Latin Common Turkic

Көшпенділер - I - Алмас қылыш-17

Süzlärneñ gomumi sanı 2753
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1568
36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
— Ісләм дінінің қорғаны, ұлы мәртебелі Уайс хан сіздің мүбәрәк қолыңыз қойылып, алтын мөріңіз басылған әділетті жарлығыңызды орындауға рұқсат етіңіз! — деген.
Хан басын изеген:
— Рұқсат!..
Қызыл шырайлы молда енді қолы байлаулы кісіге қараған:
—Мұхаммед пайғамбардың үмбеті, ұлы Моғолстанның ұл-қызын өз дініне өткізіп, дозаққа түсірмек әрекетімен шіркеу ұстап, күнәкар болғаның үшін Сүлеймен пайғамбардай әділетті, Ғазірет Ғалидай айбарлы, ұлы мәртебелі Уайс хан, аллатағаланың кәпір пендесі Дәниел, сені дарға асып өлтіру жазасына бұйырды. Ажал алдында қандай өтінішің бар?
Ұзын сақалды, дудар шашты адам басын шайқаған.
— Діні басқа пұсырмандардан еш өтінішім жоқ. Дінім үшін құрбан болуға бармын! Тезірек дарларыңа тарта беріңдер!
Молда ханға қараған. Хан басын тағы изеген. Қолы байлаулы адамның жанындағы екі жендетке молда:
— Аллатағаланың жазмышы осылай. Құдайдың шоқынды құлы Дәниелді дарға асыңдар! — деген.
Екі жендет қолы байлаулы адамның мойнына қыл арқанды ілмешектеп түйіп, екінші ұшын өздеріне қарай тарта бастаған. Сақалды адам серейе, жоғары көтеріле берген. Тек дары белағашының тұсына таяғанда ғана бір рет жұлқына түсіп, екі қолын салбырата, басын бір жағына қисайтып тына қалған. Екі жендет арқанның қолдағы басын жердегі қазыққа апарып байлаған.
әлгі молда қайтадан Уайс ханға қараған:
— Ұлы мәртебелі тақсыр хан ғибаратты жерімізде тоқсан жыл бойы әзәзілдің ошағы боп келген мына шіркеудің күл-талқанын шығаруға рұқсат етіңіз! — деді.
Хан тағы да басын изеп, «рұқсат» деген ишарат көрсеткен.
Білектерін сыбанған қожа, молда, мәзін, кәри, мүриттер «тфа, тфа, пәлекет!» деп қыл арқанды шіркеудің биік басындағы кресіне байлап, бәрі жабыла тартып жерге жұлып түсірген. Содан кейін үлкендігі тай қазандай мыс қоңырауын жерге құлатқан. Екі бие сауымдай уақытқа жеткізбей, бір шеге шашпай, Алатаудың аршасынан қиыстырып, жонып салған шағын, салтанатты шіркеуді күл-талқан еткен. Сүниет дінін берік ұстаған, Арабстаннан, Ираннан келген қожа, муфти, ишандардың кеу-кеуімен, кілең қызба әфенді, мүрит, шейхтер шіркеуді біржолата жермен-жексен етіп жоқ қылған.
Исан-Бұғыға бұның бәрі ойыншық боп көрінген. Тек бертін келе, өзі хан тағының ісіне араласа бастағанда ғана Византия епископы Джавани Мариньолли, Флоренциядан Жетісу мен Гоби құмы арқылы Ханбалыққа 35  бара жатып, бұл шіркеуді Алмалықта 1340 жылы салдырғанын білген. Уайс ханнан бұрын-
ғы Алмалықтың хандары мен хакімдері, бұзыла бастаған шаһардағы ешкімге керегі жоқ шіркеудің бар-жоғына көңіл бөлмеген. Рим папасының мұсылман жеріне жіберген тыңшы-діни адамдары шіркеудің мұндай жағдайын астыртын пайдаланып жүрген. Талай мұсылмандарды насрани дініне кіргізіп алған. Тек өте діншіл Уайс хан ғана Жағатай тағына отырғаннан кейін, бұл шіркеуді мұсылман дініндегі адамдарды ақ жолынан адастырмасын деп біржолата құртуға жарлық берген.
