🕙 1-分钟读取

Туған күн

总字数为 105
唯一单词总数为 89
47.0 个单词位于 2000 个最常用单词中
59.3 个单词位于 5000 个最常用单词中
64.8 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Сиыр
  Туған күніне
  Шақырды мал біткенді,
  Кең дастарқан үйіне
  Жайып,
  Қонақ күткен-ді.
  
  Жылқы мен
  Қой,
  Ешкі боп,
  Түйесі бар арада,
  Келген сыйсыз
  Ешкім жоқ.
  Тойға құр қол бара ма?
  
  Қой әкелді
  Киізін,
  Жасаған өз жүнінен,
  Жөн санады мұнысын,
  Сиыр разы күйімен.
  
  Жылқы әкелді
  Бұйданы.
  Есілген өз қылынан,
  Сиырға оны сыйлады,
  Құп көрді ол шынынан.
  
  Ешкі әкелді
  Шәлісін,
  Өзі тоқып түбіттен.
  Сиыр білер мәнісін,
  Нағыз тарту бұл тіптен.
  
  Түйе әкелді
  Жүн шекпен -
  Өте қымбат бұйымды,
  «Жомарттық, - деп, -
  бұл неткен»,
  
  Қуантты ол сиырды.
  Сиырға өстіп беретін,
  Сый жасады тосылмай.
  Қолдарынан келетін
  Тартулары осындай.
  
  Құттықтауға сиырды
  Қалыс қалған болмады,
  Бәрі түгел жиылды,
  Туған күнді тойлады...
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。