🕙 1-分钟读取

Қара шаңырақ

总字数为 125
唯一单词总数为 95
49.4 个单词位于 2000 个最常用单词中
58.8 个单词位于 5000 个最常用单词中
68.2 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Еңісте отырған үш киіз үй - біздің ауыл. Ортадағы Сәрсет көкемнің үйі. Артезиан құдығы жанындағы оның көмекші шопаны - Оршаныкі, ал бергісі - біздікі.
  Сәрсет көкем - менің әкемнің ағасы. Дөңбелдегі жайлауға атам мен әжемді орталықтағы үйден бөліп, көшіріп әкелген. Мен де оларға ілесіп келдім. «Жігіт болып қалған адамсың, қойға көмектесерсің», - деді Сәрсет көкем. Оның айтқаны, ойға алған ісі - екі үйіміз үшін бұлжымайтын заң.
  Бәтиса жеңешем орталықта тұратын біздің үйді «қара шаңырақ» дейді, ал әкемді «мұғалім» деп мамандығымен атайды.
  Әжемнің маған түсіндіруінше, қара шаңырақ аталуымыздың себебі - атам екеуінің бізбен бірге тұратындығынан екен. Сәрсет көкем мен Бәтиса жеңешем олардан тиесілі еншісін алып, бөлек үй болып кеткен, яғни өздерінің шаңырағын көтерген.
  Жайлауға көшіп келгенде де әжем мен атам өздерінің қара шаңырақ мәртебесін қатаң сақтайды.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。