🕙 1-分钟读取

Гүлдер

总字数为 76
唯一单词总数为 57
45.5 个单词位于 2000 个最常用单词中
59.4 个单词位于 5000 个最常用单词中
62.8 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
  Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
  «Жайнар кезім келді» деп,
  Қанаттарың желбіреп,
  Таңмен бірге оянып,
  Күн нұрына боянып,
  Көрік бердің далаға.
  
  Гүлдер, гүлдер, не түрлі
  Құлпырды да жетілді.
  Барлық дала өртеніп
  Бара жатқан секілді.
  Өрт дегенім - гүл екен,
  Отқа ұқсап тұр екен.
  Лүпіл қағып жүрегім,
  Үзіп алдым біреуін,
  Сыйлайын деп анама.
  
  Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
  Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
  Тұра берші ырғалып,
  Тұра берші нұрланып,
  Сол тұрғаның ұнайды,
  Құлпырғаның ұнайды,
  Ұқсап сәби балаға.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。