🕙 1-分钟读取

Салақтық

总字数为 156
唯一单词总数为 130
47.6 个单词位于 2000 个最常用单词中
57.5 个单词位于 5000 个最常用单词中
62.7 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Кәрім деген өзі жұмысқа тәуір жігіт болса да, жуынып, кірсіз көйлек киіп, таза жүрумен ісі жоқ еді. Әркім айтушы еді:
  - Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше жуынсаң болмай ма? - деп.
  - Қолым тимейді, - деуші еді.
  Сөйтіп жүріп, тұла бойын шиқан қаптап, қотыр болды. Осылайша құрысып-тырысып жатқанында таныстары:
  - Кәрім, тым болмаса, жұмасында бір моншаға түссең, не болмаса үйіңде сабынмен жуынуды әдет етсең, бұл бәлеге душар болмас едің, - дейді.
  Сонымен Кәрімді ауру жататын үйге алып барып, жуындырып, таза киіндірді. Ем қылған соң, аз ба, көп пе жатып, жазылды.
  Мұнан шыққан соң Кәрім бір зауытқа барып жалданыпты. Өздеріңізге белгілі шығар, зауыттағы нәрселерді бояйтын бояулардың қай-қайсысы да улы болады. Бір күні қожасы Кәрімге бір бояуды араластырып қой деп беріпті. Араластырып отырып, кәдімгі үйренген қалыбынша, қолын жумастан барып тамаққа отырып, нан жепті. Қолындағы бояудың жұғынының бәрі де жеп отырған нанына жабыса береді. Бір мезгілде Кәрімнің іші бүріп ауыра бастапты. Әлгі бояу у бояу екен.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。