, - деді келіншек.
- Онда... сіздің обалыңызға қаламын ба деп қорқамын. Кенет келіп қалса
тапанша... қан... анда шинель, - деп ол кеберсіген ернін жалады. Əйелдің
жүзінен қорқыныш байқалды. Ойланып қалды.
- Жоқ, - деді келіншек батылданып, - жоқ, егер тапқан болса, олар
баяғыда-ақ осында келетін еді. Біз үш бақтан өтіп келдік. Ал анау куə
дүниелерді қазірден жинастыру керек.
Ол ізінше судың сылдырын, маталардың сусылын, шкəптардың сартылын
естіді.
Келіншек екі саусағымен тұтқасынан қысып ыстық бірдеңе ұстағандай
браунинкті алып келіп:
- Өзі оқтаулы ма еді? - деп көрпенің астынан сау қолын шығарып,
Турбин сақтандырғышты сипап:
- Батыл алып жүре беріңіз. Тек тұтқасынан ұстасаңыз болды, -деп жауап
қатты.
Келіншек тағы да оралып, қысыла тұрып былай деді:
- Егер олар келіп қалғандай болса... Сіз рейтузыңызды да шешуіңіз
керек... Сіз жатасыз да, мен оларға ауру күйеуім деймін...
Ол тыжырынып, бетін тыржитып, түймелерін ағыта бастады. Келіншек
батыл басып келді де, тізерлей қап, көрпенің астынан рейтузды шешіп-ап
алып кетті. Содан ол ұзақ көрінбеді. Бұл кезде ол арканы көрді. Шын
мəнінде бұл екі бөлме еді. Төбесі тым аласа, бойшаң адам аяғының ұшынан
басып қолын созса, төбеге жететіні сөзсіз. Аркадан əрі түкпір қараңғы,
сонда да ескі пианиноның бүйіріндегі лагы жалтырап тұр, тағы да
бірдеңелер жылтырайды, шамасы фикус гүлі болса керек. Көзіне тағы да
рамадағы эполеттің шеті түсті.
Құдая, қандай ескілік!.. Оның эполетін қадап қойыпты. Шам-далдағы май
шамның, тыныш маздаған жарығы. Тыныштық бар еді ғой, енді оны да
өлтірді, өткен жылдар қайтып оралмайды. Артта тағы да кішкентай аласа
терезелері бар, бүйірде тағы біреуі тұр. Бұл неткен жұмбақ үй. Келіншек
болса жалғыз. Кім өзі? Құтқарды... Бірақ тыныштық жоқ. Ана жақта атып
жатыр...
Келіншек бір құшақ отын алып кеп, тасырлатып оны пештің қуысына
тастады.
- Сіз не істеп жүрсіз? Оның керегі қанша? - деп сұрады ол шын
ниетімен.
- Бəрібір де от жағуым керек қой, - деп жауап берді келіншек, ал көзінде
сəл ғана күлкі жылт етті, - мен өзім жағамын ғой...
- Бері келіңізші, - деді ақырын ғана өтініп Турбин. - Айтайын дегенім,
маған жасаған жақсылығыңыз үшін алғыс та айтпаппын ғой. Сыйлар да
ештеңем жоқ... ол қолын созып оның саусақтарын ұстады, келіншек
тартынбай жақындай түсті де, ол оның етсіз қолының сыртынан екі рет
сүйді. Келіншектің жүзі жылып, үрей көлеңкесі желге ұшқандай болды, сол
сəт оның көзінен əдеттен тыс сұлулық жарқ етті.
- Егер сіз болмасаңыз, - деп жалғастырды сөзін Турбин, - мені сөзсіз
өлтіріп тастар еді.
- Əрине, - деп қостады келіншек, - əрине... Ал былайынша сіз біреуін
ғана өлтірдіңіз...
Турбин басын көтерді.
-
Мен өлтірдім бе? - деп сұрады ол қайтадан əлсіздік пен бас айналуын
сезіп.
- Иə, - деді ол ілтипатпен басын иіп, сосын Турбинға əуестік-пен
үрейлене қарады. - Уһ, қандай қорқынышты десеңші... олар менің өзімді де
атып тастай жаздады ғой. - Келіншек дірілдеп кетті.
-
Қалай өлтірдім сонда?
- Ал, иə... Олар атып шықты, сіз ата бастадыңыз, алдыңғысы мұрттай
ұшты... Бəлкім, жараланған шығар. Ой, сіз өжетсіз... Мен есім ауып құлап
қалармын деп ойлап едім. Сіз жүгіре жүріп атыстыңыз, оларға оқ
жаудырасыз да, қайта қашасыз... Зайыры, капитан боларсыз?
- Сіз мені неліктен офицер деп ойладыңыз? Маған неге “офи-цер” деп
айғайладыңыз?
Келіншектің көзі жалт ете қалды.
