🕙 2-分钟读取

Қараторғай

总字数为 197
唯一单词总数为 157
52.1 个单词位于 2000 个最常用单词中
62.1 个单词位于 5000 个最常用单词中
67.0 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Көктем күнінің жылы, жарық сәулесі жерге түсіп, қар еріп жатыр. Күнгей жақтың қары ери бастады. Қарға ұзақ қарқылдап жүр. Қамбар ата бірдеңе істеп отыр. Қасында балалар жүр.
  - Ата, не істеп жатырсыз?
  - Қонағыма үй істеп жатырмын.
  - Сіздің қонағыңыз кім?
  - Қонағымды көрерсің.
  - Қонағыңыз қандай?
  - Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай, - деп қарт жымияды. Қарттың сөзін түсіне алмай, балалар тұрып-тұрып тарасты.
  Қар кетті. Көк шықты. Күн ашық. Бір топ қараторғай ұшып келе жатыр. Ауылдың үстіне келіп жалт бұрылды, олай-бұлай айналды.
  Биік ағаштың басында Қамбар атайдың кішкене үйшігі қалқиып тұр. Қараторғайлар ұшып ауылға келді. Біреуі барып үйшіктің аузына қонды. Жанжағына жалтақтап қарады да, үйшіктің дөңгелек тесігінен ішіне кіріп кетті.
  Өзге торғайлар да ағаш-ағаштың басынан орын алып, ұшып-қонып жүр. Бауда көк шөптің арасында жыбырлап қоңыздар жүр еді. Қараторғайлар ағаштан түсе-түсе қалып, қоңыздарды теріп жей бастады. Шалшықтан су ішіп, демалуға ағаш басына барып қонды. Тынығып алған соң, ән салды.
  Манағы үйшікке кірген торғай сонда мекендеп алды. Күзге шейін кетпеді. Қамбар атай шөп шапса, қараторғайы шегіртке қырады.
  Құрт, шегіртке, инелік, маса, шыбын - бәрі деегіннің жауы ғой. Сол жаулардың бәрін қараторғай құртады. Қараторғайдың пайдасы ұшан-теңіз.
  Қамбар атайдың «қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» дегені - сол қараторғай екен.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。