Latin Common Turkic

Ботагөз - 15

Общее количество слов 3900
Общее количество уникальных слов составляет 2095
35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
57.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
шынысы салынбай жел гулеп тұрушы еді. Өткен қыстың басында бір күні
үскірік суық болып Айбала түнде тоңып қап, содан ауырып еді; ауру
алдында тымау сықылды боп жүрді де, артынан асқындап жөтел пайда
болды.
Балтабекпен бірге Айбала да бойнада жұмыс істеп, сойған малдың
ішек-қарнын аршысушы еді. Сол жұмысты, ол тықылдап жөтелін жүрсе де,
қыстың аяғына шейін істеп, апрель айында жөтел үдеп, төсек тартып
жатты. Сол жатудан əлі бас көтерген жоқ.
Жақсы көретін Айбаланы Балтабек жұмыс арасында ойға-қырға
сүйреді, бақсы-балгердің ат жетеріне апарды. Біреулер малмен қақты,
біреулер шəрдəрілеп емдеді. Бақсы-балгердің неше түрлі еміне сырқат
айықпағансың докторға да көрсетті. Бірақ ешбір ем қонбады. Төсек тартып
жатқаннан кейін еті таралып, тірі əруақ қана бейнесі қалды.
Естіген емінен Балтабектің таба алмағаны: жазғытұрғы жас биенің
қымызына қазы салған тосап ішу.
Айбаланың ауруы меңдей берді. Балтабек оған іштей қайғырады, бірақ
амалы қанша, істер шара жоқ. Ауыр тұрмыста ренішті көңілмен еңбек
атқарып жүрген Балтабек, Итбай құрғызған жала қақпанынан құтыла
алмады. Өтірік пəлемен ол да ұсталды. Оқиға былай болды: бір күні
жұмыстан қалжырап кеп Балтабек баракта ұйқтап жатыр еді:
– Тұр!– деп біреу қаттырақ дауыспен оятты.
– Немене?–деді Балтабек ұйқысы қанбағандықтан ерініп, орнынан
тұрмай, «тұр!» деп жұмысқа оятқан біреу екен деп ойлап.
– Тінтеміз!– деген сөзді естігесін Балтабек көзін ашса, заводтың
компанионы – бай татар – Мұратов баласы, қасында урядник Кошкин жəне
бойнаның десятнигі, понятойға əкелген бірнеше жұмысшылар бар.
– Нені тінтесін?
– Ұрлаған майың бар.
– Тінт!–деді өзі түк ұрламағанын білетін Балтабек. Итбайдың жұмсауы
арқылы заводтағы бір қу, мына келіп тұрған десятникпен ақылдасып, бір
қап шыжғырмаған майды төсегінің астына тығып қойғанын Балтабек
білмеді.
– Мынау не?– деді десятник қапты суырып ап.
– Мен білмеймін!– деді Балтабек таңданып.
– Мə саған білмеген!– деп урядник Балтабекті жақтан қойып жіберді.
Айбала жөтеліп шала ұйқылау жатып, біреудің төсек астына еңкейгенін,
бірдеме тыққан сықылды болғанын сезіп еді де, не екенін білмей, төсек
астында өздерінен ұрланатын ешнəрсе болмағасын үндемеп еді.
– Өздері тықты!–деді Айбала жыламсырап, жөтелге булығып.
– Кім тықты? Не сандалып отыр мынау құрт ауру, ілбиіп өлейін деп
отырған неме!– деп десятник Айбалаға ақырып тастады.
Кошкин: «сен қазнаны ұрлайды екесін!» деп Балтабекті төсегінің
маңында біраз сабап, акт жасап алды да кетті. Балтабек ұсталғанда, Ботагөз
Шортан қаласындағы жеті класты бастауыштан жоғары орыс школының,
алтыншы класында оқып жүр еді. Бурабайдың төрт класты школын Ботагөз
бітіргеннен кейін, одан əрі Балтабектің оқытуға шамасы келмейтінін
Ботагөзді оқытатын учительница көрді. Ол учительница Шортан қаласінікі
еді, Шортанда ауқатты туысқандары тұрады.
Ботагөздің зиректігін, оқуға ынтасын білетін учительница Балтабектің
оны оқытуға шамасы келмейтінін көрді де, Шортандағы туысқандарынан
өтініп, Ботагөзді ақысыз-пұлсыз үйлерінде тұрғызып асырауға көндірді.
Көзден таса болса, Итбай алып қашады деп ойлаған Балтабек Ботагөзді
жібергісі келмей, ол ойын учительницаға айтып еді:
– Қорықпа! деді учительница,– біздің қолдан тартып алуға оның күші
келмейді.
Шортан школының алтыншы класында оқып жүрген Ботагөз,
Балтабектің ұсталғанын естіген соң, шыдап жата алмай үйіне келді.
Балтабектің не себепті ұсталғаны оған аз күнде мəлім болды. Өзін
ағаларының сорына жаралған адамға санаған Ботагөз, көз жасынан өнер
жоғын байқап, ағаларының жолына өзін шалғысы кеп, қамауда жатқан
Балтабекке ас апарғанда: «мені сұраған адамға бер де, пəледен құтыл» деп
етінді. Ол тілегін Балтабек орындамады.
Оқудан шығып келген бетінде Ботагөз консерв заводының конторына,
кеңсе қызметіне орналасып, тапсырылған есеп-қисап жұмысына бастығып
келе жатыр еді, заводтың компанионының біреуі – Андрей Кулаковқа
өтініш етіп, Итбай ол қызметінен шығартып тастады.
