Latin Common Turkic

Ең ғажайып хикая - 23

Süzlärneñ gomumi sanı 3761
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Үйіме кіріп, қайтадан төсегіме жаттым. Тағы да ұйқы, тағы да түс. Бұл жолы
ешқандай айқындық сезбедім. Төсектен тұрғанымда жүйкем ауру, жан
дүнием əрі құлықсыз, əрі қауқарсыз ояндым. Сол күннен бастап денемді де,
тəнімді де сырқат меңдеді. Дəрігердің емін қабылдамадым. Ешкімнің ақылкеңесіне құлақ аспадым. Пейіл бермедім. Шешем жалынады, жылайды,
жалбарынады. Қабылдамадым. Анығы, қабылдауға күш-жігерім жетпеді.
Күшжігерім бе, ынта құлқым ба? Өзімді соншалықты əлсіз, дəрменсіз,
ынта-жігерсіз сезіндім. Өмірді керексінбедім. Қандай өмірге ұмтылғаным
жөн? Не үшін ұмтылам? Бұл өмірден қашқанда ол дүниеге барып
тұрақтауым керек пе? Біржолата. Мəңгілік тұраққа. Қызық та сонда, рахат
пен байыз да сонда. Жоқ, ол жаққа да құлқым жоқ. Күрес, жалындап жанған
мақсат, адамзаттың игілігіне арналған іс пен əрекет. Егер бəрі уақытша, бəрі
өткінші болса, күрес үшін, мақсатмүдде үшін, рахатты өмір үшін
жанталасудың мақсаты не? Жоқ, менің пікірім – таяз пікір. Негізсіз, күйрек,
тұрақсыз пікір. Жер бетінде адамзат жаратылғаннан бері мыңдаған,
миллиондаған данышпандар мен дара тұлғалар ғұмыр кешті. Ақылойларымен адамзатқа ұрық септі, өнерлерімен рахат пен лəззатқа бөледі.
Тек қана солардың сепкен ақыл-ойларының арқасында ғана адамзат
осындай барлық пен байлыққа жетті. Рас, адамзат көп-көп шығынға
ұшырады. Неше қилы індеттер, аштық, қырғын соғыс, табиғаттың жойқын
апаттары... Бұлардың бəрі ақыл-ойдың ой-өрнектері емес, əрине. Бəлкім,
ақыл-ойдың жетімсіздігінің салдары шығар. Иə, емі жетіспеген індет тер
мен апаттар. Ал табиғаттың тосынына адамзат та тосқауыл тоса алмайды.
Ондай тосындардан құтылудың, жансақтаудың жолын ғана іздейді. Қарсы
əрекеттің бəрі дəрменсіз. Табиғаттың апаттарын болдырмаудың еш амалы
жоқ. Тек, жансақтаудың ғана жолын іздейді. Демек, Алла тағаланың ғана
құжырындағы амал ма? Алла тағала ондай апат амалды неге жібереді?
Бейкүнə пенделерін неге қырып-жойып, қырғынға ұшыратады? Бейкүнə,
əл-дəрмені шамалы, қорғансыз көптің сорын қайнатады. Зар тұтады, азынаулақ қысқа ғұмырлары қара түнекке айналады. Пендесінің еркі де, құқы да
бір Алланың қолында тұрған жоқ па? Ендеше, кеңшілігі қайда? Таршылығы
несі? Қаныпезер, қанқұйлыларға ғана көрсететін кеп емес пе?
Мен неғып «Аллашыл» болып кеттім? Жаратылыс пен сырсыпатыма
жетілдім бе əлде қараңғылық шырмауынан шыға алмаған шырғалаң
маубастың бірімін бе? Алланың өзінің көкірегіме жазған күйі ме? Алланың
көкірегіме жазған күйі мен қоғамның санама сіңірген сипаты бір-біріне
мүлде кереғар түсініктер. Əуелгіде қоғамдық санаға əбден-ақ
бауралғанмын. Мен ғана емес, қоғам өкілдерінің көпшілігі (тіпті,
бəрідерлік), сол əуенді əуендеген. Ұрандайтын ұлы идеяларының бірі еді.
Қоғам санамызға сіңдірді. Дəлелге жүгіндірді. Қарсы ғылым ұсынды.
Шындық қылып қабылдатып, жеңісін үстем етті. Біздер ешқандай күмəн
келтірмегенбіз. Сонсоң мен көне дəуірді барладым. Аңыз ретінде ғана
ұсынды. Əрине, өткен өмірдің негізіне алған біздің қоғамның ғылыми бір
мысалы еді. Аңыз-əңгіме деп бағалайтын. Ал Алланың жөнін де, жолын да
«шалағай сенім», «шала сезім» деп келеке қылды. Біздер де сол жолды
қалтқысыз қабылдағанбыз. «Ұранымыз осылай» деп жар салдық. Ал мен
қалай ауытқып кеттім? Алланың аты аузыма негізгі сенім болып қалай
түйінделді? Білмей қалдым. Əйтеуір, көкірегімді жаулап алды. «Жаулады»
дегенім – күпірлік шығар, көкірегімді сенімге бөлегені анық еді. Ертеңінде
екіжақты күйге түстім. Мына тіршілікті де, о дүниелік жалғанды да түк
қапер қылмадым. Екеуіне де жолағым келмеді. Екеуінен де қашқым келеді.
