🕙 1-分钟读取

Байлық пен ақыл

总字数为 166
唯一单词总数为 124
54.7 个单词位于 2000 个最常用单词中
60.3 个单词位于 5000 个最常用单词中
69.1 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  (Ертегі)
  
  Ертеде бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын шақырып:
  - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсысың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, - депті.
  Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
  - Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - депті.
  Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
  - Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.
  Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
  - Мұндай белдік, - дейді, - ешкімде де болған емес...
  Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына:
  - Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? - дейді. Сонда кенжесі былай депті:
  - Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбексүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім бар.
  Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。