- 阅读 二年级 的下一篇文献作品
- Күлмеңіздер кәріге
🕙 1-分钟读取
Көйлек хикаясы
总字数为 89
唯一单词总数为 77
45.3 个单词位于 2000 个最常用单词中
55.5 个单词位于 5000 个最常用单词中
59.3 个单词位于 8000 个最常用单词中
Арман таңнан заулайды,
Тайбурылдан аумайды.
Төбешіктен қарғиды,
Көк шалғынға аунайды.
Алаөкпе боп ес кетіп,
Етек, жеңі бос кетіп,
Арман үйге алқынып,
Оралады кештетіп.
Аппақ көйлек көк болған,
Көп түймелер жоқ болған.
Шынтақтары сырылып,
Шашына шаң, шөп қонған.
Бірден бәрін байқаймыз,
Байқап, басты шайқаймыз.
Болған жайды айтады
Ақырындап айғайсыз:
- Қуып едім көбелек,
Бөгет болды бөгелек.
Іліп кетті ербеңдеп,
Етегімді ебелек.
- Ал көйлегің неге көк?
- Көк болған соң керемет,
Жарасып тұр емес пе?!
Ағараңдап, не керек?
Қысылмайды, күлмейді,
«Бояғаным - бұл», - дейді.
Анасының күнде кір
Жуатынын білмейді.
Тайбурылдан аумайды.
Төбешіктен қарғиды,
Көк шалғынға аунайды.
Алаөкпе боп ес кетіп,
Етек, жеңі бос кетіп,
Арман үйге алқынып,
Оралады кештетіп.
Аппақ көйлек көк болған,
Көп түймелер жоқ болған.
Шынтақтары сырылып,
Шашына шаң, шөп қонған.
Бірден бәрін байқаймыз,
Байқап, басты шайқаймыз.
Болған жайды айтады
Ақырындап айғайсыз:
- Қуып едім көбелек,
Бөгет болды бөгелек.
Іліп кетті ербеңдеп,
Етегімді ебелек.
- Ал көйлегің неге көк?
- Көк болған соң керемет,
Жарасып тұр емес пе?!
Ағараңдап, не керек?
Қысылмайды, күлмейді,
«Бояғаным - бұл», - дейді.
Анасының күнде кір
Жуатынын білмейді.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。
- 阅读 二年级 的下一篇文献作品
- Күлмеңіздер кәріге