Сонда... қайда қашам? Қайда барам? О дүние соншалық рахатты дəурен
болса Қорқыт бабам жанын қоярға жер таппай неге қашты? Иə, о дүниеге
ынтық болып аттанғандар жоқ-ақ шығар. Бар болса, азын-аулақ қана.
«Мына жарық дүниені қиып, құштар тілекпен, өз еркімен ынтызар кеппен
аттанды» дегенді естімеген-ақ шығармын. Тек, бала-шағасын өрбітіп,
«асарымды асадым, жасарымды жасадым» дейтін тоқтам шақтың
тəубасына келгендер ғана ұмсынып жатады. Бұлары, енді, ол дүниеге
білдірген ынтызарлықтары емес, «бала-шағаның алдында кетсем» деген ақ
тілегі. Ал менің қалауым... Қалауым емес, тоқыраудың амалсыздығы. Иə, о
дүниенің рахатына да құштарлығым жоқ, бұл дүниенің қызық-шұжығына
да ешқандай ынталы емеспін. Сонда...
Сонда... Бұл тіршілікке келмей-ақ қойсам ет-ті. Көзтүрткі қақсоқта өстім.
Сол жасқаншақтық бойыма ұялап, көңілімді тұқыртып тастады. Өскем жоқ,
өсіп келе жаттым. Арадік-арадік қана жалт етіп жалын шашып, жарқ етіп
көрініп қалатынмын. Бірақ онымды құп алған құптаушылар жоқтың қасы
еді. Дақпыртқа ілесіп, ортақ ұранды ғана уралассам, бас шұлғуға бəрі құп.
Өз əуендерінен өзгерсең-ақ араша талауға даяр. Менде күрескерлік жоқ.
Күрескерден көрі оңаша мұңыммен оқшауланғанымды жаным қалайды.
Езіліп, елжіреп, мұң мен зардың ішкі үніне оранып қана жүрсем... Мұңым –
ашыла алмаған аңсауым мен арманым. Зарым – өзіме деген өкпем.
Белсенділікке бара алмай, қарсы топты жасқап тастай алмай, құр
жабырқаймын. Жабырқауым ішкі зарға айналады. Өмірдің басқа күйлерін
аңсаймын. Əсіресе, мақсат пен махаббат. Осы екі ғажайыптың құрбаны
болсам... Жоқ, құрбаны емес, белсендісі! Беделдісі! Күресімді қай бағытқа
арнаймын? Əйгілі қоғамның əлемдік даңқы үшін бе? Басқа қоғам
атаулының бəрінен даңқы мен абырой атағы артып, бəріне айбынын
танытып тұруы үшін бе? Айбынын танытып, атағын əйгілеуді мансұқ
ететіні анық. Сол дүрмекке мұның да қосылуы қажет екен. Қажет қана емес,
парызы, мүддесі, сүйіспеншілігі еді. Бірте-бірте сол құндылықтарының бəрі
азая берді. Азайып келеді. Алдымен, өмірдің өзі көңілін қалдырды. Сонсоң,
обал-сауаптардың ара жігі мен өмірдің мəн-мағынасын зерделей бастады.
Көбіне-көп, өтірік өмір мен жалған ұраннан жеріне бастады. Жерінген
сайын жүрегі суынып, көңілі құлазыды. Қоғамнан бөлінгісі келді. Бөлінгісі
ме, безінгісі ме? Иен аулаққа безінгісі келді. Қайда безінеді? Қалай жүреді?
Нені паналайды? Не бітіреді? Басқа ел бұдан да асқан құбыжық. «Адамға
адам – қасқыр» деседі. Демек, өмірде дерек жоқ, қоғамда бəтуа жоқ. Сонда,
баянды тіршілік, лəззатты ғұмыр еш жерде болмағаны ғой. Сүйікті жар,
мейірімге бөлеген бала-шаға... Жүрегіңді елжіреткен ата-ана... Жан азығыңа
соларды ғана балап, тіршілігіңе соларды ғана малданып, тоғышар, тоқпейіл
ғұмырды қамсыз, қаперсіз кешіп, ғұмырын тек тəубаға ғана арнау –
қаншалықты ғибратты, қаншалықты уанышты? Қандай қоғам ондайға пана
бола алады? Əрі пана болатын, əрі қорған болатын қоғам қайсы? Қоғамда
тудың, қоғамның есебіне енесің. Қоғамның есебіне ендің-ақ – бітті,
тұтқынысың. Біреулер сол қоғамның туын көтереді. Біреулер мақсаты мен
парызы – сол елдің арнауы деп біледі. Сол тұғырға бұл да жанын да, тəнін
де арнап-ақ еді. «Көгінде жарқыраймын» деп сенген. Енді, міне, көкірегін
қайғы торлады. Күннен-күнге көңілін бұлт торлап, торығу мен жабығудың
құрсауына түсті.
Иə, құрсауға түскен мен емеспін, менің болмысым мен табиғи
жаратылысым. Санам болмысым мен табиғи жаратылысымды билегісі,
ықпал жүргізгісі келеді. Бірақ билей алмайды, шамасы жетпейді.
Санамның ырқына болмысым мен табиғи жаратылысым көнбейді. Демек,
жүрегім мен ынтам да болмысымның ырқында жаншылғаны ғой.