Темірбек Ирмовтың алтын прискасында жұмыста еді. Ұлберген соның
қолында. «Балтабекке ерте енші алғызды» деп Ұлберген Айбаламен
өкпелескен еді. Артынан татуласқанмен, бірін-бірі сырттан сыйлап,
аралары тым қабыса қоймайтын.
Шешесі Ұлберген мен жеңгесі Айбаланың арасындағы бұл
салқындықты білетін Ботагөз, Балтабек ұсталған соң, Айбалаға
«Темірбекке кешейік» демеді. Кеңсе қызметінен шыққасын, ауру Айбаланы
ренжіткісі келмей, басқа кесіп таба алмаған соң, бойнада сойылатын
малдардың ішек-қарнын аршысу жұмысына түсті.
Школдан шығып, қара жұмысқа түскенмен Ботагөз оқудан қол үзбеді.
Оның аса құмартып оқитыны орыстың көркем əдебиеті еді. Жұмыстан
қолы босаса-ақ ол, романдарға үңіледі де жатады. Ол, əсіресе ғашықтық
темасына жазылған романдарды кеп оқиды. Сол романдардағы геройлар
мен героиналардың тұрмысынан ол Асқар мен өзінің тұрмысына ұқсас кеп
жағдайлар ұшыратады.
Петербургтен қайтқан Итбайдың жариялауынша: «алтын көрсе періште
жолдан тайып», Асқар «шайтанның азғыруымен Петербургте жуликтерге
үйір боп, банкіні таласып, содан абақтыға алынды; атылғаны, асылғаны,
жер аударылғаны мəлімсіз».
Міне оған үш жыл. Хабар келе ме деп Ботагөз күн сайын күтеді. Берген
уəдесі, айтқан сөзі болмағанмен, ішкі сезімін кез қарасы арқылы ұқтырған
Асқар Ботагөздің көз алдында елестейді де тұрады. «Апыр-ай,– деп ойлады
Ботагөз,– жаны жалған жігіт сықылды емес еді, мен оны дүниедегі ен,
сенімді, ен, таза жігіттің біреуі ме деп ойлайтын ем. Сенімім мені неғып
алдады? Əлде, тірі емес пе екен?»
Асқардың Ботагөзде суреті бар. Сурет тірі Асқарға тамаша ұқсаған.
Ботагөз суретті Асқарды сағынған кезінде алып қараса, барлық ішкісыртқы қасиеттерімен Асқар көз алдына келеді. Ол суретке Ботагөздің
ыстық жасы талай тамып, талай кепті.
Сол қайғының бəрінен Ботагөзге қазір ауыр боп тұрған нəрсе –
Айбаланың ауруы. Жанындай жақсы көріп кеткен қадірлі жеңгесінің
сырқаты Ботагөзге қатты батады. Бұрын өлім көрмегенмен Ботагөзге
Айбала күн сайын көр аузына бір адым жақындаған сияқтанады. Күн
сайын еті қашып, күн сайын жөтелі күшейіп барады. Қазір міндеті кісіде.
Өз бетімен басын көтеруден қалуға да жақын. Біраз күннен бері арық
қалпына кеш болса терлеп, сүлдері құрып қалатын болды. Орын тар.
Айнала қаптаған тақтай – төсектер. Үйдің іші дымқос, ауасы сасық, оның
үстіне жаз шықса да ішінен ызғар кетпейтін бірдеме.
Балтабек ұсталғаннан бері Айбала тіпті нашарланып кетті. Ботагөз оны
өліп қала ма деп, күнде зəресі ұшады. Бірақ, жұмысқа бармауға болмайды.
Ерте кетеді, кеш келеді. Келе жатып Айбала өліп қалды ма деп жүрегі тас
төбесінен шығады. Шаршап келгенмен түні бойы жəне дамыл көрмейді.
Айбаланың ың еткеніне оянып кетіп, сусын беруге, жөтелгенде басын
сүйеуге, қақырығын сүртуге ерінбейді де, жеркенбейді де.
Айбала «жұмысқа бармай-ақ қой!» дегенмен, Ботагөз ұйқысын
ашқасын, Айбаланың сусынын беріп киіне бастады.
Əлгінде жұмсақ қараған Айбаланың көзі тағы да өткірленіп, Ботагөздің,
өңменінен өтіп кете жаздады. Бүгін түн Айбала недəуір ауырлап шықты,
бірақ оны Ботагөзге айтқан жоқ еді. Ботагөздің көзі іліккен кезде тынысы
тарылып, қысылған сықылды болғанда да, шошынар деп айтқан жоқ еді.
«Бақұл бол!» деген соз кеп қалды Айбаланың аузына, Ботагөз
Айбаланың қасына көжеден істеген сусынды қойып, қасындағы бір
кемпірге тапсырып, киініп шыққалы жатқан-ды. Бірақ айтпады. Басқа
күндерде мұндай ой түскенде, Айбаланың көзінен жас еріксіз бұршақтап
ағылатын еді. Бұл жолы жүрегі жылағанмен, көзі жыламай жасы кеуіп
қалған сықылданды. Айбаланың қадала қарағанына іші уылжыған
Ботагөздің аржағынан көзіне бұлақтай тасып келген жасына, «сырқат кісіні
шаршатпайын» деген ой тоған боп, жібермеді. Ол жасты Ботагөз есіктен
шыға бере ағытты.
