Latin Common Turkic

Тау Құлаған - 01

Süzlärneñ gomumi sanı 3937
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2155
31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
(Мәңгілік қалыңдық)
роман
БАСПАДАН

Бұл кітапта жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында
алғашқы шығармаларымен-ақ әлемдік әдебиет аспанына жұлдыздай
жарқырап шыққан сөз зергері, бауырлас қырғыз халқының шоң
перзенті Шыңғыс Айтматовтың екі романы мен бір хикаяты жазушы
Нұрлан Қамидың аудармасымен жарияланып отыр.
Классик жазушының «Тау құлаған» деген атпен берілген соңғы
романы, сиясы кеппей жатып-ақ, орыс тілінен қазақшаға аударылып,
«Жалын» журналының 2006 жылғы 6-12 сандарында және 2007
жылғы 1-ші санында «Мәңгілік келіншек» деген атпен алғаш рет
жарияланған болатын. Осы уақытқа дейін жеке кітап болып жарық
көрмеген романның сол аударма нұсқасы өзгеріссіз алынды.
«Кассандра таңбасы» атты екінші романы 2006 жылы «Арда»
баспасынан жарық көрді және 2008 жылы «Әлем әдебиеті»
журналының № 2-3 сандарында басылды. Ал, жазушының өзі әйгілі
«Боранды бекет» романына қосымша хикаят деген атаумен жеке
кітапша етіп шығарған «Шыңғысханның ақ бұлты» хикаятының
қазақша нұсқасы 2003 жылы «Жұлдыз» журналының № 6 санында
және 2004 жылы «Атамұра» баспасынан шығарылған «Боранды
бекет» романымен бірге жарияланды.
Классик жазушының аталған туындылары жинақталып, қазақ
тілді оқырман назарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Тау құлаған

I

Бұл өмірде барша жан да бағынып, сөзсіз мойындайтын және
ешқашан бұлжымайтын бір шарт бар, ол – жазмыш, ешкім
де алдында не күтіп тұрғанын білмек емес, тағдыр деген де сол,
пешенесіне не жазылғаны ешкімге белгісіз, оны тек өмірдің өзі ғана
көрсетіп береді, олай болмаса, тағдырдың тылсымы деген түсініктің
өзі де болмас еді... Дүние жаралғаннан бері солай болып келеді, Адам
Ата мен Хауа Анамыздың пейіштен қуылып, Жер бетіне түскені де
олардың тағдыры еді, содан былай қанша ғасыр, қанша күн, қанша
сағат өтті – өзгерген ештеңе жоқ, тағдырдың тылсымы тіршілікпен
бірге жасап келе жатқан мәңгілік қағида, әркімге арналған жеке
жұмбақ күйінде қала береді…
Бұл жолы да солай болды, тура сол – бірақ мұндай оқиғаның
болатынын алдын ала болжап біле алатын жан баласы қайда, тіптен
бұл адамның қиялына да сыймайтын еді, керек десеңіз, жаратқан
жалғыздың өзі де дәл осылай болады деп белгілей қоймаған шығар
деп күдіктенесің...
Бұл орайда осы ақылға сыймас жәйтті бажайлауға тырысып,
осындай оқиғаның боларын алдын ала шамалау үшін бұл жан
иелерінің өзара астрологиялық байланысы барлығы, олардың
космологиялық туыстығы туралы, тағдырдың жазуымен – тағы да
тағдыр! – олар бір жұлдыздың астында дүниеге келген деген сияқты
бірдеңені ғана пайымдауға болар. Мұны басқаша түсіндіру мүмкін
емес. Кім білген, бәлкім, солай да шығар…
Әрине, олар бір-бірінің жер бетінде тірлік кешіп жатқанын білген емес және біле де алмайтын. Өйткені, олардың бірі тұрғындары
тас үйлерге сыймай, көшеде ығы-жығы болып сапырылысып
жатқан, аяқ басқан сайын алдыңнан шығатын саудагерлер жайлап
алған, кәуапханалардың түтініне ысталған қазіргі заманғы үлкен
қалада тұратын да, екіншісі – беткейіндегі қары жарты жыл бойы
ерімейтін биік тауды, сыңсыған арша бұталары қаптай өскен құз
Шыңғыс Айтматов
жартастар патшалығын мекендейтін. Оның Қар барысы деп аталуы
да сондықтан, ал ғылымда, биік тауды зерттейтін ғылым да бар, оны
мысық тектестердің – жолбарыс та осылардың қатарынан саналады
– қабыландар тобына жатқызады, ал барыстар мекендейтін өңірде
тұратын халық оны Жебе-Барыс деп атаушы еді, бұл оның жемтігін
ұстау үшін оқыс ұмтылып, ытқи секірген кезде оқтай атылатын
әбжілдігін дәл сипаттайтын. Сонымен қатар, кейде оны «Қар кешкен
ілбіс» деп те атайды, бұл да шындықтың ауылынан алыс жатқан
жоқ… Басқа жануарлар тау ішінің қалтарыс-бұлтарыстарында
сіресіп жатқан күртік қарға малтығып шыға алмай қалудан
сақтанып, абайлап қана жүретін болса, бұл тура тарта береді... Не
деген күш!