Исан-Бұғы бұл күнгі көрген көрінісінен жас жанын деміктіріп күйзелмеген. Қарт адам Дәниелдің ажалы да, жасыл күмбезді әдемі шіркеудің қирауы да көңілінде бәлендей із тастамаған. Бірақ бұл жалғанда ұмытпас әсерді оған бас-
қа жағдай қалдырған. Ер жетіп келе жатқан хан балалары, қираған шіркеу тұрған жердегі тамаша бау-бақшаға келіп, сан түрлі ойынға берілетін. Бір күні осындай жағдайда Исан-Бұғы жасыл емен түбіне сүйегі жерленген Дәниелдің төмпешік зиратының басында булыға жылап отырған қыз баланы көрді. Үстіне қара киген, қолында бір шоқ гүлі бар, шамасы он екі-он үш жасар. «Бұл не қылған қыз? Қайдан келді?» Исан-Бұғы таяй түсті. Дәл осы кезде қыз бала да орнынан түрегелді. Исан-Бұғы беліндегі қанжарын шап беріп, ұстай алды. «Жоқ, бұл адам емес, перінің қызы! Мұндай адам баласы жаратылуы мүмкін емес!» Расында да қыз хан баласының жайшылықта көріп жүрген қыздарына тіпті ұқсамайтын еді. Үлкен көгілдір көзі тұнып жатқан Көкше теңіз суындай көкпеңбек, ақсары жүзді, қыр мұрын, сұңғақ бойлы. Исан-Бұғыны таң қалдырған әсіресе шашы болды. Ол мұндай шашты жаратылғалы көрген емес. Жерге шұбатылып жатқан қос бұрымы, нағыз бір төбесінен етегіне дейін толқындала төгілген қызыл алтын тәрізді... Жоқ, Исан-Бұғы мұндай қызғылт шашты еш уақытта да көрген жоқ. Мұндай шаш адамзатқа бітуі мүмкін емес. Мұндай шаш тек су перілерінде болады деп еститін. «Өзі де су перісіндей сұлу екен. Сірә, мені, сиқырлап алуға су астынан шыққан ғой». Пісмилла! Пісмилла! Мен бұнымен тіл қатысуға тиісті емеспін. Егер тілдессем біткенім... Жоқ, жоқ егер маған таяйтын болса, қанжарымды жіберуім керек... Бұл су перісінің қызын өзіме жуытпауым керек... Астапыралла, астапыралла!..»
Бірақ қыздың өзі де таямады. Ол Исан-Бұғының бетіне азапты пішінмен жасқана қарады. Көзі күздің бұлыңғыр күніндей тұманды жасқа толы.
— Ғапу етіңіз, хан оғлы, жолыңыздан кездесіп қалғаныма! — деді ол басын иіп, — бұл ара сіздің ойнайтын жеріңіз емес еді...
«Бәсе айттым ғой, бұл перінің қызы деп, әйтпесе менің хан баласы екенімді қайдан біледі? Пісмилла! Пісмилла!..» әйтсе де қызға жауап бермеу мүмкін емес еді. Егер адам айдалада келе жатып, жол үстінде жайнап жатқан гауһар тасты көрсе бір бұрылмай кете алар ма, қыз да осы ғажайып гауһар тастың дәл өзі болатын. Исан-Бұғы оған тіл қатпай қала алмады.
— Таяма! — деді ол даусы дірілдеп. — Өзің кімсің? Адамсың ба? Жынсың ба?
Қыз Исан-Бұғының шошып қалғанын енді сезді. Ол мұңая езу тартты.