Өстіп, əрі-сəрі жылбысқа күйде біраз жүрдім. Ұнжырғам түсіп, ынтажігерім басыла берді. Өне бойым езіліп, елжіреп, ештеңеге құлықсыз күйге
түстім. Тіпті, кейде еш шара таба алмай, дəрменсіз құлазуға беріліп жылап
алатынды шығардым. Анам қоса жылайды. «Мұндай дəрменсіздікке қайдан
ұшырадың?», – дейді. «Қапа мен құсалыққа қайдан душар болдың? Əлде,
біреу-міреуге көңілің құлады ма? Əлде, оқуыңа бір кінəрат ілінді ме?
Нендей кептің əсері, құлыным-ау?» Жалынады, жалбарынады. Жылапсықтайды. Айналып-толғанады. Бірақ селт еткен көңіл менде жоқ.
Сүлесоқтық, немқұрайдылық, құлықсыздық емес, басқаша бір түсініксіз
құбылыс. Тұлға бойыңның бəрін жер тартып, жер жастанып барам. Бейжайлық, бəрібірлік өне бойымды түгел жайлап алған сияқты. «Қандай
күйден, қандай кептен болса да, əйтеуір, құтылсам екен» деген аңсау тілек
бар. Неден құтылам? Қайда барам? Қандай күйді қалаймын? Əйтеуір,
белгісіздік.
Анам зорлық пен жалбарынудың тəсілін қабат жасады. Ақыры, қолымнан
жетелеп дəрігерге апарды. Дəрігер дəрігерліктің талай амалын қолданды.
Тексерілудің барлық түрінен өткіздіртті. Жоламауға, қашқалақтауға
тырыстым. Шешем жанымды қоймайды. Шешемнің ығына еріксіз
жығылам. Дəрігерлер, бəрібір, ештеңе таба алмады. «Іш құрылысыңның
бəрі сау», – дейді. «Мүше-мүшең аман-есен», – дейді. Ұйқым мен
тамағымды сұрайды. Мен: «бəрі де қалыпты» деймін. Шешем кимелей
жөнеледі. Түн баласында ұйықтамай шығатынымды, тамаққа да құлықсыз,
зорлықпен ғана тиіп-қашып ішкен сияқтанатынымды қазымырлап айта
жөнеледі. Тақ бір, маған шара қолданудың əсерін, қалайда, аяқсыз
қалдырмауды əрі өтініш қылып, əрі ескерту есебінде ұсынады. Дəрігер
аңтарылған күймен бетіме қарайды. Басын шайқайды. «Жігітім, сен жас
бала емессің, жігітсің. Өзіңе өзің кесел жасама. Мұның кімге қасарысқаның.
Өле қалсаң құба-құп. Өле алмасаң – бекерге қор болып кетесің. Ауру болып
өтесің, қор болып кетесің. Шырағым, қияли ойды, қолың жетпеген арман
мен аңсауды азайт. Азайтқан емес-ау, мүлдем лақтырып таста. Денің сау,
күш-қайратың бойыңда. Жақсылықтың бəрі өз қолыңда.» Дəрігер жігіт əрі
жігерімді қайрады, əрі үмітімді өсірді. Сөйтіп, маңдайымнан сипап, үйге
қайтарды.
Көңілім көншімеді. Онан сайын құлази түстім, жаным жасыды. Өзіме
өзімнің жаным ашыды. Өмірде панасыз, жігері – құм, аңсауы бұлдырсыз
біреумін деп сезіндім. Жасындай жарқылдап, болашақты киіп-жарап,
өмірдің өзімен шайқасып неге жүрмеймін? Сонда кіммен шайқасам?
Жалған өмірмен бе? Жалғаншы қоғаммен бе? Əлде, жанымды өтірікке
жалғап, жалған жымиып, өтірік ұрандап, өршелене өрекбіп, кеуде соға
өлерменденіп өмірден қалыспауым керек пе? Иə, арыңды жалдап, күшіңді
күрпілдетіп, көпшіліктің санатында күн өткізе алса...
Ертеңінде бұрынғыдан да əлсіреп, қалжырап қалдым. Институтта Аруқыз
алдымнан шықты. Жайдары. Жадыраңқы. Мен сəл ғана икем білдірсем-ақ
құшақтай алуға пейілді сияқты. Бірақ қырсау көңілім елп ете қоймады. Екі
қолым екі жанымда салбырап, сүлесоқ қана басымды изедім. Қолын өзі
созды. Аман-саулықтың ғана рəсімі емес, сезімнің толқынды сəтін билей
алмай тұр. Саусақтарымды алақанына қысты. Мен бəрібір сүлесоқ қалпым.
«Не болды саған?» – дейді. Қолымды сілкіп-сілкіп қойды. Басымды
шайқадым. «Жайшылық» деген сөзімнің нышаны. «Ылғи осындайсың.
Дұрыс істемей жүрсің», – деді. Өкпесі, назы, ұрысқаны – бəрін білдірді.
Қолымнан тартқан күйі аудиторияға жетеледі. Қадалған көздер бізге тесілді.
Жігіміз жымдаса қалғанына бəрі таң. Əрине, жігіміздің жымы бұрыннан-ақ
бəріне де жария көрінетін. Бірі іштей сезеді, көбінің көз қиықтары түседі.