2
Жалы үкінің ұлпа қанатындай желпілдеп, күмістей жылтылдаған,
сынаптай толқып, ауыздықты сүзіп, ұршықтай үйірілген, оқтаудай жарау
көкала атты салт мініп, ауылдан шоқыта шыққан Бүркітбай бір қырдың
астына түскенше, артынан кезін алған жоқ.
«Бүке!– деген еді оған аттанарда Итбай,– уəде солай ғой?»
«Солай!»
«Осы сынымнан өтсең... аржағын несін айтайын!»
Артына қараған Бүркітбайдың көзі Итбайда. Неге екенін білмейді,
Итбай манағы аттандырған жерден Бүркітбай қыр асқанша қозғалған жоқ.
Ол күні күн бұлт, жел Бурабай жақтан жəне аздап сіркіреп тұрған
жаңбыр бар еді. Бұлт түріне қарағанда кешке қарай ақ жаңбыр боп кету
қаупі бар.
Қыр асып, атының басын тежеп, елірген атты еріксіз шерте аяңдауға
түсіргеннен кейін, Бүркітбай алқынған сықылданды. «Аттанарда қымызды
бекер осынша кеп ішкен екем, жүрегім көтеріліп кетпесе не қылсын?» деп
ойлады ол.
Атты біраз аяңдатып, езі тыныстағандай болғанмен жүрегінің қобалжуы
басылған жоқ. Құсқысы келгендей өрекпіді де отырды. «Апыр-ай, бұл
несі?»
Жан-жағында адам көрінбей, өрекпіген жүрегін баса алмай келе жатқан
Бүркітбайға Асқардың қоштасқанда айтқан сөзі түсті.
«Бүркітбай!–деген еді Асқар оған айрыларда, қоштасып тұрып.– Сен
сырыңды айтпай «етіп барасың. Сыр айтпадың деп менің саған істер
қастығым жоқ жəне ол қастық, шынымды айтқанда, қолымнан келмейді де.
Мен сенде ар-ұят, жігітшілік намыс жоқ деп ойламаймын. Ол сенде бар.
Бірақ сен күнің, үшін кейде арыңа ауыр тиетін іске кірісесің. Ботагөз
туралы сен шыныңды айтпай барасың. Айт, деп мен енді саған
жалынбаймын да. Жалынғанмен айтпасыңды көріп отырмын, Тұяқ
балаларының түгел «ұры» болуында бір мəн бар ғой деп ойлаймын.
Ботагөз туралы да сен маған өтірік айттың. Осында бір мəн бар. Жалғыз
жанын, бар жігітсің. Ар-ұятына тапсырамын. Қайтарда тағы соғам. Қазір,
айтпағанмен, егер иненің жасуындай ұятың болса, сен менен қайтқанда
сыр жасырмауға тиістісің!»
«Рас айтам!» деп сыр бергісі келмеген адам сықылданса да, Асқардың
бұл сөзінің əрбір қарпы Бүркітбайдың арына инедей қадалып, жанын удай
ашытты.
Қыз алып қашу Бүркітбайдың өміріндегі ен, бір қызық ісі еді. Сол
маңайда қыз алып қашатын кісі болса, Бүркітбайды ертіп апармайтыны
болмайтын. Қыздың үй ішін байлап тастау, қарсыласқанын сабау, қызды
үйден сүйреп алып шығу, салт болса алдына өңгеріп алу, арбалы болса өзі
құшақтап ұстап отыру – Бүркітбайға аң аулағандай қызық көрінетін.
Итбайдың тапсыруы бойынша, Ботагөзді алдағы түнде алып қашуға
шыққан Бүркітбай бұл жолы бұрынғысындай құмарлана қойған жоқ. Арұятына тапсырып кеткен Асқардың сөзі есіне түскенде – жүрегі
батылдықтан айни берді.
«Енді не істеу керек?» деген сұрау тұрды оның көз алдында.
Ар-ұяты оянған Бүркітбай біраз ауыр ойға шомылғаннан кейін, денесі
күнəдан тазарғандай боп, «бұл қызды осы зорлықтан құтқарсам қайтеді?»
деген ойға келді. «Құтқару керек!»–деді ол дауысы шығып.– Бірақ қалай
құтқару керек?»
«Қалай құтқару» торынан бұлқынып шыға алмай келе жатқан
Бүркітбайға тордың, қыл бауларын бір уақытта біреу кеп үзген
сықылданды.
«Ол кім?»
– «Ол – Амантай».
Жуырда «Амантай қашып кетіпті, мекені Бурабай тауының қалың
қарағайының ішінде» деген қауесет шыққан. Аттанардан бір күн бұрын
Бүркітбай Итбайға бұл қауіпті айтқанда:
«Уа, қойшы!– деген Итбай,– бұрын мұндай емес ең, саған бұл
қорқыныш қайдан сап боп жүр? Əлде қызды алып қашуға барғың келмей
ме? Қорықсаң барма!»
«Жай айтам,– деген Итбайдың зілді қарасына шыдай алмаған
Бүркітбай,– мен қыз алып қашудан қашан бастартып ем. Жүз Амантай
жолда тұрса да, жалғыз өзім əкелейін».
«Əй ерім, солай деші!» деген Итбай арқаға қағып.
«Сол Амантайға хабар айтсам қайтеді?– деп ойлады Бүркітбай,–онда
кінə менен ауады. Кеше айтқам деймін. Егер Амантай қызды арашалап
алып қалса, мен бір қарғыстан аман болар ем. Естісе-ақ Амантай жанын
салады. Қызды одан басқа қорғар кісі жоқ. Асқардың да қорғауға əлі
келмейді. Ендеше, Амантайға қалай хабарландырам?»
