Latin Common Turkic

Ақ Гвардия - 02

Общее количество слов 3862
Общее количество уникальных слов составляет 2332
31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
- Сайтаным білсін бе қандай жандар екенін. Меніңше олар
достоевскийшіл діндар жергілікті мұжықтар!... Ой-ой, шеше-леріңді...
-
О, құдайым-ау!
- Иə, құдайға тəубе, біз ауыстық, - деп қырылдады шылымын құмыға
сора отырып Мышлаевский. - Санасақ, отыз сегіз адам қалыппыз, екеуі
үсіп өлген. Тағы екеуін үсіп жатқан жерінен таптық, енді аяқтарын кеседі...
Қайырын берсін деген осы...
-
Қалай? Сонда үсіп өлген бе?
- Енді қалай ойлап едің? Бір юнкер мен офицер. Трактирдің түбіндегі
Попелюхада одан да қызық жайт болды. Поручик Красин екеуміз
үсігендерді отырғызып апарар шана іздеп сонда бармаймыз ба? Деревня
түгел қырылып қалған тəрізді - тірі жан жоқ. Ақыры, тұлып киіп, таяқ
таянған бір шалдың сүйретіліп келе жатқанын көрдік. Əлгі бейшара бізді
көріп қуанып қалды. Мен бұл арада бір жымысқы қулық барын бірден
сездім. Ол не болды екен. Мына діндар қарт: “Жігіттер ... Жігіттер!” деп
тегін жылпылдап тұрма-ғаны анық. Мен де оған күпсінген үнмен:
“Армысың, ақсақал. Тезірек бізге шанаңды бер” деймін. Ал ол
хохолшылап: “Жоқ. Офицерлер бүкіл шаналарды Постқа айдап кетті” дейді. Осы арада Красинге көзімді қысып: “Офицерлер дейсіз бе? Солай де.
Ал еркек біткен қайда кеткен?” деп сұрадым. Шал: “Барлығы Перлюраға
қашып кетті” дегені ғой. Ал осындай қылық ұнар ма еді саған? Шал көзі
нашар көретіндіктен күлəпараның астындағы погондарды байқамай, бізді
Петлюрашылдар деп тұр. Бұл арада шыдай алмай, мен де шарт сындым.
Аяз шыдатпай, аяқ-қол сіресіп қалды... Шалды жағадан алып, сығып
жіберіп жанын мұрнының ұшына шығарып, айғайды салдым кеп:
“Петлюраға қашып кетті дейсің бе? Қазір сені атып тастаймын, сосын көр
Петлюраға қалай қашқанды. Сен менің қолымнан о дүниеге аттанасың,
арампез!”
Аржағы түсінікті шаруа ғой, қасиетті егінші, жер қорғаны бірден санасы
оянып, ақылға келді (Мышлаевский, боқтықты таудан құлаған тастай үстіүстіне боратты). Əрине, аяғыма жығылып, жалынып жатыр: “Ой, жоғары
мəртебелім, мен қақбасты кешір, ақымақтықтан, көрсоқырлықтан байқамай
айтып қалдым, атта-рымды қазір-ақ берейін, тек жанымды қалдыра көр!”
дейді... Аттар да, ілдебай шана солай табылды.
Сөйтіп, іңір қараңғылығында Постқа келдік. Онда не болып, не қойып
жатқаны тіпті ақылға сыймайды. Жол-жөнекей төрт батарея санадым,
төртеуі де қарап тұр, снаряд жоқ көрінеді. Штаб дегенде қисап жоқ. Бірақ
ешқайсысы ештеңе білмейді. Ең бастысы -өлгендерді қайтерін білмей
аңтарылып отыр. Ақыры, жаралыларды қабылдайтын жерді тауып, əкелген
өліктерді сол араға зордың күшімен өткіздік. Сенесің бе, бəрі де “Қалаға
апарыңдар!” дейді. Осы арада біз терімізге сыймай кеттік. Красин тіпті
штабтағы біреуді атып тастауға да оқталды. Ол болса: “Бұларың
Петлюраның тəсілі” деп, қашып құтылды. Бірінші сыныпты вагон ғой,
электр шамы бар... Одан əрі не болады деп ойлайсың ғой. Денщик сияқты
итаршы бізді жібермейді. Ал керек болса. “Олар ұйықтап жатыр, ешкімді
жіберме деген” дейді. Амал не, мылтықтың дүмімен қабырғаны қақырата
соқтым кеп, менен кейін тарсылды біздің басқа жігіттер жалғастырды.
Купедегілер бір-бірлеп атып шықты. Щеткин де шығып, кешірім сұрай
бастады: “Ай, құдайым-ай. Əрине ғой, əрине. Қазір. Ей, шабармандар, щи
мен коньяк əзірлеңдер. Қазір-ақ орналастырамыз сіздерді.
Қалағандарыңызша тынығасыздар. Бұл дегенің батырлық. Аһ, қандай қаза,
алайда амал не - құрбандықсыз жəне болмайды. Мен сондай қайран
қалдым...” Коньякпен одан анадай қашу керек. А-а-а! Мышлаевский
төтеннен есінеп, мұрнын пысылдатты. Сосын ұйқысырағандай:
- Жасаққа пештің қасынан жылы орын берді... О-һо! Ал мені олардан
аулақтатып жіберді. Зайыры, қабырғаны мылтықтың дүмімен дүрсілдеткен
менен құтылғысы келсе керек. “Поручик сізді қалаға іс-сапармен
жіберемін. Генерал Картузовтың штабына барасыз. Бəрін сонда
баяндайсыз”, - деді. Е-ей! Мен паровозға отырып... Əбден жаурадым...
