Latin Common Turkic

93 жыл - 13

Total number of words is 4020
Total number of unique words is 2081
33.5 of words are in the 2000 most common words
46.9 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Оның үстіне, командир, бұл мұнарада біздің балаларымыз батальонымыздың бөбектері бар. Өздері үшеу. Ал анау ұсқынсыз... аты кім
еді өзінің... оның лақап аты толып жатыр... сол Гуж де-Брюан, немесе
Иманус, немесе Көктердің тажалы... адам сиқындағы сол ібіліс
балаларымызды құртып жіберемін деп қорқытады. Ойлап көріңізші,
командир, құйтымдай нəрестелерді құртып жіберу деген не сұмдық! Аспан
айналып жерге түссе де, біз оларды жəбірлетіп қоя алмаймыз. Естіп
тұрмысыз, командир? Қарап отыра алмаймыз! Мен үшеуін жаңа ғана көріп
келдім. Бітім кезінде сəтін тауып қыратқа көтерілдім де, терезеге қарадым;
олар сонда, қамал ішінде екен, бүл кəміл Қыраттың шетінен бөлме іші
жақсы көрінеді. Сөйтіп, олардың үшеуін де көрдім. Байғұс балаларды
қорқытып та алдым-ау деймін! Олар мені көріп, тығылып қалды...
Айтарым мынау, командир: егер осы бөбектердің қай-қайсысы болса да
жəбір шеге қалса, жер бетіндегі зиялы заттың бəрімен ант етейін, мына
мен, сержант Радуб, жер-көктің астан-кестенін шығармасам, атым өшсін!
Тіпті біздің батальон да: "Балақайларымызды не құтқарамыз, не өлеміз"
дейді. Жəне сол балалар үшін шыбын жанымызды шүберекке түйіп,
өлеріміз хақ. Бұған біз құқылымыз ғой, тəйір алғыр!... Бар айтпағым осы.
Тағзым етіп, қош айтысуыма рұқсат етіңіз, командир.
Говэн оған қолын ұсынып:
- Сабаз екенсіңдер! - деді. - Сендер штурм колоннасымен барасыңдар.
Сендерді екіге бөлеміз: алтауың авангардта жүріп, колоннаны соңдарыңа
ертесіңдер, ал қалған алтауың колоннаны шегіндірмеу үшін арьергардта
жүресіңдер.
- Ал мен ше? Мен батальонда үлкені болып қалмаймын ба?
- Əлбетте.
- Рахмет жаусын, командир. Демек, мен авангардқа жүрем ғой.
Радуб командирге тағы да ізет беріп, орнына барып тұрды.
Говэн сағатын алып, Гешанның құлағына бірдеңе деп сыбырлады да,
штурм колоннасы сап құрай бастады.
VIII. Əңгіме жəне ырыл
Қыратта əлі орнына кетпеген жəне Говэнге таяу жерде тұрған Симурден
осы кезде дабылшының қасына барып:
- Белгі бер! - деді.
Керней мен сырнай тағы да өзара дабыл алысты.
- Бұл не? - деп сұрады Говэн Гешаннан. - Симурден не істемек?
Сол екі арада Симурден мұнараның қасына барып, аппақ қол орамалын
бұлғап:
- Уа, мұнара ішіндегілер! Сендер мені білесіңдер ме? - деді қатты
дауыстап.
Діңгек үстінен Иманустың даусы үн қатты:
- Білеміз.
- Мен республика өкілімін.
- Сен Париньеден шыққан бұрынғы кюресің.
- Мен Қоғамды құтқару комитетінің делегатымын.
- Сен дінбасысың.
- Мен заң өкілімін.
- Сен сатқынсың.
- Мен революциялық үкіметтің комиссары Симурденмін.
- Сен діннен безген жансың, ібіліссің.
- Мейлі, солай-ақ болсын, сендер мені бəрібір білесіңдер.
- Біз сені иттің етіндей жек көреміз.
- Демек, қолдарыңа түссем, ризасыңдар ғой?
- Біз мұнда он сегіз адамбыз жəне əрқайсымыз сенің басың үшін оз
басымызды қуана-қуана құрбанға шалар едік.
- Ендеше, біліп қойыңдар: мен қолдарыңа берілемін. Жоғарыдан
қарқылдаған күлкі естілді де, іле-шала сол дауыс:
- Келе ғой, - деп айғайлады.
Төменде бүкіл лагерь тым-тырыс бола қалған: бəрі əрі қарай не
боларын күтіп тұр. Симурден сөзін жалғай түсті:
- Мен қолдарыңа берілемін, бірақ бір шартым бар.
- Қандай шарт?
- Мұқият тыңдап алыңдар.
- Айта бер.
- Сендер мені иттің етіндей жек көресіңдер ғой, солай ма?
- Жек көреміз.
- Ал мен сендерді жақсы көремін: мен - сендердің бауырыңмын.
- Иə, жəдігөй, - деп жауап қатты оның сөзіне діңгек үстіндегілер.
