🕙 1-分钟读取
Батырлар жыры
总字数为 77
唯一单词总数为 69
44.8 个单词位于 2000 个最常用单词中
53.4 个单词位于 5000 个最常用单词中
63.4 个单词位于 8000 个最常用单词中
Ел-жұрттың арманы - сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Бұл әсіресе ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған. Олардың батырлық, қаһармандық істерін мадақтап, жырға қосқан. Алғашқыда батырдың бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа жорықтары жалғасып, оқиға тізбегі өрбітілген. Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді де көрнекті тағы бір түрі - батырлар жыры пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды жаттап алып айтушы, таратушы адамды жыршы деп атайды.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。
- 阅读 三年级 的下一篇文献作品
- Білім