Latin Common Turkic

93 жыл - 04

Total number of words is 4161
Total number of unique words is 2093
35.0 of words are in the 2000 most common words
50.2 of words are in the 5000 most common words
58.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қолайлы-ақ: ойлы-қырлы, айнала қалың жыныс, сай-сала. Тюо - адал əрі
ақылды адам. Куэсбоннан соң Сент-Уанле-Туаға өтесің, онда Жан
Шуаммен* сөйлесесің. Мен оны нағыз көсем санаймын. Бəрін ас жадыңа
түйіп ал. Мен естігенімді жазып жатпаймын, өйткені бұл қауіпті... сонан
соң сен Ружфе орманына барасың. Онда ұзын сырықпен аяғы-аяғына
жұқпай ор-ордан секіріп жүретін Мьелетт деген адам тұрады. Сен сол
құсап секіре аласың ба?
- Секіргенде қандай! Өйтпесе Бретань шаруасы болып нем бар. Мұндай
сырық - сыралғы досымыз: ол қолымызды шынықтырып, қадамымызды
ұзартады. Бірде мен осындай сырықпен үш бірдей приставтан қашып
құтылғанмын. Ал олардың қолында қылышы бар-ды.
- Бұл қашан болып еді?
- Осыдан он жыл бұрын.
- Король тұсында ма?
- Əлбетте.
- Демек, сен корольдің көзі тірісінде-ақ шайқасқан екенсің ғой?
- Енді қалай деп едіңіз?
- Кіммен шайқастың?
- Оны өзім де білмеймін. Мен жасырын түз тасығанмын.
- Солай де!
- Біздегілер мұны түз салығына қарсы күрес дейтін. Бірақ салықтың
жөні бір басқа да, корольдің жөні бір басқа емес не?
- Бұл сенің ақылың жетер іс емес.
- Орынсыз сұрақ қойып, мазалағаным үшін кешірерсіз, монсеньор.
- Іске көшелік. Ла-Тург қамалын білесің бе?
- Ла-Тургті білмей маған не болыпты? Ол менің мырзаларымның атабабасынан қалған қамалы емес пе? Ескі қамал мен жаңа қамалдың
арасында темір есік бар; оның қалыңдығы сондай, тіпті зеңбірекпен атсаң
да тесе алмассың. Ал жаңа қамалда əулие Варфоломей туралы əйгілі кітап
сақтаулы. Көптеген адамдар соны көруге əдейі келеді. Ол жерде шөп
арасында бақа деген құжынап жүр. Бала кезімде ылғи солармен əуре
болатынмын. Онда жер астымен жүретін жол да бар. Мен оны білемін.
Жалғанда оны менен басқа, сірə, кім біле қояр екен.
- Жер астындағы жол дейсің бе? Ол қайдағы жол? Не айтып тұрсың
өзің? Түсінсем бұйырмасын.
- Ол Ла-Тург жиі-жиі қоршауда қалып келген кезден, бағзы заманнан
сақталған. Қоршаудағылар əрдайым осы жолмен құтылып кетеді екен,
өйткені ол орманға алып шығады.
- Кейбір қамалдарда мұндай жер асты жолдарының бар миі рас, бірақ
Ла-Тургте мұндай жол атымен жоқ.
- Жоқ емес, бар, монсеньор. Бірақ оны менен басқа ешкім білмейді. Ол
жайында айтуға бізге тыйым салынған болатын. Оны əкем білетін, маған да
көрсетті. Оған қалай кіріп-шығуды білемін. Мен орманнан мұнараға,
мұнарадан орманға шыға аламын, əрі сонда мені тірі жан көрмек емес.
Дұшпан қамалға басып кіргенмен, онда ешкімді таба алмай қалуы мүмкін.
Ла-Тург дегенің осындай. Оны бес саусағымдай білемін!
Қарт біраз үнсіз қалды.
- Тегі, қателесіп тұрған шығарсың. Онда мұндай жол болса, мен білер
едім ғой.
Монсеньор, оның бар екеніне бас тіге аламын. Əуелі қабырғадағы тасты
орнынан қозғау керек...
- Соқ, соқ, соға бер! Сендер, шаруалар, не айтса, соған сенесіңдер!
Сендердің айтқандарыңа бақсақ, тас екеш тас та шыр көбелек айналатын,
он салатын, тіпті түн ішінде су ішуге көрші бұлаққа баратын сияқты.
Мұның бəрі ертегі емей не дейсің?
- Апырмау, ол тасты өз қолыммен қозғап едім ғой!..
- Ал басқалар тастың қалай əн салғанын да естіпті. Жоқ, тамыр. Ла-Тург
- тəп-тəуір, берік қамал, онда оңай қорғануға болады, бірақ ақырғы сəтте
қашып шығамын деп сен айтқан жер асты жолына дəмеленген адам
ақымақтың өзі болар еді.
- Бірақ, монсеньор-ау... Қарт иығын қопаң еткізді:
- Уақыт ұттырмалық. Алдымен істі тындыралық.
Бұл тұжырымды сөз Гальмалоны сөйлетпей тастады.
