Latin Common Turkic

Біз осы не бітіріп жүрміз? - 01

Общее количество слов 3667
Общее количество уникальных слов составляет 2132
22.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
33.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
41.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
I Бөлім
II бөлім
IIІ бөлім
Публицистикалық толғаулар мен мақалалар
ҚР Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының лауреты, ҚР
Мəдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының жəне
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, философия
ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Біз осы не бітіріп
жүрміз?» атты публицистикалық еңбегі ұлтымыздың кешегісі мен
бүгінгісіне арналған. Атап айтқанда, Алаш қайраткерлерінің ел
тарихындағы алатын орны мен тəуелсіздік толғауы – қазіргі əлеуметтік
болмыс пен санадағы ұлттық идея арақатынасын зерделеген. Сонымен
қатар, қазақтың ортақ құндылық бастауын жасау жəне жас ұрпақ бойына
отансүйгіштікті сіңіру мəселелері аталған еңбекте жан-жақты көрініс
тапқан.
Елді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаратын басымдықтар мен ұлттық
идеяны іздестіру мəселесі, сонымен қатар, қазіргі уақытта ұзақ мерзімдік
ұлттық идеологияны айқындаудың қажеттілігі аталған еңбекте лайықты
тұрғыда талданған. Автордың тілі жатық, ойы түсінікті, қаламгерлік
қарымы айшықты.
I Бөлім
Алаш қозғалысынан тəуелсіздікке дейін
«Алаш қозғалысынан тəуелсіздікке дейін» атты бірінші бөлімде ұлт пен
ұлтшылдық, ұлттық сана мен ұлттық бірегейлік жəне оны қозғайтын
интеллектуалдық элитаның рухани жəне əлеуметтік қызметтерін сараптау
негізінде ХХ ғасырдың басында заман талабына сай сапалық тұрғыдан
жетілген жəне өз эволюциясының жаңа сатысына көтерілген қазақтың
ұлттық идеясы Алаш идеясы жəне қозғалысы бағамдалады.
Автор Алаш идеясы туралы пайымдарын, яғни қазақ елінің ұлттық мұратмүддесін қорғау жолында өмірге келген қоғамдықсаяси құбылысқа
байланысты өз тұжырымдарын оқырман назарына ұсынады. Алаш идеясы
таразылана отырып, ХХ ғасырдың түрлі кезеңдеріндегі ұлт-азаттық
қозғалыстар арасындағы өзара логикалық байланыс ұтымды баяндалған.
Автор Алаш идеясы үшін күресті кеңестік билік жағдайында
жалғастырған қоғамдық ұйымдар мен жеке азаматтардың қызметін нақты
құжаттық материалдар арқылы берген. Сондай-ақ, тəуелсіздіктен кейінгі
қазақ жастарының саяси-əлеуметтік жағдайы да талданған. Алаш
идеясына қызығушылық танытқан барша оқырман, жастар жəне жоғары
оқу орындарының студенттері бұл бөлімнен біршама мағлұматтар табары
анық.
Мəңгі жас – алаш!
Қазақ тарихында өзіндік орны ғана емес, сан ғасырларға кететін тағылымы
зор, өткеніміз бен өткеліміздің темірқазығы іспеттес Алаш қозғалысы,
Алаш автономиясы əлі де сан қырынан таразылайтын тың тақырып
іспеттес. Бұған қазақтың тұңғыш ұлттық үкіметі Алаш-орданың тоқсан
жылдығын бүгінгі атап өту барысында анық көз жетіп отыр.
Ал біз өз тарапымыздан Алаштану мəселесіне жəне бір қырынан қарап
көруді парыз санадық. Таразыланатын тақырып: Мəңгі жас – Алаш идеясы.
Иə, біздің байқауымызша, қазақ бола ма, болмай ма деген сау ал талқыға
түскен жиырмасыншы ғасырдың басында дер уағында дүниеге келген
Алаш идеясын уағыздаушы əрі жүзеге асырушы қайраткерлердің ұлт ісіне
ерте есейген есті сана – жалындап тұрған жастық жігермен кіріскендіктері
алдыңғы кезекте көрініс береді. Басында Əлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов жəне Міржақып Дулатов сынды жол сілтер Алаш көсемдері
тұрған алыптар шоғырының абыройлы ісіне тың серпін, жаңа тыныс
берген жас шамасы жиырмажиырма бестің, əрі кетсе отыздың о жақ, бұ
жағындағы өрендер еді. Саралап көрелік.
Алаш қозғалысының көшін бастаған Ахмет Байтұрсынов, Əлихан
Бөкейханов жəне Міржақып Дулатовтар ол кездері жастары қырықтың
қырқасынан енді ғана асып, ақыл тоқтатқан əрі өздерінен кейінгі толқын
ізбасарларына Алаш идеясының өміршеңдігі ұрпақтар жалғастығында
екенін ұғындырып кеткен.
Ал мұны жақсы түсінген əрі Алаш идеясының баянды болуы на бар ынты
шынтысымен еңбек еткен, арқалы ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаев пен
Жүсіпбек Аймауытов Алаш қозғалысы құрылған тұста бірі жиырма төртте
болса, бірі жиырма сегізге енді келген екен.