- Меніңше, папахыңызда кокарда болса, солай ойламай қайтеді. Сонша
батырсынудың қажеті қанша еді? - Барлығын жұлып тастағанда, кокарданы
ұмытып кетіппін. Иə, офицермін, - деді ол. - Мен əскери дəрігермін. Менің
аты-жөнім Алексей Васильевич Турбин... Енді өзіңіздің кім екеніңізді
білуге мұрсат етіңіз.
-
Мен - Юлия Александровна Рейсспін.
-
Неге жалғызсыз?
Келіншек қымсына, көзін басқа жаққа қаратып жауап қайырды.
- Менің күйеуім қазір жоқ. Ол бір жаққа кеткен. Оның, анасы да солай.
Мен жалғызбын... Мұнда суып кетті... Қазір от жағамын.
Пеште отын лапылдап жанды, сонымен бірге бұның басы да лыпылдап,
қатты ауыра бастады. Жара əзір саябыр, бар ауру келіп басқа ошарылды.
Сол жақ самайдан басталып, содан еңбекті басып желкені қысты. Сол жақ
қабағының үстінен бəз-бір тамыр тартылып, барлық жаққа сұмдық ауруды
сақина құсатып таратып жатқан сықылды. Рейсс пештің алдында тізерлеп
тұрып, отты көсеумен қозғап қояды. Азап шегіп, көзін бір ашып, бір жұмып
жатып Турбин ыстықтан қолымен қорғанып, кейін сілкіген басты көрді,
шашының түсі айқын емес, біресе отқа шағылып күлгін, біресе алтындай
жарқыраған сары болып көрінеді. Ал қасы көмірдей қара да, көзі
мойылдай. Қырынан қарағанда анау қоңқақ мұрнымен көріктіге жатар,
жатпасы белгісіз. Көзінде де не барын ажырата алмайсың. Шамасы, үрей,
беймазалық, тіпті бəлкім кінəрат та бар шығар... Иə кінəрат.
Ол осылай отырғанда ыстық толқыны өн бойын шарпып ғажайып
тартымды болып көрінеді. Ең бастысы - құтқарушы.
Түнгі сағат біразға барғанда пештің ыстығы басылып, бұның қолы мен
басында ыстық басталды. Бəз-біреу қыздырылған ыстық шегені еңбегіне
бұрай қағып миын талқандап жатқан тəрізді... “Менің ыстығым көтеріліп
кетті, - деп құр ғана үнсіз қайталады. Турбин өзін көндіру үшін: - Таңертең
тұрып, үйге жетіп алу керек...” Шеге миды ғана талқандап қоймай, Елена
туралы да, үй мен Петлюра туралы да ойды тас-талқан еткендей. Оған
барлығы да бəрібір сияқтанды. Пэтура... Пэтура Жалғыз-ақ ойы - бас
ауруының басылуы.
Түн ортасында Рейсс елтірімен əдіптелген жұмсақ кебіспен, осында келіп,
оның қасында отырды. Турбин оның мойнына қолын қайта орап кішкентай
бөлмеде жүріп көрді. Осының алдында келіншек күшін жинап батылданып
оған:
- Сіз тұра алсаңыз тұрыңыз. Маған ешқандай да көңіл бөлмеңіз. Мен
сізге көмектесейін. Сосын мүлдем жатасыз... Ал, халыңыз келмесе...
Ол бірден жауап қатты:
-
Жоқ, барамын... тек қана сіз көмектесіңіз.
Келіншек оны осынау тылсым үйдің кішкентай есігіне жетелеп əкелді де,
сол жолмен қайта алып келді. Тісін сақылдатып, қалшылдап тоңып
жатқалы жатып, басының ауруы сəл басылған ол:
- Ант етейін, сіздің бұл жақсылығыңызды ұмытпаспын... Барып
ұйықтаңыз... - деді.
- Үндемеңіз мен сіздің басыңызды сипаймын, - деп жауап қатты
келіншек.
Сосын бастың барлық ауруы ақтарылып, самайдан ағып оның жұмсақ
алақанына құйылып, сол арқылы оның өн бойын бойлап, қалың кілем
төселген еденге сарқып, майып болғандай. Сыздаған аурудың орнына бүкіл
денеге біркелкі, жүрек жылытар тəтті жалын жайылды. Қолы ұйып,
шойындай ауыр тартты, сондықтан оны ол қозғалта алмады, тек көзін
жұмып, ыстықтың ырқына берілді. Осылай қанша жатқанын, əрине, ол айта
алмас еді, бəлкім бес минөт, болмаса бірнеше сағат жатқан шығар. Бірақ
қалай болған-мен де дəл осылай от құшағында мəңгі жатуға болатындай
көрінді. Қасында отырған жанды шошытып алмас үшін көзін ақырын ғана
ашқанда ол бұрынғы көрініске тап болды: қызыл қалпақшаның астындағы
шам біркелкі əлсіз жанып тұр. Бейбіт жарығын төгіп тұр, ұйқысыз əйел
қырынан қарап отыр. Ернін балаша бұртитып терезеге қарап қалған.
Ыстықтан еріп қозғалған Турбин оған ұмтылды.