Барыстар, көбінесе, түс әлетінде аңға шығады. Бұл кезде шөп
қоректілердің суатқа беттейтін кезі, жабайы еліктер – тауешкілер
мен кәдімгі момақан ғана қойдың жабайы туысы – арқарлар бұл
кезде жылға-жылғамен жылжыған мөлдір де сап-салқын тау суын
рахаттана сіміріп, ертеңге дейін шөлдерін қандырып алу үшін
жан-жақтан суат басына жиналады. Олар мұны ұйымдасқан түрде
істейтінін де айта кету керек. Тұяқтары жерге тиер-тиместей болып,
соқпақ жолмен бірінің артынан бірі тізіле шұбырып келе жатқан
олар аяқтарын сәнмен серпе қозғайды, айналасына жіті көз жіберіп,
асқан сақтықпен қозғалады, кез келген дыбысқа елең етіп, сәл қатер
төнгенін сезсе болды, серіппедей атылып, қауіпті жерден аулаққа
қаша жөнелуге дайын.
Дегенмен Жебе-Барыс та өз ісіне жетік болатын. Ол жемтігін
жартастың тасасынан тосып алып, жоғарыдан бір-ақ секіріп тарпа
бас салады, бұл өте ұтымды әдіс немесе бұтаның түбінен атыла
секіріп барып жемтігін алдыңғы аяғымен бір ұрып ұшырып түсіреді
де, қозғалуға шамасын келтірмей қанжардай өткір тістерін тамағына
қадай түседі, қаны бұрқыраған жемтігі тұяқтары дірілдеп сол жерде
жан тапсырады, арғы жағы белгілі…
Ал жемтігін қуып жүріп ұстауға ең қолайлы сәт – олардың суға
Тау құлаған
әбден қанған шағы. Бұл үшін суат басына жақын жерде жасырынып,
қыбыр етпестен тапжылмай жата беру керек, ешкілердің суға әбден
қанғанын асықпай күтіп, төзімділік танытпаса болмайды, көздері
жалт-жұлт етіп, суды сіміре бере кенет басын жұлқи көтеріп жанжағына жалтақтай қараудан бір талмайтын жануар алдыңғы аяғымен
суды тізесінен кешіп тұрып салқын суды үнсіз сіміре береді. Олар суды
неғұрлым көбірек ішсе, барыстың аңшылығы соғұрлым сәтті болмақ.
Егер тауешкілер тіке қашар болса, олардың жүйріктігі сонша, соңына
түсіп әуреленбесе де болады. Олар дыбыстан шапшаң қимылдайды,
оларды құтқаратын да осы, қашқан кезде бақыру-шыңғыру дегенді
де білмейді, кейбір құрғақшылық жылдары тауда өскен бұталарды
сағалап келетін жабайы шошқа сияқты, жауы жақындап қалғанда
қорыққаннан тезегін атқылату деген де тауешкіге жат, ал, суға әбден
тойып алғанда олардың қимылы сәл баяулайтын болады, нағыз
қимылдап қалар сәт те осы…
Бұл жолы да Жебе-Барыс түске таман суат басында аң
ауламақ болды. Тау өзенін бойлай өскен жас бұтаның арасымен
асықпай аяңдап келе жатып жан-жағына жіті көз жіберіп қояды
– мүмкін соңынан өз туыстарының бірі – тағы бір барыс еріп
келе жатқан шығар. Ондай да болады, әсіресе, кейде жұптасып аң
аулайтындарға тап бола қалсаң, – өзіңе қауіп. Артық текетірестің
не керегі бар, бір-біріңмен ырылдасып жату да дұрыс емес…
Жалпы, жалғыз жортқанға не жетсін!.. Ол асықпай аяңдап суатқа
қарай келе жатты…
Жаздың соңғы күндері болатын, Еренқабырға тауында бұл ең бір
жайлы кезең, қарлы боран соғатын уақытқа әлі ерте, тау асулары ашық,
құс атаулының әбден семіріп, қоң жинаған кезі, торғай екеш торғайлар
да бір-бірімен шықылықтай сыбырласып, шиқ-шиқ күлісіп, таусылып
бітпес әңгімелерін айтып жүр, өйтпегенде ше – балапандардың
қанаттары қатайды, енді ештеңеден қорықпауға болады, қыс түскенше
жылы жаққа ұшып кетеді, содан келесі көктемге дейін оларды
қайтып көрмейсің. Қыста бұл жақта қалу торғай үшін өліммен тең…
Суатқа беттеген ешкілер көріне ме деп сығалай аңдыған Жебе-
Шыңғыс Айтматов
Барыс айналасына жүре бейімделіп келеді, үстіндегі теңбілі бұталар
мен жартастардың қасында мұны солармен тұтас жаралғандай етіп
тұруға тиіс. Серіппедей серпінді жаралған жотасы биік, мойны
жұмыр, үлкен басты, құлағы мысықтың құлағындай, қараңғыда
жарқырап жанып тұратын екі көзі от шашқан Жебе-Барыстың тұрқы
да ұзын, өзі де ересен қайратты, осы өңірдің табиғатына бейімделе
жаратылған теңбілденген терісі жібектей жұмсақ болатын, ежелгі
жырларда баяғының бақсылары мен хандары барыс терісінен тігілген
тон киген делінетіні бекер болмаса керек… Ол өзінің Африкадағы
алыс туысы – шұбар қабыланға өте ұқсас екенін білмейтін, тіптен,
екеуінің құйрығының ұзындығына дейін бірдей еді. Бірақ қабылан
туысы қайдағы бір әлсіз мысық сияқты үнемі ағашқа өрмелейді де
жүреді, олар жемтігіне сол ағаштың үстінен қарғып түсіп бас салады.
