🕙 1-分钟读取
Үйірмеден үйірме
总字数为 66
唯一单词总数为 54
40.6 个单词位于 2000 个最常用单词中
51.6 个单词位于 5000 个最常用单词中
53.4 个单词位于 8000 个最常用单词中
Үйірмеміз көп біздің,
Бәрін қолдан өткіздің.
Үйірменің сен барған
Санын онға жеткіздің.
Бір күні болдың аспазшы,
Болдың бірде бақташы.
Бірде болдың модельші,
Ұнамады басқасы.
Сөйтіп жүріп спорттың
«Сортын» қудың үш-төрт күн.
Ұста болып саусақты
Тістеуікке тістеттің.
Оны тастап бір кеттің,
Биші болдың сен көп күн.
Таба алмадың сонымен
Жеңіл жолын еңбектің.
Жүрсің әлі секеңдеп,
- Арманыма жетем, - деп,
- Жалқауларға үйірме
Ашылмайды екен, - деп.
Бәрін қолдан өткіздің.
Үйірменің сен барған
Санын онға жеткіздің.
Бір күні болдың аспазшы,
Болдың бірде бақташы.
Бірде болдың модельші,
Ұнамады басқасы.
Сөйтіп жүріп спорттың
«Сортын» қудың үш-төрт күн.
Ұста болып саусақты
Тістеуікке тістеттің.
Оны тастап бір кеттің,
Биші болдың сен көп күн.
Таба алмадың сонымен
Жеңіл жолын еңбектің.
Жүрсің әлі секеңдеп,
- Арманыма жетем, - деп,
- Жалқауларға үйірме
Ашылмайды екен, - деп.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。