Тамараның кілті дегендей... арағы бар...
Мышлаевскийдің аузынан шылымы түсіп кетті де, шалқасынан түсіп, қор
ете қалды.
-
Міне, қандай керемет! - деді абдыраған Николка.
- Елена қайда? - деп алаңдай сұрады ағасы. - Мынаған ақжапқыш беру
керек, өзін жуынуға алып бар.
Бұл кезде Елена ас үйдің аржағындағы бөлмеде жылап отыр еді. Одан əрі
цинк ваннадағы сиса перде ұсталған колонкада жарылған кебу қайыңның
жалыны алаулап жатқан-ды. Асүйдің қырылдақ сағаты он бірді соқты.
Оның көз алдына қаза тапқан Тальберг елестеді. Əрине, ақша тиеп бара
жатқан пойызға шабуыл жасалмай қалмайды ғой, айдауылдар қырылды,
қар үстінде қанға малынған ми жатыр. Елена қаракөлеңкеде отырған, оның
қобыра-ған шашына оттың жарығы түсіп тұр, көзінен жас бұршақтайды.
Өлген ғой, өлтірген ғой... - дейді ойша.
Міне, кенет нəзік қоңырау үні безектеп қоя берді. Елена құйындай ұйтқып
асүй артқы қараңғы кітапхана арқылы асханаға жүгірді. Оттар жарқырай
түсті. Қара сағат қоңырауын соғып боп, жайымен тық-тық етіп жүрісін
жалғастыра берді.
Алайда ағасы мен Николканың алғаш бұрқ ете қалған қуанышы тез
басылды. Ал қуанғанда да олар көбіне Елена үшін қуанған. Тальбергтың
иығындағы гетман əскери министрлігінің сына тектес погоны
ағайындыларға кері əсер еткен-ді. Əйткенмен, погонға дейін де Еленаны
тұрмысқа шыққан тойынан бастап-ақ, Турбиндар өмірінің құтысында бəзбір жарықшақ пайда болып, жақсылық суы сол арқылы əлдеқайда ағып
кетіп жатқандай еді. Бар ыдыс бос, құрғақ болатын. Əлбетте бұған бас
штабтың капитаны Тальберг Сергей Ивановичтың көзінің қос
қатпарлылығы кінəлі болатын.
Е-еһ... Қалай жалтарғанымен де қазір бірінші қатпарын оқуға кəміл болады.
Үстіңгі қабатында қарапайым адами қуаныш, кəдімгі жылудан, жарықтан,
қауіпсіздіктен туған қуаныш. Ал одан тереңдесең - айқын үрейге тап
боласың, оны бүгін Тальбергтің міне өзі алып келіп отыр. Ең тереңі
қашанда құпия жабық жатады ғой. Қалай дегенмен де Сергей Ивановичтің
сұлбасынан ештеңе сезілмейді. Белдеуі кең əрі берік. Сидам денесі автомат
сияқты қара сағаттың тықылымен айналады. Тальберг те қатты тоңыпты,
бірақ барлығына жылы ұшырап күліп қояды. Сол ілтипатының өзінде де
бір үрей бар сияқты. Қоңқақ мұрнын бір тартып қойып Николка мұны
бірінші боп байқады. Тальберг суыртпақтап, провинцияға бұның
қарауымен ақша алып бара жатқан пойызға қаладан қырық шақырымдай
Бородянкада белгісіз біреудің шабуыл жасағанын баяу, бірақ көңілді етіп
айтып берді. Елена үрейленіп көзін жұмып, белгілерге жабысты, ал
ағайындылар “иə, одан əрі” деп тағы да жаныға түсті, Мышлаевский болса
өлердей қорылдап, аузындағы үш алтын тісін ақситады.
- Олар кім болды екен? Петлюра ма?
- Ал енді олар Петлюра болса, - деп жұмсақ жымиып, сонда да үрейін
жасыра алмай сөйледі Тальберг, - менің осында сіздермен сұқбаттасып
отыруым, əлбетте, екіталай еді. Кім екенін жалпы білмеймін. Бəлкім,
азғындаған сердюктер шығар. Вагондарға баса көктеп кіріп келіп,
мылтықтарын сілтеп: “Кімнің айдауылы?” деп айғай салды. “Сердюктер”
деп жауап қаттым. Олар топырлап тұрды, тұрды да, біреудің “Түсіңдер!”
деген бұйрығын естіп, ізінше ғайып болды. Меніңше, олар офицерлерді
іздеген болса керек. Айдауыл украиндық емес, офицер болар деп ойлауы да
ықтимал. - Тальберг Николканың шевронына көз қиығын тастады, сағатына
қарап күтпеген жерде былай деді: - Елена жүрші, бірер сөзім бар...
Елена күйеуінің соңынан асығыс үйдің Тальбергтер жарты-сындағы
жатынжайға тартты, қабырғада əдеттегідей ақ қолғапқа қондырған ақ
сұңқар тұр, келіншектің жазу үстелінде жарығы майда жасыл шам, қызыл
ағаштан жасалған жəшіктің үш сағатта бір би ойнайтын, маңдайшасына
қола малшылар кескінделген сағат тықылдайды.
