- 阅读 三年级 的下一篇文献作品
- Құмырсқаның қанағаты
🕙 1-分钟读取
Қобыланды батыр
总字数为 180
唯一单词总数为 154
36.3 个单词位于 2000 个最常用单词中
47.1 个单词位于 5000 个最常用单词中
54.7 个单词位于 8000 个最常用单词中
(Жырдан үзінді)
...Арыстан туған Қобыланды
Күн шығуға қарамай,
Ат қоюға ойланды.
Ата-анасы, ел-жұрты,
Қара Қыпшақ баласы
Жатқаннан соң байлауда...
Қақпаның келіп аузына
Батыр Қобылан ақырды,
Нар түйедей бақырды,
«Алшағыр» деп шақырды:
«Ау, Алшағыр, Алшағыр!
Сөзіме құлақ сал, Шағыр!
Менің атым - Қобыланды.
Әуелі өзің қалмай шық,
Алды-артыңды қармай шық,
Қалдырмастан жалмай шық!
Арманда қапы қалмай шық!
Қара қасқа атың міне шық,
Оқ өтпес тоның кие шық,
Қарыңа сүңгі іле шық!»...
Шыдай алмай Алшағыр
Үстіне сауыт киеді.
Беліне байлап болатын,
Қарына найза іледі.
Алтын тұрман ер салып,
Енді атына мінеді.
Қара қасқа тұлпардың
Құйрығын шарт түйеді.
Шақырып тұрған батырға
«Қорықты дер деп бармасам»,
Алдынан жүре береді...
Жайықтың бойы қамыс-ты,
Бермейміз деп намысты, елі,
Екі батыр екпінмен
Жақындасып қалысты.
Өшігіп жүрген батырлар
Бір ауыз сөзге келмей-ақ,
Шегінісіп екеуі,
Еменнен найза салысты.
Итерісіп тұрысты,
Ат тізесін бүгісті -
Бүгісе, бүгісе тұрысты,
Біріне-бірі ұмтылып,
Тақымдары құрысты,
Он саусағы қарысты...
Қанжарменен қармасты,
Семсерменен серместі,
Сөйтіп, ойын ойнасты...
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып,
Ерлерің жаннан түңілді.
От шығады ұртынан,
Үмітін үзді Алшағыр
Шәрі, байтақ жұртынан.
Сол уақыттар болғанда
Домаланып барып жығылды,
Қара қасқа аттың сыртынан.
...Арыстан туған Қобыланды
Күн шығуға қарамай,
Ат қоюға ойланды.
Ата-анасы, ел-жұрты,
Қара Қыпшақ баласы
Жатқаннан соң байлауда...
Қақпаның келіп аузына
Батыр Қобылан ақырды,
Нар түйедей бақырды,
«Алшағыр» деп шақырды:
«Ау, Алшағыр, Алшағыр!
Сөзіме құлақ сал, Шағыр!
Менің атым - Қобыланды.
Әуелі өзің қалмай шық,
Алды-артыңды қармай шық,
Қалдырмастан жалмай шық!
Арманда қапы қалмай шық!
Қара қасқа атың міне шық,
Оқ өтпес тоның кие шық,
Қарыңа сүңгі іле шық!»...
Шыдай алмай Алшағыр
Үстіне сауыт киеді.
Беліне байлап болатын,
Қарына найза іледі.
Алтын тұрман ер салып,
Енді атына мінеді.
Қара қасқа тұлпардың
Құйрығын шарт түйеді.
Шақырып тұрған батырға
«Қорықты дер деп бармасам»,
Алдынан жүре береді...
Жайықтың бойы қамыс-ты,
Бермейміз деп намысты, елі,
Екі батыр екпінмен
Жақындасып қалысты.
Өшігіп жүрген батырлар
Бір ауыз сөзге келмей-ақ,
Шегінісіп екеуі,
Еменнен найза салысты.
Итерісіп тұрысты,
Ат тізесін бүгісті -
Бүгісе, бүгісе тұрысты,
Біріне-бірі ұмтылып,
Тақымдары құрысты,
Он саусағы қарысты...
Қанжарменен қармасты,
Семсерменен серместі,
Сөйтіп, ойын ойнасты...
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып,
Ерлерің жаннан түңілді.
От шығады ұртынан,
Үмітін үзді Алшағыр
Шәрі, байтақ жұртынан.
Сол уақыттар болғанда
Домаланып барып жығылды,
Қара қасқа аттың сыртынан.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。
- 阅读 三年级 的下一篇文献作品
- Құмырсқаның қанағаты