— Қорықпа, адаммын, — деді ол. Сөйдеді де ананың қанжарынан қолын алмай тұрғанын аңғарып, тағы да мұңая езу тартты. — әкең әкемді өлтіріп еді, енді сен мені өлтірмексің бе? Жазығым не? — Қыз ақырын күрсінді. — Бұл күні жазыққа қарайтын заман ба? Мейлі өлтіргің келсе, өлтіре бер...
«Бәсе, былтырғы дарға асылған кәпір де осы қыз секілді көк көз, ақсары еді ғой. Көп болса қызы шығар... Бірақ әлі сенбей тұрған Исан-Бұғы:
— Расымен адамсың ба? — деді әлі де қанжарынан қолын алмай. — Онда «оллаги, биллаги, Мұхаммедтің үмбетімін, жалған айтсам құдайтағала кәрі соқ-
сын» деші.
Қыз сәл жымиды.
— Рас айтам, адам баласымын. Егер өтірік айтсам құдайтағала кәрі соқсын. Ал Мұхаммед пайғамбардың үмбетімін дей алмаймын, мен насрани дінінің үмбетімін.
— Ол не? Кәпірсің бе?
— Сендерше кәпір... Біздерше ең әділетті діннің құлымыз...
«Жын-пері болмағаныңа мың да бір шүкір. Ал кәпірлігіңді тастап, мұсылман дініне ауысуың тақа қиын болмас... Оны соңынан көрерміз...»
Исан-Бұғы қыз сөзіне сенді. Сенбеске амалы жоқ еді. Өйткені қыздың кәпірлік күнәсын сұлулығы жеңіп кеткен. Оның жын-пері еместігін біліп қуанған бала жігіт дәл қазір өзін осы кәпір қызы үшін дозақ отына күюге дайын тәрізді сезінді. Исан-Бұғы тек бар болғаны пісмилла, пісмилла деп қызға таяй берді...
Қыз шынында да былтырғы дарға асылған шалдың қызы болып шықты. Әкесі өлген кезде Мұхаммед пайғамбардың дінін тастап, Иса пайғамбардың дініне көшкен бір ұйғыр диқаны бұны үйіне жасырып тірі алып қалыпты. Қазір сол ұйғыр үйінде тұрады екен. Флоренцияға баратын керуенді күтіп жүрген көрінеді. Әкесінің зиратына гүл қоюға келгенінде Исан-Бұғыға кездесіп қалыпты.
Екі жас бірін-бірі, шу деп кездескенінен ұнатты. Балалық мөлдір сезім бірте-бірте лаулаған жалындай, жүректерін балқытқан алғашқы махаббатқа айналды. Бірін-бірі көре алмаса тұра алмайтындай күйге жетті. Бірақ кішкентайынан күндес өскен туған ағасы Жұныс, інісінің ойынды тастап, тез өзгерген мінезінен сезіктеніп, аңдып жүріп бұлардың құпиясын ашты. Ашып та қоймады, әкесіне барып: «Балаң кәпірдің қызын алайын деп жүр» деп шағыстырды. Өзі өлсе тағына Қыпшақ әйелінен туған үлкен баласы Жұныстан гөрі, шешесі Моғол хандарының қызы, Исан-Бұғының отыратынын тілейтін Уайс хан шошып кетті. «Егер Исан-Бұғы кәпірден қатын алар болса, түбі насрани дініне бір бүйірінің тартпасын кім біледі? Мұсылман дініндегі адамдарға да қиянат етуі мүмкін ғой. Жағатай 36  тағының құруы да осындайдан басталуы ықтимал. Әйел жүрген жерде — қашан да болса қауіп