🕙 2-分钟读取

Ақ лақ

总字数为 249
唯一单词总数为 186
55.8 个单词位于 2000 个最常用单词中
66.3 个单词位于 5000 个最常用单词中
73.6 个单词位于 8000 个最常用单词中
每个条形代表每 1000 个最常用单词中的单词百分比。
  Ораз бүгін атасының ауылына келді.
  Көктем өтіп, көк жетіліп тұрған шақ. Ораз сүп-сүйкімді жас төлдермен еркінше ойнап, айрықша сергіп қалды.
  Жас төлдердің бәрі де әдемі! Монтиған бұйра қозылар күншуақта олай-бұлай, өз-өзінен секіріп ойнайды. Бала мінездес. Құлағы салпаңдаған, құйрығы селтеңдеген нәзік үнді лақтардың мінезі тіпті сүйкімді.
  Бір кезде оның көзі үйдің артындағы бір түп аршаның көлеңкесінде жатқан кішкентай ақ лаққа түсті. Ол төрт аяғын бауырына алып, басын жерге төсеп жатыр.
  - Сен неге ойнамайсың? Жалқауын қарай гөр мұның! - деп Ораз қасына келіп, еңкейіп, шапалағын шартылдатты. Лақ ыршып тұрар деп ойлап еді, олай болмады. Басын жайлап көтерді де, Оразға сарғыш көзімен бір қарап қойып, басын қайтадан жерге төседі.
  - Саған не болған? - деп, Ораз лақты көтеріп алды. - Ойбай, байғұсым-ай, тамағыңның асты ісіп кетіпті ғой.
  - Апа, мынаны қараңызшы! Мына ақ лақтың тамағының асты ісіп кетіпті!
  - Жылан шаққан ғой, - деді апасы лақтың ісінген тамағын әбден қарап болып, - әлгінде ғана ойнап жүр еді. Обал болған екен.
  - Енді қайтеміз?! - деп шошынды Ораз лақты бауырына баса түсіп.
  - Санитарлардың бірі келіп қалар.
  - Жоқ, апатай, мұны дәрігерге тезірек көрсетпесе болмайды. Мен зымырап отырып, қазір-ақ барамын.
  Ораз өтініп болмаған соң, шешесі оған лақты мал емдейтін орынға апаруға рұқсат етті.
  Аудан орталығына келген соң, Ораз ақ лақты дереу мал емдейтін орынға көтеріп барды.
  Лақтың тамағына дәрігер укол салды. Ораздың: «Бәрі дұрыс па?» деген қаупіне, ол «иә, бәрі дұрыс, уайымдама», - деп басу айтты.
  - Тез жазыла ма?
  - Тез жазылады.
  Осы күннен бастап Ораз ақ лақты ерекше күтімге алды.
您已阅读哈萨克语篇文献中的 1 篇文章。