«Лесник Березкиннің үйіне түсіпті деген сөз бар еді,– деп ойлады ол,–
жолда ғой, соға кетейін. Мүмкін расын айтқызармын?»
Осы ойдан кейін Бүркітбайдың өкпесі қысуды қойды. Кеудесін кере
демін еркін алды. Əлгінде бетке түкіргендей боп тұрған жаңбыр, енді
күнəңнен арылдың дегендей басылды. Мана денесін қорғасындай
ауырлатқан ой, енді денесінен түскендей боп, таң асқан аттай бойы
жеңілденіп сергіді. Сондықтан, ол атты тебініп жіберіп, Березкиннің үйіне
шоқытып тартты да кетті.
Жолдан азғана .бұрыстығы бар Березкиннің үйіне Бүркітбай жетіп кеп,
терезесінен:
– Əй тамыр, шығып кет!– деп айқай салды.
– Не керек?–деді Березкиннің əйелі Марфа шығып.
– Обияшик қайда?
– Бурабайға кетті.
– Неге кетті?–деді Бүркітбай орысша «əкеттіге» түсінбей.
– Урядник əкетті.
– Урядник неге əкетті?
Марфа сөйлескісі келмегендей үйіне қарай жүре берді.
«Мынау неге томсырайып жүр?–деп ойлады Бүркітбай ішінен.– Өзі
жылаған-ау деймін, зады, көзі ісіп кеткен жəне қып-қызыл».
Қақырынған дауысқа Бүркітбай жалт қараса, 15-тер шамасындағы бала
екен, орыс.
– Саған кім керек?–деді бала таза қазақ тілімен.
– Обияшик.
– Оны урядник алып кетті.
– Неге?
– Қашып жүрген қазақ, үйіңе келді, сен тықтың, тауып бер дейді.
– Кім ол қашқан қазақ?
– Білмеймін.
Жасырғанын кескінінен сезген Бүркітбай баланы алдағысы келді. «Егер
Амантай болса кескіні маған ұқсайды, мен інісі едім дейін!» деп ойлады ол.
– Сен мені білемісің?– деді Бүркітбай балаға, атынын, жалына таянып,
еңкейіп.
– Жоқ.
– Білмесең мен сол қашқан қазақтың інісімін. Əдейі жасырынып біле
келіп ем.
– Но!– деді бала күдіктене қарап, сенбеген дауыспен, кетуге айналып.
– Менің кескініме қарашы!–деді Бүркітбай, баланы жауырынынан ұстап
жібермей,– ұқсаймын ба мен, сол қазаққа?
– Ұқсайсың,– деді бала, Бүркітбайдың кескініне қадала қарап тұрып.
– Енді не, сенбей тұрғаның?
Бүркітбай балаға Амантайдың, кескін-кейпін, ұсталған себебін айтып
еді, баланын, көмейі босай қалды.
– Айт, жасырма, маған керек еді, əдейі іздеп келдім,– деді Бүркітбай
балаға шұқшиып.
Баланың балапанның қауырсынындай қатпаған қайраты Бүркітбайдың
арбауына шыдамады. Бала шынын айтып қойды.
– Білем,– деді бала аздан соң, «бұл сөзді неге айттым?» деп өкінгендей
бетінде қан ойнап.
– Анау күні келгенін өзім де көргем,– деді Бүркітбай балаға,– сіздің
үйге онда қонып кетті ғой, мен өзім осы араға əкеп салып қайтқам. Кеше,
не бүгін келмек еді, осы араға. Келді ме?
– Келген жоқ.
– Келем деді ме?
– Жоқ.
– Ендеше, олар жақын жерде, осы маңда боламыз деп еді. Сен мені
сонда алып бар.
– Мен білмеймін.
– Білесің сен. Маған сені біледі деген, ақша берем өзіңе. Жүр, алып
жүр!
– Білмеймін!–деді, не қыларын білмей сасқан бала.
– Ендеше, маған түсіндіріп айтып жібер. Жатқан орнымызды сен біледі
деген. Өзім тауып аламын. Жобасын айтсаң, ақша беремін.
Бүркітбай қалтасынан күмəжнигін алып үш сом суырғанда, бала
ақшадан қорыққандай қашайын деп еді, Бүркітбай жауырынынан ұстай
алып жібермеді. Бала тырмысты, жылауға айналды.
Бала шынын айтпайтынын көрген Бүркітбай, енді қорқытқысы келді.
Ол арада Березкиннен басқа естияр еркек жоқ. «Ағаштың ішіне алып
қашып кетейін,– деп ойлады Бүркітбай,– азар болса бақырар. Қуатын кісі
жоқ, онда маған не істейді?»
Сол ойға келген Бүркітбай «айт шыныңды!» деп баланы қыстап, бала
айтпаған соң қарулы қолымен баланы жерден тулақтай жұлып алып,
шапшаң, атпен үйдің сыртындағы қалың ағашқа шоқытып кіріп кетті.
Көтере жөнелгенде баланың дыбысы шығып еді:
– Өлтірем!–деді Бүркітбай ағаштың қалын, ішіне кіріп алғасын,–
шығарма дыбысыңды!
Бала Бүркітбайдың, кескініне қараса, түсі өте суық екен.
– Жыламасаң тимеймін,– дегесін, зəресі ұшқан бала, тым-тырыс қоя
қойды.