Екеуміздің бір-бірімізге арналған сезім ұшқынымыз жарқ етіп қалатын
сəттер жиі кездесетін. Жиі емесау, сезім мен ынтызарлық күйі үнемі төгіліп
тұратын. Жанымыз жайланып, көңіліміз балбырап шыға келуші еді. Жоқ,
жылуы аз, үйреншікті сөздер. Рас, əке мен ананың бəрінің басынан кешкен
сезім толқындары осылай шығар. Бір-біріне көңіл білдіру кезеңі осындай
құйынды сезімнен өтті, əрине. Қарапайым тілмен, сөз жетпейтін толқынмен
сезінді, əрине. Дегенмен, əркімде əртүрлі құбылыстың бары анық. Жүрек
басқаша соғады. Көңіл өзгеше түйсінеді. Лəззаттың нұры да сəулесіне
басқаша бөлесе керек. Біз өзімізді тап осылай сезінетінбіз. Кеудеміздегі
күйіміз де басқа, сезім толқындарының жыры да бөлекше деп бағаладық.
Тек, аузымыздан əлі сөз шыққан жоқ. Құштарлығымыз бен
ынтызарлығымызды өліп-құшқан ыстық құшаққа, көңіл тоғаятын қылыққа
айналдырғамыз жоқ. Аңсаудан əлі аспаған сезімдердің өңін жалаңаштаудан
сескенеміз. Іштей түйсігіміз əлі жұмбақ сияқты құпия деп білеміз. Əрі
құпия, əрі именшек.
Өзімізден өзіміз именеміз. Бірімізден біріміз сақтанамыз. «Мұның не?
Менің қылығым қарындастық ілтифаттың нышаны еді ғой» десе, тұйыққа
тірелгенім ғой деп мен қорғақтаймын. «Бір-екі жас үлкендігі бар, аға
орнында ілтифат көрсетіп жүрген көргенді азамат тоң-торыс дағдарса
қайтем?» деп Аруқыз да тайсақтап жүруге тиіс.
Ақыры, тосын сезімді өзі ағытты. Менен шығар ешқандай пəрмен жоғын
əбден-ақ аңласа керек. Сонсоң, сезімнің сырын өзі ағытты.
Қолымнан жетектеген бетте тап ортадағы партаға отырғызды. Əдейі бос
қойғызған сықылды. Əлде біз кірген бетте-ақ басқалары орын босатты ма
екен.
Екеуміз қатар отырмыз. Жалтақтап бетіме қарайды. Жалтақтай ма,
жаутаңдай ма? Əйтеуір, көңіліме түйткіл жүгірді. Менің құлықсыз
құлқымды басқалар да түйсінсе керек, аз-кем бағжиды да, бəрі де өз
беттеріне жайылды.
– «Сен неге бүйттің?» – Аруқыз құлағыма сыбырлады. Жақтыр-мағаны да,
жанашыр күй танытқаны да ортақ. Жанашыр күй танытты. Алаңытып отыр.
Мен құлықсыз күйімнен айнымадым. Ақталмадым, түсіндірмедім. Сезім де
білдірмедім.
– «Мұның – келісімсіз, – деді. – Əлде мен ылғи да қасыңда бо-лайын.» –
Еңкейіп келіп одан да ақырын сыбырлады.
Мен сөздің парқын ұға қоймадым. Жай ғана білдірген сөз сыңайы ма, əлде,
көңіл ықыласының сая таба алмай сарқылған тұсы ма? Түсінбедім, парқына
жетпедім.
– «Жоқ», – дедім. Жақтырмаған кейіпте басымды шайқадым.
– «Біраз уақытша ғана», – деді. – Шешейге көмектесем. Сол кісімен бірге
болам. – Шын пейілі екен. – Сен басқаша ойладың». – Жымиып бетіме
қарады.
– «Біржолата келін болып кіріп алар деп қорықтым.» – Мен де жымидым.
– «Жоқ, əзірге қорықпа. Оқуды бітірейік, сонсоң өзім-ақ ба рам.» –Тағы да
бетіме қарады. Бұл жолғысы шынайы сөзі сияқты.
– «Неге өзің барасың?»
– «Сен тағы да жүріп аласың ғой. Ойланасың. Толғанасың. Тексересің». –
Тым ойнақы сөйледі. Қолымның сыртынан сипады. Қолын алақанымның
астына сұғындырды.
«Тағы да» деген сөзінің төркінін енді ұқтым. «Сенің өздігіңнен талпынар
ешқандай қимыл жоқ» дегенді ұқтырғаны.
Екеуміз де күліп жібердік. Маңдайымыз өз-өзінен түйісе қалды.
Мына шарай жұрттың алдында тез тартындық. Əйтпегенде...
– «Тағы да мен»... – дедім.
– «Иə, тағы да сен,.. – деді ол. Жымиғаны емес, өкінгені сияқты еді. «Неге
сен бастамайсың? Неге батылдық көрсетпейсің?» дегені.
Жұмсақ сипап саусақтарын қыстым. Жүрегі елжіреп, көңілі балқып сала
берді. Басын əкеліп иығыма сүйеді. Айнала сұқтанған тесірейген топтың
шарай ортасында отырмын деп еш қапер қылсашы.
Қысылып-қымтырылып жұрттан ұялып барам.
– «Аруқыз, ұят болады», – дедім сыбырлап.
– «Ұят болмайды. – Еркелей сөйлеп өзіме қарай бұйыға түсті. – Өз еркімізді
өзімізге берсінші осы көпшілік». – Үні қатқыл əрі қаттырақ естілді. Мен
ымбаласам, онан сайын ерегісе түсетін сықылды.
Отырған көпшілік, шындығында да, жасқанды. Жүздерін ары бұрып,
жанарларын тайдырып əкетті.
– «Əне, бұлардың емі – осы. – Аруқыз қайтадан еркелей сыбыр-лады. – Сен
енді ширап жүрші. Еңсеңді көтер. Ешкімнен, ештеңеден жасқанба. Еркін
сөйле, көтеріңкі көңілмен күліп-ойна. Мені көңілдендір». – Əрі еркеледі, əрі
наз қылды. Сəл-сəл өктемдігі мен ақыл-кеңес ұсынуы жəне бар.
Менің де жүрегім тебіреніп, жан дүнием құшырланды. Ынтықтығым
құштартып, барлық ықылас-тебіренісім ақыл-есімді буып, бой-бойымды
билеп бара жатты. Ғашықтықтың отына күйіп, сезіміне балқи елтіген деген
осы шығар, сірə. Еркімді əрең биледім. Мына дүйім жұрттың көздері мен
көңілдері тежеді. Кейінгі кездегі ой жүйем мен табиғи болмысым көлденең
тұрды. Сонсоң, алдағы күндерімнен қорықтым. Алдағы күндерімнен де,
жылдарымнан да қорықтым. Өзім үшін емес, Аруқыз үшін қорықтым. Сірə,
мен бұл өмірден көшетін шығармын. Жүрегім дір ете қалды. Өмірден кеткім
келмегені ғой. Өмірді емес, Аруқызды қимағаным. Сонда, көретін қызығым
қаншалық? Аруқыздың махаббаты... Бəлкім, ұрпақ өсірем... Сонсоң? Өмірге
берерім? Еліме үлесім? Жалғандық... Өтірік іс тындыру... «Істеген ісім
оңынан келіп мадақ, марапат естимін» деген əуселесі де жоқ емес. Сондай
сəттерде жан дүниесі шыдам тауып қалай тұра алады? Мадақты малданып,
мақтанға қоқиланып күн кешіп жүре ала ма? Ұйқы ұйықтап, күлкі күліп,
көпшілікпен жаймашуақ сөйлесіп жүре ала ма? Жарыңмен қалай
жадырайсың?
Басқаларына қалай ақыл-тəрбие айта аласың?
Көңілім қайта толқыды. Жүрегім қайтадан лоблыды. Ұнжырғам түсіп,
еңсем басыла қалды. Сірə, алақанымдағы Аруқыздың саусақтарын кері
сырғытсам керек, бетіме бұртия бағжиды.
– «Мыналардан ыңғайсыздандың ба əлде жасқандың ба?» – Жақтырмай
қалған сияқты.
– «Жүрегімнен ыңғайсыздандым, болашағымнан жасқандым.» – Өзіме өзім
күңк ете түскендей болдым. Күңк ете түстім бе, қоңқ ете қалдым ба, əйтеуір,
жағымсыз сөйледім.
Аруқыз қолын тартып алды. Қабағы кіржиіп, өңі бұртиды. Мен де оншалық
қузай қоймадым. Көңілін суытуға бекіндім. Менің енжарлығымды, еш
құлықсыздығымды ұқсын деп бекіндім.
Жібімеген осы қалпымда үйге қайтқам. Ертеңгісін төсектен тұра алмадым.
Өне-бойым дел-сал. Көңілім, жүрегім, жан дүнием – бəрі жаралы.
Соншалық бір күйректік күйге түсе қоймаған сияқты едім. Қайта, Аруқыз
алғаш рет ыстық махаббатын білдірді. Аңқылдақ, ашық, еш қипыжығы жоқ,
бүкпесіз қалпы. Алғаш рет махаббаттың сезіміне бөленді. Жүрегі жырлады,
жан күйі толқыды. Елпілдеп, еркіндеп кетіп еді...
Дəл сондай сезімдерді менен де күткен. Мен қайырым жауап қайтара
алмадым. Бойым тебіренді, əрине. Бойым тебіренді, жүрегім еміренді. Ішкі
жан дүнием елжіреп бара жатты. Бəрібір, құштартып, құшырланып
сезімімді төге білмедім. Бойкүйез, енжар, екіжақты, шешімсіз қалпымнан
шыға алмадым. Осы бір əрі сүлесоқ, əрі дəрменсіз күйім өне бойымды онан
сайын езіп, тұғыртып жіберді. Келген бетте төсекке құлағам. Сол бойымда
қайта көтерілмедім. Дəрменсіздік торлады. Шарасыздық меңзеді. Бей-жай
күйге түстім. Құлықсызбын. Үмітсізбін. Үміт ететіндей қалауым да, тілегім
де жоқ.
Ертеңгісін үйге Аруқыз келді. Келген бетте қолыма жабысты. Қолымнан
сүйді. Маңдайыма алақанын басты. Екі көзінен жас парлады.
– «Дұрыс істемей жүрсің сен. Ылғи да дұрыс істемейсің. Енді...» –Өксіпөксіп жылады. Өкініші кеткен өксігінің мұңы мен зары кеудесін өртеп бара
жатқандай еді. Кеудесін өртеп, жанын шағып, жүрегі езіліп бара жатты. Еш
уақытта қайта уанбайтын, өмірбақи зарын шегіп өтетін, өкініші өшпейтін
өксік. Еңіремейді, өксіп жылайды. Сол өксіктің өзінен-ақ кеудесі күңіренеді.
Енді ғана бойжеткен кіршіксіз қыздың кеудесінде мұншалық өксіктің
соншалық күңіренуі пенде шіркіннің сай-сүйегін сырқыратады. Мен
өзімнің қыл үстіндегі қылпылдаған күйімді емес, Аруқыздың енді ғана
басталған өмірін, сол өмірді ой мехнатымен кешетін ұзақ ғұмырының зарын
ойладым. Жаным ашыды, қабырғам қайысты, жүрегім қарс айрылды.
Дəрмен қылар лажым да жоқ, жармаса қояр бұдырым да жоқ.
– «Сен мені енді көксеме. Іштей көңіліміз ұнатты. Бірер рет қана қол
ұстастық. Сезім толқындарына жан күйіміз елтіп, еріп үлгерген де жоқ. Бəрі
де басылады, суиды. Өзіңді жасытпа.» – Теріс қарап кеттім.
Аруқыз күштегендей иегімнен тартып, бетімді өзіне бұрды. Кірпігін
шылаған жас тамшылары мөлдіреп-мөлдіреп бетіме тамды. Бетіме тамған
бойда төмен тайғанап, екі езуіме ұялады. Дəмі кермек, өзі сап-салқын.
Салқындап қалған ғой.
Көз жасын маңдайыма сүртті. Сүрткен жоқ, əрине. Маңдайымнан еміне
сүйді. Маңдайын маңдайыма басты. Жанарынан жас төгіліп жатыр.
Қыстыға солқылдайды. Көкірегі қарс айрылып, ыстық жалын бет-аузымды
күйдіріп барады.
– «Неге өстідің?» – Өкси күрсінеді.
– «Шамам жетпей қалды. Өзіме өзімнің əлім келмеді.» – Аруқыздың құлақ
түбінен деміге күбірледім. Үнім сап-салқын, құп-құрғақ.
– «Сенің басыңа түскен пəлендей азап та, жүк те жоқ еді ғой. Жай ғана
пенденің бірі есебінде бір ғұмырды ыңсыз-шыңсыз өткеріп шығуға болар
еді ғой. От басы, ошақ қасы да қанағатыққа жарар еді».
– «Менің маңдайма жазылған арнауым мүлде бөлек, мүлде басқа үлес еді.
Соның бəрін қыршынымнан қиды. У мен дертке толған көкірегімді езіп,
жаншып тастады. Ешқандай қиянат көрсетпесе де, өтірік пен жалғанның
қиянатына шыдай алмадым. Өтірік пен жалғанның ішінде қалай ғұмыр
кешем? Қарапайым тағдыр пешенеме жазылмаған үлес. Күресіп өтуге
дəрменсізбін. Күрестірмейді.
Сондықтан»...
Аруқыз саусақтарымен аузымды баса қойды.
– «Мен де барам. Мені де ала кет. Қол ұстасып бірге жүреміз.» –
Жалынғандай ма, ұсыныс қылғандай ма, əйтеуір, тілек білдірді.
Мен езу тартып жымидым.
– «Менімен сенің тілек, қалауымызға көнбейтін құбылыс қой бұл. – Сəл-пəл
қалжың айтқандай едім. Қайтадан салмақты қалыпқа көштім. – Маған да,
мен душар болатын əлемге де қызықпайақ қойшы. Өмірің – алда, тағдырың
– қолыңда. Тіршіліктен де, ғұ мырдан да жеріме. Мені шағын естелік
есебінде ғана есіңе ал. Көксеме, өксіме. Бəлкім, бір балаңды менің атыммен
атандырарсың. Жоқ керегі жоқ. Өйтпей-ақ қой. Тек, өзің бақытты бол.
Менің тілегім де, батам да осы болсын. Қош, Аруқыз.» – Қолымды
ұсындым, ол алақанымды ұстай алды да, маңдайына басты.
– «Маңдайыма өмірлік таңбаң болып басылсын. – Еңкейіп келіп
маңдайымнан сүйді. – Бұл – саған қалдырған өмірлік таңбам. Əйтпесе, сен
мені ұмытып кетуің кəдік. – Қалжың білдірген сыңайы. Əрі қалжың
білдіргені, əрі мені де, өзін де жұбатқан көңілі. – Жоқ, қайтпайыншы. Ала
кетші мені.» – Шын жалынды. Шын жалбарынды. Менің тілегім мен
құзырым Алланың өтеуіне жүретіндей қолқалады.
Мен не дейін? Не айтайын? Іштей ғана қоштасып жатырмын. Алланың
құзыры да, іске асыруы да сол Алланың өзінің қолында ғой. Ең қисынын да,
қиюын да келтіруі – менің жан-күйімді оңалтып жіберуі болар еді ғой. Əй,
бірақ менің жан-жүйемді торлаған құрсау құдайдың ісі емес, қоғамның,
қоғам басқан зілдің ісі еді ғой. Қоғамның шектеп, езіп-жанышқан қазіргі
құқайы емес, болашақта көрсетер көресім.
– «Үйіңе қайт.» – Өтініш емес, бұйрық емес, тілек те емес, амал-сыздықтың
ескертуі еді.
Көз жасын сүрткен жоқ, шыға жөнелді.
Мен қол-аяғымды созып, түзеліп жаттым...
***
Жаңабектің жазбалары осымен үзіліпті. Үзілген күнделік жазбасы ма əлде
өзінің жаны ма? Екеуінің де үзілген жері – осы. Сонау басталғаннан бері
естіген, пəлендей жаңалық құбылыстары мен тағдыр-тіршіліктің
оқыстарына соншалық құбыла қоймаған көңілім əрқилы қобалжулар кешті.
«Өмірден неге кетті» деп ойладым. «Өмірден неге кетті? Не үшін кетті? Əлі
ақыл тоқтатып үлгермеген жаңа өспірім балаң жігіт мұншалық тұйыққа
неғып тіреле қалды? Жалғандық пен лепірме ұранға жан-күйі майрыла
қоятындай күйге түсіп үлгерді ме? Жаны мен тəні ауыра қалды ма? Əлде
психикалық құбылыс па? Құбылыс емес, ауру. Жан ауруы. Əкетіп бара
жатқан түгіне түсінбесең де, жан азабына ұшырағанын ұғасың. Дəл өзі
айтқандай себеп, салдарына жете қоймасаң да, сол құбылысты басынан
кешкенін естисің.
Естімесең де, оқисың. «Жалған» дегің келеді,, бірақ шындығына санаң
иланады...
Сонымен, жаңа өспірім бозбаланың өмірден баз кешуінің себебі мен
салдарын қалай түйіндейміз?
Ол өскен ортада біз де өстік. Рас, жетімдік көріпті. Əкесі «халық жауы»
атанып көзтүртті болып өсіпті. Нағашы ағасы байдың баласы. Мұндай кепті
кигендер көп қой. Өле қалған ешкімі жоқ. Қоғамға кек сақтап, құсаға
ұшырай қалғандары да шамалы. Əркім өз тірлігін өзінше талшық етуге
тырысты. Қоғамның заңына бағынды, тəртібіне көнді. Жүктеген міндетті
қал-қадірлерінше атқаруды əркімі-ақ жүйе қылды. Ал мына баланың (бала
ғой, əрине) іс-қарекеті, тіпті, тосын. «Тосын» деу – мынадай ісіне жай ғана
айтылған сөз. Ерекше бір құбылысты танытса керек. Жойқын құбылыс.
Тосын құбылыс. Басқа ешкімнің санасына да, түйсігіне де мұншалық
қалыпта кіре қоймайтын құбылыс. Мұншалық күйде қоғамнан қашу, қашу
ғана емес-ау, қоғам мен өмірден құтылудың бейбіт жолын табу – қандай
ұтымды шыққан. Жоқ, өмірден құтылудың жолына түсу – соншалық бір
ерлік болмаса керек. «Өмірден құтылу» ма? «Өмірден өту» ме? Жер бетінде
туып, өмірден жоғалғанның бəрі – өмірден өткендер. «Алла тағаланың
құдыреті сол», – дейді. Алланың ақ өліміне жатады. Анығы, Алланың
жіберген ақ өлімі. Ал мына баланың өліміне Алла тағала қаншалықты
қатысты? «Бəрі бір Алланың қолында», – дейді. Тым ұшқары келісімпаздық
емес пе? Сынған қурайды да бір Алланың құдыретіне балайды.
Дəрменсіздікке жетелеудің түрткісі емес пе? Тым ұсақ-түйекке, тым
əлжуаздыққа табындырып қоюдың көрінісі сияқты танылады. Тағдыр
душар еткен төтенше құбылыс болса, пенденің қолынан келмейтін жойқын
күшке еріксіз табынған пұшаймандық болса, тағы осылар сияқты жеке
пенденің өз күшқуаты жетпейтін, ырқына бағынбайтын, амал-əрекетіне
көнбейтін істерге Алладан пəрмен сұрау Алланы мойындау ғана емес, оның
құдыретінен қорқудың нышаны. Пенде шіркін тағдырдың алдында
дəрменсіз. Сонсоң, жалынып, жалбарынар тұлға сол ғана.
Өз тұжырымдарымнан өзім ұялдым. Əрі ұялдым, əрі қолайсыз күй кештім.
Материалистік жолдың арнасындағы адамға жат қызатынмын өзімді. Ойсанам, құбылысты қабылдауым мен түсінік жүйем Алланы мойындамайтын
топтың сенімді өкілімін. Тек, кейінгі кездері көңілім қобалжитынды
шығарыпты. Аллаға күмəн келтірген райыма саңылаулар жүгіре бастаған
сықылды. Кейде көңіліме лық етіп өз-өзінен Аллаға сыйынып, тəубаны
таңдайым тақ еткізе қоятын шақтары жиілей бастады. Əлденеден көңілім
сескене ме, санамда қорқыныш пен үрей бар ма, əйтеуір, табансыздық
басым. Аллаға сыйынып, тəубаңды үйіріп тұрмасаң, жазым ба, жазалану ма,
қас пен көздің арасында əлдебір қиянатқа ұшырай қалуың əпсəтте. Осындай
жазымнан да, жазаланудан да қорқасың. «Өзімнен болды. Өзімнің
қылғаным» деп, өзіңе-өзің жаза ұсынсаң, тəңірді де, тағдырды да жазғырмас
едің ғой. Алайда, өзіңнің түк кінəң да, күнəң да жоқ сəттер көп қой. Өте көп.
Өзіңнен жазық жоқ. Жасай қояр – шараң, істей қояр əрекетің жəне жоқ. Құр
шермендесің. Көкірегің өртеніп, жан дүниең күйіп-жанады да қояды.
Амалың құрыған шарасыздықтан барып бір Аллаға ғана жалбарыныс
жасайсың. Сыйынатының да, жалбарынатының да, жəрдем тілейтінің де бір
Алланың өзі. Жəрдем тілейсің, рахым күтесің. «Бар ма? Жоқ па?»
Материалистік ғылым жүйелері «жоқ» деп дəлелдейді. Дəлелдеріне
ұсынатын ғылыми жүйелері баршылық-ақ. Дарвин ақсақалдың əрі ғылыми,
əрі тəжірибелік дəлелдері, тіпті, ерекше негізді көрінеді. Басқа да, ғылыми
жолды бұлтартпас дəлелге алатын ғалымдар баршылық. Көп-ақ. Қоғамның
дамуына да, ғылымның өркендеуіне де үлестері аса көрнекті. Адамзат
сондай ғалымдар мен ғылымның арқасында жетілді. Жетілді, жетікті. Əлем
мен дүниенің қыры мен сырын ұқты. Көкке шарықтады, мұхитқа сүңгіді.
Жер қыртысын қопарды. Сөйте тұрып, ол дүниенің сыры мен құпиясын
ешкімі шеше алмайды. «Ондай дүние жоқ» деген жалпақ шешім шығарды
жəне соған озық ғалымдардың көбі сенді. Көпшілікті сендіруге тырысты.
Коммунистік қоғамның негізгі ұраны еді. Негізгі ұраны да, ғылыми тірегі де
сол еді. Əлі солай. Ел-жұртты қалай желіктірді? Қалай еліктірді? Бəрін бір
ортаға қалай ұйыстырды?
Ал өмірден кеше ғана өткен мына қаршадай бала осы қоғамнан қалайша
түңіле қалды? Қалай түңілді? Неге жерінді? Ана өмірге де сенімі аз болды,
бұл өмірден тіпті түңілді. Екі өмірге де ешқандай байлам білдірмеді. Жоқ,
білдірмегені емес, екі өмірден де безінгісі келді. Бұл өмірден безінді,
тылсым өмірге барды. Нендей барқадар тапты екен, шіркін? Жаны жай
тауып, басқа ғұмырдың рахатын кеше алып жүр ме екен? Енді ол, бəрібір,
мəңгі жұмбақ. Бұл өмірдегі оны білетіндер үшін мəңгі жұмбаққа айналды.
Бұл өмірмен оны жалғастыратын ешкім де, ештеңе де жоқ. Алды-артының
бəрі тұптұлдыр. Аруқызды ғана жазыпты. Ол қазір қайда екен? Жүрегін
тербеткен сол жігітін қазір есіне ала ма екен? Жан дүниесін шағып, сезім
күйлерін тербете ме? Əлде, өмірден басқа жұбаныштарын тапты ма?
Жұбанышын да, уанышын да тапқан шығар. Жар сүйді. Балалы болды.
Ұмытқан-ақ шығар. Сөз жоқ, өмірдің басқа қызықтарына бауралды. Пенде
шіркіннің, көбіне-көп, өмірдегі үлесі – тіршілігі, өмірде тірі жүргендігі. Қан
тұтады, зар шегеді. Бəрібір, өмірдің бір пұшпағына жармасып, тіршіліктен
көшпеудің қам-қарекетін іздейді. Əйтеуір, үзіліп кетпеуге тырысады.
Сөйтіп, таусыншық күні таусылғанша бұл өмірде бар болады.
Бəлкім, Жаңабектің өмір туралы толғаныстары осының бəрін қорытып
үлгерді ме екен? Жоқ, ол өтпелі өмірдің өткен-кеткенін пайымдап əуреге
түскен жоқ. «Шынайы, таза өмір кеше алам ба?» деп жан дүниесіне сұрақ
қойды. «Ел-жұртыма еткен еңбегім – өз қалауымның көрінісі ме? Өз
қалауымша əрекет етуіме қоғамым еркіме жібере ме? Əлде, қоғамның
айдауында күн кешуім керек пе?» деген күмəнға жаны күйді. Ешқандай
тіректі таяныш қыла алмады. Ақыры, сая таппады. Өмірге сыймады.
Қоғамның жалғандығын қабылдай алмады. Жаны күйіп, сезімі өртеніп, ұзақ
ғұмырында күнде өліп, күнде тіріліп өлеусіреп жүрмек емес еді. Жүргісі
келмеді. Өмірден өз еркімен көшудің жолын қалап алды. Өзіне қол
жұмсаған жоқ, əрине. Тек, жан дүниесін тəрк етті.
Ал біздер жүрміз! Жүре береміз! Жалған ғұмырды көреміз, кешеміз. Аз-кем
шындығын місе тұтамыз да, мəз болып соны дəріптейміз. Сөйтіп жүріп
жатырмыз. Жүріп өтеміз...

Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
  • Büleklär
  • Ең ғажайып хикая - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3829
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3809
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    28.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2326
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3757
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3834
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3830
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2271
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3734
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    27.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3714
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2213
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3725
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3758
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3777
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3871
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2249
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3721
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3751
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3764
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2286
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3730
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2358
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3765
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3761
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.