🕙 1-分钟读取

Керемет күмбез

总字数为 126
唯一单词总数为 108
46.1 个单词位于 2000 个最常用单词中
60.9 个单词位于 5000 个最常用单词中
63.6 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Жас Ахметтің зеректігі мен алғырлығына қызыққан бір ғалым оны Иранға алып кетіп оқытқан деген де сөз бар. Шығыстың дін орталықтары мен ірі-ірі қалаларын, тұрмысы мен кәсіп-тіршілігін көзбен көрген жас жігіт өзінің білімі мен түсінік-танымын кеңейтеді, өмірге деген өз көзқарасын қалыптастырады. Он жеті жасқа толған соң, ақын туған жері Түркістанға оралып, сол кезде аты ғана бар «Ясы» деген жерге қоныс тебеді. Содан сол жерге жұрт біртіндеп жиналып, қалаға айналады. Кейінгі ғасырларда Ясауидің аты жайылған соң, бұл мекен дін және мәдениет орталығы ретінде танылды. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін, әйгілі Ақсақ Темір оның басына Орта Азияда теңдесі жоқ керемет күмбез салдырады. Ғимараттың биіктігі 37 метрден асады. Бұл кесене әлі күнге аспанмен таласып, сән-сәулетін бұзбай, асқақ тұр. Керемет күмбез қазір әлемдік мәдени мұралар қатарына енген.
  
  «Қожа Ахмет Ясауи» кітабынан
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。