Ал қар барысының маңдайына жазылғаны басқа, олар терең құздар
мен биік жартастардан қарғиды, төрт-бес мың шақырымдық биікте
Африкадағыдай діңі жуан ағаштар өспейді, орман-тоғай дегенің сонау
төменде, тау беткейінің жайпақтанып барып кең алқапқа қосылатын
жерінде ғана кездеседі, ондағы ағаштардың діңі мен бұтақтарын тек
сілеусіндер ғана мекендейді… Кейде барыстардың да орманға барып
қалатын кездері болады, ондайда сілеусіндер өздерінің үш атадан
қосылатын ағайындарын танымағандай болып, ысылдап, пысқырып
айбат шегеді. Ал қар барысы тек биік тауда ғана өмір сүреді, ондағы
аңшылықтың өзі бітіспес шайқасқа, желаяқ тауешкілермен жан
алып-жан беріскен сайысқа ұласып жатады…
Жебе-Барыс жіңішке келген тау өзенінің жағасындағы аласалау
бұтаның түбінен арқарлар мен тауешкілерді тосатын орын тауып,
тосқауылға қолайлы жерді таңдап алды да, жер бауырлап жата
кетті. Өткір тырнақтарын бір-біріне үйкелеп, қайрап қояды. Тау
беткейін құлдап, әрі үрке, әрі тәкаппар түрде бастарын сілкіп қойып
бірінің артынан бірі келе жатқан жеті-сегіз тауешкі осында суатқа
келуге тиіс. Оларды әлгінде жартастың қуысынан баспалап тұрып
көріп қалған. Енді соларды күтіп қыбыр етпестен қата қалды.
Күннің көзі тас төбеде шақырайып тұр, аспанда сирек қалықтаған
Тау құлаған
әредік бір ақша бұлттар Еренқабырға тауының осы сілеміндегі
көкке шаншылған шыңдарға қонақтап қалып жатыр. Күн көзі де,
ауа райы да әккі жыртқыштың көңіл ауанына бейімделгендей,
бүгінгі аңшылыққа өте қолайлы болып тұр. Сонымен, асыға күткен
аңшылық сәті де жақындап қалды, бірақ Жебе-Барысты алаңдатқан
бір жәйт бар еді – дөңкиген қойтастардың арасында жан-жағын
бақылап жатып, ол өзінің тыныс алғаны естіліп тұрғанын байқады.
Құдды бір ентігі басылмағандай алқына дем алады. Бұл деген басқа
жағдайда – ұзақ уақыт жүгіргенде немесе жемтігін бас саламын деп
атыла секіргенде, яки ұрғашы барыс үшін таласып қарсыласыңмен
алысып-жұлысқанда ғана болатын сияқты еді. Ондайда қырылдаған,
күрілдеген дыбыстар алқына шыққан деммен ұласып жатады, уысуыс жүн бұрқырай ұшып, жолап кеткен жан иесін түгел тұншықтыра
салғысы келіп ашуы қозады. Қыбыр етпей тосқауылда жатып, айнала
төңірекпен тұтаса бірігіп кеткен сәтте мұндай ентігуге жол болсын?..
Демінің әрбір дыбысы ап-анық естіліп тұр. Мұндайды бұрынсоңды байқамап еді… Жүрегі де күндегіден жиірек соғатын сияқты,
тіптен, құлағын жарып жіберердей болып атқақтай дүрсілдейді.
Ия, соңғы кездері Жебе-Барыстың өмірінде біраз өзгеріс болған.
