Latin Common Turkic

Спартак - 19

Süzlärneñ gomumi sanı 3948
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2139
33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
құлағына байғұс рудиарий қалтыраған дауыспен.
— Жоқ!.. Жүр... ме! — деді Валерия шошынып.
Спартак қайырып ешнəрсе айтпады тек Валерияның басын қолымен
сүйей ұстап маңдайынан жалындап сүйе берді, матрона жас баладай
биязы үнмен:
— Сен бүгін түнде кетпей-ақ қой, солай емес пе?., Ертең жүресің...
Меңіреу далада... қараңғыда... жапа-жалғыз... түн қатқан қандай жаман...
Есіме түссе... өнебойым тітірейді... Қорқамын!
Байғұс əйел айтқанындай-ақ дірілдеп, сүйгенінің құшағына тығыла
түсті.
— Ертең таң ата... күн шығып, өзінің нұрымен табиғатқа өң
бергенде... даланың хош иісі аңқып... жүздеген құстар сайрап тұрғанда...
мені құшақтап мауқыңды басып... Постумняның кішкентай
маңдайынан тағы да біраз сүйіп болған соң... мынау медальонды мен
туникаңның астынан мойныңа таққаннан кейін...
Сөйтті де ол алтын баумен өзінің аппақ қардай мойнында тағулы
тұрған неше түрлі асыл тастармен əшекейленген алтын медальонды
көрсетті.
— Спартак, сен мына медальонның ішінде өзіңді қандай қауіпқатерден болсын сақтап қалатын дуа бар екенін білемісің... Тапшы...
таба ғой... ол қандай дуа?
Гладиатор бұған жауап қайырмастан, көздеріне жас іркулі жылы
шыраймен бұл сұлу əйелге жымия қараған еді, ол жеңіл əзіл нышаны
бар үнмен:
— Жетесіз-ау!.. Менің не айтып отырғанымды түсінбеймісің? —деді.
Мойнындағы медальонды ағытып алып, оны ашып жатып, іле-шала
тағы да:
— Түйілген қара шаш анасынікі де, ақ сары шаш қызыңдікі! — деді.
Валерия рудиарийге медальонның ішіндегі екі түйін шашты алып
көрсетті.
Спартак медальонды ұстай алып, қайта-қайта сүйе бастады.
Медальонды Спартактың қолынан алып Валерия сүйді, сонан соң
аузын жауып, Спартактың мойнына тағып жатып:
— Сауытыңның астынан, туниканың ішінен дəл көкірегіне тағып
жүр,— деді.
Спартактың жүрегі жарылып кете жаздағандай болды, ол не
айтарын білмей, Валерияны көкірегіне қыса түсті. Сол мезет көзінен
жасы да бұршақтап қоя берді.
Сонша болған жоқ, кенеттен есік алдындағы алаңнан қарусайманның сартылы, дабырласқан дауыстар шығып, ол Спартак пен
Валерияның бөлмесіне естілді.
Бұлар демдерін іштеріне тартып, тыңдай қалысты.
— Сендер сияқты қарақшыларға есік ашпаймыз! — дейді шала-пұла
латын тілінде, бір зор дауыс.
— Ендеше біз сендерді өртеп жібереміз!—деп даурығады сырттағы
ашулы дауыстар.
— Кастор мен Поллуке куə! — дейді алғашқы дауыс,— біз онда
сендерге оқты қардай боратамыз!
— Бұл не?.. Не болып қалды екен? — деп сұрады дегбіреген Валерия
Спартакқа қорқынышты көзбен алара қарап.
— Тəрізі, менің мұнда екенімді біліп қойған болды ғой,— деді
Спартак алғашқы қоқанлоқы айқай шыққанда-ақ, өзін қапсыра
құшақтап алған Валерияның қолынан бұлқына түсіп.
— Шықпа!.. Мен десең... тырп етпе!—деп дауыстап жіберді сұп-сұр
болған жүзінде күдік пен қорқыныштың ізі бірден сайрай қалған əйел.
— Сен мені тірідей жау қолында қалсын деймісің?— деді
гладиатордың көсемі салмақпен.— Менің креске қағылғанымды көргің
келе ме?..
— Атай көрме! Тамұқтың барлық құдайлары сақтасын!..— деді
Валерия, Спартакты құшағынан босатып шегіншектей беріп.
Спартактың белінде асулы тұрған үлкен испан семсерін аппақ
қардай үлбіреген қолымен қынабынан қатулана суырып алып,
гладиатордың қолына ұстатты да, басыңқы үнмен, бірақ оған
батылдық, өжеттік сипат беруге тырысып:
— ІІІамаң келгенше, жан сауғалап көр... ал егер қазаға тап болсаң,
семсеріңді серт ұстап, бетпе-бет шайқаста жастығыңды ала жат,— деді.
— Рақмет, рақмет, хорсымбатты Валерия!—деді семсерін қолына
ала, бір адым ілгері басып, кетуге оңтайланған Спартак.
— Қош, Спартак! — деді байғұс əйел əлжуаз дауыспен, Спартакты
тағы да құшақтап.
— Қош!—деді Спартак та Валерияны құшақтап.