жүреді. Шыңғыс бабамыздың төртінші ұлы Төленің үш баласы бірдей — Қытайды басқарған Құбылай, Иран мен Египетті алған Құлағу, ақырында Қарақұрымдағы үлкен Орданың ханы Мөңке — Арғын руынан әйел алғанынан не шықты? Көп істерді жасырын осы әйелдері басқарды. Құбылай Арғын қызы Жауһар ханымның айтқанын екі етпеді, тіпті Қытай мемлекетінің көп істеріне де Арғындар қатынасты. Құлағу Арғын әйелінің айт-
қанын орындап, қарамағындағы бүкіл Қара теңіз маңындағы елге бас басқақ етіп Арғұн батырды отырғызды. Ал сол Арғұн басқақ бір кездегі Жағатай ұлысына Жетісу арқылы жүргізілген Батыс пен Шығыстың ұлы жолын өзінше бұрмақ болды. Қара теңіз бен Азов теңізінің жағасындағы қалалардың Күншығысқа баратын сауда керуендерін ол енді Дәшті Қыпшақ жерін қақ жарып, Арал теңіз даласы арқылы өткізуге кірісті. Жолдың бұлай өзгеруі Шығыс пен Батыстың керуен сарайы боп тұрған Алмалыққа қанша зиян келтірді. Ал, Мөңке хан өзі Қарақұрымда отырса да, қытай мен ұйғыр қызына үйленді. Ақылгөйлерінің көбін қытай, ұйғырлардан алды. Осының бәрі ұлы Шыңғысхан ұрпақтарының өз тілін, өз хандығын жоғалтуға аз себеп болған жоқ. Жоқ, жоқ ақымақ балаңның сүйері — өз тілегіндегі қатын болмаса, оның зияны аз тимейді. Сондықтан да Исан-Бұғы жақсы көрген насрани қызы тірі қалуға тиісті емес. Ол өлуі керек».
Хан уәдесінде тұрған. Жазығы жоқ, уылжыған жас сұлуды Орданың екі нөкері Исан-Бұғының көз алдында бауыздаған. Бұл оқиға Исан-Бұғының жүрегіне бітпес жара салған. Ол өзінің сүйген адамының көз алдында қалай ажал тапқанын көргеннен кейін, жас жаны енді аяушылықты мүлдем ұмытып, тірі пендеге рақымсыз, тасбауыр болып алған. Соңынан алғашқы махаббатының өшін талай қас-жауынан қайтарған. Осы өштің ең алғашқы құрбаны әкесі бір, шешесі басқа, өзінің ағасы Жұныс еді. Исан-Бұғы әлгі оқиғадан жеті жыл кейін әкесі Уайстың орнына Моғолстан тағына отырған күні, ағасы Жұнысты ұстауға әмір берді. Ондағы ойы тек «түбі осы менімен хандыққа таласады» деген қауіп қана емес, баяғы кәпір қыздан айыртқан өшін алуы да еді. «Таста тамыр, ханда бауыр жоқ» деген міне, осылай келетін. Бірақ Жұныс қолға түспей қашып кетеді.
Исан-Бұғы өзі хан болғаннан кейін, осы кәпір қыздың өлген жеріне құлпытас орнатқызып, ескерткіш қойдырған. Әлдеқалай қайғырса, не жол таба алмай қиналса, хан үнемі осы араға келетін. Сүйген адамының сол күнгі көз алдында бауыздалған суретін елестетіп, сөйтіп босай бастаған көңілін қайтадан қатуландыратын. Хан жолының мейрімсіз жол екенін есіне түсіріп, толқуын тоқтататын.