Өткен қыстан бері жалғыз қалды, үйірінен бөлініп, аласталған тау
тағысына айналды. Кәрілік бұқпантайлап келіп қалғанда осындай
жайсыздықтар басталатыны – табиғи жәйт. Бәрі де осыған бастап
әкеледі ғой. Бірде мұның серігі болып жүрген өлекшінге бір жас
барыстың жақындай бастағаны бар. Екеуі аяусыз шайқаса кетті. Бұл
оны жеңе алмай қойды. Сәл демалып алып қайтадан арпалысты,
қарсыласын қуып жіберемін деген ойы тағы да іске аспады. Әлгі шұнақ құлақ жас барыс, шамасы, бір құлағы осындай қырқыстың кезінде
дұшпанының аузында кетсе керек, қаһарлы да қажымас қайратты әрі
табанды болып шықты, өлекшінге қайта-қайта ұмтылып, үстін жалап,
ойнаған болып, сонымен бірге мұны да қорқытуға тырысып, ырылдап
қояды. Осының бәрі Жебе-Барыстың көз алдында өтіп жатты. ЖебеБарыстың алғашқы жұбы жер сілкінген кезде мерт болған, содан
кейін осы өлекшінді кездестіріп, екеуі талай қысты бірге өткізіп
Шыңғыс Айтматов
еді, екі рет күшіктеген болатын, кенет сол жұбы әлгі шұнақ құлақ
жас барысқа еріп кете барғаны. Құйрығын біресе оңға, біресе солға
бұлғаңдатып, біресе бұтының арасына қыса қалады да, енді бірде
қайқайта көтеріп, доғаша иеді, жаңа серігіне иығымен, қапталымен
сүйкеніп, еркелеп жүр және осының бәрін мұның көзінше әдейі істеп
тұрған сияқты. Мұның бар-жоғын да елеместен жас барысқа ілесіп
қайқаңдап кетіп барады…
Жебе-Барыс ашумен соңынан қуған, ұзатпай-ақ қуып жетті,
жетпей не көрініпті, олар да асыға қоймағанға ұқсайды – шатқалды
бойлап желе жортып барады екен. Бұдан да ештеңе шықпады, бәрі
бұрынғыдай аяқталды. Тағы да шайқас, тағы да арпалыс… Бұл
жолы бұрынғы қосағы мұны жас барысқа қосыла талады, үйірдегі
өз орнын сақтап қалып, барыс үйірінің жаңа күшіктерін өмірге
әкелу үшін ұрық себуші міндетін атқаруды ғана қалаған ЖебеБарыс үшін бұл соңғы соққы, ақырғы апат болды. Содан кейін біраз
есі кіріп, әл жинаған соң қызбалықпен көршілес үйірдегі жаңа
піскен жас қаншықты ертіп кетпек болған, оның да ыңғайы келмеді.
Мұнда да сұрапыл шайқасқа түсті, үш барыс бірдей жабылып, саутамтығын қалдырмай талап тастады. Өлекшін мен жас барыстар
махаббат тойын тойлауға таяу жартастың тасасына кіріп кетті, бұл
болса тұқым жалғастыру үшін болған тартыста жеңіліп, біржола
шетке қағылып, бір-ақ сәтте тастанды болып шыға келді, өйткені,
табиғат заңы бойынша өмірге ұрпақ әкелу қуанышына тек жаңа да
жас күштер ғана бөленбек.
Енді бұл жерден кетпесе болмайды, Жебе-Барыс біраз уақыт
бойы сол маңды шарлап, ерсілі-қарсылы аласұрып жүгірумен
болды, біресе күрт тоқтай қалады, енді бірде жата қалып
аунайды, атып тұрып төңіректі тітіренте арылдайды. Сол сәтте
қолынан келсе қасқырша ұлуға да бар еді… Жалғыздықтан
басы айналып, мәңгіріп қалған ол жанын қоярға жер таппай
қиналды, тіптен, аңшылыққа да құмары жоқ еді, әлі де қартая
қоймаған, күші де, қуаты да бойында, нағыз бабында тұрған
Жебе-Барыстың қазір өздерінде шаруасы жоғын білгендей, бір
Тау құлаған
үйір тауешкі дәл қасынан асықпай аяңдап кетіп бара жатты…
Шындығында да солай болатын, сол бір өзіне де түсініксіз,
үйреншікті мәнінен айырылып қалғандай көрінген уақыттың бір
үзігінде, ол кенет, өзінің қасірет-қайғысының шырқау шыңын
түйсінгендей болды. Толқын жалды шың басында қисая өскен быртық
аршаға арқасын сүйеп, айналаға мән-мағынасыз көз жүгіртіп тұрған
ол төмендегі ашық алқапта жарыса жүгірген екі ғашықты көрді –
бір-бірімен алғаш жарасқан, тұла бойы күш-қуат пен құштарлыққа
толы екі жас барыс бірін-бірі еркелете тістелеп қойып, алғаш ұйығар
алдында өз қанын өздері қыздырып, бір-біріне және бүкіл әлемге
құшақтарын айқара ашар сәтті аңсағандай билей жортып бара
жатты… Оттай жанған көздерінің жанары осындай қашықтан да
байқалып тұр.