Симурден тағы да сөйлей бастады: оның даусы біртүрлі жаңаша леппен
əрі сабырлы естілді:
- Тілдей беріңдер, бірақ тыңдап алыңдар. Мен сендерге парламентер
болып барамын. Қайталап айтамын: сендер маған бауырсыңдар. Сендер
адасқан, бейшара жансыңдар. Мен сендердің досыңмын. Мен түнекпен
сөйлесіп тұрған жарықпын, ал жарық дегенің -бауырмалдық. Шынында,
бəріміз де бір ғана Отан-ананың балалары емеспіз бе?.. Міне, сөйтіп, мен
сендерге келіп тұрмын жəне өз басымды ұсынамын, мен одан да зорын
істеп, сендерге бауырмалдық қолымды ұсынып тұрмын. Менің сендерден
жалбарынып сұрайтыным: мені өлтіріңдер де, өздеріңді қорғап қалыңдар,
құтқара көріңдер. Мен барлық билікке иемін, сондықтан берген уəдемді
орындай аламын. Бүл сəт сендердің тағдырларыңды шешпек. Мен бітімге
келуге ақырғы рет əрекет істеп тұрмын. Сендердің "Республикашының
айтқанына сенуге болмайды" деп ойлап тұрғандарыңды да білемін. Иə,
сендермен республикашы азамат сөйлесіп түр, бірақ бұл азаматтың
бойында діндардан көп нəрсе сақталған. Тыңдаңдар, бауырлар! Көбіңнің
əйелдерің, бала-шағаларың бар. Əйелдерің мен бала-шағаларыңды мен өз
панама аламын: мен оларды сендерден қорғаймын. Уа, бауырларым...
- Поптық əуеніне басты, - деп кеңкілдей күлді Иманус. Симурден
естімегенсіп, сөйлей берді:
- Бауырларым! Кеш болмай тұрғанда, тоқтаңдар. Сұмдық сəт те келіп
жетер. Енді біраздан соң қырғын басталмақ. Алдарыңда тұрған біздің
көбіміз қаза табамыз, ал сендер - сендер түгел қырыласыңдар. Аясаңдаршы
өздеріңді. Нақақтан-нақақ осынша қан төгудің керегі не? Екі адамды өлтіру
жеткілікті болса, осынша қан төгудің не қажеті бар?
- Екі адамды ма? - деп қайталап сұрады Иманус.
- Иə, екі-ақ адамды.
- Сонда кім-кімді?
- Мені мен Лантенакты.
Симурден даусын зорайтты:
- Мұнда басы артық екі адам бар: біз үшін - Лантенак, сендер үшін Симурден. Міне, енді, егер аман қалғыларың келсе, мынаны ұсынамын:
бізге Лантенакты беріңдер де, сендер мені алыңдар. Лантенак гильотинада
өледі, мені не істеймін десеңдер де еріктерің.
- Тек қолымызға түсіп көр, поп, ақырын отқа қақтайық! - деп ырылдады
Иманус.
- Құп, - деді Симурден, сонсоң мынаны қоса айтты: - Бұл мұнараға
паналаған сендер -құрыған жансыңдар. Бірақ сендер бірер сағаттан соң
одан ап-аман, емін-еркін шығып кете аласыңдар. Бұл сендерге байланысты.
Мен сендерге бостандық əпермекпін. Қабыл аласыңдар ма оны?
Иманус зығырданы қайнап, арс етті:
- Сен өзің зұлым ғана емес, есалаң да екенсің ғой, поп? Кім сенен
бізбен сөйлесуді өтініп еді? Біз монсеньорды ұстап береді деген немене?
Бізден керегі не саған?
- Соның басы керек. Ал сендерге менің ұсынарым...
- Өзіңнің тулағың ба? Өйткені біліп қойғын, əулие əкей Симурден, біз
саған ит теріңді басыңа қаптар едік. Жоқ, сенің тулағың оның басына
татымайды. Жоғал əрмен!
- Ақырғы рет айтамын - ұсынысымды ақылға сап көріңдер.
Түн қараңғысы қоюланып келе жатты. Лантенак əңгіме өзі туралы
болып жатпағандай-ақ, үн қатпады.
Кенет Иманус сөйлеп берді де, даусы Симурденнің даусын басып кетті:
- Шабуылшылар, тыңдаңдар! Біз сендерге өз шартымызды баяндадық.
Бүл ақырғы сөзіміз, одан таймаймыз. Сонымен, ұсынысымызды
қабылдайсыңдар ма, жоқ па? Жоқ болса -сақтаныңдар! Қалай, келісесіңдер
ме? Біз қамалға қамаулы балаларыңды қайтарып береміз, ал сендер бізді
түгел еркімізге жібересіңдер.
- Біреуді ғана босатпаймыз, - деп жауап берді Симурден.
- Кімді?
- Лантенакты.
- Монсеньорды ма? Монсеньорды ұстап бермекпіз бе? Бұларың
ешқашан да болмайды!
- Бізге Лантенак қажет. Біз осы шарт арқылы ғана келісімге келе
аламыз.
- Олай болса - шабуылдарыңды бастай беріңдер.
