Latin Common Turkic

Ең ғажайып хикая - 16

Süzlärneñ gomumi sanı 3802
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
тұрғысының көрінісі еді. Ұстамдылық, ізет, бəйбішелік көшелілік –
кісіліктің бір парасы болса керек.
Сөйтіп, оңына келіп, сəтімен оңғарылған шат-шадыман тіршілігімізге
қатпарланып қара бұлт төнді. Құдай-ау десеңші, жүрістұрысыңда
өрескелдік жасап, дарбаза күн кешіп, дарақы қылық көрсетсең, соның
кесапатына жолықтық дер едік. Бетегеден биік, жусаннан аласа қалыптан
бір асқан емеспіз. Алланың көзі түзу-ақ болса керек еді. «Бір Алла өзі жар
болды» деп, тəубамызды ауыздан тастамайақ жүргенбіз. «Құдайға
қарсымыз!» деп жаппай өре түрегелсе, Алла тағала да лаж таппай,
пенделерінен теріс бұрыла ды білем. Əйтпесе, тақ сол кездерде Аллаға шəк
келтіргендердің (шəк келтірген ғана емесау, Алланы күстаналағандардың)
мейманалары тасып, қағанақтары қарқ болып жүрді емес пе. Ол уақытта да
жүрді, əлі де жүр. Білмеймін, сондайлардың алдын о дүниеге барғанда Алла
тағаланың өзі тоспаса, бұл дүниеден тыюсыз-ақ өтіп жатыр. Алланың
қаһарынан қорықпайды. Құранның уағызын елең де қылмайды.
Пайғамбардың хадистерін ілтипат етпейді. Қоғамның заңы ондайларға
жүрмейді. Жүрсе де заңнан құтылудың жолын табады. Заңды жасағанда
сондайларға арнап есік пен тесік қалдырады білем. Жай халық көрмейді, ал
өздері тауып ала қоятын болулары керек.
Ақыры, бір күні біздің де есік қағылды. Киімшең дайын жатқанбыз. Есікті
мен аштым. Нүрекең ашса, сол бетінде ары қарай жетектеп алып кетер деп
қорықтым. Үшеу екен. Мұздай болып киінген. Үлкенді-кішілі қаружарақтарын асынып алған.
– «Нұрқан Қайранбаевтың үйі ме?» – деп сұрайды.
Сөзбен жауап бердім бе, əлде басымды изедім бе – ол жағын санама салып
барламаппын. Дірілдеп, қалшылдап бара жатқанымды білем. Буын-
буынымнан əл кетіп, жүрегім тоқтай бастаған сияқтанды.
– «Сабыр ет, сабыр ет...» – Нүрекеңнің үні құлағыма еміс-еміс жетті.
Көзімді ашсам, төсекте жатыр екенмін. Қанша уақыт өтті? Оны білмедім.
Маңдайыма дымқыл орамал басып, Нүрекең айнала жүгіріп жүр. Есік жақта
состиып-состиып үшеу тұр.
– «Есіңді жи. Беліңді бекем бу. Көңіліңді бекіт. Мен енді ұзақ уақытқа
кетем. Қашан оралам – оны Алланың жазуы біледі. Мүмкін, мəңгілік
келмеске кетіп бара жатқан шығармын. Оған да дайын бол. Жаңабегімді
жетімсіретпей өсір. Айтқандарымның бəрін қаперіңде ұста. «Тірі» деп
естісең – күт. «Өлді» деп естісең – өз бақытыңды ойла. Бақытты болуға
қақылысың. Қандай жағдайда болсаң да, Жаңабегім атымды атандырып
өссін. «Ел-жұртына адАл халқына қалтқысыз еді» деп үйрет. Маған сенсін.
Өзі де адал болсын. Əкеңнің тапсырма өсиеті – осы деп табыстағайсың, –
деді. Бетімнен, маңдайымнан, көзімнен сүйді. Жаңабекті кеудесіне басып,
өліп-құшып сүймеген жері жоқ. Қолында жақсы сағаты бар еді, соны шешіп
Жаңабектің білегіне байлады. – Бақытты-ақ болуымыз керек еді, құлыным.
Əкеңнің де кешпек бақыты саған қонсын». – Тағы да маңдайынан иіскеді.
Бүлк-бүлк етіп тұрған еңбегінен шөпілдетті. Шөпілдеткен жоқ-ау, құнығып
тұрып сораптап сүйді. Тақ, бір, сораптап миын сорып жатқан сияқты. Сонда
ғана жанарынан жас тамшылады.
Мен қолымды созам. Орнымнан тұруға талпынам. Тұра беріп шалқалай
құлаймын. Сүйене беріп, екі жағыма кезек қисаям. Ақылесім түзік сияқты,
бірақ шыр көбелек айналған басымды ұстай алмаймын. Құр тырмысам.
Көкірегім қан жылап жатыр, бірақ көзімнен жас шықпайды. Сөйлеп
жатырмын. Сірə, ішімнен сөйлесем керек. Ешкімі естімейтін сияқты. Ал өз
көңілімде сөйлеп-ақ жатырмын. Жай сөйлемеймін, жалынып сөйлеймін,
жалбарынып сөйлеймін. Маған қарап ешкімі бұрылмайды. Əлдебір кезде
Нүрекең бетіме жалт қарады. Өңіндегі салмақты қалпы абыржулы.
Əлденеден тіксініп тұр.