Қарт əңгімесін қайта жалғады:
- Əрмен қарай тыңда. Ружфеден шығып, сен Моншеврие орманына
өтесің. Онда Он екі деген жасақ бастығы Бенедесите билеп-төстеп жүр. Ол
да ержүрек жауынгер. Соның бұйрығы бойынша адамдар атылып жатқанда,
оның міз бақпай дұға оқып отырғаны. Соғыс сезімді күйттеуді көтермейді.
Моншевриеден тұп-тура... Ол сөзін кілт үзді. -Мəссаған, ақша жайы
есімнен тарс шығып кетіпті ғой! Ол қалтасынан күмəжнігі мен əмиянын
алып, екеуін де Гальмолаға берді. - Мə, ал. Күмəжнікте ассигнация түрінде
отыз мың франк, яғни үш ливр* он судай* ақша бар. Рас, ол жалған ақша,
бірақ шын ақшаның құны да мұнан асып бара жатқаны шамалы. Ал
əмиянда жүз луидор* бар, есіңде болғай, жүз луидор. Сонсоң, басқаны
былай қойғанда, менің жанымнан ақша таба алмағандары мақұл Əрмен
қарай тыңда. Шато-Гонтьеде шахзада де-Тальмонмен сөйлесесің.
- Шахзаданың менімен сөйлесуге құлқы бола қойса?
- Мен де сөйлесіп тұрған жоқпын ба сенімен?
Гальмало басынан бөркін шешті.
- Ұлы мəртебелінің лилиясы саған жер-жерде ықылас-ілтипат тудырмақ.
Саған шаруалар мен таулықтар ғана тұратын жерлермен жүруге тура
келерін ұмытпағайсың. Киіміңді өзгертуің керек. Бұл оңай.
Республикашылардың ақымақтығы сонша, көк қамзол мен үш түсті
кокардасы бар үш бұрышты қалпақ киіп, кез келген жерден өтіп кетуге
болады. Қазір полктер де, əскери форма да жоқ. Керек десең, жекелеген
əскер бөлімдерінің өз нөмірі де жоқ, кім нені қаласа, соны киеді... Перне
лагеріне өт. Онда беті қап-қара адамдарды , ұшыратасың. Олар бетіне əдейі
күйе жағады, ал мылтықтарының даусы қаттырақ шығуы үшін екі еселеп
оқтайды, əрі сонысына қоса ішіне ірі құм салады. Бұл жақсы, керегінің өзі
де осы. Бірақ, ең бастысы, оларға менің аманатымды жеткіз: өлтіре берсін,
өлтіре берсін, өлтіре берсін. Саған тағы да Шарни орманындағы қыратта
орналасқан Қара сиыр лагеріне, сонан соң Сұлылы лагері мен Жасыл жəне
Құмырсқа лагерьлеріне соғу керек. Сол жерлерде түгел болып, менің "
Қару алыңдар! Ешкімді аяушы болмаңдар!" деген паролімді бəріне айтқан
соң, сен басты армияға - католиктік король армиясына – сол жүрген
жерінде қосыласың. Сен əзірге көзі тірі əскербасылардың бəріне
жолығасың. Оларға менің кокардамды көрсет: мұның не екенін олар біледі.
Оларға менің атымнан: бірден екі соғыс - үлкен жəне кіші соғыс жүргізетін
уақыт жетті де. Үлкені айғай-шуды көбейтсе, кішісі дұшпанның берекетін
алмақ. Вандея соғысы -қайырымсыз соғыс, бірақ Шуан соғысы онан да
асқан. Соғыстың пайдасы тигізер . залалының мөлшерімен бағаланады. Ол
аз-кем үндемей қалып, тағы да мынаны қоса айтты:
- Гальмало, мұның бəрін айтып тұрған себебім – саған сенемін. Сен
сөзді түсінбесең де, жай-жапсарды түсінесің. Қайықты жүргізгеніңе қарап
отырып, саған деген сенімім арта түскен. Теңіздің алдыңнан тосқан бөгеткедергісінен шебер құтылғаныңды көріп, менің бұл тапсырмаларымды
орындай алатыныңа көзім жеткен... Иə, сөйтіп, көсемдерге тілің жеткенше
төмендегіні айта бар. Мен орман соғысын дала соғысынан артық көремін.
Мен жүз мың шаруаны көктердің мылтығы мен зеңбірегіне тіпті де жем
еткім келмейді. Осы айдың аяқ шеніне қарай менің қол астымда ормантоғайда жасырынулы елу мың баскесер болуы керек. Аулайтын құсым республикашыл армия. Біз браконьерлерше соғысамыз. Мен - орман
жынысының стратегімін. Стратег*... Бұл сөзді сен түсінбейтін шығарсың,
бірақ бəрібір "Ешкімге аяушылық болмасын!" жəне "Жер-жерде тосқауыл
құрылсын!" деген сөздің не екенін түсінесің ғой, əйтеуір. Ең бастысы - кіші
соғыс, үлкені - сонан соң, екінші қатарда. Республика екі оттың ортасында
қалмақ. Бізге Еуропа қолұшын бермек. Революцияның көк желкесін қию
керек. Оған қарсы монархтар, мейлі, мемлекеттер соғысын жүргізе берсін,
ал біз діни қауымдар соғысын бастамаймыз. Оларға осының бəрін айт.
Түсіндің бе?
- Түсіндім. Бəрін де отпен өртеп, қылышпен жайпау керек.
- Тап солай.
- Аяушылық болмасын...
