Latin Common Turkic

Алғашқы Соққы - 01

Süzlärneñ gomumi sanı 4066
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
АЛҒАШҚЫ СОҚҚЫ
ЛЕОН АТАЙДЫҢ ЖҰМЫСЫ
АТЛАНТИКА ҚОРҒАНЫНЫҢ ПАНАСЫНДА
ТАМАША АҚСАРЫ ШАШ
AРПА ҮСТІНДЕ
ҚАУЫПТЫ ТҮН
ДЮПЮИ СЕРТ ЕТЕДІ...
САЯСИ БЮРОНЫҢ ҚАРАРЫ
ЖЫЛТЫР АҚ ҚЫШТАН ҚАЛАНҒАН ФАСАД
ТҮНДЕ ЖҰРТ НЕ ЖАЙЫНДА ҚЫЯЛДАЙДЫ
“ЭРНЕСТ ТАҚСЫРДЫҢ" МЕНШІКТІ ҮЙІ
НОЭЛЬ ҚАРТ ПЕН КІШКЕНТАЙ ҚАШҚЫН
ЕКІ ЖОЛДАС
„АМЕРИКАНДЫҚТАР - АМЕРИКАҒА!"
ДЮКЕН ХАНЫМНЫҢ МАСҚАРА БОЛУЫ
ӘЖІБИКЕ МАРТАНЫҢ ВИЗИТІ
БІР ӨМІРДІҢ БАСТАЛУЫ
ГИТАР
АЛҒАШҚЫ СОҚҚЫ
Бірінші кітап
Аударған Бақытжан ЬІсқақов
ЖАҢБЫР
– Қарашы, қасқайып бара жатқанын қарашы, қазір батып кетеді!.. Қайран,
кемешігіміз-ай...
– Өзі шұрқ тесік екен, басқа бір нәрседен жасау керек еді...
Еденнің кенересінен аса аққан лай су көбейе түсіп, бұрышта жүрелерінен
отырған кішкене балалардың алдына шағын иірім жасап жай ғана иіріледі. Тот
басқан гуталин сауыты толқынның күшіне бір минуттай батыл қарысады да, бірақ
бірте-бірте бәсеңдей су ала бастайды.
Кішкентай екі бала да төрт жастар шамасында. Еркек бала өзінің қыз жолдасына
үлкен көздерін тіге қарайды: кедей балалардың көздері тап осындай қызыл етті,
ақылды келеді, тіпті, ойын үстінде де көздерінен күлкі ұшқыны байқалмайды.
Қыздың шашы бір түрлі кісі таңырқарлықтай тіпті ақсары да емес, ағарыңқылау
келген жіп-жіңішке, сіп-сирек, арасынан кірлеу сұрғылт терісі бейне бір мөлдір сулы
бұлақтың құмайт түбі секілденіп көрінеді.
Қыз басын бір жағына қисайта жағымпаздана сұрайды:
– Сен қағаздан кеме жасай аласың ба?
– Бізде қағаз жоқ қой. Қолымнан ұсташы, мен оны қазір ұстап алайын.
– Сенін қолың ауру ғой, оны суға малуға болмайды.
Бала тайсалмай шалшықтың үстіне еңкейеді. Баланын он қолы білегіне дейін
тұп-тұтас кір-кір бинтпен таңулы. Ол мысықтың жаңа туған баласындай икемсіз
қимылдайды, жаралы қолымен қаңылтыр сауытты итеріп оны суға батырып
жіберді.
– Суға кетті! Оңбаған! Ұста мені, қазір алып шығайын өзін.
– Ұстамаймын. Ұстағым келмейді
– Неге ұстағың келмейді?
Өйткені қорқамын... Сенің ауруың жұғып жүрер. ІІІүберегің солайымен кір-кір.
Онда әлігі айуандар... микробтар... онда микробтар көп....
– Міне ақымақ! Бұл жұқпалы емес қой.
Дегенмен қыз шағын денесімен түгел қимылдап кері шегінеді.
– Қатты ауыра ма? Қалай?
Бала ауруын елемейтіндей иығын қағады.
– Тек өте күйдіріп барады. Жараның үлкендігін қарашы, міне... Қандай үлкен!
Қыз қос саусағымен ғана ептеп оның жаралы қолын ұстайды – көруге әуес-ақ.
Бірақ, не пайда, — зәресі ұшып барады.
– Анау үлкен түйреуішті қолыңа тұп-тура қадай қойған ба?
Бала көкірегін тәкаппарлана көтеріп, еліріп сөйлей жөнеледі:
– Я, керемет қатты ауырады! Міне сенің мені ұстағың келмейді, сондықтан суға
қолымды малуға тура келеді, өйтсем онан да қаттырақ ауырады. Барлығы да сенін
кесіріңнен – бәрібір мен бұл кемешікті ұстап аламын. Сонымен, қолымнан ұстағың
келмейді ғой?
Қыз оның таңулы қолынан көз айырмай біраз ойланып тұрады да, түймешіктей
домалақ мұрнын бір түрлі қызық қып, тыржита түседі:
– Жоқ, ұстағым келмейді.
– Жарайды ендеше.
Бала жаралы қолын суға малған болады.
Өзің ашулы, жаман бала екенсің!