Жебе-Барыс ыңырана қырылдап, жата қалып аунай кетті, өзөзінен қашқандай бауырымен жорғалап, әлдеқайда безіп барады…
Бірақ қайда бармақсың? Бір кездері өзі де дәл жаңағыдай салтанат
құрған, қасында талшыбықтай майысқан жас өлекшін, құдды
бір абайсызда табанның астында жаншылып қалған жыландай
ирелеңдеп, тамсана қыңсылап қояды, бұл оны көрші үйірден жаңа
ғана тартып алған болатын. Сонда екеуі де қазіргідей жастық тойын
тойлап, құмарлық биін билеген, осы бидің заңды жалғасы – жанасқан
сәтті өз тектестері, басқа барыстар көрмеуі үшін аулаққа, оңашаға
кетіп бара жатты. Табиғаттың өзі бұл екеуінің оңаша қалуын, осындай
сырлы сәтте басқа тірі жанның көзіне түспеуін қалап тұрғандай еді…
Сонда екеуі тура осылай жортқан, алғашқы жанасудың қызығын
алдын ала сезініп, тұла бойы от боп жанып тұрғандай болды, аспан
да қып-қызыл болып өртеніп бара жатқан сияқты, қатар-қатар
тізілген тау шыңдары да өртке оранғандай боп көрінген, айнала
әлем түгелдей сыңғырлап қоя берді, бұл екеуі бір-бірінен қуат
алғандай әсерленіп, қатарласа жүгіре берді, жүгіре берді, сол бір
жаздың соңғы күндерінің бірінде екеуі келер көктемде биік тауды
мекендейтін қар барыстарының жаңа ұрпағының өмірге келуіне
бастама салар сәтті күтіп осылай шаршамай-талмай жорта берген…
Шыңғыс Айтматов
Екеуі сөйтіп құйрықтары желкілдеп, денелері суда жүзген
балықтай ирелеңдей созылып жорта берді. Өлекшін бұдан сәл оза
жүгіріп келе жатты, оның артықшылығы да сонда, бұл болса одан
сәл кейін келеді, ұрғашы барыстың жас тәнінен бұрқырап тұрған
иісті құшырлана жұтып, ыстық деміне мас болып, жүрегінің дүрсілін
естіп келе жатыр, тұла бойын әлдебір тәтті сезім билеп алған. Сол
сәтте жортып келе жатып бұрын байқамаған бір дыбысты естіді
– әлдебір созылыңқы да ауыр гуілдеген бір ызың күн сәулесіне
қосылып, желмен бірге жан-жаққа таралып жатқандай және бұл
дыбыс тура құлағының түбінен шығып жатқан сияқты, ауаның үп
еткен қозғалысында, тіптен, күн шапағының өзінде, айнала ормантаудың әр қозғалыс-тербелісінде осы ызың ілініп тұрған тәрізді, қар
барысы ол дыбыстың өмір жыры, екеуінің жұбайлық өмірі басталар
алдындағы кіріспе, мәңгілік өмір әуені екенін ұға алмап еді… Бұл
әуен ақыр аяғында өмірдің қатал заңына айналып кетеді екен, сондай
бір тәтті сағым болып шықты, көбінесе солай болатыны да рас қой.
Сағым да сейілді, күндер жылжып өте берді, жыл мезгілдері сусыған
құмдай ауысып жатты...
Тағдырдың кілт бұрылысы көп, солай болған және бола да бермек,
бұған ешкімнің әмірі жүрмейді.
Жебе-Барыс тастанды болып шыққан күні, өлекшіні мұны
тастап, күні бойы толас таппаған аяусыз шайқастың жеңімпазы
– шұнақ құлақ жас барыспен бірге осы әуенге шомылмақ болып
оңаша жаққа жорта жөнелгенде, бұл да сол кепті құшты. Жебе-Барыс
айнала төңіректі кезіп жүре берді. Әуелі болған жәйтті мойындамай,
буырқанған ашуын баспақ болып беталды қаңғи берген, кейіннен
мұнысы бос сандалбайға ұласты, тіптен, аңшылықты да ұмытып кете
жаздапты. Міне, сол кезде тағы бір масқараға тап болды. Өмірде не
болмайды дейсіз, тау ішіндегі бір тұйық шатқалдың қақ ортасында
өзінің бұрынғы жұбы мен шұнақ құлақ қарсыласын кезіктірді,
екеуі құмарлық ойынынан кейін ажыраса алмай тұр екен. Кейде
жанасқаннан кейін осылай болады, бірін-бірі қоштасуға қимаған
ғашықтардай мейірлене қыңсылап, еркелесіп тұр. Жебе-Барысты
Тау құлаған
көргенде естері шығып, аңтарылып тұрды да қалды. Қас қаққандайақ сәт қой, ашуы қайта қозған Жебе-Барыс басын төмен салып,
күр-күр етіп жақындай берді, ұшқын атқан екі көзінен кек жалыны
алаулап, екеуінің де тамақтарын орып жіберуге біржола бел буып,
төніп келеді. Енді ақтық қимылға көшуге бір-ақ қадам қалды… Сол
сәтте аяқ астынан кілт тоқтады, бір-бірінен айырыла алмай қиналған
екеуіне қан толған көзімен қаһарлана қарап қозғалмай қатып қалды,
әлдебір тылсым күш, тылсым бұйрық күрт тоқтатқан секілді. Сол
жұмбақ күш, ішкі дауыс оған ұрпақ жалғастыру үшін бірігіп, енді
ажыраса алмай жатқан екеуіне тиіспе деп тыйым салды; кенет кілт
бұрылып жүре берді, әлсін-әлсін сүрініп кетеді, ыңырана күркіреп,
еңіреп барады…
Бауырлас барыстарынан бірден-бірге бөлектене берген ЖебеБарыс аяусыз қатал да қатігез, не болса соған бола шайқаса кетуден
тайынбайтын, жалғыз жортқан мейірімсіз жыртқышқа айналды. Әр
үңгірде бір түнеп, қашқан жануарларды қуалап, тау басына да шығып
кетіп жүрді, өлтірген жемтігі көбінесе жеуінен артылып қалатын.