Бірақ Спартактың ерніне жабыса кеткен оның ерні мұздап сала
берді, матронаның жансыз денесінің өз қолында қалып қойғанын
рудиарий бірден сезді: Валерияның басы оның иығына сылқ етіп түсіп
те кетті.
Спартак қолындағы семсерін лақтырып тастап бере матронаны
көтеріп апарып ложаға жатқызды. Жүгіліп отыра қалып, оны өзінің
ыстық лебімен аялап жылыта бастады, Валерия ешбір жауап
қатпастан, өлген адамдай сұлық түсіп қалған соң, Спартакқа да жаман
ой сап ете қалды. Тұлабойы қалтырап кеткен Спартак, жансыз қалған
адамның бет-аузына үңіліп, оның тыныстап демалуын аңдыды;
Валерияның көкірегіне қолын төсеп, жүрегінің болымсыз, баяу ғана
соғатынын аңдады. Спартак Валерияның басқа жайларына баратын
кішкентай есікке жүгіріп барып, оның пердесін көтере ашып жіберді
де, екі-үш рет:
— Софрония!.. Софрония... келе гөр, тезірек... Софрония!..— деп
дауыстады.
Сол минутта бағана өзі шықпақ болған есікті біреу келіп солай қарай
бұрылып, тың тыңдады: əлгінде ғана түрлігіскен айқай-қиқу басылған
екен. Бірнеше секундтан соң тағы да есік қағылып, ер адамның:
— Сүйікті Валерия! Ханым,— деген даусы естілді...
Спартак семсерін алды да, есікті сығырайта ашып:
— Не керек саған? — деп сұрады.
— Атты елу солдат... келіп тұр,— деді дірілдеп, тұтыға сөйлеген үй
басқарушы қарт (нақ соның өзі), Спартакқа көздерін шатыната қарап,
— басшымызды... шығарып бер деп... зіркілдейді... жəне сені олар...
Спартак дейді...
— Бар, бір минуттан соң шығады де.
Сөйтті де ол айран-асыр болып, сілейіп тұрып қалған шалдың
маңдай алдындағы есікті жауып алды.
Спартак Валерия жатқан диван жанына қайтып келген шақта,
екінші бір есіктен қызметші əйел де келіп кірді.
— Бері кел,— деді Спартак оған,— эссенция мен иісті май жеткіз,
тағы да бір күңді ертіп келіп, мына ханымдарыңды күтіңдер. Талып
жатыр.
— О, менің қайрымды... байғұс ханымым! — деп бажылдады күң.
— Тез!.. Қимылда!.. Былшылдамай!..—деп ақырды Спартак əмірлі
кейіппен.
Үйден шығып кеткен Софрония спирт қосылған эссенцияны алып,
тағы да екі күңді ертіп, айтқанша-ақ жетіп келді. Олар ес-түссіз жатқан
Валерияны шыр айналдырып, əбігерге түсті де қалды. Бірнеше минут
өткен соң, матронаның жүдеу жүзіне жеділ ғана қызыл шырай жүгірді,
бір қалыпты жəне ауыр дем ала бастады.
Өзінің ғашығынан көз алмай қарап тұрған Спартак, көңлі орнына
түскен соң, қатты бір күрсінді де, құдайларға құлшылық еткендей
көкке қарады; күндерді былай сырып шығарып, бір тізесін бүгіп
Валерияның диваннан салбырап жатқан аппақ қардай қолынан, одан
кейін маңдайынан қайта-қайта сүйді де бөлмеден асыға басып шығып
кетті.
Көзді ашып-жұмғанша алаңға жетіп келген ол, қарсы алдында
тықыршып тұрған елу аттыны көрді; олардың бəрі де жаяу түсіп,
аттарын шаужайларынан ұстап тұр.
— Ал? — деді ол ызғарлы дауыспен.— Сендер мұнда не істеп
тұрсыңдар? Не керек?
— Мамилийдің бұйрығы бойынша, —деді бұл отрядты басқарушы
декурион,— біз анадайдан қараңды көріп, соңыңнан ердік те отырдық
жəне қорықтық...
— Атқа қоныңдар!—деп команда берді Спартак.
Елу солдат бір кісідей, сол қолдарымен аттың шоқтығынан алып,
кілең қаракөк кежімді аттарына лып беріп мініп-мініп алды.
Кəріліктің салдарынан виллада қалып қойған бірнеше құл, кіреберіс
есік алдында қолдарына факел ұстап, үрейлене топырласып тұр.
Атымды əкеліңдер!—деп бұйырды Спартак оларға. Бұл шалдардың
үшеуі немесе төртеуі атқораға қарай жүгірді, Спартактың қара атын
алып келіп, оның алдына тартты. Ол атына мінді де, үй басқарушының
жанына жақын келіп:
— Балаларыңның аттары кім деп едің? — деп сұрады.
— О, ержүрек Спартак,— деді шал кемсеңдеп,— кеше таңертеңгі
айтқан бейсауат сөздерім үшін оларды күйдіре көрме...
— Зердесіз құл! — деп ақырды ыза кернеген фракиялық.— Мені өзің
сияқты қорқақ деп санаймысың? Саған тартып тумаған жас
түлектердің атын сұрасам, олардың қамын ойлап сұраймын да.