Бірақ бала тіпті ашулы емес. Қыздың көзіне жас келіп жылайын деп тұрғанын
көріп орнынан тұрады:
Жарайды, мен оны аяғыммен айдап әкелемін, қара да тұр.
Баланың аяғындағы көңденіп қатып қалған үлкен былғары бәтеңке, ол жүрген
мезгілде аяғын қажап керемет ауыртатын, сондықтан да томпиған тобығының
айналасы қып-қызыл боп кеткен. Аяғын суға малып, бала шалшыққа батқан
«кемешікті» тауып алуға әбігерленіп еден тақтасын табанымен сыйпай бастады.
– Ища-ай, қандай суық еді! Былай еткенім бұрынғыдан да жаман, енді менің аяқ
киімім су боп қалды. Жарайды, басқа бірдеңе қарастырайық.
– Сен есейгенде кім боласың, докер боласың ба, әлде теңізші боласың ба?
Бала қайдам дегендей иығын қағады.
– Доктор боламын. Доктордың кім екенін білемісің? Ол адам емдейді, оның өлмес
қамын ойлайды...
– Бомбадан жараланғандарды доктор бәрібір жазып шығара алмайды...
– Әне, кішкене гидропланды қарашы, бізге өзі қалқып келеді.
Енді еден тақтайының арасындағы жарықшаны бойлай нағыз кішкене өзенше
ағып, біріне бірі айқасқан екі сіреңкені ағызып әкеле жатыр.
– Мынаның не болатынын білемісің? Сүңгуір қайықтардың базасы болады.
Бала судың үстіне аласа орындық қояды да, су оның астынан әлгі сіреңкелерді
ағызып өтеді.
– Көрдің бе, көрдің бе?
Қыз шаттана күліп, алақанын шапақтайды.
– Су қалай көбейген!
– Бұл тасқын ғой, түсінбей тұрмысың?
Ол енді өзінің ойлап тапқанына қуанып түр! Үп-үлкен тамшы «базадан» аманесен етіп кеткен «гидропланның» тап үстіне тамған еді, сіреңкелер ажырасып екеуі
екі жаққа қарай қалқып кете берді.
– Енді мұнда да жаңбыр жауғанын қарашы.
– Әттең бұл жерде жел соқпайды екен. Әйтпесе біз желкенді кемешік жасап алар
едік, солай емес пе?
Ол енді ұртын толтыра бар күшімен сіреңкелерге қарай үреді.
– Әкел, өзін көсеумен іліп алайық.
Екеуі до көсеу іздеп пеш жаққа қарай бұрылады.
Тек сонда ғана балалар қандай оқиғаның болғанын түсінеді.
– Су қалай көбейген! Қазір бүкіл үйді қаптап кетеді.
Су сарқырап, бұрынғыдай коридордан ағып жатыр; үйдің еден тақтайы шіріп
төмен түсіңкіреген бұрышы көл-көсір боп кеткен. Төбеден де су тамшылап тұр.
Үлкен-үлкен тамшылар жиі-жиі тамшылайды, бейне бір нөсерден соң ағаштың
жапырақтарынан шашырап тұрғандай. Терезені өршелене тырсылдатқан жаңбыр
әйнектен терезенің ішкі жағына білінбей өткен сияқты. Сол жерде жатқан бір шүйде
жіп пен әжесі кетер алдында қалдырып кеткен бір тілім қатқан нан суланып
қалыпты.
– Қарашы, құрғақ жер қалмапты!
Зілдей-зілдей сұрғылт тартқан тамшылар мөп-мөлдір болып төбеде іркіліп
тұрады да, терезе маңына, жоғарыға ілінген үлкен тордың ойыстау түбіне тырс етіп
түседі.
– Құсың қайда сенің? – дейді қыз кенеттен. – Ол да суға батып кетті ме? Өзі неге
көрінбейді? Неге сайрамайды?
– Бізде енді құс жоқ.
Бала төмен қарап, қып-қызыл боп кетеді.
– Ол қайда?
Бала басын көтерместен күлейін деп ыңғайланған еді, бірақ еріні қисайып, көзіне
дөңгеленіп жас келеді де, кішкене, нәзік әйнек шар жарылғандай ол лезде жоқ боп
кетеді,
– Сен оның бір жерін ауыртқансың ғой, ә?
– Мазаламай жайыңа отыршы.
Бала қасындағы қыздан теріс айналып кетеді.
Қылдай жіп-жіңішке боп иреңдеп аққан су электр сымын бойлай түседі де, онан
абажурсыз электр лампочкасының үстіне шыға келеді.
Осы мезгілде іргелес коридорда бір бак су төгілгендей кенеттен бүкіл еденді
солайымен су қаптайды да, шторм толқынындай ызғарлы, қатты жел баракқа енеді.
– Мари!
– Aпa!
Балалар қорқып кетеді. Көршілес үйден орындықтар мен кереуетті дүрілдетіп
сүйретіп жүргендердің дабыры естіледі. Бірақ, оның шуы кенеттен басыла қалады
да, малмандай су болған кебістерін сүйреткен бір әйел бөлмеге жүгіріп кіреді. Әйел
жыртық қара белдемшесін бұрай сыққанда, оның суы жан-жаққа шашырайды. Ол
көнелеу көкірекшесінің жеңдері шынтағына дейін жапқан қып-қызыл қолдарын
жедел сүртіп келеді. Екі көзі дәл балаларға ұнайтындай үп-үлкен, ал қастарының
үстінде суыққа қарамастан бұршақ-бұршақ тер мөлдірей қалыпты,
– Құдай-ау, мынау үйде біздегіден де жаман ғой!
