🕙 1-分钟读取

Даңғой

总字数为 85
唯一单词总数为 78
40.9 个单词位于 2000 个最常用单词中
47.1 个单词位于 5000 个最常用单词中
52.1 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  (Мысал)
  
  Көрінбей көзге бір қияр,
  Қалтарыста қалыпты.
  Көңілінде зор қиял,
  Маңайға жар салыпты:
  
  «Қарамай суық, жауынға,
  Қар түскенше мен өсем.
  Қарбыз бенен қауынға
  Қайтсем дағы теңесем!
  
  Үстемелеп салмағым,
  Алып болам, нән болам!
  Топырақтың бар нәрін
  Тататын тек мен болам», -
  
  Деді байғұс күрсініп,
  Даңғойланды, мақтанды.
  Желөкпелік қырсығы
  Барлық сырын ақтарды.
  
  Бірақ болмай дегені,
  Жетті уақыт мөлшері.
  Тамырының қорегі
  Таусылды да, ол семді.
  
  Жарамады жеуге де,
  Адам қолға алмады.
  Жарамады жемге де,
  Мал маңына бармады.
  
  Жарамаса кәдеге,
  Құр жатқаннан не пайда?
  Өндірмесе дәнеме,
  Мақтанғаннан не пайда?
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。