- Бері маған еңкейіңізші, - деді ол. Даусы əлсіз болса да асқақ. Келіншек
оған бұрылды, көзінде үрейлі сақтық бар, көлеңкесі тереңдей түскен.
Турбин оң қолын оның мойнына орай салып, өзіне тартты да, ернінен сүйіп
алды. Оған өзі тəтті де салқын бірдеңеге тап болғандай көрінді. Келіншек
Турбиннің қылығына таңдандаған жоқ. Тек бетіне сынай қарады да қойды.
Сосын тіл қатты:
- Оһ, ыстығыңыз қандай күшті. Енді біз не істейміз. Доктор шақыру
керек, бірақ оны қалай жасаймыз?
- Қажеті жоқ, - деп ақырын жауап қатты Турбин, - доктор керек емес.
Ертең көтеріліп, үйге барамын.
- Мен сіз нашарлап қала ма деп сондай қорқамын, - деп сыбырлады
келіншек. - Онда мен немен көмек бере аламын? Қайтып ағып жатқан жоқ
па? - деп ол үн-түнсіз таңылған қолды ашпады.
-
Жоқ, сіз қорықпаңыз, маған ештеңе де болмайды. Барып ұйықтаңыз.
- Бармаймын, - деп келіншек оның қолын сипады, - Ыстық күшті-ақ, деп тағы қайталады.
Ол шыдай алмай келіншекті қайта құшақтап өзіне тартты. Келіншек
қарсыласқан жоқ. Ол оны мүлдем еңкейіп, кеудесіне құлағанша тартты
өзіне. Сол сəт ол сырқаттың ыстығынан өзгеше жанды да айқын тəн
жылуын сезді.
- Қозғалмай, жай жатыңыз, - деп сыбырлады келіншек, - ал мен сіздің
басыңызды сипаймын.
Келіншек онымен қатар созылып жатты да, ол оның тізесінің түйіскенін
сезді. Келіншек қолымен оның самайынан бастап шашына дейін сипады.
Жаралыға бұл сондай ұнап, ол тек қана ұйықтап кетпесем екен деп ойлады.
Қас қылғандай ол ұйықтап қалды. Жəне де тəтті ұйқыға шомып, біркелкі
жақсы ұйықтады. Оянғанда ол ыстық өзенде қайықпен жүзіп жүргенін,
аурудың ізім-қайым болғанын білді, ал терезенің сыртында түн баяу
ағарып, ақтаңдақтана түсті. Үйдің ішінде ғана емес, сонымен бірге бүкіл
қалада, айдай əлемде толық тыныштық сияқты. Шыныдай сирек-көк жарық
перденің саңылауынан сыға-лайды. Жылынған мұңлы əйел Турбиннің
қасында ұйықтап жатыр. Ол да ұйықтап кетті.
Таңертеңгі сағат тоғыз шамасында иесіз қалған Кіші Проваль-ная
көшесінде кездейсоқ арбакеш екі жолаушыны мінгізіп алды -біреуі
қарапайым қызметкер киіміндегі аппақ шөлмектей ер адам да, екіншісі
əйел. Əйел жеңінен ұстап алған еркекті абайлай сүйемелдеп Алексеев
еңісіне алып келді. Еңісте қозғалыс жоқ екен. Тек №13 үйдің подъезінде
ғана қолында шамаданы мен кілеті бар оғаш мейманды жаңа ғана түсірген
арбакеш тұрды.
14
Олар табылды. Шығын болған ешқайсысы да жоқ, табылғанда жəне келер
күннің кешінде келді бəрі.
“Ол”, - деген үн шығып кетті Анютаның көкірегінен, жүрегі Лариосиктің
құсындай секірді. Турбиндар асүйінің қар басып қалған терезесін аула
жақтан келіп абайлай қақты. Анюта терезеге жабыса қап, оның бетіне
қарады. Соның дəл өзі, тек мұрты жоқ... Сол ... Анюта қара шашын екі
қолымен сипап, сенектің есігін ашты, сенектен қарлы аулаға шықты.
Шықса Мышлаевский тап қасында тұр. Елтірі жағалы студент пəлтесі,
басында фурашке, мұрты ғайып болған... Алайда көзін сенектің қара
көлеңкесінде де анық айыруға болады. Оң жақ көзі оралдың асыл тасы
сияқты жасыл ұшқын атады да, сол көзі кəдімгі қара, бойы тек аласарып
кеткен тəрізді.
Анюта қалтыраған қолымен ілмекті салды да, аула көрінбей қалды, ал
Мышлаевскийдің пəлтесі Анютаны орап ап асүйдің жарығы көрінбей
қалды. Қыздың құлағына өте-мөте таныс дауыс:
Сəлемет пе, Анюточка... Саған суық тиіп қалады ғой... Ал асүйде
ешкім жоқ па, Анюта? - деп сыбырлады.
Ешкім жоқ, - деді, неге екені белгісіз Анюта да сыбырлай сөйлеп не
айтарын білмей. “Сүйіп жатыр, ерні үлбіреп кетіпті”, -деп тəтті бір
сағынышты еске алған қыз сыбырлап: - Виктор Викторович ... жіберіңіз ...