Мышлаевскийді ояту Николкаға адам айтқысыз күшке түсті. Ол жолай
теңсетіліп, екі мəрте есікті қармап, əрең құламай қалды, сосын ваннада
ұйықтап қалды. Суға тұншығып қалмасын деп Николка оны күзетіп тұрды.
Үлкен Турбин неге екенін өзі де білмей, қараңғы қонақжайға кіріп, терезеге
жабысып, тың тыңдады: тағы да алыстан ара-тұра гүрс еткен зеңбірек
даусы талып жетеді.
Ақсары өңді Елена бірден қартайып, ұйпа-тұйпа. Көзі қызарып кеткен. Иіні
түсіп мұңая Тальбергтің сөзіне құлақ түреді. Ол болса штабтық тəртіппен
асқақтап ымырасыз сөйлейді.
-
Елена, енді басқадай жасауға тіпті де болмайды.
Амалы құрыған Елена сөзсіз шаруаға жығылып, былай деді:
- Лаж қанша, түсінемін. Айтқаның, əрине, дұрыс. Бес-алты күннен кейін
жүретін шығарсың, ə? Бəлкім, оған дейін жағдай да өзгеріп қалар.
Тальбергтің қиналған жері осы болды. Тіпті жүзінен таймайтын
заңдастырылған күлкісі де ғайып болды. Жүзі көнеріп, əр нүкте-сінде
шешіліп қойған ой тұрды. Елена... Елена. Аһ, опасыз, тұр-лаусыз үміт...
Бес... Алты... Күн шыда дейді...
Тальберг кесіп айтты:
-
Табан аузында, тура қазір кету керек. Пойыз түнгі сағат бірде...
... Жарты сағаттан кейін сұңқарлы бөлме жұтады да қалды. Шамадан
еденге қойылып, оның матрос қақпасы тік ашылып, əп-сəтте жүдеп, жүзі
суық тартқан. Ерніне қатпар пайда болған Елена оған үн-түнсіз жиделер
мен іш киімдерді, ақжапқыштарды дестелей салып, Тальберг тізерлей
отыра қалып, шкəптің астыңғы жəшігін кілтімен қопарыстырып жатты. Ал
содан соң... Содан соң астан-кестені шыққан басқа жайлардағы сияқты,
шамның абажурына дейін сыпырылған бөлмеге қараудың өзі қиын екен.
Құдая, ешқашан, иə, ешқашан шамның абажурын сыпырып жала-ңаштай
көрмеңіздер. Ешқашанда қауіптен қорқып егеуқұйрық құсап белгісіз
бағдарға қаша жөнелмеңдерші. Абажур деген қасиетті зат қой. Соның
саясында отырып оқисың, қалғисың, күтесің, боран бұрқаса бұрқасын, тек
күткенің келгенше күте біл.
Тальберг болса қашып барады. Ұзын шинель киіп, қара наушник салған,
басында гетманның сұрғылт кокардасы, белінде қылышы бар ол айылбасы
əрең салынған шамаданын ұстап, оның айна-ласындағы қағаз қалдықтарын
таптап үйден шықты.
Бірінші Қаланың шеткі жолында басынан айырылған шегірткеге ұқсап,
паровозсыз пойыз тұр. Құрамында электрдің көз қарық-тырар жарығымен
жарқыраған тоғыз вагон бар. Сонымен түнгі сағат бірде генерал Бусстың
штабы Германияға аттанады. Тальберг солармен бір байланыс тауыпты,
сондықтан бірге ала кетеді... Гетман министрлігі деген бас жоқ, жөн жоқ
тұрпайы ойыншық, оперетка (Тальберг жаттанды сөйлегенмен, кейде
нысанаға дөп тиетін) айтқандай, гетманның өзі де көргені жоқ бетсіз,
қолжау-лық...
- Түсінсейші, - деп сыбырлайды ол - немістер гетманды тағдырдың
тəлкегіне тастап кеткелі отыр, бəлкім, қалаға Петлюра кірер. Шын мəнінде
Петлюраның жан-жаққа жайған мың тамыры бар. Бұл қозғалыста Петлюра
жағында жалпақ шаруалар бұқарасы бар, ал бұның не екенін білмейсің бе...
О, Елена біледі ғой, жəне тамаша біледі. 1917 жылдың наурызында əскери
училищеге жеңіне жалпақ қызыл таңғыш байлап, бірінші келген, иə,
бірінші боп келген Тальберг болатын. Бұл Петербургтағы хабарды естіп
қаладағы офицерлер тас боп қатып, басы ауған жаққа кетіп, қараңғы
дəліздерде толғанып жүрген наурыздың алғашқы күндері еді. Тальберг
революциялық əскери комитеттің мүшесі ретінде анау-мынау емес, атақты
генерал Петровты тұқындаған-ды. Атышулы жылдың аяғына таман қалада
таңғажайып, таңданарлық оқиғалар өрбіп, аяғында етігі жоқ, бірақ
солдаттың ұзын шенелінен кең шалбарлары көрініп жүретін адамдар
шығып, олар осы жерден ешқашан бұра басып майданға бармаймыз, онда
біз шұғылданар ештеңе жоқ, қала жалпы орыстікі емес, украиндікі,
сондықтан бұдан ешқашан кетпейміз деп мəлімдеме жасаған кезде
Тальберг бізге қажеті бұл емес, мынауың бір тұрпайы арсыз оперетка
болды ғой деп күйгелектеніп жүрді. Біраз деңгейде оның айтқаны дұрыс та
болып шықты, шынында оперетка зарарсыз да болмай, үлкен қан төгіске
ұласты. Кең шалбарлылар Мəскеу жақтағы ормандар мен далалардан
келген əлжуаз, бытыраңқы полктарды қаладан дүркіретіп қуып шықты.