Соңғы кезде Моғолстан шекараларының тыныштығы тым бұзыла бастаған-ды. Осыдан бір апта бұрын жеткен хабарға қарағанда, Қашқар, Құлжа қалаларына Қытайдың көп әскері шабуыл жасамақ тәрізді. Үйсін Арқалық батырдың жіберген шапқыншысының жеткізуі бойынша, шабуылға шықпақ Қытай әскері тым көп көрінеді. Егер хан тағынан жәрдем келмесе, Қашқар, Қырғыз сыпайлары ұзақ ұрысқа төтеп бере алмайды депті жиені, Қашқар ханы Сетәлі. Сондай-ақ Қара Ертіс бойындағы Найман, Керейлерден де арғы жақтарындағы ойраттар қазақ жеріне аттанбақ болып жатыр деген хабар жеткен. Ойраттар жеңіл жау емес, оның үстіне қолтығына су бүркіп, оларды құтыртып отырған тағы да сол Қытай богдахандары. Қытай Қытай болғалы, осыдан мың жарым жыл бұрын өткен Қошан патшалығы кезінде де Орта Азияға, қала берді осы күнгі Моғолстан жеріне көз тігумен келген. Бірақ осы күнгі Орта Азия, Ауғанстан, Күншығыс Дәшті Қыпшақ және Иранның шығыс жағын жайлаған Жүзші, Үйсін, Сақ, Қыпшақ, Басмалы, Ұйғыр тәрізді көшпелі елдердің бірігуінен, соңынан Үнді, Ауған, Иран халықтарының бас қосуынан туған ұлы қауым қытайдың ықпалына түспек түгіл, өз ықпалын жүргізген. Будда діні осы жердегі Қошан патшалығынан Қытай, Жапон, Кореяға тараған. Бірақ құмырсқадай қаптап өскен Қытай халқы сол кездің өзінде-ақ өз жеріне сыймай бара жатқан соң, богдахандары көне Қытай қабырғасынан шығып, әлсін-әлсін жан-жақтағы елге ауыз сала берген. Әсіресе, олардың көздегені Көкше теңізге дейін осы күнгі Жетісу болған. Жерін қорғаған Үйсін, Дулат, Жалайыр, Басмалы 37 , Ұйғыр жұрты мен Қытай богдахандары арасында сан түрлі ұрыс, қан төгіс айқастар өткен Қара Ертіс, Құлжа, Қашқар бойларында Қытай әскері талай жеңілген... Демек, бұдан олар сабақ алмаған, қарапайым халқының өлімін шыбын өлімі құрлы көрмейтін Қытай богдахандары кей кезде өз шекарасынан өтіп, Көкше теңізге дейін жеткен. Бірақ айбынды, Сақ, Қыпшақ атты әскерлері оларды өздерінің «Қытай қабырғасына» қайта қуып тыққан. Соған қарамай міне, тағы Моғолстан жеріне шабуыл жасамақ. Әрине Қытай шабуылы үйреншікті ауру. Ол басынан ұрылып, таяқ жеп, әбден әккі болған жылқы тәрізді, қанша көптігін мес тұтып, қоқан-лоқы көрсеткенмен де, Жоңғар қақпасынан бері өтуге батылы бармайды. Жоңғар қақпасына келіп, шүлдірлеп азан-қазан болып жатқандарында, бер жағынан біз де жетеміз... Кілең атты қазақ, сойылға қарсы келе алмайтын өңшең жаяу қытай әскерін қайтадан өз жеріне қуып тығады. Бұл оларға да, бізге де үйреншікті әдет. Сондықтан да бәлен ғасырдан бері Қытай богдахандары біздің жерімізге ең болмаса бір қаласын тұрғыза алмай келе жатқан жоқ па? әрине бұның бәрі күші жетпегендіктен. Әйтпесе қазақты аяйын деп отырған Қытай богдахандары жоқ. Қасқырға бата алмаған бұралқы, үреген, сабалақ майлыаяқтар тәрізді, құр байбаламымен қорқытпақ. «Құлжа, Қашқарға аттанамыз деп күні бұрын дабыл қағып мазаны алмақ...»
«Расымен бұ жолы да олардікі құр байбалам ба? Жоқ, бұ жолы құр қор-
қыту емес тәрізді... Моғолстанның бір күшсіз, қамсыз кезін дәл басып отыр. Моғолстанның шығыс жағын билейтін Моғол хандары мен солтүстік жағын бас-
қаратын Жағатай ұрпақтарының арасындағы өзара алауыздықтың аса бір қатты шиеленіскен уақытында бас салмақ. Ел басқаратын хандар арасында бірлік жоқ кезде, сырттағы жау әдеттегісінен анағұрлым қауіпті...»