– Тек жаңа ғана су көбейіп үйді қаптап кетті. Ағара бастаған бір шоқ шашы
әйелдің көзіне түсіп, бөгей береді. Ол бір уыс топырақты қалай немқұрайды сілкіп
тастағандай болса, шашын да сондай қимылмен кері сілкіп тастайды.
– Ал, балалар, қимылдамай тыныш отырыңдар! Балаларды ол әлі құрғақ
бұрыштағы столға катар отырғызып, өзі далада не боп жатқанын білгісі кеп
коридорды кесіп өтіп көшеге шыққан еді, кешікпей-ақ бөлмедегілерге оның даусы
естілді:
– Леон, өзіңіз ақылыңыздан адасқансыз ба? Бәсе, суды бізге қарай ағызып жатқан
сіз екенсіз ғой!
Жалаңаш, арықтау келген шал, бүгілген арқасын жаңбырдың өтіне беріп
толқынмен күресіп жатыр, – қираған қол арбаның тақтайлары мен қайдағы бір ескіқұсқы шүберектерді бір жерге үйіп, қаланың биік жағынан
барақтарға қарсы аққан судың жолын бөгеуге әрекеттеніп жатыр. Сірә, ол есігінің
алдын тасқын судан бөгеп қалуға бел байлаған болса керек.
– Не дейсің? Неге менің кесірімнен? — шал ашуланып қалды. Тоңғаннан иегі дірдір етеді, беті мен қысқалай қырққан ақ шашынан сорғалап су ағып түр.
– Шырағым, килікпей жайыңа тұр, шамасы, сеніңше, бізді су басқаны жақсы ғой?
Онан да өзің де қарап тұрмағаның жөн болар.
– Есуас шал-ау! Бізде сынық тақтай да жоқ қой.
– Менен ал, мен бөгеп болдым. — Тақтайды ала сала шал оны Мариге қарай
сүйрей жөнелді.
– Міне қатын деген осы! Айқай, шу, ал, неге бұлай істейтіндері белгісіз. Қане,
былай тұр, – деп Леон тақтайды апарып есік алдындағы лас жерге сұқты. – Дереу
белдемшеңді шешіп ал да, оны қаттырақ бұрап тесікке тық, сонда су былай ақпайды!
Мен қазір өз үйімнің алдына топырақ үйейін. Содан соң саған кайтып ораламын.
Ақымақ шал деп сампылдауын қарашы....
Тоңғаннан оның тірсектері дір-дір етеді. Енді ол мойнын ішіне тартып, өзінің
бөгетіне қарай бүкіреңдей ала жөнелді.
Ал, қылдай жіңішке су коридорды бойлап әлі ағып жатыр. Дауылдың күрсілі ана
жерден де, мына жерден де, шыққан адам дауыстарын баса, жұмысшылар
поселкесінің үстіне төнді. Мұхит жап-жақын, басы-аяғы елу-ақ метрдей жерде, көржер, қиқым-сиқым үйіндісінен әрі тиіп тұр. Аспаннан шелектеп құйған жауынды
ғана нөсер деуге бола қоймады, алайда, жел теңіздің суын қабатымен көтеріп алып,
тақтайдан қаластыра салған аянышты лашықтарды демімен сілкіндіре, поселкенің
үстіне төңкере салатындай болып көрінеді. Қираған әйнектердің шыңылдаған даусы
естіледі. Мұнда дауыл әр уақыт апат ала келетін. Айнала өршелене түскен тасқын;
тек жалғыз якорьлық битенг сияқты, айбынды алыптай сутартқыш мұнараға ғана
өршеленген тілсіз жау тимей итім бара жатқандай. Оның өзі қазір қамал тәрізді боп,
поселкенің ішінен оқшау бөлініп, айқын көрініп түр. Дегенмен, жел қуалап қалаға
қарай бет алған қалың қара жаңбырдан оны да айыру қиын. Тек жалғыз сол мұнара
ғана Атлантика мұхитының алдында, бүкіл Батыс алдында бас иіп кері шегінгісі
келмегендей; ысқыра соққан жел айдаған жаңбыр үй төбесін жапқандай сәл уақыт
бүркей түседі де, содан соң кенет қақ. бөлініп, су тозаңынан жаралған тамаша ақша
бұлттай бытырай түседі.
Мари кері қарай жүгіріп ала жөнелді. Өз үйіне соқпастан, кішкене балаларды көре
кету үшін сол бетімен көршісінің асүйіне кіріп барса, олар осы әбігердің барлығын
қызық көріп стол үстінде қозғалмастан тып-тыныш отыр екен. Мари зілдей ауыр
ағаш леген алып келді.
– Ал балалар, бермен келіңдер.
Ол балалардың әрқайсысына бір-бір кастрюльден ұстата берді.
– Менің не істеп жатқанымды көріп тұрсыңдар ма? Көмектесіңдер.
Ол үшеуі асүйдің мүйісінде жарқырап жайылып жатқан суды легенге құя
бастады.
Есіктің кіре берісінде Леон қарттың күрегінің дүрсілі естілді — оз уәдесі
бойынша ол бөгет жасап болысымен қайтып оралған болатын.
Леген толған мезгілде Мари айғай салды:
– Леон, мында келіңіз. Мынаған жалғыз өзімнің әлім жететін емес.
– Неғылған мазасыз әйел едің, өзін! Аллатағала жұрттың барлығын сендей
жарата көрмесін, — деп Леон күңкілдей түсті де, дегенмен көрші әйелдің дауыстап
шақырғанына асыға жүрді.
Ол екеуі ап-ауыр легеннің құлақтарынан ұстап көтерді де, әрең дегенде жер
үйіндінің арғы бетіне алып жүрді.
Қарыса соққан қатты жел жерге алып ұрғандай, мидай езілген балшықтың
үстінен жүрген бұлардың аяқтары тайғанақтай береді; ақырында олар тоқтады.
– Бұл не еткен тәңір атқан түн еді! – дейді Леон күңкілдей сөйлеп. – Егер біз
екеуміз мынаны осы араға төге салсақ, онда Жеженнің үйін солайымен су қаптап
кетеді. Онан да әрірек апарып бак ішіне төгелік.
Олай істеу тек айтуға ғана оңай болар, – шынында, жаңбыр осындай кұйып
тұрғанда суға толы легенді қалай алып жүресін, оны тағы да он метр жерге қалай
апарасың?
Бұлар әзер дегенде демдерін алып, суланып жылтыраған беті-қолдарын
сүртпестен коридорға келіп енген кезде, жаңбыр кенет басыла қалды. Желдің
акырғы қарқыны, құрғақ шүберекпен сүрткендей, ауаны құрғатып жіберді. Енді ғана
кенет пайда бола қалған тыныштықты бұза адамдардың сөйлескені, судың
сарқырағаны, ағаш табанды башмақтардың сарт-сұрт еткен дыбысы естіле бастады.
Лашықтың төбесі де ауыр жүктен арылғандай жеңілденіп қалды.
Тыныс ашылып, дем алу оңайланды. Алайда ауа сыздана түсті. Теңіз үстінде
аспан бұлттан арылып, шайдай ашылды.
– Жақсы болды-ау, ақыры жеткен екенсің! – деді Мари. – Балалар, сол отырған
жерлерінен қозғалмаңдар!
Бараққа үсті-басы малмандай су болған бір жас әйел жүгіріп келді. Ол әудем
жерден-ақ Мариге айқайлай сөйлеп:
– Сені үйде болмас деп зәрем кеткен еді.
– Бәрі реттелді, Полетта, ренжіме, біз өзіміз-ақ істеп бітірдік.
– Апа!
Бала құшағын жазып, шешесіне қарай тұра жүгірді.
– Маған жақындамай тұра тұр. Сен құрғақсың, ал менің үстім малмандай су. Кері
қайт.
Екі әйел коридорға кіргенде Полетта бәсең дауыспен:
– Мұнда бірдеме боп қала ма деп қорқып, жаңбыр басталғаннан-ақ үйге қарай
жүгірген едім. Қазірдің өзінде де әрең. тұрмын, – деді.
Су қаптаған асүйді көріп, Полетта еңіреп қоя берді:
– Мари, Мари! Неткен сұмдық! Енді қалай күн көреміз? Ақылмен болжап болар іс
емес қой мынау!
– Әлгіде, үйдің ішін адам шошырлық шыпылдаған су қаптап кеткенде көрсең еді,
қазір біздің біраз тазартқанымыз ғой бұл, - деді Мари.
– Барлығы да құлап жатыр. Қабырғаға қарашы өзің! Терезе жапқыш ше, ол
неменеге ұқсайды екен! Каленьдар да солайымен суланыпты, біраз беттері
жыртылыпты. Үй дымқыл үңгірге ұқсайды. Неткен бақытсыз едім, Мари! Бір жақсы
жері әйтеуір су еден астына ағып кетіп жатыр.
– Ағып жатқаны рас. Бірақ ол су қайда ағып жатыр десеңші? Барлық су менің
үйіме ағып жатыр, нанбасаң барып көр өзің.
Маридің асүйінің еденінде де тесік бар екен, бірақ ол нақ ортада боп шықты.
Әдетте оны алақандай ескі линолеумімен жаба салатын-ды. Мари сол қақпақты
жоғары көтерді.
– Қарашы, өзің.
Еденнің астында қара майдай қап-қара су сапырылысып жатыр екен.
– Жаңбыр жауа бастаса болды, барлық лай су осылай қарай ағады. Сонан соң
қалай қылсақ да мұрын жарған жаман иістен құтыла алмайсың. Сен мұны бұрынсоңды байқамап па едің? Маридің үйінін иісі жаман деп ешуақытта да айтпап па
едің? Шынында да сұмдық... Қарашы, біздің үйге әр тұстан ағып келіп жатыр.
Бөлменің ішін жиналған судан шаққа деп тазарттым, керуеттерді басқа орынға
қоюға тура келді... Үйіңе барып киіміңді алмастыр, Полетта, әйтпесе суық тиіп
сырқаттанып қаларсың.
– Ал, енді мен кеттім, – деді Леон қарт. – Енді меңің саған керегім жоқ болар?
– Мари, – деді Полетта, – сен не еткен жақсы адам едің!
– О не дегенің, Полетта... Сен де мен үшін солай істер едің ғой
– Мари, менде сүт бар. Комитет берген еді. Соның жартысын алсайшы, тым
болмаса көрсеткен жақсылығыңның қаруы қайтсын.
– Рақмет, қуана-қуана аламын, – деді Мари, өзін көп үгіттете қоймай. Сол кезде
қызының бетіне қарап, оның нұры кеткен көзін көрді де, езу тартып күлімсіреді:
– Ал, маған беретін ештеңең жоқ па? – деп сұрады Леон. Бәлкім, бір шегім темекі
табылар? Қайыр тілеп тұрғаным жоқ – менің де еңбегім сіңді, нанбасаң Маридан
сұра.
– Жоқ, Леон, темекім жоқ. Бәлкім Анриде болар, – оны білмеймін, өйткені ол
темекі салатын құтысын үйде қалдырмайды. Онан өзіңіз сұраңыз. Жәрдем ақшамды
алысымен сізге бір стакан арақ ішкіземін, сүт те әкелем...
Полетта қарияға қарап мейірімдене күлімсіреген еді, ол қысылғаннан ағарған
мұртын сыйпай бастады.
Ендеше, қош, аман бол. — Оныңа да рахмет, кеттім, әйтпесе үйде кемпірім жатыр,
бәлкім, ол есалаң мені бір жерде жас әйелдермен ойнап жүр деп ойлап қалар! — деді
ол.
Бұл жақтың еркектерінің әрбір сөйлемге «есалаң» деген сөзді қосуы, «әрине»
немесе «демек», «түсініп тұрмысың» деген сөздерді жиі қайталауы әдетке айналып
кеткен болатын.
Қария шығып кеткен соң Полетта басқа бөлмесіне барған еді, — ғажап!
Тасқыннан аман қалған екен—құп-құрғақ! Сүйтіп ол сол бөлмеде қайта киіне
бастады. Ең әуелі ол шүберекпен иығын сүрткен еді, бірақ шүберек бірден суланып,
бойына су тартпай тек сырғи береді.
– Мари, жаңбырдың қандай суық болғанын білемісің! Сірә, ертең қар жауатын
шығар!
Палетта, жұқа қабырғаның ар жағында көрші әйелдің әлде не істеп жатқанын
естіді, сірә ол қайтадан үй жинауға кіріскен болар.
– Жағатын отының бар ма? – деді Мари дауыстап.
Палетта оған жауап қайырмады. Сол жалаңаш күйінде иығына шәліні жамыла
салды да, екінші бөлмеге жүгіріп шықты.
– Естіп тұрмысың, Мари, сен ештеңе білемісің, жоқ па? – Фабиенна апай – әлгі ескі
қамал жанындағы равелинде жалғыз тұратын кемпір ше, есіңде ме... – ендеше бүгін
таңертең соның өлігінің үстінен шығыпты дегенді естідім. Жаурап өліпті. Сен
ештеңе естіген жоқпысың? Үйінде бір түйір де нан жоқ екен? Тек кереует, шкаф,
кішкене пеш қана қалыпты. Ал ол шкафтың тақтасын бірінен соң бірің сындырып,
бөстектің қауырсынын жұлып жағумен болған екен. Қарашы, жұрттың қалай
тұратынын! Мари! Мұндай өмір қашан бітер екен? Қашан жеңілірек болар екен?..
ІІолетта қайтадан жылап қоя берді, сонда Мари оны ебедейсіз құшақтады. Ерсі
болса да ол төзіп тұра алмай. Полеттаның дымқыл шашын сүйді. Полетта әлі жапжас уыздай ғой, қайыршылыққа әлі үйрене қойған жоқ.
– Кофе жылытып берейін, ішемісің? – деп сұрады Мари. Менде кешегіден қалған
кофе бар.
– Егер өзіңе қиын болмаса, мейлің, – деді Полетта оған. – Үстіме жылырақ бірдеме
жамылып келейін. Балалар, от басында отырыңдар. Тоңып қалған жоқпысың, ұлым?
– Апа, сауытың жоқ па? Тек тесік болмасын, кеме жасап ойнауымызға керек!
Асүйде барлығы да тәртіпке келді. Тек кей кезде ғана төбеден кеш қалған тамшы
әлі де тамып қояды. Ал еденнің тақтайлары арасынан жайлап бу шығып жатыр.
Полетта селт ете түсті. Егер түнде аяз бола қалса, олардың жаман үйі не қорған
болады.
ЛЕОН АТАЙДЫҢ ЖҰМЫСЫ
Төсекте, өліктей сұлаған Мели кемпір, нұры сөнген жанарын төбеге қадаған күйі
қыбыр етпестен, көзіне. жас алмай жылап жатыр; кенеттен есік ашылып
табалдырықтың алдында Леон шалы көрінгенде де ол бұрылып қараған жоқ. Ол
жылыту үшін екі қолын айқастырып төсіне басып, саусақтарын қолтығының астына
тықты.
– Күні бойы жалғыз өзім осылай жатамын да қоямын!
Леон әйелінің сөзін бөліп тастады:
– Сеніңше, үйді тізеден су алып бара жатқанда мен сірә сенің қасыңда отыра
беруге тиіспін ғой. Менің суды басқа жаққа ағызуым керек пе осы, әлде жоқ па?
– Сен тағы да күн бойы жоқ боп кеттің ғой!
– Жұртқа көмектесуім керек не, әлде жоқ па? Полетта саған бір стақан сүт әкеп
берсе, сен одан бастартпайтын боларсың, ә? Оның үйін су басып кетіпті.
Кемпір сөзін доғара қойды. Леон оның қасына барды.
– Жарар, жарар, жылама, есалаң. Егер мен таң атқаннан күн батқанша сенін
қасыңда отыратын болсам, біз екеуміз қалай күн көрер едік, ә?
Ол әуелі Мелидің маңдайынан, содан соң темекінің жапырағындай қураған
мортылдақ ақ шашынан сипады.
– Енді тыншыдың ба?
– Түсінсеңші әуелі, мен күні бойы жападан-жалғыз, тырп етпестен жатамын да
қоямын. Сондықтан да басыма әр түрлі ой келеді.
– Әрине, түсінемін, бірақ күн көру керек қой. Үйде отырамын деп аштан өлуге
болмас. Сен мені тыңдашы, шынымды айтсам үй іші мен үшін көшеден де суық, тым
дымқыл. Сен төсекте жатырсың, саған бір есептен жылы да. Ал мен бағанадай
қақиямын да жүремін, суық сүйегімнен өтеді,тіпті тамырымның, да қаны қатып
қалғандай. Көшеде ен болмаса олай-былай жүріп, жылынып тірі екенімді сезінемін
ғой... От жағып сенін киіміңді алмастыру керек екен-ау, кірлеп кетіпсің. Жеженге
барып бір шелек көмір сұрап әкелсем бе екен, бұған қалай қарайсың?
Леон әдеттегідей екі қолын көрпенің астына тыққан еді, жыртық көрпе
дымқылдықтан әрі зілдей, әрі ылғал екен.
– Қарашы, бүгін қалай жылы, ә?
Ол көрпенің астынан сипалаған бойы Мелидің иығын, тауып алды да, өзінің
тоқып қалған саусақтарын оның қимылсыз жатқан қолы мен сүйегі шодырайған аш
бүйірінің арасына жіберді. Төсектің астынан кәрі адамның көптен бері жуылмаған
тәнінің ауыр иісі мүңкіп, мұрын жарып барады; не де болса әйтеуір жылы иіс. Леон
жүресінен отырғысы келгендей төсектің жанына келіп өте төмен еңкейді, бетін
әйелінің маңдайына тақады:
– Етің қандай ыссы! Өзіңе қызу түскен жоқ па екен?
– Леон, үсті-басың су екен ғой! Ауырып қалып жүрме.
– Жеженге барып азғана көмір сұрап көрейін, бәлкім, одан бірдеме табылар.
Азырақ жатып жылынып алар едім, бірақ күні бойы текке жата беруге бола ма,
ауруым жоқ қой.
– Сонда да азғана жатып демал. Біраз жеңілденіп, сергіп қаласың. Шешінбей-ақ
қой, қажеті жоқ. Тек шапаныңды ғана шеше салсайшы.
Леон жыртық көрпе мен ескі бөстектің жылуына елікпей тұра алмады. Ол
үстіндегі шапанын шешіп тастады да, кереуеттің бас жағына ілді. Шапанын әуелі
стол үстіне тастайын деп оқталған еді, бірақ. уақытында теженді. Стол сондай
шіріген еді, тіпті жаңбыр жауып тұрғанда оны бармағымен итере салсаң болғаны —
суы шырқ ете түседі. Мүктеніп кеткен сияқты, тақтайын бассаң болғаны, құрты
шыға келетіндей көрініп, зәрең ұшады. Бөстектің дәл ортасындағы төмен
шөгіңкіреген жып-жылы жерге жатып шалым демін алсын деп ойлаған Мели ірге
жаққа қарай ығыса түсті. Кемпір күні бойы сұлап жатады да қояды, төсекті шөктіріп
жіберген, қу сүйек болса да өзінше салмағы бар емес пе? Леон әлгі ойпаңдау жерге
сырғып кетті де, серейіп әйелінің, қасына жатты. Содан соң ол да нақ әйеліндей тымтырыс бола қалып, төбеге көз жіберіп біраз жатты да, ауыр күрсінді:
– Не дегенмен мұндай өмір, өмір емес!
Сонан соң кенет тіпті Мелиге де бұрылмастан, ойлы көзін үйдің сұр түсті
төбесінен аудармай:
– Фабиенна қайтыс болыпты... бүгін түнде, – деді.
– Олай болса менің де кезегім келген екен ғой. Енді біздің тобымыздан қалған
жалғыз менмін.
– Қайдағы топты айтасың?
– Ұмытып қалдың ба? Әлгі біздің' Фабиенна, Жюли және Фредерика бәріміз бірге
жүретін топ ше... Біз ажырамас достар аталған едік қой.
– Ойыңа әлдеқайдағылар түсе береді екен!... Онда сен он беске келіп пе едің? Осы
күнге дейін сен, оқтын-оқтын жас шағыңды да есіңе түсіреді екенсің ғой, ә?
– Өзің мендей төсек тартып жатып алсаң, барлығын да есіңе түсірер едің. Адам
ойға еліккенде өзін өзі ұмытады. Менің басқа істер жұмысым жоқ қой – сондықтан
да өткен-кеткен ойыма түсе береді. Бірақ түрме сияқты осы бөстектен ешқайда да
ұзап кете алмайсың, әйтсе де ылаждап бойыңды сергіткің келеді: екеуміз әдепкі
жүре бастағанда сенің мысығын мені тырнап алғаны есіңде ме? Мен сонда сенін
шалыңдікіне екінші рет келген болатынмын. Әкең мысықты теңізге тастаймын
деген, бірақ мен аяп, бермегем. Сен порттан қайтып келгенде менің барлық
саусағымды сүйген едің, сол есіңде ме?
– Сен айтқасын, демек, солай болғаны ғой, — деді Леон күңкілдеп:
– Кей кезде тәулік бойы қимылдамай жатқандықтан аяғыңның жаны кетіп ағаш
тәрізді боп қалады, тіпті өз аяғым дей алмайсың. Сонда менің көзіме ненің келетінін
білемісің — әлгі екеуміз шалғын үстінде өткізген түн есінде де, жоқ па? Не дейсің?
Мейрам кезі еді ғой, біз күні бойы жүгірумен болып кеш бойы биледік, бургундия
шарабын іштік. Шаршағаным соншалық аяғымды баса алмай қалдым. Сонда сен мені
үйге дейін көтеріп кайттың. Сондағы айды айтсайшы, ай болғанда қандай ай еді,
есінде ме?
– Бұ да жарайды, сенің ойыңа ылғи жақсы істер ғана түседі екен!
– Жоқ, ылғи олай бола бермейді. Жаман оқиғалар да есіме жиі түсіп тұрады...
Фабиенна ақырғы күніне дейін өзін өзі жақсы ұстады. Өмірі ауырған жоқ. Неден өлді
екен байғұс?
Суыққа тоңып өліпті. Таңертең өлігінің үстінен шыққандар сіресіп қатып қалған
екен дейді.
– Ол ғапыл кетті, бәлкім ұйқтап жатып та өліп кеткен болар. Фабиенна өмірінің
ақырғы күніне дейін төсек тартып жатқан жоқ, қалай болғанмен өзі жүріп-тұратын.
Ал менің жатқаным мынау, ештеңе көрмеймін, ештеңе естімеймін, менің осыным да
тіршілік пе?
– Жүретін еді деймісің? Әй, бишара кемпірім-ай! Екі жылдың ішінде сен өмірден
артта қалған екенсің ғой, ештеңені де білмейсің. Егер сен қазір мұндағы шалдардың
қалай күн көретінін білер болсаң! Жағдай күннен күнге нашарлап барады. Барлығы
да түбірінен шіріп жатыр — әлем де,адамдар да. Басқа барактарда не боп жатқанын
көрсең, әсіресе бүгінгідей жаңбырлы күндерде. Біздің үй әлі жаман емес, амалдап
төзуге болады. Фабиенна қандай көлге түскен еді десеңші! Рас, жүруден қалған жоқ,
бірақ оның қалай жүргенін, қайда барғанын ойлашы, аяғы оған қандай қызмет етті
деші? Күн сайын таң сәріден тұрып ап жуынды-шашындының арасын шарлап,
тастандыларды ақтару үшін кызмет ететін. Сорлы ешкімнің көзіне түспеуге
тырысатын еді.
– Фабиенна өмір бойы өркөкірек болып өтті.
Қартайғанда да сондай болды. Тастандыларды ақтаруы да, асхананың алдында
қайыршылармен қатар тұрып, кемтарларға арналған сорпадан татпайын
дегендігінен болатын. Рас, кей кезде ол асханаға барып та қалатын еді. Барғанда
оның неден ұялатынын түсінбей-ақ қойдым. Барсақ, бізде не кінә бар, біздің неден
ұялуымыз тиіс, шайтан атсын оларды! Ал енді ол осы асхананың есігіне бір бүйірлеп
кіретін-ді, есалаң! Оның сымнан тұтқа салған үлкен консерв сауыты болушы еді;
аспаз соған сорпа құйып берсе болғаны, Фабиенна өзінің лашығына қарай ілби
басып жөнелетін-ді. Үйіне жеткенше сорпасы суып та кетеді... дегенмен ол жұрттың
көзінше жылылай ішкенше, оңашада отырып суық күйінде ішейін деп ойлайтын
болар. Үстіндегі көйлегі пәре-пәре болатын, ал басына тартып жүргені онша тоза
қоймаған, әлі берік қара орамал еді - сол орамалды тартып шыққанда оның. түрі тап
бұрынғыдай болып кететін, бұрын оның қандай болғаны есіңде ғой?
– Фабиенна жақсы адам еді. Дансар ханымның мектебінде оқығандардың бәрі де
оны шексіз сүйетін. Сабақты бір рет оқып шықса-ақ болды, мүдіртпей жауап беретінді. Тіпті таң қалатынбыз. Пианинода ойнауды ешкімнен үйренбей-ақ, саусақтары
клавишаға тиіп кетсе қалаған әнді орындап шығатын. Өзі сондай зерек еді. Ән
салғаны қандай десейші! Әнді қалай салатыны есінде ме? Табандылығы қандай еді!
Өзінің Филиберін мектепте жүргенде-ақ таңдап алған болатын, сонда Фабиеннаның
oн жасқа да толмаған кезі еді. Ақыры дегеніне жетті. Өзінің сүйгеніне ие болды.
– Бірақ ұзақ тұра алмады ғой.
– Сонда да...
Ол он бесінші жылы қайтыс болды. Екі баласынын екеуінен де хат-хабар жоқ.
Қайда жүр екен, олар? Өліп қалды ма? Түрмеде отыр ма? Әлде хабар-ошарсыз жоқ
боп кетті ме екен? Әйтеуір сорлыға оз өмірін жалғыздықпен өткізуге тура келді.
– Дегенмен, он жыл болса да бақытты тұрды.
– Ал енді, сен мені бақытты ете алмадың десейші.
– Леон, біздің мәселеміз басқа ғой. Біз өмірімізді жақсы өткіздік.
– Е, демек, біз ендеше бүкіл дүниедегі ен бақытсыз адам емес екенбіз ғой!
Қысылып-қымтырылып дегендей... Кейде бір көршіңе қызмет етесің, кейде басқа
біреуіне болысасың. Ал, қайыр сұрауға мен баспас едім. Жежен де бізге қарасып
тұрады. Оны шлюздің жанында судан алып шыққанымда мен оған қайырымды іс
еткенмін, ол сол жақсылықты есінен шығармайды...
– Леон, қар жауып кеткенін қарашы!
– Ех, жетпей тұрғаны сол еді! Тұрып, тыста не болып жатқанын көріп келейінші.
– Сен мені жуындырып, киім ауыстыру керек дейсің, олай ететін болғаныңда
тездетуін керек еді, менен жаман иіс шығатынын өзім де сезіп жатырмын. Монах
әйелді неге шақырмайсың? Маған қандай қырсық аурудың жабысқанын өзің де
көріп тұрсың ғой. Мүмкін ол бірдеме білетін шығар, көмектесер еді.
Леонның, ашуланғаны сонша, төсектен сырғып түсе жаздады.
– Сен ынтығулы сол бір монах әйелдерің маған жеріп болды, – деп ол дүрлігіп
кетті.
– Сонда да әжібике Марта мені жақсылап жуындырады. Ал саған одан келер
ешқандай зиян жоқ.
– Қалай қисаңдайды десеңші өздері! Олардың барлығы да ақ ниетті адамдарды
алдауға бейімделген. Олар әрбір орынды, орынсыз жағдайларды пайдаланып
қалуды ойлайды. Бұл жерде біреуге сыбыр етсе, басқа жерде - тағы біреуді табады.
– Енді менімен әбігерленуден ешнәрсе шықпайтынын білесің ғой... бір ғана
әжібике келіп кетіп жүреді, әлгі аласа бойлы, жуантықтау келген әйел есінде ме? Мен
ол туралы ешқандай жаман сөз естігем жоқ. Бәлкім ол сенен де асқан коммунист
шығар!
– Әлденені оттама! Жүмысшыларға жағынғалы жүрген топ та солай деген
болатын. Құр қылмыйғанымен шынында олар кім? Сұмырай! Оларды басқаша
атауға болмайды. Сен, сен сияқтылардың бәрің ұзын шапандыларға сеніп
үйгенсіңдер, ал олардың бастықтары әртүрлі спископтар мен архиепископтар сол
сенімді пайдаланып, жұртты әлдилеп, олардың көзін бояйды: төзіңдер, туысқандар,
құдай сендерді қайыршылықпен сынайды, дейді олар.
– Осының барлығын сен өзіңнің газетіңнен оқып білдің бе?
Леон ашуға булығып, малмандай су шапанын кие алмай бір орында қақшиып тұр.
Жыртық астарына кірген қолын қайта суырып ала алмағандығынан бос жеңі
салбырай қалған
– Я, оқып білдім. Газетте қалай жазылса, солай айту айту керек деп білемін, сенің
әлгі сиқырларың не дейді десейші, олардың құрандарынан жаттағанын тақпақтап
судырлатып айтып шыққаннан гөрі...
Порттан сиренаның ұлыған дауысы шықты; қарлыға ысқырған.дауыс әрең
дегенде аспанға көтерілді де, бірақ ә дегенше, өзінің бар салмағымен төмендей
барып, жерге құлдилап түскен сияқты.
– Сенін, будильнигің тағы да дұрыс жүрмей қалыпты Он минут артта. Түс боп
қалған екен, балаларды алып қайту керек.
Леон көшеге шығады. Сұрғылт тартқан аспаннан қалың жапалақ қар біркелкі
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Алғашқы Соққы - 02
  • Büleklär
  • Алғашқы Соққы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4066
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4068
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2037
    38.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4073
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2015
    39.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1999
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3884
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1862
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3895
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4008
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1961
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4036
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2074
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    37.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3909
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4017
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2034
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3877
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3952
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2090
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Алғашқы Соққы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2860
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1622
    38.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.