Бейне бір желінбей қалған өлексемен неше түрлі масылдарды –
шибөрі мен түлкіні, борсықтар мен бір-бірімен таласып, қанаттарын
сабаласып, тырнақтарын жайып қорқытпақ болып әуреге түсіп
жататын қарқылдаған қарға-құзғынды тойдыру үшін аңшылыққа
шығатын сияқты. Жебе-Барыс оларға үнсіз де жирене көз тастап
аулақта отыратын, кейде олар әлденеге кінәлі болып қалғандай-ақ
ақыра ырылдап, тым-тырақай қуып жібереді. Бойын буған ызасын,
жан ауруын, өткенді сағынуын осылай басып жүрді…
Күндер жылжып өтіп жатты, мәңгі қармен құндақталған биікбиік шыңдарының басы күнге шағылыса жалтыраған тау жоталары
ғана сол қалпы, ауа райы өзгереді, жыл мезгілдері ауысады, тек биік
таудың қожайыны Жебе-Барыс қана сол күйі жалғыздықтан танған
жоқ, сөйтіп жүріп бір күні өзінің ентіге бастағанын аңдады… Әуелі
тек күрт қозғалғанда ғана байқалатын, бірақ тып-тыныш жатқан
кезде де алқынып, кеудесі ауырған емес еді.
Суат басында тауешкіні аңдып жатқан Жебе-Барыс осы жолы аң
Шыңғыс Айтматов
аулау басталғанға дейін-ақ ентігіп тұрғанын аңғарды. Бұл жолы да
үйреншікті әдеттен танбау керек, ешкі-арқарлар суға әбден тойғанша
күтіп, содан кейін қапысын тауып тап беруге тиіс. Бірақ бұл алдағы
қимылдың жоспары ғана. Аңшылықтың сәті түсуінің де маңызы зор,
тауешкілердің кейде аяқ астынан әлденеден секемденіп, көзді ашыпжұмғанша қарсы беттен бір-ақ шығып, сатыр-сұтыр безе жөнелетіні
бар. Ондайда бәрін қайтадан бастауға тура келеді, содан кейін қуғын
басталады, оның қалай аяқталары тағы белгісіз…
Бұл жолы Жебе-Барыстың тағдырына өкпелейтін жөні жоқ еді.
Тау жоталарының ең биігіндегі шүйгін шөптерді ғана жейтін, тастантасқа секіруден бір танбайтын жабайы қойлар – арқарлар келе жатыр,
алдарында қаһарлы жыртқыш – Жебе-Барыс жатқанынан бейхабар
бейкүнә арқарлар соқпақ жолдың бұрылысынан шығып, бір-бірінің
артынан тізіліп асықпай аяңдап келеді. Олар мұны алыстан да
байқаған жоқ, жақыннан да иісін ала қоймады, жағаны бойлай тізіліп,
суға бас қойды.
Жебе-Барыс тасадан қыбыр етпестен бақылауда, бәрі де сәтімен
жүріп жатыр, жануарлар суат басында бір жетісіп қалды, ішеді де сәл
демалады, енді тек дер кезін мүлт жіберіп алмаса болды, бәрін бұзып
тұрған бір-ақ нәрсе – Жебе-Барыстың өкпесінің сырылы ғана, әрине,
мұның ешқандай бөгеті бола қоймас, осындайда соның не керегі бар
еді?
Алайда, ұрымтал сәтте барыстың ентігуі бекер еместігі белгілі
болды, үйірдің шет жағында тұрған мүйізі арбиған нән арқарға екі-ақ
секіргенде жетіп, алдыңғы аяғымен жон арқадан бір ұрғанда сұлатып
түсіруге тиіс еді, алайда олай болмай шықты. Секірген сәтте-ақ, бүкіл
үйірдің оқыстан селк ете қалып, бастарын кегжите көтергенін көрді,
енді оған тырнағы сойдиған аяғымен күйрете соғу ғана қалған, міне,
жетті де, алайда бір жағына жалт берген арқарға соққысын тигізе
алмай, бір қырындап құлап түсті. Мұндай сәтсіздік болмауы керек еді
ғой! Әрине, демі жетпей қалды... Тұла бойын сұрапыл ашу кернеген
Жебе-Барыс орнынан атыла тұрып, арқарға қайтадан ұмтылды, ол
да әккі неме болып шықты, бір бүйірге орғып түсіп, қорқынышты
Тау құлаған
жыртқыштан аулақ кету үшін үйірін соңынан ертіп безе жөнелді.