Еленаға ... - деді үздіге.
Бұл арада Еленаның керегі не ... - деп кінəлай сыбырлады иіссу мен
шылым сасыған дауыс, - Виктор Виктрович, жіберіңіз, айғай саламын,
құдай бар ғой, - деп үздіге сөйлеген Анюта Мышлаевскийдің мойнынан
құшақтады, - бізде қасірет - Алексей Васильевич жараланып жатыр...
Əбжылан жемін замат қоя берді.
-
Жараланғаны қалай? Ал Никол ше?!
-
Никол аман-сау, ал Алексей Васильевичті жаралап кетіпті.
Асүйдің есігінен бір жолақ жарық түсті.
Асханада Мышлаевскийді көріп, Елена жылап былай деді:
Витька, сен тірімісің, əйтеуір... Құдайға тəубе... Ал бізде міне... - Ол
солқылдай өксіп Турбиннің есігін нұсқады. - Қырық болып жатыр, жарасы
жаман.
Адал анам-ау, не дейді! - деп шошып кеткен Мышлаевский фурашкесін
желкесіне сырғытты.
Қалайша ол оққа тап болып жүр?
Ол үстелдегі құтыларға үңіліп, бəз-бір жарқылдаған қорапшаны қарап
тұрған кісіге бұрылып:
-
Доктор, сізден білуге рұқсат етіңізші... - деді.
Өкінішке орай, жоқ, - деп жауап қатты мұңлы да көмескі дауыс, доктор емеспін. Танысуға рұқсат етіңіз: Ларион Суржанский.
Қонақжай. Алдыңғы бөлмеге шығар есік жабық əрі қалың пердесі де
түсірулі, өйткені мұндағы у-шу дауыстар Турбинге жетпеуі керек. Оның
жатынжайынан алтын пенснелі сына сақал мен екінші жасырақ қырынған
біреу, ақыры ақбас қария, ауыр ішік пен бояр бөркін киген ақылды
профессор, Турбиннің өз ұстазы жаңа ғана шықты. Елена оларды шығарып
салды да, жүзі сазарып кетті. Айтқандары - сүзек, сүзек... жəне арты жақсы
еместен асқан жоқ.
-
Жара өз алдына, оған бөртпе сүзек қосылған. Сынап бағаны -қырық,
тағы үстемесі бар... жəне “Юлия” деп қояды... Жатынжайда қып-қызыл
жалын. Тыныштық, сол тыныштықта саты туралы сандырақ, “Бр-рынь
деген қоңырау.
- Армысыңдар, мəртебелі пан мырзалар! - деді кекесіні аралас күбірмен
аяғын тақ еткізіп Мышлаевский. Нарттай қызыл Шервинский көзінің
қиығымен қарайды. Қара кəстөмі денесіне құйып қойғандай екен, көбелек
галстук таққан ақ жейдесі тамаша, аяғында лакталған бəтеңке.
“Крамскөй опералық студиясының артісі” деген куəлігі қалтасында жүр.
Сіз неліктен погонсыз жүрсіз? - деп украинша сөзін жалғастырды.
Мышлаевский - Владимир көшесінде орыс жалауы желбіреп тұр... Екі
дивизия сенегалдықтар Одесса айла-ғында жатыр, сенегалдың үйкүшіктері
де сонда дейді... Барыңдар Украинаға офицер мырзалар, əскери бөлімдер
жасақтаңдар... аналарымыздың аяқ басқан жері үшін!...
- Қарадан қарап маған тиіскенің не сенің?... - деп шамданып қалды
Шервинский. - Немене, бəріне мен кінəлімін бе? Менің өзімді де өлтіріп
тастауға шақ қалды. Штабтан мен бəрінің ең соңында тура тал түсте
шықтым, ол Печерскіден дұшпанның құрамалары көрінген кез.
- Сен - батыр екенсің, - деді Мышлаевский, - алайда жоғары мəртебелі
бас қолбасшы бəріңнен бұрын кеткеніне еш күмəнім жоқ. Тура мəртебесі
биік пан гетманға ұқсаған шығар, шешеңді ұрайын... Өзімді олар қауіпсіз
жерін тапқан шығар деген үмітпен алдарқатамын да. Отанға олардың өмірі
керек қой. Айтқандай, сен маған олардың, атап айтқанда, қазір қайда жүріп
жатқанын нұсқап жібере алмайсың ба?
-
Саған оның не керегі бар?
- Неге керегін айтайын. - Мышлаевский оң жұдырығын жұмып, сол
қолының алақанына ұрып тұрып: - Егер менің қолыма сол мəртебелі
тақсырлар, жақсы мен жайсаң деп жүргендер түссе бар ғой, біреуін сол
аяғынан алып, екіншісін оң аяғынан ұстап, бас-тарын жолдың жиек тасына
қашан құшырым қанғанша ұрар едім. Ал сендердің штаб
арамтамақтарыңды шетінен əжетханаға сүңгіту керек.