Тальберг кең шалбарлылардың тамыры большевиктік болса да Мəскеуде
жатыр деді.
Алайда сол наурыздың бір күнінде қалаға бастарында бытыра оқтан
қорғанар сары жез телпектері бар немістер келді, сұрғылт сапқұрып.
Сеңсен бөрік киіп, жуан тобық ат мініп солармен бірге келген гусарларды
көргенде түп тамыры олардың да қайда жатқан Тальберг бірден түсінді.
Герман зеңбіректерінің қала түбіндегі бірнеше ауыр дүмпуінен кейін
мəскеуліктер көкшулан ормандарға сіңіп жоқ болды да, кең шалбарлылар
немістердің ізімен қалаға қайта оралды. Бұл бір қызық оқиға болды.
Тальберг болса, сасқалақтай күлді, бірақ қорыққан жоқ, немістерді көрген
кең шалбарлылар қайта керемет жуасып, ешкімді өлтіруге батылдары
бармады, тіпті көбі көшеде өзіне-өзі сенбейтін мейман сияқты асқан
сақтықпен жүрді. Олардың таяныш етер тамыры жоқ жəне екі ай бойы
сандалып бос жүр, деді Тальберг. Бірде Николка Турбин Тальбергтің
бөлмесіне кіріп күліп жіберді. Ол жаялықтай бір қағазға грамматикалық
жаттығулар жазып отыр екен, ал алдында жұқа сарғыш қағазға басылған
“Игнатий Перпилло - Украин грамматикасы” деген кітапша жатыр.
Он сегізінші сəуірдегі пасхада циркте күңгірт электр шарлары көңілдене
гуілдеп құжынаған қарақұрым халық күмбізге дейін тірелді. Тальберг
көңілді, əскери сап түзген аренада тұрып, қолдарды есептей бастады, кең
шалбарлылардың күні біткен екен, ал Украина “гетмандық” Украина
болады деп топшылады, өйткені “гетманды күллі Украина” сайлады емес
пе.
- Біз Мəскеудің қанды опереткасынан іргені аулақтаттық,- деді Тальберг
көне көзге ыстық тұсқағаздардың аясында оғаштау гетман формасымен
жарқылдап. Жеккөрінішті сағат тықылдап, суы ыдысқа құйылды. Николка
мен Алексейдің Тальбергпен əңгіме-дүкен құрар сөзі жоқ. Сөйлесудің өзі
де қиын, саясат жағына əңгіме ауысса Тальберг шамданып шыға келеді,
əсіресе аңқау Николка-ның “Сережа, сен осы наурызда қалай деп едің”
дегенін естігенде ол терісіне сыймай кетеді, жоғарғы сирек тістері
шықырлап, жалын ұшқын шашырап, қатты абыржиды. Сөйтіп онымен
əңгіме деген сəннен шығып қалады.
Иə, оперетка... Балтық бойы жігітінің томпиған аузынан шығатын бұл
сөздің мəнісін Елена біледі. Ал енді сол оперетканың жамандығы кең
шалбарлыларға да, мəскеуліктерге де, бəз-бір Иван Ивановичке де емес,
Сергей Иванович Тальбергтің өзіне қатер төндіргелі тұр. Əр адамның өз
жұлдызы болады. Орта ғасырларда сарай жұлдызшылары жұлдызнаманы
тегін жасамаған, болашақты болжау үшін құрастырған оны. Солар қандай
кемеңгер болған десеңші! Міне, Тальберг Сергей Ивановичтің сол
жұлдызы өзіне сəйкес сəтті болмай тұр. Оған барлығы бір желімен тік
тарта бергені жақсы болар еді, бірақ қаладағы жағдайлар жөндем болмай
тұр ғой, олардың бұлтарыс бұралаңы көбейіп кетіп Сергей Иванович
болашағын болжай алмай, алда не боларын білмей қалып отыр. Жарығы
аппақ салон-вагон қаладан алыс, жүз елу, тіпті екі жүз шақырымдай кетіп
қалды. Вагонда қауыздағы дəндей теңселіп, қырынған адам хатшылары мен
адъютанттарына оғаш бір тілде əлденені айтып жазғызып жүр, не айтқанын
Перпиллоның өзі де əрең түсінетін шығар! Қасірет қой бұл! “Хабар”
газетінің нөмірінен гетманды сайласқан капитан Тальбергтің есімі де
танымал. Газетте Сергей Ивановичтің қаламынан туған мақала да бар,
онда: “Петлюра - өлкенің күйреуіне қатер төндіріп тұрған авантюрист” деп
ашық жазылған.
- Елена, өзің де түсінесің ғой, сені белгісіз жаққа бірге қаңғыру үшін
өзіммен əкете алмаймын. Шындығы да осы емес пе?