әйтсе де Исан-Бұғының құтын қашырып тұрған бұл жәйт емес. Басқа.
Ақсақ Темір ұрпағы мен Жағатай ұлысының хандары бабалары өлгеннен бері жан аяспас қас. Бұл қастық әсіресе Самарқант тағына әбусейіт отырғаннан кейін күшейе түскен. Көк Орда ханының жәрдемімен таққа отырғанын әбусейіт тез ұмытқан. Енді ол өзін-өзі бір ұлы сайыпқыран патша санап, жан-жағына алабұртып қарай бастаған. Моғолстан жеріне де көз жіберіп, бір-екі рет Түркістан өлкесінің оңтүстік жағына да бас сұғып көрген, бірақ соғыс ісіне шебер, Уайс пен Исан-Бұғы хан оның дегеніне бола қоймаған. Бұл жағдай Самарқант әміршісін Жағатай ұрпағына тіпті өшіктіре түскен.
Жағатай, Моғол хандарымен күресетін бөтен жолын таба алмаған әбусейіт, ақырында Уайс хан балаларын бірін-біріне айдап салмақ болған. Ол Иранда жүрген Жұныс сұлтанды шақырған. Кеше осы әбусейіт Ордасынан Исан-Бұғыға жасырын кісі келген. Осы құпия адамның айтуына қарағанда, әбусейіт Жұныс сұлтанға көп қол беріпті-міс. Жұныс сұлтан көп кешікпей Яссы, Сауран, Сығанақ қалаларынан бері қарай Шу, Талас өзендерін қуалай отырып. Алмалыққа аттанбақшы-мыс.
Жайшылықта «ел шетіне жау тигелі жатыр» дейтін хабарлардан айылын да жимайтын Исан-Бұғы бұ жолы шошып қалған. Өйтпеске амалы жоқ. Еліне сырттан келер жаудың қаупі бір бөлек те, өз ішінен шыққан жаудың қаупі басқаша. Сырттан келер жауға жұртыңды қарсы қоюға, ұран сап халқыңды біріктіруге болады. Ал өз ішіңнен шыққан жау, ол халқыңның жауы емес, тағыңның жауы. Мұндайда «отаным, елім!» деп ұран салу да қиын. Жұныс сұлтанның әбусейіт әскерімен Исан-Бұғыға қарсы шығуы, әкесінің тағы үшін күресуі Жағатай ұрпақтарын екіге бөлу еді. Ал жалғанда үйіңнен өрт шыққаннан асар жамандық жоқ. Өрт шығатыны тағы белгілі.
Исан-Бұғының мазасын алған осы ойлар еді. Ол бүгін құмсағаттың үшінші аударылуына хан кеңесін шақырған. Сол хан кеңесі жиналғанша жанын қоярға жер таппады. Нөкерлерін ертіп көне Алмалыққа барды. Алтын Емелден әкелінген құм алтынды уыстап біраз отырды. Бірақ көңіл тұманы бірде-бір селт етпеген. Тұнған желімдей жан сезіміне жабысып алып тұрған да қойған. Жайшылықта алтын көрсе рақаттанып қалатын көңілі бұ жолы Исан-Бұғыны шошыта берген. Бұдан өз басына төнген қатердің қаншалық қауіпті екенін түсінген.
Бату ұрпақтары Алтын Орда тағынан айырылғаннан бері қазақ рулары Жағатай хандарына достық ілтифат көрсетіп баққан. Бұл екі жағдайдан туған. Бірі Жағатай, Моғол хандарына қазақтың Үйсін, Жалайыр, Найман, Керей, Қаңлы секілді басты руларымен тізе қосып үнемі Қытай, Ойрат секілді көршілерін тонауды мақсат еткен сырт жаумен көбірек алысуға тура келген. Бұл қазақ пен Жағатай, Моғол хандарының бір ойдан шығуына себеп болған. Екіншісі — Жағатай, Моғол хандары да қазақ рулары тәрізді көбінесе көшпелі өмір сүрген. Мал қамы кейде жер қамына айналып, амалсыз бірлесулеріне мәжбүр еткен.
Ал Ақсақ Темір мен Көк Орда хандарының басқа жұртқа үстемдіктерін жүргізу әрекеттері, өздеріне қорқыныш тудыратын елдерден емес, өздері қор-
қыта алатын елдерді жаулап алудан басталған. Осы екі жақтың ортақ құрбаны ең алдымен Дәшті Қыпшақ болған. Ақсақ Темір де өзінің Алтын Ордаға қарсы жорығында, ең алдымен жолай қазақтың алғашқы ханы Алашаның балалары Мәмет пен Сәметтің ұлыстарын шапқан, өздерін өлтірген. Бертін келе қыз алып, қыз берісіп кеткен Ақсақ Темір ұрпақтары мен Дәшті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың саясаты екеуара бірігіп қатар тұрған Моғолстанды шабу болған. Қасыңның досы — о да қасың. Қазақтың көп рулары Моғол, Жағатай ұлыстары жағына шығып кеткендіктен, бұл рулар Әбілқайыр хандығы мен Самарқант әмірлігіне қас саналатын. Реті келсе оларды ел етіп біріктірмей, бағынышты жағдайда ұстау үшін, әлсін-әлсін шабуды саясат еткен.
Осы саясат әсіресе соңғы кезде Әбілқайыр мен оның күйеу баласы — Самарқанттың әмірі әбусейіттің кезінде өрши түскен. Бұл мезгілде Моғолстан мен Дәшті Қыпшақтың ортасындағы бүкіл Түркістан өлкесі Әбілқайырдың қолында тұрған. Моғолстанға жаны қас әбусейіт Әбілқайырдың арқасында осы өлкенің Яссы, Сауран, Сайрам, Сығанақ секілді мединелеріне арқа сүйеуге толық мүмкіншілік алған-ды. Оның үстіне әбусейіт Жағатай Ордасының ішіне суық қолын бөтен жолмен де кіргізуді ойлаған. Жұныс сұлтанның фарсы әйелінен туған қызы Сұлтан-Нигар-Бегімді баласы Омар-Шейх мырзаға алып бермек-тін. Мұнда тағы саясат бар. Исан-Бұғының орнына өзінің туған құдасы Жұныс сұлтанды отырғызу үшін, әрине әбусейіт әскерін аямайды. Жұныстың күшеюі және оның әбусейіт жағында болуы — Самарқант әмірінің айбарының ұлғая түсуіне көп жәрдем. Соңғы кездері әбусейіттің Әбілқайырдан алыстауы Ақсақ Темір ұрпағы мен Жағатай тұқымдарының тізе қоса бастауынан шыққан. Семіздікті тек қой көтереді. Атасы Ақсақ Темірдің ауыр тәжінің салмағын ұрпағы әбусейіт көтере алмай жүр.
Жоқ, олай емес. Әбілқайырға Самарқант әмірлігі құлақ сала берсе, түбі Ақсақ Темір хандығынан дым да қалмайды. Бұны әбусейіт жақсы біледі. Осыдан барып ол жанталасады. Уайс ханның баласы Жұныспен бірігіп Моғолстанды алып, түбі Әбілқайырға қарсы Темурлан хандығын күшейтпек. Ал өзге сұлтандарға не керек? Олар тек «Ұр-рит соқ, соқ!, Ұр-рит соқ, соқ!» Әбілқайыр мен әбусейіт секілді екі азбан қошқар сүзіссе екен дейді. Тек сонда ғана Моғолстанды алып күшеймек түгіл, өз хандықтарын сақтап қалулары да бұлардың екіталай болар еді деп ойлайды мықты біткеннің бәрі-бәрі.
Моғолстан! Бір кезде қандай күшті тайпа еді! Батысындағы Тоқай-Темір ұрпағы Астрахань хандарына, күншығысындағы — Қытай богдахандарына, солтүстігіндегі — Ойрат қонтайшыларына, оңтүстігіндегі — Ақсақ Темір мен Сайбанның қанды балақ әмір, сұлтандарына бой бермей келген. Ал қазір ше? Қазір де жаралы жолбарыстай бір шабатын күші бар. Бірақ сол күші ұзаққа жетер ме? Ай, жетуі екіталай. Оны жаралаған сыртқы жаулары емес, ішкі жаулары. Жете 38  мен Қарбанас 39  хандарының өмір-бақи бітпес өзара таласы. Моғолстанды ішінен жегі құрттай жеп, әлсіретіп келе жатқан осы бірікпестік.
Исан-Бұғы тағы ойға шомды.
Мұндай жағдайда өзінің Моғолстанға хан болуы оңайға түсті ме? Екі көз бірін-бірі шұқымас үшін, алла-тағала ортасына мұрын жаратыпты. Ал бұдан отыз жыл бұрын, бір мың төрт жүз жиырма сегізінші жылы әкелері атақты Уайс хан өліп, артында қалған ағайынды екі жігіт Жұныс пен Исан-Бұғы Моғолстан тағына таласар күн туа жаздағанында кім араша тұрды? Ешкім де тұрған жоқ. Қайта ағалы-інілі сұлтандарды өшіктірумен болды. Әсіресе бұны бұрын Уайс ханға бағынып келген Моғол әмірлері істеді. Осы әмірлердің ар-
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Көшпенділер - I - Алмас қылыш-18
  • Büleklär
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-01
    Süzlärneñ gomumi sanı 2770
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1567
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-02
    Süzlärneñ gomumi sanı 2731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1627
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-03
    Süzlärneñ gomumi sanı 2666
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1597
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-04
    Süzlärneñ gomumi sanı 2772
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1616
    37.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-05
    Süzlärneñ gomumi sanı 2808
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1696
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-06
    Süzlärneñ gomumi sanı 2750
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1660
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-07
    Süzlärneñ gomumi sanı 2558
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1555
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-08
    Süzlärneñ gomumi sanı 2693
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1577
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-09
    Süzlärneñ gomumi sanı 2778
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1648
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-10
    Süzlärneñ gomumi sanı 2837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1569
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-11
    Süzlärneñ gomumi sanı 2828
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1638
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-12
    Süzlärneñ gomumi sanı 2788
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1636
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-13
    Süzlärneñ gomumi sanı 2587
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1455
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-14
    Süzlärneñ gomumi sanı 2686
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1552
    39.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-15
    Süzlärneñ gomumi sanı 2758
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1700
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-16
    Süzlärneñ gomumi sanı 2762
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1696
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2753
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1568
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2677
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1509
    39.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-19
    Süzlärneñ gomumi sanı 2733
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1610
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-20
    Süzlärneñ gomumi sanı 2428
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1490
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-21
    Süzlärneñ gomumi sanı 2462
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1512
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-22
    Süzlärneñ gomumi sanı 2770
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1616
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-23
    Süzlärneñ gomumi sanı 2601
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1525
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-24
    Süzlärneñ gomumi sanı 2805
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1656
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-25
    Süzlärneñ gomumi sanı 2807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1663
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-26
    Süzlärneñ gomumi sanı 2469
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1468
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-27
    Süzlärneñ gomumi sanı 2786
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1634
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-28
    Süzlärneñ gomumi sanı 2643
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1509
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-29
    Süzlärneñ gomumi sanı 2593
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1513
    38.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-30
    Süzlärneñ gomumi sanı 2650
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1550
    38.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-31
    Süzlärneñ gomumi sanı 2677
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1521
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-32
    Süzlärneñ gomumi sanı 1137
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 770
    45.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    69.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.