1917 жылы «Алаш» партиясын құрушылардың қатарындағы ең жас
көсем, Алашорда үкiметiнiң мүшесi Əлімхан Ермеков жиырма бес жасында
Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов жəне Мұхаметжан
Сералиндермен бірге Коммунистiк партия көсемі Ленинге көршілес
елдерге өтіп кеткен шекарадағы қазақ жерлері қазақтікі екенін дəлелдеп,
көзін жеткізіп, мəселені қазақтың пайдасына шешеді.
«Алаш» партиясының белсенді мүшесі болған, кейіннен алашшыл
азаматтарға қауіп төнгенде ағалардың ақылын тыңдап, мұраты бір жас
алашшылармен бірге Коммунистiк партия қатарына өткен сұңғыла
суреткер Мұхтар Əуезов жəне 1914–1917 жылдары «Бiрлiк» қоғамының
мүшесi (Омбы қ.), 1917–1918 жылдары Алашорда жағында азамат
соғысына қатысқан Дінмұхамед (Дінше) Əділев жəне жалынды алашшыл
жастардың тұңғыш жетекшісі Смағұл Садуақасовтар сол уақытта бозбала
шақты енді артқа тастаған небары он жеті жастың шамасында екен.
Омбыда жас алашшылдар құрған «Жас азамат» ұйымының Қызылжар
қаласында шығып тұрған үнi – «Жас азамат» газетiне («Қазақ»,
«Сарыарқа», «Абай» сынды ұлтжанды басылымдардың iзбасары)
редакторлық етіп, газет бетiнде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған
мақалалары нөмiр құрғатпай шыққан Қошке Кемеңгеров пен ұлтжанды
алашшыл қайраткер Сұлтанбек Қожановтар сол кезде жиырмадан енді ғана
асқан еді.
Есiмi жиырма жастан асар-аспас кезiнде үлкен қызметтер атқара жүріп,
ұлт қамын ойлап, жұрт аузына iлiнiп, халыққа танымал болған
мемлекетшіл қайраткер, ірі тұлға Тұрар Рысқұлов Түркiстан АССР-i үкiмет
басшысы ретiнде 1920 жылы тарих сахнасынан кеткен Алашорда
қозғалысының жетекшiлерi мен белсендi мүшелерiне қолынан келген
мүмкiндiгiнше қамқорлық жасады. Тұрар Республика үкiметiн басқарған
тұста Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Жүсiпбек
Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Мұхамеджан Тынышбаевтың т. б.
аса көрнектi қазақ зиялыларының Ташкент пен Қазақстанның оңтүстiк
өңiрiн паналап, ғылыми, педагогикалық жəне шығармашылық жұмыспен
айналысуға мүкiндiк алулары Тұрар қамқорлығының арқасында екендiгi
күмəн тудырмайды.
1918 жылы Ахмет Байтұрсынов Қостанайға келiп, алашорда отряды
қатарына жастарды тартқанда қатардағы жауынгер бо лып тiзiмге жазылып,
«Алашорда отрядының ерiктiсi атанып, алашордаға үмiт арта сенген,
табиғатында халқына қай жақтан жақсылық болса, солай қарай аңсары
ауып, икемделетiн Бейімбет Майлин жəне Омбы студенттерінiң «Бiрлiк»
атты ұйымының жұмысына белсене қатысып, Ақмола жастарының
революцияшыл тобы «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тiршiлiк» атты газет
шығарған, 1916 жылғы халықтың ұлтазаттық көтерiлiсшiлеріне тiлектестiк
бiлдiрiп, өлеңдер жазған Сəкен Сейфуллин əрі осы үш бəйтеректің бірі, ұлт
азаттық күреске үнемі қолдау білдірген суреткер Ілияс Жансүгіровтер сол
кездері жиырма үш жасқа енді келіпті-ау.
Патша өкiметiнiң боданындағы туған халқының тағдыр тауқыметiн өткiр
тiлмен айтып, баспасөз беттерiнде жиi-жиi мақалалар жазып, саяси күреске
өмірін арнаған Мұхаметжан Тынышпаев жəне бұрыннан-ақ қазақ жерiн
отарлап, халқын орыстандыру секiлдi патшалық Ресейдiң өктемдiк
саясатын əшкерелеп, оған қарсы үгiт-насихат жүргiзген, сондай-ақ Əлихан
Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтай абзал азаматтармен пiкiрлес дос
болып, бiр мақсатта күрескен Жақып Ақпаевтардың ақыл тоқтатқан
шақтағы салмақты істері Алаш қозғалысына айбын бергені анық.
«Алаш» партиясының көрнектi қайраткерлерiнен басқа қатардағы есімдері
атала бермейтін мүшелерiнiң бүгінде мүмкіндігінше барлығының атыжөнін ардақтау парыз. «Алаш» партиясын ұйымдастырушылар,
халқымыздың бiртуар ұлдары Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ə.
Ермековтермен серiктес болып, халық қамы үшiн бiрге күрес жүргiзген
алаш ұландарының бiрi Имам Əлiмбеков. Ол «Алаштың» Семей облыстық
ұйымы тарағасының орынбасары, «Алаш» партиясының орталық үнi –
1918–1919 жылдары шығып тұрған «Сарыарқа» газетiнiң редакторы,
«Алаштың» атты əскерлер полкын жасақтаушылардың бiрi болды.
Ал А. Байтұрсынов, М. Дулатовтардың шəкiртi, iзбасары ретінде солармен
үндес, пiкiрлес болған өрелi өрен Ғазымбек Бірімжанов қаламгер, дəрiгер,
агроном жəне ағартушы-қоғам қайраткері санатына көтерілген жастардың
қатарынан табылды.
Сондай-ақ жалпы қазақ съезiнде Алашорда өкiметiне мүше болып
сайланған Отыншы Əлжанов Жетiсуға келiп, съезд қаулыларын жүзеге
асыру ниетiмен өлкенiң айтулы азаматтары М. Тынышпаев, С. Аманжолов,
И. Жайнақов, Б. Мамытовтармен тiзе қоса отырып, игілікті істердің
ұйытқысы болады. «Алашорда милициясының алдында тұрған міндеттерді
саралайды.
Міне, тізім осылай жалғаса береді. Бұдан біздің анық байқайтынымыз,
мұқым Алашқа ұран болған Алаш идеясы -ақыл тоқтатқан аға буынның
бастауымен ерте есейген жас ұрпақтың жалғастыруымен тағылымы бүгінге
сабақ боларлық салмақты да жасампаз идея. Ендеше бізге қалған мақсатмұрат не?
Мақсат айқын. Алаш идеясы дегеніміз не? Алаш арыстары кімдер? Осы
сауалдар тұрғысында таразылар тақырыбымызды өзіндік қырынан ашуға
тырысу. Алаш идеясы жəне алаш арыстарымен жақын танысып,
сырласқысы келетін, сондай биікке ұмтылатын оқырман көкейіне үміт,
жүрегіне сенім ұялату. Алаш идеясының əлеуметтік қуаты мен маңызын
бүгінгі күн тұрғысынан таразылап, көрермен назарына ұсыну. Алаш
арыстары тағылымының күн тəртібінен түспейтін өзектілігін, олардың биік
тұлғалық тұрпаты мен ұлықталуға тиіс ұлттық болмысбітімін жəне
жастарға берер тəлім-тəрбиесін ашып көрсету. Ұлы тұлғалардың өнегелі
өмірі мен өлмес мұрасын зерттеу арқылы оны бүгінгі жас буынға, жалпы
қауымға үлгі ретінде ұсынып, ұрпақтар үндестігін жалғастыруға, рухани
дамуға жəне ұлттық санаға жол ашу.
Иə, бастау бұлағы сонау Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын,
байырқалайтын тұсы 1986 жылғы жастардың желтоқсан көтерілісімен
тұйықталатын тағлымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Мəңгі жас – Алаш
идеясының бүгінгі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы турасында ойлану
қажеттiгі туындайды. Бұл ретте тарихи тұрғыдан тəрбиелеу мəселесi, атап
айтқанда сол аға буынның қабырғасын қайыстырып, iргесiн сөгiп кетуге
қауiп тудырған зауалдың ендiгi уақытта алдын алу, оның сая си, рухани,
əлеуметтiк зардаптарынан арылу жайы алды орайды. Осы тұрғыда
қолдарыңызға тиiп отырған кітаптың басты міндеті өткен ғасырдың
басындағы бетке ұстар алаш азаматтары бастап, бүгінге дейін жеткен
қазақтың асыл арман-аңсары мен ұлт-азаттық мақсат-мұратын қаншалықты
басып жаншығанымен, нешеме рет саяси қуғын-сүргiнге ұшыратқанымен
арда мінезін мұқалта алмағандығын мадақтау жəне тарихи жадыны
жаңғырту болып табылады.
Алаш қозғалысынан бастау алған жасампаз идея – ұлт-азаттық идеясы
алпысыншы жылдары «Жас тұлпар» ұйымы болып бас көтеріп, жетпісінші
жылдары «Жас қазақ» бірлестігі болып жанданып, одан жиырмадан аса
жасырын жастар ұйымдарына ұласқан ағысқа қарсылық ақыры 1986
жылғы ызғарлы желтоқсан көтерілісіне алып келді. Біздіңше, жастық
лептің дем беруімен тарихи бірізділік бойынша дамыған бұл асқақ
тарихымызды бүгінгі ұрпақ білуге тиіс. Сабақ алуға міндетті. Тағзым етуі
парыз.
Енді аз-кем кітаптың құрылымы туралы. Қолыңыздағы кiтапта тарихи
бірізділікті сақтауға тырысып, материалдарды үш бөлiмге топтастырдық.
Бiрiншi бөлімге Алаш идеясының бастау бұлағы – Алаш қозғалысы мен
Алаш қайраткерлері турасындағы зерттеу өзек болып, Мəңгі жас – Алаш
идеясының кеңестік уақытта қалайша өлермендік пен өміршеңдікті қатар
өткере жүріп, бүгінге жеткені сөз болады. Ал екінші бөлімде ғасыр
басындағы қазақтың ұлт зиялыларына айналған алашордалық алыптар
шоғыры мен оларға жаңа тыныс берген алашшыл жастардың жəне де
халқының қамын ойлағаны үшiн жалған жала жабылып, жаза арқалаған
азамттардың өмiрбаяны қамтылды. Үшінші бөлімге Алаш қайраткерлері
армандаған тəуелсіздікке қол жетіп, Мəңгі жас – Алаш идеясының егемен
елімізде қалай жүзеге асып жатқандығы публицистикалық мақалалар
арқылы арқау болды.
Сондай-ақ кiтаптағы бірқатар деректер мен суреттердi жарыққа шығаруға
көмектескен Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттің Алаштану
институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор
Дихан Қамзабекұлына алғысымызды бiлдiремiз.
Иə, Алаштануда атқарылар ауқымды жұмыс алда. Оған осы кітапты жазу
барысында көзіміз əбден жетті. Алаштану мəселесінде кəсіби
тарихшылардың жазған еңбектерін қарап шығу мақсатымен
кітапханалардағы аталған тақырыптағы кітаптарды іздестірдік. Өкінішке
орай, Ұлттық кітапханадан қолданыс аясында ұзақ жылдардан бері жүріп,
сарғайып, тозығы əбден жеткен алаштанушы, тарихшы-ғалым ағаларымыз,
ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, марқұм
Кеңес Нүрпейісовтың 1995 жылы «Ататек» баспасынан шыққан «Алаш həм
Алашорда» кітабы жəне тарих ғылымдарының докторы, профессор Мəмбет
Қойгелдиевтің 1995 жылы «Санат» баспасынан шыққан «Алаш қозғалысы»
кітаптарынан басқа аталған тақырыпта жазылған еңбектерді кездестіре
алмадық(Тіпті бұл тың тақырыпқа жаңадан жазылып жатқан дүниелер
болмаса, аталған екі кітапты көп данамен қайта бастырып шықса да
игілікті іс болар еді ғой). Ал Алма ты қаласының кітап дүкендерін сүзіп
шыққанымызбен алашта ну мəселесіне арналған жарытымды кітаптарды
жəне таба алмай қиналдық.
Ең өзекті өртер өкініштісі, бұл жайт Алаш қозғалысы мен қазақтың тұңғыш
ұлттық үкіметі Алаш Орданың тоқсан жылдығын атап өткеннен кейінгі
жағдай. Өсер ұлттың өрісіне сын, шын мəнінде ұят-ақ мəселе. Біздің де бұл
ізденісіміз сол олқылықтың орнын аз да болса толтыруға жараса,
алаштануға мысқалдай болса да үлес қосуға тырыссақ, мақсатымыздың
орындалғаны.
Ерте есейген ұрпақ
Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялыларының ұлт қамын ойлап,
жұдырықтай жұмылуына, һəм алаш идеясының жедеғабыл пісіп-жетіліп,
жүзеге аса бастауына үлкен əсер еткен екі оқиғаны атап өту абзал. Бірі –
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, екіншісі – 1917 жылғы ақпан
революциясы.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі себебі, патшалық Ресейдің
ұлттық жəне əлеуметтік езгісінің шектен шығуы еді. Қанаушылық пен
тонуашылық, ең сорақысы, қазақ жерін жап пай иемдене бастаған
басқыншылық қазақтарға шегінерге жер қалдырмады. Дəл сол кездегі
тұтанғалы тұрған отқа май құйғанмен бірдей болған қазақтан қара
жұмысқа еңбекке қабілетті еразаматтардың барлығын алу сыныққа сылтау
болды.
Алаш зиялылары бұл мəселеде салиқалы пікір ұстанды. Ахмет
Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс
майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда
жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз» деп, өз ұлтының
ешкімнен кем емес екенін айтып, патшалық Ре сей саясатының солақай
бағытты ұстанғандығын сынайды. Ал патша ағзам жарлығымен қара
жұмысқа алынуы тиіс жарты миллионнан астам қазақ жастарына жолдаған
үндеулерінде Ахмет Байтұрсынұлы, Əлихан Бөкейханов жəне Міржақып
Дулатов: «Бірі – барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды,
екіншісі – «бармаймын» деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді» –
деп, қан төгілуін қауіп қылып, бұл амалсыздық шарасы екенін алға тартты.
Яғни бұл жағдай Алаш зиялыларының іштей буырқанып, толысып,
қарсылықты қалайша білдіру қажеттігін іздене түсуге түрткі болды.
Енді 1917 жылғы ақпан революциясының қазақ зиялыларына қаншалықты
əсереткенінетоқталық. Алаш көсемдерібұлтөңкерістен кейінгі кезді қазақ
ұлтының болашағы үшін ұлы мүмкіндік деп есептеп, алдағы өмірден үлкен
үміт етті. Əрі оны баянды ету жолында аянбай еңбектенді. 1905 жылы
негізі қаланған Алаш қозғалысы ақпан революцасынан кейін күрт күш ала
бастады.
Алаш Орда үкіметі мүшелерінің негізгі іс-əрекет бағыттарынан Ресей
патшасының отаршылық езгісіне қарсы күрес жолындағы қазақ
бұхарасының заңдық тұрғыдан құқын қорғау мəселесі анық аңғарылды.
Туған халқының саяси санасын сақайтып, құқықтық сауатын ашпай
қатардан қалып қоятындықтарын жақсы түсінді. Бұған қоса қазақ
халқының ұлттық санасын оятуда, білімі мен білігін жетілдіруде, мəдениеті
мен руханиятын дамытуда олардың əрбірі жеке тұлға ретінде үлкен
үлестерін қосты. Осы бағытта олар қазақ халқының бай тарихы мен озық
мəдениетін толыққанды зерттей отырып, оны кең насихаттау жұмыстарын
қажетті істердің бірі ғана емес, бірегейі ретінде басымдық берді. Сондай-ақ
өзге тілдердегі үздік ғылыми жəне публицистикалық дүниелерді қазақ
тіліне аударып, рухани кеңістіктің аясы тар шеңберде қалып қоймауына
жете көңіл бөлді. Жəне Алаш қайраткерлерінің қай-қайсысын алып
қарасақ та тек бір мамандықты игеріп қана қоймай, халыққа қажетті
бірнеше салада жемісті еңбек етіп, сан қырлы талант иелері екендіктерін
көрсетті.
Енді тархихи деректер бойынша, Алаш қозғалысының қалай
басталғандығы мен оның басында нақты кімдердің қызмет еткендігіне
шегініс жасалық. Алаш орда үкіметінің құрылуы 1917 жылғы 5-13
желтоқсан аралығында Орынборда өткен жалпы қазақтық сьездің
шешімімен жүзеге асты. Сьезді ұйымдастырушылар – Əлихан Бөкейханов,
Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Сағындық Досжанов жəне Міржақып
Дулатовтар еді.
Сьезге қазақ елінің əр аймағынан бірнеше делегат келді. Нақтырақ
айтқанда, бір ғана Алтай губерниясы мен Самарқан облысындағы қазақтар
атынан 58 делегат келсе, түрліше бағыттағы қазақ ұйымдарының өкілі
ретінде 8 делегат, сондай ақ арнайы шақырту алған 15 азамат сьез
жұмысына қатысты. Яғни, желтоқсандағы аталған сьезге жер жерден ат
сабылтып 81 делегат келді.
Сьез сол кездегі қазақ ұлты үшін маңызды деген он мəселені талқыға
салды. Соның ішіндегі ең бастылары – қазақ-қырғыз автономиясын
жариялау, милиция həм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мəселелері еді.
Бірінші баяндаманы Əлихан Бөкейханов жасайды. Бұл баяндама жөнінде
қабылданған қаулыда қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция həм
Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мəселелерін қарауға жеті кісілік комиссия
құрылады. Осы құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов автономия
жариялау, милиция мен Ұлт кеңесін (Үкімет) құру мəселелері бойынша
баяндама жасайды.
Аталған баяндама бойынша сьезд бірауыздан:
«1) Бөкей елі, орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария
облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы, Амудария бөліміндегі,
Закаспий облысындағы қазақ уездері жəне Алтай губерниясындағы іргелес
жатқан қазақ болыстарының жері біріңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз,
қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия
құруға;
2) қазақ-қырғыз автономиясы – «Алаш» деп аталсын...
6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша
Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» бол сын. Алаш ордасының
ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазаққырғыз арасындағы орыс жəне
басқа халықтарға қалдырды. Алаш орданың уақытша орны – Семей қаласы.
Алаш орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына
алады...» – деп қаулы қылады.
Ал осы сьезде жалпы қазақтық Халық кеңесі – «Алаш ордаға» мүшелікке
сайланған азаматтардың есімін есте сақтау бүгінгі ұрпақтың парызы болса
керек. «Алаш орда» үкіметі мүшелерінің яғни министрлерінің тізімі
төмендегіше:
1.Бөкей ордасынан Танашев Уалитхан (1887-1968 жыл), заңгер.
2.Орал облысынан Досмұхаммедов Халел (1883-1939 жыл), əскери дəрігер.
3.Ақмола облысынан Тұрлыбаев Айдархан (1877-1937жыл), заңгер.
4.Торғай облысынан Бірімжанов Ахмет (1871-1927 жыл), заңгер.
5.Семей облысынан Ғаббасов Халел (1888-1931 жыл), физик-математик.
6.Жетісу облысынан Аманжолов Садық (1889-1941 жыл), заңгер.
7.Сырдария облысынан Шоқаев Мұстафа (1890-1941 жыл), заңгер.
Облыстардан тысқары:
8.Бөкейханов Əлихан (1866-1937 жыл), Арқадан, экономист, Алаш орда
үкіметінің төрағасы.
9.Досмұхаммедов Жанша (1887-1938 жыл), Орал облысынан, заңгер.
10.Ермеков Əлімхан (1891-1970 жыл), Қарқаралыдан, математик.
11.Тынышпаев Мұхаметжан (1879-1937 жыл), Жетісудан, инженер.
12.Құлманов Бақтыкерей (1859-1919 жыл), Бөкей ордасынан,
шығыстанушы.
13.Ақпаев Жақып (1876-1934 жыл), Арқадан, заңгер.
14.Мəметов Базарбай (1888-1946 жыл), Жетісу, Лепсіден, заңгер,
15.Əлжанов Отыншы (1873-1918 жыл), Шығыс Қазақстаннан, ағартушымұғалім.
Мүшелікке кандидаттар:
1.Қашқынбаев Иса (1891-1934 жыл), Оралдан, дəрігер.
2.Жақыпбаев Нүсіпбек (1890-1932 жыл), Жетісудан, дəрігер.
3.Итбаев Ережеп (1873-1930 жыл), Шығыс Қазақстаннан, заңгер.
4.Сабатаев Сатылған (1874-1921 жыл), Жетісу, Қаскелеңнен,
шығыстанушы, тұңғыш қазақ агрономы.
5.Қасаболатов Есенғали (1889-1938 жыл), Оралдан, дəрігер.
6.Ниязов Батырқайыр (1872-1924 жыл), Бөкей ордасынан, заңгер.
7.Боштаев Мұқыш (1888-1921 жыл), Баянауылдан, заңгер.
8.Жанайдаров Сейілбек (1884-1929 жыл), Атбасардан, заңгер.
9.Нұралиханов Сəлімгерей (1878?), Бөкей ордасынан, заңгер.
10.Алмасов Омар (? – 1922 жыл), Торғайдан, халық мұғалімі.
11.Қадырбаев Сейдəзім (1885-1938 жыл) Торғайдан, заңгер.
12.Кенжин Аспандияр (1887-1938 жыл), Атыраудан, халық мұғалімі.
13.Бекімов Молданияз (1882-1930 жылдардан соң белгісіз), Оралдан,
əскери қызметкер.
14.Тұрмағамбетов Есен (1883-?), Ақтөбеден.
15.Солтоноев Жанеке (Жақып) қырғыз, мал дəрігері.
Алаш орданың оқу комиссиясының мүшелері:
1.Байтұрсынов Ахмет (1872-1937 жыл), Торғайдан, Орынбор қазақ
мұғалімдер мектебін бітірген (1895 жылы)
2.Жұмабаев Мағжан (1893-1938 жыл), Қызылжардан, Омбы оқытушылар
семинариясын бітірген, (1917 жыл)
3.Омаров Елдес (1892-1937 жыл), Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер
мектебін бітірген (1911 жылы).
4.Сəрсенов Биахмет (1885-1921 жыл), Шығыс Қазақстаннан, Семей
мұғалімдер семинариясын бітірген, (1939 жыл).
5.Шонанов Телжан (1894-1938 жыл), Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер
мектебін бітірген (1916 жыл).
Бұл Бүкілқазақтық Алашорда кеңесінің мүшелерін сайлап, төраға етіп
Əлихан Бөкейхановты бекіткен 1917 жылғы желтоқсандағы Орынбор
қаласында өткен Жалпықазақ сьезі Түркістан автономиясының жетекшісі
Мұстафа Шоқайдың уəжіне құлақ асып, қазақ халқының автономиясы
туралы мəселені де мақұлдағандығын айта кетуіміз керек. Осы ретте Алаш
қозғалысының мақсат-мұраты түсінікті болу үшін, осы сьезд қарсаңында
жарық көрген («Қазақ» газеті, 1917 жыл.) «Алаш» партиясы
бағдарламасының төмендегі жобасымен танысып шығалық.
«АЛАШ» партиясының бағдарламасының жобасы
21 қазан 1917 ж.
I.Мемлекет қалпы
Русия демократический федеративный республика болу. (Демократия
мағынасы мемлекеттi жұрт билеу. Федерация мағынасы құрдас
мемлекеттер бiрлесуi. Федерационный республикада əр мемлекеттiң iргесi
бөлек, ынтымағы бiр болады. Əрқайсысы өз тiзгiнiн өзi алып жүредi).
Үкiмет басында Учредительное Собрание мен Г.Думаға қалауынша кесiмдi
жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы
бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында
жауаптар болу.
Депутаттар тегiс, тең, төте һəм құпия сайлаумен болады. Сайлау құқында
қан, дiн, еркек-əйел талғаусыз болу.
Законды жалғыз ғана Г.Дума шығару һəм Г.Дума үкiмет үстiнен қарап, iсiн
тексеру, запрос (сұрау) жасау құқы да Г.Думада болу. Мемлекет салығы
Г.Думасыз салынбау.
II.Жергiлiктi бостандық
Қазақ жүрген облыстардың бəрi бiр байланып, өз тiзгiнi өзiнде болып Русия
республикасының федерациялық бiр ағзасы болу. Ретi келсе, қазақ
автономиясы сыбайлас жұрттармен əзiрге бiрлесе болу, ретi келмесе,
бiрден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгi земствалықты
қабыл алу.
«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында
қызмет ететiн адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшiн қызмет етерге
көңiлдi адамдар болуына жаһұд қылады. Земствалардың управаларында,
милицияларында таза қызметшi боларлық адамдардың атын халық
қалауына салады.
«Алаш» партиясы ғадiлдiкке жақ, нашарларға жолдас, жебiрлерге жау
болады. Күш-қуатын игiлiк жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына
бастайды.
III.Негiзгi құқық
Русия республикасында дiнге, қанға қарамай, еркек-əйел демей адам
баласы тең болу.
Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кiтап
бастыруға еркiншiлiк. Үкiмет қызметшiлерi, иесiнен рұқсатсыз ешкiм
табалдырығын аттамаушылық. Законсыз жолмен ешкiмдi үкiмет адамдары
ұстамаушылық. Сот сұрамай, билiк етiлмей, тұтқын қылмаушылық.
Қылмысты болған адам судия бар жерде 24 сағат iшiнде, судиясыз жерде
бiр жетiден қалмай судияға тапсырып жауап алса, судия үкiмiмен жабылу.
Кiсi хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу.
IV.Дiн iсi
Дiн iсi мемлекет iсiнен айырулы болу. Дiн бiткенге тең құқық.
Дiн жаюға ерiк. Кiру-шығу жағына бостандық.
Муфтилiк қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою
сияқты iстер моллада болу. Жесiр дауы сотта қаралу.
V.Билiк һəм сот
Əр жұрттың билiк пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һəм судия
жергiлiктi жұрттың тiлiн бiлу. Аралас жерде соттың тергеутексеруi һəм
үкiмi жергiлiктi жұрттың қай көбiнiң тiлiнде айтылу. Би һəм судия орнынан
тергеусiз түспеу. Билiк һəм сот жүзiнде жұрт бiткен тең болу. Құдайдан
соңғы күштi би һəм судия болып, кiмге болса, олардың үкiмiне мойынсұну.
Айтылған үкiм тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен
қаралу. Казақ көп жерде сот тiлi қазақ тiлi болу. Присяжныйлар қазақтан
алыну. Қырдағы ауыл, болыс iшiндегi билiкпен сот жұрт ұйғарған ереже
жолымен атқарылу.
VI.Ел қорғау
Ел қорғау үшiн əскер осы күнгi түрде ұсталмау. Əскерлiк жасына жеткен
жастар жерiнде үйретiлiп, жерiнде қызмет ету. Əскер табына бөлгенде
туысқан табына қарай болу. Əскерлiк мiндетiн қазақ атты милиция түрiнде
атқару.
VII.Салық
Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше ғадiл
жолмен таратылу.
VIII.Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерiнде завод-фабрика аз,
сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар
турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын
жақтайды).
IX.Ғылым-бiлiм үйрету
Оқу орындарының есiгi кiмге де болса ашық һəм ақшасыз болу. Жұртқа
жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тiлiнде оқу. Қазақ өз тiлiнде
орта мектеп, университет ашу. Оқу жолы өз алды автономия түрiнде болу.
Үкiмет оқу iсiне кiрiспеу. Мұғалiмдерпрофессорлар өз-ара сайлаумен
қойылу. Ел iшiнде кiтапханалар ашылу.
X.Жер мəселесi
Учредительное собрание негiзгi закон жасағанда жер сыбағасын алдымен
жергiлiктi жұртқа берiлсiн деу. Қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден
алып орналасқанша қазақ жерiне оған мұжық келмеу. Бұрын алынған
жерлердiң мұжық отырмағандары қазаққа қайту. Қазаққа тиетiн жер
сыбағасын жергiлiктi комитеттер кесу. Сыбаға өлшеу норма – жердiң
топырағы мен шаруашылық түрiне қарай жасалу. Сыбағадан артылған
жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға келiсiп берiлу. Түркiстанда жермен
бiрге су сыбағасы да кесiлу. Жердi қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ,
туысқан табына меншiктеп алу. Өзара əдiлдiк жолмен пайдалану.
Жер законында жер сату деген болмау, əркiм өзi пайдалану. Пайдасынан
артық жер сатылмай, земстваға алыну. Жердiң кенi, астығы, байлығы
қазнаныкi болып, билiгi земства қолында болу.
Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттiкi болып, аз ағаш һəм көл байлықтары
земства мүлкiне саналу.
Жоба жасаушылар:
Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Елдес
Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндiбаев, Ғазымбек
Бiрiмжанов.
Қазақ. – 1917. – №251.
Өздеріңіз байқағандай он бөлімнен тұратын партияның бұл бас құжатында
сол кездегі қазақ қоғамының өзекті мəселелері түгелге дерлік қамтылған
деуге болады. Осы қазақ халқының басындағы тарихи жолайрық
кезеңіндегі нақты жағдайларды саралаған «Алаш» партиясы қазақ ұлтының
дамуының балама жолын ұсына білгендігі жоғарыдағы құжаттан көрініс
тауып тұрғандығы анық.
Өкінішке орай, тарих сахнасына толқып шыққан большевик тер
Алашордамен тіл табыспай, өздеріне жау ретінде қарады. Айтқандай-ақ
Алашорда большевиктерге мықты оппозиция бола білді. 1917 жылдың
қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлауда қазақтар
көпшілік дауыспен «Алаш» партиясының бағдарламасын қолдап дауыс
берді. Дегенменде большевиктер тізеге басты. Ə дегеннен-ақ кеңес үкіметі
тарихи əділеттіліктен гөрі, əлімжеттікпен ұлт азаттық идеясын таратушы,
қазақ халқының ұлттық санасын оятушы жəне де отаршылдыққа қарсы
күреске дем беруші қазақ ұлтының демократияшыл зиялыларының
идеясын тұншықтыруға тырысты.
1918-1919 жылдары Жүніс Бабатайұлы, Асфандияр Шорманұлы,
Бірмұхамед Айбасұлы, Смағұл Садуақасұлы жəне т.б. жас қырандар Алаш
идеясын ту етіп көтерген ағаларының ізін басып, қолдау білдіріп, қазақ
ұлтының қамы үшін жас алашшылардың «Жас азамат» ұйымы төңірегінде
тізе қосады.
Алашорданың шырқау шегіне жетіп, қызмет аясы тарылған тұста одан
арғы таңдау бастапқы жолдан бас тарту еді. Ленинмен болған келіссөз
нəтижесіз аяқталған соң, амалсыз саясаттан мүлдем қол үзіп кету ұлт
мүддесі үшін күресте ұпай əпере қоймайтыны белгілі. 1919 жылдың 4
сəуірдегі өкіметтің «кешірімінен» соң Алаш арыстары ақыры саясаттың
ыңғайына иліккенімен, ұлттың қамын «ұрандатпай» шешуге кірісті.
1920 жылы Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов жəне Мұхтар Əуезов
коммунистік партия қатарына бекер өткен жоқ. Осы уақыттың талмауыр
талабын тап басқан Əлихан Бөкейхан қазақ халқын жəне танылып қалған
алашордашыларды аман сақтау үшін «көзге түспеген» жастар тезірек
міндетті түрде коммунистік партияға өтуі керек деген пікір айтады.
Алаш жұртының қамы үшін айла мен тығырықтан шығар амал іздеген
олар оттан да судан тайсалмады. Айталық Алаш идеясын толыққанды
жүзеге асыруда большевиктерден жеңіліс тапқанымен таулары шағылып,
тауандары қайта қойған жоқ. Қайта қайраттана, ширыға түсті. Өз елінің
тарихын жақсы біліп қана қоймай, туған топырағының сүймендей жері
көрші мемлекеттердің құзырына өтіп кетпесі үшін бар білігі мен
батылдығын жұмсаған Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Əлімхан
Ермеков жəне Мұхаметжан Сералиндер қазақ ұлтының бірлігі мен қатар,
жерінің де тұтастығын сақтап қалды. Кеңес үкіметінің көсемі Ленин бұл
ретте бір жағынан əділдікке, бір жағынан саясатқа салып, қазақ
зиялыларының ығына жығылды. Нəтижесінде бұрын Ресейдің құрамына
өтіп кеткен көптеген жерлер Қазақстанға қайтарылып, тарихи əділеттілік
орнады.
Сөз жоқ, осы тұстағы жастардың дүниетанымы жедел қалыптасып,
олардың ерте есеюіне ықпал еткен ең бірінші сол кездегі қазақ қоғамының
талабы қозғаушы күш болды. Жастар асау уақыттың жалынынан ұстай
білді. Замананың тынысын тап басты.
Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ жастарының жетекшілерінің бірі де
Вы прочитали 1 текст из Казахский литературы.
Следующий - Біз осы не бітіріп жүрміз? - 02
  • Части
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 01
    Общее количество слов 3667
    Общее количество уникальных слов составляет 2132
    22.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    33.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    41.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 02
    Общее количество слов 3702
    Общее количество уникальных слов составляет 2106
    25.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    38.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 03
    Общее количество слов 3647
    Общее количество уникальных слов составляет 2247
    24.0 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    35.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    41.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 04
    Общее количество слов 3640
    Общее количество уникальных слов составляет 2227
    24.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    36.2 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    43.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 05
    Общее количество слов 3723
    Общее количество уникальных слов составляет 2234
    28.8 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    42.0 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    50.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 06
    Общее количество слов 3744
    Общее количество уникальных слов составляет 2458
    25.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    37.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    44.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 07
    Общее количество слов 3727
    Общее количество уникальных слов составляет 2282
    20.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    30.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    36.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 08
    Общее количество слов 3681
    Общее количество уникальных слов составляет 2350
    22.1 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    31.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    38.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 09
    Общее количество слов 3681
    Общее количество уникальных слов составляет 2198
    29.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    41.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    47.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 10
    Общее количество слов 3722
    Общее количество уникальных слов составляет 2331
    25.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    38.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    45.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 11
    Общее количество слов 3679
    Общее количество уникальных слов составляет 2368
    27.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    40.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    47.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 12
    Общее количество слов 3825
    Общее количество уникальных слов составляет 2523
    26.3 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    39.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    46.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 13
    Общее количество слов 3704
    Общее количество уникальных слов составляет 2465
    27.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    39.8 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    47.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 14
    Общее количество слов 3786
    Общее количество уникальных слов составляет 2524
    23.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    35.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    41.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 15
    Общее количество слов 3807
    Общее количество уникальных слов составляет 2366
    26.7 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    38.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    45.8 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 16
    Общее количество слов 3861
    Общее количество уникальных слов составляет 2371
    22.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    32.9 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    38.6 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 17
    Общее количество слов 3741
    Общее количество уникальных слов составляет 2016
    26.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    37.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    44.1 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 18
    Общее количество слов 3807
    Общее количество уникальных слов составляет 2313
    25.2 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    36.6 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    43.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 19
    Общее количество слов 3912
    Общее количество уникальных слов составляет 2318
    22.9 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    35.5 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    41.4 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 20
    Общее количество слов 3920
    Общее количество уникальных слов составляет 2451
    33.4 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    47.4 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    55.5 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов
  • Біз осы не бітіріп жүрміз? - 21
    Общее количество слов 1898
    Общее количество уникальных слов составляет 1308
    39.5 слов входит в 2000 наиболее распространенных слов
    54.7 слов входит в 5000 наиболее распространенных слов
    61.0 слов входит в 8000 наиболее распространенных слов
    Каждый столб представляет процент слов на 1000 наиболее распространенных слов