– «Жаным, – деді. Тура осылай айтты. Бұрын мұндай елжірек сөздерді көп
айта қоймайтын. Жаны тебіренетін, жүрегі елжірейтін. Өне бойы еміреніп,
тебіреніп тұратын Бірақ əлгіндей жылымық сөздерге бара қоймайтын. –
Жаным, шыбын жаныңды шыжғыра берме. Не айтып жатқаныңды естіп,
ұғып тұрмын. Бірге өткен осы күндерді жұбаныш қыл. Жаңабегіңді қуаныш
қыл. Жан жүйеңді жасытпа.» – Тағы да бет-аузымды аймалады. Шала
жансар денемді өзіне тартып, кеудемді тіктеді. Басымды құшағына қысып
төбемнен иіскеді. Желкемнен сүйді. Сонсоң тез бұрылды да, үш
айдаушының алдарына түсті...
Содан қанша жаттым – білмеймін. Шығасылы-кіресілі ғана ақылесім мен
қыбырлайтын ғана əл-дəрменім болса керек. Құлағым ести ме, көзім көре
ме, соны айырып біле қоймадым. Əйтеуір, дəрменсіз, құлықсыз бей-жай
күйімді еміс-еміс сезініп қалам. Əлдебір уақытта жылаған баланың даусын
естідім. «Қайда жылап жатыр екен? Неге жылайды екен? – деп қайран
болам. «Шешесі неге естімейді? Неге уатпайды?» – деп сөгем. «Шешесі бар
ма екен пақырдың?» – деймін. «Шешесі... Шешесі...» – деп күбірлей беріп,
шошып оянғандай жұлқына көтерілдім. Алақ-жұлақ етіп, жан-жағымды
қарманып жатырмын. Дауыс төр жақ бұрыштағы баланың жайпақ
төсекшесінен шығады. Тұра ұмтылдым. Өзімнің Жаңабегім. Нүрекеңнің
Жаңабегі. Құшақтай алдым. Айналып жатырмын, толғанып жатырмын.
Сілесі қатып қалыпты. Солқ-солқ етеді. Аузына мамасын салдым. Мамасын
еміп жатып та солығын баса алмайды. Бетіне қарап əлдебір алданыш
сөздерді айттым. Сол-ақ екен, нəресте шіркіннің өксіп-өксіп жылап-ақ
жібергені. Бетіме қарайды да жылайды. Солқ-солқ етеді. Ішегін тартып,
бүкіл денесімен солқылдайды. Бет-аузын бір уыс қылып жиырып алған.
Көзі жұмулы. Аузы көмейіне шейін ашулы. Аузына мамасын тағы да
салдым. Ембейді. Бетін бетіме тигіздім. Уанбайды. Кеудеме қысып, əлдилеп
жатырмын. Сəл саябыр тапты. Бажырайып бетіме қарайды. Жанары сондай
мағыналы, əсерлі. Құпия бүккен сыры бар сияқты. Əттең, тілі жоқ. Əйтпесе,
бірдеңе айтуға оқталатыны анық.
Жанарына тесіле қараймын. Сырын ұққым келеді. Не айтпағын білгім
келеді.
Кеудемде сол бетінде сурет болып басылып қалған, көз алдымда тірі
қалпында көлеңдеп тұратын, өшпей өзіммен бірге келе жатқан жаныма
ыстық құбылыстар бар. Соның бірі – Жаңабегімнің жаңағы бет пішіні.
Быжырайғаны, тыжырайғаны, əсіресе, жанары бажбаң ете қалып, өксіпөксіп шырқырай жылағандағы бет құбылысы – көз алдымда. Дауысы –
құлағымда. Үзік-үзік өмірінің кезең-кезеңіндегі сондай бір сəттері
көңілімде де, көзімде де бөлекше жаңғырығып, жаңғырығып емес-ау,
қайтадан жаңарып, жанданады да тұрады.
Жаңабегімнің өміріндегі ерекше сəттері өз алдына бөлек, Нүрекеңнің өмір
сəттері өз алдына жеке дара, жəне ағатайым да жүрек аңсауымнан бір сəтке
де шыққан емес. Оның үстіне, шешем мен Ақбілекке қоса алаңдаймын.
«Қайтіп қалар екен?» «Не күйге түсер екен?» «Енді қандай тіршілік кешеді?
Кеше ала ма?» Жан-күйім шырылдап еш тыным көрмейді. Байыздап отыру,
тыншу күйге түсіп, жаныңның саябыр табуы қияметті күй сияқты.
Жаңабегімді құндақтай орадым да, кеудеме қысып алып, шешем мен
Ақбілекке тарттым.
Таң əлі ағара қоймапты. Күзгі суық қойны-қоншымды темірдей қарыды.
Тітіркендім, бірақ тыңдағам жоқ. Бар көңіл оғатым – Жаңабегімді –
Нүрекеңнің Жаңабегін тоңдырып алмау, суық тигізіп алудан сақтау еді.
Сыртқа шығып, бетімді ызғар шалғанда-ақ соны ойлағам. Содан жол бойғы
қам-қаракетім соған ғана бағышталды. Шешемдерге қалай жеттім? Немен
жеттім? Соны күні бүгінге шейін ойыма түсіре алмай-ақ қойдым. Ойыма да
түспейді, көз алдымда да елес жоқ.
Шешем мені көрген бетте-ақ боздап қоя берді.