Арқарларға әлі де қуып жетуге болатын, оңтайы келген кез
келгенін жығуға болушы еді, Жебе-Барыс жан-дәрмен үйірдің
соңынан тұра ұмтылды. Тағы да сәтсіздікке ұрынды – аяғы тиертимес жетпей қалып, көздеген арқарын құлата алмады, жеңісін
паш еткен күрілі тау ішін жаңғыртқан жоқ, ал үйір болса алыстап
кете барды… Алқына дем алып, өз-өзінен асып түспек боп тағы да
ұмтылып көрді, бірақ енді кеш еді…
Бұл Жебе-Барыстың мұндай абыройсыздыққа алғаш ұшырауы
болатын, бұрын бүйтпеуші еді… Бәрінен де өкініштісі, өзі соған қатты
қорланып қалды – сатыр-сұтыр безіп бара жатқан үйірдің көсемі, иір
мүйізді арқар бір сәт кері бұрылып, мұны қорқытқандай-ақ мүйізін
шайқап-шайқап қойған, аяғымен жер тарпып қыр көрсеткендей сәл
тұрды да, қайтадан қаша жөнелді. Демек, енді Жебе-Барыс үнемі
жолым бола береді деген сенімнен айырылғаны. Бұдан былай ол
басқалардың олжасынан қалған сарқытты қаужап, сүмеңдеумен күн
өткізбек.
Әрине, бұрын да ұсақ-түйек сәтсіздіктер болған, дегенмен ЖебеБарыс ешқашан бүйтіп таза жеңіліп көрмеп еді…
Көпке дейін есін жинай алмай қойды, ентігін баса алмай демігіп,
жан-жағына шарасыздықпен жалтақтап қойып басы ауған жаққа
жорта берді…
Күллі әлем қаңырап бос қалған сияқты. Жебе-Барыс өзінің баяғы
жас күнінде, алғаш ұйыққан кезінде естіген Әлемдік әуенді, күн мен
таудың, сарқырап аққан су мен сыңсыған орманның қосыла салған
мәңгілік өмір жырын тағы бір тыңдағысы келіп аңсары ауған, амал
кәне, ештеңе ести алмады… Айнала төңірек тып-тыныш, тым-тырыс.
Тау шыңдарының бұрынғы әміршісі, енді жалғыз қалып, демікпесі
ұстап алқынған Жебе-Барыс қайда беттегенін өзі де білмей тау аралап
жүре берді. Баспана қыларлық бір үңгір тауып алмаса болмайды,
жалғыздықтан зарығып, өшіп бара жатқан өмірінің ақырын сол
жерде қарсы алуы керек. Жыртқыш өз өмірінің соңғы сәтінде адам
баласымен жолығарын, сөйтіп онымен тағдыр бөлісерін білмеп еді.
Шыңғыс Айтматов
Тіптен, ондай жан иесінің барын да еміс-еміс қана білетін, басқаша
айтсақ, бұл жақта сирек естілетін, тау ішін күңіренте күрс еткен
мылтық даусы шыққанда тұла бойы дір қағып тұра қалатын, енді не
істеу керегін бажайлап алып, әлгі жерден аулақ кетуге тырысушы еді,
бірақ сол қорқынышты адам баласын ешқашан жақын жерден көрген
емес.
Оның пешенесіне осындай кездесу жазылған болып шықты.
Тағдыр деген – осы…
ІІ
Кейде белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде, ең бастысы – әлдебір
кейіпкердің әрекетіне байланысты тағдырдың өзі кілт бұрылыс жасайтын кезі болады, мұның сыры неде екенін білу мүмкін емес. Бұл
жолы да солай болды. Біздің кейіпкеріміз оқиға дәл осылай өрістейді
деп күтпеп еді. Түптеп келгенде ақиқат салтанат құруға тиіс деп ойлайтын. Өйткені, ақиқат ешқашан өлмек емес. Сол үшін кеудеңде
жаның барда ақиқатты дәлелдеуге ұмтыл – өмірге сол үшін келгенбіз,
Жаратқанның әмірі осылай. Жарайды, алайда ақиқат дегеннің өзі не
екен осы? Не ол? Міне, мәселе қайда жатыр...
Әдеттегідей, жұмадан сенбіге ауған күні айырықша қыза түсетін
түнгі өмір бүгін де жәй күндердегіден ертерек басталды. Арсен Саманшин ресторанға қас қарая бастаған кезде-ақ келді, соңғы кездері
үйреншікті болып кеткен орнына жайғасып, әлдебір ұсақ-түйекке
тапсырыс берді. Өзі шылым шекпеуге тырысып, шыдап бағуда.
Бұл да күрес. Темекіні қойғысы келіп жүр. Шеккісі-ақ келеді және
қазіргі кездесуді ойлап, тағатсызданып отыр. Көшедегі электр шамдары жарқ етіп жанды да іңір қараңғысы сейіліп сала берді, даңғыл
жолмен әрі-бері зырлап жатқан машиналардың шамдары жарқ-жұрқ
етеді.
Ресторанда әлі де адам аз, алайда енді біраздан соң мұнда ине шаншар орын қалмайды. Бұған таңданатын ештеңе жоқ, уақытты сәнді
де көңілді жерде өткізуді қалайтын және бұған шамасы да жететін
Тау құлаған
жұртшылық кешке қарай осында, Еменді бақтың шет жағында
орналасқан, бұрын Офицерлер үйі болған, қазір еуропалық мәнермен
безендіріліп, соңғы үрдіске сай әрі геосаяси мәні де бар «Еуразия»
деген ат қойылған, талғамы биік таңдаулыларға арналған деп саналатын, сондықтан өзіндік беделге ие болған қымбат ресторанға қарай
беттейді.
