🕙 2-分钟读取
Бақыт құсы
总字数为 231
唯一单词总数为 189
56.0 个单词位于 2000 个最常用单词中
66.4 个单词位于 5000 个最常用单词中
68.4 个单词位于 8000 个最常用单词中
Азамат деген баланың ісі атына сай емес еді. Адам нағыз азамат атануы үшін тәртіпті, кішіпейіл, ақкөңіл, әркімнен көмегін аямайтын қайырымды, қағілез болуы керек қой. Түс қайта сөмкесін арқалап, мектепке барып келгені болмаса, күні бойы асыр салып, аулада доп қуып ойнағаннан басқа ештеңе бітірмейді. Бір мезгіл кітап бетін ашпаса, оқуын қалай оқысын?! Күнделігі екіге толы...
«Мен бақытсыз екенмін» деген ой басынан бір елі шықпай қойды. Әрі-беріден соң ол бақытты болудың жолын қарастыра бастады.
«Айтпақшы, осы «бақыт құсы» деген болмаушы ма еді ертегілерде? Шіркін, соның біреуін тауып алсам, табан астында бақытты болып шыға келер едім».
Содан соң бір күні ол әжесінен:
- Әже, осы бақыт құсы қандай болады? - деп сұрайды.
- Оны кім көріпті? Көңіліңе қандай құс ұнаса, сол құстың бейнесіне енетін болар. Мысалы, қараторғай не бұлбұл. Тіпті көгершін болып ұшып жүруі де мүмкін, - депті әжесі.
Осы әңгімеден соң Азаматтың құстарға деген көзқарасы мүлдем өзгереді. Оларға тас лақтырып, зақпымен атуды қояды.
Есік алдына, шатырға жем шашатын болды. Бірақ басына торғай да, бұлбұл да, көгершін де келіп қонбайды. Бақыт құсын күтіп-күтіп шаршаған Азамат:
- Бақыт құсы ауылда қыстап қалған құстардың ішінде жоқ екен. Бар болса, осы уақытқа дейін оған ұнамауым мүмкін емес еді. Құс біткенге қанша қызмет еттім. Осы қасиетімді көрмейтін бақыт құсында ақыл жоқ дейсің бе? Ол, сірә, қыста тоңатын болған соң, жылы жаққа ұшып кеткен ғой. Көктем шығысымен жыл құстарымен бірге қайтып оралуы тиіс. Іздестіруді көктемге қалдырайын, - дейді өзіне-өзі.

您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。
- 阅读 二年级 的下一篇文献作品
- Баспалдақ