Шервинский қызарып кетті.
-
Əйткенмен, абай болсаңшы, аузыңды бағып сөйле, өтінемін... деді ол.
- Дегенмен, штаб қызметкерлерін алдымен тастап кеткен кінəздің өзі екенін
есте тұт. Екі адьюданты өзімен бірге кетті де, қалғандары тағдырдың
тəлкегінде қала берді.
- Сен білесің бе, қазір біздің мыңдаған адамның аштан-аш мұражайда
отырғанын. Əйтеуір қолдарында бірер пулемет бар. Петлюрашылар оларды
қандалаша қырады ғой. Полковник Найды қалай өлтіргенін білесің бе?...
Бірден-бір беріспеген қаһарман еді...
- Маған жармаса бермей, доғар енді!.. - деп шынымен шамда-нып айғай
салды Шервинский. Даусыңды неге сонша көтересің?... Мен де өзің
сияқты офицермін!
- Жарайды, мырзалар, тастаңдар, - деп Мышлаевский мен
Шервинскийдің арасына Карась түсті, - түкке тұрмайтын əңгіме. Шынында
да, сенің бұған тиісетін не жөнің бар... Тастайық, бұдан ештеңе де
шықпайды...
- Тыныш, тыныш, - деп мұңая сыбырлады Николка, - бəрі оған естіліп
тұр.
Мышлаевский қысылып қыбыжықтап қалды.
- Жарайды, ренжіме, Баритон. Менікі жай ғой. Өзің де бəрін түсініп
отырсың..
-
Недəуір оғаш...
- Мархабат, мырзалар, ақырын... - Николка сақтықпен іркіліп, аяғымен
еденді тықылдатты. Барлығы құлақ түре қалды. Төмендегі Василисаның,
қатты бəлкім қарқылдай күлген болар, қатты күлгені күбірлеп жетті.
Күлкіге жауап ретінде Ванда қуана саңғырлап бірдеңе айтты. Сосын дауыс
сап болып, біраздан кейін қайта даңғырлай жөнелді.
- Ал, бұл қайран қаларлық нəрсе, - деді сөзіне біраз мағына беріп
Николка. - Василисада қонақтар бар... Мынадай уақытта қонақ шақыру
дегенді қалай түсінуге болады!? Нағыз ақырзаман.
-
Иə, Василисаларың бір тип, - деді Мышлаевский.
...Бұл талма түстің кезінде болған еді, бұл кезде Турбин морфий сепкеннен
кейін ұйықтап жатқан да, Елена оның төсегі жанында мамықтақта отырғанды. Қонақжайда əскери кеңес болды.
Барлығы осында қонып қалуға бел байлады.
Біріншіден, түнде жақсы құжаттың өзімен жүру де қауіпті. Екіншіден, үйде
қара-құраның болғаны Еленаға да жақсы... көмек керек болып қала ма,
қайтеді. Ал ең бастысы, мынандай уақытта үйде омалып отырғаннан
қонақта жүрген жақсы. Оның үстіне қазір істейтін де еш шаруа жоқ. Ал
карта ойнауға болады.
-
Сіз ойнайсыз ба? - деп сұрады Лариосиктен Мышлаевский.
Лариосик қызарып кетті, қысылғанынан ойындағысын ақтара салды, карт
ойнауды, оның ішінде винтті білетінін, бірақ өте-мөте нашар ойнайтынын
айтып ақталды. Тек Житомирде бір салық инспектордың жасағанындай,
ойнай білмейсің, деп ұрыспаса болғаны. Ол жақта қасірет шекті, мына
жерде жаны түлеп, көңілі көтеріліп келеді, бəрі Елена Васильевнаның
арқасы, керемет ғажап жан ғой, пəтерінде жайлылығымен қатар ерекше
жылылық бар, бүкіл терезелерге құрылған сарғыш перделердің өзі не
тұрады, соның арқасында өзіңді сəл де болса, басқа дүниеден аулағырақ
сезінесің... Ал басқа дүние, сыртқы əлем былық, қанды, мағынасыз екеніне
келісесің ғой...
- Сізден білуге болар ма екен, өлең жазбайсыз ба? - деп сұрады
Мышлаевский Лариосиктің жүзіне тесіле қарап.
-
Жазамын, - деді қызарақтап сыпайы ғана жауап қатып Лариосик.
-
Солай деңіз... Кешіріңіз, сөзіңізді бөлгенім үшін!...
- Былайша айтқаныңызда мағына шамалы... Жарайды, əңгімеңізді
жалғастыра беріңіз.
- Иə, мағынасы шамалы, ал біздің жаралы жанымыз осындай сарғыш
перделерден тыныштық аңсайды.
- Ал, тыныштық дегенге келетін болсақ бар ғой, сіздің Житомирде
қандай екенін білмеймін, ал мұнда, бұл қалада, əлбетте сіз оны таба
алмайсыз... Сен шөткеңді сулашы, əйтпесе тым шаңдатып жібердің.