Айнала тыныштық орнай қалды. Иманус белгі беріп, мұнара діңгегінен
түсіп кетті. Маркиз қылышын қынабынан суырды. Қоршаудағы он тоғыз
адамның бəрі үн-түнсіз төменгі залдағы баррикада тасасына жиналып,
тізерлей отырды. Оларға штурм колоннасының бір ырғақпен адымдап,
мұнараға жақындап келе жатқаны естіліп тұрды. Аяқ дүрсілі жақындай
түсті. Кенет ол жап-жақын жерден, тап ойықтың қасынан естілді. Сонда
бəрі тізерлеген күйі мылтықтарын баррикаданың қуыс-қуысына тығып,
кезене қалды. Олардың бірі, Гран-Франкер, бұрынғы дінбасы Тюрмо,
түрегеліп, оң қолына жалаң қылышы мен сол қолына крест ұстаған қалпы,
салтанатты түрде:
- Атасы мен баласының һəм əулие рухтың аруағы үшін! - деп
айғайлады.
Мылтық біткен бірден гүрс етті де, ұрыс басталып кетті.
IX. Титандар алыптарға қарсы
Көрініс шынында да жантүршігерлік еді.
Бұл қолма-қол ұрыс өзінің қатыгездігімен не сұмдықтың бəрінен асып
түсті.
Қоршаушылардың алдынан үңірейген аран ашылғандай: үстінде де,
астында да, жанында да быт-шыт болған қабырғаның тістері сойдиыпсойдиып тұр. Мұншама тіс акулада да болмас. Əрі тап осы түнек үңгірге
басып кіру керек еді.
Қоршаушылардың алдыңғы толқыны ойыққа лап қойысымен бүкіл
баррикада найзағай отымен жап-жарық болып кетті: жер астында күн
күркіреп жатқандай. Атысқа атыс жауап қатып жатыр. Говэннің "Ілгері
жарып өтіңдер!" деген командасы, сонан соң Лантенактың "Достарым,
берік болыңдар!" деген даусы, ақыр соңында Иманустың "Жерлестер,
қасыма келіңдер!" деген айғайы естілді. Айқасқан қылыштар мен толассыз
атылған мылтық даусы естіліп тұр. Қабырғаға ілулі, жанып тұрған алаң
осынау жантүршігерлік күңгірт көрініске бұлдыр сəуле шашады. Қызғылт
түнекте ештеңені ажырату мүмкін емес. Мұнда тап болған адам ə дегенше
түтіннен соқыр болып, тарсылдаған атыстан саңырау болып қалардай.
Астан-кестені шығып шашылған дүниенің арасында жаралылар жатыр:
шайқасушылар өліктерден аттап, жалаңаш жараны баса-көктей, сынған
сүйектерді аяғымен тапап барады: жаралылар ышқына ойбайлап, үстінен
өтіп бара жатқандардың аяғынан тістелейді. Арагідік үрейлі тыныштық
орнай қалады: оның өзі у-шудан бетер қорқынышты. Жұрт бірін-бірі
кеңірдектеп, арпалысып жатқандардың ырсылдай, аптыға дем алғаны,
қылқынған, қырылдаған үні, тістің жүйке қозғай шықырлағаны, лағнетқарғыс жаудырып жатқан дауыстары естіледі. Сонан соң қайтадан тасыртұсыр атыс басталады. Мұнарадан ойық арқылы жылымшы қан шымырлай
ағып, шөп үстінде колки жайылып, қараңғыда буы бұрқырап жатыр.
Абажадай мұнараның өзі жараланып, қансырап жатқандай.
Қанша тосын көрінгенмен, айғай-шу сырттан еміс-еміс қана естіледі.
Түн тымық, тас қараңғы, сондықтан қоршаудағы мұнараның төңірегінде
орманшы мен жазық та моладағыдай жым-жырт.
- Алға! Баса-көктеңдер! - деп команда берді Говэн. - Баррикаданы кім
алғысы келеді?
- Мен! - деп саңқ етті сержант Радуб.
X. Радуб
Бірақ осы мезетте қоршаушылар абдырап қалды. Радуб колоннасын
бастап ойыққа кіргенде онымен Париж батальонының бес адамы болатын,
төртеуі табан аузында оққа ұшты.
Радуб командирдің шақыруына "Мен!" деп саңқ еткенде кенет жұрттың
бəрі оның алға ұмтылудың орнына, кейін бұрылып, басын бұғып,
шабуылшылардың аяқ астынан еңбектеп өткендей, мұнараның ойығына
зып беріп жоқ болғанын байқады. Бүл не? Шынымен-ақ қашқаны ма?
Мұндай адам қашар ма?.. Сонда не болды екен?..
Осы екі арада ойықтан шығып, түтіннен көзін əзер ашқан Радуб қарсы
алдындағы сұмдық көріністен айықпақ болғандай, көзін уқалап жіберді де,
жұлдыз жарығында мұнара қабырғасын айналдыра қарай бастады. Қарап
болған соң, "Тап солай, қателеспеппін" дегендей, қанағаттана басын изеді.
Ол жарылыстан пайда болған терең жарықтың темір арматурасын ядро
майыстырып, жартысын жұлып кеткен екінші қабаттағы атыс ұясына
жететінін бұрын-ақ байқаған. Жұлынып кеткен темір шыбықтар төмен
салбырап түр жəне əлгі жарыққа адам сыйып кетердей.
Атыс ұясына кіруге болатын, бірақ оған көтерілу мүмкін бе? Иə,
жарықтың кеңдеу жерінен жармасып мұны істеуге болатын, бүл үшін
мысықтай ептілік керек.