Елена лəм-мим деп тіл қатқан жоқ. Оған тəкаппарлығы жібер-меді.
- Менің ойымша, Румыния арқылы Қырым мен Донға бөгетсіз өте
алатын сияқтымын. Фон Буссов маған көмектеспек боп уəде берген. Мені
бағалайды ол. Немістің басып алуы деген опереткаға айналды. Немістер
кете бастады (Сыбыр). Менің есебім бойынша, таяуда Петлюра да
күйрейді. Нағыз күш Доннан келеді. Өзің де білесің ғой, құқық пен тəртіп
армиясы жасақталып жатқанда маған оның ортасында болмасқа болмайды.
Онда болмау мансапты құрту деген сөз. Деникиннің менің дивизиямның
бастығы болғанын білесің ғой. Үш ай өтпей ең кеш дегенде мамыр айында
біз қалаға қайтып келеміз. Сен ештеңеден қорықпа. Саған ешкім де
тимейді, тақа болмаса қыз күніңдегі төлқұжатың бар ғой, соны көрсетерсің.
Сені қиындықта қалдырма деп Алексейден өтінемін ғой.
Елена енді оянды:
- Тоқтай тұр, - деді ол, - қазір бауырларыма немістердің опасыздық
жасап жатқанын ескерту керек.
Тальберг қып-қызыл боп кетті.
- Əрине, əрине ғой, мен міндетті түрде... Дегенмен, оларға сен өзің айт.
Əйткенмен одан істің беті оңғарылмайды енді.
Еленада оғаш бір сезім жылт етті, бірақ ойланып жатар уақыт қайда:
Тальберг əйелін сүйіп те үлгеріп, қос қабатты көзінің бір қатпарынан аялау
нышанын аңғартты. Елена шыдай алмай жылап жіберді, бірақ даусын
шығармай, ақырын ғана сыңсыды, өйткені ол күшті əйел болатын жəне
тегіннен Анна Владимировнаның қызы дейсің бе. Қола шамнан қызғылт
сəуле жарқ етіп, бүкіл бұрышты жарық қылды. Сосын қонақжайда осында
келген ағайындылармен қош айтысылды. Бұрышта тұрған пианиноның
аппақ тістері тізіліп, Фаустың партитурасы көрініп, нотаның қара иректері
қалың сап түзіп, түрлі түсті жирен сақалды Валентин:
Қарындасым үшін сұраймын сенен,
Аяй көр оны, ая, иə!
Көзіңдей сақтап аяла! —
деп əндетіп тұрғандай көрінді.
Сол сəт ешқандай нəзік сезімге елжірей қоймайтын Тальбергтің де есінде
осы соңғы аккорд пен мəңгі жасайтын Фаустың жұлмаланған парақтары
қалды. Қайран, дүние-ай... Енді қайтып Тальберг құдіреті күшті құдай
туралы каватинаны тыңдай алмайды, Еленаның пианиноға қосып
Шервинскийге əн салғызып отырғанын да көрмейді. Турбиндар мен
Тальберг бұл дүниеде болмағанда да пианино пернелері құйқылжып,
рампаға түрлі түсті Валентин шығып ложалардан əтір иісі аңқып, сəулемен
құбылған əйелдер үйде əн салуын тоқтатпайды, Фауст та Саардам шебері
сияқты ешқашан өлмейді, мəңгі тірі.
Тальберг пианиноның алдында барлығын айтты. Ағайындылар қабағын
ашқысы келмей үндемеді. Кішісі намыстанғаннан, ал үлкені жасық
момындығынан тіс жармады. Тальбергтің үні дірілдей шықты.
— Сендер Еленаны сақтаңдар, — дегенде Тальбергтің көзінің үстіңгі
қатпары жалынышты əрі мазасыз көрінді. Ұнжұрғасы түсіп, қалта сағатына
алаңдай қарап, абыржып: — Уақыт болды, — деді.
Елена күйеуінің мойнын өзіне тартып шоқындырды да, асығыс, қалай
болса солай сүйіп алды. Тальберг ағалы-інілілердің бетіне бастырылған
қара мұртының қылын қадап қоштасты. Сосын əмиянына қарап жан
таласып құжаттарын тексеріп, жұқа бөлегіндегі украин көгала қағаздары
мен неміс маркаларын санап еріксіз жымиды да, бұрылып тұра жөнелді.
Есік сықырлап, алдыңғы бөлменің жоғарыдан жарығы жанды. Сосын
баспалдақта шамадан-ның дырылы естілді. Қалдайға асылып тұрған Елена
күлəпараның үшкір төбесін ақтық рет көрді.