Шырақтар бар ма? Теңдесі жоқ. Мұндай жағдайда біз сізді шығушыға
жазамыз... Бесеу болып ойнау ең тыныш ойын...
-
Николка да марқұм құсап ойнайды, - деп сөз қыстырды Қарась.
- Өй, о не дегенің, Федя. Өткен жолы пештің түбінде кім ойнап еді?
Реносқа сен өзің бардың ғой. Неге біреуді күстəналайсың?
-
Алабүлік Петлюраның, сарқыншағы...
- Атап айтқанда, сарғыш перденің ішінде өмір сүру керек. Неге екені
белгісіз, ақындарға бəрі күледі ғой.
- Бір құдай жар болсын... Сіз неге менің сұрағымды теріс жағынан
қабылдадыңыз? Ақындарға қарсы менің ештеңем жоқ. Рас, мен оны
оқымаймын...
- Басқа кітаптарды оқып та жарытқаның шамалы ғой, артил-леристердің
жарғысы мен рим құқығының алғашқы он бес беті болмаса... Он алтыншы
бетке келгенде соғыс басталды да, бəрі тасталды десейші.
- Өтірік айтып отыр, тыңдамаңыз... Сіздің аты-жөніңіз - Ларион
Иванович емес пе еді?
Лариосик өзінің Ларион Ларионович екенін баяндап, оған осы қауымның
ұнайтынын, мұның қауым да емес, тұтас бір тату отбасы екенін, мұны
əкесінің атын қоспай, жай ғана “Ларион” деп айтуды тілейтінін айтты...
Əрине, онда да ешкім қарсы болмаса ғана.
- Былайынша, əп-əсем жігіт... - деп сыбырлады Шервинскийге ұстамды
Карась.
- Олай болса онда жақынырақ танысайық... Тосырқайтын не бар...
Білгіңіз келсе, ол өтірік айтады.
- “Соғыс пен бейбітшілікті” оқығанмын. Нағыз кітап деп, міне, осыны
айт...Аяғына дейін оқып шықтым жəне рақаттана оқыдым. Неге дейсің ғой?
Мұны анау-мынау жалаңаяқ емес, артиллерия офицерінің өзі жазып отыр.
Бізде ондық. Сіз меніменсіз бе... Король Шервинскиймен... Николка, сен
шық
- Тек қана сіздер маған құдай ақына ұрыспаңыздар, - деп өтінді
күйгелектене қап Лариосик.
- Ой, о не дегеніңіз сіздің! Немене, біз бəз-бір папуастармыз ба? Сіздің
картаңыз көрініп отыр. Житомирде əлгі қарғыс атқыр қазымыр инспектор
ұрсып, өзіңізді жерқорқақ қып тастапты ғой... Бізде қатаң мақам
қабылданған.
-
Кешіріңіздер, о жағына қапа болмаңыздар, - деп үн қатты Шервинский.
- Екі қарға... Иə артиллерия поручигі граф Лев Толстой жазушы болған
ғой... Əскери қызметін тастап кеткені-ақ өкінішті... генералға да жететін
еді... Айтқандай, онсыз да оның иелігі болған ғой... Зеріккеннен роман
жазуға да болатын шығар... алты ай қыс не бітіреді... Иен иелікте бұл опоңай. Көзірсіз-ақ.
-
Үш қиық, - деп қысыла айтты Лариосик.
-
Пас, - деп үн қатты Караев.
- Сіздікі не? Сіз тамаша ойнайсыз. Сізді ұрыспай, мақтау керек. Ал егер
үш қиық болса, онда біз төрт қарға дейміз. Иелікке мен өзім де қуана-қуана
барар едім...
-
Төрт қиық, - деп сөз қосты Николка Лариосиктің картасына қарап.
-
Төрт болса, мен пас.
-
Пас.
Шырағданның қалтыраған жарығында, шылымның түтіні арасында
Лариосик тағы да алуға кетті.
Мышлаевский мылтықтан патрон суырғандай бір-бірден карта лақтырды.
- Қарғадан к-кішісі, - деді ол əмір беріп, сосын Лариосикті мақтады, жарайсың жігіт.
Мышлаевскийдің қолынан карталар үйеңкі жапырағындай үнсіз ұшты.
Шервинский жинақы лақтырды. Карась қолы жүрмей тарс еткізіп тастады.
Лариосик күрсініп алып куəлік көрсеткендей, ақырын ғана қойды.
-
“Папа-мама”, көргенбіз мұндайды, - деді Карась.
Мышлаевский кенет қып-қызыл болып, картты үстелге лақтырып жіберіп,
көзін Лариосикке жеп қоярдай ежірейтіп шаңқ етті.
- Қандай ғана жын қағып сен менің дамамды соғып жібердің? Ə,
Ларион?!
- Керемет! Га-га-га, - деп ызаландыра мəз болды Карась, -бірсіз қалды
деген осы!
Жасыл үстелдің басында сұмдық айғай-шу басталды, шырақ-тардың от тілі
шайқалып кетті. Николка ысылдап, қолын сілтеп, есікті тақай жауып,
портьерін түсірді.