Радуб осындай епті адам еді. Коп жасамаса да көпті көрген солдат
болудың қисынсыз түгі жоқ.
Француз гвардиясының қатардағы бұрынғы жауынгері Радуб əлі
қырыққа да келе қоймаған. Ол Геркулес*, бірақ акробат сияқты епті
Геркулес болатын.
Ол мушкетін жерге қойып, үстінен қамзолы мен жилетін тастады да,
қарудан қылышы мен екі тапаншасын ғана алды.
Тапаншаларын белбеуіне қыстырып, жалаң қылышын аузына тістеп
алды.
Осылайша басы артық нəрсенің бəрінен арылып, ойыққа əлі
жасырынып үлгірмеген штурм колоннасындағы барша адам көзбен ұзатып
тұрғанда жарықтың кетік жерлерімен сатының басқыштарымен аттағандай
өрмелей бастады. Аяғында башмақтың жоқтығы мұндай жақсы болар ма:
адамның аяғы өрмелеуге өте икем ғой. Ол аяғының үлкен башпайларымен
тастың кедір-бұдырын қармап, қолымен тартыла көтеріліп, тізесімен
қабырға жарығына сүйеніп, тырмысып барады. Өрмелеу оңай емес-ті:
мұның өзі ара тісімен өрмелегенге пара-пар десе де болғандай.
"Екінші қабатта ешкімнің жоқтығы қандай жақсы, - деп ойлады ол, əйтпесе, мені шығармас еді".
Оған осындай тəсілмен жерден кемінде қырық фут өрмелеу керек-
тұғын.
Жарық жоғарғы жақта кішірейіп, көтерілу қиындай түсті. Белбеуінен
сорайып шығып тұрған тапанша саптары да аз бөгет болған жоқ. Жерден
жоғарылаған сайын құлау қаупі де күшейе түсті.
Бірақ ол ақыры атыс ұясының төменгі жиегіне жетті де, майысқан
тордың салбырап тұрған шабақтарын бір жаққа итеріп, ішіне кіруге кəміл
болатынын анықтап алды. Сонан соң қатты бір ырғып, жоғары көтерілді де,
тізесімен атыс ұясының астындағы карнизге сүйенді, оң қолымен сынған
бір шыбықтан, сол қолымен екінші шыбықтан ұстай көтерілді де,
амбразураның ернеуінен бір-ақ шықты. Аузында қылыш тістеген күйі ол
қырық футтық шыңырау үстінде салбырап тұрып қалды.
Оған енді амбразурадан аттап, бөлмеге секіріп түсу ғана қалған. Бірақ
ойда жоқта атыс ұясынан біреу жалт қарады. Радуб қарсы алдындағы қара
көлеңкеден бір сұмдықты - жақ сүйегі уатылған, бір көзі ағып түскен қанқан масканы көрді. Əрі осы маска жалғыз көзімен тура өзіне қарап түр
екен.
Бірақ масканың екі қолы да бар болып шықты. Сол екі қолдың бірі
күтпеген жерден қараңғылықтан мұның тапаншаларын лезде суырып,
екіншісі аузына тістеген қылышын жұлып алды.
Ол қарудан жұрдай болды. Тізесі карнизден тайғанақтап, тор сынығына
жармасқан күйі қолымен əзер ұстап тұр, астында қырық футтық терең
шыңырау жатыр.
Жантүршігерлік қанталаған жүз бен Радубты қарусыздандырған екі қол
Қысқы Əншінікі болатын.
Қысқы Əнші төменнен көтерілген түтіннен тұншыға жаздап, атыс
ұясының амбразурасына еңбектеп, əупіріммен жеткен. Таза ауа айықтырып,
түнгі салқын жарасынан сауғалаған қанды тоқтатты да, ол қайтадан ес
жинай бастады. Кенет атыс ұясының тесігінен сырттан біреудің торсиған
білегі көрінді. Сол кезде құлап кетпес үшін тордан ұстауға тура
келгендіктен бүл адамның екі қолы бос еместігін, сондықтан оның қорғана
алмайтынын байқап, Қысқы Əнші құт қашырар байсалдылықпен ананың
белбеуінен тапаншаларын суырып, аузына тістеген қылышын жұлып алды.
Көз көріп, құлақ естімеген жекпе-жек - қарусыз адам мен шалажансар
адамның дуэлі басталды.
Шалажансар адам жеңуге тиіс сияқты еді. Радубты астында аранын
ашқан терең шыңырауға лықсытып жіберуге жалғыз оқ та жететін. Бірақ
сержанттың бағына қарай, екі тапаншаны бір қолына ұстап тұрған Қысқы
Əнші екеуін бірдей ата алмай, қылыш жұмсауға мəжбүр болды. Радубтың
иығына қылышпен бір сермеді. Ол Радубты жарадар етті де, сонысымен
оны ажалдан сақтап қалды.