Түнгі сағат бірде бос тауар вагондары қорымының түнегінен бірден
сартылдатып үлкен шапшаңдық алған құрбақа тəрізді сұр бронепойыз
тағыдай ұлып, от түшкіріп аттанып кетті. Ол жеті минөтте сегіз шақырым
ызғып, Пост-Волынскийге түсті, тарсыл-дап, гүрсілдеп, шамдары
жарқылдап, секектеп тұрған нұсқағыш-тарды бойлап, басты желіден
бүйірге бұрылып, жылыжайларда бүрісіп, Постың өзіндегі шепте тұрған
юнкерлер мен офицерлердің жаураған жанында болмашы мақтан мен
көмескі үмітті оятып, ешкімнен де тайлықпай тура герман шекарасына
тартты. Соның ізімен он минөттен соң ондаған терезелері жарқыраған,
алдында алып паровозы бар жолаушылар пойызы өтті Постан. Вагон
алаңда-рында алпамсадай серейген, аузы-басын қымтап, жылтыраған көзін
ғана ашық қалдырған күзетші неміс солдаттары мен олардың қара
мылтығының сүңгілері бұлдырайды. Арқасын аяз қысқан жолшы-лар
қиылыста ұзын вагондардың қалай теңселіп, терезелерінің бұларға жарық
шашқанын көрді. Сосын барлығы да ізім-қайым болды, юнкерлер
қызғаныштап, ашу-ызадан, өкініштен жарылып кете жаздады.
- Ой... оң-ба-ғандар!.. - деп кіжінді жол бойындағы біреу, бұлар ызамен
əлгілерді ұзатып салып тұрғанында боран басталып, жылыжайларын
ызғырық аяз кернеді. Сол түні Посты қар басып қалды.
Ал паровоздан кейінгі үшінші вагонда жолақты қалың мата мен қапталған
купеде герман лейтенантының қарсысында сыпайы əрі сынай жымиып
Тальберг немісше сөйлеп отырды:
- О, да, деп ара-тұра бір мыңқ етіп қойып жуан лейтенант темекі
шайнаудан танбайды.
Лейтенант ұйықтаған кезде, барлық купелердің есігі жабылып, жарқыраған
жылы вагонда əдеттегі бір сарынды жол міңгірі басталды. Тальберг дəлізге
шығып “Ю.-З. ж.д.” деген мөлдір жазуы бар боз пердені ашып, сырттағы
түнекке ұзақ телмірді. Онда жарық апалақтап, қар қапалақтап тұр, ал
алдағы паровоз болса зəрені ұшырып, ышқына ысқырып, тіпті Тальбергтің
де ызасын келтірді.
3
Сол түні үй иесінің, яғни инженер Василий Иванович Лисовичтің төменгі
пəтерінде тыныштықты тек ауық-ауық шағын асханадағы тышқан ғана
бұзды. Ол буфеттегі ескі сырдың қабығын қышырлата кеміріп, тықыртықыр еткізіп қожайым, инженердің зайыбы Ванда Михайловнаның
сараңдығына іштей лағынет айтып жүр. Қарғанған, сүйегі арбиған ірі, бірақ
іші тар Вандасы салқын да дымқыл пəтер-дің шағын жатынжайында шырт
ұйқыда жатыр. Инженердің өзі ұйықтамай, кітаптар сықасып, қабырғаларға
алуан түрлі заттар ілінген өте-мөте жайлы кабинетінде отыр. Мысыр
ханшайымы бейнеленген, басына гүлді қолшатыр ұсталған тік тұратын
шам бүкіл бөлменің əрін кіргізіп, нəзік бір құпия сəуле себездейді, жұмбақ
жан инженердің өзі де терең былғары мамық таққа сүңгіп рақаттанып отыр.
Заманның жұмбақтығы мен екіұдайлығы осынау орынтақта көміліп
отырған адамның Василий Иванович Лисович екенінен де көрінеді. Яғни
ол өзін Лисович атайды, бірақ жұрттың көбі оны бетпе-бет келіп қалғанда
ғана Василий Иванович деп, сыртынан үшінші жақта ұдайы Василиса
дейді. Оның мынадай бір себебі де бар, 1918 жылдың қаңтарынан бастап
қалада шын мəнінде аласапыран болған кезде үй иесі инженер өзінің “В.
Лисович” деген ап-айқын қолын жауапкершіліктен жалтарып əдейі
өзгертіп, анкеталар мен анықтамаларда, ордерлер мен куəліктерде “Вас.
Лис” деп қол қоятын болды.
Он сегізінші қаңтар күні Василий Ивановичтің қолынан қант кəртішкесін
алып кезекте тұрған Николкаға қанттың орнына жон арқасынан тас тиіп,
Крещатникте екі күн қан құсты. (Снаряд құрығырдың қант кезегінде тұрған
кілең жүрек жұтқан кісілердің үстінен жарылғанын қайтерсің). Үйге жетіп,
өңі көгеріп кеткеніне қарамастан Еленаны қорқытпас үшін қабырғаға
сүйеніп, бір леген қан құсқан Николка əпкесінің:
-
Құдая! Тағы не боп қалды? - деп шошынғанына жауап ретінде:
- Бұл ит жегір Василисаның қанты ғой, - деп құп-қу болып бір бүйіріне
құлай кеткен-ді. Содан Николка екі күн жатты, қайтіп ол үшін Василий
Иванович деген болған жоқ. Əуелі он үшінші үйдің ауласы, сосын күллі
қала инженерді Василиса атап кетті, əйел есімінің иесі тек үй комитетінің
төрағасы дегенде ғана Лисович болды.
