🕙 2-分钟读取
Бекзат
总字数为 209
唯一单词总数为 177
40.0 个单词位于 2000 个最常用单词中
51.1 个单词位于 5000 个最常用单词中
61.1 个单词位于 8000 个最常用单词中
Сиднейдің шаршы алаңына екі батыр шықты. Бірі - осы уақытқа дейін әлем чемпионы атанып үлгерген америкалық Рикардо Хуарес. Екіншісі - қазақ баһадүрі Бекзат Саттарханов.
Рикардо құлжаның асығындай шымыр. Қоңырқай жүзінде айбын бар. Өз күшіне, бабына өте сенімді. Көзінен ашу ұшқындап, жер тарпып тұр.
Бекзат та тас түйін.
Екеуі оңды-солды аңдысып, сатыр-сұтыр ұрысқа кірісті.
Бекзат сарт-сұрт ұрып, оңға орғиды. Көздеп ұрып, солға орғиды. Іштен, тұмсықтан дәл соғып, әлем чемпионын тықсыра түсті.
Рикардо тізгіннің қолдан сусып бара жатқанын түйсініп, белсене түскен. Жоқ. Мына қазақ тым сезімтал екен. Бұл жұдырығын ыңғайлағанша, екі-үш мәрте сілтеп үлгереді. Ойлануға мұрша беретін емес. Ойсыз бокс - орға жығылу. Мына қазақтың ойы да, жұдырығы да оқтай ұшқыр.
Рикардо арыстанша атылып, соққы жаудырған. Еңбегі еш кетті. Жұдырығы Бекзаттың қолғабының сыртынан қайтты.
Айтып-айтпай не керек, екінші раунд біткенде Саттарханов оқ бойы озық тұрды. Есеп 15:4.
Раундтың соңына қарай Рикардо тұсалған аттай күй кешті. Бекзаттың тасқамал қорғанысын талқандай алған жоқ. Амалсыздан Саттархановтың ыңғайына көнген. Осының алдында Бекзат түрік боксшысы Рамазан Пашанидің басындағы дулығасын ұшырып түсіре жаздап еді. Пашанидің дулығасын қисайтқан қайсар қазақ енді бәйгені ешкімге бермесін ішіміз сезе қойды.
Сиднейдің аумағы атшаптырым бокс залын тағы дуылдаттық. «Қазақстан! Бекзат!» Есімі елімен бірге аталған Бекзат қандай бақытты! Еліңнің Туы болдың деген - осы. Атаның ғана ұлы емес, халқыңның ұлы болды деген осы шығар.

您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。
- 阅读 二年级 的下一篇文献作品
- Бірлік