Қарудан айрылса да күш-қайратын жоймаған Радуб жараланғанын
сезген де жоқ (Айтпақшы, қылыш сүйегіне өте қоймапты). Ол ілгері
ұмтылып, тор шыбықтарын қолынан қоя берді де, амбразураға секіріп
мінді. Осы жерде ол қылышты лақтырып үлгіріп, енді əр қолына бір
тапаншадан ұстап тұрған Қысқы Əншімен бетпе-бет ұшырасты. Анау
тізерлей тұрып Радубты қақ маңдайдан көздеді, бірақ əлі кеткен қолы
дірілдеп, шүріппені баса алар емес. Радуб қарқ-қарқ күлді.
- Əп-бəлем, ұсқынсыз сұмырай! - деп айғайлап жіберді ол - Тегі, беттің
орнынан шикі ет көріп, мені шошып кетеді деп ойлайсың ғой, шамасы, ə?
Қысқы Əнші оны əлі көздеп тұр еді.
- Оғымыз сəніңді мықтап келтірген екен, сабазым-ай, - деп сөзін
доғарар емес Радуб. - Ат, енді, ат, көгершінім, бір құмардан шық!
Тапанша тарс етті. Оқ Радубтың басын жанай өтіп, жарты құлағын
жұлып кетті. Қысқы Əнші екінші тапаншаны көтере бергенде, Радуб
көздеуге мұршасын келтірмеді.
- Жетер енді! - деп саңқ етті ол - Енді қалған құлағымды жұлдыра
алмаспын. Онсыз да мені екі рет жараладың, ендігі кезек менікі шығар.
Радуб оған тап беріп, шынтағынан қағып қалғанда, тапанша жоғары
атылды да, қолымен оның уатылған жақ сүйегін мытып-мытып жіберді.
Қысқы Əнші ышқына ойбай сап, есінен танып қалды. Радуб үстінен
аттап өтті.
- Ал енді менің талабымды біліп қойғын, - деді ол, - орныңнан тырп
етпей жата бер, жарымжан. Саспай-ақ қой, жаныңды алып жатпаймын,
мұндай ермекке уақытым жоқ. Жаның барда жорғалай бересің бе əлде
жаһаннамға аттанасың ба - ол жағын өзің біл Бəрібір түбі саудаң бітті.
Кюреңнің қандай сандыраққа үйреткенін білесің ғой. Ол дүниеге аттана
бер, мұжық неме!
Соны айтып, ол ілгері қарай залға ұмтылды.
- Ойбай-ау, көзге түртсе көргісіз ғой мұнда! - деп опынды ол.
Қысқы Əнші зар қаға ыңырсып жатыр. Радуб оған бұрыла қарады.
- Маған істеген жақсылығың болсын, азамат, жап аузыңды. Сенің ісіңе
мен араласпай-ақ тұрмын ғой. Ендеше, сен де маған кесел жасамағын.
Ол өлгелі жатқан адамға қараған күйі желкесін қасып қойды.
- Мұның бəрі жақсы-ау, бірақ енді не істемекпін? - деп күңкілдеді өзөзінен. - Мынау мақұлықтың кесірінен қарусыз қалдым. Қап, екі оғымды
ұрлап əкеткенін қарашы. Оның үстіне қарғыс атқан ащы түтін көзді
ашытып барады, айғайламасаң - ойбайла, мейлің.
Ол қан шыпшып тұрған құлағына аңдаусыз тиіп кетіп, о - һо деп
таңырқай түсті де, бұрынғысынша күңкілдей берді.
- Əйткенмен, туыс, құлағымды шебер-ақ сəндепсің! Құлағымды жұлып,
басқа еш жеріме тимегеніне де шүкір. Құлақ дегенің - беттің ғана сəні.
Міне, иығымды да сыдырып кетіпсің, ол да түк емес. Мен сені кешіремін:
өлсең - өміре қап, миғұла.
Ол құлақ түре тына қалды. Төменгі зал тарс-тұрс атыстан тітіреп тұр
екен. Ұрыс қызған үстіне қыза түсуде.
- Тəп-тəуір төбелесіп жатыр-ау, ə? - деп күбірледі Радуб. - "Жасасын
король!" деп бақыруларын қарашы өздерінің! Шынын айту керек,
сарбаздарша өле біледі екен.
Осы екі арада оның аяғы еденде жатқан өз қылышына тиіп кетті. Оны
жерден көтеріп алып, енді қозғалмай жатқаң, бəлкім, ендігі өліп те қалған
Қысқы Əншіге бұрылып, сөйлеп қоя берді.
- Не істегенімді көріп қойғын, орман шайтаны! Мен ойлаған іске
қылыштың түк қажеті жоқ. Мен оны жай ғана, дағды бойынша қолыма
алғанмын. Маған тапанша керек еді. Онсыз оның не қажеті бар енді?
Қайтсе де албасты басқыр екенсің өзің! Енді не істедім? Тапаншасыз қалу қолсыз қалғанмен бірдей ғой.
Ол жан-жағын бағдарлап алу үшін, қараңғылыққа көз үйрете, бөлме
ішінде бірнеше қадам жасады. Кенет ол бөлменің қақ ортасында діңгек
жанында тұрған ұзын үстелдің сұлбасын көріп қалды, үстел үстінде
қараңғыда жылтырап еміс-еміс бір заттар жатыр. Ол қолымен ұстап көрді.