Көшенің əбден тынышталғанына көз жеткізіп, шаналардың сирек сықыры
естілмейтін болған соң жатынжайдағы əйелінің қорылына құлақ түріп,
Василиса алдыңғы бөлмеге шығып ысырма-лар мен бұрандаларды, ілгіш
пен шынжырды мұқият қозғап көріп, кабинетіне оралды. Сосын аяғын
ұшынан басып, қараңғылыққа сүңгіп кетті де ақжапқыш пен көрпеше алып
келді. Сосын тағы да тың тыңдап, тіпті саусағын ерніне апарды. Пенжегін
шешіп, жеңін түрініп, сөреден желім алды, дөңгелетіп оралған түсқағаз бен
қайшыны жəне əкелді. Содан соң терезеге жабысып, алақанын жапсырып,
саусақтарының арасынан көшеге көз тастады. Оң жақтағы терезені
ағылшын түйреуішінің көмегімен көрпешемен бүркеп, ал сол жақтағы
терезені жартылай ақжапқыш жауып қымтады. Саңылау қалмасын деп
бəрін мұқият тексерді. Сосын орындықты алып, соның үстіне шығып,
сөредегі кітаптардың жоғарғы қатарының сыртын қолымен сипалап,
түсқағазын пышақ-пен жоғарыдан төмен қарай тілді, сосын бəкісін тік
бұрыш жасай бүйірлете жүргізіп, екі кірпіш бойындай төрткүлденген,
өткен түні ғана жасап шыққан кішкентай құпия қойманы абайлап қана
ашты. Жұқа мырыш қаңылтырдан жасалған қақпағын бір жағына ысырып,
жерге түсті де үрейлене терезеге қарап, ақжапқышты қозғады. Екі
бұрағанда сылдырлап кілтпен ашылатын төменгі жəшіктің түкпіріне
құдайдың жарығына газет қағазымен оралып, айқыш-ұйқыш буылған
пешаттаулы пакет шықты. Василиса оны қоймаға қайта тығып, қақпағын
тас қып жапты. Үстелдің қызыл шұғасының үстіне салып қашан тақтасына
жеткізгенше тұсқағазды саралап қиды. Желім жағып оны орнына
жапсырғанда гүлі гүліне, бұрышы бұрышына тура келіп, жігі білінбей
кетті. Инженер орындықтан түсіп, атқарған шаруасына қайта көз
тастағанда құпия қойманың бар-жоғы білінбейтініне əбден көз жеткізді.
Василиса мардымси алақанын ысқылап, замат түсқағаздың қалдығын отқа
жағып, күлін де араластырып жіберіп, желімді жасырды.
Тірі жан жоқ қап-қараңғы көшеде дəу қарағанның бұтағында аяздан
қалшылдап жарты сағат бойы міз бақпай, ақжапқышпен жартылай
жабылған жасыл терезенің жоғарғы саңылауынан инже-нердің қарекетін
қадағалап отырған қасқыр мəнзелдес сұр сұлба үнсіз жерге түсті. Күртік
қарға серіппедей секіріп түскен ол қасқыр бүлкекке салып көше бойлай
жоғары тартты,бұрқасын мен қараңғылық оның ізін сипап жұтып жіберді.
Түн. Василиса малынып мамықтақта отыр. Жасыл көлеңкеде ол аумаған
тұп-тура Тарас Бульба. Салбырап тұрған қою мұртына қарағанда қайдағы
Василиса, еркектің нағыз өзі. Жəшіктерден сүйкімді бір сусыл естіледі,
қызыл шұғаның үстінде бедері көз ұялатқан ұзынша қағаздар жатыр. Оның
бетіне:“Мемлекеттік банк белгісі. 50 карбованец. Кредит билеттерімен
қатар жүреді” деген жазулар бар.
Бетіндегі бедері суретте: күрекпен қаруланған, мұрты салбыра-ған шаруа
мен орақ ұстаған шаруа əйелдің бейнесі. Сырт жағында дөңгелек раманың
ішінде əлгі шаруа мен шаруа əйелдің үлкейтілген қызыл шырайлы жүзі
суреттелген. Барлығының үстінде: “Ақшаны қолдан жасаушылар абақтыға
қамау арқылы жазаланады” деген ескертпе жазу тұр, аяғына “Мемлекеттік
банктың директоры Лебедь-Юрчик” деп сеніммен қол қойған.
Шойын сабын жағылғандай бұйра бакенбардты мыс салт атты Александр II
шабандоздар санынан Лебедь-Юрчиктің туындысына алая, ал шамханшайымға жымия қарайтын сияқты. Қабырғадан көкала қағаздарға
мойнына Станислав орденін асқан шенеунік -Василисаның ұлы анасы
майлы бояумен салынған суреттен үрейлене тесіледі. Жасыл сəулемен
Гончаров пен Достаевский кітаптарының тізілген түбі жалтырайды, одан
əрі иін сіресіп, алтындатқан атты ұланы сап түзеп Брокгауз-Ефрон иін
тіреседі. Жайлы ұя деген осындай-ақ болар.
Бес пайыздық бағалы қағаздар тұсқағаздың астындағы құпия қоймаға
таптырмастай ғып тығылған. Онда жəне он бес “кате-ринка”, тоғыз
“петровка”, он “николай бірінші”, үш жауһар жүзік, танамоншақ, Анна
жəне екі Станислав ордені жатыр.
№2 құпия қоймада он екі “катеринка”, он “петровка”, жиырма күміс қасық,
алтын баулы сағат, үш портсигар (“Қымбатты қызметтесіме” дегенмен
Василиса шылым шекккен жан емес), елу алты ондық, тұз сауыттар, алты
адамға арналған күміс сервис пен сүзгі бар (үлкен қойма отын сарайында,
есіктен тура екі қадам, бір адым солда, бір қадам қабырға бөренесіне
бормен белгі салын-ған. Бəрі эйнем печенесінің жəшіктеріне салынып,
клеенкаға оралып, тігісі қарамайланып, екі сажын терең орда жатыр).
Үшінші құпия қойма шатырдың астында мұржаның екі ширегіндей
терістік-шығысқа қарай балшық төмпенің асты, онда қант шаққыштар, жүз
сексен үш алтын ондық, жиырма бес мың теңгелік пайыздық қағаздар бар.
Лебедь-Юрчиктің көгалалары күнделік жұмсауға ғана керек.
Василиса ақша санағандағы əдетінше алақтап, бедер суреттерге сілекейін
жақты. Оның жүзінен жаратқанға разылық лебі есті де кенет күтпеген
жерде бозарып кетті.
- Жалған, жасанды ақша, - деп ызалана бұрқ етіп басын шайқады, - о,
қасірет. Ə?
Василисаның көгілдір көзі өлеусіреп мұңға толды. Үшінші ондықта - біреу.
Төртінші ондықта - екеу, алтыншыда - екеу, ал тоғызыншыда қатарынан
үшеуі жалған ақша болып шықты, кəдімгі Лебедь-Юрчиктің абақтымен
қорқытатын жасандылары. Барлығы жүз отыз қағаздан нақты сегіз жалған
ақша шығып отыр. Суреттегі шаруасы тұнжыраған бірдеңе, ал ол көңілді
болуы керек, бауында да құпиялық жоқ, үтірі мен екі нүктесі теріс түсіпті,
қағазы да Лебедьтікіндей емес, жақсырақ. Василиса оны жарыққа ұстап
көрді, екінші жағынан Лебедь шынында да жалған боп көрінді.
- Біреуін ертең кешке арбакешке беремін, - деді өзімен-өзі сөйлесіп
Василиса, - бəрібір жүру керек, əрине, базарға бармай болмайды.
Ол арбакешпен базарға арналған жалған ақшаларды бөлек тақталады да,
қалғанын пəшкелеп сылдырлайтын құлыпқа жасырды. Кенет дір ете қалды.
Төбеден жүгіріп өткен біреулердің қадамы білінді, өлі тыныштықты күлкі
мен күңгірт дауыстар бұзды. Василиса суреттегі Александр ІІ-ге қарап:
- Қарап келуге мұрсат етіңіз: тыныштық деген ешқашанда болмайды, деді.
Жоғары жақ тынышталды. Василиса есінеп, жөке мұртын сипады,
терезеден көрпеше мен ақжапқышты сыпырды, қонақжай-дың шамын
жақты, оның жанындағы граммафон рупоры күңгірт жылтырады. Он
минөттен кейін пəтерді түгел түнек басты. Василиса əйелінің жанына келіп,
дымқыл жатынжайда ұйықтады. Тышқан мен көк иісі аңқып, былжыраған
ұйқылы зерігу басталды. Міне ол түс көріп, Лебедь-Юрчик оған салт атпен
келген екен дейді, қайдағы бір Тушино ұрылары кілтпен бұрап құпия
қойманы ашқан екен. Қарғаның солдаты үстел үстіне шығып ап, бұның
мұртына түкіріп, тапаншасын тіреп тұрып атып салды. Қара терге
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Ақ Гвардия - 03
  • Части
  • Ақ Гвардия - 01
    Общее количество слов 3903
    Общее количество уникальных слов составляет 2312
    32.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 02
    Общее количество слов 3862
    Общее количество уникальных слов составляет 2332
    31.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 03
    Общее количество слов 4008
    Общее количество уникальных слов составляет 2201
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 04
    Общее количество слов 3792
    Общее количество уникальных слов составляет 2379
    31.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 05
    Общее количество слов 3905
    Общее количество уникальных слов составляет 2276
    33.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    52.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 06
    Общее количество слов 3835
    Общее количество уникальных слов составляет 2225
    31.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 07
    Общее количество слов 3817
    Общее количество уникальных слов составляет 2218
    32.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    44.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 08
    Общее количество слов 3789
    Общее количество уникальных слов составляет 2225
    31.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 09
    Общее количество слов 3816
    Общее количество уникальных слов составляет 2244
    31.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    43.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 10
    Общее количество слов 3895
    Общее количество уникальных слов составляет 2104
    32.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 11
    Общее количество слов 3978
    Общее количество уникальных слов составляет 2111
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 12
    Общее количество слов 4076
    Общее количество уникальных слов составляет 2082
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 13
    Общее количество слов 4028
    Общее количество уникальных слов составляет 2249
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 14
    Общее количество слов 4087
    Общее количество уникальных слов составляет 2038
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 15
    Общее количество слов 3973
    Общее количество уникальных слов составляет 2068
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 16
    Общее количество слов 3803
    Общее количество уникальных слов составляет 2344
    28.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    42.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    48.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 17
    Общее количество слов 4067
    Общее количество уникальных слов составляет 2051
    35.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 18
    Общее количество слов 3993
    Общее количество уникальных слов составляет 2163
    34.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ақ Гвардия - 19
    Общее количество слов 2671
    Общее количество уникальных слов составляет 1718
    33.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов