🕙 2-分钟读取

Том мен Бекки

总字数为 199
唯一单词总数为 153
58.0 个单词位于 2000 个最常用单词中
67.6 个单词位于 5000 个最常用单词中
71.4 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Осы мектептің мұғалімі - Доббис мырза. Ол күнде сыныпта отырып, үстелдің тартпасынан бір кітапты алып, оқуға кіріседі. Бұл кітапты ылғи тартпаға салып, кілттеп қояды. Оқушылардың бәрі сол кітапты көргілері келіп, естері кетеді. Бірақ қолға түспейді. Бұл не кітап? Сыныптағы әр бала өздерінше жорамалдайды, бірақ ол қандай кітап екенін білуге мүмкіндік жоқ.
  Міне, Бекки мұғалімнің үстелі жанынан өтіп бара жатып, тартпаның кілті тұрғанын көрді. Мұндай сәті келген істі қалай жіберуге болады?! Ол жан-жағына қарап еді - тірі жан жоқ. Бір минуттан кейін Бекки кітапты қолына ұстап тұрды. Кітаптың аты - «Анатомия», авторы пәлен деген профессор - бұл қызды қызықтырған жоқ. Бірінші бетін аша бастады. Осы кезде біреудің көлеңкесі кітап бетіне түсті. Есіктен Том Сойер еніп келе жатыр екен. Бекки тездетіп кітапты жауып жатқанда, бір беті жыртылып кетті. Ол кітапты жәшікке сұға салып, кілтті бұрады да, өкініш пен ұяттан жылап қоя берді.
  - Том Сойер! Сіз бұзықтыққа ғана үйірсіз. Біреудің сыртынан сығалап - не деген оңбағандық!
  - Сенің не қарап тұрғаныңды мен қайдан білейін?!
  - Ұялсаңызшы, Том Сойер! Сіз, әрине, мені айтып қоясыз. Содан соң мені жазалайды. Мен не істеуім керек?! Не істесем екен?
  Қыз өкіріп жылап, бөлмеден шыға жөнелді.
  Том оның аяқастынан шабуыл жасағанына таңданып, не істерін білмей тұрып қалды.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。