- Мен Федор Николаевичта король бар екен деп ойлаған едім, - деп
өліктей бозарып əрең сөйледі Лариосик.
- Қалайша олай ойлауға болады... - деп Мышлаевский айғайламауға
тырысты, сондықтан оның тамағынан қырыл ғана шығып, оны бұрынғыдан
бетер сұсты етіп жіберді, - оны сен өз қолыңмен сатып алып, маған жіберіп
едің ғой. Солай емес пе? Ал мына жүрісіңді сайтаным білсін! - деп
Мышлаевский отырғандарға айнала бұрылып, - ал бұл дегенің... Ол
тыныштық іздейді. Ал бір-бірісіз отырмыз - тыныштығымыз осы ма?
Санаулы ойын ғой! Басыңа бір салмақ салып көрмедің бе, бұл саған өлең
емес.
-
Тоқтай тұр. Бəлкім, Карась...
- Бəлкімің не? Бос сөзден басқа ештеңе де болмайды. Кешіріңіз, тақсыр,
сіздің Житомирде осылай ойнайтын шығар. Бірақ ол ойынның не екенін
сайтан ғана білетін болар!... Сіз шамданбаңыз, Пушкин мен Лермонтов
өлең жазуын жазғанымен, дəл мынадай өнерді ешқашан жасамаған шығар,
немесе мысал үшін, Надсон.
- Тыныштал сен. Немене, сонша тарпа бас салып. Ондай-ондай кімде
болмайды.
- Осылай боларын біліп ем-ау, - деп міңгірледі Лариосик... -Менің-ақ
жолым болмайды.
-
Тоқта. Тт...
Сол-ақ екен бірден тыныштық орнады. Алыста көптеген есіктің ар жағында
асүйде қоңырау безілдеді. Бəрі үнсіз тына қалды. Өкшелердің тықылы
естілді, есіктер ашылып Анюта кірді. Елена-ның басы алдыңғы бөлмеде
қылтиды. Мышлаевский үстелдің шұға-сын жұдырықтап тұрып:
-
Ертерек сияқты ма, қалай? - деді.
- Иə, ертерек, - деді өзін тінту жүргізу жөнінен білгір маман санайтын
Николка.
-
Ашайын ба? - деп сұрады мазасызданып Анюта.
- Жоқ, Анна Тимофеевна, - деп жауап қатты Мышлаевский, -шыдай
тұрыңыз. - ЬІңқылдап ол мамықтақтан көтерілді, - жалпы есікті енді мен
ашайын, сіздер əуре болмаңыздар.
-
Бірге барамыз, - деді Карась.
-
Жарайды, - деп бастады Мышлаевский, сосын бірден тұтас взводтың
алдында тұрғандай қарады, - Сонымен енді. Ана жақта бəрі орынша...
Доктордікі - бөртпе, сүзек, тағы басқалар... Лена сен - медбике... Карась сен
мұнда студентке жарайсың. Жатынжай жаққа бара бер. Онда шприц
бірдеңе бар шығар, соны ұста. Біз көбірекпіз. Ол оқа емес.
Қоңырау дегбірсіз қайталанды, Анюта қайта оралып, бəрі бұрынғыдан да
байсалдана қалды.
- Үлгереміз, - деді Мышлаевский шалбарының артқы қалта-сынан
ойыншық сияқты кішкентай қара тапаншаны суырып.
- Міне, мұның бекер, - деді күреңітіп Шервинский, - мен саған таңмын.
Сен сəл абай болсаң қайтеді. Мына қылығыңмен көшеде қалай жүргенсің?
- Оған алаңдама, - деп байсалды да сыпайы жауап қатты Мышлаевский,
- ретін келтіреміз. ¥ста мынаны, Николка, жасы-рын есікте немесе
желдеткіште ойна. Егер Петлюраның шадияр-лары келсе, кейін тауып
алатындай ғып. Қымбат зат, өзіммен Варшавадан келе жатыр... Өзіңде
барлығы дұрыс па?
- Оған қам жеме, - қатаң əрі асқақ жауап қатты тапаншаны ала тұрып
маман Николка.
- Сонымен, - деп Мышлаевский Шервинскийдің кеудесінен түртіп былай
деді: - Əнші, қонаққа келгенсің, Карась - медик, Николка - бауыры,
Лариосик - пəтерде тұратын студент. Куəлігің бар ма?
- Менің төлқұжатым патша заманынікі, - деді бозарып Лариосик, - ал
студенттік билетім Харьковтікі.
-
Патшалығыңды құрт, студенттігіңді көрсет.
Лариосик есіктің пердесінен ұстап тұрды да, жүгіріп кетті.
- Басқалары түкке тұрмайды, əйелдер... деді сөзін жалғастырып
Мышлаевский, - ал енді куəлік бəріңде бар ғой? Қалталарыңда артық
ештеңе жоқ па?.. Ей, Ларион?.. Одан сұрашы, қаруы жоқ па екен?
-
Ей, Ларион! - деп дауыстады Николка асханада. - Қаруың бар ма?