Бүл тапаншалар, карабиндер, мушкеттер екен - қатарласа жатқан атқыш
қару-жарақтың тұтас бір қоймасы дерлік. Мұның өзі қоршаудағылардың
екінші залды қорғау үшін сақтап қойған қару-жарағы болатын.
- Мынау тұтас бір қойма ғой! - деп мəз болып, Радуб қару-жараққа тұра
ұмтылды.
Ол қас қаққанша қаһарлы жауынгер болып алды.
Есік айқара ашық тұрғандықтан, төменгі жəне жоғарғы қабаттарға
баратын сатыға шығар жер көрініп тұрған. Саты үстінде қару-жарақ үюлі
жатқан дəл үстел тұсында еді. Радуб қылышын тастай сап, əр қолына қос
ауыз тапаншадан алып, бірден төмен қарата, қуалама сатының он бойымен
тарс еткізді; кейін ірі бытырамен оқталған мушкеттерден ата бастады.
Мушкеттен атылған он бес шағын оқ картечьтей эсер етті. Сонан соң
Радуб:
- Жасасын Париж! - деп айқай салды қаһарлана. Сөйтті де, ол екінші
мушкетті шап беріп, ұңғысын сатыға көздей аңысын аңдуға кірісті.
Төменгі залда ауызбен айтып жеткісіз дүрбелең басталды. Мұндай
тұтқиыл жəйттер қорғаныстың əрқашан берекесін қашырады.
Радуб атқан үш оқтың екеуі зая кетпеді: оның бірі ағайынды ПиканБуаның үлкенін, екіншісі Гусар деген лақап атпен мəлім болған де-Келенді
мұрттай ұшырды.
- Олар жоғарыда! - деп айғайлады маркиз.
Іс тағдырын осы айғай шешті. Баррикада көзді ашып-жұмғанша
қаңырап қалды: оны қорғаушылар бір топ үріккен құстай сатыға лап берді.
Маркиз жүгіріп бара жатқандарды жігерлендіріп қояды.
- Тез, тез! - деп айғайлайды ол - Енді бар ерлік солардың қолына
түспеуде. Үшінші қабатқа жүгіріңдер: біз оларды сонда қарсы аламыз.
Ол баррикададан ең соңынан кетті де, бүл оны ажалдан аман сақтап
қалды.
Радуб екінші қабатта саты астында, шүріппесі қайырулы мушкетті
көздей ұстап, жүгіріп бара жатқандарды андып түр. Сатының
қайырылысынан шыға келген алғашқы екі-үш адам қақ жүректен оқ тиіп,
сеспей қатты. Олардың арасында маркиз болса, ол да өлетін. Қалғандары
Радуб қолындағы қаруын жаңартқанша өтіп кетті. Маркиз бəрінен соң əрі
бəрінен ақырын өтті. Екінші қабатты дұшпан иемденіп алды деп кəміл
сенген олар кідірместен, Радубтың жанынан үшінші қабатқа, айналы залға,
темір қабаты бар, тұтанғыш білтенің ұшы жатқан бөлмеге жүгіре өтті.
Мұнда олар не берілуге, не өлуге тиіс болатын.
Сатыдан естілген тарс-тұрс мылтық даусына қоршаудағылардан кем
таңданбаған Говэн ойда-жоқта келіп жеткен бұл көмектің сырын білместен,
тіпті мұны ойлап жатпастан, басталған дүрбелеңді пайдаланып қалды. Ол
соңына ілескен адамдармен бірге баррикададан секіріп өтіп, дұшпанды
өкшелей, екінші қабатқа басып кірді. Мұнда олар Радубтың үстінен шықты.
Радуб командирге ізет берді.
- Баяндауға рұқсат етіңіз, командир, мұнда оқ атқан мен, - деді ол - Мен
сіздің Дольде қалай жарлық еткеніңізді есіме алдым да, сол сіз істегенді
қайталап, дұшпанның ту сыртынан шықтым.
- Жақсы шəкірт екенсіз! - деп Говэн жымиып.
Қараңғыда біраз болсаң, көз үйреніп, түнде ұшатын құстың көзіндей
көре бастайды. Говэн Радубтың үсті-басы қан екенін байқап қалды.
- Жолдас-ау, жараланып қалыпсыз ғой!
- Оны қайтесіз, командир. Бір құлақтың кемдігі не, артығы не - бəрібір
емес пе? Оған қоса мен қылышпен де жараландым, бірақ ол да оқа емес.
Орманды кессе, жаңқа ұшпай ма, тəйірі. Əрі үстімдегі жалғыз өз қаным
ғана емес.
Радуб басып алған екінші қабаттың залында аялдама жасалды. Қолшам
əкелінді. Симурден де келді, сөйтіп, кеңес басталды. Ойласар жайт
баршылық еді. Қоршаушылар қоршаудағылардың құпиясынан бейхабар
болатын: алдыңғылар соңғылардың заряды əбден азайып, оқ-дəрі қорының
түгесілуге қалғанын білмейтін. Үшінші қабат солардың соңғы тірегі еді,
сондықтан сатының астына мина қойылған деп топшылауға болатын.
Бір нəрсе ғана даусыз еді: дұшпан қашып кете алмайды. Əзірге тірі
қалғандары құлыптаулы отырғанмен бірдей. Лантенак тұзаққа түсті.
Осыған көз кəміл жеткендіктен, асықпауға, ойлануға, қалыптасқан
жағдайдан шығар ең жақсы жол табу үшін бірауық мұрса алуға болатын.
Штурм колоннасы онсыз да тым көп адамнан өлідей айрылды. Ақырғы
сəтте, мейлінше аз құрбан болу үшін мүмкін нəрсенің бəрін істеу керек.
Батыл үрдіс шабуыл қыруар қауіп-қатерге байланысты. Олардың
қоршаушыларды өршелене оқ жаудырумен қарсы алатынын алдын ала
жорамалдауға болатын.
Сөйтіп, ұрыс бір сəт тоқтатылды. Мұнараның төменгі жəне екінші
қабаттарын иемденіп, қоршаушылар шабуылды қайта бастау үшін команда
ғана күтіп жатты. Говэн мен Симурден əлі кеңесумен болды. Радуб осы
кеңеске қатысып, тым-тырыс отыра берді.
Ақыры ол қолын күн қағарына апарып, Говэнге жүрексіне тіл қатты:
- Командир...
- Немене, Радуб?
- Наградаға лайық еңбек еттім бе?
- Əрине. Қалауыңды айт.
- Маған бірінші болып жоғары көтерілуге рұқсат етсеңіз.
Оған рұқсат етпеу мүмкін емес-ті. Бірақ ол рұқсатсыз да себеп табатын.
XI. Саудасы біткендер
Екінші қабатта кеңес болып жатқанда, үшінші қабатта асығыс-үсігіс
баррикада орнатылып жатты. Табыс тасытса, сəтсіздік ашындырады.
Мұнараның екі қабаты ақырғы күресте бір-бірімен жұлқысуға дайындалып
жатты. Жоғарыда - жанталас, сабырлы, салқын, түнеріңкі жанталас.
Қоршаудағылар үміт шегі - өздерінің ақырғы тірегіне жетісімен, əуелі,
кіреберісті баррикадалауға кірісті. Есікті жабудың қажеті жоқ-ты: одан да
сатыға бірдеңелерді үйіп тастаған артық. Мұндайда ара-арасынан қарап, оқ
атуға болатын кедергі тұйық бөгеттен əлдеқайда тиімді.
Иманус жаққан жəне айналасында сұр білтенің ұшы жатқан алау бөлме
ішіне жарық түсіріп түр. Бұрышта дырау зілдей емен сандық; мұндай
сандықтарға жылжымалы жəшіктері бар комод ойлап табылмастан бұрын
көйлек-көншек пен киім салатын.
Тап осы сандықты тікесінен қойып, сатыға шығар жерді бөгеп тастады.
Ол есік жақтауының кеңдігіне дəл келіп, кіреберісті тарс бітеді.
Күмбез астында бір адам ғана сыятындай кішкентай бос орын қалды.
Бұл өте қолайлы еді, неге десеңіз, шабуылшыларды бір-бірлеп сұлатуға
мүмкіндік беретін. Дұшпанның мұндай тəуекелге баруы екіталай-ды.
Сөйтіп, кіреберіс мықтап бекітілді. Бүл уақытша кідіріс болатын.
Қоршаудағылар өз күшін есептей бастады.
Оларда он тоғыз адамнан жетеуі ғана, оның ішінде Иманус тірі қалған
екен. Оны мен маркизден басқалары түгелдей жараланған. Өзгелері өлген.
Оқ-дəрілері түгесіле жаздапты, оқшантайлары босап
Патрондарын қайта санап шықты: жеті адамға бар-жоғы торт оқ.
қалған.
Оларға ендігі қалғаны өлу ғана. Олар үңірейген шыңырау үстінен төніп
тұрған тік жарға тықсырылған. Құрдымға құламай, аман қалу мүмкін
еместей.
Сол екі арада шабуыл қайта басталды. Ол мұқият жүргізіліп, қимыл
дəлдеп жасалды. Қоршаушылардың сатымен көтеріліп, мылтық дүмімен əр
басқышты тексеріп келе жатқаны естіліп тұрды.
Қашар жер қалмады. Кітапхана арқылы ма? Жоқ, қырат үстінде қамалға
бағышталған оқтаулы алты зеңбірек түр. Үстіңгі бөлмелер арқылы ма?
Оның қажеті не? Жоғарғы қабаттан төбеге шығуға ғана болады. Ал төбеден
- шыңырауға басыңмен төмен құлдыраудан басқа жол жоқ.
Бүкіл бандадан жеті адам ғана аман қалған. Олар құтылыстың жоқ
екенін, қамауда қалғанын, өздерін қорғап келген қалың қабырға енді
оларды жауға ұстап беріп тұрғанын түсінді.
Əлі қолға түсе қоймаса да, өздерін тұтқынбыз деп сезінді.
- Достарым, шаруа бітті,- деді маркиз. Сонан соң біраз үндемей
отырып:
- Осы сəттен бастап Гран-Франкер қайтадан аббат Тюрмо болады, - деп
қоса айтты.
Бəрі қолдарына таспиық ұстап, жүрелей отырды. Мылтық дүмінің
басқыштарды тарсылдатқан даусы жақындай түсті.