Баланы біреу алып қашқанын көрген Марфа үйінен бақыра шығып еді,
қайда кеткенін таба алмай, «Сашка-а!» деп ағашты жаңғырықтырып,
айқайлап сол маңда жүрді.
Бүркітбайдың кісесінде қынға салған пышақ жүруші еді:
– Көрдің бе мынаны!– деді ол балаға пышағын көрсетіп,– шыныңды
айтпасаң бауыздаймын. Бала енді тіпті қорықты.
– Айтайын, аға!–деді ол, кескіні құп-қу болып, денесі дір-дір етіп.
– Айт! Айтсаң босатам.
Амантайды бала біледі екен. Урядник Березкинді əкеткеннің артынан
біраздасын Амантай келіп, Кошкинді қуып жете алмай қалған екен.
Бұдан кейін бала Амантайға баратын жолды, қай жерде, қандай белгісі
бар таста жатқанын айтты.
– Мен рас айтам,– деді Бүркітбай баланы босатып,– Амантайдың
інісімін. Бірақ сен мені көрдім деп ешкімге айтпа. Шешең: «кім?» деп
сұраса: «білмеймін!» де. «Неге əкетті?» десе: «ойнады» де. Мен осы арадан
кетейін. Егер айтсаң, бір күні түнде үйіңе келіп бауыздап кетем, ұқтың ба?
– Ұқтым!– деді бала денесінің дірілдегені басылмай.
– Бар үйіңе!– деп, баланы босатқасын, мəуесі салбыраған, жасыл
желекті, күмістей ақ, қолдың саласындай жиі қайыңның арасына Бүркітбай
атын тебініп жіберіп, сүңгіді де кетті.
3
Камчаткадан қашып келгендегі Амантайдың «егер қуғын болса
тығылам» деген жері: Жөкей көлінің ығындағы Меңіреу атты қалын,
қарағай еді.
Меңіреуді «Меңіреу» деп атайтын себебі: оның қарағайлары арасынан
атты кісі жүре алмастай жиі діңгегі құйған шамдай тік, басына қарағанда
бөрік түсетін аспанмен таласқан биік.
Қарағайдың ұшар басына ғана шоқталып шыққан жасыл инелі бұтақтар
қол шатырдың, төбесі сықылды. Сол шатырлар біріне бірі иін тіресе
тұрғандықтан, қандай ашық күндерде, қарағайдың түбіне күн сəулесі
түспейді. Қарағай арасы бұлтты күндей күңгірттенеді де тұрады. Жəне бір
ғажабы: маса, сонасы көп болатын Көкшетау жағының жазында,
Меңіреудің ішінде бір масаның, не бір сонаның ызыны естілмейді. Онымен
Меңіреудің іші тым-тырыс емес. Қарағайлардың ,биік басына жиі ұя салған
қара қарғалар, жұмыртқасын шағып ішетін, я балапанын іліп əкететін:
ителгі, қаршыға, лашын, қарақұстармен шарылдап төбелеседі де жатады.
Қашан қар түсіп құстар сирегенше, бұл соғыс ала жаздай арылмайды.
Айнала отырған елдің көбі Меңіреудің ішінде не барын білмейді. Білгісі
келгендердің біразы жолын тауып жүре алмайды. Сондықтан, ішін
араламағандар: «перінін, ойнағы бар» дейді, «аюдың апаны бар» дейді
деген сықылды ертегілер жасап алады. Құлақ естір заманнан бері ол
маңдағы елден Меңіреуді бірінші рет толық кезген Амантай.
Каторгіден қашқаннан кейін бірден бірге амалдап жылжып келген
Амантай, Омбыдан еліне беттеген жолында, жолдағы елдің бір байының
жылқысынан ат ұрлап мініп, тартып отырып, бір түні іңірде қыстауына
келді.
Жер жобасымен келген Амантай, қыстауының орнына жеткенде өз
көзіне өзі сенбеді: ұзындығы екі шақырымға созылған кең көшелі, үйлері
жыпырлаған қала!
«Апыр-ау, ,қала түсіп қалған ба? Ауыл қайда кетті екен?» деп ойлап
көшеде аяңдап келе жатқан оған, салт атты қазақ жолықты. Амандаса келе,
ол қазақ Амантай ауылнікі болып шықты.
– Бұл қала қашан түсті?– деді Амантай ауыл адамына аты-жөнін айтпай.
– Амантай дейтін басшы адамымыз болатын еді. Сол кісі болысқа қарсы
кеп, өтірік жаламен жер ауып кетті. Болыс Амантайға өшігіп, жерімізді
пірселенге əдейі алдырды.
– Амантайдан хабар жоқ па?
– Өліп қалды ма дейміз. Хабар жоқ. Көп болды.
– Қош!– деп Амантай жүріп кетті.
«Қайда бару керек?» деп ойлағанда Амантайдың тапқан жері орман
күзетшісі Березкиндікі. Мұның онымен аздап тамырлығы болатын. Өткен
қыстардың біреуінде Березкин қыс бойы ауру болып, үй іші қатты
жүдеушілікке ұшырағанда, бүркіт салып жатып Амантай қоян етімен оның
үйін бір қыс асыраған. «Бұл жақсылығыңды өмірі ұмытпаспын!» деген
Березкин.
Амантай Бурабайда қамауда жатқанда, Березкин бір-екі рет ас апарып
та берген.
Березкиннің үйі қалың ағаштың ішінде. Іргесінде тақалған тау. Баспана
жер көп.
«Басқаның көзіне көрінбей барсам, неғып аз күн сақтамас екен?–деп
ойлады Амантай, қаладан шоқытып шыға беріп,– орыс та болса дəмдес
болған адам, оған расымды айтайын».