— Кешіре көр, мені... Батыр Спартак! Олардың аттары Аквилий жəне
Ацилий еді... Либедий балалары... Оларды өзіңнің шылауыңа ала көр,
ұлы көсем, сені барлық құдайлар жəне Юпитер желеп-жебей берсін...
— Сендей болымсыз сайқалдардың жанын жаһаннамға жіберсе
болады! — деп ақырды Спартак.
Осыны айтты да атын тебіне түсіп, аттыларына:
— Төпеңдер, желе-жортуылмен! — деп дауыстады.
Спартактың соңынан аллеяның бойымен лап қоя жөнелген аттылар
билла шарбағының сыртына шығып та кетті.
Мессала əулетінің қарт жалшылары үн-түнсіз, аң-таң болған бойы
алаңда бірсыпыра уақыт тұрды, аттардың аяғының түсірі əбден
басылғаннан кейін барып, естерін жиғандай болды.
Есін жия келе, Спартактың кетіп қалғанын есіткенде Валерия
арманда болып, өлердей қатты өкінді.
Ал, Спартак өзін ауыр азап пен уайымнан тек ат құтқаратындай,
оны үсті-үстіне тебініп құйытумен келеді.
Өзі де аңламастан, жүйрік қараға қамшыны басқаны сонша,
соңындағы аттылар қаншалық қуғанымен, ол қарасын көрсетпей, үздік
ұзап кетті.
Оның есі-дерті Валерия еді, есін жинап өзіне өзі келгенде қайтер
екен, зор қайғыға тап болады-ау, тағы да көз жасын төгеді-ау деп
ойлады. Осы оймен ол аттың қос өкпесін суыра тебінгенде жалқұйрығы суылдап, тер шаша келе бауры жазылып алған жануар жер
танабын қуыра түсті.
Валерияның бейнесін Спартак өз ойынан аластауға тырысады. Бірақ
онда есіне ойнақы, ұғымтал, сүйкімді, аққұба-қызылшырайлы, уайымқайғыдан аулақ, мінезіне жан тойғысыз кішкентай Постумия түседі,
тек шешесіне тартқан қарақат көзінен басқасының бəрі өзіне ұқсаған
ол күліп, томпиған қолын созғандай болса, бұл оны енді қайтып көре
алмаймын деп қайғырады. Астындағы атын қос өкпеге текпілеп қинай
түседі.
Егер Спартакқа күтпеген жерде бір көлденең ой келіп сап етпеген
болса, осы бетімен төпей берген де болар еді жəне аттың да, адамның
да қайдан барып басты бір- ақ тартары белгісіз еді.
Əлде Валерия сол бетінде есін жия алмай кеткен болар? Мұның
жөппелдемде жүріп кеткенін білген соң, тағы да есінен танған шығар?
Əлде нақ осы кезде, қатты науқастанып жатқан болар?.. Əлде тіпті
бұлай болуы мүмкін де, тиіс те емес, бірақ мұның сорына жары...
Осы ой қалай келді солай, тақымын қыса, самғап келе жатқан
жануардың басын кілт тартып алды.
Кешікпей жолдастары да оның жанына келіп, тоқтай қалысты.
— Мен Месеаланың вилласына қайтып баруым керек,— деді ол
зəрлі дауыспен, сендер Лабикке бара беріңдер.
— Жоқ, болмайды!..
— Еш уақытта да болмайды! — десті аттылардың бəрі бірден.
— Не себепті?.. Менің мұныма кім бөгет болмақ?
— Біз! —деді бірнеше дауыс бірден.
— Біздің саған деген сүйіспеншілігіміз! — деді тағы біреу.
— Сенің абройың! — дейді үшінші біреу.
— Сенің анттарың! — деп дауыстады төрт-бес адам бірден.
— Сенсіз жерде ісіміз мерт болады!
— Борыш!.. Борыш!..
Бұл арада ығы-жығы дауыстар мен бірауыздан жалынып сұрау бір
арнаға құйылып, дүрлігіп кетті.
— Құдіреті күшті Юпитерге аян, онда өзім қадір тұтқан əйел бар
екенін жəне оның, бəлки, өлім аузында болуы да ықтимал екенін
сендер түсінбейді екенсіңдер... мен оны енді қайтып...
— Басқа түскен жаманшылықтан — құдай ғана сақтайды! Өлсе оны
сен алып қала алмайсың, тек өзің мерт боласың; егер сен ойлаған
жаманаттан ол, илаһи, аман болып, екеуміздің де көңіліміз орнына
түссін десең, онда хабаршы жібер,— деді декурион жақсы көріп,
сыйлаған пішінмен.
— Демек, мен қатерден басымды алып қашып, оған басқаны душар
етпек екемін ғой?.. Олимптің барлық құдайлары куə, мен жөнінде бұл
сияқты есуастық ешбір жанның аузынан шықпасты!
— Мен ешбір қауіптен қорықпай-ақ Мессаланың вилласына қайтып
барар едім,— деп дауыстады аттылардың біреуі.
— Мұны сен қалай жүзеге асырмақсың? Атың кім?
— Мен — саған айнымас дос, сен үшін өмірімді қиюға əзір адаммын,
— деді жігіт жолдастарының санынан шыға, Спартакқа қарай атының
басын бұрып алып.