Міне, осы «Еуразияда» өзінің сәт сағатын күтіп отырған. Егер
оны сыртынан бақылап жүрген біреу болса, соңғы кездері осында
келгіштеп кеткені несі, және ылғи жалғыз жүретіні қалай деп
таңғалар еді. Айталық, негізсіз тәуекелге бел буамын деп барынан
айырылып қалған кәсіпкер болса, онда түсінуге болады: өзегін
өртеп, ішін жалап бара жатқан күйігін ішімдікпен баспақ шығар
дейсің ғой. Бірақ ол мүлдем басқа адам болатын және достарын
күткендей болып, «Еуразияда» қымбат шараптан ұрттап қойып
отырған себебінің не екенін өзі де анық білмейтін. Уақытты текке
өткізбеген түр көрсетіп, жанынан тастамайтын сөмкесінен әлдебір
қағаздар алып, соларды парақтап, оқыған болып, шарабынан да
ұрттап қойып, музыкаға да құлақ түреді, өстіп отырып-ақ іштей
тағатсызданып, іс жүзінде өзінің әлдебір тәуекелге бел буып
тұрғанын түсінді, басқа амалы жоқ, қазіргі жағдайда бар үміті
үзілгелі тұрғанын сезді, сондықтан бұл жолы ақырғы рет бағын
сынап көрмек. Ия, бір әрекет етпесе болмайды, тілге тиек етер
бірдеңе табу үшін сол қызға жақын барып үлгерсе жарар еді. Бұл
қылығын ол қалай қабылдар екен? Біреулер оны примадонна десіп
жүр, дегенмен ненің не екенін бұл да, оның өзі де жақсы біледі
ғой... Ең бастысы, қолайлы сәтті құр жіберіп алмау. Тағы бір рет
әрекет жасап көру керек. Ия, ақиқатты ашу үшін. Тағы да ақиқат!
Бұл да қызық, қашанғы қаузай беруге болады соны! Іс жүзінде не
болып шығар екен? Ал одан әрі ше? Бұған жауап ретінде не болып,
не қоятынын әзірше айту қиын. Ол өзін толғандырып жүрген
жәйттердің маңыздылығына, өз сенімінің дұрыстығына шын
сенетін, сол үшін бір жұтым су табылмас шөл далада қаталап өлуге
бұйырылса да, бұл пікірінен бас тартпас еді, бірақ соны түсіне
Шыңғыс Айтматов
қойса кәнеки, мұны да болжап білу қиын. Қазір заман да, заманның
ағымы да өзгеріп кетті. Қайтерсің енді, осылай болып шықты ғой.
Қатал шындықтың алдында арман-қиял атаулы адыра қалғалы
қашан! Бұл болса сол бір құрғақ қиялдың шалғайынан жармасып,
айырылғысы келмейді, сөйтіп жүріп, міне, тығырыққа тірелді,
сонда да қайтар емес... Құдды соңғы үлгіде салынған жалтыраған
даңғыл жолмен құйғытқан шетелдік қымбат көліктерге қол көтеріп
айдалада жүгіріп жүргендей, алайда жалғыз жаяуды елеп-ескере
қояр ешкім жоқ... Енді міне, тағы да бір рет тәуекелге барғалы
тұр. Асығып-үсігіп жұрттан бұрын осында жеткені де, күмбездене
төңкерілген ауқымды залдың төріндегі музыканттар шығатын
сахнаның қарсы алдындағы орынға жайғасқаны да сондықтан. Бұл
орыннан айырылып қалуға болмайды...
Сөйтіп отырғанда сахнаға оркестр мүшелері шықты, концерт
басталар алдында әркім өз орнына отырып жатыр. Әлдебір көрнекті
тұлғаның концерті болатыны байқалып тұр, мұндай беделді
ресторандарда басқа жақтан келген және жергілікті жұлдыздар
өнер көрсетеді, таспаға жазып алынған әуенге ілесіп ыңылдамай,
кәдімгідей «жанды дауыспен» ән салады, рок-музыка серкелерінің
де келетіні бар.
Бұрын опера театрының оркестрінде ойнаған музыканттардың
біразын білетін, бірқатарымен жеке таныстығы бар. Рас, біраздан
бері олармен араласуды қойып кеткен. Одан бері қанша уақыт өтті.
Олар мұны әлі де бұрынғыдай керек ете қояр ма екен? Бірақ мәселе
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Тау Құлаған - 02
  • Büleklär
  • Тау Құлаған - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3937
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2155
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3861
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2171
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3941
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2219
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3832
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2158
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3878
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2065
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3939
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2101
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3907
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2129
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3903
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3897
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2052
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3853
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3880
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2152
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3913
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2080
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2040
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3914
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2112
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3906
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2035
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2224
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3997
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2026
    37.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Тау Құлаған - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 268
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 210
    45.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    67.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.