– «Жаратқан Аллам-ау, екі үйдегі екі жалғыздан бірдей айырғаның не
қылғаның?! Жас өмірлері қыршынынан қиылып кете барғандары ма
қарғаларымның? Арттарында аңырап қалған мен қайтем? Қосылмай жатып
«жесір» атанатын мына екі арудың күндері не болады? Тумай жатып
«жетім» атанатын мына қос бейбақтың не жазығы бар? Құдыреті күшті,
Аллам-ау, бəрі қолыңда, бəрі өз құжырыңда емес пе еді? Осы пақырларың,
мынау пенделерің аяушылығыңа тұратын-ақ жандар еді ғой. Неге аямадың?
Неге мүсіркемедің?» – Шешем өстіп Аллаға шағынып ұзақ жылады.
Қыстыға өксіп Ақбілек екеуміз отырмыз. Көкірегіміз қарс айрылады. Ішібауырымыз езіліп, кеудеміз күйіп бара жатқан сықылды. Сықылды емес-ау,
іші-бауырымыз езіліп, кеудеміз күйіп бара жатты. Еш лажымыз жоқ.
Дəрменсізбіз, шарасызбыз, мүсəпірміз. Иен қалған сорлылармыз. Еліміздің
ортасында, жеріміздің төрінде отырып панасызбыз, жетімбіз.
Қанша отырдық? Қанша жыладық – білмеймін. Бірінші болып шешем ес
жиды.
– «Сол жерде істейтін жолдастары бар емес пе еді? Мүмкін, бастығына
кіргізер. Ақ екенін, адал екенін, бұл өкіметке жан-тəнімен берілгендігін, елжұртына жан-тəнімен қызмет еткенін айтып көрсеңші. Біреуінен бір
кеңшілік болар ма екен?» – Шешем, шынымен-ақ, үміт күте сөйледі.
Өзімнің де үмітім дəмеленді.
Бұрын маңайын басып көрмеген жерім. Əйтеуір, сырттай ғана білетінмін.
Нүрекең сырттай ғана нобайлап көрсеткен.
Ауласының өзіне жолатпайды екен. Ылғи қару асынған күзетшілер. Үйдің
төрт жағына да тұрып алған. Сөйлеспейді. Иілмейді. Бедірейіп алдыға
қарайды да тұрады. Тіпті көз қиығын да салмайды. Тыңдап тұр ма, естіп тұр
ма – еш белгі жоқ.
Есік торып түске шейін жүрдім. Ешкім шықпайды. Ешкім кірмейді. Андасанда ғана бір бас-аяғын тұмшалап тастаған жабық машиналар үлкен
қақпадан кіреді. Əлдебір уақытта қайта шығады. Машинаның алдынан
жүгірем. Тапап өте шығуға, тіпті, шімірікпейтін сияқты. Алғашқы жолы
алдын кес-кестеп көлденеңдей тұрғам. Үстіме төніп келеді. Əне-міне, басып
өтуге шақ қалды. Жандалбас, бір шетке қарай секіріп үлгердім. Жан тəтті,
үрейім ұшқандікі ме əлде аяғым тайды ма, шалқалай құладым. Жалма-жан
атып тұрдым. Жаңағы ашылған қақпаны əлі жауып үлгермепті, жалтаңдап
сол жаққа қарадым. Күзетші жігіт басын шайқап, саусағын кезеді.
Сақтандырғаны емес, қорқытып, үркітіп тұр. «Саған сол керек!» дегені
сияқты. «Жаныңды көзіңе көрсетеміз!» деп айбат шегеді.
Тауым шағылып, ұнжырғам түсіп, кешке қарай үйге қайттым. Шешем мен
Ақбілек телміріп бетіме тесіледі. Үміт етіп, хабар күткен сыңайлары.
Мөлиіп төмен тұқидым. Кінəланып, жазықты болып тұрмын. Екеуінің күні
бойғы сарғайған үміттерін ақтамағаныма, анығы – үміттерін жалғай
алмағаныма жан-күйім шырылдап-ақ тұр.
Шешем соны ұқты.
– «Е, е, үмітіміз өстіп-ақ тозатын шығар.» – Сөзі көмейінен емес, арғы терең
көкірегінен күңіренді. Үшеуміз қосылып тағы жыладық. Қыстығып,
зарығып, іштей өксідік.
Жегеніміз – желім. Ішкеніміз – ірің. Осы сөздің мəн-жайын, арғы
мағынасын сонда ұқтым.
Ертеңінде кешегі əрекетімді тағы қайталадым. Бетіме ешкім қарамайды.
Сөзімді ешкім тыңдамайды. Кіріп-шығып жатқан да ешкімі байқалмайды.
Сұп-суық сұр үйдің сыртын ғана жоталаймын. Анда-санда үлкен қақпа
ашылады. Солай жүгірем. Бітеу мəшине кіреді. Біраз уақыт іште кідіреді.
Қайта шығады. Үлкен қақпаға өзегімді созып, жанарымды жүгіртем. Жымжылас бір тұйықтық.
Тұп-тұйық өмір, жып-жылмағай тіршілік. Кейін ойлаймын ғой: «сол тұптұйық өмірдің ар жағында қаншама топалаң қырғын екен деп. Жыпжылмағай тіршіліктің ішінде қаншама лаңкестік əрекет жатыпты ғой.
Бəлкім, «лаңкестік» емес шығар. Ал асулы дар, оқтаулы мылтық,
жалақтаған қылыш тұрғаны анық. Жəне олар тегінге тұрмайды, əрине.