- Ешкімге де.
- Мен жер-жердің берін аралап шығамын.
- Бірақ абай бол: бүл елде басыңа қай жақтан өлім төніп тұрғанын біліп
болмайды.
- Ал менен монсеньордың аты-жөнін сұрай қалса ше?
- Оның аты-жөні əзірге беймəлім қалуға тиіс. Сен оны білмеймін де,
тіпті шыны да сол ғой.
- Сізді қай жерде кездестіре аламын енді, монсеньор?
- Жүрген жерімде.
- Қай жерде жүргеніңізді қайдан білмекпін?
- Мұны жұрттың бəрі білмек. Бір апта өтпей-ақ мен жайлы жұрт шу
етпек. Мен өзімді өлі таныта жатармын... Мен король үшін, дін үшін кек
аламын, сонда мен жайлы əңгіме болып жатқанын оп-оңай аңғарасың.
- Түсінікті.
- Сақ бол, ештеңені ұмытпа.
- Мазасызданбаңыз.
- Енді бара бер. Құдайың жар болсын!
- Бұйрығыңыздың бəрін орындаймын. Ал кеттім. Аманатыңызды айта
барамын. Айтқандарын тыңдаймын. Керегінде өзім де бұйырмақпын.
- Мақұл.
- Егер бəрін ойдағыдай орындай алсам...
- Сені əулие Людовик орденімен наградтаймын.
- Ағам секілді ме? Сəтсіздікке ұшырасам, мені атып тастауға əмір
етіңіз...
- Ағаң секілді.
- Құп болады, монсеньор.
Қарт басын төмен түсіріп, ауыр ойға шомғандай болды. Ол басын қайта
көтергенде жалғыз қалған еді. Гальмало көз ұшында құлдырап, көкжиектен
асып барады.
Күн енді ғана ұясына батты. Шағалалар мен балық аулайтын құстар
жағадағы ұясына қайтып жатыр.
Табиғат əрдайым түн қараңғысы түсердегі əлдеқандай секем сезімге
бөленген. Бақалар бақылдап, ұзақтар мен шағалалар орынға жайғасар
алдында абыр-сабыр бола қалған, жағадағы құстар бір-біріне үн қата
қиқуласады. Бірақ бұл маңда адам барын аңғартарлықтай бөтен дыбыс
естілмейді. Төңіректе жер жыртып жүрген бірде-бір диқан көрінбейді.
Айнала жым-жырт, құлазып қалғандай. Дырау түйе тікен жел өтінде
тербеліп тұр. Шапағы семіп үлгермеген аспан жағаға қызғылт сəуле төгеді.
Ымырт жамылған жазық далада тағандар алыстан жерге шашылып жатқан
қола жапырақ сияқты. Теңіз жақтан жел есіп тұр.
Төртінші кітап
ТЕЛЬМАРШ
І. Шағыл басы
Қарт Гальмало көзден ғайып болғанша күтіп тұрды, сонан соң плащын
оранып, жүріп кетті. Ойланып, ақырын басып бара жатты.
Оның желке тұсында үшкір күмбезді шыңы, дөңгелек жəне шаршы
келген екі үлкен мұнарасы бар сауыт киген қамалға ұқсас Сен-Мишель
тауы үлкен үш бұрыштанып қарауытып көрінеді. Сол мұнаралар оған екі
бірдей ауырлықты: шіркеу мен деревняны көтерісіп тұрғандай.
Сен-Мишель бухтасының жағалауындағы сусыма шағыл құмайт
дөңдердің бедерін үнемі өзгертіп, аңдаусыз жылжи көшіп жатады. Ол кезде
бұл жерде зəулім бір дөң болатын, қазір ол жағамен бірдей болып,
тегістеліп кетіпті. Бұл дөң өзінің ежелдігімен əйгілі еді. Оның төбесінен
төңірек көз талдырым жерге дейін көрінетін.
Қарт осы шағылға беттеп, үстіне өрмелей бастады. Төбесіне шыққан
соң ол милялық қашықтықты білдіретін діңгектің сандықша төрт тасының
біріне сүйене отырып, етекте жатқан географиялық жанды картаны көзімен
шола бастады. Өзіне жақсы таныс жерден керек жолын іздеп отырғандай.
Ымырт үйірілгені сонша, осынау жалпақ суреттегі бірден-бір айқын белдеу
болып бозғылт аспанның өкпе тұсында көкжиек қана қарауытады.
Бұл жерден он бір қыстақ пен деревняның төбесін ажыратуға болатын.
Екі қапталда бірнеше лье жерден жағалауда тұрған шіркеулердің қоңырау
алаңдары көзге түседі; ол жерлерде теңізде жүрген кемелерге белгі болуы
үшін оларды əдейі биік етіп салатын.
Біраздан соң қарт іңір қараңғылығында іздеген нəрсесін тапқандай
болды. Оның назары айналасы қоршаулы орман арасындағы алаңда емісеміс көрініп тұрған, хуторға не фермаға ұқсас бір топ үй мен терекке ауды.
Кенет ол фермадағы үлкен құрылыстың төбесінде əлденендей ерсі заттың
бұлаңдап тұрғанын байқады. Қараңғылықта оның түр-түсін ажырату
мүмкін емес еді. Қарт бұл не болды екен деп өз-өзінен сұрағандай, əлгі
затқа сұқтана ұзақ қарады. Бұл флюгер емес, ол айналар еді, ал мынау
болса, бұлаңдап тұр. Жалау дейін десе, бұл жерге ол қайдан келмек?
Ол əбден қалжыраған-ды, енді шаршаған адам тыныққанда əрдайым
бойын билеп əкетер шуақ сезімге бөленіп, тастың үстінде жаны жай тауып
отыр.
Тəулік ішінде ешбір ың-шыңсыз сəт - тып-тыныш, маужыраған кешкі
мезгіл болады ғой. Қазір де сондай мезгіл еді. Қарт рақат тауып, айналаға
көз тастап, əлденеге құлақ түре отырды. Неменеге дейсіз бе? Тыныштыққа.
Қатал жандардың да жабырқайтын сəттері болады емес пе? Кенет өтіп бара
жатқан адамдардың даусы естіліп, ол түн тыныштығын бұзудың орнына,
оны біртүрлі аңғарта түскендей болды. Бұл əйелдер мен бала-шағаның
даусы еді. Түн қараңғылығын көңілді у-шудың тосыннан бұзып-жаратын
кездері де болады. Дабырлаған адамдар бұта тасасынан көрінбесе де,
олардың құм төбені жағалап, жазық жермен орманға қарай, ойға шомған
қарттың жанынан өтіп бара жатқан аяқ дыбысы естіліп тұрды. Олардың
ашық-жарқын дауыстарының жақыннан естілгені сонша, оның құлағына əр
сөз анық естілгендей еді.
- Флешар жеңгей, қаттырақ жүрелік. Қайда бұрыламыз! Мұнда ма? деген əйел даусы шықты.
- Жоқ, анау жаққа, - деп жауап қатты екінші дауыс. Сөйтіп, бірі күшті
əрі ашық, екіншісі ұяңдау екі əйел даусы əңгімені соза түсті:
- Қазір біз келе жатқан ферма сіздерше қалай аталады?
- Эрб-ан-Пайль.
- Оған дейін əлі қашық па?
- Ширек сағат, бəлкім, онан да көп жүреміз.
- Тезірек басалық. Кешкі тамақ та болып қалды ғой.
- Иə, онсыз да кешіккен тəріздіміз.
- Жүгіре бассақ, жетер едік, əттең, балақайларың шаршап қалыпты. Екі
қатын үш торайды қалай көтерсін. Сен онсыз да біреуін көтеріп келесің.
Өзі кемінде пұт шығар. Қолыңа алып не керек соншама? Дардай қыз, екіге
келіп қалған. Емшектен айырдың. Несіне еркелете бересің? Кəне, өзі
жүгіріп көрсін... Қап, көжеміз суып қалатын болды-ау!
- Ал сіздің маған сыйлаған башмағыңыз оңды екен! Аяғыма құйып
қойғандай шап-шақ.
- Жалаң аяқ жүргеннен жақсы ғой, əйтеуір.
- Қалма, Рене-Жан. Жүр тезірек.
Дауыстар бірте-бірте алыстап, ақыры толас тапты.
II. Құлағы болса да естімейді
Қарт орнынан қыбыр етпеді. Ештеңені ойламады да, армандамады да.
Айнала құлаққа ұрған танадай тым-тырыс. Дүние қамсыз, қалғып-мүлгіп
тұрғандай. Дөң үсті өлі жарық, бірақ жазықты қараңғылық басып, орман
іші түн құшағына енген. Шығыстан ай туып келе жатыр. Бозғылт аспанға
сирек жұлдыздар шашыла бастады. Əбден əбігерге түскен бұл адам
жүрегіне ақырын үміт ұшқыны ұялай бастағанын сезді. Сондағы "үмітінің"
түрі -азамат соғысын аңсағаны. Енді оған осыншама қайырымсыздық
көрсеткен дүлей теңізден құтылып, жерге табан тіреген соң қауіп-қатер
басына қайтып төнбестей көрінді. Оның аты-жөнін ешкім білмейді; ол
жаудан із-түзсіз құтылып кетті, өйткені теңіз айдынында із қалмайды;
баршаға бейтаныс, ешкімге күдік тудырмайтын ол енді жападан-жалғыз
отыр. Сондықтан да көңілі жай тауып, жаны рақатқа батты. Енді
болмағанда көзі ілініп, қалғып кетуге əзір еді.
Осынау мүлгіген кешкі мезгілде көк пен жер-жаһанды баурап алған
көгілдір тыныштық оған, осыншама іштей жəне сырттай сұрапылды бастан
кешкен адамға, құмар басар ғанибеттей көрінбеуі мүмкін емес-тұғын.
Теңіз жақтан есіп тұрған жел уілінен басқа дыбыс естілмейді. Бірақ жел
уілі бірсарынды, тынымсыз, сондықтан оған бойдың үйреніп кететіні
сонша, ол тіпті дыбыс болудан қалатын секілді.
Қарт əудемде орнынан тұрып, алысқа көз тіге бастады.
Оны осыншама алаңдатып, тынышын алған не болды екен сонда?
Жазық шетінде көрініп тұрған Кормере қоңырау алаңында əлденендей
тосын жайт болғанға ұқсайды.
