🕙 1-分钟读取

Шымшық пен көртышқан

总字数为 152
唯一单词总数为 115
58.1 个单词位于 2000 个最常用单词中
68.5 个单词位于 5000 个最常用单词中
73.6 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Алыстағы жылы жақтан кішкентай шымшық үйшігіне оралды. Ол - көзге көріне бермейтін сұр құс. Жазда біздің жақта ұя салып, балапандарын өргізеді де, қыста Африкаға ұшып кетеді.
  Шымшыққа ұшу да оңай емес, оның қанаты кішкентай ғана. Оның үстіне бір күн ұшса, бір күн жермен жорғалайды. Міне, ол үйіне қарай жорғалап келеді. Өзен жағасындағы көгалда, қызыл шілік түбіне салған ұясы туралы да ойлады.
  Кенет ол көртышқанды кездестірді. Іннің аузында отырған көртышқан тұмсығын шығарып:
  - Сен кімсің, қайда барасың? - деп сұрады.
  - Мен шымшықпын. Алыс жақтан туған жеріме келе жатырмын, - деді шымшық. Сонан соң ол көртышқанға өзінің туған өлкесі мен үнемі жылы болып тұратын Африка жері туралы айтты.
  - Үнемі жылы болып тұратын жақта неге қалмадың? - деп таңданды көртышқан. - Сен жыл сайын неге жол азабын шегесің? Аяқтарың да ойылып жара болыпты. Қаршыға кездесе қалса қайтесің? Неге сонша өзіңді қинайсың? Біреу сені шақырды ма?
  - Отаным шақырды, - деп жауап берді шымшық.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。