Атады, асады, шабады. Оның бəрін кейін білдік қой. «Елдің тыныштығын
қорғайды. Бүліншіліктен сақтайды. Сатқындарды залалсыздандырады»
деді. Соның бəріне сендік. Расы да бар шығар, əрине. Бірақ соншалық
қырып-жойғанының себебі өздеріне ғана мəлім болса керек. Əй, соның
себебін білмейтіндер өз іштерінде де көпшілік болса керек. Мылтық қылып,
дар қылып, қылыш қылып соларды жұмсаса керек.
Сонымен не керек, не бітеу екенін, не аузы-мұрнының баржоғын білмей,
сырты мелшиген сұр үйді бір айға жуық күзеттік қой. Күзеттік деймін-ау,
бізге күзеткізу қайда? Сонадай жерден басбағып қарап тұрамыз да, қос
жармалы үлкен көк қақпа ашыла бастағанда-ақ жалпылдай жүгіреміз.
Аузына анталап, ішіне қарай көз телміртеміз. Ешқандай қыбыр жоқ, сыбыр
жоқ, құр мелшиген қабырға. Терезелері бар, бірақ барлығы білінбейді.
Соншалық сұп-сұр. Соншалық сұсты.
Жылаумен күн өтті. Көксеумен түн өтті. Сонсоң бір күні қолыма
біржапырақ қағаз тиді. Өтіп бара жатқан əлдебір əйел елеусіз ғана
алақаныма қыстырып кетті. Қайдан шықты? Қалай келді? Өзім де түсінбей
қалдым. Алақаныма жапсыра салды. Алақаныма қарап, басымды қайта
көтергенімде, маңайымда ешкім де жоқ. Жым-жылас. Қалай кетті? Қайда
кетті? Еш белгі жоқ.
Бір тасаны тасалап, қағазды оқыдым. «Екеуі де енді бұл дүниеде жоқ.
Бекерге келмеңдер, іздемеңдер.» Өз көзіме өзім сенбедім. Мəнмəнеқасын да
ұға қоймадым. Іші-бауырым езіліп, буын-буыным талмаусырап бара жатты.
Аттандап, бажылдап, ойбай салып жылағым келді. Жылай алмадым.
Айналамнан ұялғанымнан, алдымда тұрған сұп-суық сұп-сұр үйден
қорыққанымнан емес, даусым шықпады. Көзімнен жас тамбады. Көкірегім
қан жылап жатыр. Жан-жүйем əлсізденіп, үзіліп барам. Арғы жағымнан
лықсып келген əлдебір толқын ба, лоқсық па көкірегімді кернеді.
Тынысымды тарылтады. Екеуінің, ағатайым мен Нүрекемнің қыршын
қиылған өмірлері, арттарында зарлап қалған біздің ендігі тағдырымыз
санамды шарпып-шарпып өтеді. Миыма бір кіріп, бір шығады-ау деймін.
Жоқ əлде саңырау қайғы ойымды тұмшалап, жанымды езіп бара жатты ма
екен?
Қанша отырдым? Не күйде отырдым? Соны сезініп, білген емеспін. Жалғыз
отырмын. Қасыма ешкім келмейді. Ана сұп-суық сұп-сұр үйдің маңайын
басуға қорқады. Айдаламен айналып жүреді. Оны əбден қадағалап
алғанмын. Ешкімнің көңіл жұбатуын да, жанжүйемді уатуын да тілегем
жоқ. Тілемедім де, қаламадым да. Қайта, жалғыз өзім отырып, шерменде
көңілімді ортайтып, тоңға айнала бастаған шерімді аз-маз тарқатуды жөн
көрдім.
Күн кешкіріп барады екен.
– «Ойбай-ай, Еркем-ай, бармысың, жаным? Ауырып қалған екен-сің ғой.
Күні бойы осылай отырдың ба? Əбден шаршап, шөліркегендікі ғой. Жүр,
үйге қайтайық, жаным. Иығыма сүйенші менің.» – Шырпыры шығып, бəйек
болып, жаны үзіліп барады. Ақбілек екен. Көре сала-ақ еңіреп қоя бердім.
Күні бойы қыстыққан, қысылған көкірегім жарылып кете жаздапты. Арыққа
лық толып тұрған кермек судың бөгетін жұлқа тартып жұлып алғандай
лоқсыттым-ау келіп.
– «Қойшы, жаным. Тоқташы. Тұра тұршы. Мына сумен аузыңды шайып,
жұтып-жұтып жібер де, бетіңді жушы.» – Бөтелкемен су ала келіпті. Аузыма
төсеп, жұтқызып жатыр. Бетімді де өзі шайды. Анау «анау» емес, менің
алақанымдағы «мынау» ғой. Алақанымды қыса түстім. Сұмдық хабардан
түк қабары жоқ. Ол сұмдық хабарды (біздер үшін сұмдық хабар, əрине. Ал
басқалар үшін өткінші сөз ғана) Ақбілекке айта қоймадым. Айта алмадым.
Екеуміз бірдей есеңгіреп, үйге жете алмай қалармыз деп ойладым. Жанжүйем езіліп, əлдəрменім құрып тұрғанымен, ой-санамда саңылау бар.
Келер-кетер, жақсы-жаманды пайымдайтын сықылдымын. Өзімнің ісəрекетіме де толғанып қалам. Соншалық қайғы-қасірет жұтып отырғанда
есім ауып, не істеп не қойғанымды білмесем-ақ керек еді. Ал менің
ойсанам, жүйе-жүйкемде əжептеуір сергектік бар сияқты.
Ақбілекке тіс жармаған күйі үйге жеттік. Шешем, қанша дегенмен, əрі
көшелі, əрі зерделі адам еді. Бетіме қараған бетте-ақ жайсыз хабардың
жайын ұға қойды. Ештеңе сұрамады.
– «Əуелі шай-пұйыңды ішіп ал. Сонсоң ана баланы еміз,» – деді. Айтқанын
айтқан күйінде істедім. Шешем сонсоң ғана мəнжайды сұрады. Ақбілек
анадай жерде құр телміріп, мəңгіріңкі күйде отырған. Алақанымдағы
умаждалған қағазды ұсындым. Оқып болар-болмастан-ақ сылқ етіп құлай
кетті.
– «Тойшан ғана ма?» – Шешем бағжиып бетіме қарады.
– «Екеуі де.» – Еңіреп барып шешемді бас салдым.
Шешем мені итермелей көтеріліп барып, Ақбілектің басын сүйеді.
– «Салқын су əкел», – деді маған. Үні сап-салқын. Басқа бір та-садан
шығатын секілді. Салқын сумен орамалдың шетін сулады да, Ақбілектің
бетіне басты, бетін сүртті. Басын кеудесіне сүйеді.
Ақбілек жас балаша өксиді. Солқ етіп өксиді де, солқ етіп күрсіне басын
шешемнің кеудесіне тыға түсіреді.
Мен аңтарылып екеуіне қарадым. Анамның көз жасы алты тарам болып
ағып, егіліп, күйреп отыр. Ақбілек былқ-сылқ жансыз сияқты. Екеуінің де
менімен жұмыстары жоқ. Қайғы-қасірет екеуіне ғана келген сияқты. Мені
сырт біреу санайтындай сыңайлары бар. «Сыңайлары» деймін-ау, Ақбілек
ес-ақылынан танып қалғанға ұқсайды. Шешем соның зары мен мұңын
жеңілдетуге тырысулы. Өзінің зарын өзі көтере алатындай іспетті. Ал мен...
Сырт қалған біреу сияқтымын.
Тартып отырған қайғы-қасіретім бар, əлден-ақ жер бетінде панасыз, жалғыз
қалғанымды сезінген сорлылық күйім бар, көкіректегі шер ағыл-тегіл
төгілді-ай келіп. Еңіреп жыладым, өксіп-өксіп жыладым. Жанымды уатар
ешкім жоқ. Көңілімдегі үмітімді ұзартар пенде жəне жоқ. Жүрегімді сипап,
жан дүниеме сəуле түсірер жан адам жер бетінде енді болмайды. Бəрі бітті.
Қуанышым бітті. Үмітім кесілді. Жақсы күндер таусылды. Сайранды
күндердің дəурені өтті. Енді алда түк те жоқ. Сарғайған күндер бар.
Ұйқысыз түндер бар. Сонсоң, жанталас... Тіршілік үшін жанталас. Күнкөріс
үшін жанталас. Тағы немене бар? Тағдырдың алға тосқан қандай кебі
болады? Оны кім болжапты? Соның бəрінен өту керек. Өтуге тырысу
керек...
Тап сол мезетте Жаңабегім (Нүрекеңнің Жаңабегі ғой) қыңқылдап дыбыс
шығарды. Өзінің бар екендігін ескертіп, менің құрып-суала қалғаныма өкпе
білдірген-сынды. Жалма-жан жанына бардым. Мені қара тұтты ма,
танығаны ма, қоя қойды. Екі қолын шошайтып жоғары көтереді. Он
саусағын жазып, ара-арасынан сəуле өткізеді. Арлы-берлі төңкеріп соны
қызықтаған сияқтанады. Уілдеп-гуілдеп əлдебір əуенге салады. Жанарын
менің бет-жүзіме нақтылап, жұп-жұмсақ қана жымияды. Мен Нүрекеңнің
сөздерін қайталап айтып отырмын. Жаңабегін шалқасынан жатқызып
қойып, кəдуелгідей, ойнайтын. Ойнатпайды, ойнайды. Жалаңаш қарнынан
сүйеді. Шүметейін иіскейді. Өзінің саусағымен сəбидің алақанын
қытықтайды. Сəбиі əкесінің саусағын қысып ұстап айрылмай қояды.
Əкесі сол бетінде қолын жоғарыға тартады, ұлы əкесінің саусағынан
айрылмаған күйі кеудесімен əжептеуір көтеріледі. Бірақ балпанақтай бала
өз салмағына шыдай алмайды, əкесінің алақанынан айрылып қалады.
Əлгіндегі жатқан орнына сылқ ете түседі.
Менің жұрмым қоса үзілгендей шиқ ете қалам. Оқыс дыбыс шығарып,
ұмсынып ұмтыла түсетін болсам керек. Екеуі мені мазақ қылып күледі.
«Екеуі» деймін-ау, біреуі – түк сезбейтін нəресте, біреуі – жер бетіндегі
жалғызым.
– «Тəтеміз қорқақ, ə? – деп ұлына құптатқандай тіл қатады. – Əне, Жəкебас
сені мазақтап жатыр.» – Менің жүрек тұсыма алақанын қойып, жүрегімнің
лүпілін тыңдаған кейіп танытады.
– «Жəкебас, тəтеміздің жүрегі атқақтап тұр. Екеуміз ойыны-мызды қоямыз
ғой деймін, а?» – Қайтадан ұлының қасына барады. Төбесінен бастап
бақайшағына шейін еміреніп-тебіреніп сүйіп шығады.
– «Өзі соның бəрін түсініп, сүйсініп жатыр. Тек тілі ғана жетпей тұр.
Əйтпесе, бəрін ұғады,» – деп қоқилана қопайыстанады.
Екеуінің бірін-бірі қуаныш қылған, біріне-бірі мерейленген кейіптеріне
сырттай отырып мен сүйсінем. Жан-жүйем елтіп, жүрегім езіліп бара
жатады. Тəуба айтам, Аллаға жалыныш қылам. Осы бақытымды бұзбауын,
қуанышымды ортайтпауын тілеймін. Мына екеуінің күлкілерінің шырқын
кетірмеуіне жалбарынам. Əлденеден секем алғандай жүрегім лүпілдеп қоя
береді. Иə, жүрегім лүпілдейді, өне бойым қалтырап кетеді. Өзіме өзім
ұрсып, өзімді өзім іштей нығыртам. Ақыры...
Уілдеп-гуілдеп үн шығарып жатқан, он саусағын күнге жайып, арасынан
сəуле өткізіп жатқан сəбиімді кеудеме қысып, ағыл-тегіл көз жасымды
ағыздым. Шешем мен жеңгемнің менде түк істері жоқ сияқты. Бірін-бірі
құшақтаған қалыптары. Соны көріп жан-жүйем онан сайын құлазыды.
Елжірегем жоқ, езілдім. Жылау емес, еңіреуге ауыстым. Қос жанарым –
сəбиімде. Ештеңе түсінбейді. Жаудырап бетіме қарайды. Қамсыз, қаракетсіз.
Қам жеуге, қаракет жасауға оған қайда əлі...
Кенет, сəбиім бетіме қарап жатты да, шар ете түсті. Селк етіп, шошып
кеттім. Көтеріп бауырыма бастым, уанбайды.
– «Не болды анаған? Шырылдатпасаңшы!» – Шешем зекігендей ме,
ұнатпағандай ма, əйтеуір, жақтырмаған үн. Жақтырмаған ғана емес,
қыжыртқан, безер дауыс.
Өңменімнен өтті. Жұрмымды үзіп жібергендей болды. Қайғылы, қасіретті
күйімнен гөрі шешемнің мына зекуі жаныма қаттырақ батты. «Қаттырақ»
деймін-ау, езіліп тұрған жанымды мүлдем ойсыратып түсірді.
«Кетуім керек.» «Иə, кетуім керек екен бұл жерден.» Ойыма да, басыма да
кірген жалғыз ой осы болды. Жаңабегімді бір қолыммен көтере жүріп, киімкешегімді жинақтадым. Біраз мөлшерде жинақтаған ақша бар-тұғын.
Сақина, сырғаларым бар. Басқа да əшекейлерім əжептеуір жинала бастаған,
соларды қостым. Бір-екі қабат төсеніш пен бір қабат көрпе-жастықты
алмақшы болдым. Бүгін сонда барам деп бекіндім. «Енді маған не істейді?
Мені қайтеді?»
Көрпе-жастық турасында бір мезет қобалжып тұрдым. Нүрекең екеуміз
жамылып жүрген көрпеге, басымызға жастанған жастыққа аңсарым ауа
берді. Шешем өз қолымен тіккен. Екі кісіге мол жететін. Жаңабек екеумізге
оранып жатсақ та мол. Нүрекеңнің (енді Нүрекемнің ғой) иісі сіңген көрпе
мен жастық. Апыл-ғұпыл орап алдым.
Оны-мұнымды арқалап, Жаңабегімді бауырыма қысып, сыртқа шықтым.
Шығар алдында ана екеуіне тағы да көз тастадым. Сол қалыптары. Түк
сезбегендей, түк білмегендей. Тіпті, өздерінен басқа жан баласы
маңайларында жоқ сияқты. Ешкімді сезінбейді. Ештеңеге көңіл аудармайды.
Қыңқылы мен өксігі қабаттаса жалғасып Жаңабек жатыр. Шыр-пырым
шығып, ештеңенің байыбын таппай мен жүрмін. Соның бірін сезінген не
шешем жоқ, не жеңгем жоқ. Жаңабегімді көкірегіме қысып, буыншақтүйіншегімді арқама арқалап үйден шықтым.
Есік алдында біраз кідіріп тұрдым. Естерін жиып, əлдебіреуі қуа жүгіретін
шығар деп дəметтім. Қайда... Тырс еткен түк дыбыс болмады.
Тəуекел! Ары қарай ұзай бердім.
Арбакеш тез табылды.
Үйімізге келдім. «Үйіміз» деп қоям. Енді оны қайта маған қоймайтынын
білем. Білсем де, бауыр басқан меншікті мекен-жайымыз сияқты сезінем.
Жылы ұям, өскен ордам сияқты көрінеді. Қаңғып, қамығып жүргенде бірден
қарқ ете қалған ақ ордамыз ғой. Жар сүйдім. Бақытымды таптым.
Құрсағымды жарып, нəресте көрдім. Аналық сезімге бөлендім. Қызықты,
қуанышты күндер кештім. Ұзақ уақыт емес, əрине. Бастала беріп, шорт
үзілді. Бəрі көзден ғайып болды.
Ендігі қалған ғұмыр – құр сарғаю ғана. Аңсайсың, бірақ тілемейсің. Тілегің
– кесілген. Біржолата. Көксейсің, бірақ үміт етпейсің. Үмітің үзілген. Ол да
біржолата. Бəрі бітті. Суалды.
Үйіміз тұр екен, əйтеуір. Əлдебіреулер баса көктеп кіріп алды ма деп
қауіпсініп келгем. Кірмепті. Бірақ иен қаңсыған, панасыз тұрған үй,
жетімсіреген мүліктер. Жаутаңдап бетіме қарайды. Өгейсіп қалған сияқты.
Əлде жетімсіреп қалған ба? Мен жетім бе? Мүлкім жетім бе?
Белім бүгіліп отыра кеттім. Жан-жүйем езіліп, жүрегім үзіліп бара жатты.
Көзімнен жас парлады. Көңілім қаңсып, қаңырап тұр.
Жаңабегімді бауырыма бастым да, бүк түсіп төсекке құлай кеттім. Əлсіреп,
талықсыған денем сал-сал болып ұйи жөнелді. Төсекке таңып, баурап бара
жатыр. Қарсыласуға, қасарысуға əлдəрменім жоқ...
Түннің əлдебір мезгілінде ояндым ғой деймін. Онда да, Жаңабектің
қыңқылы оятты. Жамылғысы ашылып қалыпты. Бойы мұздаса керек. Үстін
қымтадым да, қалтақтап төсектен тұрдым. Ай сүттей екен. Терезеден
құйылып тұр. Нұр сəулесін айтам, əрине. Түкпен ісі жоқ. Ештеңеге қалпы
құраған түк белгісі жоқ. Сəнді, сабырлы қалпы. Дөңгелене ме, қалықтай ма
əлде көк жүзінде жүзіп бара жата ма, əйтеуір ерекше бір маңғаздық.
Жайшылықта жаныңды рахатқа бөлер еді. Ал қапалы көңіліңе онан сайын
мұң үйіреді. Мынадай мөлдір ғаламда, шетсіз-шексіз дүниеде қамыққан,
тарыққан, ғаріп болған жандардың бар екенін, бар ғана емес, тіпті көп
екенін Алла тағала біле ме екен? «Құдайсыз қурай сынбайды», – дейді.
«Бəрі – бір Алланың қолында», – дейді. Ендеше, бір Алла неге алалайды
пенделерін? Жүрегі таза, сенімі ақ, тілегі адАл күнəдан пəк пенделерін
есіркеп, мүсіркеп, жарылқап-ақ қоймай ма екен. Оның орнына, қаражүрек,
қанқұйлы, ниеті бұзық қулардың қағанағы – қарқ, сағанағы – сарқ болады
да жүреді. Алланың нағыз құлдарына солар зəбір-жапа көрсетеді.
Асқақтап кеудесін кереді. Өмірдің иесі де, қожасы да солар сияқты.
Өмірімде тұңғыш рет айға қарап табындым. Айға қарап жалбарындым.
Дəрменсіздігімнен, панасыздығымнан сөйттім. Табынар да, жалыныпжалбарынар да ешкімім жоқ. Жер бетінде жанашыр адам қалмады.
Қолымнан келері – тек ағыл-тегіл жылау ғана.
Күлімсіреп ай тұр. Мүсіркейтін сияқты. Дəмелендіретін сияқты. Содан
өзімше жұбаныш тапқандай болып, қайтадан төсегіме қисайдым. Халық
айтатын үш-төрт арсыз құбылыстың бірі – ұйқы. Мен ойлаймын, сол
арсыздардың біреуі ғана арлы болған күнде де, адам өміріне қаншама кесел
келер еді. Халықтың даналығында өлшеу болсайшы. Қаралы не қайғылы
жанға «тамақ іш», «ұйықтап ал» десе, оншалық бір мейірімді естілмес еді.
Жай ғана атөтті ұсыныстың бірі деп қабылданар еді. Ал енді қазақтың көпке
ортақ дəлелімен дəлелдей айтсаң, көңіліңе қонады. Арғы тірлігіңе арқау
қыласың.
Тағы да ұйықтап кетіппін. Күн шыға бір-ақ ояндым. «Ойым да, бойым да
сал-салы шығып əбден сарсыды. Тілегім де, үмітім де біржолата кесілді.
Сонсоңғы құр сүлдерімнің бір уақ дамылдаға ны», – деп жұбаттым өзімді.
Жаңабектің ұйқысын қимай, қыбыр-жыбырсыз біраз жаттым. Пыс-пыс етіп,
тəтті ұйқыға бөгіп жатыр. Екі ұрты анда-санда бүлк-бүлк етеді. Сірə,
түсінде ақ мамасын еметін болса керек. Оймақтай алақаны жазулы.
Быртиған саусақтарын мамасының үстіне қойып алыпты. Саусақтары
жылжып кетсе, бүкіл денесімен қозғалып, қайтадан мамасын аймалайды.
Сонсоң барып тыншу тауып, қайтадан пысылға басады. Қандай пəк, қандай
бейкүнə. Түндегі ай сəулесіндей тұнық. Сол ай сəулесіндей пəк.
Ұлым əлден уақытта көзін бағжита ашып, бетіме тесіле қарады. Сонсоң
күрсінді де, теріс бұрылып кетті. Басымызға түскен қайғықасіретті сезінгені
ме, əлде маған бағытталған ескертпесі бар ма? Кəдуелгі ақыл-есі толысқан
адамның ішкі толғанысына жауап күткен кескіні. Сұрақты кескін. Көңілім
қобалжып, жүрегім шамырқанды. Өз нəрестемнен өзім кіді алдым. «Өзгеше,
ерекше бала болып шығар ма екен» деп қауіп қылдым. Өзгеше, ерекше
болып өсуін қаламадым. «Ерекше, өзгеше болмай-ақ, ел-жұртының елеулі
азаматтарының бірінің санатында өссінші,» – деп Алладан тілек қылып,
жалбарыну білдірдім. Ендігі жерде Жаңабегім екеуміздің күнделікті қамқаракетіміздің қамын ойладым. Үйде дəм атаулыдан түк жоқ, қаңысып тұр.
Мұнда жоламағалы қашан.
Маңайдағы дүкенге жүгірдім. Нан, қант, май, шəй əкелдім. От жағып, түтін
түтеттім.
Абыр-сабыр болып жүрген мені көріп көрші үйдегі татар əйелі кірді.
Амандасып, хал-жайымды сұрады.
– «Олар үйіңе келді. Есігіңді тартты. Терезеңнен қарады. Бүгін де келеді.
Күнде келіп жүр, – деді. Тақ бір сонымен ақылдасқандай айтады. – Сірə,
сақтанып жүргенің жөн.» – Көп аялдамады, қайта шығып кетті.
«Сақтанып жүргенде, не істей қоям? Мылтығымды оқтап қоям ба? Ор қазып
алам ба? Омырауымдағы нəрестемнен айырып, мені қайда жібереді? Алла
тағала басыма не салса да көріп алдым.» Осылай өзімді өзім бекемдеп,
тəуекелге бел будым.
Шəй-пұйымды ішіп, Жаңабегімді емізіп болған бетім еді, үш адам сау етіп
кіріп келді. Амандық-саулық сұрасқан жоқ. «Солсың ба?» деп аты-жөнімді
атады.
– «Иə, солмын. Жұмыстарыңыз əлі біткен жоқ па еді?!» – деп айбат шектім.
Өзімше пісіп-қатайын деппін. Үшеуінің бет-жүзіне жағалай қарадым.
Əуелгіде байқамаппын, біреуі Нүрекеңнің жолдасы екен. Нүрекеңмен бірге
осы үйге жиі келіп тұратын. Ойнапкүліп, əзіл-қалжыңдар айтатын. Мопмонтаны мүлəйімсіп тұр. Екі көзімен жер шұқып сипалаң-сипалаң етеді.
Кінəлі, күнəһар жанның кейпі. «Кінəм ашылып қалды-ау» деген адамдай
қипақтайды. Кім кінəлі екенін білгенде маған не жұбаныш? Қайта, соны
білмей-ақ, топшыламай-ақ жүргенімнің өзі тыныш шығар. Алармадым да,
сазармадым да. Жанарымды жəй ғана бір төңкердім де қойдым.
– «Так, жолдас... Жоқ, жолдас емес. Сіз... Иə, сен... Біріншіден, үйді босату
керек... Екіншіден, бізбен бірге жауапқа жүресіз. Балаңызды қалдырып
кететін жер бар ма еді?» – Сығыр көзі тесірейіп өңменімнен өтіп барады.
– «Менен не жауап сұрайсыздар? Мен не білем? Түкке қатысым жоқ.
Ешкіммен байланысым жоқ...» – Сөзімді аяқтатпады. Нүрекеңнің жолдасы
кимелей сөзге араласты:
– ««Түкке қатысым жоқ, ешкіммен байланысым жоқ» демеңіз. «Өзіммен
өзім жүрген үй шаруашылығындағы əйелмін. Хат та танымаймын. Қараңғы
адаммын» деңіз.» – Аузыма сөз салғаны ма? Əлде мұқатқаны ма?
– «Не ғып оқымай қалғансыз?» – Үшеуінің бастықтауы осы бол-са керек,
бетіме таңырқай қарады. Сеніңкіремейтін секілді.
– «Ауылдан келдім,» – дедім.
– «Қашан келдіңіз? Неге келдіңіз?» – Бастықтау жігіт бас-аяғыма шүйліге
көз жүгіртті. Нанбай тұр.
– «Келгеніме үш-төрт жыл болды. Ел іші – аштық. Жан сауғалап, елден
кетіп қалдық.» –Жұмсақ сөйлеуге тырыстым.
– «Байдың қызы емессің бе?» – Əдейі бопсалап тұрғаны ап-анық.
Жағдайымның бəрін білетіні беп-белгілі.
– «Бəрін де алып қойды ғой. Малды да алды, дүние мүлікті де алды.»
– «Оның бəрі кедейлердің үлесі. Кедейлерге берді...»
– «Аштыққа бəрі де ұшырады...» – Сөзім əлдекімдерді кінəлағандай əрі
табалағандай шықты білем, таныс жігіт көзін қысып, басын шайқады.
Əрине, білдірмей елеусіз ғана жасады.
«Е, өзінше маған жаны ашып тұр екен ғой» деп жорыдым. – «Киініңіз.
Сізден сұрайтын сұрақтар бар?»
Жаңабегімді кеудеме қысып, соңдарынан ердім.
Алдымен бастығына кіргізді. Нəрестеге бірден көзін қадады. Соны
сезгендей ме, əлде, сезінгендей Жаңабек мазасыздана қалды. Баж етіп,
шыңғырып жіберді. Өзім ұялдым. Əдейі шымшып алғандай
ыңғайсыздандым.
– «Шешеңе неге қалдырып кетпедің?» – Дікіңдей жөнелді. Тіпті, қазір-ақ
жазаға тартуға дайын сияқты.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Ең ғажайып хикая - 17
  • Büleklär
  • Ең ғажайып хикая - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3829
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3809
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    28.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2326
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3757
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3834
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3830
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2271
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3734
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    27.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3714
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2213
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3725
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3758
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3777
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3871
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2249
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3721
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3751
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3764
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2286
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3730
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2358
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3765
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3761
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.