Березкин Амантайды көңілдегідей қарсы алды. Амантай шынын айтып
еді:
– Жаздай жат, осында,– деді Березкин.– Тамақ бар. Қалың ағаштың іші.
Жан көрмейді.
Амантай бір жаққа аттанып қайтып келсе: «Амантайды тап» деп қысып,
«таба алмаймын» деген соң Березкин ұсталып, Кошкин Бурабай қаласына
алып кетіпті. Содан кейін, ол: «ауыл не боп жатыр екен» деп хабарланса,
урядник Амантайды тап деп қысқан соң, біраз жігіт қашып тауға
тығылыпты. Амантай соларға .қосылды.
Күндер оза, Амантай тобы көбейе берді. Бұл топ алғашқы күндері
қазақтан ғана құралса, кейін оған орыстар мен татарлар қосыла бастады.
Сөз түрлеріне қарағанда, олар «солдаттан қашып жүргендер». Үйренісе,
сөйлесе келе байқаса, патша үкіметіне, оның соғысты қолдау саясатына
қарсылары көп, солардың, ішінде ерекше көзге түскен адам, аузы мен иегін
қалыңдап шыққан сақал, мұрт жапқанмен, кескін-ажары гүлдей жайнаған
орыс жігіті, аты – Петька, фамилиясы – Гроза. Өзінің баяндауынша ол екіүш жыл соғысқа қатынасып, əлденеше рет жаралы болған. Соңғы жарасы
жазылғаннан кейін, соғысқа енді барғысы келмей қашқан, Амантай тобына
со бетімен кеп қосылып отыр.
Сырласа келе Амантай мен Петька тез ұғысты: каторгада жүрген
кезінде, Амантай орыс большевиктерімен кездесіп, олардан революциялық
ұғым алған. Кəзір ол, патша үкіметін құлатпай, еңбекші көпшілікке атар
таң жоғын жақсы біледі. Петька да сол ойдағы адам боп шықты. Бірақ оның
ойы Амантайдан əлдеқайда терең, оған бас себеп – Амантайдың
оқымағандығы, Петька Грозаның сауаттылығы. Сөз əлпетіне қарап,
Амантай оны «ең білгіш адам осы шығар» деп қалады. Патша үкіметін,
оның сүйеніші – капиталистер мен помещиктерді серіктеріне еппен
таныстыра отыра, «не істеу керек?» деген сұрауға ол тура жауап бермей,
«оны жағдайға қарай көрерміз» дейді. Топтың қатары күн санап көбейе
түседі, «не істеу керектің» кеңесі ұлғая түседі...
Топ сондай бір қызу кеңестің үстінде отырғанда, бір салт аттының басы
қылт ете түсті.
– Ойбай!–деді біреу ұша түрегеліп,– келіп қалды!
– Отты сөндір!–дегесін біреуі қазанда асулы тұрған етті сорпасымен
төңкере салды.
Оларда қос жоқ еді. К,осы жапырақтан істеген көлеңке еді. Өзге
жігіттер сасып қап, ағаш-ағаштың тасасына, тас-тастың қуысына еңбектеп
бытырағанда, Амантай қостағы шиті мылтығын қолына ала, қостың
қасындағы тасқа жасырына қойды.
Жолдағы бұтақтарға, тастарға сүріне аяңдап, елегізіп үркіп келе жатқан
аттағы адамның Бүркітбай екенін, тастан сығалап отырған Амантай айқын
көрді.
«Ə, иттің баласы!–деді Амантай ішінен,– жыландай жылмаңдап,
қойынға кіргің келе ме? Ол болмас!»
Бүркітбайды көзінің тұсынан ала шитімен болжаған Амантай,
мылтықтың құлағын қайырып, нысанасын анықтап сығалап алып, тілін
тартып қалуға оң қолының үсік саусағын апара берді де:
«Атпай тұра тұрайын,– деп ойлады, қолын бөгеп,– артында адамы бар
шығар, байқайын».
Бүркітбай күрке қылған жапырақтың қасына кеп, төңкерілген қазанды,
шашылған етті, əр жерде жатқан киімді к,арап тұрып, үріккен атын еркіне
жібермей:
– Амантай!–деді дауыстап,– əй, Амантай! Жасырынба, шық бері! Мен
жалғызбын. Қорықпа, айтатын сөзім бар.
«Қара, қулығын!– деп Амантай мылтықты тартып қалуға бір тұрды да,–
қанына ортақ боп қайтем шіркіннің, əуелі неге келгенін білейін, күні үшін
жүрген жалғыз жігіт қой?» деп басын көтеріп, мылтығын көлденен, ұстап
шыға келді.
– Атып тастай жаздаған екенсің ғой,– деді Бүркітбай именбей,– əуелі
амандасайық, салаумағалайкем!
Амантай «əликсəлем» деген жоқ. Күдікті кезбен тесірейе қарады.
– Сен мені не пəлемен келіп түр деме,– деді Бүркітбай атынан түсе
беріп,– қуғынмен кеп тұрғам жоқ, артымда кісі жоқ. Қорықпа. Өзің аман
келдің бе?
Əлі де сыздана қарап амандаспаған Амантайдың қасына кеп, Бүркітбай
жүрген жол мəнісін қысқаша айтты.
– Ə, солай ма?– деді Амантай жұмсаңқырап.
– Солай, отағасы. Құйысқанға қыстырылған нəжістей, жүрген жерімді
Итбайдың тіліне ерем деп былғап болып ем, енді осындай бір ерлік істегім
келді.