Бас сүйегіне оқ тиіп, бір жақ терісін шашымен жұлып əкеткен, үстібасын қан жуған Гран-Франкер крест ұстаған оң қолын жоғары көтерді.
Шын мəнінде дінге сенбейтін маркиз де тізерлей отырды.
- Əрқайсысы күнəсін дауыстап, мойнына алсын, - деді Гран-Франкер. Монсеньор, айта беріңіз.
Маркиз жауап қайырды:
- Мен жұртты қырып-жойдым.
- Мен жұртты
қалғандарының бəрі.
қырып-жойдым,
-
деп
қайталады
оған
ілесе
Гран-Франкер оларды кресімен жебеп:
- Əулие үштік үшін күнəларыңды кешемін. Жаһаннамнан жай тапсын
жандарың, - деп сарнады.
- Əумин!- деді алты дауыс. Маркиз түрегелді.
- Ал енді өлер кез жетті, - деді ол
- Өлтіретін кез де жетті, - деді Иманус.
Кіреберісті бөгеп тұрған сандық мылтық дүмінің соққысына шыдамай,
шатынап, сына бастады.
- Тəңіріні ойлаңдар, - деді аббат. - Енді бұл фəниден аулақсыңдар.
- Иə, біз молдамыз,- деді маркиз.
Бəрі басын иіп, шоқына бастады. Маркиз бен аббат қана тұрған күйі
қозғалмады. Бəрінің көзі шала жұмулы: əулие əкей дұға оқып тұр,
шаруалар да дұға оқып тұр, маркиз ой үстінде. Балғамен ұрғандай
тарсылдата соққы тиіп жатқан нілді сандық жаназа шақырғандай үн
шығарады.
Кенеттен дұға оқып жатқандардың арт жағынан жап-жас, сергек дауыс
саңқ етті:
- Айтқан жоқ па едім сізге, монсеньор!
Жұрттың бəрі таңырқай жалт бұрылды.
Қабырғадан құпия жол ашылды. Қасындағы тастарға нығыздай
қаланған, бірақ оларға цементпен бекітілмеген төменгі жəне жоғары
жағында екі темір құрсауы бар бір тас осінен айналды да, қабырғадан оң
жəне сол жақтан кеңдігі екі кісі өте аларлықтай екі саңылау ашылды. Ойдажоқта ашылған бүл есіктің саңылауынан қуалама сатының үстіңгі
басқыштары көрініп түр. Онда бір адам түр екен. Маркиз Гальмалоны тани
кетті.
XII. Құтқарушы
- Бұл сенбісің, Гальмало?
- Мен ғой, монсеньор. Сіз енді айналмалы тастардың болатынын жəне
бұл бөлмеде жасырын жол бар екенін көріп тұрсыз ғой, ə? Құдайға мың да
бір шүкір, кешікпедім, бірақ асыққаныңыз дұрыс. Он минуттан соң қауіпсіз
жерден, орман ішінен бір-ақ шығасыз...
- Құтылып кетіңіз, монсеньор! - деп шу ете қалды жұрттың бəрі
бірауыздан.
- Алдымен сіздер шығыңыздар, - деп жауап қайтарды маркиз.
- Сіз бірінші болуға тиіссіз, монсеньор, - деді аббат Тюрмо.
- Мен ең соңынан шығамын. - Осыны айтты да, маркиз жігерлі
дауыспен сөзін соза түсті: -Пейіл салғастырып керегі не? Ілтипаттасып
жатуды жағдай көтермейді: Тездетіп, аман-есен құтылуларыңа бұйырамын.
Тез-тез! Орайдан қапы қалмаңыздар... Рахмет, Гальмало.
- Монсеньор, - деп аббат маркизге бұрылды, - демек, біз қоштасамыз
да?
- Төменде ме? Əрине қоштасамыз. Тек бір-бірлеп қана қашуға болады.
- Бізге жиналатын орын белгілейсіз бе, монсеньор?
- Əлбетте. Орман ішіндегі алаңқайда, Говэндер тасының жанында. Ол
жерді білетін шығарсыздар?
- Білеміз.
- Ертең түсте мен сонда боламын. Жүре алатындарың түгел келіңіздер.
- Келеміз.
- Сонан соң жаңадан соғыс бастаймыз.
Оның бер жағында Гальмало айналмалы тасты орнына қаншалықты
оңай қоюға болатынын тексермек болып, аяғымен нұқып қалып еді, тас
енді тырп етпей қатты да қалды.
- Монсеньор, тездетіңіз, - деді ол - Тас болар емес, орнынан қозғай алар
түрім жоқ. Жолды ашуын ашсам да, қайтып жаба алар емеспін.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - 93 жыл - 14
  • Parts
  • 93 жыл - 01
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2212
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 02
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2177
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 03
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2081
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 04
    Total number of words is 4161
    Total number of unique words is 2093
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 05
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2142
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 06
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2163
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 07
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2202
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 08
    Total number of words is 3982
    Total number of unique words is 2146
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2160
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 10
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2130
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 11
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2071
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 12
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2038
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 13
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2081
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 14
    Total number of words is 4058
    Total number of unique words is 2095
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 15
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2115
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 16
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2093
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 17
    Total number of words is 3439
    Total number of unique words is 1990
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.