🕙 1-分钟读取

Қазақша күрес

总字数为 75
唯一单词总数为 70
48.5 个单词位于 2000 个最常用单词中
55.5 个单词位于 5000 个最常用单词中
58.3 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Күресуге тіленген
  Бала болса,
  Білем мен,
  Жасыл майса,
  Көгорай
  Жұмсағырақ кілемнен.
  
  Қызық болса керегі,
  Күш сынасып көрелік.
  Шығыңыздар ортаға,
  Жасаймын мен төрелік.
  
  Күшті күтіп жүре ме?!
  Атып ұр да түрегел!
  Тобықтан қақ,
  Шалып жық,
  Бірақ шаптан тіреме!
  
  Күштіге де,
  Асылы,
  Керек емес бас ұрып.
  Жата қалып,
  Сен оны
  Жібер бастан асырып!
  
  Әдістің бір пайдасын
  Көрмейсің бе?
  Қайдасың?!
  Алып соғар күштіні
  Асырғандар айласын.
  
  Білем! Білем!
  Өжетсің,
  Демек елге қажетсің.
  Ақылы мен күші сай
  Азаматқа не жетсін!
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。