«Бұл кім?» деп сығалап отырған Амантайдың серіктері Бүркітбайды
көргесін тегіс жиналды. Бүркітбай сырын енді молырақ ақтарып, Ботагөз
үйінін, хал-жайын, Асқардың жайларын баяндады.
– Менің ұзақ тұруға уақытым жоқ,– деді ол.– Мен қазір кетем де,
Ботагөзді алып қашу жабдығына кірісем. Оны істемеуге амалым жоқ.
Ботагөзді құдайдың қол астында, Амантай, сенен басқа арашалап алатын
пенде жоқ. Менің саған айтарым: Ақшоқы мен Ақсақсары тауының ана бір
жол айырылатын кезеңінде таңға жақын тосыңдар.
– Қай батыр еді? Осы елдің бір батыры айбалтамен шауып таңба түсірді
дейтін ана бір тот басқандай сарғайған жолдың езуіндегі ақ тастың маңы
ғой? Жол сол арадан айрылатын,– деді Амантай.
– Үстінен түстің. Нақ сол. Бірақ, Амантай, саған айтарым: қыз алып
қашатындардың ішінде Итбайдың баласы Ерғазы да бар. Сен ашумен оны
жазым қыла көрме. Қызды ғана айырып алып қал. Кім айырып алып
қалғанын білмеген болайық. Сенің қашып келгеніңді Итбай естіді. Бірақ
сен деген ой оған келе қоймас. Келсе келе берсін. Бірақ жаны қатты
ауыратын іс қылма. Арты неге соғарын кім біледі. Екі арада шыбын өлер
деп мен қосақ арасында бос кетіп жүрмейін.
«Осы, алдап, қолға түсіргелі жүр ме?» деп ойлаған Амантай, «жарайды»
деп уəде берген жоқ.
– Ендігісін өзің біл,– деді Бүркітбай аттана беріп,– мен айтарымды
айттым. Қызды алдымыздағы түнде, таңға жақын əкетеміз. Егер жол тосып
айырып алмасаң, жиенін, ертең Итбайдың қатыны. Менен күдіктеніп, бұл
арадан сырғимын демеңдер,– деді Бүркітбай, жөнеле беріп қайта оралып,–
құй сен, құй сенбе, Амантай. Менің көңілім тап осы жолы адал.
Сенер-сенбесін білмеген Амантай, қалың жапырақты ағаштың ішіне
сіңгенше Бүркітбайдан көзін алған жоқ.
4
Заводқа ең жақын деген ауыл үш шақырымдай жерде еді. Соған
Бүркітбай күн құлай барса, одан кейін шыққан Ерғазы мен қасына ерген
төрт-бес жігіт бұрын жетіп, ішіне Қожантайды алып, ауыл сыртында
кеңесіп отыр екен.
– Орта толсын-ақ!– деді Бүркітбай түсе ғап, атын шылбырынан ұстай,
бір жақтарынан отыра кетіп.
– Е, сен неге кешіктің мұнша?– деді Ерғазы.
– Қымыз шала ашыған ба, немене? Əлде аш өзекке ішкендік пе?
Таңертең оразамды қымызбен ашып ем, жолшыбай ішім ауырып, оның
үстіне мынау бір үсті тиышсыз ат екен, жортақтаса ішімді түйіп, содан
жолда дəретке отырып ем, ат бірдемеден үркіп, шылбыры қолымнан
шығып кетіп айрылып қап, атым қашып кетіп, шылбырына оралып көп
əуре болып, зорға ұстап алғаным!..
«Өтірігім белгісін бетім білдіріп тұр ма?» деп Бүркітбай қынжылып еді,
басқалар оны аңғарған жоқ.
– Атыңды ұстасаң оқасы жоқ,– деді Қожантай.
– Ал, не бітірдіңдер?– деді Бүркітбай сөзді басқа жаққа бұрғысы кеп.
– Бəрі даяр,– деді Қожантай.
– Е, айтшы, қалай?
– Бір барақта тұратын бірер жігіттермен уəделестім. Ақша бермек
болдым. Шығарып береді. Бірақ жеңгесі өте нашар жатыр екен, құрғырдың.
Екі күннен бері аяқ-қолына ісік пайда бопты дейді. Құрт ауру ғой. Іскесін
мал болмайды. Көк көтеріле, шөптің буыны қата, құрт аурудың өлетін əдеті
емес пе?
Бір қатын өлді деп біз өлеміз бе?– деп Бүркітбай,– əдейі аттанғасын,
өлсе де қарамаймыз.
Əрине,– деді Қожантай ықласымен,– солай етеміз.
– Қыздың өзіне құлаққағыс қылған жоқсыңдар ғой?
– Жаңа ғана келдім,–•деді Қожантай,– қыз бойнаның басында. Ішекқарын аршып жүр. Жеңгесі нашарланғаннан ба, немене, екі көзі бұлаудай.
Жылап жүргесін, сөйлесіп көр дегендерім бата алмады.
– Үйінен қалай алып шығатын болдық?
– Таң қараңғысында еркек атаулы жұмысқа кетеді. Сол кезде кіреміз де
алып шығамыз.
– Анау күні осы барак,тан мынау Қадыр елінің жігіттері қыз алып
қашам деп келіп, еркектер жоқта, ылғи қатын жабылып бермей ғап, масқара
боп қайтты деп естіп ем. Оны айтуға ұмытып кетіппін. Ішіндегі кейбір ежет
қатындар зорлық қылайын деген жігіттерге пышақ, балта ала ұмтылып
жарып тастай жаздапты.
– Мынасы бір сұмдық десейші!– деді Ерғазы үрейленіп,– бізге де соны
істейді, онда.
– Істей алмайды!–деді Қожантай.
– Істей қалғанда қайтеміз?
Ерлік белгі көрсеткісі келгенмен Қожантайдың өзі де ойға қала бастады.
«Қызды алып қаша алмасақ қалай болады?» деген ой келгенде, кешеден
бері қолыма қонып болды деген «кəнделеттіктің» бақыт құсы, бауын
сыпырып қашқан тəрізденді. «Жоқ,– деді Қожантай ішінен жігерленіп,– ол
болмайды, қызды алып қашпай қоймаймын!»
– Қатыннан қорқатын біз қатынбыз ба?– деді Бүркітбай.– Қатынға
қалған сөзді маған берші! Мың қатын жабылса да жалғыз өзім алып
шығайын.
– Қатынның бетін аулақ қылсын де,– деді Ерғазы Бүркітбайға,–ол
кəпірлер шындаса еркектен кем қимылдамайды. Былтырғы Бектұрдың
жесірін алып қаша барып, жалғыз қатынға дыңдай төрт жігіт əлдері келмей,
қызды ала алмай, шекеңді ісіріп келгеніңді білемісің?
– Соқ өтірікті?–деді Бүркітбай мойындамай,– қашан?
– Қашар сиыр бұзаулағанда!..
– Көлденең сөз не керек?–деді Қожантай,– істі кеңесейік. Қатындар
болысса жұмысымыз қиынға айналатыны рас. Онда басқа амалын
қарастыру керек.
– Не амал?
Барақтан біреу алдап алып шықса, қағып алып жүре береміз ғой. Кəзір
ас даяр шығар. Астан кейін тағы ақылдасайық.
Жігіттер мен Қожантайға еріп Бүркітбай аналардың түскен үйіне келсе,
үй ішінде бір қазан сүр қайнап тұр. Үй иесін Бүркітбай білетін еді: орта
жасты, тоқ дəулетті, қонақ түскіш бір момын адам.
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Ботагөз - 16
  • Части
  • Ботагөз - 01
    Общее количество слов 3875
    Общее количество уникальных слов составляет 1990
    36.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 02
    Общее количество слов 3835
    Общее количество уникальных слов составляет 2043
    36.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 03
    Общее количество слов 3843
    Общее количество уникальных слов составляет 2116
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 04
    Общее количество слов 3808
    Общее количество уникальных слов составляет 2017
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 05
    Общее количество слов 3894
    Общее количество уникальных слов составляет 2042
    34.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 06
    Общее количество слов 3848
    Общее количество уникальных слов составляет 2153
    33.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.7 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 07
    Общее количество слов 3837
    Общее количество уникальных слов составляет 2123
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 08
    Общее количество слов 3863
    Общее количество уникальных слов составляет 2003
    35.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 09
    Общее количество слов 3912
    Общее количество уникальных слов составляет 2050
    37.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 10
    Общее количество слов 3931
    Общее количество уникальных слов составляет 2112
    35.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 11
    Общее количество слов 3906
    Общее количество уникальных слов составляет 2051
    36.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 12
    Общее количество слов 3799
    Общее количество уникальных слов составляет 1988
    34.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 13
    Общее количество слов 3882
    Общее количество уникальных слов составляет 2197
    34.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 14
    Общее количество слов 3932
    Общее количество уникальных слов составляет 2200
    35.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 15
    Общее количество слов 3900
    Общее количество уникальных слов составляет 2095
    35.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 16
    Общее количество слов 3886
    Общее количество уникальных слов составляет 2023
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 17
    Общее количество слов 3916
    Общее количество уникальных слов составляет 2124
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 18
    Общее количество слов 3875
    Общее количество уникальных слов составляет 2066
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 19
    Общее количество слов 3964
    Общее количество уникальных слов составляет 2060
    36.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.2 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 20
    Общее количество слов 3874
    Общее количество уникальных слов составляет 2125
    36.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 21
    Общее количество слов 3934
    Общее количество уникальных слов составляет 2108
    36.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 22
    Общее количество слов 3807
    Общее количество уникальных слов составляет 2017
    34.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 23
    Общее количество слов 3701
    Общее количество уникальных слов составляет 2061
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    53.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 24
    Общее количество слов 3805
    Общее количество уникальных слов составляет 2129
    32.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    46.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    54.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 25
    Общее количество слов 3901
    Общее количество уникальных слов составляет 2145
    34.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 26
    Общее количество слов 3808
    Общее количество уникальных слов составляет 2103
    33.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    48.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 27
    Общее количество слов 3985
    Общее количество уникальных слов составляет 2063
    36.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    51.1 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.9 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 28
    Общее количество слов 3944
    Общее количество уникальных слов составляет 2001
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 29
    Общее количество слов 4005
    Общее количество уникальных слов составляет 2142
    35.6 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    57.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 30
    Общее количество слов 3880
    Общее количество уникальных слов составляет 2028
    34.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    49.3 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    56.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 31
    Общее количество слов 3818
    Общее количество уникальных слов составляет 1962
    37.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    60.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 32
    Общее количество слов 3979
    Общее количество уникальных слов составляет 2086
    34.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    50.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    58.3 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Ботагөз - 33
    Общее количество слов 1885
    Общее количество уникальных слов составляет 1150
    38.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    52.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    59.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов