Latin Common Turkic

Имани гүл - 01

Süzlärneñ gomumi sanı 3811
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
КІРІСПЕ
І КІТАП
АҚИҚАТ ШУАҒЫ
ІІ КІТАП
КҮДІКПЕН КҮРЕС
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы
мақұлдаған
Исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының бұдан бұрын бірнеше
рет басылған «Ақиқат шуағы» жəне
«Күдікпен күрес» атты кітаптары біріктіріліп, қайта өңделіп, «Имани
гүл» деген жаңа атпен жарыққа шығып отыр. Кітапта иман негіздері
мен бүгінгі қоғамды мазалап жүрген түрлі күрделі сауалдардың
тұшымды жауаптары қамтылған. Еңбек көпшілік қауымға арналған.
Ислам мəдениеті мен білімін қолдау қорының сыйы ретінде тегін
таратылады.
КІРІСПЕ
Күллі мадақ пен мақтаулар Ұлы Раббымыз
Аллаға ғана тəн. Адамзаттың ұлы ұстазы əз
Пайғамбарымызға (с .а .у .) сəлем жолдап, сансыз
салауат айтамыз. Сондай-ақ Алла елшісінің пəк
отбасы мен ардақты асхабына Жаратқанның
жақсылығын тілейміз.
3
Иман – ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ нəтижесі мен арожданның құба-құптаған жемісі. Иман
–адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін ғажайып тылсым қазына.
Ұлы Жаратушы əу баста адамды айна- ласына қарап Ұлы Иесін тапсын,
танысын, иман етсін, Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының,
шеберлігінің алдында таң қалып бас исін деп мына дүниеге жіберген.
Демек, Иман – адамның жаратылуының мəн-мағынасы, мына дүниеге
жіберілуіндегі асыл мақсұты. Міне, адамның жаратылуының негізгі
мақсұты Ұлы Иесін табу болғандықтан, оған басқа жаратылыстардан
ерекшелендіріп «ақыл-ой, сана» берілген. Ұлы Ж а р а т у - шы
айналамызды қоршаған мына жалпы ғаламды Өзін танытатын ғажайып
алып кітап іспетті жаратқан. Ондағы əрбір жаратылыс оқи білген адам
үшін өз болмысы- мен, бойында мөрленген ғажайып нақыштарымен
Ұлы Ұстасын меңзеп тұр. Адам осы ғалам деген кітаптың сы- рын
түсініп оқи білсе, онда сөзсіз Ұлы Иесін тапқаны. Сондықтан Алла
Тағала соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) түсірген алғашқы аятта:
«Иқра...» яғни, «Оқы! жаратқан Раббыңның атымен», – деп көз
алдымыздағы осы жаратылыс кітабын оқуды бұйырған.
Ұлы Жаратушымыз бізге рақым етіп, мейірімділік жасап осы
алып кітапты қатесіз түсінуіміз үшін жер бетіне пайғамбар жіберіп,
кітап түсірген. Құран осы бір ғажайып
«ғалам» атты кітаптың түсіндірмесі мен мəн-мазмұны бол- са,
Мұхаммед (с.а.у.) оны адамдарға түсіндіруші ұстазы болмақ.
Құрметті оқырман қауым! Осыдан бірнеше жыл бұрын ислам
дініндегі иман негіздерін қамтыған «Ақиқат шуағы» мен түрлі
шүбəлі сұрақтарға жауап ретінде жазылған «Күдікпен күрес» аты
кітаптарым жарыққа шығып, оқырманға жол тартқан еді. Күдіктен
арылып,
имани гүлге қол жеткізу адамзаттың басты мақсаты болғандықтан,
аталған екі кітап та оқырманның мол сұранысына ие болып, бірнеше
қайтара басылды. Мұны кітаптың кемелдігінен емес, халқымыздың
руханиятқа деген құштарлығынан деп түсіндік. Алайда жиырма бес
мыңға жетер жетпес аз ғана таралымның ұзақ жылдар бойы ислам
бұлағынан жырақ ғұмыр кешкен халқымыздың, ру- хани азығын
іздеп, шөл қысқан əрбір қазақ баласының қолына тимегені айтпаса да
түсінікті. Міне бұл жолғы басылымда осы екі кітап біріктіріліп
«Имани гүл» деген жаңа атпен Елбасының қолдауымен ашылған
«И с л а м білімі мен мəдениетін қолдау қоры» тарапынан қайта
жарыққа шығып отыр. Кітаптың «Имани гүл» деп аталуы данышпан
Абайдың мына бір өлең шумақтарымен байла- нысты:
Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол
Алланы жаннан тəтті. Адамзаттың бəрін сүй бауырым
деп, Жəне хақ жол осы деп əділетті.
Осы үш сүю болады ИМАНИ ГҮЛ, Иманның асылы
үш деп сен тахқиқ біл. Ойлан дағы, үшеуін таратып
бақ, Басты байла жолына, малың түгіл.
Хəкім Абай мұнда пенденің əуелі жаратқан иесі Алланы, сосын
барша адамзатты жəне əділеттікті сүюді, яғни осы үш ұлы
сүюдің жиынтығын «има- ни гүл» деп
атағанын
көреміз.
Шындығында, иман ақиқаты о с ы үш махаббаттан тарайды десек,
артық айтқандық е м е с . Кейбір ғалымдардың Абай өлеңдерін
қолжазбадан оқығанда бұл сөзді «имани күл» - «толық иман» деп
транслитерациялаған дұрыс деген пікірі де осыны аңғартса керек.
Демек, «Имани гүл» бұл кемел
иманға айтылған сөз. Алла елшісінің (с .а .у.): «Иман етпейінше
жұмаққа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше кемел
иманға қол жеткізе алмайсыңдар» деген хадисінен осы «Имани
гүлдің» жұпар исі аңқып тұрғанын сезу қиын емес. Кітапта
қамтылған тақырыптар негізінен иман төңірегінде болғандықтан,
оған осы атты беруді жөн көрдік.
Əсілінде, иман безбені – махаббат. Иман бұл тек тілдің ұшымен
айтыла салатын жай сөз я болмаса діни рəсімдерді орындаумен ғана
өлшенетін жеңіл дүние емес. Оны да кемеңгер Абайдың өзі:
«Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол
емес.
Дененің барша қуаты Өнерге салар бар
күшін. Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тəңірі үшін»- деп түйген.
Рас, адамның жүрегіндегі Аллаға деген махаббаты, көкірегіндегі
барша жаратылысқа деген мейірімділігі мен жанашырлығы
қаншалық терең болса, иманы да соншалық кемел. Ол қаншалық таяз
болса, иманы да сондай жұтаң. Олай болса, адамзат о с ы «имани
гүлге» қол жеткізгенде ғана жаһанды жайлаған жауыздық мен
қатігездіктен арылып, шынайы бақытқа қол жеткізеді.
Алланы сүю үшін Оны жақсы танымақ керек. Ойда- ғы түрлі
шүбə, күдіктен арылмақ лəзім. Алланың құдірет қаламынан шыққан
«Ғалам» атты алып кітапты оқу арқылы Ұлы Жаратушының
шеберлігі мен шексіздігін, құдіреті мен құзіретін, теңдессіз өнері мен
өлшеусіз білім иесі екенін мойындау қажет.
Адам баласы өзін жоқтан жаратып, айналасындағы барша
жаратылысты қызметші етіп берген Ұлы Алланың пендесіне деген
махаббатын сезінуге тиіс. Сонда «Ма- хаббатпен жаратқан
адамзатты, сен де сүй ол Алла- ны жəннан тəтті» деген байламға
келеді. Ерікті түрде құлшылыққа жүгіреді.
Терең иманға қол жеткізген кісі Алланың жалпы жаратылысқа
деген мейірімінен үлгі алып, мейлінше мейірбан болуға ұқсап
бағады. Өзі қанша рет күнə жа- саса да, дереу жазаламай, тəубе етуі
үшін мұрсат беріп, кешірім жасаған рақым иесі Раббысын ойлағанда,
пен- де ретінде өзгелердің де жаза басып, жаңылыс кеткен
қателіктерін кешіруге ұмтылады. Осылай жасау жоғарыда Абай
айтқан «əділдікті сүюдің» нəтижесі. Себебі біз өзіміз қателескенде
Жаратқанның кешіріміне ынтызар боламыз. Ал біреудің алдында
ағаттық жасасақ, оның да кешкенін күтеміз. Ендеше, біздің де
басқалардың қателіктері мен кемшіліктерін кешіре білуіміз бұл нағыз
əділдік. Сондай- ақ, өзіміз үшін тілегенді айналамыздағыларға да
тілей білу
– бұл да əділдік. Біз өзіміз үшін көп жақсылықты тілейміз.
Қиыншылықтан тезірек құтылуды, жаманшылықтан аулақ жүруді де
қалаймыз. Ендеше, басқаның, қиналғанын көріп сенің де жүрегің
қиналса, ар-ожданың сыздаса бұл да əділдікті сүю болмақ. Мұндай
əділдіктің адам жүрегіндегі махаббаттан туындайтыны айтпаса да
түсінікті. Осы тұста Алла елшісінің (с.а.у.): «Өзің үшін жақсы көрген
нəрсені басқалар үшін де жақсы көрмейінше кемел иманға жете
алмайсыңдар» деген мүбəрак хадисі ойға орала- ды. Олай болса,
Абайдың əділдікті сүюді «имани гүл» деуі тегін емес.
Иə, «имани гүлге» жеткен жан Тəңірі үшін барша адамзатты гүлтікеніне қарамастан жақсы көреді. Ең бол- маса жанашырлық
танытып, аяушылық білдіреді. Себебі
бəрі Алланың жаратқан туындысы болмақ. Тағы да Абай- ша айтсақ:
«Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тəңірі үшін». Себебі
раушан гүлдің жұпар исіне ынтық жан оның тікеніне де шыдайды.
Жаратылыс суретіндегі əрбір көлеңкенің негізгі бейнені айқындап
тұрғанын көреді. Ақырында Алла үшін Оның жаратқан əрбір туындысына мейірім көзімен қарайды. Сондықтан ол адам түгіл жанжануар, құрт-құмырсқаға да мысқалдай да зия- нын тигізбейді.
Иман
шуағына шомған
адам мына дүниеден кейін
екінші бір дүниенің бар екеніне иланғандықтан Раббысының
ризалығы үшін тек игі істерді атқаруға ты- рысады. Өмірін салиқалы
өткізіп, бар ғұмырын ізгілік амалдармен кестелеп бағады. Ана
дүниеде əрбір ісіне есеп беретінін ойлап ұрлық-қарлық, кісі ақысын
жеу, ар-намысын аяққа таптау сияқты зұлымдықтардан аулақ жүреді.
Жаратылыстың мəнін түсініп, иман нұрына шомған осындай адамның
көңілі əрдайым шаттанып, игілік атау- лы мен барлық көркем мінез,
тамаша қасиеттердің қайнар көзіне айналады. Мұндай жан əлемге
бейбітшілік туын желбіретіп, айналасына тек мейірімділік нұрын
шашады. Ал, имансыз адам бұл дүниедегі барлық ақыл иесі
адамды мазаламай қоймайтын «Мен қайдан келдім? Өмір сүрудегі
мақсатым не? Қайда барамын? Жан-жағымды қоршап жатқан
мына алып, шексіз дүние қайдан, оның мағынасы неде?» деген
орынды да күрделі сұрақтардың жауабын таба алмағандықтан үнемі
мазасыз, бақытсыз. Өйткені мағынасыз, мақсатсыз өмірден шаршау,
мазасыз- дану – ақыл иесі адам үшін табиғи нəрсе. Бақытсыздығы,
шаршағаны соншалық – ішкі мазасыздықтан уақытша болса да
арылу үшін зиянын біле тұра, казино сияқты түнгі ойын-сауық
орындарында уақыт өткізіп, миын, денесін улайтын наша, арақ
сияқты есірткілерге салынады.
Дертінің шипасын осылай іздеп, жүрегінің тыныштығын осылай
тапқысы келеді.
Иманнан нəсібін а л а алмаған жан ғаламға қарап, ондағы əр
нəрсені мағынасыз, мақсатсыз деп түсінеді. Мысалы, «Күн өз-өзінен
ешбір мақсатсыз, кездейсоқ жерге сəулесін шашып тұр. Ж е р өзөзінен əйтеуір шыр көбелек айналып жатыр» деп пайымдайды.
Ғаламдағы барлық нəрсені иесіз деп ойлағандықтан, өзін де иесізбін
деп пайымдайды. Өмір сүруінде ешбір мағына, мақсат таба алмаған
мұндай имансыз жан үнемі руха- ни шаршап жүреді. Екінші бір
дүниенің бар екендігіне де иланбағандықтан, өлімді шіріп, жоқ боп
кету деп ойлайды. Сөйтіп, мына қысқа, пəни өмірінде нəпсісін
қанағаттандыруды, құрсағын тойдыруды мақсұт тұт ады. Ақыры
өлемін, олай болса, «о с ы қысқа өмірімде барлық нəрсенің дəмін
татып, қызығын көрейін», – деп жақсы- жаман, арам-адал деп
ажыратып жатпай нəпсісінің құлына айналып, күнəға белшесінен
батады.
Иə, нəпсісінің құлына айналған мұндай жан: «Тек мен ішейін, мен
жейін, мен көрейін» дегендіктен қара басын ғана ойлайтын өзімшіл
келеді. Өзгелерді бір сəт болсын ойламайды. «Өзім жақсы болайын,
сені қайдам»
– дейді. Бұндай түсінікке ие болған адамнан көркем мінез, салиқалы
іс, өнегелі өмір күтудің өзі бекер.
Имансыз адам өмірде белгілі бір жетістікке жете қалса «Мен
істедім, мен жасадым», – деп паңданып шыға келеді. Өйткені оның
сенімінде өзін қолдап, жəрдем беріп, сол жетістігіне жетуі үшін
сəттілігін салып тұрған Ұлы Жаратушысы жоқ. Ал тəкаппарланып,
паңданған мұндай жан өзі жеткен жетістікке жете алмаған өзгелерді
үнемі төмен санап, қорлайды да, жеткендерге қызғаныш көзі- мен
қарап, үнемі бəсекелеседі де тұрады. Ішін қызғаныш өрті шалып,
осындай рухани дертке шалдыққан пенделер- ден құралған қоғам –
ең бақытсыз қоғам.
Қысқа айтсақ, имани гүл – барлық игілік атауының қайнар көзі,
күллі көркем қасиеттердің кəусар бұлағы болса, имансыздық –
барлық рухани аштықтың, сорақы іс əрекеттер мен жағымсыз
қылықтардың ұясы.
Қадірлі оқырман! Қолыңыздағы кітаптың «Ақиқат шуағы» атты
бірінші бөлімінде «Ұлы Жаратушы – Аллаға, Ұлы Раббымыздың
періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне
жəне тағдырға иман» секілді
иман
негіздері
жеке-жеке
қарастырылып, мəселелерді ақыл һəм нақыл (аят пен хадис)
жолдарымен ғылыми түрде дəлелдеуді көздедік. Себебі, иман, сенім
бар нəрсенің алдында тұрады.
Адам жүрегінде имани гүлі жайқалып өспесе, онда оның жасаған
ғибадаттары да шикі болмақ. Абайша айтсақ:
«Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс, Жақсы болсаң,
жақсы тұт бəрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы
төртті Қылғанменен татымды бермес жеміс.
Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы, дене
біткен ретімен.
Істің басы – ретін танымақтық, Иман білмес тағатты
қабыл демен».
Сондықтан сенімі мықты, иманы берік жан ғана нағыз
мұсылманшылықтың өкілі болып, исламның өзіне жүктеген
міндеттерін саналы түсініп, салиқалы орындауға ұмтылады. Ал,
санасы əр түрлі күдікке толы, иманы əлсіз жанның
мұсылманшылығы да соншалық əлсіз, шүбəлі келеді.
Кітаптың «Күдікпен күрес» атты екінші бөлімі түрлі діни,
пəлсапалық күрделі сұрақтарға берілген жауаптар- дан тұрады.
Кешегі кеңестік зұлымат көптеген жандардың жандүниесін
жаралап, көңіліне түрлі шек, шүбəлі ой қалдырды. Метафизикалық
əлемді мойындамай бар нəрсені тек көзбен көріп, құлақпен естуге
негізделген материалистік көзқарастың əсерінен көптеген ақиқат
күмəнға айналды. Дінге қарсы ашық дұшпандық – діннен бейхабар
жандардың санасын улау мақсатында қасақана түрлі күмəнді сауалдар
мен сұрақтарды тудырды. Əйтпесе, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) толық
өмірбаянын былай қойғанда, аты-жөнін де дұрыс білмейтін
жандардың Оның (с.а.у.) көп əйел алғандығынан хабардар болуын əрі
оның астарына үңілмей жатып, бірден нəпсіқұмарлыққа жору- ын
басқаша түсіну əсте мүмкін емес?
Сондай-ақ, кітаптағы «Жаратушыны не үшін көзбен көре
алмаймыз?», «Алла Тағала адамдарды не үшін бай- кедей ғып
жаратқан. Оның сыры неде?», «Алла Тағала біздің ғибадатымызға
зəру ме? Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп,
орындамағандарды азаптайты- нын ескертуде?», «Намаз, азан
сияқты ғибадаттар тек қана араб тілінде орындалады. Əр ұлт өз
тілінде орындаса жеңіл болмас па еді?», «Доңыз еті неліктен харам?» секілді көптеген сұрақтар дінімізге жаңа бет бұрып жатқан
кісілердің ішкі ізденісі мен көкейлеріндегі табиғи сауалдары. Өйткені
адам ақылы діни үкімдердің хикметі мен мəнісін түсінуге əрдайым
ұмтылып, жан дүниесі жаратылыстың жасырын қатпарларын ұғуға
құштар. Абайдың:
«Көңілге шек, шүбəлі ой алмаймын, Сонда да оны
ойламай қоя алмаймын. Ақылдың жетпегені арман
емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын» немесе,
«Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа», – деуі де сондықтан.
Алайда, адам санасы Ұлы Иеміздің түпкі мақсаты мен игі
істеріндегі хикметті толық түсіне алмасы а қ и қ а т . Өйткені, адам
санасы шектеулі. Əрі не нəрсені де айналасындағы өзі көрген,
білген дүниелермен ғана салыстырып пайымдай алады. Көбінесе
мына дүниенің физикалық өлшемдерінен шыға алмай, ойын қысқа
қайырады. Ал, Ұлы Жаратушының істеріндегі хикметтері мына
дүниенің физикалық заңдарымен, яки, адамның көрген, білген
дүниелерімен шектелмесі анық. Сондықтан мұсылман баласы Ұлы
Жаратушыға қатысты немесе діни мəселелерді түсіну барысында
əрдайым бай- ып сақтап, Құран мен сүннетті темірқазық еткен нұрлы
ақылға жүгінуге тиіс. Ойына күдік салған сұрақтардың дұрыс
жауабының бар екенін əу бастан қабылдау қажет. Егер тапқан жауабы
санасына сіңбей жатса, онда ол мəселені түсіндірудің кемшілдігінен,
яки деңгейіміздің төмендігенен, не болмаса сезіміміз бен нəпсіміздің
жетегінде кеткен түйсігіміз бен тепе-теңдік сақтап ойлау- дан
мақұрым санамымыздың сарыны деп ұққан жөн. Я бол- маса, адам
ақылының шектеулігінен, Ұлы Жаратушының құпия сырларынан деп
қабылдау қажет. Ал басқаша ойлап, Ұлы Жаратушы жайлы күдікке
бару – аса қатерлі!
Бұрынғы қоғамның жарасы жеңіл болатын. Өйткені, ондағы
сауалдар мен күдіктер білімсіздіктен туындайтын. Ал қазір олай емес.
Көбіне күдіктер мен жаңсақ пікірлер өзінше бір ғылым мен кейбір
түсініксіз терминдердің таса- сына тығылып, «əйел теңдігі»,
«мəдениет», «жаһандану»,
«адам құқығы» «сезім еркіндігі» «азаматтық неке» секілді
ұрандармен безендірілген. Сондықтан м ұ н ы ң бəрінің ара-жігін
ажыратып, дұрыс түсіну үшін Құран ақиқатымен нəрленген «нұрлы
ақыл» мен жан-жақты
біліммен сусындаған парасат-пайым қажет екенін естен
шығармауымыз лəзім.
Ізгі оқырман! Қолыңыздағы кітап кеңестік дəуірден кейін өз
құндылығына қайта оралып, асыл дініне бет бұрып жатқан
халқымызға, əрбір құштар жүрекке аңсаған
«имани гүлін» сыйлай алмайтыны анық. Алайда сол жол- да аз-кем өз
үлесін қосып жатса, бұл біз үшін баға жетпес бақыт, ғұмырымыздың
шуақты сəті болмақ.
Алла Тағала баршамыздың жүрегін иман нұрына бөлеп, ихсан
дəрежесіне жеткізсін! Кітаптың жазы- луы мен жарыққа шығуына
септігі тиген баршаға екі дүниенің жақсылығын тілеймін! «Ислам
мəдениеті мен білімін қолдау қорының» алдағы атқарар жұмыстары
сəтті болғай!
Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ
03/12/2010
І КІТАП
АҚИҚАТ ШУАҒЫ
(Иман негіздері)
ҰЛЫ ЖАРАТУШЫҒА ИМАН
«Жер мен көктің жаратылуында жəне күн мен түннің алмакезек өзара алмасуында ақыл иелері үшін (Алланың бір һəм
бар екендігін) білдіретін
айқын дəлелдер бар»
«Əли Ғимран» сүресі
«Жалпы жаратылыс – Ұлы Жаратушымызды танытар ерекше
алып кітап»
Қанатты сөз
АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ
БАР ЕКЕНДІГІНІҢ ДƏЛЕЛДЕРІ
Ар-ождан дəлелі
Адам баласы өзінің таза жүрегіне, бұзылмаған ар- ожданына бір
сəт назар аударса, оның əу бастан Ұлы Ал- ланы қабылдауға жəне
құдайлық дінге деген бейімділігін аңғарады. Иə, адам баласы жан
дүниесіне көз жүгірткен уақытта ар-ожданы мен жүрегінің əрдайым
бастауы əрі соңы жоқ мəңгі Ұлы Алламен терең байланыста екенін
сезеді. Ар-ожданының, ішкі дүниесінің тек мəңгі Ұлы Жаратушымен
ғана жай тауып, тынышталатынын, Одан басқа еш нəрсенің оны
қанағаттандыра алмайтындығын түсінеді. Өйткені көзін ашқаннан
бері жан-жағындағы барлық жаратылыстың адамға қызмет етіп
тұрғанын жəне айналасында əр түрлі ғажайып істердің атқарылып
жатқанын сезген таза жүрек пен бұзылмаған, кірленбеген ар-ождан
өзінің Ұлы Иесін, Құдіретті Жаратушысын іздері хақ. Сондықтан
жалпы тарихқа көз жүгіртсек, ешбір қоғамның дінсіз, наным-сенімсіз
ғұмыр кешпегеніне куə боламыз. Демек, адамның жаратылысы,
жалпы болмысы өзінің əлсіздігі мен мұқтаждығын мойындауға уа
һəм өзін жаратқан Ұлы Құдіретті іздеуге бейім жаратылған. Міне,
сондықтан имансыз жандар да қиналып, қиыншылыққа тап болған
мезетте Ұлы Құдіретке сыйынуға мəжбүр бо- лады. Бастарына
қиыншылық түскенде ғана өздерінің əлсіздіктерін түсініп, кірленген
ар-ождандары оянып Ұлы Жаратушы – Алла Тағаладан медет тілей
бастайды. Қиыншылықтан құтқарылған сəтте көпшілігі өзіне көмек
берген Алла Тағаланы ұмыт қалдырып кете барады.
Құранда бұл туралы: «Адамдарға бір қиыншылық кел- ген
уақытта Раббыларына шын ықыласпен жалбары- нады. Сосын
Алла өз тарапынан оларға рақымдылық (сол қиыншылығынан
құтқарып) таттырса, олардың кейбіреуі Раббысына серік1
қосады»2 – делінеді.
Кімнен жəрдем сұрайды?
Ке з келген құдайға сенбейтін адам теңізде саяхат- та жүріп,
кемесі батып, тақтайға жабысқан күйде бір өзі с у д ы ң ортасында
жалғыз қалды делік. Таудай-таудай асау толқындар тақтайды олай да,
былай да ырғытуда. Айна- ла тас түнек. Күннің күркіреуі мен
найзағайдың жарқылы үрейге үрей қосқан. Қол ұшын беріп,
құтқарып алар тірі жан көрінбейді. Қолынан келер ешбір айласы, не
бір ша- расы жоқ. Кез келген уақытта суға батып яки балыққа жем
болып немесе жаурап қатып қалуы əбден мүмкін. Міне, осындай бір
заматта құдайға сенбеймін деген əлгі адам Ұлы Құдіретке жалына
жалбарынып, бар ықыласымен жəрдем тілей бастайды. Себебі
былайғы уақытта адам баласы өз қажеттілігін өзі өтей алады. Ауырса
дəрі ішеді. Қалтасында ақшасы бар, қажетін сатып алады.
Мəселелерін телефон арқылы шеше алады. Үй салып, қала
тұрғызады. Зауыт құрады. Қысқасы, Құдай Тағала тарапынан өзіне
берілген осындай мүмкіншіліктердің бəрін ол өзім жасап жатырмын
деп ойлайды. Сондықтан Аллаға деген мұқтаждығын да ұмытады.
Т е к қарызға ба- тып дағдарысқа тап болса, яки қатерлі ісікке
шалдығып шарасы қалмағанда ғана ар-ожданына ырық бермей тұрған
мендігі жоғалғандықтан, Ұлы Жаратушыға бас иеді. Со- сын
қиыншылықтан құтылса, көбісі Раббысын қайтадан ұмыт қалдырып,
дүние рахатының соңында кете барады.
1
2
Аллаһқа ортақ қосу, ширк келтіру.
Рум сүресі /33
Кейіннен пайда болу дəлелі
Бүкіл əлем, ондағы үлкенді-кішілі, жанды-жансыз барлық нəрсе
өзгеруде, ауысуда, ескіруде, жаңаруда, қозғалуда, тоқтауда. Бұл
өзгерістер – кейіннен пай- да болғанның белгісі əрі ерекшелігі. Ал
кейіннен пайда болған əрбір нəрсе мəңгі емес, уақытша, яғни, жоқ
болуға бас иетін пəни болмақ. Кейіннен пайда болған барлық
нəрсенің бастауы бар деген сөз. Ал бастауы бар нəрсенің соңы, яғни
ақыры да болуға тиіс. Барлық əлемнің кейіннен пайда болғанына
қарағанда бұларды жоқтан бар еткен, жоқтық əлемінен тіршілік
əлеміне шығарған бастауы əрі ақыры жоқ – мəңгі, құзіреті шексіз бір
Құдіреттің бо- луы лəзім. Өйткені жоқ нəрсе сырттан басқа бір
күштің ықпалынсыз өз-өзінен пайда бола алмайды.
Иə, əлемдегі үлкенді-кішілі нəрселердің кейбіреуі əр ғасырда,
ендігілері əр жылда, тағы біреулері əр көктемде, əр айда, əр күнде
тіпті əр сағатта, əр сəтте ауысып, тіршілік əлемімен қош айтысып,
орнын басқаларға қалдыруда. Олардың орнына келгендер де
өздерінің жаратылуындағы міндеттерін тəмамдағаннан кейін орнын
басқаларға боса- туда. Бірақ бұл өзгерулер мен ауысулар қаншалықты
көп болса да, əлемдегі тепе-теңдікті, кереметжүйенібұзбай, еш
ақаусыз іске асып тұр. Демек, бұлардың бəрін қадағалап,
жаратылыстағы əр нəрсеге өз бұйрығын тыңдатып, құдіретіне бас
идіріп, қалауына бойұсындырып тұрған бастауы əрі ақыры жоқ мəңгі
бір Жаратушы болуға тиіс. Міне, осы Ұлы Жаратушы əлемдегі əр
нəрсені жаратуы арқылы Өзінің барлығын білдірсе, ескінің орнына
жаңаны жарату арқылы əр нəрсенің уақытша, пəни, өткінші екенін, ал
Өзінің мəңгі екендігін ақылы бар əркімге көрсетуде.
Жаратылыстағы өзара жəрдемдесу дəлелі
Жалпы жаратылысқа үңіліп қарасақ, барлық нəрсенің бір-бірімен
тығыз байланыста, өзара жəрдемдесу арқылы керемет жүйе құрып
тұрғанын байқаймыз. Д е - мек, ақылды-ақылсыз, жанды-жансыз
тіршілік əлемінің барлығын бір-бірінің жəрдеміне жүгіртіп, əр
нəрсенің қажетін уақытында жібертіп, оларды Өзінің қалауына бас
идіріп, əлемдегі тепе-теңдікті сақтап тұрған мейірімді де құдіретті
Ұлы Жаратушының болуы тиіс. Себебі, сырттан бір құдіретті күштің
ықпалынсыз мына əлемнің фабри- ка машиналарының кертік-кертік
тістері арасындағы үйлесімділікке ұқсас кейіпте бір-бірімен тығыз
бай- ланыста болуы, бір-бірінің қажетіне сай жұмыс істеп, белгілі
бір тепе-теңдікті, керемет жүйені сақтауы мүмкін емес. Атом, клетка
сияқты ең кішкентай материялар мен ең үлкен ай, жұлдыз, күн тəрізді
алыптардың жəне жарық, ауа, с у , топырақ секілді нəрселердің
жансыз, санасыз болғандарына қарамастан дүниедегі мына керемет
жүйені, əр нəрседегі мəн-мағына, пайдалы мақсатты жасау үшін
саналы адамдай бір-бірлерінің жəрдеміне жүгірулері, бір- бірлерінің
жұмысын толықтырып, қолға қол жалғаулары
– бұлардың барлығын махаббатпен, мейірімділікпен басқарып тұрған
Ұлы Құдіреттің барлығының айғағы.
Иə, Ұлы Рахман Алла Тағала əлемдегі қойған жəрдемдесу
ережесімен бұлттарды жəне жердегі мине- ралдарды өсімдіктерге,
өсімдіктерді жан-жануарға, ал оларды адамдарға көмек ретінде
жіберіп тұр. Аналардың ақ сүтін сəбилерге, əр түрлі тағамдардың
атом, молеку- лаларын денедегі клеткаларға медет етіп жіберуде. Əр
сатыдағы барлық тіршілік иелерінің қажеттерін күтпеген жерден,
мұқтаждықтарына қарай жеткізуде. Əр нəрседегі
мұқтаждық Оның ешкімге мұқтаж еместігін меңзейді. Қар мен
жаңбырды бірнеше шақырым биіктіктен, түскен жерін жапырып,
тиген жерін опыратын томардай-томардай, ірі- ірі көлемде емес,
жапалақтатып, тамшылатып жаудырып жердегі суға мұқтаждарға
мейірімділікпен көмек б е р і п , медет жіберген Ұлы Құдіретті
танымауға бола ма?
Əлемдегі теңдессіз жүйе дəлелі
Иə, төбеміздегі бас айналдырар таңғажайып үйлесім- ді жүйемен
жүрген сансыз жымыңдаған ж ұ л д ы з д а р мен
жан-жағымызды
қоршап жатқан мың бір мағына- хикметке толы жалпы жаратылыс –
Ұлы Жаратушымыз- ды танытатын ерекше алып кітап. Аспан
əлемінің əрбір қабаты – бұл үлкен кітаптың жеке-жеке беттері, əрбір
галактика – сол беттегі же ке -же ке мағыналы сөйлем, сол
галактикалардағы əрбір жұлдыз – том-том кітаптарға пара- пар
мағыналы жарық сөз. Ж е р шары бұл үлкен кітаптың мазмұнын
қамтитын негізгі беті болса, адам баласы сол беттің негізгі мазмұнмағынасы. Барлығы Ұлы Жаратушы Алланы өз болмысымен
танытып, Оның бар екендігін һəм бір екендігін күллі əлемге əйгілеп
тұр.
Жалпы жаратылысқа қарағанымызда ондағы əр нəрсенің орынорнында тұрғанын, арнайы өзіндік мəн- мағынамен безендіріліп,
əрқайсысына белгілі бір міндет жүктелгенін көреміз. Əр нəрседен
сұлулық, кемелдік, жүйелілік байқаймыз. Жалпы жаратылыс сағат
сияқты керемет есеппен, нəзік жүйемен істеп тұр. Тіпті біздер
сағатымызды осы жалпы жаратылыстағы жүйеге қарай есептейміз.
Ендеше, өзіндік мағына-міндеті бар кішкентай иненің де белгілі бір
ұстасының болатыны секілді, жаратылыстағы сұлулықтың,
кемелдіктің, жүйенің, мəн- мағынаның да бір жаратушысы,
қоюшысы болуға тиіс.
Кейбіреулер айтатындай, бұл əлем өз-өзінен, кездейсоқ пайда
болған жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені кездейсоқтық мына өте керемет
жүйемен, нəзік те ғаламат есеппен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ
шексіз əлемді, жаратылысында еш міні жоқ түрлі-түсті, сан ал- уан
жан-жануарды, көздің жауын алатын сансыз өсімдік əлемін жəне
мың бір сырлы, ғажайып жалпы жаратылы- сты жасайтындай күш
пен ақылдан мақұрым.
Аспан əлемі
Алла Тағала «Тəбəрак» сүресінде: «Жеті қабат аспанды бірбіріне үйлесімді етіп жаратқан – Ол Алла. Рахманның
жаратуында ешбір ақау, жүйесіздік көре алмайсың. Сал көзіңді,
көре аласың ба бір ақау? Со- сын көзіңді қайта-қайта бұрып
қара! Көзің ешбір ақау таба алмағандықтан шаршап, талған
күйде саған қайта оралады» – деп аспан əлеміндегі керемет
жүйені, ақаусыздықты баяндайды.
А с п а н əлемі, яғни сансыз планет алар м е н жымыңдаған
жұлдыздар бір-бірімен қақтығыспай өте нəзік есеппен, өте керемет
жүйемен миллиардтаған жылдар бойы істеп тұр. Бұларды бірбірімен қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске қосып тұрған
күш
қандай
күш?
«Тартылыс»
күші
делік.
Тартылыскүшіндегінəзіктеғажайыптепе-теңдіктіқойғантыл- сым күш
қандай құдірет? Егер бір планетаның тұрақты тартылыс күші бір
мезет кездейсоқтықтың əсерінен азайса немесе көбейсе, көк əлемі
қ а л а й тас-талқан бо- ларын бір сəт ойландыңыз ба? Барлық
планеталар мен жұлдыздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бірбірінің ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері бар.
Тартылыс күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес, арнайы бір
Ұлы Құдіреттің жаратқанын меңзейді.
Жер шары
Біз отау тігіп, өмірсүріпжатқан жер шары менжылуын күлімдей
төккен күннің арасы жаз жəне қыс мезгілдеріне байланысты 135
немесе 149,5 миллион шақырым. Егер осы аталмыш арақашықтық
кездейсоқтықтың əсерінен аз мөлшердеазайса, тоңып, мұзболып
қатып қалатынымызды немесе аз мөлшерде көбейсе күйіп-жанып
кетерімізді бір мезет ойладық па? Ойланып, Жер мен Күннің
арасындағы осы ыңғайлы арақашықтықты белгілеп, оны ғасырлар
бойы бұлжытпай ұстап тұрған құдіретті күшті тани алдық па?
Аспандағы əрбір дененің өзіне тəн белгілі, тұрақты айналу
орбитасы, қозғалу жылдамдығы бар. Мысалы, Жер шары сағатына 1
670 шақырым жылдамдықпен өз-өзін ай- налса, Күнді сағатына 108
000 шақырым жылдамдықпен
айналады. Егер
осындай
жылдамдықпен жүретін көлік жасалған жағдайда жалпы дүниенің
шеңберін 22 минутта айналып шығуға болады екен. Көрсетіліп
отырған бұл сан- дар тек Ж е р шары үшін, ал Күн жүйесінің
жылдамдығы мүлде таң қаларлық. Ғарыштық (космоста) жүйелердің
көлемі ұлғайған сайын қозғалу жылдамдықтары да арта
түседі.
Күн жүйесінің Құс ж о л ы галактикасы орталығын айналудағы
жылдамдығы сағатына тұп-тура 720 000 шақырым. Ал, шамамен
құрамында 200 милли- ард жұлдызды қамтитын осы Құс жолы
галактикасының ғарыштағы жылдамдық мөлшері сағатына 950 000
шақырым3. Мұндай бір-бірімен тығыз байланыстағы əрі өте
жоғары жылдамдықтағы жүйелердің соғысып, қақтығысуы əбден
мүмкін бола тұра ғарышта ешбір ақауға
куə
болмадық.
Иə,
миллиардтаған жылдар бойы
3
Адем Якуп, Куран Мужизелері, 23-бет. Несил Матбажылык, 2003 ж.
ИМАНИ ГҮЛ
жылдамдықтарындағы тұрақты мөлшер еш өзгерместен жалғасуда.
Мысалы, біз автокөлікпен сағатына 200 шақырым жылдамдықпен
келе жатып, оқыс тоқтатсақ, терезе əйнегін быт-шыт қып сыртқа
тесіп шығарымыз анық. Ал енді біздің сенімді бесігіміз – Жер шары
бір мезет оқыс тоқтамай-ақ қойсын, тұрақты жылдамдығын аз ғана
азайтса, жер бетіндегі күллі зат атаулы ғарышқа тарыдай шашылып
кетер еді. Демек, миллиард жыл- дар бойы Ж е р анамызды жəне
басқа да жұлдыздарды бір мезет тоқтатпастан, əрқайсысын өзіндік
тұрақты жылдамдықтарымен айналдырып, тербетіп тұрған Ұлы
Жаратушы болуға тиіс. Егер мұның бəрін кездейсоқ жүзеге асып
жатыр десек, неге біз тағы да сол сенімсіз кездейсоқтықтың əсерінен
Жер анамыздың тоқтап немесе жылдамдығында кідіріп қалуынан еш
қорықпастан, уа- йымдамастан, үстінде жайбарақат жүрміз?
Бейтаныс бір адам қолындағы механикалық жүйемен
істейтін
қол сағатын
бізге таныстыру барысында:
«Өз-өзінен, кездейсоқтықтың əсерінен, яғни, жердің астындағы
минералдар өз-өзінен еріп, темірге айналып, одан жіңішке есепті
ішіндегі əр түрлі кертік-кертік құралдары, көрсеткіш сандары жəне
бетіндегі əйнегі өз- өзінен жасалып, іске қосылып пайда болды» –
десе, сенер ме едік? Əрине, сенбес едік. Ал енді жай бір уақытты ғана
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 02
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.