🕙 1-分钟读取

Қартқожаның туған жері

总字数为 99
唯一单词总数为 88
45.4 个单词位于 2000 个最常用单词中
57.7 个单词位于 5000 个最常用单词中
63.2 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Қас қарайды. Қой өрістен келді. Арбаны төңіректеп, сүйкеніп сиырлар тұр. Үй басы есік алдына от жағып, кешкі сиырдың сүтін пісіріп жатыр. Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр. Оған ауыл біртүрлі жылы, біртүрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді. Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті. Күлімсі шуаш иісі шыққан қойлар да бірге туғандай. Түтіннің иісі де күндегіден жағымды тәрізді.
  Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе - зердесіз сүймес. Жүрегі шерсіз, тілеуі бөлек, жетесіз сүймес... Туғалы ұзап шықпаған, бауырмал әжесінің бауырында еркелеп өскен үлбіреген балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін?! Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді...
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。