— Менің қауіп ойлайтын дəненем жоқ,— деді ол көсемнің жанына
келіп,— өйткені өзім латын болғандықтан ол елдің тілін, жер
жағдайын жақсы білемін. Алғаш кездескен шаруаның үйінде-ақ
шаруалардың бірімен киім алмастырып киемін де, Валерия
Мессаланың вилласына барамын. Одан нақты мағлұматтар алып, сен
Нолаға жетпей-ақ қайтып ораламын.
— Мен қателеспесем...—деді Спартак,—сен еркіндікте туып өскен
Рутилий боларсың?
— Дұрыс айтасың,— деді анау,— Рутилиймін, ондаған мың
гладиатордың ішінен мені жазбай танығаныңды мақтан етіп, саған
алғыс айтамын, Спартак. Мені ұмытпаған екенсің.
Рутилий алғыр жəне епті жігіт болатын, сондықтан оған сенуге
болатын еді. Ақырында, Спартак солдаттарының айтқанына көніп,
латынның ұсынысын қабыл алды. Ол отрядын бастап тағы да жолға
шықты да, айтқанша бір кішкентай дачаға келіп жетті, онда келген соң
Валерияға арнап тақтаға грек тілінде жалындап хат жазып, оны
Валерияның өз қолына табыс етуге уəде беріп тұрған жігіттің қолына
берді.
Сəл де болса көңілі жай тауып, ойы орныққандай болған Спартак,
гладиаторлардың отрядын бастап Лабикке тартты.
Мамилий өзінің екі жүз елу атты əскерімен мұны күдіктене күтіп
жатқан жерге таң ата келді. Мамилий көсемге бұлардың Лабикке келуі
төңіректегі елге қатты қорқыныш туғызуда екенін хабарлады;
сондықтан бұл арада кешке дейін жатып қалмай, тезінен Аквинумға
тартқан абзал дегенді айтты.
Мамилийдің бұл айтқан орынды пікірін мақұл деп тапқан Спартак,
уақытты оздырмастан, Лабик жайындағы кішкентай лагерьден
аттанып кетті. Сол күні жəне келесі түні бойы тынбай жүріп, аттарын
болдыртып таң ата Алатраға келді де, əскерлеріне осы арада ат
шалдырып, күні бойы демалуға рұқсат берді. Ал келесі күні үдере
тарта отырып, кіші сəскеде Ферентинумға келіп түсті. Мұнда ол,
Вариний лагерь ашып жатқан Норбадан қашып шығып,
гладиаторларға келген рим легионерлерінің бірнеше қашқындарынан
Лабиктің тұрғын адамдары Тускулум маңына гладиаторлардың атты
отряды келгенін Варинийге хабарлап қойғанын естіп білді. Претор
өзінің атты əскерлерінің əрқайсысын бес жүз адамнан екіге бөлген еді;
бұлардың біреуін Тускулумға барған жаудың соңынан қудыра жіберді
де, екіншісін — гладилаторлардың Аквинум лагеріне қайтып баруына
жəне құтылып кетуіне ешбір мүмкіндік қалдырмау үшін Ферентинумға
аттандырды.
Сондықтан Спартак Ферентинумнан дереу шығып кетіп, қашан
Фрегеллге барып жеткенше жолдастарына тыныс алдырмастан
тартты; одан түн ортасы кезінде Аквиниумге қарай бет алып, оған таң
сарғая келді.
Валерияның денсаулығы жайында фракиялықтың көңілін
тындырарлық хабарлар алып, кешке таман Рутилий де сонда келіп
жетті, ол Спартактың хатына жалындап, сонымен қатар əpі наразылық
та айтып, жауап жазыпты.
Валерия өзінің сүйгеніне сол күннен бастап үй басқарушы шалды
ауық-ауық гладиаторлар лагеріне жіберіп алып, сол арқылы өзі туралы
хабар беріп тұратынын айтып жазған, сондай-ақ, одан осындай
тəсілмен өз хал-жайынан да хабар беріп тұруды қатты өтініпті.
Қожасының не айтқанын екі етпей орындауға əрқашан əзір тұратын
Либедий гладиаторлардың лагеріне ауық-ауық барып тұруға, онда
өзінің балаларына да жолыға алатын болғанына мейлінше қуанып,
ризалық берген-ді.
Ертеңіне Спартак Эномаймен, Борторикспен жəне басқа да
қолбасыларымен ақылдасып болған соң, Аквиниумнан аттануға
бұйрық берді де, жиырма мың гладиаторды бастап Нолаға тартты.
Нолада лагерь ашып жатқан жиырма бес мың гладиаатор тамаша
жеңістерге жетіп, Аквинумнан қайтып келген бауырларын шексіз
қуанышпен қарсы алды.
Нола жанындағы көңілді сайран, шырқалған əн үшін бойы тынбады..
Езілгендер Одағының жоғарғы штабының кеңесі гладиаторлар қолы
қысқы мекенге шығып, демалатын болсын ден қаулы етті, өйткені
күзгі жауын-шашын мезгілі жақындап қалғандықтан, енді Варинийден
оншалық қауіптенбесе де болатын еді. Сондай-ақ оларға, Канны
маңындағы жеңілістен соң қаншалық əлсіреді дегенмен де, бір кезде
Ганиибалдың да тісі батпаған Римге шабуыл жасаудың барып тұрған
есуастық болатыны да түсінікті еді. Ганнибал сол замандағы ең ұлы
қолбасы болды, Спартак оны Кирден де, Александр Македонскийден
де анағұрлым жоғары қоятын. Гладиаторлар сондықтан да бұрынғы
лагерьді тастап, терең орлармен, биік қада қорғандармен бекем
нығайтылған, бұрынғыдан əлдеқайда кең, жаңа лагерь жасады.
Өз легиондарын жаңаша ұйымдастыруды көптен беpi ойлап келген
Спартак, гладиаторлар жаңа лагерьге орналасысымен, оларды
көтерілісшілердің шыққан ұлттарына қарай құруды ұйғарды. Армияны
бұлай жаңаша құрудың жеке легиондар арасында күншілдік, таластар
туып кетуге ықтималдығы жағынан кейбір қолайсыздықтары
болғанымен, оның есесіне əрбір легионның жауынгерінің ынтымағын
мейлінше арттыру жөнінен үлкен пайдасы бар еді; мұнымен қатар,
гладиаторлардың көсемі басқа да бір аса маңызды мақсатты көздеді —
əскерді ұлтына қарай бірнеше корпустарға бөліп, солдаттардың
басшыларға сенімін күшейту үшін, ол корпустардың əрқайсысын сол
ұлттан сайланған бастықтарға бағындырмақ болды.
Сондықтан бірнеше күннің ішінде Спартак өзінің елу мың адамынан
көтерілісшілердің саны осыған жеткен еді əрқайсысы бес мың кісілік
он легион құрып, бүтіндей армияны мынадай тəртіппен жіктеді:
Вильмир мен Мероведтің басқаруындағы германдықтардың алғашқы
екі легионы Эномай бастаған бірінші корпус болып құрылды;
Арторикстің, Борторикстің, Арвинийдің, Брезовирдің басқаруындағы
галлдерден жасақталған үшінші, төртінші, бесінші жəне алтыншы
легиондар Крикс бастаған екінші корпуске біріктірілді; гректерден
жасақталған жетінші легионның командирі болып алғыр эпирот
Фессалопий тағайындалды; Самниумнан келген гладиаторлар мен
малшылардан құрылған сегізінші легион Рутилийдің басқаруына
берілді;
тоғызыншы,
оныншы
легиондар
фракиялықтардан
жасақталды да, Спартак бұл соңғы екі легионды сол елден шыққан
қарулылық жəне қайтпас табандылықпен қатар грек мəдениетін де
бойларына сіңірген, ақылгөй екі адамның басқаруына берді. Олардың
бірі тоғызыншы легионның командирі! Мессембрий дейтін еді; бұл
Спартакқа шексіз берілген, өз ісін қалтқысыз дəлме-дəл орындайтын
адам болатын; екіншісі Артак дейтін жас жігіт, көзсіз батырлығы
себепті фракиялықтар оны өз ұлтынан шыққан барлық
гладиаторлардың Спартактан кейінгі ең алғыры деп танитын. Соңғы
төрт легионнан үшінші корпус жасақталып, оның командирі Граник
болды, бұл Иллирияның адамы еді, сол кезде жасы отыз бес
шамасында болатын; ұзын бойлы, əдемі, сөзге сараң, байсалды, ілкімді
де жігіт еді, Равенна мектептерінен шыққан он мың гладиатордың
ішіндегі ең өттісі жəне айбындысы болып саналатын.
Ұзын саны үш мыңға жеткен аттылар қолын Спартак алты отрядқа
бөліп, оның бастығы етіп Мамилийді тағайындады.
Армияның жоғарғы көсемі болып, елу үш мың жауынгердің бір
ауыздан қалауы бойынша, олардың бəрінің ішіндегі ең алғыры, асқан
тəжірибелісі — Спартак қайта сайланды.
Бірнеше күн еткен соң, фракиялық əскерге байқау жасамақ болып,
үстіне қарапайым сауыт-сайманын киіп, асып кеткен асыл абзалтұрманы да, қымбат бағалы кежімі де жоқ атына мініп, үш бірдей
корпус үш қатарға тізіліп тұрған жазыққа жетіп келгенде, елу үш мың
гладиатордың кеудесінен бірден атылған:
— Спартактың даңқы арта берсін!..— деген үш күндей күркірей
қалды.
Спартак жауынгерлерді дəріптеу, саңлақтандыру сөздерін айтып,
жеңіске жетудің басты шарты — қатаң, тəртіпті игеруге шақыра жүріп,
үш сағаттың ішінде барлық легиондар санын тегіс аралап шықты.
Байқау аяқталысымен гладиаторлардың көсемі атына мінді де,
семсерін қынабынан суырып алып «сапқа тұру» белгісін берді, бұдан
соң ол бірнеше қимылдар жасауға командалар беріп керген еді,
бұларды легиондар ешбір мінсіз, дəл орындап шықты; бұдан кейін үш
корпус жантүршігерлік «барра» айқайына басып, алдымен аяңдап,
одан лап қойып жүгіре, тіке шабуылға шығып көрсетті.
Үшінші қатардың шабуылы аяқталғаннан кейін, легиондар сапқа
тұрды да, көсемнің алдынан мінсіз тізбекпен өтіп, бірінің соңынан бірі
лагерьге қайтып жатты.
Қасында Эномай, Крикс, Гранин жəне легиондардың басқа да
барлық бастықтары бар Спартак, лагерьге жұрттың ең соңынан келді.
Жаңа лагерьді құрған кезде гладиаторлар Спартакқа арнап, оның
рұқсатынсыз, қолбасшыға лайық шатыр жасады. Дəл сол салтанатты
күні шатырда он легион басыға, Спартактың үш орынбасары мен атты
əскер бастығына арналып табақ тартылды. Спартакқа реніш туғызбас
үшін қонақасы орта қолды, қарапайым ғана болып əзірленді, өйткені
фракиялық ішкілік пен дырдудың ежелден қас дұшпаны болатын,
жастайынан тамаққа сыпайы, сусынға шыдамды ол, өзінің мінезі мен
дағдысы бойынша да ішкілікті, бетімен жайылуды ұнатпайтын-ды.
Сондықтан табақтастардың көпшілігінің тілегі мен ындынына,
Эномайдың, Борторикстің, Вильмирдің, Брезовирдің, Рутилийдің, тағы
басқалардың бұл тойда басыңқырап қалудан аулақ еместігіне
қарамастан, бұл жолғы дом жұпыны ғана болып əзірленді.
Сонда да бұл шын жүректен шыққан шаттық сайран мен шексіз
достықтың думаны болды. Дəм ішіп бола келе Рутилий орнынан
тұрып, көбік атқан бір керсен шарапты жоғары көтере шайдай ашық
дауыспен:
— Құлдардың азаттығы үшін, езілгендердің жеңісі үшін, жеңімпаз
Спартактың денсаулығы үшін ішелік! — деді. Барлық жолдастары
мұны қостап, айқай-қиқуға басқан шақта, ол шарапты көтеріп салды.
- Азаттықтың ұлы иесі, рақымы күшті Юпитер үшін! Бостандықтың
кіршіксіз əділетті анасы, тəңірі үшін, бізге ол мархабатты назарын
салып, Олимптегі барлық құдайдың ықласын аударуы үшін ішелік!
Галлдар мен германдықтар Юпитерге де, гректің жəне Римнің басқа
құдайларына да сенбегенімен, жұрттың бəрі де шарапты көтеріп
салды. Сондықтан Эномай Одинға сыйынып, ал Крикс гладиаторлар
əскеріне жəне оның ісіне Гезден мархабат тілеп соғыстырды. Ең
соңында, Эпикурдың жолын қуушы, бірде-бір құдайға сенбейтін
эпирот Фессалоний сөз алып:
— Мен сендердің құдайға иланымдарыңды сыйлаймын... жəне
сіздерді көріп менің де делебем қозады... бірақ мұнымды сіздермен
ортаға салмаймын: өйткені құдай дегеніміз — халықтардың басында
болған қорқыныштан туған елес. Мен мұны теңдесі жоқ Эпикурдың
ілімінен білемін. Басымызға осы ауыртпалық іс түскен сайын əмірші
күшке нанудың, сол нанудан жаныңа жұбаныш, күш табудың пайдасы
бар!.. Бірақ нені де болса табиғат өз бетімен тудырып жəне өзгертіп
отыратынына, соларды тудыра отырып, өзінің барлық күшін, бізге
əрдайым мəлім емес, бірақ əрдайым материалдық күшін
пайдаланатынына көзіміз жетіп отырғанда құдай деп аталатындарға
қалай иланбақпыз? Сондықтан, достарым, өзімнің ойым мен
ілтипатым бойынша, өз ісімді дəріптеуіме пұрсат беріңіздер,— деді.
Сəл тым-тырыстан соң:
Гладиатор лагеріндегі бір жан, бір тəнділік үшін, шайлықпас жүрек,
майрылмас семсер үшін көтерейікші!—деп жалғады сөзін.
Жұрттың бəрі де эпикуршінің шақырғанына қосылып шараптарын
көтеріп салған соң, орындарына отырып, көңілді, қызу əңгімелерін
қайта бастады. Жіңішке жолақтары бар көгілдір кенептен келісті
пеплум киген Мирца, ас əзірлету жұмыстарын басқарғанымен,
жұртпен бірге дастарқан басына отырған жоқ, анадай жерде Спартакқа
асқан сүйіспеншілік көзбен, еркелей қараумен тұр. Оның соңғы күндері
күлкі нышаны көрінбей тек ауық-ауық жас жуып келген мұңды, жүдеу
жүзінде бұл минуттарда орнықты қуаныш шырайы бар еді, бірақ ол
шырайдың солғындығы соншалық, одан сол қуаныштың өресінің
қысқалығын жəне бұл сияқты сыртқы саңлақ оның жүрегіндегі ішкі
жараны оншалық жасыра алмай тұрғанын ұғу қиын да емес еді.
Арторикс те Мирцаға сүйіспеншілікпен емірене қарауда; немен
тынары белгісіз екіталай махаббаттың əсерімен соңғы күндері
ысылып, жүдеп қалған ержүрек жас жігітке қыз да ауық-ауық
ықтиярсыз жəне ұрлана көз қиығын салып қояды.
Бірсыпыра уақыттан бері Спартактың қонақтарының көңілді қызу
əңгімелеріне араласпай, үн-түнсіз жəне тапжылмастан отырған
Арторикстің есі-дерті ағасынан көз алмай қарап тұрған қызда болды.
Мирцаның Спартакқа деген соншалық берілгендігі, шексіз ықласы
Арторикске оны бұрынғыдан да сүйкімді етіп көрсетті. Қуаныш
кернеген ол, ойда-жоқта өжеттік тауып, орнынан тұра келе,
қолындағы ыдысын жоғары көтеріп:
— Достар, мен біздің сүйікті көсеміміздің жақсы көретін қарындасы
Мирцаның денсаулығы үшін ішуді ұсынамын! — деді.
Отырған жұрт шарапты көтеріп салды жəне бəрі де тос көтеру
дақпыртымен кетіп, бірде-бір жан жас галлдың беттері оттай ду етіп
қызара қалғанын аңдаған жоқ, тек өзінің атын атаған дауысты құлағы
шалғанда, өнебойы тітіркеніп кеткен Мирца ғана Арторикс жаққа:
жалт бұрылып, оған наразылық аралас алғыс реңін сездірді; өзінің жас
жігітке деген көз қарасындағы адал жəне табандылықпен сақтамақ
болған ұстамдылық шегінен аттап кеткенін түсіне қалған шақта, оның
екі беті ду ете тусті ол ұялғандай төмен қарап кеткен күйі, басын
көтеріп қонақтарға қарай алмады, лəм-мимсіз тұрып қалды.
Шын досжарлық ниеттегі адамдардың арасында болатын зілсіз əзіл,
сыпайыгершілікпен көңіл көтеру жəне жеңіл əңгімелер аралас думан
тағы да жартты сағаттай уақытқа созылды.
Спартактың достары онымен қош айтысып тарағанда, күн ұясына
батып бара жатты.
Спартак қонақтарды шатыр аузына дейін шығарып салды, олар
ұзаған соң, сол арада тұрып гладиаторлардың үлкен лагеріне көз
жіберді.
Ол ой соңына ілесе тұрып, адамдық қасиеттен айрылған, барлық
келешектен, үміттен ада болған, хал-жайының мүшкілдігімен топас
тартқан бақытсыз елу мың адамды бас-аяғы бір жылға жетпейтін
уақыттың ішінде тік көтерген «бостандық» деген ғаламат сөздің
құдіреттілігін еске алды; бұл сөз олардың зердесінде ерлік,
жангештілік туғызып, өздерінің адамдық қасиетін ұғындырды, сөйтіп
дүние жүзіндегі ең маңдай алды солдат дəрежесіне жеткізді; ол осы
сөздің сиқырлы жəне десбермес ықпалы туралы ойлады; бұл сөз кедей,
жексұрын гладиаторды аса қуатты қолдың алғыр жəне айбарлы көсемі
етіп, оған қандай да болсын бөгде қиыншылықтарды, тіпті
Валериямен арадағы аса күшті жəне ізгі махаббатты да жеңе алатын
қабілет берді. Бұл хорсымбатты аруды ол өзінен жүз есе артық жақсы
көргенімен, оны өз өмірін сарп етпек болған қасиетті істен артық көре
алған жоқ.
Претор Публий Варинийдің екінші рет жеңілуінен соң, Римде
Кампаньядағы оқиғалар жайын шындап ойластыра бастады. Ерлігін,
батылдығы мен тəжрибелілігін жұрттың бəрі ұялып, шамдана
мойындаған адамның басқаруындағы мұздай қаруланған елу мың
гладиатор Кампанья провинциясының кəміл қожасы болып алған еді,
онда кейбір жеке қалалар болмаса, Рим өкіметінің бірде-бір нышаны,
оның беделінің бірде-бір ізі қалдырылмай жойылған болатын; бұл
қаруланған гладиатор Самниум мен Лациумға, демек, Римнің алдыңғы
нығайтылған шебіне елеулі қауіп төндіріп, қалай болса солай жеңілжелпі тиісуге болмайтын аса қаһарлы күшке айналған.
Сондықтан сол жылғы комицияда Сицилия провинциясын басқару,
сонымен бірге гладиаторға қарсы соғыс жүргізу де, претор Публий
Варинийден алынып, халық пен Сенаттың бірауыздан дауыс беруімен
Кай Анфидий Орестке берілді. Бұл жасы қырық қырық бестер
шамасындағы патриций, соғыс ісіндеп өте тəжрибелі адам болатын.
Өзінің ерлігі мен тапқырлығы үшін ол халыққа да, Сенатқа да жағып,
үлкен беделге ие болған.
68І жылдың алғашқы айларында Орест үш легионнан тұратын
күшті қол жинады: мұның бір легионы римляндардан, екіншісі - таза
итальяндардан, ал үшіншісі—одақтастардан далматтар мен
иллириялықтардан жасақталды. Бұл үш легионда жиырма мыңдай
адам болды. Аквинум жанындағы талқандау кезінде бас сауғалап
құтылған он мыңды қосып ала келе, бұл отыз мың адамы бар армияға
айналды. Бұл армияны Орест Лациумда үйретіп тəртіпке келтірді. Осы
армиямен алдағы көктемде Спартакты біржолата талқандауды серт
етті.
Жаймашуақ тамаша көктем келіп жетті, аспан шайдай ашық, ой мен
қыр масатыдай құлпырып, гүл бəйшешек хош иісті жұпардай аңқытып
тұр, əралуан құстар тамылжыта сайрайды, махаббатты сансыз үндер
құлақтан кіріп бойды алғандай. Римнің жəне гладиаторлардың
қолдары Италияның көкорай даласын адам қанымен селдетпек болып:
бірі Лациумнан, екіншісі — Камианьядан шығып қаптап келе жатты.
XV ТАРАУ. СПАРТАК ТАҒЫ БІР ПРЕТОРДЫ ЖЕҢДІ ЖƏНЕ
ҚАТЕРЛІ АЗҒЫРУЛАРДАН ҚҰТЫЛДЫ
Претор Анфидий Орест Норбадан шығып, Аппий жолымен жылыса
отырып, Фунда қаласына дейін барды. Онда келген соң, Спартак өзіне
қарсы келе жатқанын естіді де, сол арадан лагерь ашып, алты мың
адамға жететін қалың атты əскерінің артықшылығын пайдалануға
қолайлы тұрғыны алып жатып қалды.
Арада бірнеше күн өткен соң, Спартак Формияға келді де, ол да сол
арада екі жонның үстіне лагерь құрып, Аппий жолына не бола жатты;
сонан соң жаудың орын тебісін жəне ойын білу үшін өзінің үш мың
аттыларын бастап, олардың лагері тұсына өтті.
Бірақ Спартакпен бұған дейін шайқасып келген қолбасыларды
тəжрибелілік жағынан бірнеше орап алатын претор Анфидий Орест
өзінің айбарлы атты əскерін алып бұған қарсы шықты. Аз уақытқа
созылған жəне шешуші маңызы жоқ айқастан соң, Спартак суыт
шегініп кетіп, Формияға қайтып баруға тиіс болды.
Осындай жеңіл табыспен дестенген дұшпан шабуыл жасасыншы
деп Спартак оны он бес күннен аса күткен еді, онысынан ешнəрсе
шықпады! Оп-оңай қақпанға түсе қоятын Орест емес.
Спартак енді тек ұлы қолбасылардың ғана қолынан келетін
тəсілдердің бірін жасауға белбайлады. Эномайды екі легионымен жəне
атты əскермен лагерьде қалдырды да, өзі басқа сегіз легионды алып
ешбір сыбыссыз түн ішінде тартып отырды; ол өзінің келе жатқаны
туралы
жауға
ешбір
хабар
тигізбеу
үшін
жол-жөнекей
кездескендердің: шаруалардың, балықшылардың, əйелдер мен
балалардың бірін қалдырмай өзімен бірге ала, теңіз жағалай түні бойы
жүрді. Бұдан соң Террацинаға жақын орманнан суыт шерумен өте
шықты да, орманның шетін ала, жаудың көк желкесінен төне, бірнеше
ғана мильдей жақын келіп лагерь құрды.
Спартак өзін орығытып өтіп кеткенін көріп Орест қайран болды,
бірақ ежелден сақ жəне кең толғанымды ол, өрекпіген легиондарын
қалай да тежеп ұстай тұруға тырысты: гладиаторлардың мергендері
Рим лагерінің іргесіне дейін төніп келген шақта, бұған намыстанған
ызалы солдаттар өздерін ұрысқа алып шығуды талап етіп елеуреді.
Спартак жаудың өзі келіп тиісуін сегіз күн бойы күткен еді, бірақ,
онысынан ештеме шықпады: өзіне қолайсыз жағдайда ұрыс ашқысы
келмеген Орест табандап жатып алды.
Гладиаторлардың айла-амалға ұста көсемі бұл халді жəне жер
жағдайының тиімділігін пайдаланып қалуды ойластырды. Бір күні
барлаушылары Анфидий Орестке Терранина орманы жиегіндегі
лагерьден басқа, гладиаторлардың: бірі Фунди мен Интерамна
аралығындағы күшті бекініске, екіншісі — Фунди мен Привернум
аралығына тағы да екі лагері келіп орнап қалғанын хабарлады.
Спартак əдеттегісіндей түн қатып, мейлінше суыт жылыса отырып,
бұрынғы Граник басқарған төрт легионды орағыта Интерамна
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Спартак - 20
  • Büleklär
  • Спартак - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4038
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3994
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2133
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3975
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3976
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2215
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4055
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4115
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2178
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4089
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2307
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3953
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2199
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2265
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4000
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2246
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4008
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3935
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2229
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2051
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3932
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2166
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3953
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2147
    31.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4035
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2072
    31.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3976
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2184
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4084
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2129
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3948
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2139
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3965
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2129
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4012
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2114
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3927
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2157
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3993
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2199
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2047
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3927
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2130
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2114
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 4070
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2109
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 4070
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2212
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3974
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3656
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1938
    24.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Спартак - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 1161
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 767
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.