Оның қарайған сұлбасы алдыңғы жақта сұрқай аспан əлемінен айқын
аңғарылып тұр; төбесі қиық бүкіл мұнара, ал төбе мен мұнара аралығында
қоңырау тұратын бөлме -бретаньдықтардың əдетінше салынған шаршы,
жан-жағы ашық ұя көрінеді.
Ұя ашылып-жабылып тұр: оның биік терезесі əлсін-əлі жарқырап,
əлсін-əлі қараяды; біресе терезе қуысынан аспан əлемі көрініп, біресе оны
əлденендей көлеңке басады. Осынау алма-кезектескен көлеңке мен сəуле
жарығына қоса ауық-ауық төске соғылған балға даусы естіледі.
Қарт оңға, көкжиектен көрініп тұрған Багер-Пикан қоңырау ұясына
қарады. Онда да терезелер Кормередегі тəрізді ашылып-жабылып тұр екен.
Қарт сол жаққа, Танис қоңырау ұясына қарады. Онда да сол көрініс
қайталанды.
Ол енді төңіректегі барлық шіркеулердің қоңырау ұясына шұқшия
қарай бастады.
Бəрінде де қоңырау ұяларына терезе қуысы біресе қарайып, біресе
жарығайып көрінеді.
Мұның мəнісі не болды екен?
Бұл жер-жерде қоңырау соғылып жатыр деген сөз еді. Əрі ол екілене
соғылып жатты, əйтпесе жарық пен қараңғылық осыншама тез алмаспаған
болар еді.
Бірақ бұл неғылған жарапазан?
Тегі, дабыл қағылып жатса керек. Барлық шіркеу қоңырауханаларында,
барлық діни қауымдарда, барлық деревняларда жанталаса дабыл қағылып
жатты.
Бірақ дауыс естілер емес. Себебі - екі аралық қашық əрі жел теңіз
жақтан соғып, дауысты түгелдей қарсы жаққа ықтыра əкетіп жатыр.
Қоңыраулар жан-жақтан, бəрі бір мезгілде өршелене соғылып, кешкі
мылқау тыныштықтың шырқын бұзғандай. Мұнан өткен сұмдықты көзге
елестету қиын. Қарт көз тіге қарап, бір орында тұра берді. Ол дабылды
естімесе де, көріп тұр еді.
Дабылды көру - тым əнтек сезім.
Қоңырау кімге кəрін тікті екен?
Қоңырау кімге айтақтап, дабыл қағып жатты екен?
III. Іpi қаріптің пайдасы
Кім де болса біреуді қаумалап ұстатуға əзірлік жасалып жатқаны
сөзсіз... Тек кімді екен?
Темірдей берік адам селк етті.
Жоқ, оны іздеп жатулары мүмкін емес. Оның бүл жерде екенін қайдан
білмек? Жағаға түскені жаңа ғана емес пе? Опат болған кемеден, сірə, тірі
жан қалмаған шығар. Əрі кемеде Буабертло мен ла-Вьевильден басқа оның
аты-жөнін ешкім білмейтін.
Ал қоңырау болса, жын ойнағын тоқтатар емес. Ол қоңырауларға қарап,
бəрін дегбірсіздене санай бастады.
Жайбарақаттықтан əп-сəтте беймəлім үрей билеген ақыл-есі сан-саққа
жүгіріп, аласұрды. Бірақ осы қорқа қоятындай несі бар? Дабыл қағуға
себеп аз болып па? Сөйтіп, ол: "Түк те емес. Менің мұнда екенімді ешкім
білмейді. Керек десең менің кім екенімді де білмейді" деп өзін-өзі
алдарқата бастады.
Ол бірнеше минуттан бері шағыл басында бір сыбдыр естіп отырған.
Күшті жел соққан ағаш жапырағы осылай сыбдырлайтын. Əуелі ол бұған
көңіл бөле қоймады, əйтсе де сыбдыр тоқтамай, үсті-үстіне қайталай берді
де, ол ақыры бұрылып, артына қарады. Бұл шынында да жапырақ, бір
жапырақ қағаз болып шықты: жел оның үстіңгі жағында милялық діңгекке
жапсырылған жарнаманы желпілдетіп тұр екен. Жуырда ғана желімделсе
керек, дымқылы кеппепті əрі нашар желімделгенге ұқсайды, əйтпесе жел
оны жырта алмас еді.
Қарт дөңге қарама-қарсы жақтан
жарнаманы аңғармаған.
шыққандықтан
бұдан
бұрын
Ол орнынан тұрып тасқа шықты да, жел көтерген жарнаманы
бұрышынан ұстады. Аспан ашық болатын маусымда ымырт ұзаққа
созылады. Төменде, дөңнің етегінде қас қарауытыпты, бірақ үстіңгі жақ əлі
жарық. Жарнама ірі əріппен жазылған екен, сондықтан оны ажыратып оқу
қиын болмады. Ол мынаны оқып шықты:
"Біртұтас əрі ажырамас француз республикасы.
Біз, халық өкілі, Марнадан шыққан Приер, жағалаудағы Шербург
армиясының жанындағы комиссар ретінде бұйырамыз:
Өзін бретань мұрагері деп атайтын Гранвиль түбінде Францияның
жағалауына жасырын барып түскен бұрынғы маркиз де-Лантенак, виконт
Фонтене заңнан тыс деп жарияланады. Оның басына бəйге тігіледі. Оны
тірілей немесе өлідей өкімет орындарына ұстап берген адамға алпыс мың
ливр төленетін болады. Ол қағаз ақшамен емес, алтынмен төленеді.
Шербург армиясының бір батальоны арада жоғарыда аталған бұрынғы
маркиз де-Лантенакты іздеуге жіберіледі. Ауыл қауымдары əскерге жəрдем
көрсетуге шақырылады. Бұйрық 1793 жылғы 2 маусымда Гранвильде
берілді. Қол қоюшы: "Марнадан шыққан Приер".
Мұның астында басқа бір қол қойылған. Бірақ оным кішкентай əріппен
жазылғаны сондай, ымырт үйіріліп, көз байланғандықтан, оны ажырату
мүмкін болмады.
Қарт қалпағын көзіне баса киіп, теңіз плащының басқа киетін
жамылғышын иек астынан түймеледі де, тез басып төмен түсті. Сірə, оған
жарық түсіп тұрған бұл төбеде енді қалу қауіпті көрінсе керек.
Бəлкім, ол мұнда онсыз да тым ұзақ тұрып қалған шығар Шағыл төбесі
көзге шалынып тұрған бірден-бір биік нүкте болатын.
Ол қараңғы жерге түсісімен аяңға көшті. Өзі бұрынырақ байқаған
жолмен қалауды сағалай фермаға беттеді. Ол жерде қауіпсіз боламын деп
бекерге үміттенбеген сияқты.
Айнала қыбыр еткен жан жоқ. Деревняларда мұндай кезде түнделетіп
ешкім жүрмейді десе де болады.
Бұта арасына кірісімен қарт аялдап, плащы мен кеудешесін шешті,
сонан соң кеудешесін мамығын сыртына қарата киіп, жыртық плащын
мойнына жіппен іле салып, ілгері жүріп кетті.
Ай көтеріліп қалған.
Ол екі жолдың торабына келіп тоқтады. Ол жерде екі тас крест тұр екен.
Крестің түбінде төрт бұрышты бір парақ қағаз ағараңдайды. Сірə, ол да өзі
жаңа ғана оқығандай жарнама болса керек. Ол жақын келді.
- Қайда барасыз? - деп дауыстады оған біреу.
Ол бұрылып артына қарады. Қалаудың арғы жағында тап өзі секілді
бойшаң, өзі секілді карт, шашына ақ кірген біреу, өзінің сыңарындай, бірақ
мұнан да бетер жұпыны киім киген біреу тұр екен.
Ол ұзын таяғына сүйене қалыпты.
Мен сізден қайда барасыз деп сұрап тұрмын ғой, - деп қайталады ол
сұрағын.
- Одан да менің қай жерде тұрғанымды айтсаңыз? - деп байыппен, тіпті
бəлсіне жауап қатты қарт.
- Сіз Танис сеньориясында тұрсыз. Мен - осындағы қайыршымын, сіз осындағы сеньорсыз, - деп жауап берді əлгі кісі.
- Мен бе?
- Иə, сіз - маркиз* де-Лантенак мырзасыз.
IV. Қайыршы
Маркиз де-Лантенак (енді біз де оны осылай аталық) аспай-саспай:
- Не істесеңіз де еркіңіз, керек болса, ұстап беріңіз, - деп тіл қатты.
Қайыршы сөзін əрмен жалғастырды:
- Біз мұнда екеуміз де өз үйіміздеміз: мен - қорғандамын, сіз ормандасыз.
- Доғарыңыз мылжыңды! Ұстап беріңіз мені, - деді маркиз.
- Сіз Эрб-ан-Пайль фермасына бара жатыр ма едіңіз? - деп сұрады
қайыршы.
- Иə.
- Онда бармаңыз.
- Неге?
- Өйткені қазір онда көктер бар.
- Көптен бері ме?
- Үш күн болды.
- Ферма тұрғындары қарсылық көрсеткен шығар?
- Жоқ. Олар қақпаны алдарынан аңқайта ашып тастады.
- Солай де! - деп күңк етті маркиз.
Қайыршы саусағын шошайтып, терек тасасынан көрініп тұрған
ферманың төбесін нұсқады.
- Анау шатырды көріп тұрсыз ба, маркиз мырза?
- Көріп тұрмын.
- Оның ар жағындағыны ше?..
- Жалауды ма?
- Үш түсті жалауды айтамын, - деді қайыршы. Мұның өзі маркиз дөң
үстінде тұрғанда-ақ оның назарын аударған зат болатын.
- Дабыл қағып жатыр-ау осы? - деп сұрады о л - Маған солай көрінді...
- Иə, қағып жатыр.
- Біреу-міреуді ұстамақ па?
- Сірə, сізді ұстамақ болса керек.
- Ал қоңырау даусы естілмей тұрғаны несі?
- Жел ыққа əкетіп жатыр ғой, - деді қайыршы. - Сіз жарнаманы көрдіңіз
бе? - деп сұрады сонан соң ол.
- Көрдім.
- Сізді іздеп жүр... Сөйтті де, ол ферма жаққа қарап: - Онда олардың
кемінде жарты батальоны бар, - деп қоса айтты.
- Республикашылардың ба?
- Париждіктердің.
- Несі бар, ендеше, сонда бару керек, - деді маркиз. Соны айтып, ол
фермаға қарай бір аттады.
Қайыршы жалма-жан қолынан ұстай алды:
- Ол жаққа бара көрмеңіз!
- Енді қайда бармақпын?
- Маған жүріңіз.
Маркиз оның айтқанына түсінбей, бетіне қарады.
- Маркиз мырза, - деп сөзін əрі жалғастырып қайыршы. - Менің оңып
тұрған үйім жоқ, бірақ ол жерден сізді таба алмайды. Мен жеркепеде
тұрамын. Еденнің орнына мүк төсеулі, төбенің орнына - бұтақ пен шөптен
тоқылған өрме. Жүріңіз. Фермаға барсаңыз, сізді атып тастайды, ал менің
үйімде ұйықтап, тыныға аласыз. Шаршаған да шығарсыз. Ал ертең
таңертең көктер кетеді де, сіз қалаған жағыңызға барасыз.
Маркиз де-Лантенак бұл кісіге зейін қоя қарады.
- Сіз кімсіз! - деп сұрады ол. - Республикашылсыз ба, əлде роялистсіз
бе?
- Мен кедеймін.
- Роялист те, республикашыл да емессіз, ə?
- Емес шығармын.
- Корольді жақтайсыз ба, əлде оған қарсысыз ба?
- Мұны ойлап жатуға уақытым жоқ.
- Ал қазір не болып жатқанын ойлайсыз ба?
- Күнкөрісім қиын.
- Сөйте тұра маған көмектескіңіз келеді ғой, шамасы?
- Мен сіздің заңнан тыс деп жарияланғаныңызды естідім. Мұндай
заңнан кейін не болмақ? Түсінсем не дейсің? Демек, заңнан тыс болуға да
болады екен ғой. Мысалға, мені алыңызшы: бəлкім, мен де заңнан тыс
шығармын? Аштан өлу заңнан тыс болу деген емей, немене?
- Көптен ашсыз ба?
- Өмір бойы.
- Сөйтсе де мені құтқарғыңыз келеді, ə?
- Иə.
- Неге?
- Сізді көріп: "Міне, мына кісі менен де кедей. Мен дем алуға
хақылымын, ол болса мұндай құқықтан да айрылған" деп ойладым.
- Оның рас. Сөйтіп, сіз мені құтқармақсыз ғой, солай ма?
- Əлбетте. Біз енді ағалы-ініліміз, монсеньор. Мені үзім наннан қақса,
сізді өмірден қол үздірмек. Біз екеуміз де қайыршымыз.
- Басыма бəйге тігілгенін білесіз бе?
- Білемін.
- Оны қайдан білесіз?
- Жарнамадан оқыдым.
- Оқи аласыз ба?
Жазу-сызу қолымнан келеді. Неліктен надан болуға і иіспін?
- Егер сіз оқи алсаңыз əрі жарнаманы оқыған болсаңыз, мені ұстап
берген адамның алпыс мың ливр алатыны сізге белгілі болуға тиіс.
- Білемін.
- Қағаз ақшамен емес, алтынмен алады.
- Білемін.
- Алпыс мың ливр дегенің жатқан байлық емес пе?
- Болғанда қандай?
- Демек, кімде-кім мені ұстап берсе, байлыққа батпақ.
- Мен мұны ойладым да. Сізді көрісімен өз-өзіме: "бұл адамды кімдекім ұстап берсе, қыруар байлықтың астында қалмақ - алпыс мың ливр, паһпаһ! Оны тезірек жасыру керек екен" дедім.
Маркиз қайыршының соңына ерді.
Олар қалың жынысқа кірді. Онда қайыршының жеркепесі тұр екен.
Үлкен ескі емен адамға баспана болыпты: жеркепе еменнің тамыры
астынан қазылған, үстін бұтағы жауып тұр. Төбесі аласа, іші тас қараңғы;
оны ешкім де байқай алмас еді. Ішіне екі адам зорға сиярлық.
- Үйіме қонақ келерін күнілгері сезгенмін, - деді қайыршы.
Жергілікті шаруалар құпия қойнау деп атайтын жер астынан қазылған
мұндай баспаналар Бретаньда тап жұрт ойлағандай аз емес-тұғын.
Бүл баспаналардың əдеттегі жиһазы - сабаннан, не жуып көптірілген
теңіз балдырынан жасалған төсек-орын, шөптен тоқылған көрпе, бірнеше
май шам мен шақпақ қана.
Маркиз бен оның серігі еңкейе жүріп, біраздан соң ағаш тамыры қисыққыңыр бірнеше бөлме етіп тұрған жеркепенің ішінен бір-ақ шықты. Олар
төсек орнына салынған бір құшақ құрғақ балдырдың үстіне жайғаса
отырды. Есік орнындағы екі тамырдың арасынан əлсіз жарық түсіп түр.
Далада түн болатын, бірақ адам көзі қараңғылыққа үйреніп, əлсіз жарықты
да ажырататын халге жетеді. Оның үстіне жеркепенің босағасына ай
сəулесі түсіп тұрған. Бұрышта су құйылған құты; қасында қара құмықтан
пісірілген шелпек пен каштан жаңғағы жатыр.
- Кəне, тамаққа қараңыз, - деді қайыршы.
Олар жаңғақты бөлісті, маркиз өзінің кепкен нанын ортаға қойды,
сөйтіп, екеуі жалғыз шелпекті кезек-кезек үзіп жеп, бір құтыдан кезек-кезек
су ұрттап, тамақ ішуге кірісті.
Əңгіме де басталып кетті. Маркиз қайыршыға үсті-үстіне сұрақ қойды:
- Сөйтіп, сізге бəрібір ғой, шамасы?
- Тегі, солай ғой деймін Сіздер - мырзаларсыздар, есепке мықтысыздар.
Мырзалардың ісінде жұмысымыз қанша?
- Бірақ болып жатқан нəрселер...
- Оның бəрі сонау жоғары жақта болып жатқан жоқ па, - деді қайыршы,
сонсоң ол тағы тіл қатты: - Тіпті одан да жоғарыда болып жатқан
құбылыстар бар ғой: күн ұясынан шығады, ай туып, көкжиекке барып
батады... Ойлайтыным, міне, осылар. Ол құтысынан бір ұрттап: - Мөпмөлдір, тəтті су, ə? - деп тамсанып қойды. - Сізге ұнай ма, монсеньор? - деп
сұрады ол сонан соң.
- Есіміңіз кім? - деп сұрады маркиз жауап берудің орнына.
- Есімім - Тельмарш, лақап атым - Қаңғыбас. Қарт деген тағы бір лақап
атым бар. Жұрттың Қарт деп келе жатқанына қырық жыл болып қалды, деп қоса айтты ол.
Қырық жыл дейсіз бе? Ол кезде сіз жас емес пе едіңіз?
Мен ешқашан жас болып көрген емеспін. Ал сіз əрдайым жассыз,
маркиз мырза. Жүрісіңіз жиырма жасар жігіттің жүрісіндей ширақ,
шағылға да өрмелеп шығасыз. Ал мен ширек лье жүрсем-ақ шаршап,
болдырып қаламын. Екеуіміз түйдей құрдаспыз, тіпті. Əйтсе де бай
адамдардың бір артықшылығы - олар күн сайын тамақтанады. Ac адамның арқауы деген бар емес пе?
Ол бірауық үндемей қалды да, əңгімесін қайтадан қозғады:
- Гəптің неде екенін білесіз бе? Байлық пен кедейлік дегенің неткен
сұмдық еді, ə? Меніңше, бар пəле осыдан шығып жатыр. Кедей бай
болғысы келгенімен, байдың кедей болғысы жоқ. Бар гəп осында ғой
деймін. Бірақ мұнымен шаруам қанша. Бəрібір ештеңені өзгерте алмайсың:
бəленің бетін қайтарар лаж жоқ. Мен несиешілерді де, борышкерлерді де
жақтамаймын. Білетінім: борыш деген бар нəрсе жəне ол борышты төлеу
керек. Корольді өлтірмеген жақсы сияқты, бірақ мұның неліктен екенін
айтуға қиналар едім. Ал жазықсыз жандарды күні кеше ғана дарға тартқан
жоқ па еді? - деп тайталасулары да мүмкін біреулердің. Айтып-айтпай не
керек, қиын-қыстау кезде корольдің киігін атып өлтіргені үшін бір адамды
дарға асқанын өз көзіммен көргем. Ол бейбақтың əйелімен қоса жеті бірдей
бал асы болатын... Қазбалай берсе, əңгіме таусылмас.
Ол тағы да тына қалып, сонсоң:
- Сіз білесіз, ал өз басым істің жай-жапсарын түсінсем бұйырмасын.
Айнала ойран-ботқа, өңшең жан ұшырып аласұрып жатқан жұрт. Ал мен
жайнаған жұлдыз астында жеркепемде тұрып жатқаным, бар-жоғы осы, деп қоса айтты.
Ол тағы да əлденені ойланып, ұзамай қайтадан сөйлеп кетті:
- Менің аздаған тəуіптігім де бар, ауру-сырқауды емдей аламын. Неше
түрлі шөпті білемін. Кейде бір шөпті көре қалып, соны əрі-бері қарап
жатсаң, жұрт көріп: əне, дуана деседі. Адам ойлана қалса, ол басқаларға
бейхабар бірдеңені біледі деп ойлайтын жұрттың əдеті емес пе.
- Осы жерде туып-өстіңіз бе? - деп сұрады маркиз.
- Иə, осы жерде туып, осы жерде өстім, осы жерде қартайдым да.
- Мені білесіз бе?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - 93 жыл - 05
  • Parts
  • 93 жыл - 01
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2212
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 02
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2177
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 03
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2081
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 04
    Total number of words is 4161
    Total number of unique words is 2093
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.2 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 05
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2142
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 06
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2163
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 07
    Total number of words is 3816
    Total number of unique words is 2202
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 08
    Total number of words is 3982
    Total number of unique words is 2146
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2160
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 10
    Total number of words is 3991
    Total number of unique words is 2130
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 11
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2071
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 12
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2038
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 13
    Total number of words is 4020
    Total number of unique words is 2081
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 14
    Total number of words is 4058
    Total number of unique words is 2095
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 15
    Total number of words is 4018
    Total number of unique words is 2115
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    56.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 16
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2093
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • 93 жыл - 17
    Total number of words is 3439
    Total number of unique words is 1990
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.