-
Жоқ, жоқ құдай сақтасын, - деп əлдеқайдан үн қатты Лариосик.
Қоңырау қайталанды, ұзақ, дегбірсіз, тынбай шырылдады.
- Ал, қолдай гөр тəңірім, - деп Мышлаевский қозғалды да, Карась
Турбиннің жатынжайына кіріп кетті.
-
Карттан таратып қойсаңдар еді, - деді де Шервинский шырақты үрледі.
Турбиндардың пəтеріне кіретін үш есік бар. Біріншісі алдыңғы бөлмеден
баспалдаққа шығады, екіншісі əйнекті, Турбиндардың меншікті иелігімен
ұласып жатыр. Төменде əйнекті есіктің сыртында қараңғы басты есік, оған
бір бүйірден Лисовичтердің есігі шығады, ал дəліз соңғы көшеге шығатын
есікті тұйықтайды.
Есік тарсылдап жатыр, төменде Мышлаевский:
-
Бұл кім? - деп айқайлады.
Жоғарыда ту сыртынан баспалдақтағы біреулердің сұлбасын сезді бұл. Есік
сыртындағы дауыс бəсең шырылдап:
- Қоңырауды қағасың, қағасың кеп... Тальберг -Турбин осында ма? Оған
жеделхат бар... Ашыңыз...
“Солай де”, - Мышлаевскийдің басында жылт етті де, ол ауру адамдай-ақ
жөтелді. Бір сұлба баспалдақтан ғайып болды. Мышлаевский болтты
сақтана ашып, кілтті бұрап шынжырын қалдырып есікті ашты.
-
Жеделхатты беріңіз, - деді есікке бір бүйірлей тұрып, бейне бір оны
көлегейлегендей. Сұр қолғапты қол оған кішкентай конвертті ұсынды.
Қайран қалған Мышлаевский оның шынында да жеделхат екенін көрді.
-
Қолыңызды қойыңыз, - деді ызалы үн есік сыртынан.
Мышлаевский көз жүгіртіп, оның көшеде жалғыз ғана тұрғанын байқады.
- Анюта, Анюта, - деп бронхиттан табан аузында айығып ширақ
дауыстады.
Анютаның орнына оған Карась жүгіріп келді. Шаршыдан жыртып берілген
бір жапырақ қағазға Мышлаевский “Тур” деп сызып, Карасьқа сыбырлады:
-
Жиырма бесің болса, бере ғой...
Есік сартылдап... жабылды.
Естері шыққан Мышлаевский мен Карась жоғарыға көтерілді. Барлығы
түгел жиналды. Елена төрткүлді ашып, ойында ештеңе жоқ оқи бастады:
“Лариосикке сұмдық бақытсыздық тап болды. Оперетканың актері
Липский...”
- Құдайым-ай, - деп айғайлап жіберді қызарып кеткен Лариосик, - бұл
анам ба!
- Алпыс үш сөз, - деп таңдана аһ ұрды Николка - қарашы, айнала түгел
жазылған.
- О, тəңірі! - деп дауыстап жіберді Елена. - Бұл не өзі? Аһ, дауыстап
оқығаным үшін кешіріңіз, Ларион. Ол жайында мен мүлдем ұмытып
кетіппін.
-
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Ақ Гвардия - 15
  • Части
  • Ақ Гвардия - 01
    Общее количество слов 3903
    Общее количество уникальных слов составляет 2312
    32.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 02
    Общее количество слов 3862
    Общее количество уникальных слов составляет 2332
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 03
    Общее количество слов 4008
    Общее количество уникальных слов составляет 2201
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 04
    Общее количество слов 3792
    Общее количество уникальных слов составляет 2379
    31.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 05
    Общее количество слов 3905
    Общее количество уникальных слов составляет 2276
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 06
    Общее количество слов 3835
    Общее количество уникальных слов составляет 2225
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 07
    Общее количество слов 3817
    Общее количество уникальных слов составляет 2218
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 08
    Общее количество слов 3789
    Общее количество уникальных слов составляет 2225
    31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 09
    Общее количество слов 3816
    Общее количество уникальных слов составляет 2244
    31.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 10
    Общее количество слов 3895
    Общее количество уникальных слов составляет 2104
    32.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 11
    Общее количество слов 3978
    Общее количество уникальных слов составляет 2111
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 12
    Общее количество слов 4076
    Общее количество уникальных слов составляет 2082
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 13
    Общее количество слов 4028
    Общее количество уникальных слов составляет 2249
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 14
    Общее количество слов 4087
    Общее количество уникальных слов составляет 2038
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 15
    Общее количество слов 3973
    Общее количество уникальных слов составляет 2068
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 16
    Общее количество слов 3803
    Общее количество уникальных слов составляет 2344
    28.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    42.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 17
    Общее количество слов 4067
    Общее количество уникальных слов составляет 2051
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 18
    Общее количество слов 3993
    Общее количество уникальных слов составляет 2163
    34.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 19
    Общее количество слов 2671
    Общее количество уникальных слов составляет 1718
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов